Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

История создания 7 страница




ü пассивті;

ü активті;

ü банктердің өз операциялары;

ü банктік қызметтер.

Несие- қайтару негізінде және процентпен берілетін ақша немесе тауар түріндегі ссуда, ол келесі қызметтерді атқарады: ынталандырушы, қайта бөлу

Несие түрлері: банктік коммерциялық, орта, қысқа және ұзақ мерзімді.

 

3) Ақша ағымы келесі субъектілер арасында жүзеге асады:

ü мемлекет және оның институттары;

ü фирмалар- кәсіпорындар, компаниялар, қоғамдар және т.б.

ü тұрғындар-үй шаруашылықтар.

Қаржылық жүйе осы субъектілердің қаржыларынан құралады. Ең қомақты мемлекеттік қаржы- мемлекеттік бюджет (МБ).

Мемлекеттік бюджет -белгілі бір уақыт аралығындағы (көбіне 1 жыл) мемлекеттік шығындар мен табыстар сомасы берілген қаржылық есеп.

Бюджеттің табыстар бөлігін: салықтар, мемлекеттік қарыздар және мақсатты қоралардан түсімдер құрайды.

Бюджеттің шығындар бөлігін: мемлекеттік басқаруға, әскерге, мемлекеттің шаруашылық қызметіне, сыртқы қызметті жүзеге асыруға шығындар құрайды.

Егер, бюджеттің шығындар бөлігі табыстар бөлігінен артық болса- бюджет тапшылығы (дефициті), табыстар шығындардан артық болса- бюджет профицит і немесе артықшылығы орын алады, ал тең болса бюджет балансты.

Мемлекеттік бюджет дефицитін қаржыландыру әдістері:

несие-ақшалық эмиссия (монетизациялау);

қарыздарды тарту;

мем.бюджетке салықтық түсімдерді көбейту.

Фискалды саясат- мемлекеттің табыстары мен шығындарын реттеу бойынша қаржылық шаралардың жиынтығы. Оның негізгі бағыты- салықтық жүйені жетілдіру болып табылады, салықтар МБ 90% дейін құрайды.

Салық - заңды және жеке тұлғалардың мемлекетітк бюджетке төлейтін міндетті төлемдері, олар: фискалды, реттеу, қайта бөлу қызметтерін атқарады.

Мемлекеттік бюджет пен салық ставкасының динамикасы арасындағы байланысты “Лаффер қисығы” деп атайды. Лаффер бойынша салық ставкасының артуы шамасына қарай 0-100% дейін, салықтық түсімдер бастапқыда өседі де максимумға жетеді (А нүктесі) де, үлкен салық стакасына қарамастан төмендей бастайды, Лаффер оны жоғары сталық ставкасы экономикалық белсенділікті төмендететіндігімен түсіндіреді.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

7. Под ред. А.Я. Аубакирова Казахстанская модель рыночных преобразований: социально-экономические и правовые аспекты Алматы: Казак. Университетi, 2003

8. Под ред. М.Б. Кенжегузина Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. – В двух томах А., 2001

9. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы А.,: Экономика,1998

 

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Мемлекеттік реттеудің негізгі тәсілдері.

2. Мемлекеттік бюджет.

 

16 тақырып. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты.

1. Әлеуметтік саясат. Тұрғындар табысы.

2. Тұрғындардың өмір сүру деңгейі.

3. Табыс бөлінудегі теңсіздік. Кедейшілік мәселелері.

 

1) Әлеуметтік саясат (ӘС) - мемлекеттің қоғам өмірінің әлеуметті- экономикалық жағдайларын реттеу бойынша қызметінің бағыты.

ӘС мәні: қоғамдағы әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу, тұрғындардың өмір сүру жағдайларымен әлеуетін жақсарту, әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету.

Осы саясаттағы негізгі бағыты- тұрғындар табысын қалыптастыру саясаты.

Табыс - белгілі бір уақыт аралығында алынған және тауарлар мен қызметтерді жеке тұтыну үшін сатып алуға тағайындалған ақшалай қаражат сомасы.

Табыс көлеміне әсер ететін факторлар:

· еңбек ақы;

· баға динамикасы;

· нарықтың тауарлармен қанығуы.

Табыстың көздері: еңбек ақы, меншіктен табыс (дивидендттер, процент, рента), әлеуметтік төлемдер- тьрансферттік төлемдер (зейнет ақы, жәрдем ақы және т.б.).

Табыс деңгейін бағалау үшін келесі көрсеткіштер пайдаланылады:

· номиналды табыс - алынған ақша көлемі;

· қолдағы табыс - номиналды табыс- салық- міндетті төлемдер;

· нақты (шынайы) табыс – осы ақшаға сатып алуға келетін тауарлар мен қызметтер көлемі.

Шынайы табыс баға индексі арқылы есептелінеді, баға индексін анықтау үшін “тұтыну қоржыны” түсінігі пайдаланылады.

Тұтыну қоржыны - белгілі бір тауарлар мен қызметтер жиынының бағаларының сомасы.

Баға индексі = ағымдық кезеңдегі ТҚ/базалық кезеңдегі ТҚ

Табыс көлемі минималды ТҚ аз тұрғындар “ кедейшілік сызығындағы” тұрғындарға жатады, олардың үлесі елдегі өмір сүру деңгейін сипаттайды.

 

2) Тұрғындардың “өмір сүру деңгейі” - адамдардың физикалық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттану дәрежесін сипаттайды.

Тұрғындардың “өмір сүру деңгейі” - материалды игіліктерді тұтыну деңгейі (тұрғындардың өнеркәсіптік тауарлармен, азық-түлікпен, тұрғын үймен және т.б. қамтамасыз етілгендігі).

Тұтынудың деңгейлері:

· минималды - минималды қажеттіліктіерді қанағаттандыру.

· рационалды (тиімді)- адамның қалыпты қажеттіліктерін қанағаттандыру.

· физиологиялық – бұл деңгейден төмен адам физиологиялық өмір сүре алмайды.

Энгель Заңы: табыс артқан сайын тұрғындар алғашқы қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарларға қарағанда, байлықты сипаттайтын тауарларды сатып алуды ұлғайтады.

Халықаралық көлемде тұрғындардың өмір сүру деңгейін салыстыру үшін- ө мір сапасы көрсеткіші қолданады, бұл көрсеткіш “ таза экономикалық әлуеттілік ” арқылы епетелінеді:

ТЭӘ=ЖҰӨ + өзін-өзіне қызмет көрсету+ бос уақыт+ көлеңкелі экономика- сыртқы ортаның ластануы.

БҰҰ қоғамның әлеуетін бағалау үшін “адамдық даму индексін” пайдалануды ұсынады, оны есептеу үшін үш компонент анықталады:

1. Денсаулық: адам өмірінің ұзақтығы.

2. Мәдени дәреже: 25 жас және одан жоғарыдағылардың оқуының ұзақтығы.

3. Тұтынудың жалпы ресурстары және елдегі жинақтар: жан басына шаққандағы ЖҰӨ көлемі.

БҰҰ елдегі тұрғындардың өмір сүру деңгейін сипаттайтын санды және сапалы көрсеткіштердің 12 тобын пайдалануды ұсынады:

1. Туу және өлім, тұрғындардың басқа да демографиялық сипаттары.

2. Өмір сүрудің санитарлы-гигиеналық жағдайлары.

3. Азық-түлік тауарларын тұтыну.

4. Тұрғын үймен қамтамасыз етілуі.

5. Білім және мәдениет.

6. Еңбек жағдайлары және жұмысбастылық.

7. Тұрғындардың табыстары мен шығындары.

8. Өмір сүру бағасы мен баға динамикасы.

9. Көліктік қызмет бағалары.

10. Демалысты ұйымдастыру.

11. Әлеуметтік қамсыздандыру. 12 Адам еркіндігі.

 

3) Табыстың қалыптасуының жалпы қағидалары бойынша: алынатын табыстар тең бөлінбейді, нәтижесінде кедейшілік және байлық пайда болуының экономикалық механизмін күшейеді.

Табыс дифференциасын сандық бағалау үшін Лоренц қисығы және Джини коэффициенті пайдаланылады.

ОА табыстың тең бөлінуін көрсетеді. Лоренц қисығы табыстың тұрғындар тобы арасында теңсіз бөлінуін көрсетеді. Екі қисық арасындағы кеңістік табыстың теңсіздігін көрсетеді.

Джини коэффициенті ДК тұрғындардың табысының шоғырландырылуын көрсетеді. Егер табыс барлық азаматтарда тең болса, ДК-0, егер табыс 1 адамның қолында шоғырландырылған деп алсақ, онда ДК-1. Демек іс жүзіндегі ДК 0 мен1 арасында қалыптасады.

Табыс бөлінуде тиімділік пен теңдік арасындағы қарама -қайшылық туындайды, демек әлеуметтік әділет.

Егер табыс-тиімділік болса, оны бөлу-теңдікті сақтау. Егер табысты тең бөлсек әділетті болады, бірақ тиімділікке жету қиындайды, ал егер тиімділікті қамтамасыз ету үшін бөлсек, әділетсіздік пайда болады.

Мемлекеттің әлеуметтік шаралары табыстың теңсіз бөлінуін жеңілдетеді, эк.теорияда мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын екі тұрғыдан қарастыруға болады:

1. әлеуметтік тұрғыдан- қоғам әр мүшесіне кедейшілікке ұшыратпайтын табысты қамтамасыз етуі керек.

2. Нарықтық тұрғыдан- мемлекеттің міндеті табысты қамтамасыз ету емес, қоғам мүшелеріне табысты табуға жағдайлар туғызу.

Аралас экономикада табысты қайта бөлудің әдістері:

1. тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулары, ол кәсіпкерлерге тұрақты сату нарығын және пайда табуды кепіл етеді, жұмыссыздық мәселелрін шешеді;

2. мемлекеттік субсидиялар және несиелер;

3. табысты салық арқылы қайта бөлу -табысты жанама реттеу құралы;

4. әлеуметтік төлемдер және бағдарламалар- нарықөтық экономиканың циклді дамуымен негізделеді, сондықтан мемлекет әр түрлі трансферттерді төлейді.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Н.А. Назарбаев Қазақстан – 2030 Астана, 1997

2. Н.А Назарбаев Президенттің Қазақстан халқына жолдауы.- Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа Астана, 2004

3. Н.А.Назарбаев Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. - Қазақстан жылдамдатылған экономикалық, әлеуметті және саяси модернизациялау жолында Казахстанская правда. 19 ақпан. 2005

4. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

5. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

6. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

7. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

8. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

9. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

10. Под ред. А.Я. Аубакирова Казахстанская модель рыночных преобразований: социально-экономические и правовые аспекты Алматы: Казак. Университетi, 2003

11. Под ред. М.Б. Кенжегузина Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. – В двух томах А., 2001

12. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы А.,: Экономика,1998

 

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.

2. Жаһанданудың қазіргі тенденциялары.

 

17 тақырып. Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.

Әлемдік шаруашылық- ұлттық шаруашылықтарды тұтас халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне біріктіретін глобальды экономика.

Әлемдік шаруашылықта келесі нысандағы халықаралық экономикалық қатынастар қалыптасады:

1. Халықаралық сауда (ХС)- тауарлар мен қызметтер экспорты негізінде жүзеге асырылатын халықаралық экономикалық қатынастар нысаны.

ХС себептері:

· елдердің экономикалық ресуртармен қамтамасыз етілуінің теңсіздігі, ол тұрғындарды жетпейтін тауарлармен қамтамасыз ету қажеттілігін тудырады;

· елдердегі технология мен олардың деңгейінің әр түрлілігі, оларды айырбастау қажеттілігін тудырады.

ХС мәні келесіде:

· ұлттық ресурстар базасының жеткіліксіздігімен күресі;

· ішкі нарық сыйымдылығын кеңейту және ұлттық нарықпен әлемдік нарықтар арасында байланыс орнату;

· шетелдік ресурстарды тарту арқылы өндіріс масштабын кеңейту.

ХС көлемін: экспорт, импорт, таза экспорт сипаттайды.

ХС пайдалылығы әр түрлі мектептерде әр түрлі анықталады:

· меркантелистер импорттың экспорттан көп болуын жақтады;

· А.Смит басқа елдерден тек осы елдегімен салыстырғанда аз шығындармен өндіретін тауарларды ғана сатып алу керектігін көрсетеді, ол “абсолютті артықшылық теориясы” деп аталлынды;

· Д.Рикардо “салыстырмалы тықшылық теориясын” өңдеді, оған сәйкес қандай да бір тауарды шығару қай елде арзанға түссе, ол сол елде шығарылуы керек.

Елдер арасындағы импорт пен экспортты мемлекет келесі саясаттарды жүргізу арқылы реттейді:

· Протекционизм- ұлттық экономиканы импорттық тауарлардан қорғауға және импортты шектеуге бағытталған саясат.

· Фритредерлік - еркін сауда саясаты.

Ашық экономика - халықаралық қатынастырмен халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуға негізделген экономикалық жүйе.

Жабық экономика - сыртқы экономикалық қызметі шектеулі, изоляцияға ұмтылатын, тәуелсіз шаруашылық бірлік.

Елдің сыртқы экономикалық қызметін сипаттайтын төлем балансы - белгілі бір уақыт аралығындағы шетелдерге төлемдер мен шетелден түскен түсімдер арасындағы өзара қатынасытар.

Сауда балансы - тауар экспорты мен импорты арасындағы өзара қатынастар.

2. Капиталды шығару және халықаралық несие – ұлттық айналымнан капитал бөлігін алып басқа елдерде өндіріс процесіне араластыру. Оның мақсаты - капталды басқа елдегі тиімді өндіріске қатыстыру арқылы пайда табу. Шығарылатын капитал н ысандары: кәсіпкерлік немесе ссудалық.

3. Жұмыс күшінің халықаралық миграциясы – еңбекке қабілетті тұрғындардың ұлттық шекарадан тыс жерлерге ауысуы, көші-қонуы. Оның себептері:

· экономикалық: елдебілікті мамандарға сұраныстың төмендеуі, ұсынысының артуы, еңбек ақыдағы халықаралық айырмашылықтар;

· сыртқы экономикалық: демографиялық, саяси, діни, ұлттық, мәдени, жанұялық және т.б..

4. Халықаралық еңбек бөлініс і- қандай да бір елдің басқа елдерге сату мақсатымен тауарлар мен қызметтің қандай да бір түріне мамандануы. Бастапқыда бұл процесс елде минералды ресурстардың болуымен және оның геогрфиялық ортасымен негізделді, 20 ғ. бастап, ол ҒТП және елдегі жұмыс күшінің деңгейімен байланысты болды.

5. Халықаралық валюталық қатынастар.

Валюта- елдің ақша бірлігі. Халықаралық валюталық жүйе - орталық эмиссиялық банктердің сыртқы нарықтағы қызметін реттейтін ережелер, заңдар, тұжырымдар жиыны.

Елдер арасындағы есеп айырысу валюта курсы арқасында жүзеге асады. Валюта курсы - басқа елдің валютасының ақшалай құнымен берілген ұлттық валютаның ақшалай құнының бағасы. Валюта курсы қатаң және еркін болады: алтын стандарты кезінде орын алған қатаң курс орнына долларды алтынға айырбастауды ресми түрде тоқтанқаннан кейін (1971ж.) еркін курс келді, ол – алтынмен емес валютаға сұраныс пен ұсыныспен анықталатын валюта курсы.

Валюта курстарының өзара қатынастары екі әдіспен өзгертіледі:

1. Девальвация - валюта курсын басқа валюталарға қарағанда төмендету.

2. Ревальвация - валюта курсын басқа валюталарға қарағанда жоғарлату.

Ұлттық экономиканы әлемдік экономикаға араластыру үшін ұлттық валюта конверттелінуші болуы керек.

Валютаның конверттелінушілігі- ұлттық валютаның әр түрлі халықаралық есептесуде еркін пайдаланылу мүмкіндігі.

Халықаралық валюталық жүйенің қызмет етуі- халықаралық қаржылық ұйымдармен жүзеге асырылады, олар: Халықаралық валюталық қор (МВФ), Халықаралық даму және реконструкция банкі, Дамудың халықаралық ассоциациясы, Экономикалық ынтымақтастық пен дамудың ұйымы.

 

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

2. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

3. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

5. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

6. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы А.,: Экономика,1998

 

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Әлемдік интеграциялық процестер мен халықаралық экономикалық ұйымдарға Қазақстанның қатысуы.

 


4 Практикалық (семинарлық) сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні мен әдіс-тәсілдері (СОДЖ-да қарастырылады)

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары.

1. Экономикалық теория пәні.

2. Экономикалық негізгі ұғымдар және экономикалық теорияның қызметтері.

3. Экономикалық процесстерді танып білу әдістері.

Талқылайтын сұрақтар

1. Экономикалық теория курсының логикасы мен құрлымы.

2. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттілік, экономикалық игіліктер, ресурстардың шектеулілігі (сиректілігі)

3. Экономикалық теорияның қызметтері: танымдық, тәжірибелік, болжамдық, дүниетанымдық, әдістемелік

4. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

 

Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құраңыз:

а) – елдің шаруашылығын зерттейтін ғылымдар тұтастығы; б) – экономикалық процестер мен заңдардың мәнін анықтайтын ғылымдар; в) – дүниежүзілік шаруашылықтың туу және даму заңдылығын сипаттайтын ғылым; г) – өндіріс, тарату, игіліктер мен қызметтерді ауыстыру мен тұтыну процесінде туындайтын қатынастар; д) – экономикалық процестер мен құбылыстарға тән объективті, қажет, себеп-салдар байланыстары мен өзара байланыстылық; е) – көзделген экономикалық шаралардың тиімділігін тексеру мақсатында экономика саласында ғылыми қойылған тәжірибе; ж) – зерттеу әдістері туралы ғылым; з) – байлықты ақшамен теңдестіретін экономикалық теория; и) – ақша факторлары басты рөл атқаратын экономика тұрақтылығының теориясы; к) – қоғамның экономикалық өмірінің неғұрлым жалпы және маңызды жағын көрсететін логикалық ұғым; л) – ойдың жекеден жалпыға қозғалысы; м) – экономикалық процестер мен құбылыстарды ғылыми түсіндіруге бағытталған ғылым; н) – нарықты экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негізі; о) – оны түрлендіру мақсатында адамның табиғатқа әсер ету процесі; п) – ішкі дүние мен материалдық емес сипаттағы қызметтерді жеткізіп беруді көрсету мақсатында рухани құндылықтарды құру процесі; р) – салалық ерекшеліктер мен экономикалық басқару функцияларын зерттейтін ғылымдар; с) – капитализмнін өлуі мен жаңа қоғамдық формацияның құрылуын болжайтын экономикалық теория; т) - өзінің талдауында шекті шамаларды қолданатын теория А. Экономикалық тәжірибе   Б. Экономикалық саясат   В. Еңбек   Г. Кейнсианс     Д. Меркантилизм   Е.Позитивті экономикалық теория Ж. Индукция З. Маржинализм   И. Жалпы экономикалық ғылымдар К. Материалдық емес өндіріс   Л. Өндірістік қатынастар М. Экономикалық заңдар     Н. Утопиялық социализм   О. Жеке экономикалық ғылымдар П. Экономика Р. Монетаризм   С. Әдіснама (Методология)     Т. Интерэкономика

 

Ұсынылатын әдебиетер

1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

СДЖ арналған тапсырмалар

1. Дедукция деген не?

А) жекеліктерді жалпылықтың негізінде түсіндіру

В) қарапайымдалған пікір

С) экономикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан келу

Д) жалпылама ұстанымды жекеліктердің негізінде дәлелдеп, шығару

Е) экономикалық үдерістердің үлгісін жасау.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 159; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.121 сек.