КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Тақырыбы: Білім беру әлеуметтануы.
Дәріс. Қазіргі өркениетте білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияның, экономиканың, саяси прогресстің қарқыны, мәдениеттің жағдайы,адамның аман-есендігі білімнің сапасына шешуші тұрғыда тәуелді болып келеді. Білім әлеуметтануы – келеңсіз тенденцияларды жоюға көмек көрсететін және қазіргі адамның мәдениетіне ықпал ететін жаңа күштерді іздестіретін ғылымдардың бірі. Білім әлеуметтануы нені зерттейді? Оны қызықтыратын саланы қысқаша түйіндеп айтар болсақ, онда оның білімді әлеуметтік-мәдени институт ретінде, оның генезисін, өмір сүруін, құрылымын, ұйымдастыру тәсілдерін, білім беру саласының әлеуметтік құрылымы динамикасын, осы саланың басқа қоғамдық институттармен және адам өмірінің өзге де салаларымен өзара әрекеттерін зерттейді. Білім әлеуметтануының обьектісі қызметін білім жүйесі және ол туралы ақпарат атқарады. Ал осы саланың пәні жөніндегі анықтама белгілі бір пікір тартыстарын туғызады.Оқу адам өмірінің үлкен кезеңін қамтиды, оның жемісті шығармашылық жылдарын алып қояды. Орта деңгейлі кәсіби мамандыққа талпынған жас адам он үш жыл оқуы тиіс, ал жоғары білікті мамандық алу үшін оның оқуының мерзімі жиырма жылға жетеді. Оқу - адамның білім саласындағы негізгі әректінің түрі. Оқушының бүгінгісімен ертеңі, білім саласындағы әрекеттердің барлық факторлары, түптеп келгенде, оқу қызметінің мазмұны мен анықталады. Әдебиеттерді оқу процесін белгілеу үшін мынандай терминдер қолданылады: оқу, білім беру, ғылым, білім және т.б. Бәріне ортақ ұғым ретінде «оқу»түсінігі алынған. Оқу термині басқа да мазмұнда да айтылып, тек білімді меңгеруді білдіріп қана қоймай, белгілі бір білім жүйесін(ғылыми, теория, тұжырымдама) игеруді білдіреді. Ресей ғылымында оқуды «білімді меңгеру ретіндегі» түсінудің теориялық негізін көрнекті психолог С.Л.Рубинштейн қалыптастырған еді. Ол оқу мен ғылыми танымды әртүрлі деп есептеді.Оқу, түптеп келгенде, ерекше жағдайда оқушыларға білім беру мен олардың танымын басқарудағы танымның түрлерінің бірі. Соған сәйкес оқудың негізгі компоненттеріне: талдау, синтез,абстракциялау, «бүкіл таным үрдісінің жалпы бөлгіш» ретіндегі қорытындылау қызметін атқарады. Әлеуметтік өмірде оқу 1) адамның мадениетті меңгеруіне, қоғамдық практикаға, еңбек қызметіне кіруіне қажетті дайындық кезеңі; 2) оқудың фунциялары субьектіде қызметтің мәдени механизмдерін жасауға, яғни қайсыбір социумның мәдени жетістіктеріне негізделген қызмет болып табылады; 3) оқу тәжірибені меңгеруді ұйымдастырады;Орта оқу орнының қалыптасуы мен білім жүйесінің құрылымы.Мектеп - қазіргі білімнің негізгі, базалық институты. Оның өзіне тән функциясы – оқыту. Мектепті ұйымдастыру оқытушылар мен оқушылардың арасында белгілі бір өзара қарым-қатынасты бекіткен және солардан туындайтын басқа адамдармен өзара қарым-қатынастарды бекіткен. Әрбір мектепте оқытудың стандарты бар, оның міндеті оқушыларға белгілі бір деңгейде нақты міндеттерді атқаруға дайындау. Оқытудың басқа формаларынан мектепті әмбебаптық, көп тәртіптілік дайындық ерекшелейді.Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдағы білім берудің институттық өмір сүруін қамтамасыз етеді. Бұл жүйенің құрылымы білімнің әлеуметтік зерттеу обьектісі ретінде қарастыруға толық мүмкіндік береді.Білім беруде келесі функциональді жүйешелерді бөліп көрсетуге болады:- әр деңгейдегі басқару және үйлестіру; - қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесі; - қызметтің ғылыми негіздерін жасауға, соның ішінде білім негіздерін дайындауға жауапты жүйе; - мамандар дайындау және олардың біліиін көтеру жүйесі; - оқу-тәрбие қызметінің жүйесі; - әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету,рекреация жүйесі; - әлеуметтік-мәдени даму жүйесі; -білім жүйесін дамытуға қатысатын қоғамдық бірлестіктер.Білім мекемелері білім жүйесіндегі салыстырмалы түрдегі өз алдына жеке құрылымды көрсетеді. Алайда олар өз кезегінде бірнеше негіздер бойынша құрылымданады: - білім беру деңгейі бойынша; - стандарттаудың және біліми табыстарды құжаттандырудың сипаты бойынша; -меншіктік формасы мен мекемелердің жататын ведомствалары бойынша; -мекемелердің азаматтық ұйымдастырылуы сипаты бойынша; -білімдік дайындықтағы жетекші пәндердің бағыты бойынша; - білім беру үрдісін ұйымдастыру формасы бойынша; - білім дамуының типі бойынша; -«нормальды» және балама; Білім берудің негізгі функциональдық салаларына жататындар: - өз бетінше білімін көтеру және білім беру; - көпшілікке, топқа және жеке адамға арналған білім беру; - интеллектуалдық, гуманитарлық, политехникалық, жаратылыстану ғылымдары, физикалық; - іргелі-ғылыми және қолданбалы білім.Білім беру жүйесінде индивидтердің және топтардың жіктелуіне сол қоғамда орныққан кешенді әлеуметтік өзгерістер себепші болды. Мұндай жіктелудің негізделуін щетелдік әлеуметтанушылар көбінесе жекелеген топтардан: орта мектепті бітірумілерден, студенттерден, мұғалімдерден іздестіруде. Шындығында жіктелу аса күрделі сипатта жүреді және оның негізделуі сол қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік теңсіздік жүйесімен ғана емес, сонымен қатар білім жүйесінің өзіндік құрылымының ерекшеліктерімен де байланысты болады.
Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 2410; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |