Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тақырыбы: Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация

Дәріс.

Әлеуметтік құрылым туралы әлеуметтануда көптеген концепциялар бар. Оларды топтастыра келе негізгі екі бағытты ажыратуға болады. Әлеуметтанушылырдың бір тобы әлеуметтік құрылымды, оның элементтерін, яғни оның құрастырушы заттарын, процестерін нақты өмірде объективті түрде бар деп түсіндірсе, ал, екінші бір бағыттағы әлеуметтанушылар таптарды, әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтікқұрылымды тек қана сананың, адам ойының нәтижесі деп түсіндіреді. Бірінші бағыттағы әлеуметтанушылар құрылымдық функционализм деп аталатын топқа, ал екінші бағыттағылар символдық интеракционизм деп аталатын топқа жатады. Біз осылардың ішінде бірінші концепцияны, яғни құрылымдық функционализмді қолдаймыз, осы теориялық бағытты басшылыққа аламыз.Қоғамдық қатынастар тепе-теңдік қатынас және теңсіздік қатынас (адамдардың қоғамдық жағдайының тепе-теңдігі немесе тең еместігі) болып болып бөлінеді.Әлеуметтік құрылым қоғамдық қатынастардың осы екінші түріне жатады. Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі бір-біріне өзара дәнекер болатын әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан құралады. Сонымен бірге олар тек осы байланыстар мен қатынастар шеңберінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтері мыналар:

1. қоғамдық еңбек бөлінісі мен өндіріс құрал-жабдықтарына деген

меншік қатынасына байланысты пайда болатын таптар;

2. қала мен ауыл адамдары;

3. ой және дене еңбегінің өкілдері;

4. әлеуметтік-демографиялық топтар (жастар, әйелдер, еркектер т.б.)

5. ұлттық қауымдастықтар (ұлттар мен ұлыстар, этникалық топтар).

Әлеуметтік құрылымда адамның алатын орнын теңсіздік те анықтайды. Айырбас теориясының тұжырымдамасы бойыншаӘлеуметтік құрылымда адамның алатын орнын теңсіздік те анықтайды. Айырбас теориясының тұжырымдамасы бойынша адамның атқарған қызметінің нәтижесін әділ бөлмеу процесінен барып теңсіздік пайда болады. Сонымен, қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға т.б жіктелуі әлеуметтануда әлеуметтік стратификация деген терминмен сипатталады (география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын атайды). Әлеуметтік стратификация – бұл адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік: бұл теңсіздік олардың арасындағы жоғарыдан төмен қарай болатын (иерархиялық сипаттағы) теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше сипаттағы саяси мекемелер берік сақтап реттеп отырады.

Стратификацияның тарихи типтері – құлдық дәуірі, касталар, сословиялар – бұлар жабық қоғамды сипаттайды. Ал, таптар болса – бұлар ашық қоғамды айқындайды. Жабық қоғамда төменгі сатыдан жоғары сатыға әлеуметтік тұрғыда көтерілуге тыйым салынған. Ашық қоғамда бір сатыдан екіншісіне өтуге ресми түрде ешқандай да шек қойылмайды.Стратификация теориясының құрамдас бөлігі - әлеуметтік мобильдік теориясы. Әлеуметтік мобильдік. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының мәселелеріӘлеуметтік мобильдік әлеуметтанулық категория ретінде индивидтің әлеуметтік құрылымдағы өзгерісін бейнелейді. Әлеуметтік мобильдік дегеніміз – адамның немесе әлеуметтік топтың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы әлеуметтік жағдайының өзгеруіне байланысты жүзеге асатын әлеуметтік процесс. Әлеуметтік мобильдік категориясын 1927 жылы әлеуметтануға орыс-американ ғалымы П.Сорокин енгізді. Әлеуметтік мобильдік түсінігін талдаудың методологиялық теориясы және әлеуметтанудағы әлеуметтік-құрылымдық бағыт болып есептеледі. П. Сорокин әлеуметтануда алғаш рет әлеуметтік мобильдік түсінігінің анықтамасын жасап, оны зерттеу принциптерін негіздеді. Осы проблемаға байланысты ол «Әлеуметтік мобильдік» деп аталатын еңбек жазды. Ол әлеуметтік мобильдікті горизонтальды және вертикальды деп екіге бөлді.Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуында негізгі екі тенденция байқалады. Оның біріншісіне қоғамның белсенді түрді әлеуметтік тұрғыда жіктелу процесі, халықтың жаңа әлеуметтік топтары мен қабаттарының пайда болуы жатады. Екінші тенденция – бұл бүкіл дүниежүзінде жүріп жатқан экономикадағы интеграция процесі, ол қоғамның әлеуметтік құрылымына сөзсіз әсер етеді. Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік құрылымы пирамида түріндегі геометриялық фигураға ұқсас. Келешек даму барысында осы сипаттағы әлеуметтік құрылым дамыған елдердегі тәрізді ромба түріндегі геометриялық фигураға ұқсауы тиіс.Келешек қоғам орта таптың қоғамы болуы тиіс.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Леуметтік процесс ұғымы. Әлеуметтік процестің түрлері | Тақырыбы: Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 4371; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.