Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Организация как основа современного менеджмента. Жизненный цикл организации 8 страница




2. Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету.

Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:

· мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет атқаратын заңды тұлға;

· Қазақстан республикасының ақша несие жүйесін басқару;

· Қазақстан республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау;

· Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау;

· Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

· Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу;

· ҚР Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу;

· Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

· Ұлттық банктік Қазақстан мүддесін әлемдік нарықта көрсету.

Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:

- Салымдар жинап, несие беру;

- Есеп айырысу операциялары және есеп шот жүргізу;

- Валюта және бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу;

- Несие беруде делдалдық қызмет атқару;

- Ломбардтық және сейфтік операциялар жүргізу және т.б

85. Несиелік белсенділікті басқару

  Арзан ақша саясаты Қымбат ақша саясаты
Қолданылады: Жұмыссыздық өскенде, экономика құлдырағанда Жоғары инфляцияда
Іс-әрекеттер: Орталық банк мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алады, сақтық қордың шамасын немесе міндетті резервтердің нормасын төмендету, процентік мөлшерлемесін төмендету Орталық банк мемлекеттік құнды қағаздарды ашық нарықта сатады, сақтық қордың шамасын немесе міндетті резервтердің нормасын көтереді, процентік мөлшерлемесін көтереді.
Нәтиже: Ақша ұсынысы молаяды, процентік мөлшерлемесі төмендейді, инвестициялар өседі, шаруашылық белсенділігі өседі, жұмыссыздық төмендейді, ұлттық өнім өседі Ақша ұсынысы қысқарады, процентік мөлшерлемесі өседі, инвестициялар қысқарады, шаруашылық белсенділігі төмендейді. Инфляция қысқарады.

 

86.Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:

1. Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.

2. Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.

3. Ынталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.

4. Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

87.Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді.

Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) – заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары.

Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.

Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады, ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады.

Сонымен, қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:

- мемлекет және оның институттары,

- компаниялар, кәсіпорындар,

- үй шаруашылығы.

Қаржы шаруашылығы экономика мен қоғамдағы мемлекет рөлінің басым екендігін көрсетеді, яғни қоғамдық құқықтық институттардың қаржы ағыстарын қамтиды.

88. Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары.

Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн, дегенмен көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден асып кетеді. Осы жағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік тапшылықтың себептері көп:

- қоғамдық өндірістің құлдырауы;

- ақша эмиссиясы;

- мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің өсуі;

- тиімсіз әлеуметтік бағдарламаларды қабылдау;

- әскери шығындарының өсуі;

- шаруашылық конъюнктурасын өзгеруі;

- көленкелі экономиканың дамуы.

Бюджеттік тапшылықты жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджет тапшылығын қысқарту үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады:

- мемлекеттік несие;

- салық салу жүйесін қатайтады;

- мемлекетті басқару шығындарын қысқартады.

Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз тығыз байланысты. Мемлекеттік қарыз – белгілі уақыт мерзімінде өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының сомасы. Мемлекеттік қарыздар қысқамерзімдік, ортамерзімдік, ұзақмерзімдік болып бөлінеді.

Мемлекеттік сыртқы қарыз – бұл шетел мемлекеттеріне, мекемелеріне, азаматтарына төленетін қарыз. Қарыздың бұл түрі ел үшін ең ауыр, себебі оны төлуе үшін мемлекет құнды қағаздарды беруге немесе белгілі қызмет көрсетуге мәжбүр болады.

Мемлекеттік ішкі қарыз – бұл осы мемлекеттің халқына төленетін қарыз, табыстардың алдымен елдің ішінде қайта бөлінуін талап етеді.

90. Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.

1. Әлеуметтік жағрапиялық факторлар – жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.

2. Табиғи экономикалық факторлар – табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.

3. Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады.

4. Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі.

Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдерді нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі қазіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқарта ҒТР сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырады. Оларға: техникалық білім техникалық іс-тәжірибе, техникалық процесс пен лицензия патенттер жатады.

Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса – онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.

Халықаралық сауданың тиімділігін бағалау мынадай теориялар арқылы жүргізіледі:

1. Абсолюттік артықшылық теориясы – басқа мемлекетпен салыстырғанда климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде болуымен өндіріс шығындары кем болады.

2. Салыстыру артықшылық теориясы (Д.Рикардо ХІХ ғ.)- мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда альтернативтік шығындар аз болуы қажет сонда жалпы өнім көлемінде жоғары деңгейде болады.

Халықаралық несие – бұл қайтарымдылық, жеделдік, процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі, яғни мемлекеттердің бір - біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. Бұл жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке фирмалар, компаниялар, мемлекеттің үкіметі, аймақ, облыс, қала әкімшіліктері мен халықаралық мекемелер болады. Халықаралық несие әр түрлі формада болады:

1. Өзінің мақсатты пайдаланылуына байланысты халықаралық несие байланысқан және қаржылық деп бөлінеді.

