Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

История создания 3 страница




Сыртқы ортамен өзара іс-қимылының сипатына орай, жүйелер ашық және жабыққа бөлінеді. Ашық жүйе қоршаған ортамен белсенді айырбас жүргізеді. Жабық жүйе қоршаған ортамен белсенді айырбас жүргізеді. Жабық жүйе қоршаған ортамен мұндай айырбас жүргізбейді, немесе шектелген көлемде жүргізеді.

Күрделі жүйенің айрықша белгілері:

1. Өзара іс-қимылдағы және өзара байланыстағы элементтердің көп көлемде болуы.

2. Оның алдына қойылған мақсаттарға бағытталғаи жүйемен орындалатын қызметтерінің күрделілігі.

3. Бөлек блок - ішкі жүйелерге жүйелерді бөлшектеу мүмкіндігі.

4. Тармақталған ақпараттар желісін және ақпараттардың белсенді ағымдарын басқарудың болуы.

5. Сыртқы ортамен өзара іс-қимыл және кездейсоқ факторлардың ықпалы жағдайында қызмет істеуі.

2. Экономикалық жүйе - ұйымдық нысандар мен қалыптасқан мүліктік қатынастар негізінде қоғамда іске асатын, экономикалық үдерістердің жиынтығы. Экономикалық жүйені қоғамның нақты базисін құрайтын, саяси қондырма жоғары тұратын, экономикалық қатынастардың жиынтығы құрайды.

Экономикалық жүйені үш ірі блок құрайды:

1. Өндіруші күш (өндіріс құралы және жұмыс күші).

2. Өндірістік қатынастар (адамдар арасында қалыптасатын қатынастар, бөлу, материалдық игіліктерді және қызметтерді тұтыну және айырбастау).

3. Қондырма саяси, идеологиялық, мәдени және басқа институттардың жиынтығы.

Экономикалық жүйе ашық және жабық сипатта бола алады.

Ашық экономика - бұл әлемдік шаруашылық байланыстарына жоғары дәрежеде қосылатын елдің экономикасы.

Жабық экономика - бұл сыртқы әлеммен экономикалық байланысы жоқ немесе әлсіз байланысы бар елдің экономикасы.

3. Экономикалық жүйелер шешетін негізгі мәселелер: Не өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру керек? Экономикалық жүйе осы мәселелерге қалай жауап беруімен ерекшеленеді. Экономикалық жүйені мынадай түрлерге бөледі:

- ескі технологияға негізделген, қол еңбегі кең тараған, көп экономиканың тәртіпті және ғасырлық салт-дәстүрлері қалыптасқан, әлсіз дамыған елдерде кең тараған дәстүрлік жүйе. Дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа тарап нені, қалай, кім үшін өндірілетіні солармен анықталады. Уақытпен белгіленген және арнаулы ресімдермен қолданылатын дәстүр өндірісті, айырбастауды, бөлуді және табысты тұтынуды анықтайды;

- әміршіл – бұл экономикалық жүйеде өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну туралы барлық шешімді мемлекет қабылдайды. Мемлекет диктаторлық болып табылады, оның жеке меншігі өндірістің барлығына және жерге тараған, қабылданған экономикалық шешімдер орталықтанған міндетті жоспарлауға негізделеді;

- нарықтық экономикада шаруашылық шешімдерін әрбір экономикалық агент өз бетімен қабылдайды. Ол еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке және жеке меншікке негізделген. Нені өндіру қажет, ол, мына немесе басқа тауарға сұраныс беретін тұтынушымен анықталады. Қалай өндіру қажет, оны өндірістің ұстанымы мен табыстың жоғары болуын есептейтін өндіруші шешеді. Кім үшін шығарылуы қажет, кімнің ақшасы бар, соның пайдасына өндіруші шешеді;

- аралас экономика - негізгі экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл ойнайтын мемлекет пен жеке сектордың экономикалық жүйесімен бірге жұмыс істейді. Сонымен бірге экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекет рөліне байланысты, аралас экономиканың моделі бөліп көрсетіледі. Мәселен, жапон моделі дамыған жоспарлауымен ерекшеленеді. Жоспар индикативті сипат-тамада болады, бірақ, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруда айтарлықтай рөл атқарады. Аралас экономиканың швед моделі мемлекеттің экономикалық саясатында әлеуметтік бағытымен ерекшеленеді.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

 

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелі көзқарас.

2. Дәстүрлі экономика жүйесі, нарықтық экономика жүйесі.

5-тақырып. Қоғамдық шаруашылық және оның формалары. Тауарлы өндіріс. Ақша.

1.Тауарлы өндіріс және оның пайда болуы.

2 Тауар, оның қасиеттері.

3 Құн заңы. Ақша, оның мәні, қызметі.

 

1) Шектеулі ресурстар жағдайында таңдауды жүзеге асыру үшін шаруашылық жүйе келесі сұрақтарға жауап беруі керек: не, кім үшін және қалай өндіру керек?

Шаруашылық жүйе - материалды және материалды емес игіліктермен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың жүйесі.

Не өндіру керек - қандай игіліктер, қандай сапамен және қандай көлемде өндірілуі керектігі жөнінде шешімдер.

Қалай өндіру керек - игіліктерді өндіру кезінде қандай шектеулі ресурстар, олардың комбинациясы және технология пайдаланылуы мүмкін.

Кім үшін өндіру керек - өндірілген игіліктерді кім иеленеді және олар тұтынушыға қандай көлемде.

 

2) Неокласикалық мектеп өкілдері и гіліктерді экономикалық және экономикалық емес деп бөледі. Экономикалық емес игіліктер шексіз көлемде болады, ал экономикалық игіліктер сирек кездеседі.

Тауар - айырбастауға аррналған еңбек нәтижесі, экономикалық игілік. Тауардың тұтыну құны және айырбас құны болады.

Тұтыну құны- заттың пайдалылығы, оның адамдардың қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті. Тұтыну құны адам еңбегімен жасалмаған заттарда да болады, мысалы: су, жабайы ағаш жидектері. Тұтыну құны бар заттың бәрі бірдей тауар емес, зат тауарға айналуы үшін, ол айырбасқа арналуы керек.

Айырбас құны - сандық қатынас, онда бір түрдегі тұтыну құны басқа тұтыну құнына айырбасталады. Мысалы 1 балта- 20кг. бидайға.

Құнның еңбек теориясының өкілдерінің көз-қарасы бойынша тауарлардың бір –бірімен айырбасталуының негізінде, сол тауарлардың өндіруге кеткен- еңбек шығыны жатыр. Бірақ қазіргі экономикалық теорияда айырбас негізінде еңбек шығыны емес заттың пайдалылығы деп қарастырылады.

Тауардың құны өндірісте қалыптасады, ал нарықта бағаланады. Құн - ол ең алдымен айырбас категориясы. Заттың құндылығы оны өндіруге кететін ресурс бағасымен байланысты. Пайдалылық теориясының өкілдері заттың құндылығын оның пайдалылығымен байланыстырады да, пайдалылықтың екі түрін айқындайды:

1. абстрактілі пайдалылық, игіліктің қандай бір қажеттілікті қанағаттандыру қасиеті;

2. нақты пайдалылық, осы игіліктің бар қоры және оған деген қажеттіліктің қанығу дәрежесі.

Нақты пайдалылықты сипаттау үшін неміс экономисі Г.Госеннің заңы пайдаланылады,. Бұл заңға сәйкес қажеттілікті қанағаттандыру шамасына қарай қанығу дәрежесі артады, ал нақты пайдалылық көлемі азаяды. Демек, келесі қажеттілікті қанағаттандыратын игіліктің пайдалылығы алдындағысына қарағанда төмен.

Осыдан келесідей қортынды шығаруға болады: игілік пайдалылығы- шекті қажеттілікті қанағаттандыратын шекті өнім пайдалылығымен анықталады.

3) Ақшаның пайда болуын әр мектеп өкілдері айырбастың пайда болуымен байланыстырады. Демек ақшаның пайда болуын зерттеу, айырбастың дамуын зерттеуге әкеледі. Айырбастың ең қарапайым түрі- бартер, тауарды басқа тауарға тікелей айырбастау. Бірақ бартер тек тауарлармен нарық қатысушылары саны шектеулі болған жағдайда ғана тиімді. Олардың санының артуы айырбасты қиындата бастады, сондықтан айырбастың дамуына қарай әр аймақтарда өткізуге ыңғайлы тауар пайда бола бастады, былайшы айтқанда өтімділігі жоғары тауарлар. Өтімділігі жоғары тауар ақшаға айналды.

Ақша - өтімділігі жоғары абсолютті айырбас құралы. Ақшаны талдаумен байланысты баға категориясының анықтамасын береміз: баға - тауар құнының ақшалай көрінісі. Ақша келесі қызметтер атқарады:

1. құн өлшемі - елдің ақша бірлігіне шағылатын алтын өлшемінің саны;

2. айырбас құралы - тауар айырбасы кезінде делдал ретінде туындауы;

3. жинақ құралы - нарық субъектісінде қаржылық актив түрінде сақталынуы;

4. төлем құралы - қарыз қайтару кезінде ақша төлем құралы туындайды.

Ақшаның мәнін оның атқаратын қызметтері айқындайды. И.Фишер: «Ақшаның құны олардың санына тура пропорционалды» дейді, ол айналымдағы ақша массасын анықтайтын формуланы ұсынады:

MV=PQ

мұндағы M-ақша массасы, V- ақша айналымының жылдамдығы, P- тауарлар бағасының деңгейі, Q-айналымдағы тауарлар саны.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

 

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Қоғамдық шаруашылықтың нышаны, ұғымы және оның элементтері.

2. Ақша айналымының заңы.

ІІІ бөлім. Нарық және оны реттеу механизмі.

6-тақырып. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері

1. Нарық мәнінің негізгі теориялық пайымдаулары

2. Нарық қатынастар жүйесі ретінде. Нарық қатынастарының субьектісі. Нарық түрлері.

3. Рыноктык тетіктердің элементтері. Рыноктың инфрақұрылымы.

4. Рынок қызметі. Рыноктың басымдылығы мен кемшіліктері.

 

1) «Нарық» түсінігінің әртүрлі магынасы тараган. Әуелгі уақытга рынок базар, бөлшек сауда орны, рынок алаңы регінде қаралган. Тауарлық-ақшалық қатынастардың дамуымсн рынокты тауарлык-ақша айырбасы (айналымы) мен тауар нысаны ретінде жаңаша түсіну пайда болды.

Классикалық мектептің көрнекті өкілі А.Смит нарық экономикасьі - өзін реттеуші жүйе: озін-өзі реттеу «корінбсйтін қол» деп аталатын автоматты түрде өзін-өзі ретгейтін, су.раныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасатын еркін нарықтык бага болып табылады ден есептеді.

А.Маршал, Дж. Хикс, Р. Аллен, М.Фридмен әзірлеген, нарықгың неоклассикалық теориясының әдіснамалық ұстанымы, нарық тұтынушьлары мен күрметтеушілерінің рыноктың қызмет ету тетіктеріне орталық орын берген, шектеулі пайдалылықтың теориясы болды. А.Маршал сұраным қисыгын пайдалылық қызметінеи шыгарып, бағасын түсінген, сатып алушы тауар бірлігінің әрбір қосымшасына толеуге дайын, «еңбек құиы» санатын енгізді. Ол сондай-ақ, сатып алушы сұранысынын озгерістерінс байланысты, сатып алынатын тауарлардың бағасының озгерістерінен, «багасы бойынша жұмсақ сұраныс» санатындагы сандық озгерістер үшін енгізген экономикалық талдауы арқылы зерттеу жүргізді. Соңгыны пайдалану, А.Маршалға рынок тауарларының жоғары және төменгі сұраныс әсерлеріне орай багасының өзгеруін бөліп алуга мүмкіндік берді. А.Маршалга сәйкес, ондіріс ұстаиымына байланысгы, рыиоктагы баға осы тауарларға сұраныс пеи ұсынысты анықтайтъін пайдалылық иен ықпалын бекітеді.

Қазіргі замангы неоклассикалық мектсптер рынок пен оның мемлекетпен өзара қатынастары туралы классикгердің тұжырымдамасын жалғастыруда. Неолиберализмнің өкілдері Л. Мизес жэис Ф. Хайек экономикалық либерализмнің қорғаушылары жэне экономикаға кез келген араласудың қарсыластары болып габылады. Олардың идеялары қагида жүзінде барлык шаруашылык жүргізуші субъектілерге толық еркіндік берілүіне, сондай-ақ, жеке меншікті қорғау жәие еңбекті бөлуді терендету арқылы еркін айырбасқа негізделеді. Хайектің орталық тезисі еркін нарықтық баға жуйесі экономикалық өзін-өзі реттеу тетіктерін қүратынына негізделген.

Неоклассикалык тұжырымдаманың ғылыми тұжырымдамасының тез томендеуі, яғни, «көрінбейтін қолдың» тоқтаусыз жүмыс ісіейтіні туралы сеиімге күдік келгенде, 1929-1933 жылдары дағдарыс болды. Соидықтан Дж. Кейнс экономикалық дамудың барысьі еркін бәсекенің озгермейтін игі әсері мен күшін тсріске шыгарагын, нарық туралы теорияның жаңа багытын әзірледі. Дж. Кейнсгің нарық теориясына қосқан үлесі төменде көрінеді:

- макроэкономикалық деңгейдің агрегаттық көлемін өлшеу ушін үй шаруашылыгы мен жеке фирманың қызметіне талдау объектісін ауыстыру;

- мсмлскетгің көмегінсіз, тек бәсекслестіктің күшіне сүйеніп. экоиомика жағдайының толық қамтылуының шынайы емсстігінің дәлелдемесінде;

- төрт өзара байланысты рыноктардың - тауардың, еңбектін, ақшаның жэне облигацияның қызмет етуі арқылы нарық тетіктеріи қарастыру;

- экономикалық санаттар арасындағы сандық өзара байланысты анықтау үшіи қызметтік талдауды пайдалаиу.

XX ғасырдың 70-ші жылдарына қатысты монетаризмнің қалыптасуы, нарық экономикасының қабілетінен шығатын өзін-әзі реггеуге жәие ақша массасының бағага, инфляцияга, эко-номикалық үдерістерге шешуші ықпалы мен еркін кэсіпкерліктің либералдық идеологиясының бір түрі болып табыла-ды. Монетаризмнің өкілдері (М.Фридмен) нарық экономикасы өндіріс үдерістерін тұрақтандыруға қабілетті, өз табиғатында өзін-өзі реттеу тетікгеріиің барлыгына орай, барлык уақытта ішкі тұрақтылықты сактай алады деп есептейді. Олар нарықтық шаруаіиылықтың тұрақсыздығын ішкі факторлармеи байланыстырады, мысалы, нарық тетіктеріне бірден әсер ететіи, экономикага мемлекеттің араласуын көрсетеді. Нарық теориясына монетаризмнің қосқан үлесі деп, айналымда болатын жэне тауарлық, валюталық рынок пен еңбек рыногындагы ақша көлемі арасындагы өзара байланысты көрсететін, тетіктерді әзірлеу деп есептейді. Монетаристер экономикалык саясаттың мақсаты шаруашылыққа мемлекеттің араласуының аз да болса қажетгілігін негіздеу және толық қамтудың кейнсиан саясатынан бас тартып, инфляцияға қарсы күресті жариялайды.

2) Нарық кең магынада тауарларды сату меи сатып алуга байланысты, экоиомикалық қатынастардың барлық жиынтығын және тауар айналымының саласыи көрсетеді.

Нарық экономикасының субъектісі үй шаруашылыгы, фирмалар, мемлекет болып табылады.

Үй шаруашылыгы - бұл қүрамында бір нсмесе бірнеше түлғасы бар экономикалық бірлік: 1) өз бетімен шешім қабылдайды; 2) қандай да бір ондіріс факторының меншігі болып табылады; 3) бар ресурстар шегінде пайдалылықтың жогарылығы жэне өз тұтынушыларын жогары қанағаттандыруға ұмтылуы;

Фирма - бүл экономикалық бірлік: I) өз бетімен шешім қабылдайды; 2) жогары пайда табуға ұмтылады; 3) мемлекетке, үй шаруашылыгына жәие басқа фирмаларга өиімдерді дайындауға және сатуга ондіріс факторларын пайдаланады.

Мемлекет деп, қогамдық мақсаттарға жету үшін, нарық пен шаруашылық субъектілеріне қажет жагдайда бақылау жүргізу ушін занды жэие саяси басшылық жүргізетін үкІмеггік мекемелерді түсінеді.

Рынок түтастай алғанда, бай жэне күрделі қүрылым ретінде сипатгалады. Оны әр түрлі белгілері мен критерийлері бойынша жіктейді:

1. Объектілердің нарықтық қатьнастарының экономикалық
багыты бойынша:

- тұтыну тауарлары мен қызметтерінің рыногы;

- өндірістік бағыттагы тауар рыногы;

- ноу-хау рыногы;

- шикізаг рыногы;

- еңбек рыногы;

- Бағалы қағаздар рыңогы жэне т.б.;

2. Географиялық орналасуы бойынша:
-~ жергілІкті рынок;

- ұлттық рынок;

- әлемдік рынок.

3. Салалык бағьптары бойынша - автомашиналар, мүиай, компьютерлік және т.б. рыноктары.

4. Сату сипаттамасы бойынша - бөлшек жэне көтерме сауда рыноктары.

5. Бәсекелестікті шектеу дәрежесі бойынша - жетілдірілген бәсекелестік рыногы жэне жетілмеген бәсекелестік рыногы (монополистік бәсекелестік, олигополиялық, монополиялық).

Жетілдірілген бәсекелестік рыногының ерекшелігі:

- тәуелсіз фирмалардың көптігі;

- бағаға бақылаудың жоқтығы. Бағалар рынокпен белгіленеді:

- тауардың саралануы жоқ. Өнімдер ерекшелігі мен сапасы жагынаи айырмашылығы жоқ.

- рынокқа кіру мен шығудың біршама оңайлығы.

Монополистік бэсекелесті рыноктьің ерекшелігі:

- қызметтер мен тауарларды өндіретін фирмалардың көптігі;

- тауарлардың айырбасталуы мүмкін болғандықтан бағаға ықпалдың шектелуі

- ариаулы рыноктар үшін, тауар мен кызметтердің саралануы;

- рынокқа кіру мен шыгудың біршама оңайлығы.

Олигополиялық рыногының ерекшелігі:

- отімді тауарлар меи қызметтер шығаратын бірнеше ірі фирмалар;

- «баға. көшбасшысының» ықпалы болады;

- кейбір өнімдер үшін тауарларды саралау елеулі, бірақ, стандартталған тауарлар үшін аз;

- рынокқа кіру қиыи. Инвестиция салуды жиі талап етеді. Монополиялық рыноктың ерекшслігі:

- бір өнім және бір ірі фирма;

- тәжірибе жүзінде бағаға толық бақылау;

- тауарлық саралау жоқ;

- рынокқа кіру өте қиын.

3) Рынок тетіктерінің негізгі элементтері рынок бағасы, сүраныстар қатынасы, ұсыныстар мен бәсекелестік болып табылады.

Рыноктық тетіктердің өзін келесі жағдайда көрсетуге болады: сатушьлардың арасында күшті бәсекелестік болған сайын, соншалықты үлкен көлемде тауарлар ұсыну сатып алушылардың сұранысынан асатын болады, ал, рынок багасы түседі. Бұл өндірісті қысқартуға әкеп согады. Керісінше, сатушылар арасында бәсекедестік төмендегенде, төлем қабілетінің сұранысы тауар ұсынудан аса бастайды. Нәтижесінде баға өсіп, тауар өндіру пайдалы болып, ол кеңи бастайды.

Бәсекелестік - бұл капиталды салу жагдайындағы ең жоғары пайда үшін кәсіпкерлер арасындағы бәсекелестік. Бәсекелестік күрестің нысаны - салааралық жэне ішкі салалық болады. Салааралық бэсеке қоғамдык ондірістегі әр түрлі салалардағы кэсіп-керлер арасында жүргізіледі, ал, ішкі салалык бәсеке - біртекті тауарлар шыгаратын кәсіпкерлер арасында болады. Бэсекелестік пайдаланатын әдістеріне байланысты бағалық және бағалық емес болып бөлінеді. Багалық бәсекелестік өндірістің көбірек оидіруші факторларын пайдалану есебінен өнімге бағаны төмендету жолымен жүргізіледі. Ал, бәсекелестіктің бағалық емес әдісіне онімнің сапасын көтеру, жарнама, сатудан кейінгі қызмет, өндірістік тыңшылық жэие т.б. жатады.

Барлық жүйелер сияқты, рыноктың инфрақұрылымы болады. «Инфрақұрылым» термині XX гасырдың басында әскери күштердіц қалыпты қызметін қамтамасыз ететін, кұрылыстар меи объектілерді белгілеу үшін бірінші рет қолданылған. Батыста 40-жылдары инфрақүрылым дегенді материалдық өндірістің қалыпты қызмет етуіне мумкіндік беретін салалардың жиынтыгы ретінде түсіне бастады. Сондай-ақ, инфрақұрылым - бұл кез келген тұтастай экономикалық жүйеиің міндетті құрамы. «Инфрақұрылым» сөзі осы жүйеиің ішкі құрылысындағы негізі, іргетасы. Рынокқа қолданылатын инфрақүрылым осы қатыиасгарды бір түтастыққа ұластыратын жэне рынок жуйесінің субъектісінің арасындағы тауарлық-ақшалық қатынастарды түзейтін ұйымдастыру нысанының жиынтьпы.

Рынок инфрақүрылымы - әр түрлі рыноктың қызметін қамтамасыз ететін қызмет және мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындар, үйымдар мен мекемелердің жиынтыгы. Ол рынок құрылымына сәйкес жіктелінеді. Тұтастай рынок инфрақұрылымын жиынтық ретінде көруге болады:

- тұтыну рыногының инфрақұрылымы (сауда жүйесі, қойма шаруашьшыгы, өнімдерді сақтаудың әр түрлі жүйесі, көлікпен тасымал, жеткізу, тауарлық биржа, көтерме сауда рыногы, тұрғындарга тұрмыстық қызмет көрсету);

- өндіріс рыногының инфрақүрылымы (тауарлық-шикізаттық биржа, брокер кеңсесі, лизингтік жэне факторингтік операңиялар, гылыми-зерттеу орталыкгары);

- еңбек рыногының инфракұрылымы (еңбек биржасы, мемлекетгік еңбекпен қамтамасыз ету қызметі, дайындық, қайта дайындау және кадрлардың мамандығын котеру жэне көшу үдерістерін басқару құрылымы);

- қаржылық-кредиттік рыноктың инфрақұрылымы (коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, қор биржалары);

- ақпараттық инфрақұрылымдар (халық шаруашылығы бойынша жинақты деректер, рынок инфрақұрылымын қамтамасыз ету бойынша ақпараттық желі, маркетингтік қызмет, жарнамалық-ақпараттық қызмет).

Қазақстандагы рынок инфрақүрылымының қалыптасу проблемалары:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 80; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.075 сек.