Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Порттарды топтастыру және жоғарғы жылдамдықты магистралды желіні құру

Дәріс. Порттардың өткізу қабілетілігін топтастыру технологиясы

Мазмұны:

- порттардың өткізу қабілеттілігін топтастыру технология жұмысын басқару;

- топтасқан каналдарды реттеу.

 

Мақсаты:

- порттардың өткізу қабілеттілігін топтастыру технология жұмысын басқаруды оқып-үйрену;

- топтасқан каналдарды реттеу және құру.

 

Қазіргі кезде байланыс арналарының жоғарғы сенімділігі мен өнімділігін арттыру үшін бірнеше хаттамалар мен функциялар орындалады. Соның ішінде кеңінен көп тарағаны екі технология негізінде құралған коммутаторлар аралығындағы резервті байланыс:

1. резервтеу режимі, біреуі резервте болады, ал екіншісі жұмыс істеп тұрады. Егер біреуі істен шықса, резервтегі коммутатор оны алмастыра алады.

2. жүктемені бөлу режимі; бұл жағдайда мәліметтер параллельді барлық жалғастыруларда беріледі.

Порттарды топтастыру (Port Trunking) – бұл бірнеше физикалық каналдарды (Link Aggregation) бір логикалық магистралға топтастыру. Жоғарғы жылдамдықты каналда мәліметтерді беру үшін бірнеше порттарды топтастыру қажет.

STP хаттамасына қарағанда (Spanning Tree – протокол покрывающего дерева) физикалық каналдарды топтастыруда барлық артық (избыточные) байланыстар жұмыс жағдайында болады, ал жүктемені бөлу үшін трафик олардың арасына бірдей бөлінеді. Осы логикалық каналдағы бір байланыс желісі істен шықса, онда трафик қалған каналдарға бірдей бөлініп беріледі.

 

 

9.1 Сурет - коммутатор аралығында байланыс каналдарын топтастыру

 

Топтастырылған арналарға қосылған порттар топ мүшесі болып саналады. Топтағы бір порт «байланысшы» ретінде қызмет атқарады. Топтастырылған каналдағы барлық топ мүшелері бірдей режимде жұмыс істеулері қажет. Сондықтан топтағы порттарды реттеу үшін тек «байланысшы» портты ғана реттеу (настроить) қажет.

Егер бір сеанста берілетін пакеттер топтасқан арнаның әртүрлі портында берілсе, онда жоғарғы деңгейдегі OSI хаттамасында қиындықтар пайда болуы мүмкін. Мысалы, бір сеанстағы екі немесе одан да көп кадрлар топтасқан арнаның әртүрлі портында берілсе, онда берілу ұзындықтарының әртүрлі болуынан және олардың буферлерінде бірқалыпсыз кідірістің пайда болу салдарынан соңғы кадр алдыңғы кадрлардан озып кетуі мүмкін. Сондықтан арналарды топтастыруда кадрларды порттарға таратудың динамикалық емес статикалық әдісі қолданылады, яғни екі түйін арасындағы топтастырылған арнаға нақты бір сеанстың кадр ағындары ғана беріледі. Бұл жағдайда барлық кадрлар бір және сол тізбектілікпен беріледі. Әдетте, статикалық таратылуда нақты бір сеанс үшін портты таңдау түскен пакеттің белгісі бойынша орындалады (портты топтастыру алгоритмін таңдау негізінде). Бұл шығу көзінің МАС-адресі немесе оның қызметі.

Байланыс жолын топтастыру топтасқан арнаның бір портында нүкте-нүкте режимін қолдайтын кез-келген коммутаторда ұйымдастыруға болады.

Арналарды топтастыруды «коммутатор-коммутатор» немесе «коммутатор- файл-сервер» жалғастыруындағы жоғарғы жылдамдықты талап ететін желі нұсқасы ретінде қарастыруға болады.

Сонымен қатар бұл функцияны желінің сенімділігін жоғарылату үшін де қолдануға болады. Байланыс желісінде ақау пайда болса, онда топтастырылған канал тез арада (1 секунд ішінде) басқа желіге ауысуы мүмкін.

 

9.2 Сурет - Топтастырылған канал бойынша мәліметтер ағынын тарату

 

D-Link DES-3226S, DES-3326S, DES-3250TG, DGS-3324SR коммутаторларының бағдарламамен қамтамасыз етілуі топтастырылған канал байланысының екі түрін қолданады: статикалық және динамикалық. Статикалық ПО-да коммутатордағы барлық реттелулер (настройка) қолмен орындалады, ал динамикалық ПО-да IEEE 802.3ad стандартына сәйкес орындалады, яғни (Link Aggregation Control Protocol) хаттамасын қолданады. Ол канал конфигурациясын тексереді, пакеттерді әрбір физикалық желіге береді. Сонымен қатар бұл хаттаманың байланыс желісіндегі каналдарды алып тастауға немесе қосуға мүмкіндігі бар.

Бұл үшін топтастырылған байланыс каналын реттеуде бір коммутатордың портын «активті», ал екінші бір коммутатордың портын «пассивті» ету керек. Бұл жағдайда LACP хаттамасын қолдайтын «активті» порт басқару кадрындағы мәліметтерді өңдей алады. Бұл порт топтарын динамикалық өзгерте алады, яғни порттарды қосып, немесе алып тастай алады. Ал «пассивті» порт басқару кадрын өңдей алмайды.

IEEE 802.3ad стандарты Ethernet-каналының барлық түрінде қолданыла береді. Оның көмегімен бірнеше Gigabit Ethernet каналдардан тұратын көптеген Гигабитті байланыс желісін ұйымдастыруға болады.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
STP жұмысы | Желідегі қатынастың шектелуі
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 636; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.