КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Балалардың спорт дайындығының ерекшеліктері
Қазіргі кезде балалар спортпен өте жас кезінен шұғылдана бастайды. Сондықтан жаттықтыру үрдісіне, жарыстар өткізуге айрықша көңіл бөлген жөн. Жас спортшылардың жаттықтыруларына төмендегідей талаптар қойылады: 1.Жаттықтыру кезінде спортшының дене қуаты қасиеттері жан-жақты дамытылуы, ағзасының жұмысқа қабілеттілігі жоғарлатуы керек. 2. Психикалық ширығулар және дене қуаты жүктемелері, өсіп келе жатқан бала ағзасының мүмкіндігіне, жасына, жынысына дайындық деңгейіне сай берілуі керек. Жаттықтыру жетісіне 3-6 рет өткізіліп, ол балаларды жалықтырмайтын әр түрлі, әсерлі, көбінесе ойын түрінде болуы қажет. 3. Спортшы ағзасының бастапқы қалпына келу тәртібі, жаттықтырушының, дәрігердің ұсыныстары, ұйқы, тамақтану, дем алу тәртібі қатаң сақталғаны жөн. Жаттықтырулардың бастапқы кезінде толық және қарапайым қалпына келу тынығу аралығы қолданылады. Дене қуаты дайындығының деңгейі көтерілген соң қатаң қалпына келу тынығу аралығы қолданылады. Қалпына келу үрдісін жеңілдету үшін күндік жүктемені бөліп өткізуге болады. Ол кезде бір күндік микроциклдер пайда болады да, кіші және орта жүктемелер қалпына келу үрдістерінің жеңіл өтуіне себебін тигізеді. Жыныстық жетілу кезінде спортшы ағзасының қызметі қатаң бақылауға алынады. Бұл мерзімде жасөспірім ұл мен қыз балаларға берілген өте жоғары жүктелер олардың денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін. Әсіресе қыз балаларға айрықша көңіл бөлген жөн. Олардың жұмыс қабілеттілігінің өзгеруі, тез әсерленгіш көңіл күйлері көбінесе етеккір келу циклдерінің мерзіміне байланысты. Етеккір келер алдында және келген кезде спортшы қыздардың жұмыс қабілеттілгінің тез қалпына келуіне жағдай жасалынады. Ал қыз балалардың ағзасының ерекшеліктері ескерілмей жүргізілген жаттықтыру жұмыстары олардың қабілетін төмендетіп, жаттықтыруға ықыласын азайтады. Жаттықтырушының беделіне, біліміне сенімсіздік туғызады. Өте көп жүктемелер баллардың жыныстық жетілуіне кері әсерін тигізеді. 4. Балаларға «аз уақыт ішінде өте жоғары спорттық көрсеткіштерге жету керек» деген міндет қоюға болмайды. Ондай асығыс дайындықтардың бала ағзасына зияннан басқа пайдасы жоқ. 5. Спорт жаттықтыруларын жоспарлағанда мектептегі оқу үрдісінің тоқсандарын, демалыстарын ескерген жөн. Өте жоғарғы дене қуаты жүктемелерін каникул, демалыс кездеріне орайластыра орындау қажет. 6. Дене қуаты және психикалық ширығуларды азайту үшін жарыстарды жеңіл түрде өткізуге тырысу қажет. Ол жарыстар жүгіру қашықтығын қысқарту,спорт ойындарында, жеке сайыстарда жарыс уақытын азайту түрінде өткізіледі. 7. Спорт жарыстарына жас балаларды қатыстырғанда жас шектеуге қатаң қараған жөн. Мектеп жарыстарына 9-10 жастан, қалалық жарыстарға 11-12 жастан, республикалық жарыстарға 15-16 жастан жоғарғы жастағы балалар қатыстырылады. 8. Оқу орындарындағы сабақтардың қызу кезінде жарысты аз өткізуге тырысу керек. 9. Балалардың жыныс және жас ерекшеліктеріне байланысты жеңіл, арнайы, спорт құрал-жабдықтарын пайдаланған жөн.
Дата добавления: 2013-12-12; Просмотров: 2828; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |