Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Леуметтік саясат мәні және оны қортындылау көрсеткіштері




ТАҚЫРЫП 14. МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫ

2. Нарық экономикасындағы табыстар

3. Жұмыспен қамту саясаты және жұмыссыздық мәселелері

1. Адамның экономикалық іс-әрекеті өз өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін материалдық база құруға мақсатталған. Адамдар экономикалық қызмет кезінде өзара тығыз байланыста болғандықтан, олардың өмір сүру жағдайы 1-1-іне әсерін тигізеді. Сондықтанда әрбір адамның өмір сүруіне ыңғайлы жағдай жасау талап етіледі. Осы көрсетілген қызмет әлеуметтік саясат болып табылады.

Әлеуметтік саясат дегеніміз- жеке индивидтердің өмір сүруі үшін ыңғайлы шарттармен қамтамасыз етуде мемлекеттің жүргізетін іс-әрекеті.

Әлеуметтік саясаттың 2 жақты рөлі бар:

1-ден, ол экономикалық өсуге байланысты құрылған ұлттық байлық азаматтар үшін ыңғайлы әлеуметтік жағдайларды құрудағы экономикалық қызметтердің басты мақсаты;

2-ден, әлеуметтік саясат- экономикалық өсу факторы.

Әлеуметтік саясаттың нәтижелік көрсеткіштеріне жататындар:

1. халықтың өмір сүру деңгейі;

2. халықтың өмір сүру сапасы;

3. тұтыну қоржыны;

4. Күнелту минимумы.

Нарыққа өту кезінде әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік кепілдіктер маңызды орын алады. Ондай кепілдіктерге жататындар:

1. ең төменгі жалақы;

2. ең төменгі зейнетақы;

3. стипендия;

4. жәрдем ақы;

5. еңбек ету құқы;

6. тегін және ақылы білім беру;

7. дәрігерлік қызмет;

8. еңбек ету жағдайына қарай берілетін жеңілдіктер;

9.демалу құқы;

10.мемлекет белгілеген механизм бойынша халықтың табысын индексациялау;

11. жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік қорғау;

12. меншікке және одан түскен табысқа иелік ету.

 

2. Нарық экономикасы кезінде әлеуметтік саясатты жүргізу табысты құру және халықты жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау механизмдері арқылы жасалады.

Табыс дегеніміз- жеке қажеттілікті қанағаттандыратын игіліктер мен қызметтерді алу үшін тағайындалған және белгілі уақыт ішінде алынатын ақша қаражаттарының жиынтығы. Халықтың тұтыну деңгейі олардың табыс деңгейіне байланысты.

Ақша табысын құрудың 3 негізгі көзі бар:

1. еңбек ақы;

2. меншіктен түсетін табыстар (дивиденд, процент, рента);

3. әлеуметтік төлемдер.

Нақты өмірде табыстың дұрыс бөлінбеуін “Лоренц қисығы” деп атайды.

Табыстың 2 түрі бар:

а) Номиналды табыс - жұмысшылардың атқарған қызметтері және жұмыстары үшін қолына алған ақша сомасы.

ә) Нақты табыс - халықтың нақты тұтынатын игіліктерінің құны.

 

3. Жұмыспен қамтудың негізгі 2 түрі бар:

1. Толық жұмыспен қамту;

2. Тиімді жұмыспен қамту.

ҚР-ның “Жұмыспен қамту” заңына сәйкес жұмысшы күшіне:16-58 жас аралығындағы әйел адамдар және 16-63 жас аралығындағы ер адамдар жатады. Адамдарды 2 топқа бөлуге болады: экономикалық белсенді тұрғындар және экономикалық белсенділігі жоқ адамдар. Экономикалық белсенді адамдарды жұмыс күшіне жатқызамыз. Оларға: жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар жатады.

Жұмыспен қамтылғандар қатарына: 1 жеті ішінде өз кәсіпорындарында немесе ақыға жұмыс істеген адамдар, уақытша еңбекке жарамсыздар мен демалыстағылар, жеке кәсіпорындарда 15 сағат жұмыс істеген адамдар жатады.

Жұмыспен қамту саясатын жетілдіру үшін мемлекет еңьек биржаларын қолданады. Еңбек биржасы дегеніміз- жұмыс күші нарығында азаматтарды еңбекпен қамтамасыз ету кезінде арнайы қызметтер көрсететін бөлімше.

Еңбек биржаларының негізгі қызметтері:

1. жұмыссыздықты тіркеу;

2. бос жұмыс орындарын тіркеу;

3. жұмыссыздарға жұмыс тауып беру;

4. еңбек нарығы конъюктурасын зерттеу және ол туралы ақпараттар беру;

5. жұмыс алғысы келетіндерге тест жүргізу;

6. жұмыссыздарды кәсіби қайта дайындау;

7. жәрдемақы төлеу.

Жұмыссыздық дегеніміз - жұмыс күшінің 1 бөлігінің тауарлар мен қызметтер өндіруге қатыспауын көрсететін әлеуметті-экономикалық көрсеткіш.

Жұмыссыздық- өндірісте жұмыс істегісі келетін, еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылмауы. Жұмыссыздық нарықтық экономикада жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың бұзылуына байланысты пайда болады.

Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары:

1. жасырын немесе маусымдық жұмыссыздық;

2. фрикциондық жұмыссыздық;

3. құрылымдық немесе технологиялық жұмыссыздық;

4. циклдық жұмыссыздық;

5. көлеңкелі немесе ерікті жұмыссыздық.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Әлеуметтік саясат

2. Әлеуметтік саясаттың нәтижелік көрсеткіштері.

3.Аймақтық саясат.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Экономикалық теория негіздері (оқулық) Алматы, 2004 ж.

2. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория. Алматы Экономика,2003ж.

3. Шеденов Ө.К. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе, 2004ж.

4.Темірбекова А.Б.,Байжоланова К.С.Экономикалық теория негіздері. Алматы Экономика,2008ж.

5.Осипов М. Экономикалық теория негіздері. -Алматы, 2002

6.Шеденов У.К., Сағындықов Е.Н., Байжомартов У.С., Жұнiсов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Проф. Шеденов У.К. редакциясымен. Алматы-Ақтөбе, 2002

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-14; Просмотров: 742; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.016 сек.