Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тақырыбы: Отбасы әлеуметтануы

Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып саналады.Сонымен қатар, отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Ал, неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып табылады.Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісу, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік-табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмір қажеттілігі.Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, олардың қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады. Әлеуметтану отбасына талдау жасағанда, ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп, некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп, әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен даму заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы – отбасы әлеуметтануы қалыптасты.Әлеуметтік тұрғыдан алғанда отбасы белгілі бір локалдануы, құрылымыжәне атқаратын әлеуметтік қызметтерінің ерекшеліктері арқылысипатталады. Отбасының локалдануы – бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп қоймай, туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін мойындайды. Сондықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасы мүшелерінің өзара экономикалық көмек көрсетуі үнемі ұшырасып тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда отбасын қоғамның экономикалық ұясы ретінде қарастыруға болады.Отбасының құрылымы – бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып табылады. Өйткені, отбасының құрылымы, тәртібі, өмір салты, дәстүрі, өзге отбасылармен және қоғаммен өзара қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты.Отбасылар да басқа әлеуметтік институттар тәрізді қоғамда белгілі бір функцияларды атқарады. Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Отбасының функциясы дегеніміз – белгілі бір әлеуметтік салдары бар оның қызметі. Отбасының қызметі қоғамдық-тарихи жағдайларға, оның мүшелерінің жігерлілігі мен еңбекке ынталылығына да байланысты. Өзге әлеуметтік институттардың міндеттерінен мұны жеке-дара бөліп көрсету үшін отбасының қызметтері ерекшелікті және ерекшеліксіз қызметтер деп ажыратылады.Отбасының ерекшелікті қызметтеріне мыналар жатады:халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;балаларды асырап сақтау (экзистенциалды);балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру).Бұл қызметтер қоғамның әр дәуірде өзгеріске түсуіне қарамастан отбасының ертеден келе жатқан міндеттері болып саналады.Отбасының ерекшеліксіз қызметтеріне жеке меншіктің жинақталып қорлануы мен оған ие болу жөніндегі статус, өндіріс пен тұтыну, отбасы мүшелерінің денсаулығы мен амандығына қамқорлық жасау (микроахуал) сияқтылар жатады. Бұл қызметтердің бәрі отбасы мен қоғам арасындағы байланыстың тарихи сипатын көрсетеді, яғни бұның барысында отбасындағы нәрестенің дүниеге келуі, оның тәрбиесі мен күтімі қалай жүретіндігі де назардан тыс қалмайды.Ажырасулар, некеге адамдардың кеш отыруы да (35-40 жаста) бала туу санының азаюына әкеліп соғуда. Елдің әр түрлі аймақтарында, халықтың әрқилы топтары арасында дүниеге нәресте әкелу көрсеткіштері әр түрлі. Қазақстандағы 90-жылдарда орын алған экономикалық дағдарыс украин, орыс, неміс, кәріс диаспораларының да бала санын көбейтуіне кері әсер етті. Бұларда адамның ұдайы өсу қарқыны байқалмайды. Қазақ халқының да жағдайы соларға жақын. Жұмыссыздық, балаларға арналған тауарлар бағасының артуы, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақының мӛлшерінің төмен болуы және т.б. себептер ата-аналардың қоғам алдындағы ерлі-зайыптылық парыздарын орындау арқылы өмірге нәресте әкелу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыруларына кедергі келтіріп отыр.Әлеуметтанушылардың пікірі бойынша отбасы тәрбиесінің қалыптасқан бірнеше стереотиптері бар. Олар: бала центризмі, бала профессионализмі,бала прагматизмі.Бұлардың біріншісінде балаларға деген жалған махаббат бәрін кешірімпаздыққа сайдырып, соған итермелейді. Мұндай отбасында балалар ерке, шолжың болып өседі, ата-анасының ескетулері мен тиым салуларын және өзіне жүктелген міндеттерді орындамайды. Ал, бала профессионализміне келетін болсақ, онда ата-аналар балаларының тәрбиесін бала-бақшалар мен мектептердегі кәсіби-тәрбиешілердің, педагогтардың иығына артып, өздері тәрбие беруден тыс қалады. Прагматистік тәрбие баланы тәжірибелілікке үйретуге, істі тез шешу қабілетін арттыруға, материалдық пайда табушылыққа бағытталған, іскерлікке тәрбиелеуге бағытталған. Тәрбиенің бұл бағыты әсіресе нарықтық экономикаға көшу кезінде кең түрде етек алды. Әлеуметтануда ажырасудың себептерін үш топқа бөліп қарастыруға болады:1. тұрмыстық ахуал, яғни баспана жағдайы, ерлі-зайыптылардың бірінің үй шаруашылығын жүргізуге икемінің болмауы немесе оған деген ықыласының болмауы, материалдық жағынан қамтамасыз етілмеуі т.с.с. жатады.2. махаббат сезімінің жойылуы, отбасындағы өрескелдік, өмірге деген көзқарастың әр түрлі болуы, ерлі-зайыптылардың бірінің ауруға шалдығуы, қызғаншақтық, күмәншылдық сияқтылар жатады.3. ерлі-зайыптылардың теріс жолға түсуі, көзге шөп салу, жаңа сезімнің пайда болып, оның жаңа отбасын құруға итермелеуі, бұған ата-аналарының және басқа да адамдардың араласуы жатады.

