КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Тақырып 14. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты
Лекцияның мақсаты: Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясатын толық қарастыру.
1.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. 2.Табыстардың құрылымы. 3.Аймақтық саясат. 1. Адамның экономикалық іс-әрекеті өз өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін материалдық база құруға мақсатталған. Адамдар экономикалық қызмет кезінде өзара тығыз байланыста болғандықтан, олардың өмір сүру жағдайы 1-1-іне әсерін тигізеді. Сондықтанда әрбір адамның өмір сүруіне ыңғайлы жағдай жасау талап етіледі. Осы көрсетілген қызмет әлеуметтік саясат болып табылады. Әлеуметтік саясат дегеніміз - жеке индивидтердің өмір сүруі үшін ыңғайлы шарттармен қамтамасыз етуде мемлекеттің жүргізетін іс-әрекеті. Әлеуметтік саясаттың 2 жақты рөлі бар: 1-ден, ол экономикалық өсуге байланысты құрылған ұлттық байлық азаматтар үшін ыңғайлы әлеуметтік жағдайларды құрудағы экономикалық қызметтердің басты мақсаты; 2-ден, әлеуметтік саясат- экономикалық өсу факторы. Әлеуметтік саясаттың нәтижелік көрсеткіштеріне жататындар: халықтың өмір сүру деңгейі; халықтың өмір сүру сапасы; тұтыну қоржыны; Күнелту минимумы. Нарыққа өту кезінде әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік кепілдіктер маңызды орын алады. Ондай кепілдіктерге жататындар: ең төменгі жалақы;ең төменгі зейнетақы; стипендия;жәрдем ақы; еңбек ету құқы; тегін және ақылы білім беру; дәрігерлік қызмет; еңбек ету жағдайына қарай берілетін жеңілдіктер; демалу құқы; мемлекет белгілеген механизм бойынша халықтың табысын индексациялау; жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік қорғау; меншікке және одан түскен табысқа иелік ету. Нарық экономикасы кезінде әлеуметтік саясатты жүргізу табысты құру және халықты жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау механизмдері арқылы жасалады. 2.Табыс дегеніміз- жеке қажеттілікті қанағаттандыратын игіліктер мен қызметтерді алу үшін тағайындалған және белгілі уақыт ішінде алынатын ақша қаражаттарының жиынтығы. Халықтың тұтыну деңгейі олардың табыс деңгейіне байланысты. Ақша табысын құрудың 3 негізгі көзі бар: еңбек ақы; меншіктен түсетін табыстар (дивиденд, процент, рента); әлеуметтік төлемдер. Нақты өмірде табыстың дұрыс бөлінбеуін “Лоренц қисығы” деп атайды. Табыстың 2 түрі бар: а) Номиналды табыс - жұмысшылардың атқарған қызметтері және жұмыстары үшін қолына алған ақша сомасы. ә) Нақты табыс - халықтың нақты тұтынатын игіліктерінің құны.
Дата добавления: 2013-12-14; Просмотров: 930; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |