Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Не істеуге болады?




 

 

"Мұндай күйге түсіп қалдық — енді не істегеніміз жөн болады?

Біріншіден, эпидемияның бар екенін мойындап, аймақтар бойынша оның тауқыметін анықтау қажет.

Олай болса, қатаң тыйым салу шараларына жүгірмеуге ылаж жоқ. Шала-пұла шаралар бұрыннан бар. Алкоголизм туралы өткен ғасырдың жетпісінші жылдардың ортасында-ақ ашық айта бастадық: «ескінің қалдығы, мәдениетсіздіктен, жекелеген адамдар». Халықты телевизор арқылы тәрбиелеуге тырыстық: тек шарап пен сыраны, от басында ғана мәдениетті ішуді үйреніңдер. Біраз қысып та көрдік: таңертеңгі сағат 11-ге дейін сатпадық, заводтардың маңайындағы дүкендерді жаптық. Наркологиялық қызмет орындарын құрдық. Ал әсері қандай? Он жыл ішінде ішу шамамен бір жарым есе өсті.

Мынаны мықтап есте ұстамақ ләзім: эпидемияға қарсы шараларды жұрт жақтырмайды, өйткені олар артық. Тыйым салуға аз ішетіндер де, көп ішетінтіндер, тіпті ішпейтіндер де нарза, өйткені оларға қосымша тауқымет тартқызады. Гәп мынада: бұл шаралар мемлекет үшін қыруар шығын. Ішімдіктерді сатудан мемлекеттік бюджетке ондаған миллиард сом түседі. Мұны есептеп шығару оңай: шикізаттың қанша екені және қанша өнім шығарылатыны белгілі. Алкогольге қарсы бағытталған насихат мынаны дәлелдеп отыр: мемлекетке арақтан түскен әрбір теңгеден ол тек еңбек өнімділігінің төмендеуінен ғана төрт теңге жоғалтады. Былайша қарасаң, «құрғақ заң» экономикалық тұрғыдан да пайдалы. Алайда мұның бәрі оп-оңай дүние емес. Спирттік ішімдіктерді сатуды тоқтатқанда бір теңге жоғалтқан кезден еңбек өнімділігін арттыру нәтижесінде төрт теңге алынғанға дейін бірнеше ұзақ жылдар өтеді, ал әлгі бір теңге жоспарға енгізілген және оның орнын қазір толтыру керек. Егер спирт ішімдіктерін сатуды мүлде тоқтатпай, тек шектеп қана қойса, онда олардың бараларын бірнеше есе қымбаттатуға болады. Ішкіштер өз құмарлығын өз есебінен төлеп отырсын. Ақшаң аз ба — аздау іш. Әрине, алкогольсіз ішімдіктер өндіруді арттыру керек, бірақ бұл үшін біраз жылдар күтуге тура келеді әрі олар аса пайдалы да емес.

Спирт ішімдіктерін өндіру мен сатуды дереу шектеу қажет-ақ — жалғыз насихатпен эпидемия жойылмайды, тіпті азайта да алмайсың. Мұны бәріміздің де ұққанымыз жөн. Мәселе шектеу деңгейінде: құрғақ заң ба әлде өндіруді қысқарту ма? Бұлар жан-жақты талқылауды талап етеді.

 

Ұрық тазалығын сақтаудың мәнін түсіну

Семья құруға дайындалу кезеңінде, екінші бір көңіл аударатын үлкен мәселе, бұл осы уақытқа дейін ескерілмей де, тіпті айтылмай да келген ұрық тазалығы жайындағы түсінік. Бұл мәселе жайын айтқанда, азамат қауымы бүкіл өзінің саналы тіршілігінде - өзі өсіріп отырған өсімдіктің дәнінің сорттылығын жетілдірумен болса, ал үй хайуанаттарының тұқымын асылдандыруды ойлап, арып-шаршай жүріп, өз ұрпағының келешегін мүлдем естен шығарып алғандығын не деуге болады?!

Жалпы бұл айтып отырған мәселе - өте қатты сақтауға тиісті табиғат қойнауларында тіршілік ететін күллі жан иелері, ұрпақ қамына кірісерде тек судың тұнығын ішіп, шөптің асылын жеуге тырысады. Тіпті, олар бойындағы арамтері мен артық майынан да арылып қаншырдай боп жарайды. Осылайша, ұрпақ өрбітер алдында ұрық тазалығын қамтамасыз ету үшін, бүкіл дене-мүшелеріндегі шлактардан арылуға арнайы уақыттарын жіберетіндігін еске саламыз.

Әрине бұл өзінің халық тәрбиесінің тәлімінен көптен бері қол үзіп қалған жұртымыздың, дәл осы мәселені тереңдей түсініп, мән бермеуінің салдарынан, қазіргі кезде у ішкендей болып отырғанын батыл түрде айтуымыз қажет. Олар семья құруға дайындық дегенді, тек материалдық жақтарын ескеретіндіктен - арақ-шарап пен ішімдіктердің неше алуан жойқын түрлерінің мол болуын қарастырады. Адам баласының ұрпақ қамына деген әзірлігінің түрі осы.

Қазір ұлан-асыр етіп үйлену тойларын өткізіп жүрміз. Әрине, жаңа салтпен, бодандық тәртіппен келген дәстүрлерді ұстанамыз. Сондықтан да, үйлену тойының бұрынғы рухани мәнінен гөрі, даурықпалы тәсілмен арақ-шарапты суша сіміруге тырысатындығымыз шектен шығып отыр. Ақиланып алған адамның сөзінде не қадір бар?! Ісінен қандай барқадам күтуге болады?! Осылайша, бір-бірімізден ұялмай өтірік мақтауға кірісеміз. Мінеки, ата-бабадан қалған асылымызды тоздырып, жаңа заманның салып берген салты осы. Жеткізетін жері - ұрығынан азып туатын ұрпақ! Ертеңін ойлайтын ел үшін осы да қызық болып па?! Сонда жасалып отырған қуаныштың мәні неде? Ұрпаққа үлгі берер парасаты қайсы? Тап бүгінгі таңда, ол жағында тіпті шаруамыз да жоқ. Бірақ бұдан қасірет шекпей отырған ата-ана да, сергелдеңге түспей жүрген жастарымыз да аз емес. Өзімізді қасірет-қайғыға ұшыратып жүрген ұрпақ тәрбиесінің сорақы сәті, дәл осы үйлену тойларын жасаған күннен бастап-ақ бұзылып жатқанына көңіл бөлгіміз келмейді. Ал осы тілектерді арақсыз айтсақ тіліміз күрмеліп қалатын әдетке ауыстық. Егер ғылыми зерттеулердің дәлеліне сүйенсек, арақ іше салысымен-ақ бірден барып, адамның миы мен ұрық безін уландыратын болса, жабыла шуылдап жас шаңырақтың астына өз қолымызбен өрт қойып жатқанымызды ұғынатын мезгіл жетті. Той таралғаннан кейін ақ төсектің арты, қасірет сорға бітетін, уланып тұрған ұрпақ болмақ. Себебі, айдан анық затты нақты мысалмен айтсақ, адам ағзасына түскен 100 грамм арақ, организмнен жеті күн дегенде әрең шығып тазарады екен. Ендеше қауым болып қателесіп жүрген арсыз әдетімізден дер кезінде тыйылуымыз керек. Өйткені, тіршілік заңы өте қатал! Оны нәпсісіне еріп бұзғандар, түбінде бір заршылық көрмей қалуы мүмкін емес. Қазіргі дүниеге келіп жатқан нәрестелердің көбі, ұрығында уланып туатындықтан, көпшілігі жарық дүниені көрмей-ақ өлі туып жатса, кейбіреулерінің жаны шықпағанымен, жарымжан күйінде тіршілік кешуде. Ал дұрыс туды дегендердің өздері де, зейіні әлсіз, зердесі таяз екендіктерін адам тәрбиесімен байланысты ұйымдар жақсы біледі. Ендеше бұл індеттен құтылудың бір ғана жолы бар! Ол – халық педагогикасының ғылыми жүйеленген негіздерінде, біздер ұсынып отырған адам тәрбиесінің жаңа көзқарасымен қаруланып, ел болып біріге қимылдауымыз қажет. Соның ғана рухани күшімен жоғалтқандарымызды тауып, ел болып ұмытқандарымызды есімізге түсіреміз. Ежелгі дәстүріміздегі той салтанаттары жаңғыра жаңарып, өмір тіршілігіміздегі қуанышымыздың ажарын ашады.

Адам пайда болысымен (ана құрсағында) оның бойына ең алдымен бітетін нәрсе – күш (яғни қабілет), ол осы күш арқылы қоректенеді. Сондықтан бұл қоректенуші күш – бір үстем күштен және қызмет етуші күштерден құралады.

Мүшелердің ішінде тұңғыш рет жүрек пайда болады, бұдан кейін ми, одан соң бауыр, одан кейін көкбауыр, сосын басқалары пайда болады. Үстем күштің мекені – жүректе; қызмет етуші күштің мекені – жыныс мүшелерінде.

Ұрық тазалығын түсіну – адамдықтың мәйегін кірлетпеу ғана емес, сонымен қоса, оның тегіндегі бекзаттығын және тұқым қуалаумен қалыптасатын күллі туа пайда болатын қасиеттерді сақтау –деп ұққан дұрыс. Адамның анасының құрсағында біте қайнатып жуатын ерекшеліктеріне-тән қуатының күштілігіне байланысты жетілетін жан дүниесінің алғырлығына үндесе бітетін-бүкіл мінез-құлықтың байлығы және ішкі сезімдердің пәрменді жетілуімен қалыптасатын түйсіктік ақылды айтқан жөн. Ендеше, адамдардың мінез-құлықтарының негіздері және алуан түрлі қабілеттері іштен туатындықтан, тікелей ұрық тазалығына байланысты болатын болса, оның кіршіксіз болуын ұзақ дәлелдеп жатудың да қажеті шамалы.

Тұқым қуалау құпиясы талай ғасырлардан бері құдайдың ісі, соның әмірімен болатын құбылыс деп есептеліп келді. "..Құдай өзіне қарап адамды жаратыпты.."-делінген екен Таураттың алғашқы кітабында. Діннің айтуынша, жалпы тіршіліктегі тұқым қуалау қасиеттерінің басқадай еш жұмбағы жоқ тәрізді. Олардың айтуынша, адамды құдай жаратқан және адам соған ұқсайды-деген ойды орнықтырса болады.

"...Ген ұғымы, - деп жазады академик Н.Дубинин.-физиологиялық және биохимиялық мазмұнмен толықты, ген атаулының белгісі немесе оның молекулалық құрылымы, клеткалардың ішіндегі белоктар арқылы жобаланатындығы анықталды. Әрине, оның аса күрделі сипаттары бар. Клеткалардың әр ұрпағында гендердің өзі екі есе көбейіп отырады". Осылайша, ген-иә болмаса, тек дегеніміз өмір кілтін сақтаушы құдірет екен. Осы құдірет те ұрықтың ішінде орналасатынын білгеннен кейін, ұрық тазалығының мәні теңдесіз екендігіне кім дау айта алар екен?!?

Ендеше ағайын "болашақ бүгіннен басталады"-деген емес пе, семья құрмас бұрын болашақ ана мен әке ең алдымен өздеріңізге көңіл аударыңыздар, сол кезде сіздер саналы да, өнегелі ұрпақ иесі бола алатындықтарыңызға еш күмән келтірудің қажеті жоқ.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 68; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.018 сек.