КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер тізімі 6 страница
1.Негізгі түсініктер мен терминдер. 2. Табиғи қауіптер, жіктелуі және Қазақстан территориясында пайда болу ықтималдығы. 3. ТЖ-дың қандай түрлері ба?. 4. Қорғаныс ғимараттарына не жатады? 5.Панахана деген не? Қолданылған әдебиеттер 1.Өмір – тіршілік қіуіпсізгі: С.Арпабеков. – Алматы, 2004. 2. Гринин А.С. Безопасность жизнедеятельности: уч. пособие / А.С.Гринин, В.Н.Новиков. – М.: ФАИР – ПРЕСС, 2002. – 288 с. 3. Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территории при ЧС: уч. пособие / В.В.Денисов, И.А.Денисова, В.В.Гутенев, О.И.Монтвилла. – М.: МарТ, Ростов н/Д: МарТ, 2003. – 608 с. 4. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность в чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера: уч. пособие / В.А.Акимов, Ю.Л.Воробьев, М.И.Фадеев и др. – изд. 2-е, перераб. – М.: Высшая школа, 2007. – 592 с. 5. Безопасность жизнедеятельности: учебник для вузов / С.В.Белов, А.В.Ильницкая, А.Ф.Козьяков и др.; под общ. ред. С.В.Белова. – 4-е изд. – М.: Высшая школа, 2004. – 606 с
ДӘРІС 7 Әр түрлі сипатты төтенше жағдайларды жіктеу. Жоспар: 1. ТЖ негізгі ұғымдары мен анықтамалары. 2. Техногенді сипатты ТЖ көздерін зақымдайтын факторлар, ТЖ даму фазалары. 3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы ҚР «Табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының негізгі ұғымдарына сәйкес табиги сипаттағы төтенше жағдайларды жер сілкінісі, сел, қар көшкіндері, су тасқыны және басқа да зілзалалар табиғи өрттер, індеттер және эпизоотиялар, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестермен зақымдалуы секілді дүлей зілзалалар туғызуы мүмкін. Басқаша айтқанда, мұндай жағдай табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың ошақтарының белгілі бір аймақта пайда болуына әкеліп соғатын үрдістер немесе қауіпті табиғи кұбылыстар нәтижесінде болады. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы факторлар - бұл физикалық, химиялық, биологиялық әсерлерімен немесе байқалуларымен сипатталатын, табиғи төтенше жағдайлар ошақтарынан пайда болған сәйкес шамалармен көрінетін немесе анықталатын қауіпті табиғи құбылыстар немесе үрдістер құрамасы. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы әсері - бұл адамдардың өміріне және денсаулығына, ауыл шаруашылық малдары мен өсімдіктеріне, экономикалық нысандарға және қоршаған табиғи ортаға төтенше жағдайлар көздерінің зақымдаушы факторларының жиынтығы немесе кері әсері. Қауіпті табиғи құбылыстарға өзінің қарқындылығымен, таралу ауқымымен және ұзақтығымен адамдарға, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін тигізетін табиғи үрдістердің әрекеттерінің нәтижесі немесе табиғи оқиғалар жатады. Дүлей зілзала - бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жояды, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлардың өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың аймағы – төтенше жағдай ошағының пайда болу нәтижесінде немесе басқа аудандардан табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған, оның зардаптары таралғаны болып табылады. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға мыналар жатады: геологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер (эндогенді: жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауы; экзогенді: үгінділер, сырғымалар, сел); гидрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер; метрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер; табиғи өрттер; эпидемиялар және эпизоотиялар; ауыл шаруашылық өсімдіктерінің, ормандардың ауруы мен зиянкестермен зақымдануы. Геологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер. Геологиялық қауіпті құбылыстарға адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен жануарларына, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін геологиялық құбылыстар немесе әр түрлі табиғи, гидродинамикалық факторларды немесе олардың үйлесімдері әсерінен жер астында пайда болған геологиялық үрдістердің нәтижесінде немесе геологиялық жағдайлар жатады. Жер сілкінісі – жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашыктыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл геологиялық құбылыстарды геофизикалық бөлім сейсмология зерттейді. Жер сілкінісі кенеттен пайда болатын және жылдам таралатын дүлей зілзалаға жатады. Оған дейін алдын ала дайындық және көшіру шараларын жүргізу мүмкін емес, сондықтан жер сілкінісінің зардаптары көптеген экономикалық шығындармен және көптеген адамдардың қаза болумен байланысты. Зардап шеккендердің саны жер сілкінісінің орны мен күшіне, халықтың тығыздығына, құрылыстардың сейсмотұрақтылығы мен биіктіктеріне, тәулік уақытына, зақымдаушы фактордың екінші рет пайда болу мүмкіндігіне, халықтың және арнайы іздеу-құтқару құрамаларының (ІҚҚ) дайындықтарының дәрежесіне тәуелді. Жер сілкінісі өзінің зардаптарымен қауіпті («екінші рет қайталанған фактор»): табиги зардаптар: жердің бұзылуы (жарықшалар және ығысулар); сырғымалар, көшкіндер, селдер, топырақтың басылуы, цунами; адамдардың іс әрекетіне байланысты зардаптар: қирандылар, ғимараттардың құлауы, бөгендер зақымдалған кездегі су басу, энергия көздерінің, мұнай қоймаларының, газ өткізгіштердің зақымдалуынан болған өрттер, қуатпен жабдықтау желілеріндегі, комуникация, көлік құралдарының зақымдалуы, радиоактивті таралу. Сейсмикалық толқын — жер сілкінісі немесе жарылыс ошақтарынан Жерде тараған серпінді тербеліс. Жер сілкінісінің ошағы (орталық нүкте) – жер сілкінісіне себеп болатын, жоғарғы мантия немесе жер қыртысының қалыңдығында жер асты соққыларының пайда болған аумағы. Ошақ тереңдігі - Жер бетінен орталық нүктеге дейінгі қашықтық. Жер сілкінісі кіндігі – орталық нүктенің тура үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте. Жер сілкінісінің қарқындылығы – жер сілкінісінің сыртқы әсері, шығын дәрежесі МСК – 64 12-балдық шкаласы бекітілген. Төменде келтірілген кестеде MSK- 64 шкаласы бойынша жер сілкінісі қарқындылығының қысқаша салыстырмалы сипаты көрсетілген. MSK-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі жиілігінің қысқаша сипаттамасы
Қазақстан территориясынын айтарлықтай бөлігі (оңтүстік және оңтүстік-шығыс) сейсмикалық аудандастыру картасына сәйкес, қарқындылығы 6-9 балл болатын күшті және қираткыш жер сілкінісі аймағында орналасқан. Келесі бір табиғи сипаттағы төтенше жағдай көздерінің басым көпшілігі сыртқы (экзогенді) геологиялық процесстерге, геологиялықтан басқа, жер қыртысында жүретін процестерге жатады. Опырылу (сусыма, тас құлау) – бұл ең алдымен тау жыныстарының желге мүжілу есебінен олардың байланысының, жер үсті және жер асты сулары қызметінің әлсіреуінен туындайтын құлама және тік жарға тау жынысының үлкен массасының, өзен алқабы мен теңіз жағалауына бөлініп, құлауы. Сырғыма – тау баурайымен өз салмағының әсерінен және тау баурайының шайылуы, тау жынысының шамадан тыс сулануынан болатын қосымша ауыртпалықтар, сейсмикалық дүмпудің және басқа да процестердің нәтижесінде тау жынысы массасының жылжуы. Сырғымаға қарсы қорғанысқа жататындар: қар көшкіні процесінің пайда болуы мен дамуын тоқтатуға, халық пен территорияны қорғауға, сондай -ақ, атқарушы билік пен жергілікті атқару органдарын сырғыманың қаупі туралы казіргі заманғы құралдардың көмегімен хабарландыруға бағытталған күзету – шектеулі және инженерлі – техникалық іс-шаралар жиынтығы. Апаттық салдары бар сырғымалар Қазақстанның таулы аймақтарындағы жиі кездесетін құбылыс болып табылады. Соңғы мысал -2004 жылдың көктеміндегі Алматы облысы, Талғар ауданыңдағы 29 адамның өмірі мен көп пәтерлі тұрғын үйдің толық қирауына алып келген сырғымалар Сел. Сел сияқты төтенше жағдайдың көзі гидрологиялық құбылыспен тығыз байланысты болса да, соның өзінде де оларды толық негізбен Жердің бетін сыртқы өзгерістерге ұшырататын экзогенді геологиялық процесстерге жатқызуға болады. Бұл тау жынысының күйзелуі мен өзгеруінің геологиялық процесстері, әдеттегідейі сыртқы агенттер әсері -тау жыныстарының мүжілуі, желдің жұмысы, жер асты және жер үсті сулары, өзендер, мұздықтардың салдарынан болады. Сел - тау жартастарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын, қатты жауын немесе қардың қарқынды еруінен, сондай -ақ, қар үйіндісі мен мұзды теңіздердің еруінің нәтижесінде таулы өзендер мен өзеншіктер арнасында кенеттен пайда болатын үлкен қиратушы күштің қарқынды тасқыны. Сел (араб тілінен алғанда сайль - қарқынды тасқын) – төмен қарай үлкен жылдамдықпен жүріп өтетін және орасан зор қиратушы күшке ие лайтасты су тасқыны, Қазақстаннның оңтүстік және оңтүстік - шығыс аймағындағы таулы аудандардағы жиі болатын құбылыс, республиканың жалпы ауданының 13% құрайды. Сел қаупі бар аймақ – селдік процесстердің даму қарқындылығымен сипатталатын, адамдарға, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға қауіп төндіретін аймақ. Селге қарсы қорганыс – селдік процестердің пайда болуының алдын алу мен дамуына, сондай-ақ атқарушы билік органдары мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарын және халықты селдің туу қаупінен алдын-ала хабарландыруға бағытталған құтқару – шектеулі және инженерлі – техникалық іс-шаралар жиынтығы. Қауіпті гидрологиялық құбылыстар мен процесстер Қауіпті гидрологиялық құбылыстар - әр түрлі табиғи немесе гидродинамикалық факторлардың немесе екеуінің қосындысының әсер етуінен пайда болатын, адамдарға, ауылшаруашлық малдары мен дәнді дақылдарына, экономика нысандары мен қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін, шығу тегі гидрологиялық болып келетін оқиға немесе гидрологиялық процесстердің нәтижесі. Су басу – құрғак жерді уақытша су алу, апаттық құбылыс болып табылатын судың жоғарғы деңгейі. Су басу су тасу немесе тасқын кезіңдегі су деңгейінің көтерілу нәтижесінде, жинақтау, жел толқыту нәтижесіңде, сондай-ақ гидротехникалық құрылғылардың бұзылу кезінде болуы мүмкін. Су басулар адам өлімімен, тұрғын және кәсіпорын нысандарының қирауымен байланысты, мал басының өлім - жітімі мен дәнді дақылдардың құруымен, сондай-ақ қоршаған ортаға кері әсерін тигізумен айтарлықтай шығынға ұшыратады. Су тасу – жыл сайын белгілі бір климаттық жағдайда мерзім сайын қайталанатын, шағын су көлемімен, жоғарғы және ұзақ мерзімді су деңгейінің көтерілуімен сипатталатын және қардың еруімен немесе қар мен мұздықтың бірге еруінен болатын өзеннің сулық тәртібінің фазасы.