- байланысқан несие несиелік келісімде бекітілген қатаң түрдегі мақсатты сипаты болады (коммерциялық, инвестициялық несиелер);

- қаржылық несиелер қарыз алушының кез келген мақсатына сәйкес беріледі.

2. Ұсынылу формасы бойынша тауарлық және валюталық деп бөлінеді.

3. Берілу мерземі бойынша қысқамерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, онкольдік деп бөлуге болады.

4. Несие берушінің кім екендігіне байланысты жекеше, үкіметтік, халықаралық ұйымдар несиелерді ажыратады.

5. Валюталық несиелер берілу валюта бойынша бөлінеді.

91. Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.

1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:

- Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту.

- Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы).

- Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады.

2. Фритредерство немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансықолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:

- белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;

- меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен міндеттемелеріндегі өзгерістер;

- бір жақты аудармалар.

Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады.

92. Валюталық курсты реттеу үшін 4 негізгі тәсіл қолданылады:

1. Валюталық интервенция валюталық нарыққа мемлекеттің араласуы. Валюталық сұраныспен ұсынысты қажетті бағытқа өзгерту үшін мемлекет осы валютаның қажетті санын сатады немесе сатып алады.

2. Валюталық бақылау жүргізу, яғни егер елде шетелдік валютаның көлемі кемісе, оған сұраныс өссе, оның өсуін баяулату үшін валютаның легін ішкі нарықта қайта бөлуге кіріседі.

3. Сыртқы сауданы бақылау арқылы валюталық сұраныс пен ұсынысқа жанама түрде мемлекет ықпалын жүргізеді.

4. Ішкі макроэкономикалық реттеудің әртүрлі шаралары бойынша валютаның айырбас пропорциясына мемлекет әсерін тигізеді.

93. Валюталық курс – бір елдің ақша бірлігінің басқа елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі.

1. Алтын стандарты негізінде 1879-1934 жылға дейін: ақша бірлігінде алтын үлесінің болуы, алтын қоры мен ішкі ақша ұсынысының тең болуы, осының нәтижесінде мемлекет валюталық курсты қатал шектеуде ұстап отырады.

2. Бреттон Вуд жүйесі 1944-1971 ж. ақша айналымына алтын девиза енгізілді, яғни мұндай өлшеуіш алтынның орнына алтыны аз елдердің кейбір ұлттық немесе бірлескен валюталардың жүруіне жол берілді. (алтын-доллор стандарты)

1971 жылдан бастап дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен біріккен валюта атқара бастады да бұл жүйе - еркін өзгеріп отыратын валюталық курс жүйесі деп аталды, яғни валюталық курс мемлекет әсерін тигізіп отыратын сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп отырады

94.451 бет көк кітап

96. Несие жүйесінде негізгі рөл атқаратын банк. Банк – (итальян сөзі - орындық) – уақытша басы бос ақшаларды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операицялар арқылы соларды орналастырады.

Банктердің функциялары:

4. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.

5. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігі капиталға айналдыру.

6. Айналымға несие құрылымдарын шығару (вексель, чек, банкнот)

Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:

· орталық эмиссиялық,

· коммерциялық депозиттік, инвестициялық,

· жинақ,

· арнайы бағытағы банктер.

Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:

· І дәрежеде – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.

· ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер.

Несие саясатының негізгі субъектісі Ұлттық банк. Ұлттық банктің міндеттерін екі бағытта арқарылады:

3. Валюта жүйесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

4. Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету.

Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:

· мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет атқаратын заңды тұлға;

· Қазақстан республикасының ақша несие жүйесін басқару;

· Қазақстан республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау;

· Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау;

· Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

· Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу;

· ҚР Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу;

· Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

· Ұлттық банктік Қазақстан мүддесін әлемдік нарықта көрсету.

Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:

- Салымдар жинап, несие беру;

- Есеп айырысу операциялары және есеп шот жүргізу;

- Валюта және бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу;

- Несие беруде делдалдық қызмет атқару;

- Ломбардтық және сейфтік операциялар жүргізу және т.б.

97. Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасуға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің ақша-несие саласында қолданатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.

Мемлекет өндірістік салаға тікелей әсер ете алмайды, ол кәсіпкерлік шешімдерге тек жанама реттеу арқылы әсер етеді. Сондықтан ақша-несие саясаты мемлекеттің өндіріске әсер етуінің тиімді әрі икемді әдісі болып табылады. Ақша-несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікте болуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:

1. Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.

2. Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.

3. Есептік ставкасын өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану – мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.

4. Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.

5. Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.

99. Еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) - кейбір аймақтағы аудандарға экономикалық-әлеуметтік ғылыми техникалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге берілген еркіндік. Осы мәселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін арнайы кеден және сауда тәртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал мен пайданың ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары қолданылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 82; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2025) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.