КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер тізімі 8 страница
- адамдарды зақымдау үшін - түйнек, оба, нағыз шешек, тyляpeмия, caп, мандам, тырыспа, сары қызба, орнитоз, іш сүзегі, Қу-қызбасы, Цуцугамуши қызбасы, солар мен қатар ботулиникалық токсин; - жануарларды зақымдау үшін - аусыл, оба caп, түйнек және т.б.; - өсімдіктерді зақымдау үшін - астық тұқымдастарының тотықтырғышы, күріш пирикуляриозы, картоп фитотррозы, мақта гоммозы, ж.т.б. Биологиялық қарудың негізін биологиялық құралдар қалайды. Олар: бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңыррауқұлақтар; микробтардың өнімдері - токсиндер, мал және ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіретін жәндіктер мен зиянкестср, ауру қоздыратын микробтарды тасымалдайтын жәндіктер және өсімдіктерді шірітетін синтетикалық химиялық заттар-гербицидтер мен дефолианттар. Биологиялық қаруды нысаналарға жеткізу немесе қолдану әдістерін екі топқа бөлуге болады: негізгі әдіс және диверсия жасау әдісі. Негізгі әдісі бойынша биологиялық құралдар аэрозоль (тұман) түрінде құрғақ немесе сұйық қалпында жел бағытымен жіберіледі, сонда жерге жақын ауа қабатының жүздеген шаршы шақырымы зарарданылады (зақымға ұшырайды). Әдісті қолдану үшін аэрозолды ұшақтардан арналған шандатқыштар арқылы себеді немесе авиациялық бомбалар тасталады. Одан басқа, жерге тиісімен өздігінен жарылатын: зеңбірек снарядтары, миналар, пластиктен жасалынған бомбалар, контейнерлер, кассеталар, басқармалы биологиялық зымырандар. Нысаналарға жеткізу үшін ауа шарлар да пайдалануы мүмкін. ОРТАНЫ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ЗАТТАР. Адамды, қоршаған ортаны микробтардан зарарсыздандыру үшін дегазацияға арналған тотықтыру және хлорлау әсерін келтіретін заттар, солармен қатар формалин, фенол және т.б. қолданылады. Формалин - формальдегидтің суда 30-40%-тік ерітіндісі, өткір, тітіренті иісі бар мөлдір сұйықтық. Сақталу барысында полимерленеді де, ерітіндіде параформальдегидтің ақ жалырақшалары пайда болады. Формалиннің өзі де, буы да улы (организмнің ішіне өткен өлім мөлшері 10 граммға жуық). Сондықтан оны пайдаланғанда противогазды қолдану керек. Формалинды жүннен жасалған бұйымдарды, теріден тігілген аяқ-киімді, қару-жарақтарды және техниканы зарарсыздандыру үшін пайдаланады. Спорларға айналатын микробтарға қарсы формалинді 1:1 қатысы бойынша сумен араластырып, осы қоспаға (1 л) монохлорамии (100 г.) қосылады. Монохлорамид - хлор иісті, суда оңай еритін ақшын-сары ұсақ кристаллдар. Егер микробтар спорларды құрмаса, онда формалинды 1:9 қатысы бойынша сумен араластырады. Формалин ерітінділерін қолдану барысында температура 10°С төмен болмауы керек. 1 м2 өндеуге жататын ауданға 0,3-0,5 л формалин ерітіндісі жұмсалады. Формалин шыны не алюминийден жасалған ыдыста сақталынады. Фенол, таза түрінде, қызғылт түсті кристаллды зат, суда нашар ериді. Зарарсыздандыру жұмыстарында карбол қышқылы пайдаланылады, ол 90% фенолдан және 10% судан тұратын сұйықтық. Спорлары құрамайтын микробтарға қарсы қолданылғанда, үйлерді, қару-жарақты, техниканы және киім-кешекті зарарсыздандыру үшін 3-5%-тік фенолдың судағы ерітінділері пайдаланынады. Жәндіктер мен кенелерді жоюға арналған заттарды инсектицид заттары деп атайды. Осы қатарда кеңінен тараған ДДТ, гексахлоран т.б. ДДТ (дихлордифенилтрихлорэтан) - ақ кристаллды ұнтақ, суда ерімейді, органикалық еріткіштерде жақсы ерітеді. Адамға қауіпті, оны шаңдатқанда противогаз және тері қорғайтын құралдарды қию керек. Көбінесе ұнтақ түрінде дуст деп аталған пайдаланылады (5-12% ДДТ және 88-95% толтырғыш зат-талька, каолин, т.б.). Жәндіктерді киім-кешекте, үйлерде, қыртысында және өсімдіктерде қыруға қолданылады. ДДТ битумдалған қағаз қаптарда сақталынады. Гексахлоран - сүр түсті, зәк иісті кристаллды зат. Қасиеттері ДДТ-ға жақын, онымен істеу әдістері де бірдей. Тұрақты жағымсыз иісі болғандықтан гексахлоранды киімді, азық-түлік қоймаларының, тұрғын үйлердің, жұмыс істейтін орындардың іш жақтарын өндеу мақсатында қолданбайды. Хлорлы әк 0,2-0,5% -тік, 2-3%-тік, 5-10%-тік судағы ерітіндісі және құрғақ қалпында суды, ыдыс-аяқты, үй-жайларды жиһаздарды, ғимараттардың сыртқы бетін, әжетханаларды жергілікті жерді және басқаларды зарарсыздандыру үші қолданылады. 10%-тік хлорлы әк ерітіндісін дайындау үшін бір шелек (10 л) суға 1 кг құрғақ хлорлы әк салады. Ерітіндіні дайындап бола салысымен пайдаланады. Тұнықтырылған ерітіндіні 24 сағат бойы тұндырып дайындайды. Осылардан басқа зарарсыздандыру заттар ретінде хлорамині 0,2-1%-тік ерітіндісі, лизолдың 3-5%-тік ерітіндісі, ДТС-ГК 1-3%-ті ерітіндісі, сутегі асқын оксидінің 3%-тік ерітіндісі, этилен оксиді және т.б. қолданылады. Бактериялық зақым. Егер территорияда биологиялық қару қолданылса, ал жерге жайылған микробтардың түрлерін анықтауы қыиндыққа соқса ұзақ уақытқа созылса, онда да жалпы мәліметтерді есте ұста адамдар кешенді түрде, уақытылы, дер кезінде төменде айтылатын мәліметтерді есте сақтап әдістерді орындайды: - инфекция микробтар саны қоршаған ортаның әсерінен бара бара төмендейді, ақыры олар тек адамдарда немесе жануарларда (өсімдіктерде), азық-түлік, суда қалады; оларды басым көбісінің жоғары немесе төмен температураның бейімділігі аз; суда қайнатылғанда, тікелей күн сәулесі түскенде, зарарсыздандыру құралдар, бактериофагта қолданылғанда әжептеуір жойылады; - АҚ-тың медициналық жасақтары және басқа да медициналы мекемелер іске асыратын шаралардан (керекті дәрі егу, вакцина, иммунды сарысу жиберуден адамдар қашпау керек жеке адам гигиенасының және зақымдау ауқымда орнатылған ережелерін мұқият сақтап, тұрғын халық арасында гигиеналық дағды және санитарлық мәдениет жайын насихаттауды байбаламға, дүрбелеңге жол бермеуді әр кім міндетті түрд орындауға тиіс; - Бірнеше инфекциялы ауруға қарсы тұратын, кеңінен пайдалы әсер беретін антибиотік дэрі-дәрмектерді қабылдаған дұрыс мысалы жеке аптечкадағы (АИ-2) №1, №2 арнайі антидоттарды.
Бақылау сұрақтары: 1.Негізгі түсініктер мен терминдер. 2.Биологиялық қару туралы не түсіндіңіз? 3. Ядролық қару деген не? 4. Ядролық қарудың зақымдаушы факторлары.
Қолданылатын әдебиеттер: 1. Гринин А.С. Безопасность жизнедеятельности: уч. пособие / А.С.Гринин, В.Н.Новиков. – М.: ФАИР – ПРЕСС, 2002. – 288 с. 2. Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территории при ЧС: уч. пособие / В.В.Денисов, И.А.Денисова, В.В.Гутенев, О.И.Монтвилла. – М.: МарТ, Ростов н/Д: МарТ, 2003. – 608 с. 3. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность в чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера: уч. пособие / В.А.Акимов, Ю.Л.Воробьев, М.И.Фадеев и др. – изд. 2-е, перераб. – М.: Высшая школа, 2007. – 592 с. 5. Безопасность жизнедеятельности: учебник для вузов / С.В.Белов, А.В.Ильницкая, А.Ф.Козьяков и др.; под общ. ред. С.В.Белова. – 4-е изд. – М.: Высшая школа, 2004. – 606 с
ДӘРІС 11 Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздіктің ұйымдастыру-практикалық шаралар.
Жоспар: 1. Бұқаралық тигізу қаруының жалпы мінездемесі, оның ерекшеліктері және қолдану зардаптары. 2. Жер сілкіну кезінде ғимараттардың және объектілердің қиратулары.
Бұқаралық тигізу қаруының жалпы мінездемесі, оның ерекшеліктері және қолдану зардаптары. Ядролық қару қолдану кездегі төтенше жағдайлар. Жердегі, жер асты, әуедегі және ядролық жарылулардың таңдандыратын факторлар. Таңдандыратын факторлар, қирату аймақтары және радиациялық жұғу. Радиацияның және электр-магниттік күштің әсері. Қорғаныш құралдары және әдістері. Химиялық қару қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар. Химиялық қарудың токсилогиялық мінездемесі және оны топтастыру. Аймақтар және тигізу ошақтары. Қорғаныш құралдары және әдістері. Бактериологиялық қару қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар. Биологиялық қарудың медициналық-биологиялық мінездемелері және топтастыруы. Қорғаныш құралдары және әдістері. Бұқаралық тигізу қарудың жаңа түрлері, қорғаныш құралдары және әдістері. Аумақтардың және халық қорғанышын ұйымдастыру. Қорғаныш құралдары. Баспана, қорғау салулар. Баспана. Төтенше жағдайларда халыққа және қызметшілерге баспана ұйымдастыру. Жер сілкінісі. Жер сілкінісін топтастыру, жер сілкініс күшін өлшеу шкалалары. Жер сілкіну кезінде ғимараттардың және объектілердің қиратулары. Жер сілкіну кезінде халықтың және жұмыс істеушілердің мінез-құлқы.
Бақылау сұрақтары: 1.Негізгі түсініктер мен терминдер. 2.Биологиялық қару туралы не түсіндіңіз? 3. Жер сілкіну кезінде ғимараттардың және объектілердің қиратулары. 4. Ядролық қарудың зақымдаушы факторлары.
Қолданылатын әдебиеттер: 1. Гринин А.С. Безопасность жизнедеятельности: уч. пособие / А.С.Гринин, В.Н.Новиков. – М.: ФАИР – ПРЕСС, 2002. – 288 с. 2. Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территории при ЧС: уч. пособие / В.В.Денисов, И.А.Денисова, В.В.Гутенев, О.И.Монтвилла. – М.: МарТ, Ростов н/Д: МарТ, 2003. – 608 с. 3. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность в чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера: уч. пособие / В.А.Акимов, Ю.Л.Воробьев, М.И.Фадеев и др. – изд. 2-е, перераб. – М.: Высшая школа, 2007. – 592 с. 5. Безопасность жизнедеятельности: учебник для вузов / С.В.Белов, А.В.Ильницкая, А.Ф.Козьяков и др.; под
ДӘРІС 12 Стихиялық апаттарда, өрттерде, өндірістік объектілердегі апаттарда және жарылыстарда халықты қорғау. Жоспар: 1. Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ халықтың іс әрекеті. 2. Ланкестік акт кезіндегі халықтың іс әрекеті Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ халықтың іс әрекеті. Жер сілкінуіне дейін: Жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз: қатты жер сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста, үйде, ал балаларыңыз сол кезде мектепте немесе балалар бақшасында болса? Өзіңіз бен отбасы мүшелерінің осындай жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т.б. Сіздің алдын-ала құрған «сценариіңіз» апат болған жағдайда көмекке келеді. Алдын-ала дайын болыңыз: · Рюкзак немесе сөмкеңізді құжаттар; · Үш күнге жететін тамақ пен су; · Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер; · Жылжымалы электр фонары мен сіріңке; · Жылы киім мен аяқ киім.
Алғашқы жер сілкінісі кезінде: · Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бармеңіз; · Газ, су және жарықты сөндіріңіз; · Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз. Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші бес және одан жоғары болса): · Екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз; · Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз; · Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз; · Лифтіні пайдаланбаңыз.
Егер көшеде болсыңыз: · Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз; · Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.
Егер автокөліктің ішінде болсаңыз: · Ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз Есте болсын. Жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын алады: · Ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы; · Сынған терезелердің құлауы; · Үзілген электр желілері; · Пәтердегі ауыр заттардың құлауы; · Өрт; · Үрей кезінде бақылаусыз қалған адамдардың мінез-құлқы. Егер сіз алдын-ала қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, құрбан болу саны аз болары сөзсіз. Жер сілкінісен кейін: · Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіңіз; · Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз; · Радиоқабылдағышты қосыңыз; · Суды, газды, жарықты мүмкіндік болса өшіріңіз; · Ашық отты пайдаланбаңыз; · Өте сақ болыңыз, ғимаратты тез арада босатыңыз, яғни басқа жаққа барыңыз.
Назар аударыңыздар! Радио үнемі қосулы тұрсын! Төтенше жағдайлар қызметінің дабылын тыңдаңыздар!
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 80; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |