Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Правила техники безопасности при работе в микробиологической лаборатории

Занятие 1.

АҚ «АМУ» Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология вирусология кафедрасы Жалпы медицина факультеті

Сабақ №1

Тақырыбы: Бактериологиялық зертхананың құрылысы. Ондағы жұмыс ережесі. Микроорганизмдердің жіктелуі және жүйелілігі. Прокариоттар. Бактериялардың шар тәрізді, таяқша тәрізді және иілген пішіндерінің морфологиясы, жағындыны дайындау техникасы. Қарапайым бояу. Микроскоптан зерттеу техникасы

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Микробиологиялық зертхананың жабдықтары, жұмыс орнын ұйымдастыру. Микробиологиялық зертхананың жұмыс ережесі. Микроб туралы түсінік. Микробтардың жіктелу принциптері. Түр туралы түсінік. Прокариоттар мен эукариоттардың негізгі айырмашылықтары. Микробиологиялық зерттеу әдістері. Микроскопиялық зерттеу әдісі. Жарықты микроскоп. Иммерсиялық микроскоп. Агарлы және сорпалы дақылдардан жағынды дайындау техникасы. Микробиологиялық зертханада қолданылатын бояулар және оларды дайындау. Қарапайым бояу. Бактериалды жасушаның көлемдерін өлшеу.

 

Сабақ №2

Тақырыбы: Бактериалды жасуша құрылысы: нуклеоид, цитоплазма, қосындылар, қабықша, капсула, споралар, оларды анықтау әдістері. Жағындыны дайындау техникасы. Жағындыларды күрделі әдістермен бояу. Граммен бояу әдісі.

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Бактерия жасушасының тұрақты және тұрақсыз элементтері. Нуклеоидтың құрылысы, химиялық құрамы және қызметі. Бактериалды хромосома. Цитоплазманың химиялық құрамы мен қызметі. Бактериалды жасушаның қабығы. Протопластар мен сферопластар. L – пішінді бактериялар. Бактериялардың спора түзуі, оның маңызы. Капсула, қосындылар және олардың бактериялардың өмір сүруі үшін атқаратын ролі. Бактериялардың күрделі бояу әдістері. Бактериялардың морфологиялық және тинкториалдық белгілері. Жасуша қабығының құрылысы, химиялық құрамы және қызметі. Грам (+) және грам (-) бактериялардың жасуша қабығы құрылысының айырмашылығы. Грам әдісімен бояудың техникасы мен механизмі. Ожешко бойынша спораларды бояу. Нейссер бойынша волютин дәндерін бояу. Капсуланы анықтау әдістері. Бурри-Гинс әдісімен бояу.

 

Сабақ №3

Тақырыбы: Қышқылға тұрақты бактериялар және оларды Циль-Нильсен әдісімен бояу. Бактерияларды тірі жағдайда зерттеу. Спирохеталар, актиномицеттер, риккетсиялар, микоплазмалар, саңырауқұлақтар мен вирустардың морфологиясы

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Қышқылға тұрақты бактериялар, мысалдары. Циль-Нильсен бойынша бояу техникасы. Талшықтар, олардың орналасуы, химиялық құрамы, қызметтері, талшықтарды бояу әдістері және бактериялардың қозғалғыштығын анықтау. «Ілінген» және «жаншылған» тамшы препараттары, күңгірт өрісте микроскоптау. Спирохетелардың морфологиясы. Спирохеталардың қозғалу ерекшелігі. Риккетсиялардың морфологиясы, оларды бояу әдістері. Микоплазмалар, құрылысының ерекшеліктері. Хламидиялардың морфологиясы. Микроорганизмдердің жүйелілігінде спирохеталардың, риккетсиялардың, микоплазмалардың, хламидиялардың алатын орны. Саңырауқұлақтар, олардың құрылысы және жіктелуі. Мицелия, гиф, псевдомицелия дегеніміз не? Саңырауқұлақтардың көбею әдістері. Саңырауқұлақтар мен бактериялардың спораларының айырмашылығы қандай? Экзо- және эндоспоралар. Жіпше, ашытқы және ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтар морфологиясы. Вирустар морфологиясы. Спирохеталардың, актиномицеттердің, риккетсиялардың, микоплазмалардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың морфологиясы.

 

Сабақ №4

Тақырыбы: Бактериологиялық зерттеу әдісінің сызбасы. Аэробтардың таза дақылын бөлу (зерттеудің 1-ші күні).

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Микроорганизмдердің зат алмасуы. Микроорганизмдердің қоректенуіне қажетті заттар. Өсіру факторлары. Ауксотрофтар және прототрофтар. Микробтардың қоректенуінің түрлері. Қоректену механизмдері. Бактериологиялық зерттеу әдісі. Штамм және таза дақыл жөнінде түсінік. Бактерияларды өсіруге қолайлы жағдайлар. Микроорганизмдерді өсіруге қолайлы температура: өте жоғары, өте тємен, ең қолайлы. Микроорганизмдерді өсіруге қолайлы температура бойынша бөлу. Дақылдық қасиеттер. Аэробтардың таза дақылдарын бөлу әдістері. Арнайы әдісті таңдау неге байланысты? Аэробтардың таза дақылдарын бөліп шығаруда бірінші күнгі зерттеудің мағынасы.

 

Сабақ №5

Тақырыбы: Микробтардың тыныс алуы, қоректенуі. Қоректік орталар. Микроб-аэробтардың және анаэробтардың таза дақылын бөліп алу (II күн). Әртүрлі бактериалды дақылдардың сұйық және тығыз орталарда өсу ерекшелігі.

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Микроорганизмдердің зат алмасуы. Энергетикалық алмасу. Микроорганизмдердің тыныс алу түрлері. Аэробты және анаэробты тыныс алу маңызы. Қоректік орталардың жіктелуі. Қоректік орталарға қойылатын талаптар. Қарапайым қоректік орталарды дайындау кезеңдері. Қан қосылған агарды дайындау техникасы. Арнайы, элективті, дифференциальды – диагностикалық күрделі орталарға мысал келтіру. Бактериялардың дақылдық қасиеттері. R- және S-колониялар. Аэробтардың таза дақылдарын тәулік бойынша бөлу сызбасы. Аэробтардың таза дақылдарын бөліп шығарудағы екінші және үшінші күнгі зерттеудің маңызы. Анаэробтарды өсіру әдістері. Анаэробтардың таза дақылын тәулік бойынша бөлу.

 

Сабақ №6

Тақырыбы: Бактериялардың биохимиялық қасиеттері. Ферменттілік белсенділікті зерттеу (зерттеудің III күні). Бактерияларды анықтау. Саңырауқұлақтарды құрылысы, жіктелуі, өсіру әдістері.

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Бактериялардың биохимиялық белсенділігі. Ферменттер. Ферменттердің жіктелуі: экзоферменттер және эндоферменттер, конституитивті және адаптивті ферменттер. Бактериялардың қандай белгілерінің жиынтығы арқылы түрін анықтайды? «Ала қатар» және «Гисс ортасы» деген не? Протеолитикалық белсенділікті қалай анықтайды? Күкіртсутегі мен индолдың түзілуін қалай анықтайды. Эндо, Плоскирев, Левин дифференциалды диагностикалық орталарының тағайындалуы. Микроорганизмдердің пигменттері. Бактериялардың жұпар иісті заттары. Аэробтардың таза дақылдарын бөліп алуда зерттеудің 3-ші және 4-ші күнінің маңызы. Саңырауқұлақтар, құрылысы және жіктелуі. Саңырауқұлақтарды өсіру тәсілдері. Саңырауқұлақтарды өсіретін қоректі орталар.

 

Сабақ №7

Тақырыбы: Вирусологиялық зерттеу әдістер. Вирустарды өсіру. Тіндік дақылдар. Біріншілік – трипсинмен өңделген жасушаларды дайындау. Бактериофагтарды зерттеу әдістері.

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Вирустар туралы түсінік. Вирустардың химиялық құрамы, морфологиясы, ультрақұрылымы. Вирустардың өлшемдерін анықтау әдістері. Вирион туралы түсінік. ДНҚ – және РНҚ құрамды вирустардың репродукциясы. Вирусологиялық зерттеу әдісінің кезеңдері. Вирустарды өсіру әдістері. Тіндік дақылдардың типтері. Тіндік дақылдарды сақтау үшін қажетті тұзды ерітінділер және арнайы орталар. Вирустарды тіндік дақылдарда анықтау (индикация) әдістері (вирустардың цитопатикалық әсері, гемадсорбция реакциясы, түсті сынама, агардағы бляшка әдісі). Тауық ұрығын зақымдау тәсілдері. Вирустарды тауық ұрығында анықтау әдісі (гемагглютинация реакциясы). Зертханалық жануарларды зақымдау әдістері. Зертханалық жануарда вирустарды анықтау. Бактериофагтар жөнінде түсінік. Фагтардың морфологиясы және оның түрлері. Фагтардың ерекшелігі. Фаговарлар. Бактерия жасушасымен фагтардың қарым-қатынасы. Әлсіз және вирулентті фаг. Профаг. Лизогения. Лизогенді конверсия. Фагтарды бєліп алу және титрлеу. Аппельман және Грациа әдісімен фагтарды титрлеу. Емдеуге, сақтандыруға және диагноз қою үшін фагтарды тәжірибеде қолдану. Фаголизис сынамасы. Фаготиптеу тәжірибесі. Фагтардың титрінің өсу реакциясы.

Сабақ №8

Тақырыбы: Микроорганизімдердің морфологиясы және физиологиясы, вирустар бойынша коллоквиум.

«Микроорганизмдер морфологиясы, физиологиясы, вирустар тақырыбы бойынша аралық бақылау сұрақтары.

Медициналық микробиологияның мақсаты.

Медициналық микробиологияның міндеттері.

Микробиология дамуының тарихи кезеңдері.

Микробтар әлемі қандай топтарға бөлінеді?

Талшықтар. Құрылысы, орналасуы, қызметi. Анықтау әдiсi.

Прокариотты жасуша түрінің айырмашылығы.

Эукариоттарға қанадай микробтар жатады?

Прокариоттар патшалығы қандай бөлімдерге бөлінеді?

Скотобактериялар қандай кластарға бөлінеді?

Прокариоттарға қанадай микробтар жатады?

Бактериялар класына қандай микробтар жатады? Олар қоректік орталарда өседі ме?

Риккетсиялар класына қандай микробтар жатады? Морфологиясының ерекшелігі. Олар қоректік орталарда өседі ме?

Кластар қандай таксондарға бөлінеді? Негізгі таксономдық бірлік.

Түрдің анықтамасы. Түр қалай анықталады? Түр қандай варианттарға бөлінеді?

Жасушаның тұрақты және тұрақсыз құрылымды элементтерi.

Бактериялардын негiзгi пішіндері.

Цитоплазманың химиялық құрамы мен қызметi. Мезосомалар. Нуклеоид. Химиялық құрамы, қызметi және құрылымы.

Жасуша қабырғасы. Құрылысы. Әрбір қабатының қызметi.

Грам бойынша бояудың механизмi және техникасы. Грам терiс және грам оң бактериялардың жасуша қабырғасының химиялық құрамы және құрылысы.

Протопластар. Сферопластар. L – пішіні.

Капсула. Химиялық құрамы. Қызметi. Анықтау әдiсi.

Қосындылар. Химиялық құрамы, маңызы. Волютин дәндерiн бояу.

Кiрпiкшелер, орналасуы, типтерi.

Споралар. Орналасуы. Маңызы. Спора түзілу процесі. Споралардың өсуі. Бояу әдістері. Анықтау әдiсi.

Қышқылға тұрақты бактериялар. Циль-Нильсен бойынша бояу.

Талшықтар, олардың орналасуы, химиялық құрамы, қызметтері, талшықтарды бояу әдістері және бактериялардың қозғалғыштығын анықтау.

«Ілінген» және «жаншылған» тамшы препараттары, күңгірт өрісте микроскоптау.

Микоплазмалардың морфологиясы.

Спирохета морфологиясы. Бояу әдiсi.

Риккетсиялардың морфологиясы.

Хламидиялардың морфологиясы.

Зең саңырауқұлақтардың, ашытқы және ашытқы тәрізді саңырауқұлақтардың морфологиясы.

Вирустар морфологиясы.

Таза дақыл, штамм анықтамалары.

Жағындыны дайындау техникасы. Қарапайым бояу.

Жағындыны бекiту әдiстері. Бактериялардың тинкториалды қасиетi.

Ожешко бойынша бояу.

Иммерсиялы микроскоптың техникасы. Иммерсиялы микроскоптың артықшылығы.

Микробтардың зат алмасуы процесіне жалпы сипаттама. Конструктивті және энергетикалық зат алмасу.

Бактериялардың ферменттері. Жіктелуі. Бактериялардың ферменттілік белсенділігін анықтау. Микробтардың биохимиялық белсенділіктерінің медицинада, ауылшаруашылығында және өндірістегі тәжірибеде қолданылуы.

Қоректену түріне байланысты микроорганизмдердің жіктелуі.

Микробтардың қоректену механизмі.

Микробтарға қажетті қоректік заттар. Өсу факторлары. Прототрофтар және ауксотрофтар.

Қоректік орталар. Жіктелуі. Оларға қойылатын талаптар.

Элективті, арнайы және дифференциалды-диагностикалық орталар. Мысал келтіру.

Микробтардың тыныс алуы, оның түрлері. Аэробты және анаэробты тыныс алу процестерінің маңызы.

Бактериялардың жарқырауы. Пигменттер. Жұпар иісті заттар.

Бактериологиялық зерттеу әдісі. Оның кезеңдері. Таза дақыл. Штамм. Клон. Дақылдық қасиеттері.

Бактерияларды өсіру шарттары. Температуралық оптимум, температуралық оптимумға байланысты микробтардың жіктелуі.

Микробтардың сұйық қоректік орталардағы көбею фазалары. Прокариотты жасушалардың бөліну процесі.

Аэробтардың таза дақылдарын бөліп алу әдістері.

Анаэробтарды өсіру әдістері.

Анаэробтардың таза дақылдарын бөліп алу әдістері.

Аэробтардың таза дақылдарын тәулік бойынша бөліп алу схемасы.

Анаэробтардың таза дақылдарын тәулік бойынша бөліп алу схемасы.

Саңырауқұлақтар, құрылысы және жіктелуі. Саңырауқұлақтарды өсіру тәсілдері, өсіруге қажетті қоректік орталар.

Вирустардың репродукциясы туралы түсінік. Репродукция тәсілдері. Репродукция кезеңдері. ДНҚ- және РНҚ-лық вирустар репродукциясының ерекшеліктері.

Вирустарды өсіру әдістері. Вирусологиялық зерттеу әдістерінің кезеңдері.

Тіндік дақылдардың типтері. Тіндік дақылдарды сақтау үшін қажетті тұзды ерітінділер және арнайы орталар.

Вирустарды тіндік дақылдарда анықтау (индикация) әдістері (вирустардың цитопатикалық әсері, гемадсорбция реакциясы, түсті сынама, агардағы бляшка әдісі).

Тауық ұрығын зақымдау тәсілдері. Вирустарды тауық ұрығында анықтау әдісі (гемагглютинация реакциясы).

Зертханалық жануарларды зақымдау әдістері. Зертханалық жануарда вирустарды анықтау.

Бактериофагтардың табиғаты және құрылысы. Фагтардың ерекшелігі. Фаговарлар. Бактерия жасушасымен фагтардың қарым-қатынасы. Осы қатынастың соңғы нәтижесі.

Әлсіз фагтар. Профаг. Лизогения. Лизогенді конверсия.

Фагтарды алу және титрлеу.

Биология мен медицина саласында фагтарды тәжірибелік қолдану.

Тажірибиелік дағдылар

Бактериялардын негiзгi пішіндері.

Жағындыны дайындау техникасы. Қарапайым бояу.

Күрделі бояу әдістері.

Дифференциалды – диагностикалық, элективті және арнайы орталар.

Фортнер тәжірибесі.

Китт-Тароцци ортасы.

Вейон-Виньял түтігі.

“Ала қатар”.

Анаэростат.

Бағаналы агар (агар столбиком).

Грациа мен Аппельман бойынша фагтарды титрлеу.

Фаготиптеу.

Фаголизис сынамасы.

Фагтың титрінің өсу реакциясы.

Диагностикалық және емдеу – сақтандыру фагтары.

Аллантоистық сұйықтықпен қойылған гемагглютинация реакциясы.

Жасушалы дақылдарды сақтау үшін қажетті тұзды ерітінділер және арнайны орталар.

Жасушалы дақылдардағы вирустардың цитопатикалық әсері.

Тұмауды зерттегенде аллантоистық сұйықтықпен қойылған ГАР.

Гемадсорбция реакциясы.

 

Сабақ №9

Тақырыбы: Бактериялардың генетикасы. Модификациялар. Мутацияар. Генетикалық рекомбинациялар. Плазмидалар. Микроорганизмдердің экологиясы. Адам денесінің микрофлорасы. Дисбактериоз.

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Микроорганизмдердің тұқым қуалаушылығының материалдық негізі. Бактериялардың генотипі және фенотипі. Өзгергіштіктің түрлері: тұқым қуалаушылық және тұқым қуаламаушылық. Модификация және оның түрлері. Мутация және оның түрлері. Мутагендер. Микробтардың диссоциациясы. Генетикалық рекомбинациялар: трансформация, трансдукция, конъюгация. Плазмидалар, оның генетикалық қызметі. Плазмида түрлері. Микроорганизмдер эволюциясындағы мутация мен рекомбинацияның ролі. Микробиология мен медицинада микробтардың генетикасы туралы ілімнің маңызы. Зертханалық диагностикада молекулалы гибридизация әдістерін қолдану. ДНҚ-зондтар. Полимеразды тізбекті реакция (ПТР). Генді инженерия және оның тәжірибелік қолдануындағы аспектері.

Адам денесінің қалыпты микрофлорасы. Адам денесінің әртүрлі бөліктеріндегі микрофлораның құрамы. Адам микрофлорасының жасқа байланысты ерекшелігі. Физиологиялық және патологиялық процестердегі қалыпты микрофлораның ролі. Гнотобиология және гнотобионттар. Дисбактериоз. Дисбактериоздың себептері. Эубиотиктер: колибактерин, бифидумбактерин, бификол, лактобактерин және т.б.

 

Сабақ №10

Тақырып Санитарлы микробиология негіздері. Қоршаған орта микрофлорасы. Қоршаған ортаны бағалауына микробиологиялық критерийлері.

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар

Биотоп және микробиоценоз туралы түсінік. Микроорганизмдер арасындағы өзара қарым-қатынас. Микробты антагонизм. Сыртқы орта нысандарындағы санитарлық-микробиологиялық зерттеу әдістері мен принциптері. Қоршаған ортадағы патогенді микроорганизмдер. Қоршаған ортадағы микробиологиялық зерттеу нысандары. Қоршаған орта нысандарын бағалаудың негізгі критерилері. Ауа микрофлорасы. Ауаның санитарлы-кєрсеткішті микроорганизмдері. Су микроорганизмдердің тіршілік ету ортасы ретінде. Ашық су қоймаларындағы автохтонды және аллохтонды микрофлора. Сапробтылық: полисапробтылық, мезосапробтылық, олигосапробтылық. Су жұқпалы аурулар қоздырғыштарын тарату факторы ретінде. Топырақ микрофлорасы. Топырақтың санитарлық-көрсеткішті микроорганизмдері. Топырақты зерттеудің санитарлық-микробиологиялық әдістері. Топырақтың микроб саны, перфрингенс-титрі. Ауа микрофлорасы. Ауаның санитарлық-көрсеткішті микроорганизмдері. Ауаны зерттеудің санитарлық-микробиологиялық әдістері.

 

Сабақ №11

Тақырыбы:Стерилизация. Дезинфекция. Антибиотиктер.

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Микроорганизмдердің физикалық және химиялық әсерлерге сезімталдығы. Микробицидтілік және микробостатикалық туралы түсінік. Физикалық факторлардың микроорганизмдерге әсер ету механизмі: сүзгіден өткізу, кептіру, сәулелі энергия, ультрадыбыс, температура. Химиялық факторлардың микроорганизмдерге әсер ету механизмі: (фенолдар, галогендер, спирттер, беткейлі-белсенді заттар, ауыр металл тұздары, бояғыштар, тотықтырғыштар, қышқылдар, сілтілер, альдегидтер). Биологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсер ету механизмі. Стерилизация. Стерилдеу әдістері. Стерилдеудің жылулық әдістері. Жылулық стерилдеуге бақылау. Ионды сәулелердің әсері. Сүзгіден өткізу. Стерилдеудің химиялық әдістері. Медицинада қолданатын бұйымдардың стерилдігін бақылау. Сәулелі стерилдеу. Апаратуралар. Зертханалық ыдыстар мен қоректік орталарды стерилдеу. Стерилдеу сапасын бақылау. Дезинфекция. Дезинфекция әдістері. Алдын алу және ағымды дезинфекция. Анағұрлым кең тараған дезинфекциялық заттар. Пастерлеу. Дезинфекциялық заттардың микробтарға қарсы әсерін анықтау. Дезинфекция тиімділігін бақылау. Химиялық тәсілмен емдеу және сақтандыру жөнінде ұғым. Химиялық препараттар, оларға қойылатын шарттар. Химиотерапиялық индекс. Химиопрепараттардың негізгі топтары. Антибиотиктер – химиопрепараттардың бір түрі. Антибиотиктер жөнінде түсінік. Антибиотиктердің пайда болу тегіне, химиялық құрамына, әсер ету спектріне байланысты жіктелуі. Антибиотиктерді дайындау. Антибиотиктердің әсер ету бірлігі. Антибиотиктердің бактериостатикалық және бактериоцидті әсері. Антибиотиктердің микробтарға қарсы әсерінің механизмі. Антибиотиктердің қосымша әсері және антибиотикпен емдеуден кейінгі асқыну, микробтардың дәріге тұрақтылығының генетикалық және биохимиялық механизмі. Дәріге тұрақтылықты жою жолдары. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау әдістері. Биологиялық сұйықтарда және тіндерде антибиотиктердің мєлшерін анықтау әдістері.

Сабақ №12

Тақырыбы:Инфекция. Бактериялардың патогендік факторлары.

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Инфекция, жұқпалы үрдіс, жұқпалы ауру жайында түсінік. Жұқпалы аурулардың жіктелуі. Жұқпалы аурулардың жұқпалы емес аурулардан айырмашылығы. Жұқпалы үрдістің пайда болу шарттары. Жұқпалы үрдістің жасқа байланысты ерекшеліктері. Ену қақпасы. Жұқтыру дозасы. Тропизм. Патогендік және вируленттік. Вируленттіктің бірлігі. Микроорганизмдердің аттенуациясы. Адгезивтік. Инвазивтік. Агрессивтік. Токсигендік. Патогенді ферменттер. Экзо- және эндотоксиндер, олардың сипаттамасы. Анатоксин. Микробтардың ағзада таралу жолы мен орналасуы. Қоздырғыштың орналасуына, ағымының ұзақтығына, таралуына, клиникалық көрінісіне, аурудың табиғатына, шығу тегіне, қоздырғыш санына, жұқтыру орнына байланысты инфекцияның түрлері. Рецидив, реинфекция, суперинфекция, екіншілікті инфекция. Микроорганизмдердің персистенция факторлары. Вирусты инфекциялардың ерекшеліктері. Биологиялық зерттеу әдісінің мақсаты. Зертханалық жануарларға жұқтыру әдістері. Өлген жануарларды бактериологиялық зерттеу.

 

Сабақ №13

Тақырыбы:Иммунитет. Бейспецификалық қорғаныш факторлары. Фагоцитоз. Опсониндік индекс. Комплементті, лизоцимді титрлеу. Антигендер, антиденелер. Агглютинация реакциясы және оның түрлері (ГАР,ПГАР,Кумбс реакциясы). Преципитация, иммунофлюоресценция реакциясы.

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

«Иммунитет», «иммунды жауап» ұғымына анықтама. Иммунды жауаптың формалары. Иммунитеттің айқындалу формалары мен түрлері. Плацентарлы иммунитет. Вакцинациядан кейінгі иммунитет. Иммуноглобулин енгізгеннен кейінгі пассивті иммунитет. Бейспецификалық қорғаныш факторлары: шырышты қабат пен терінің тосқауылдық қызметі, шырышты қабық пен терінің бактерицидті қасиеті, қалыпты микрофлораның қорғаныш қызметі, ағзаның физиологиялық және патологиялық реакциясы. Фагоцитоз. Фагоцитарлы жасушалар. Фагоцитоздың кезеңдері. Фагоцитоздың қызметі. Аяқталған және аяқталмаған фагоцитоз. Опсониндер мен опсониндік индекс деген не? Фагоцитарлық көрсеткіш. Опсонды-фагоцитарлық сынама. Лизоцимнің бактерияға қарсы әсерінің механизмдері. Комплемент, оның құрылысы және қызметі. Комплементтің күшею жолдары. Комплементті, лизоцимді титрлеу.

«Антиген» ұғымына анықтама беру. Антигеннің химиялық құрамы. Антигеннің негізгі қасиеттері. Антиген талғамдылығының құрылымдық негізі. Толық және толық емес антигендер. Микробтардың антигендері. Бактериялардың топтық, түрлік және типтік антигендері. Сероварлар және серотоптар. Антидененің табиғаты мен құрылысы. Иммундыглобулиндердің кластары. Антидененің түрлері. Толық және толық емес антиденелер. Антиген мен антидененің ерекше байланысу механизмі. Антидененің түзілу механизмдері. Антидененің түзілу динамикасы. Біріншілік және екіншілік иммунды жауап. Антидененің титрінің өсуі. Иммунологиялық ес. Серологиялық зерттеу әдісі, оны қолдану мақсаты. Қалыпты және иммунды антиденелер. Иммунды сарысу жөнінде түсінік. Антидененің титрі. Агглютинация реакциясы, оның механизмі, фазасы. Қою техникасы. Реакцияны бағалау. Агглютинациялық сарысуларды және диагностикумдарды дайындау. О және Н – агглютинация. Пассивті гемагглютинация реакциясы (ПГАР). ПГАР – ын қою техникасы. Реакцияны бағалау: механизмі, қою жолы, тәжірибеде қолданылуы. Преципитация реакциясы, оның маңызы, құрамы, қою техникасы, нәтижесін бағалау.

Сабақ №14

Тақырыбы:Лизис пен комплементті байланыстыру, бактериолизис реакциялары. Токсинді анатоксинмен бейтараптау реакциясы. Радиоиммунды, иммундыферментті анализдер. Бактериялардың қозғалғыштығын тоқтату реакциясы. Полимеразды тізбектелу реакция.

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Иммунологиялық реакцияларды қоздырғыштың түрін ажырату мен жұқпалы аурулардың диагностикасында қолдану. Иммундыферментті талдау: маңызы, құрамы, қою техникасы, нәтижені бағалау. Лизис реакциясы, оның механизмі, құрамы. Комплементті байланыстыру реакциясы (КБР), оның механизмі, құрамы. Негізгі КБР тәжірибесін қою техникасы, нәтижесін есепке алу. Токсинді антитоксинмен бейтараптау реакциясы, маңызы, мақсаты, қою тәсілі. Тура және жанама нұсқалардағы иммунофлюоресценция реакциясы. Радиоиммунды талдау. Қозғалғыш бактериялардың иммобилизация реакциясы: механизмі, қою жолы, тәжірибеде қолданылуы. ПТР: қою жолы, тәжірибеде қолданылуы. Иммунобиологиялық препараттар. Диагностикумдар мен агглютинациялық сарысуларды алу. Кастеллани бойынша антиденені адсорбциялау әдісі. Эритроцитарлы диагностикумдар. Иммунды статусты бағалау. Серологиялық реакцияларды бағалау критерилері: антидененің диагностикалық титрі, ауру барысында антидене титрінің артуы, иммуноглобулиндер кластарының қарым-қатынасы.

 

Сабақ №15

Тақырыбы:Жұқпалы ауруларды иммунды сақтандыру және иммунды емдеу. Иммунды патология (Иммундытапшылық жағдайлар, жоғарысезімталдық реакциялар, аутоиммунды үрдістер). Аралық бақлау: коллоквиум.

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Иммунды терапия және иммунды сақтандыру туралы түсінік. «Вакцина» ұғымына анықтама. Вакцинамен сақтандыру. Вакцинаға қойылатын талаптар. Сақтандыру вакциналарының түрлері, оларды дайындау. Әртүрлі вакциналардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Депо принциптері. Адъюванттар. Вакцинамен емдеу. Вакцинадан кейінгі асқынулар. Жұқпалы ауруларды сарысумен сақтандыру және емдеу. Сарысулардың түрлері. Антитоксикалық сарысулар, оларды алу, титрлеу, тәжірибеде қолдану. Сарысулардан кейiнгi асқынулар. Сарысуларды тазарту әдістері. Иммундыглобулиндердің түрлері. Оларды дайындау және қолдану. Гетерогенді сарысулар мен иммундыглобулиндерді енгізу әдістемесі. Аллергия туралы түсінік. ЖСЖТ мен ЖСБТ айырмашылықтары. Анафилактикалық тітіркену. Аллергеннің сенсибилизациялық және шешуші мөлшері. Иммунологиялық механизм. Сарысулық ауру. Жұқпалы аллергия. Аллергиялық зерттеу әдісі. Тері- аллергиялық сынама.

Сабақ №16

Тақырыбы:Аралық бақлау: коллоквиум, тест, тәжірибелік дағдылар.

«Бактериялардың генетиксы, микрофлора, антибиотиктер, инфекция және иммунитет»бөлімі бойынша коллоквиумның сұрақтары:

Физикалық факторлардың микробтарға әсері. Тәжірибеде қолданылуы.

Микробтарға химиялық факторлардың әсері. Тәжірибелік маңызы.

Стерильдеу. Әдістері мен аппаратуралры. Бөлшектеп стерильдеу. Тиндализация. Пастеризация. Суықта стерильдеу. Дезинфекция туралы ұғым.

Микробтардың тұқымқуалаушылығының материалдық негіздері.

Өзгергіштіктің түрлері: тұқым қуалаушылық және тұқым қуаламаушылық.

Модификация және оның түрлері.

Мутация және оның түрлері. Мутагендер.

Микробтардың диссоциациясы.

Генетикалық рекомбинациялар.: трансформация, трансдукция, конъюгация.

Плазмидалар, оның генетикалық қызметі.

Трансмиссивті және трансмиссивті емес плазмидалар.

Миграцияланатын генетикалық элементтер. Транспозондар.

Бактериялардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін оқудың тәжірибелік маңызы.

Микробиологиялық зерттеудің қосымша әдістері: генді диагностика. Полимеразды тізбекті реакция.

Инфекциялық аурулардың химиотерапиясы мен химиопрофилактикасы туралы түсінік. Химиотерапевтикалық индекс. Химиотерапевтикалық препараттардың негізгі топтары.

Антибиотиктер жайында түсінік. Пенициллиннің ашылу тарихы.

Антибиотиктердің жіктелуі.

Антибиотиктердің әсер ету спектрі. Оларды дайындау принципі. Әсер ету бірлігі.

Антибиотиктердің әсер ету механизмі. Бактерицидті және бактериостатикалық әсері.

Антибиотиктердің қосымша әсері. Антибиотикпен емдеуден кейінгі асқыну.

Жасанды және табиғи дәріге тұрақтылық, оның механизмдері, оны жоюдың жолдары.

Организмнің биологиялық сұйықтарында антибиотиктің мєлшерін анықтау әдістері. Бактериялардың антибиотикке сезімталдығын анықтау әдістері.

Микробты биоценоз туралы түсінік. Биоценоздағы микробтар арасындағы өзара қарым-қатынас түрлері.

Ауа микрофлорасы. Ауаның санитарлы-кєрсеткішті микроорганизмдері. Ауаны санитарлық-бактериологиялық зерттеу әдістері. Ауаның микроб саны.

Топырақ микрофлорасы. Топырақтың санитарлық-көрсеткішті микроорганизмдері.

Су микрофлорасы. Судың санитарлық – кєрсеткішті микроорганизмдері. Құбыр суының микроб саны. Құбыр суының коли-титрі және коли-индексі. Анықтау әдістері.

Адам денесінің қалыпта микрофлорасы туралы түсінік. Адам денесінің әртүрлі бөліктерінің тұрақты және тұрақсыз микрофлорасы.

Қалыпты микробиологияның физиологиялық ролі. Адам патологиясындағы ролі.

Ішек дисбактериозы. Эубиотиктер туралы түсінік. Дисбактериоздың микробиологиялық диагностикасы.

«Инфекция», «жұқпалы процесс», «жұқпалы ауру» ұғымына анықтама. Жұқпалы аурудың соматикалық аурудан айырмашылығы.

Микробтардың адамдар мен жануарлар макроорганизмімен қарым-қатынасының формалары: комменсализм, мутуализм, паразитизм. Паразитизмнің дәрежесі. Жұқпалы процесс пайда болу үшін қажетті шарттар.

Жұқпалы процесс қоздырғыштарының қасиеттері.

Патогендік және вируленттік. Вируленттіктің өлшемі.

Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер. Микробтар – оппортунистер. Патогенді емес микробтар.

Вируленттікті бағытты жолмен әлсірету әдістері. Аттенуация.

Вируленттіктің факторлары: инвазивтік, аггресивтік, токсигендік, адгезивтік.

Патогендік ферменттер.

Экзо- және эндотоксиндерге сипаттама. Анатоксиндерді дайындау.

Адгезивтік факторлар.

Жұқпалы процестің дамуындағы микроорганизмдер мен қоршаған ортаның ролі.

Жұқпалы процестің кезеңдері. Аурудың нәтижесі.

Қоздырғыштың орналасуына, әсер ету ұзақтығына, таралуына, клиникалық айқындалуына, аурудың табиғатына, пайда болуына, қоздырғыштың санына, жұғу орнына байланысты инфекцияның формасы. Рецидив, реинфекция, суперинфекция, екінші инфекция, инфекцияның көзі және берілу жолына түсініктеме.

Биологиялық зерттеу әдісі, әдістің мақсаты, қолданатын жануарлардың түрі, материалды енгізу әдістері.

Ошақты, кең таралған инфекция, инфекцияның ағзада таралу жолдары.

Иммунитетке түсінік. Иммунитеттің формалары мен түрлері.

Ағзаның ішкі ортасының генетикалық тұрақтылығын ұстап тұратын механизмдердің екі тобы. Айыратын белгілері. Иммунды жауаптың түрлері.

Бейспецификалық тұрақтылық факторлары.

Фагоцитоз. Фагоцитоздың фазалары. Аяқталмаған фагоцитоз. Фагоцитоздың қызметі.

Бейспецификалық тұрақтылығының гуморальдық факторлары. Комплемент, пропердин, лизоцим, қанның бактерицидті заттары. Комплементтің күшею жолы. Комплементтің қызметі.

Антиген жөнінде түсінік. Химиялық табиғаты. Қандай зат антиген бола алады? Антигеннің қасиеттері.

Толық және толық емес антигендер.

Антигендердің талғамдылық қасиеті. Шлеппер және антигеннің детерминанты жөнінде түсінік.

Микроорганизмнің антигендері. Микроб антигендерінің спецификалық түрлері.

Антидене жөнінде түсінік. Антидененің физико-химиялық қасиеті.

Иммундыглобулиндердің құрылысы.

Иммундыглобулиндердің кластары.

Антидененің спецификалық қасиеті, толық және толық емес антидене. Антиген мен антидененің өзара қарым-қатынасының механизмдері.

Иммунды жүйе. Орталық және шеткері мүшелер, олардың қызметі.

Иммундыкомпетентті жасушалар. Қосымша жасушалар.

Антидененің пайда болу механизмі. Антибактериалды және антитоксикалық иммунитет. Қалыпты және иммунды антидене.

Антидененің пайда болу динамикасы, жалпы заңдылығы. Біріншілікті және екіншілікті иммунды жауап. Иммунологиялық есте сақтау.

Жасушалық иммунды жауап.

Иммуногенездің қазіргі заманғы теориясы.

Серологиялық әдіс. Қолдану мақсаты. Серологиялық реакциялардың кезеңдері.

Агглютинация реакциясы, механизмі, мақсаты, қою техникасы.

Преципитация реакциясы, механизмі, қою техникасы, тәжірибеде қолданылуы.

Комплементтің байланысу реакциясы, механизмі, мақсаты, қою техникасы.

Пассивті гемагглютинация реакциясы, маңызы, мақсаты, қою техникасы.

Антитоксинмен токсинді бейтараптау реакциясы, маңызы, мақсаты, қою әдісі.

Иммундыферментті талдау. Радиоиммунды талдау.

Иммундыфлюоресценция реакциясы. Төте және жанама әдісі.

Аллергия, аллергендер жөнінде түсінік. Аллергиялық реакциялардың жедел және баяу түріне жалпы сипаттама.

Жұқпалы аллергия. Жұқпалы аурулар диагностикасындағы аллергиялық әдістер.

Жұқпалы ауруларды ерекше емдеу және сақтандыру жөнінде түсінік.

Вакцинамен сақтандыру. Вакцинаның түрлері. Қосымша әсері. Адъюванттар.

Вакцинамен емдеу. Емдеу вакциналары.

Сарысумен емдеу және сақтандыру. Емдеу-сақтандыру сарысулары мен глобулиндерінің түрлері.

Емдеу-сақтандыру сарысуларын дайындау, қосымша әсері. Анафилактикалық тітіркену. Сарысу ауруы.

Гетерогенді сарысуларды енгізу әдістері. Десенсибилизация жөнінде түсінік.

Иммундыглобулиндер, түрлері, дайындау, қолданылуы.

Тәжірибелік дағдылықты тексеру

Бухнер тәжірибесі.

Бактерияның антибиотикке сезімталдығын қағаз диск әдісімен анықтау тәжірибесі.

Бактерияның антибиотикке сезімталдығын сериялы сұйылту әдісімен анықтау.

Судың коли-титрін мембранды сүзгі әдісімен анықтау.

Ауадағы жалпы микроб санын анықтау.

Бактериялардың трансформация бойынша тәжірибесі.

Бактериялардың конъюгация бойынша тәжірибесі.

Бактериялардың трансдукция бойынша тәжірибесі.

Плазмакоагуляция реакциясы.

Қан қосылған агардағы стафилококтың гемолизі.

СТА ортасында лецитиназа сынамасы.

Қан сарысуында лизоцимді анықтау тәжірибесі.

Опсоно-фагоцитарлы көрсеткішті анықтайтын жағынды.

Аяқталмаған фагоцитозды анықтайтын жағынды.

Агглютинация реакциясы.

Преципитация реакциясы.

Комплементті байланыстыру реакциясы.

Пассивті гемагглютинация реакциясы.

Гемагглютинацияны тежеу реакциясы.

Иммундыферментті талдау реакциясы.

Емдеу – сақтандыру және диагностикалық препараттар.

 

Сабақ №17

Тақырыбы: Жеке микробиология. Жұқпалы аурулар кезінде тексеру материалын жинау және микробиологиялық зертханаға жеткізу ережелері. Грам оң кокктар.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Жұқпалы аурулар кезінде материалды алу және микробиологиялық зертханаға жеткізу ережелері. Стафилококтар, стрептококтар, энтерококтар. Жіктелуі. Биологиялық қасиеттері. Патогенді факторлары. Іріңді-қабыну үрдістеріндегі стафилококтар мен стрептококтардың этиологиялық және патогенетикалық ролі. Стафилококты сепсистің микробиологиялық диагностикасы. Госпиталды стафилококты инфекция. Респираторлы инфекцияларда, тілмелік (рожа) қабынуларда, баспада, скарлатинада, пиодермияда, жедел гломерулонефритте, ревматизмде және т.б. стрептококтар мен энтерококтардың ролі. Стафилококты және стрептококты инфекциялар иммунитеттерінің ерекшеліктері. Стафилококты және стрептококты инфекциялардың микробиологиялық диагностикасы, ерекше сақтандыруы және емдеуі. Пептококтар, пептострептококтар. Морфологиясы, физиологиясы. Қабыну үрдістері этиологиясындағы ролі.

 

Сабақ №18

Тақырыбы: Грам теріс кокктар. Менинго- және гонококктар. Ішек тобына тексеру материалын егу.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Грам теріс коктар. Нейссерияларға жалпы сипаттама. Менингококтар, гонококтар. Биологиялық қасиеттері. Патогенді факторлары. Патогенді және шартты-патогенді нейссериялар. Менингококтардың серологиялық топтары. Менингококты инфекциялардың клиникалық түрлері. Эпидемиялық цереброспиналды менингит пен назофарингиттегі этиологиялық және патогенетикалық ролі. Менингококты тасымалдаушылық. Іріңді уретриттер мен жынысты бездер қабынуында, бленнореяда гонококтардың этиологиялық және патогенетикалық ролі. L-пішінді гонококтар, олардың создың созылмалығындағы ролі. Иммунитет. Микробиологиялық диагностикасы, ерекше сақтандыру және емдеу. Менингококты инфекция мен соз кезіндегі иммунитеттің ерекшеліктері. Микробиологиялық диагностикасы, ерекше сақтандыру және емдеу.

 

Сабақ №19

Тақырыбы: Ішек таяқша тобы бактерияларының жалпы сипаттамасы. Эшерихиялар. Шигеллалар. Энтеробактериялардың таза дақыл бөлуінің 2-і күні.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Ішек бактериялары тұқымдасына жалпы сипаттамасы, жіктелуі мен адам патологиясындағы ролі. Шигеллалардың жіктелуі. Шигеллалардың морфологиялық және дақылдық қасиеттері. Шигеллалардың биохимиялық және серологиялық қасиеттері. Экологиясы. Дизентерияның патогенезі. Дизентерия кезінде алынатын материал және диагностика әдістері. Негізгі және қосымша әдістердің құндылығы. Дизентерияны сақтандыру және емдеу. Эшерихиялардың сипаттамасы. Экологиясы. Ішек таяқшасының физиологиялық маңызы. Ішек таяқшасының санитарлық-көрсеткішті маңызы. Ішек таяқшасының патогенді сероварлары. ЭПІТ, ЭИІТ, ЭТІТ, ЭГІТ патогендік факторлары. Ішектік коли-инфекцияның зертханалық диагностика ерекшеліктері. Ішекті коли-инфекцияларды емдеу және сақтандыру. Іріңді-қабыну ауруларының дамуындағы ішек таяқшасының ролі. Ішек таяқшасы тудыратын ІҚА зертханалық диагностикасы.

 

Сабақ №20

Тақырыбы: Сальмонеллалар. Энтеробактериялардың таза дақылын бөлуінін қорытындысы. Тырысқаққа тексеру материалын егу. Патогенді және шартты-патогенді вибриондар. Тырысқақ вибрионы. Кампилобактер. Хеликобактер. Иерсиниялар. Зертханалық диагноз қою принципі. Арнайы алдын алуы және емдеуі.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Сальмонеллаларға жалпы сипаттама. Іш сүзегі мен паратифтер қоздырғыштарының морфологиялық, дақылдық, биохимиялық және антигендік қасиеттері. Іш сүзегімен зақымдалу көздері және таралу жолдары. Іш сүзегінің патогенезі. Аурудың мерзіміне байланысты диагностика әдістері. Гемодақылды зерттеу үшін қанды қалай алады? Гемодақылды зерттеу сызбасы. Аурудың қандай мерзімінде серодиагностика жүргізіледі. Видаль реакциясында неге 4 диагностикум қолданылады? Жұқпалы Видаль реакциясын егілген, анамнестикалық және топтық Видальдан ажырату. Сальмонеллалардың қасиеті – тағамдық токсикоинфекция қоздырғыштары (ТТҚ) (морфологиялық, тинкториалды, дақылдық және биохимиялық белгілері). Токсинтүзілу. Сальмонеллалардың антигендік құрылысы. Сальмонеллалардың серологиялық жіктелу ұстанымдары. Шыныда қойылған агглютинация реакциясында сальмонелланың антигендік құрылысын зерттеу. Тағамдық токсикоинфекцияның зақымдалу көздері, таралу жолдары, патогенезі. Зерттеу үшін алынатын материал. Сальмонеллездердің зертханалық диагностика әдістері. Капродақылды бөлу сызбасы. Бөлінген сальмонеллалардың идентификациясы. Тағамдық токсикоинфекциялардың этиологиялық құрылымы.

Тырысқақ вибриондарының морфологиялық, тинкториалды, дақылдық, биохимиялық қасиеттері. Тырысқақ вибриондарының жіктелуі. Биоварлар. Хейберг триадасы, антигендік құрылысы. Сероварлар. НАГ – вибриондар. Патогенді факторлары. Холероген. Тырысқақ вибриондарының экологиясы. Тырысқақтың патогенезі. Тырысқақты анықтау әдістері. Тырысқақты классикалық бактериологиялық әдіспен зерттеу. Тырысқақтың жедел диагностика әдістері. Тырысқақты емдеу, одан сақтанудың негізгі принциптері. Кампилобактерлер, сипаттамасы, патогенділік, зертханалық диагностикасы. Хеликобактерлер. Жалпы сипаттамасы. Патогендік факторлары. Зертханалық диагностика ұстанымдары.

 

Сабақ №21

Тақырыбы: Зоонозды инфекциялар (бруцеллез, оба, сібір түйнемесі, туляремия, лептоспироз, листериоз) қоздырғыштары. Зертханалық диагноз қою принципі. Арнайы алдын алуы және емдеуі.

 

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Қандай арулар антропозооноздарға жатады? Туляремия қоздырғышына сипаттама. Экологиясы. Туляремияның патогенезі, иммунитет. Туляремияның зертханалық диагностикасы. Диагностика, емдеу және сақтандыруға арналған препараттар.

Аса қауіпті инфекцияларды зерттегенде зертхананың тиісті жұмыс ережелері. Иерсиния туыстықтын бактериялары. Адам патологиясы үшін ролі. Обаның қоздырғышы. Жіктелуі. Қоздырғыштың тұрақтылығы, морфологиялық, культуральды, биохимиялық қасиеттері. Жануарларға патогендігі, экологиясы. Обаның зертханалық диагностикасы. Жедел түрде анықтау әдістері. Обаның ерекшелікті алдын алу. Бруцеллалардың жіктелуі, олардың сипаттамасы. Экологиясы. Бруцеллездың патогенезі, иммунитеттің ерекшеліктері. Бруцеллез патогенезіндегі аллергияның ролі. Бруцеллезде зерттелетін материал. Бруцеллездың зертханалық диагностикасы. Бруцеллезде қолданылатын пассивті гемагглютинация, комплементті байланыстыру, Хедделсон, Райт реакциялары. Бруцеллезды емдеу, анықтау және алдын алу үшін қолданылатын бакпрепараттар. Түйнеме қоздырғышының сипаттамасы. Экологиясы. Түйнеменің патогенезі. Иммунитет. Түйнемені зерттеу үшін қажетті материалдар. Түйнеменің зертханалық диагностикасы. Асколи реакциясы, оның маңызы, жасау техникасы. Түйнемені емдеу, анықтау және оның алдын алу үшін қажетті препараттар. Лептоспироз қоздырғыштары. Табиғаттағы резервуары. Лептоспирозбен зақымдалу жолдары. Зерттеуге арналған материал. Диагностика әдістері. Лептоспироздың ерекше сақтандыруы және емдеуі. Листериялар, қасиеттері, тұрақтылығы, патогенділігі. Листериозбен зақымдалу жолдары. Зерттеуге арналған материал. Диагностика әдістері. Листериоздың ерекше сақтандыруы және емдеуі.

 

Сабақ №22

Тақырыбы: Патогенді және шартты-патогенді коринебактериялар. Дифтерия қоздырғышы. Бордетеллалар. Көкжөтел мен паракөкжөтел қоздырғыштары. Зертханалық диагноз қою принципі. Арнайы алдын алуы және емдеуі.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Дифтерия қоздырғыштарының жіктелуі. Олардың қасиеттері. Нейссер әдісімен бояу. Дифтерия коринебактерияларының биоварлары мен сероварлары. Дифтерия коринебактерияларының дифтероидтардан айырмашылығы. Дифтерияның патогенезі. Токсиннің ролі. Колонизациялау факторлары. Дифтериядағы тасымалдаушылық. Дифтерияның лабораториялық диагностикасы. Токсигендікті анықтау. Иммунитет. Шик реакциясы. Дифтерияның серотерапиясы. Дифтерияның белсенді ерекше алдын алу. Көкжөтел қоздырғышының қасиеттері. Көкжөтел, паракөкжөтел және бронхисептика бордетеллалардың айырмашылығы. Көкжөтелдің патогенезі. Зертханалық диагностикасы. Көкжөтелдің ерекше алдын алу.

 

Сабақ №23

Тақырыбы: Патогенді және шартты-патогенді микобактериялар. Туберкулез. Алапес. Зертханалық диагноз қою принципі. Арнайы алдын алуы және емдеуі.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Микобактериялардың жалпы сипаттамасы. Тинкториалды қасиеттерінің, химиялық құрамының, қышқылдар мен сілтілерге тұрақтылығының ерекшеліктері. Циль-Нильсен бояу әдісі. Микобактериоздардың қоздырғыштары. Туберкулез қоздырғыштарының сипаттамасы. Туберкулез микобактерияларының патогенді факторлары және химиялық құрамы. Жұқпалы үрдістегі аллергияның ролі. Туберкулин. Иммунитет. Туберкулездің зертханалық диагностикасы. Қақырықты байыту (канықтыру). Микродақылдар әдісі. Туберкулездің химиотерапиясы және ерекше алдын алу. Алапестің қоздырғышы. Морфологиясының және дақылдық қасиеттерінің ерекшеліктері. Алапестің зертханалық диагностикасы. Алапесті емдеу және алдын алу препараттар.

 

Сабақ №24

Тақырыбы: Венерологиялық аурулар қоздырғыштары. Спирохеталар. Микоплазмалар. Хламидиялар. Зертханалық диагноз қою принципі. Алдын алуы және емдеуі.

 

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Спирохетаға жалпы сипаттама. Мерездің қоздырғышы. Жіктелуі, морфологиясы, өсіру, сыртқы ортаға тұрақтылығы. Инфекцияның берілу жолы. Туа пайда болған мерез. Мерезден кейінгі иммунитет. Мерезден сақтандыру. Зертханалық диагностика әдістері. Зерттелетін материал. Вассерман реакциясының құрамы, қою және бағалау. Вассерман реакциясының ерекшелігі. Тұнба реакциясының құрамы, қою және бағалау. Осы реакциялардың ерекшелігі. Адам патологиясындағы ролі. Микоплазмалар, құрылысының ерекшелігі. Хламидиялардың морфологиясы. Хламидиялар және микоплазмалар тудырған аурулар кезінде алынатын материалдар және диагностика әдістері.

 

Сабақ №25

Тақырыбы: Анаэробты инфекциялар қоздырғыштары. Зертханалық диагноз қою принципі. Арнайы алдын алуы және емдеуі.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Патогенді клостридиялардың жалпы сипаттамасы. Газды анаэробты инфекцияның қоздырғыштары. Газды гангренаның пайда болуы үшін қажетті шарттар. Патогенділіктің ферменттеріне және экзотоксиндеріне сипаттама беру. Түрлердің ерекше белгілерін айту. Газды анаэробты инфекцияның диагностика әдістері. Газды анаэробты инфекциядан арнайы емдеу және сақтандыру. Сіреспе қоздырғыштарының биологиялық қасиеттері. Жарақат кезінде адамға егілетін препараттарды атау және гетерогенді сарысулардың егу ережелерін білу. Сіреспеге қарсы сарысуды дайындау. Оның белсенділігінің өлшем бірліктері. Ботулизм қоздырғышының негізгі белгілері. Ботулиндік токсиннің қасиеті және оны анықтаудың зертханалық әдістері. Ботулизм қоздырғышының сероварлары. Ботулизмді емдеу және сақтандыру үшін қолданылатын препараттар.

 

 

Сабақ №26

Тақырыбы: Риккетсиялар, боррелиялар. Зертханалық диагноз қою принципі. Алдын алуы және емдеуі.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Қайталама сүзек қоздырғышының қасиеті және жіктелуі. Қайталама сүзектің көзі және жұғу механизмі. Иммунитет. Зерттейтін материалы. Қайталама сүзектің зертханалық диагностикасы. Риккетсиялардың жіктелуі және олардың негізгі биологиялық белгілері. Здродовский әдәсімен бояу. Өсіру әдістері. Эпидемиялық бөртпе сүзектің қоздырғыштарына сипаттама. Қоздырғыштың экологиясы. Зақымдау механизмі. Патогенезі және клиникасы. Зерттелетін жадығаттар және зертханалық диагностика әдістері. Серологиялық әдіс - зертханалық диагноз қою әдістерінің негізгісі. Эндемиялық бөртпе сүзек. Қоздырғышының сипаттамасы. Экологиясы, зақымдау механизмі. Патогенезі және клиникасы. Зертханалық диагностикасы. Ку-безгек қоздырғышының сипаттамасы. Экологиясы, жұғу жолдары, патогенезі және клиникасы. Зерттелетін жадығаты, зертханалық диагностика әдістері. Риккетсиоздардан арнайы сақтандыру.

 

Сабақ №27

Тақырыбы: Аралық бақылау: коллоквиум, тесттер, тәжірибелік дағдылар.

 

«Кокты және ішекті инфекция, зоонозды инфекциялар, анаэробтар спирохеталар, риккетсиялар» бөлімі бойынша коллоквиум сұрақтары

Стафилококтар. Морфологиялық, дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Стафилококтардың түрлері, айырмашылықтары. Экологиясы. Сыртқы орта факторларының әсеріне тұрақтылығы.

Іріңді-қабыну үрдістегі стафилококтардың этиологиялық ролі. Госпитальды стафилококты инфекция. Стафилококты инфекциялардың зертханалық диагностикасы. Материал, әдістер.

Стафилококтардың патогенді факторлары. Анықтау әдістері.

Стафилококты инфекциялардағы иммунитет. Емдеу және ерекше алдын алу.

Стрептококтар. Патогенді стрептококтардың түрлері. Морфологиялық, дақылдық, биохимиялық және антигендік белгілері. Гемолитикалық қасиеттерінің және антигендік құрылысының айырмашылықтары.

Стрептококтардың патогенді факторлары. Патологиядағы ролі.

Стрептококтардың ревматизм патогенезіндегі ролі. Стрептококтардың скарлатинаның этиологиясындағы ролі. Патогендік факторлары. Иммунитет.

Стрептококты инфекциялардың зертханалық диагностикасы, емдеу және сақтандыру әдістері.

Кокты сепсистің зертханалық диагностикасы.

Пневмонияның стрептококтары. Морфологиялық, дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Патогендік факторлары.

Пневмококты инфекциялардың зертханалық диагностикасы.

Менингококтар. Биологиялық қасиеттерінің сипаттамасы. Менингококты инфекцияның клиникалық түрлері.

Менингококты инфекциялардың зертханалық диагностикасы. Ерекше сақтандыру.

Гонококтар. Морфологиялық, дақылдық, биохимиялық қасиеттері. Сыртқы ортада тұрақтылығы. Таралу жолдары.

Жедел және созылмалы гонококты инфекциялардың зертханалық диагностикасы. Гоновакцина.

Энтеробактериялардың жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Морфологиялық, дақылдық, биохимиялық белгілері. Оларды өсіру үшін қажетті қоректік орталар.

Энтеробактериялардың экологиясы. Тұрақтылығы. Антигендері. Патогендік факторлары. Адам патологиясындағы ролі.

Эшерихиялар. Экологиясы, адам ішегіндегі физиологиялық ролі және санитарлы-көрсеткіштік маңызы. Адам патологиясындағы эшерихияның ролі.

Эшерихиялар. Морфологиясы. Дақылдық және биохимиялық белгілері. Эндо, Левин, Плоскирев орталарында өсуінің сипаттамасы. Антигендік құрылысы.

Адам патологиясындағы эшерихиялардың ролі. Иммунитет.

ЭПІТ. Серотоптары. Патогендік факторлары. Энтериттердегі этиопатогенетикалық ролі. Балаларды ішекті коли-инфекциялардан сақтандырудағы иммундыглобулиндердің ролі.

ЭТІТ. Серотоптары. Патогендік факторлары. Тырысқаққа ұқсас іштің өтуіндегі олардың этиопатогенетикалық ролі.

ЭИІТ. Серотоптары. Патогендік факторлары. Дизентерияға ұқсас колиттердегі этиопатогенетикалық ролі. Зертханалық диагностикасы.

Ішекті коли-инфекц

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Эффективная ставка зарплаты | Техника приготовления мазков
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 3770; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.358 сек.