Су тасуларды көктемдік, көктем – жаздық, жаздық деп бөледі. Тасқын – жылдың бір мезгілінде бірнеше peт қайталанатын, жиілігімен, әдетте, қысқа мерзімді су шығыны мен су деңгейлермен сипатталатын және жауын – шашыннан немесе жылымық кезіңдегі қардың еруінен болатын өзеннің сулық тәртібінің фазасы. Апаттық тасқын - қирау мен құрбандыққа алып келетін, көлемі жағынан көрнекті, қайталануы жағынан сирек тасқын. Апаттық тасқын түсінігі, сондай — ақ салдары қиратуға алып келген су тасуға да қатысты қолданылады. Цунами – су асты және жағалаулардағы жер сілкінісі кезінде пайда болатын теңіз толқындары. Қазақстан үшін орын алуы екіталай құбылыс, алайда Каспий теңізі айлағында орын алу мүмкіндігін естен шығаруға болмайды. Қар көшкіні – адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға шығын келтіретін, жылдам әрі кенеттен болатын қардың және (немесе) мұздың таудың тік баурайымен қозғалуы. Қар көшкіні қауіпі бар аймақ – адамдардың өмірі мен денсаулығына, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін қар көшкіні қауіпі бар таулы аймақ. Қар көшкінінің тууына ықпал ететін маңызды факторлар қалың қар мен таудың тік баурайлары болып табылады. Қар көшкініне қарсы қорганыс — қар көшкіні тектес процесстердің тууының алдын алуға бағытталған, сондай-ақ атқарушы билік немесе өзін -өзі басқару органдарын және халықты қар көшкіні қаупі туралы дер кезінде хабарлаңдыруға бағытталған күзету – шектеулі және инженерлі - техникалық іс – шаралардың жиынтығы. Қауіпті метеорологиялық құбылыстар мен процесстер. Қауіпті метеорологиялық құбылыстар – адамдарға, ауьлшаруашылық малдарына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін атмосферада әртүрлі табиғи факторлардың немесе олардың қосыңдысының ықпалынан туындайтын табиғи процесстер мен құбылыстар. Дауыл – жылдамдығы 32 м/с асатын (115 км/с аса), айтарлықтай ұзақтығы мен қираткыш күші бар жел. Теңіз дауылы — ұзақ уақытты, 20м/с аса жылдамдықпен соғатын өте күшті, теңізде қатты толқын және құрғақ жерде қирату тудыратын жел. Дауыл (кенеттен соққан) - жел бағытының өзгерісімен қоса жүретін конвекциялық процестермен байланысты 20-30 м/с жылдамдықпен соғатын желдің кенеттен қысқа мерзімді күшеюі. Күшті жел – ауаның жер бетімен салыстарғандағы 14м/с аса жылдамдықпен қозғалуы. Ала құйын – ауаның айналмалы тік немесе көлбеу ось бойымен қозғалатын атмосфералық түзілісі. Құйындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы шамамен 100м/с. Құйын - айналу жылдамдығы 100 м/с және одан жоғары, диаметрі 1000 м болатын, үлкен қиратқыш күшке ие ұсақ масштабты атмосфералық күшті ала құйын. Ұзаққа созылған жауын – бірнеше тәулік тоқтамай немесе ұзақ дерлік мерзімде жауатын, тасқынға, су алу мен су астында қалуға алып келетін сұйық атмосфералық шөгінділер. Қатты қар басу - көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік қозғалысын қиындататын қардың қарқынды ұзақ жаууы. Жауын-шашын мөлшері 12 сағатта және одан төмен уақытта 20мм және одан аса болады. Қатты боран (күртік қар) – көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік магистралын қар басуға алып келетін, қардың жаууымен бірге болатын қатты желдің жер бетіне қарды тасымалдауы. Ұзақтығы 12 сағ. және одан да жоғары, басым жағдайда желдің жылдамдығы 15 м/с және одан да жоғары. Қатты көк тайғақ – салқындаған тұман немесе жауын тамшыларының қатуы кезіндегі жердің немесе заттардың бетіндегі мұздың қалың қабаты. Желілер бойындағы қатқан мұздың диаметрі 20 мм және одан да көбірек болады. Бұршақ – жылдың жылы мезгілінде қатты мұз түрінде, әдетте найзағай кезіндегі нөсер жауынмен бірге жауатын атмосфералық шөгінділер. Бөлшектердің диаметрі 5 мм – ден 15 см – ге дейін жетеді. Нөсер (қатты жауын) – үлкен қарқынды қысқа мерзімді атмосфералық шөгінділер, әдетте жаңбыр түрінде (кейде қар түрінде) жауады. Жауын-шашын 12 сағат және одан аз, мөлшері 50 мм және одан да көп болады; таулы, сел және қар көшкіні қауіпі бар аймақтарда 12 сағ. 30мм және одан аса. Найзагай – түйдек – жауын бұлттарының дамуымен байланысты бұлттар мен жер беті арасындағы дүркін – дүркін электр зарядтарымен, дыбыстық құбылыстармен, қатты жауын – шашынмен, бұршақпен қоса жүретін атмосфералық құбылыс. Қатқақ - ауаның қолайлы орташа тәуліктік температурасы кезіңдегі жер бетіндегі ауа температурасының 0°С – ге дейін және одан да төмендеуі. Ауа температурасының күрт төмендеуі, жоғарылауы – қысқа уақыт кезеңі ішіндегі ауа температурасының аномалды төмендеуі немесе жоғарылауы. Ауа температурасының 1-2 тәулік ішінде 10°С-ге және одан аса өзгеруі. Қатты тұман - 12 сағ. Және одан ұзақ уақытта 100 м – ге дейін және одан да төмен болатын, жер бетіндегі ауаға тікелей асылған, көру мүмкіндігінін айтарлықтай нашарлауымен қоса жүретін, сұйық түрге айналған заттардың тамшы немесе кристалл түрінде топталуы. Шаңды дауыл – көру мүмкіндігінің төмендеуімен, тұқым және жас өсімдіктермен қоса топырақтың жоғарғы қабатының үрленуімен, егістікті және көлік магистралдарын құм басумен сипатталатын үлкен көлемдегі шаңның немесе құмның қатты желмен тасымалдануы. Ұзақтығы – желдің басым кезінде 15 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен 12 сағ. және одан да жоғары. Құрғақшылық – жоғарғы температура және ауа ылғалдығының төмендеуін қоса алғандағы, ұзақ мерзімді жауын – шашынның болмауы түріндегі метеорологиялық факторлардың жиынтығы, өсімдіктердің сулы тепе – теңдігінің бұзылуына және олардың қурауына алып келеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 20 күннен астам сақталып тұруы, (күндіз) ылғалдық қоры жердің метрлік қабатында 35 мм және одан төмен болған кезінде 30% - дан аз. Аңызақ жел – ұзақ уақыт бойы жоғарғы температураның сақталуы. Орташа тәуліктік ауа температурасы желдің жылдамдығы 5 м/с және одан да жоғары ауаның ылғалдығы 30% аз болады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. ТЖ негізгі ұғымдары мен анықтамалары. 2. Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар 3. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері 4. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы Қолданылған әдебиеттер 1.Өмір – тіршілік қіуіпсізгі: С.Арпабеков. – Алматы, 2004. 2. Гринин А.С. Безопасность жизнедеятельности: уч. пособие / А.С.Гринин, В.Н.Новиков. – М.: ФАИР – ПРЕСС, 2002. – 288 с. 3. Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территории при ЧС: уч. пособие / В.В.Денисов, И.А.Денисова, В.В.Гутенев, О.И.Монтвилла. – М.: МарТ, Ростов н/Д: МарТ, 2003. – 608 с. 4. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность в чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера: уч. пособие / В.А.Акимов, Ю.Л.Воробьев, М.И.Фадеев и др. – изд. 2-е, перераб. – М.: Высшая школа, 2007. – 592 с. 5. Безопасность жизнедеятельности: учебник для вузов / С.В.Белов, А.В.Ильницкая, А.Ф.Козьяков и др.; под общ. ред. С.В.Белова. – 4-е изд. – М.: Высшая школа, 2004. – 606 с
ДӘРІС 8 Төтенше жағдайларда экономика объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығы. Жоспар: 1. Төтенше жағдайлардағы бейбіт және әскери уақытта экономика объектілерінің жұмыс жасау тұрақтылығы. 2. Өнеркәсіптік және азаматтық объектілердің азаматтық қорғаныс нормаларының талаптары.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 84; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |