КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Тақырыбы: Әлеуметтанудың даму тарихының негізгі бағыттары
Дәріс Әлеуметтану ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасқан біршама жас ғалым. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуына қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде ғана қажеттілік туды. Алайда, әлеуметтанудың кеш пайда болуына қарап, оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мысалы, философиялық, экономикалық, саяси, тарихи шығармаларда жалпы қоғам, оның элементтері және даму заңдылықтары туралы пікірлер пайда бола бастады. Осы орайда Ертедегі (Ежелгі) Шығыс өркениетіндегі – Көне Египет, Вавилон, Үнді, Қытайдағы қоғам туралы көзқарастарды айтуға болады. Мысалы, конфуцийшылар – қоғамтанушылар болып есептеледі. Ежелгі Үндістанда әлеуметтік ойлар буддизм мен джайнизм мектептерінің әлеуметтанулық мифтерінде қарастырылды. Мұнда «тірі жанға зиян келтірмеу» принциптерін ұстанды.Алайда Ежелгі Шығыстағы әлеуметтанулық ой-пікірлер прагматистік сипатта болды, яғни әлеуметтік шындық тек тәжірибемен ғана байланыстырылды.Әлеуметтік теорияның бірқатар айқын элементтері Ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Мәселен, әлеуметтік пікірдің кейбір элементтерін Гомер мен Гесиодтың шығармаларынан кездестіруге болады. Дегенмен Ежелгі грек философтарының ішінде қоғамға және қоғамдық институттарға ерекше көңіл бөлген софистер де болды. Сонымен бұдан кейінгі дәуірлерде де: орта ғасырда, қайта өрлеу дәуірінде, жаңа дәуірде адамдардың қоғамдық өмірі жайында әр түрлі пікірлер болды. Бірақ, бұларды әлі әлеуметтанулық ілім деп есептеуге болмайтын еді. Өйткені бұлар тек әлеуметтанулық ойлар философиясы немесе алғашқы әлеуметтанулық болжамдар деп аталады.
Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 1326; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |