Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Организация как основа современного менеджмента. Жизненный цикл организации 4 страница




36. Кәсіпкерліктің ұжымдық – құқықтық формалары, артықшылықтары мен кемшіліктері

Кәсіпорындардың негізгі формалары

 

Формалар Артықшылықтары Кемшіліктері
Жеке шаруашылық -бизнем, иесі бір адам. - Іс әрекеттің еркінділігі, - тәуелсіздік, - барлық пайдаға ие болу - Мүліктік жауапкершіліктің шексіздігі, - несие алу мүмкіншілігінің шектеулілігі.
Серіктестік дегеніміз -бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу үшін ұйымдастырылған фирма: - жауапкершілігі шектеулі, - толық жауапкершіліктегі, - жауапкершілігі аралас серіктестік. - Ұйымдастырудің қарапайымдылығы, - қосымша қаржы, құралдардың тарту жеңіл, - мамандандырылу-дың деңгейі жоғары, - өндіріс көлемін кеңейту мүмкін-шілігі мол. - әр бір құрылтайшының мүліктік жауапкершілігі, - серіктес мүдделерінің бір бірімен сай келмеуі, - құрылтайшылар үлесін анықтау қиыншылығы, - бір құрылтайшының кетуінен серіктестіктің жабылу мүмкіншілігі.
Акционерлік қоғам- акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық. - Бағалы қағаздарды сату арқылы капитал тартудың шексіз мүмкіншілігі, - фирманың іс-әрекет шаруашылық жүргізудегі тұрақтылығы (бір акционердің кетуінен фирма жабыла қаймайды.) - Басқарудың және ұйымдастырудың тым күрделілігі, - акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі, - кәсіби кұпияның ашылу мүмкіндігі.

38. Өндіріс факторларына сұраныс. Өндірістік функция. Өндіріс факторларының қандай болмасын жиынтығымен, осы жиынтық арқылы өндірілетін өнімнің барынша көп көлемінің арасындағы өзара қатынас өндірістік фунцияны сипаттайды. Өндірістік функция ресурстардың шығындары мен шығарылған өнімнің арасындағы технологиялық төуелділікті керсетеді.Осыны изокванта сипаттайды — өндіріс факторларының бір көлемді өнім шығару үшін бір бірімен ұштасуының бірнеше түрі болу мүмкіндігін сипаттайды. Тапсырылған өнім көлемін өндірудің көп варианты болатынын өндірістік функция көрсетеді. Өндірістік функция, қашан болмасын, тек белгілі технологиялық құрылым үшін жасалады. Факторлардың қандайы болса комбинациясында шығарылатын өнімнің қол жететін көлемін одан әрі өте жоғары кетере алатындай дәрежеде технологияның жақсартылуы, қашан болсын жаңа өндірістік функцияда орын алады. Өндірістік функцияны,тауарлардың көрсетілген көлемінің қайсысы болмасын соны өндіруге қажет шығындар санының төменін анықтап білу үшін қолдануға болады. Егер өңдіріс факторларының, немесе, ресурстардың барша жиынтығын енбектің, жердің және капиталдың шығыны деп санасақ, онда өндірістік функцияны былайша жазып көрсетуге болады:

Q = F(L, К, N),

бұнда Q — берілген технологияда және еңбектің L, капиталдың К, жердің N берілген сәйкестігінде өндірілетін өнімнің барынша көп көлемі. Әр түрлі өндіріс түрлерінің өндірістік функциясы өзгеше болса да, олардың барлығының ортақ қасиеттері бар.

Бірініші. Басқа жағдайлар бірдей болғанда, бір ресурстың шығынын көбейтіп. өндірістің көлемін өсірудің шегі болады. Айталық, фирмада станоктар мен өндірістік ғимараттардың саны берілген болса, онда жұмыскерлердің санын қосымша көбейту арқылы өндірістің шамасын өсірудің шегі болады. Жұмысшылардың саны өскендіктен болған арту бірте-бірте нольге жақындай бастайды.

Екішші. Өндіріс факторларының өзара алмасуы, немесе, бірінің орнына бірі жүре алатындығы болады. Бұл жағдайда өндіріс факторларының бірінін, орнына бірі жүргенде өндірістің көлемі төмендейді.

39. Жалпы,орташа ж\е шекті өнім факторлардың тиімділігінің көрсеткіші ретінде.Шекті пайдалылықтың кему заңдылығы Кәсіпорынның жалпы шығыны (ТС) деп тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысынан тұрады.

ҒС+VС =ТС ТС-жалпы шығындар  

 

 

Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады. Кәсіпкер үшін өнімнің бір бөлігін өндіруге жұмсалған шығындардың маңызы зор. Ол орташа шығындар деп аталады.

Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:

Өнім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелуі:

- орташа тұрақты шығындар;

- орташа өзгермелі шығындар;

- орташа жалпы шығындар.

Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:

1. Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.

2. Егер тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.

3. Егер баға орташа шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нолдік жағдайда болады, пайда да алмайды, шығынға да қалмайды.

Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар МС есептеледі.

Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.

Шекті пайдалылықтың кему заңы тұтынылған товарлар саны өскен сайын шекті пайдалылық азаяды. Бұл Госсеннің бірінші заңы деп аталады. Госсеннің екінші заңы бойынша жалпы пайдалылықты максимизациялау кезінде барлық тұтынылатын игіліктердің шекті пайдалылықтары біркелкі болуы керек.

40.Шығындар.Шығындардың түрлері,олардың мәндері және оларға не жатады.Формулалары. Шығындар- нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:

Айқынсыз шығындар - кәсіпорын иесінің өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларларынпайдаланғандағы шығындар.
Айқын шығындар - шикізат, материалдарға, жолдамалы еңбеккерлердің жалақысына және т.б. кеткен ақшалай шығындар.

Экономикалық шығындар    
Бухгалтерлік шығындар

Жоғарыда келтірілген схемаға мынадай тұжырым жасауға болады. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.

Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.

Айқын шығындар - өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б.

Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.

 

1. Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:

 

 

Өзгермелі шығындар (ҮС) – олар өндірілген өнім көлем өзгерген сайын өзгеріп отырады.
Тұрақты шығындар (ҒС) – бұл шығындар өндірілген өнім көлемінің өзгеруінен тәуелсіз өзгермейтін шығындар.

Тұрақты шығындар – (FC) белгілі уақыт аралығында өндіріс пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды атаймыз.

- Старттық шығындарға - өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.

- Қалдық шығындар дегеніміз - өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады.

Өзгермелі шығындар (VC) – белгіленген мерзімде өнімді өткізу мен өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар. Оларға жалақы, шикізат отын, көлік қызметіне, электр жүйесіне шығындар. Ол шығындарды кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерте отырып болжай алады. Өзгермелі шығындар 3 түрге бөлінеді:

1. Пропорционалды өзгермелі шығындар - егер көлемі мен шығындарының өзгерісіне пара-пар келсе қалыптасады.

2. Дегерессивтік өзгермелі шығындар – шығындардың салыстырмалы өсуі өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болған жағдайда қалыптасады.

3. Прогрессивтік өзгермелі шығындар - өзгермелі шығындардың өсуі өндіріс көлемінен артық болған жағдайда орындалады.

 

a) б) c)

 

C C Vc C Vc

Кәсіпорынның жалпы шығыны (ТС) деп тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысынан тұрады.

ҒС+VС =ТС ТС-жалпы шығындар  

 

 

Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады. Кәсіпкер үшін өнімнің бір бөлігін өндіруге жұмсалған шығындардың маңызы зор. Ол орташа шығындар деп аталады.

Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:

Өнім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелуі:

- орташа тұрақты шығындар;

- орташа өзгермелі шығындар;

- орташа жалпы шығындар.

Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар.

МС= ТС, мұнда: МС-шекті шығындар,

QQ = өндірілген өнім саны.

АС = ТС, АС – орташа жалпы шығындар.

АҒС = ҒС. АҒС- орташа тұрақты шығындар.

АVС = АVС – орташа өзгермелі шығындар.

41. Кәсіпорын табысы мен пайдасы,түрлері.Экономикалық тиімділік.

Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны
Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін.
-өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;
-негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.
Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және Пайда:

Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі:

1. Жалпы пайда = жалпы табыс - өндіріс шығындары

2. Экономикалық пайда = жалпы табыс – барлық ресурстардың

3. Бухгалтерлік пайда = жалпы табыс – оның шығындары

4. Таза экономикалық пайда= бухгалтерлік пайда - өндірістің анық

5. Таза пайда =жалпы пайда – салықтар,міндетті төлемдер

6. Қалыпты пайда= капиталға нормативті қайтарым –кәсіпкерлік табыстың мөлшері

7. Шаруашылық пайдасы = қалыпты пайда – экономикалық пайда

8. Шекті пайда = шекті табыс – шекті шығындар

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әде-биеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады: "Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі

Экономикалық тиімділік - экономикалық қызметтің, экономикалык бағдарламалар мен шаралардың нәтижелілігі, яғни экономикалық жүйенің атқарымына жұмсалған шығын мен осы атқарымнан алынған нәтиженің ара қатынасы тұрғысынан осы жүйенің сипаттамасы. Салыстырмалы өлшемдермен бағаланады, яғни шығынның нәтижеге қатынасы — шығынның бір өлшеміне шаккандағы нәтиже. Экономикалық тиімділік алынған экономикалық пайданың, нәтиженің осы нәтижені алуға септігін тигізген факторлар, ресурстар шығынына қатынасымен сипатталады

42. Сұраныс. Сұранысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс заңы, қисығы. Субститут, комплементар тауарлар.

Сұраныс - тауар сатып алуға жұмсалған және қызмет көрсеткені үшін төленетін ақының ақшалай сомасы.

Сұранысқа әсер ететін факторлар:

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.

2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.

3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)

Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі. Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.

Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).

Товары-субституты. Товары, обладающие однородными потребительными свойствами, способные заменить друг друга при удовлетворении какой-либо потребности.

Товары-комлименты(комплементарные). Товары, способные удовлетворять потребность только при совместном употреблении, например автомобиль и топливо, фотоаппарат и пленка и т.п.

43. Ұсыныс. Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс заңы, қисығы.

Ұсыныс - нарықтағы немесе тауар өндірушіні қанағаттандыратын белгілі бір мерзімде тиісті баға бойынша сатуға дайындалған тауарлар жиынтығы.

Ұсынысқа әсер ететін факторлар:

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.

2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.

3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.

4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.

5. Бәсекенің деңгейі

6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.

Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

44. Тепе-теңдік баға. Тепе­теңдіктің бұзылуы.

Тепе-теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.

Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.

  Теңдік бағаның өзгеруі Тауардың теңдік көлемінің өзгеруі
Сұраныстың өсуі Өсуіне Өсуіне
Сұраныстың азаюы Төмендеуіне Азаюына
Ұсыныстың азаюы Өсуіне Азаюына
Ұсыныстың өсуі Төмендеуіне Өсуіне

45. Икемділік. Түрлері (сұраныс, ұсыныс бойынша барлығы), анықтамалары.

Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.

Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

∆ Q%

ЕPD = ─────

∆ Р%;

 

ЕPD = ∆ Q%

∆ Р%

 

Мұнда ЕPD – сұраныстың бағалық икемділігінің коэффиценті;

Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі;

Р% - бағаның қатысты өзгеруі;

Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.

 

ЕіD = ∆ Q%

∆ I %

Мұнда: ЕіD – сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті,

Q % - сұраныстың өзгеруі,

І % - табыстың өзгеруі.

- Егерде ЕіD> О бұл тауарлар сапасыз болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды.

- ЕіD>О - әдеттегі қолдануға жарамды тауарлар.

- Егерде О< ЕіD< 1 – бірінші қажеттіліктегі тауарлар

- ЕіD> 1 – қымбат жиһаздар, сән-салтанат тауарлары.

- Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.

- ЕРS = Qх%

- Ру%

- Мұнда: Ер S - ұсыныстың икемділігі,

- Q% - ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі

- Р% - бағаның қатысты өзгеруі.

46. Тұтынушы мінез­құлқының негізгі теориялары. Пайданы максималдандырудың кардиналистік және ординалистік теориялары.

Тұтынушылардың мінез–құлқы дегеніміз қызметтерді, идеяларды және тауарларды сатып алуға, тұтынуға және олардан құтылуға, сондай–ақ шешім процестеріне тікелей бағытталған іс-әрекет.Тұтынушылардың мінез–іс әрекеті саласы білімнің салыстырмалы түрде жаңа сала болып табылады. Бұл сала алғаш рет 1960–шы жылдары зерттеліне бастады. Алайда оның теоретикалық алғышарттары ерте қалыптасты. 19 ғасырдың соңында және 20 ғасырдың басында тұтынуда және жарнамада психологиялық принциптерді пайдалану мүмкіндіктеріне зерттеулер жүргізілді.Тұтынушылар мінез–құлқының мазмұндық негізін тұтынушылардың шешім қабылдау поцесі және оны 6 анықтайтын факторлар құрайды. Тұтынушылардың шешім қабылдау процесі әдетте мына сатылардан тұрады: проблеманы сезіну, ақпараттық ізденіс, вариантты бағалау және таңдау, сатып алу, пайдалану(тұтыну) және бағалау (қанағаттанарлық сезімін сезіну). Сатып алушыға қатысты тұтынушылық мінез–құлық факторларын немесе сатып алу туралы шешімдерді шартты түрде сыртқы және ішкі деп бөледі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 124; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2025) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.