Отбасының және некенің типтері. Отбасының құрылымдық типтері –ерлі-зайыптылық, тұрмыстата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан құбылыс. Сондықтан отбасы құрылымын оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастар, рольдерді бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Отбасының құрылымдық типінің ең кең тараған түрі – нуклеарлық немесе ерлі-зайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі-зайыптылар мен олардың балалары құрайды. Яғни, мұндай отбасында екі ұрпақтың өкілдері өмір сүреді. Отбасының мұндай түрінің қалыптасуына қазіргі кездегі жүріп жатқан урбанизация процестері себепші болып отыр. Отбасының тағы бір түрі – туыстық тұрғыдан жақын жанұялар. Мұнда ерлі-зайыптылар өз балаларымен, ата-аналарымен және бауырларымен бірге тұрады. Отбасындағы билікті бөлу, лидерлікке байланысты отбасының екі типі сақталған. Оның біріншісі – авторитарлық немесе дәстүрлі отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақтың өкілдері тұрады. Билік жасы үлкен ер адамның қолында болады. Отбасындағы билікке байланысты жанұяның екінші түрі – эгалитарлынемесе демократиялық отбасы. Бұл отбасына мынадай белгілер тән:үй шаруасына қатысты міндеттердің әділ бөлінуі;ерлі-зайыптылардың тұрмыстық мәселелерді шешуде бірігіп шешім қабылдауы;демалыстарын бірге өткізіп, бала тәрбиесіне бірдей қатысуы.Ерлі-зайыптылардың немесе олардың ата-аналарының, туыстарының алатын орнына қарай отбасылар гемогенді және гетерогенді болып бөлінеді. Гемогенді отбасында ерлі-зайыптылар бірдей әлеуметтік жіктен шыққандар болса, гетерогенді отбасында олар әр түрлі әлеуметтік топтардан, таптардан, касталардан тарайды.Сондай-ақ отбасын әлеуметтік және демографиялық белгілеріне қарап гомогамдық отбасы және гетерогамдық отбасы деп бөлу әдісі де қолданылады. Гомогамдық отбасы мүшелерінің ұлты, жас мөлшері, білімі біртектес болса, ал, гетерогамдық отбасында бұл көрсеткіштер әр түрлі келеді.Отбасы тұрған мекен-жайына қарай патрилокалды және матрилокалдыболып жіктеледі. Патрилокалды отбасында жас жұбайлар күйеуінің әкесінің үйінде тұрады, матрилокалды отбасында келіншек пен күйеу жігіт әйелдің ата-анасының үйінде тұрады.Эванклюлелокалдық отбасы ерлі-зайыптылардың ағасының немесе әпкесінің жанұясымен бірге тұруымен сипатталады. Сол сияқты, егер жас жұбайлар ата-аналарынан мүлдем бөлек тұрса, оны неолокалды отбасы дейді. Әр қоғамдағы некенің түрлері де әр түрлі болады. Алайда кез келген қоғамда адамдар бас қосып, шаңырақ көтерердің алдындабірін-бірі сынап байқайды және некеге отыруға дайындалады, өзінің шешімінің дұрыстығына көз жеткізеді. Өйткені некеге отырған адамдар енді бірлесіп шаруашылық жүргізуге және балаларды тәрбиелеуге ден қоя бастайды, соған бел буады.Сондай-ақ, некенің түрлері де әр алуан болып келеді. Соның ішінде моногамия және полигамия деп аталатын некенің түрлерін атап көрсетуге болады. Моногамияда бір ер адам бір ғана әйелмен некеде тұрады. Бұл түр ерлі-зайыптылықтың ең өркениетті түрі болып табылады. Алайда, қоғамның дамуы барысында некенің полигамиялық түрі де орын алды. Полигамия –бұл жұбайлардың, бірінің яғни бір әйелдің бірнеше ер адаммен немесе бір ер адамның бірнеше әйелмен некеде болуы. Теориялық жағынан алғанда полигамияның үш түрі болады. Оның біріншісі – топтық неке деп аталады (Маркиз аралдарында). Мұнда бірнеше еркек пен бірнеше әйел бір мезгілде некелік қатынаста болады. Келесі түрі –полиандрия бұл полигамиялық некенің өте сирек кездесетін түрі.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Экономикалық әлеуметтанудың міндеттері мен функциялары | Тақырыбы: Мәдениет әлеуметтануы
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 5107; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.006 сек.