КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дәрістің негізгі мазмұны
Бухгалтерлік есептің ақпаратының негізінде пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қаржылық есептілік құрылады. Ол: 1. инвестициялық шешімдер мен несие беру шешімін қабылдау; 2. шаруашылық субъектісінің болашақтағы ақша ағымын бағалау; 3. ресурстарын шаруашылық субъектісіне сеніп тапсырыуымен байланысты оның ресурстары мен міндеттемелерін бағалау; 4. басқару органдарының жұмысын бағалау мақсатында құрылады. Қаржылық есептіолікті пайдаланушыларға қазіргі және тұрақты инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, қызметкерлер мен жұмысшылар, сонымен бірге, өкімет мекемелері, министрліктер, ведомствлар мен қоғамдық ұйымдар және де әр түрлі ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын басқа да қызығушылығы бар пайдаланушылар жатады. Қаржылық есептілікті пайдаланушылардың барлығын ішкі және сыртқы деп екі топқа бөлуге болады. Қаржылық есептілікті пайдаланушылардың әр түрлі топтарының болуы бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйе ретінде екі түрге бөлінуіне себеп болды: 1. Қаржылық есеп 2. Басқару есебі Қаржылық есеп сыртқы және ішкі де пайдаланушыларға ұсынылатын бухгалтерлік есеп беруді құру және пайдаланумен айналысады. Басқару есебі негізінен ішкі пайдаланушыларға арналып құрылады. Оларға бухгалтерлік есеп ақпараты экономикалық операцияларды басқару мен өнім өндіруді бақылау, бюджеттің орындалуы мен пайда алуына мониторинг жүргізу, сонымен біргекомпанияның болашақ жетістігін қамтамасыз ететін шешім қабылдау үшін қажет деп саналады. Қаржылық есептілік компанияның жалпы есептілігінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес құрылады Қаржылық есептіліктің халықаралық №1‑«Қаржылық есептілікті ұсыну» стандартына сәйкес, қаржылық есептіліктің мақсаты компанияның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері, қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпарат ұсыну болып табылады. Қаржылық есептілік тұжырымдамалары мыналардан тұрады: · Қаржылық есептілікті құру мақсаты; · Қаржылық есептіліктіңұйғарымдары (қағидалары); · Қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары; · Қаржылық есептіліктің элементтері; · Қаржылық ақпаратты тану және өлшеу өлшемдері; Оны сызба түрінде көрсетуге болады:
Дата добавления: 2013-12-12; Просмотров: 738; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |