КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
О.Конттың позитивизмі
Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы Батыста француз ғалымы Огюст Конттың (1798-1857) есімімен тығыз байланысты. Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. 1830 жылы оның «Позитивті философияның курсы» деп аталатын алты томдық еңбегі жарық көрді. Міне, осы еңбегінде оның әлеуметтік ойлары баяндалады. Осы еңбегінің 3-томында алғаш рет Конт «әлеуметтану» («социология») деген терминді енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеуді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Огюст Конт әлеуметтанудың қажетілігін қалай негіздеді? Бұл мәселені Конт философия саласындағы өзінің адам ақылының дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық, метафизикалық, позитивтік. Бұларды адамның ой-өрісінің (интеллект) дамуының үш тарихи қалпы деп те атауға болады.Демек, адам ойлаудың алғашқы теологиялық сатысында өзін қоршаған ортаны діни нанымдарға сүйене отырып түсіндірген. Ал, екінші метафизикалық сатысында діни негіздерден бас тартады да айналадағы құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты байланыстарды анықтауға көшеді. Конттың пікірінше, алдыңғы сатылар соңғысына негіз болып отырады. Сӛйтіп позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылды деп көрсетті. Содан кейін ойлаудың ондай қорытындысы ретінде биология пайда болды деп көрсетті. Ал, әлеуметтануды позитивтік білімнің шыңы деп есептейді. Конттың ғылымды жіктеу тәсілі бойынша, әлеуметтану биологиядан кейін пайда болған. Егер, биология қозғала алатын барлық тірі жануарлар дүниесін зерттейтін болса, әлеуметтанудың одан айырмашылығы - ол әлеуметтік құбылыс ретіндегі адамның әрекеттерін қарастырады деп көрсетті. Яғни, әлеуметтану адамды өзі сияқты адамадардың ортасындағы қарым-қатынасы тұрғысынан түсіндіреді. Екіншіден, әлеуметтану өзінің зерттеулерінде позитивтік (ғылыми) тәсілдерге негізделеді. «Позитивюс» - латын сөзі, дұрыс, жағымды дегенді білдіреді.Огюст Конттың әлеуметтанулық концепциясында басты екі идея жатыр: 1. қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану; 2. әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзінде ғылымды қолдану идеясы. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне Конт кәміл сенді. Г.Спенсердің органицизмі және Э.Дюркгеймнің әлеуметтануының
Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 5611; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |