КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Орытынды
Сызба. Қаржылық есептілік тұжырымдамалары. Қаржылық есептілік өзінің концептуалдық негізіне сай құрылуы тиіс. Оның концептуалдық негізін бухгалтерлік есептің жалпы ережелері- стандарттары мен қағидалары құрайды. Қаржылық есептілік субъектінің міндеттемелерін өтеу және инвестициясын қайтаруы үшін болашақта табыс алу және қолма-қол ақша ағымын алу қабылеттілігін болжауға көмек көрсететін ақпаратттан тұруы керек. 3- Тақырып: «Бухгалтерлік баланс» Сабақтың мақсаты: бухгалтерлік баланс туралы түсінік алу, оның құрылымы мен мазмұнын және оған әсер ететін операциялар типтерін анықтай білу. Дәріс сұрақтары: 1. Бухгалтерлік баланс және оның құрылымы. 2. баланста шаруашылық операциялар туғызатын өзгерістер Негізгі түсініктер: баланс, актив, пассив, капитал, міндеттеме, баланс баптары, қысқа мерзімді активтер, ұзақ мерзімді активтер Дәрістің мазмұны: Нарықтық экономика жағдайында бхгалтерлік баланс ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көретін негізігі қаржылық есептіліктердің бірі болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есептілік ақпаратын пайдаланушылар қатары көбейіп келеді. Өйткені, балансты оқи білу тек кәсіби мамандарға ғана емес, сонымен бірге, ұйымдардың басшыларына, акционерлерге, салық органдарының, қаржылық және банктік құрылым қызметкерлерінеде өте қажет. Баланс термині латын тілінен аударғанда – екі рет және lanx – таразы табақшалары, сөзбе – сөз аударғанда екі табақша дегенді білдіреді және тепе-теңдік символы ретінде қолданылады. Кәсіпорын әдетте есеп беріліп отырған айдан кейінгі айдың бірінші күніне шаруашылық құралдары мен оның көздерінің баланстық қортындысын жасайды. Баланс шаруашылық құралдарын өндіріс процесінің құрамы мен функциялық ролі бойынша, ал оның көздерін құралу формасы және мақсаты, міндеті бойнша ақшалай бағамен белгілі мезгілге топтастыру. Баланс деректері бойынша біржақты немесе екіжақты кесте ретінде беріледі және 2 бөлімнен актив пен пассивтен тұрады. Баланстың активінде кәсіпорынның мүлкі көрсетіледі. Балансты активі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі қысқа мерзімді активтер деп аталады және оған келесі активтер кіреді: материалдық заттар, товар, аяқталмаған өндіріс, ақшалай қаржы, дебиторлық қары, қысқы мерзімді қаржылық инструменттер және басқа да активтер. Екінші бөлімі ұзақ мерзімді активтер, мұнда: негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді инвестициялар бейнеленеді. Актив деп кәсіпорын бақылауындағы, сатып алу кезінде өзіндік құны өлшемге келетін экономикалық ресурстарды айтады. (6, 64 бет). Активтердің өзіне тән келесі белгілері бар: - оларға өткен кезең операциясының нәтижесінде алынған экономикалық ресурстар жатады; - олар жеткілікті түрде шынайы бағаланады; - болашақта ұйымға пайда әкелуге қабылетті экономикалық ресурстар. Ұйымның мүліктері құралу көзіне және мақсатына қарай меншікті және сырттан тартылған болып екіге бөлінеді. Баланстың пассиві ұйымның өз меншік иелерінің алдындағы шығарылған капитал түріндегі және басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы сырттан алынған капитал түріндегі міндеттемесі. Ендеше, баланстың пассиві меншікті капитал мен міндеттемелерден тұрады. Міндеттемелер – бұл өткен кезеңдердің оқиғаларынан туындаған, өтелуі компаниядан экономикалық тиімділігі бар ресурстардың шығуына әкеп соқтыратын компанияның ағымдық борышы. (7,64б). Мерзімділігіне қарай міндеттемелер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқы мерзімді міндеттемелер: банк несиелері, жабдықтаушыларға қарыз, бюджет, жинақ зейнетақы қорына және басқа да кредиторлар алдындағы бір жылға дейін алынған борыш. Ұзақ мерзімді міндеттемелер жаңа техниканы енгізгенде, өндірісті ұйымдастыруға және ұлғайтуға және де бір жылдан астам уақытқа басқа да мақсатта несие мен займдар алғанда туындайды. Капитал – бұл компания активтерінен оның барлық міндеттемелерін шегеріп тастағанда қалатын үлесі. Ұйымның меншікті капиталының құрамына шығарылған капитал, резервтік капитал, және бөлінбеген пайда кіреді. Баланстың активі мен пассивінің жекелеген көрсеткіштері баланс баптары деп аталады. Баланс активінің баптары шаруашылық қаржының жекелеген түрлерінің жай-күйін, ал пассив баптары шаруашылық құралдарының көздерінің жай-күйін бейнелейді. Актив мен пассивтің қортынды теңдігі баланстың ерекшелігі болып табылады. Бұл теңдік жалпы шаруашылық құралдарының екі жақты көрсетілуінен туындайды, яғни активтер- шаруашылық құралдарының сомасының өндіріс барысында оның функциялық рөлі бойынша көрсетілуі. Ал пассивте дәл сол құралдар оның құралу көздері бойынша көрсетіледі. Сонымен актив пен пассив әрқашанда тең болады: А = П. Шаруашылық қызымет процесінде көптеген операциялар туындайды. Соның нәтижесінде бір бап бойынша сома көбейеді 2-ші бап бойынша азаяды немесе баланс баптарының екі немесе одан да көбі бір мезгілде көбеюі мен азаюы мүмкін.Осыған байлансты, шаруашылық операциялар әсерінен болатын баланстағы өзгерістердің 4 түрі бар.
Дата добавления: 2013-12-12; Просмотров: 714; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |