КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Леуметтік процесс ұғымы. Әлеуметтік процестің түрлері
Леуметтік институттардың түрлері және атқаратын қызметтері Тақырыбы: Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер. Қоғамдық өмірді реттеудің негізгі элементі әлеуметтік институттар болып табылады. «Институт» деген ұғым әлеуметтануға юриспруденциядан енген. Бұл ұғым әлеуметтануда әлеуметтік байланыстар мен субъектілердің мінез-құлқын әлеуметтік реттеудің әр түрлі ұйымдасқан формаларын тұрақты түрде тәртіптендірудің ерекше типін білдіру тұрғысында одан да кеңірек түсіндіріледі. Institutum сөзі латын тілінен аударғанда – белгілеу, орнату, мекеме дегенді білдіреді. Әлеуметтану ғылымында «әлеуметтік институт» деген ұғымды алғаш қолданған Г.Спенсер болды. Әлеуметтік институттардың дамуын айқындаушы фактор деп ол тіршілік үшін көршілес қауымдастықтармен және қоршаған табиғи ортамен күресуді есептеді. Спенсердің пікірі бойынша, кез келген әлеуметтік институт белгілі бір функцияларды орындайтын әлеуметтік әрекеттердің тұрақты құрылымы ретінде қалыптасады. Ал, Э.Дюркгейм әлеуметтік институттарды адамның өзін-өзі жүзеге асыруының маңызды құралы ретінде қарастырды. Ол еңбек бөлінісі жағдайында ынтымақтастықты қолдайтын ерекше институттар құру керектігі жөнінде айтты. Әлеуметтік институттарды зерттеуге елеулі үлес қосқан тағы бір ғалым К.Маркс болды. Ол еңбек бөлінісі, туыстық құрылым институттарын, жеке меншік институттарын қарастырды. Институционализм бағытының (саяси экономияда) негізін салушы американ экономисі, әлеуметтанушысы, публицист, футуролог, философия ғылымдарының докторы (АҚШ-тағы Корнель, Чикаго, Стэнфорд, Миссури университеттерінде әр жылдарда сабақ берген, Нъю-Йорктегі әлеуметтік зерттеулердің Жаңа мектебінің негізін салушылардың бірі болған) Торстейн Бунде Веблен (1857-1929) болды. Ол өзінің «Парықсыз тап теориясы»(«Теория праздного класса») атты еңбегінде алғаш рет әлеуметтік институт ұғымына жан-жақты анықтама берді. Сонымен, әлеуметтік институттар дегеніміз – бұл қоғамдық мәнді функцияларды орындайтын, адамдардың бірлескен қызметі мен қатынастарын ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары болып табылады. Сонымен бірге, әлеуметтік институттар белгілі бір ұйымдасқан құрылыммен байланысты нормалардың, жарлықтар мен талаптардың жиынтығы, ол арқылы қоғам қоғамдық өмірдің маңызды салаларында адамдардың қызметін бақылайды және реттейді. Әлеуметтік институттар болып табылатындар мыналар: меншік, мемлекет, саяси партиялар, отбасы, мешіт, шіркеу, еңбек ұйымдары, білім мен тәрбие беру мекемелері, ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары, әскер және т.б.Әлеуметтік институттар өздерінің міндеттерін қоғамдық қызметті, байланыстар мен қатынастарды тәртіпке салу, стандарттау мен формальдандыру есебінен орындайды. Бұл тәртіп орнату, стандарттау мен формальдандыру процесі институттандыру (институционализация) деп аталады. Инститтандыру дегеніміз, басқаша айтқанда әлеуметтік институттың қалыптасу процесі. Әлеуметтік институттар бір-бірінен өздерінің функционалдық сапаларымен ерекшеленеді: 1.Экономикалық-әлеуметтік институттар – меншік, айырбас, банктер, әр түрлі типтегі шаруашылық бірлестіктері – олар экономикалық өмірді әлеуметтік өмірдің басқа салаларымен ұштастыра отырып, қоғамдық байлықты өндіру мен бөлудің барлық жиынтығын қамтамасыз етеді. 2. Саяси институттар – мемлекет, партиялар, кәсіподақтар және саяси мақсаттарды көздейтін және саяси биліктің белгілі бір формасын орнатуға және қолдауға бағытталған басқа да қоғамдық ұйымдар. Олардың жиынтығы сол қоғамның саяси жүйесін құрайды. 3. Әлеуметтік-мәдени және тәрбие институттары мәдени және әлеуметтік құндылықтарды меңгеру мен өндіруді, индивидтердің белгілі бір субмәдениетке тартылуын, сондай-ақ мінез-құлықтың тұрақты әлеуметтікжәне сол құндылықтар мен нормалардың қорғалуын өздерінің алдына мақсат етіп қояды. 4. Нормативті-бағыттаушы институттар – индивидтердің мінез-құлқын реттеудің моральдық-этикалық бағыт-бағдарының механизмдері. Олардың мақсаты – мінез-құлыққа үлгі-өнегелік және этикалық негіздерді енгізу. 5. Нормативті-санкциялаушы институттар юридикалық және әкімшілік актілерде бекітілген нормалар, ережелер мен жарлықтардың негізінде мінез-құлықты қоғамдық-әлеуметтік реттеуді мақсат етеді. Нормалардың міндеттілігі мәжбүрлеу санкциясымен қамтамасыз етіледі. 6. Салтанатты-символикалық және ситуациялық-конвенционалдық институттар. Бұл институттар конвенционалдық (келісім бойынша) нормалардың қабылдауға, оларды ресми және ресми емес бекітуге негізделген. Бұл нормалар күнделікті келісім-шарттарды, топтық және топаралық мінез-құлықтың әр түрлі актілерін реттейді. Әлеуметтік институттардың негізгі бес қызметін бөліп көрсеткен жөн. Олар: 1.Байланыстар мен қатынастарды айқындау, нығайту (бекіту) және ұдайы өндіру қызметі. Әрбір институт өзінің мүшелерінің мінез-құлқын бекітетін, стандарттайтын мінез-құлықтың нормалары мен үлгілерінің, құндылықтардың жүйесін жасайды. Сол институттың шеңберінде белгілі бір әлеуметтік бақылау жасалынады, ол сол институттың әрбір мүшесініңқызметі, байланыстары мен қатынастары орын алатын шеңберлер мен тәртіпті қамтамасыз етеді. 2. Келесі қызметі – реттеушілік қызмет. Бұл жоғарыда аталған қызметімен тығыз байланысты. Бұл қызметі арқылы әлеуметтік институт құндылықтарды, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін жасау жолымен-мәдени стандарттарын меңгерту арқылы индивидтердің әлеуметтендірілуін қоғамның мүшелерінің арасындағы өзара қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді. Бұл функция қоғамның барлық мүшелерін қамтиды. 3. Біріктірушілік қызметі институционалдық нормалардың, ережелердің, санкциялар мен рольдер жүйесінің ықпалымен болып жатқан әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың топтасу, өзара тәуелділік және өзара жауапкершілік процестерін қамтиды. 4. Коммуникативтік қызмет жеке өзара әрекет пен ақпарат алмасудың негізінде іске асырылады. Институт мүшелерінің коммуникативтік байланыстарының өзіндік ерекшелігі бар. Бұл институттандырылған рольдер жүйесі арқылы іске асырылатын формальданған байланыстар. 5. Тасымалдаушы (трансляциялау) қызметі әлеуметтік тәжірибенің тәртібінде көрініс береді. Әрбір институт құндылықтарды, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін меңгеру негізінде индивидтің әлеуметтенуіне мүмкіндік беретін белгілі бір механизмдерге иелік етеді. Міне, осы жоғарыда атап көрсетілген әлеуметтік институттардың айқын қызметтерімен қатар жасырын, латентті қызметтері де бар. Бұлар әлеуметтік институттардың қызмет етуінің қосымша, жанама нәтижелері. Мәселен, әлеуметтік институттар туралы ілімнің негізін салушылардың бірі Торстейн Веблен экономикалық институттың қызметі – азық түлікпен, баспанамен және т.б.-мен қамтамасыз етілудегі өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тұтынатын заттарды өндіру екендігін крөсетіп берді. Бірақ, аталмыш институттың қызмет етуінің нәтижесінде өндірілген материалдық игіліктер атақ-абыройға деген қажеттілікті де қанағаттандыра алады. Әлеуметтік процесс – бұл адамдардың мінез-құлқының өзара байланысқан әрекеті, соның нәтижесінде өзгерістер іске асырылады. Көптеген басқа әлеуметтік әрекеттерден бөліп көрсетуге болатын бір бағыттағы және қайталанбалы әлеуметтік әрекеттердің жиынтығы әлеуметтік процесс деп аталады. Қоғамда әр түрлі өлшемдері бар көптеген әлеуметтік процестер орын алып жатады. Көбіне оларды төрт түрге бөледі: мақсатты, стихиялы, материалдық, рухани. Қандай әлеуметтік процесс болатындығына қарамастан, олардан туындайтын өзгерістерді үлкен үш топқа бөлуге болады: табиғаттағы өзгеріс, адамның өзі жасайтын өзгеріс, қоғамдағы өзгеріс. Алуан түрлі әлеуметтік процестердің ішінен ортақ беліглері бар процестерді Р. Парк пен Э. Берджес топтастырып берді. Соған сәйкес мынандай әлеуметтік процестің мынандай типтерін бөліп көрсетуге болады: кооперациялар, бәсекелестік, бейімделу, шиеленіс, ассимиляция
Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 6969; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |