КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Тақырып. Білім беру әлуметтануы
Модуль. Салалық әлеуметтану. Лекцияның мақсаты: өмірдегі өзгерістердің адам мен білім беру саласына қойлатын талаптарды түсіндіру. Негізгі ұғымдар: Білім беру, білім берудегі концепциялр.
Дәріс жоспары: 1. Білім беру дегі түрлі концепциялар. 2. Білім беру әлеуметтік бақылаудың құралы ретінде. 3. Білім беру процесінің сатылары: мектепке дейінгі, бастауыш мектеп, орта, жоғары.
Дәріс мазмұны: Білім әлеуметтік. қызмет тұрғысынан белгілі дәрежеде дербестігі бар жүйе, оның қоғамның дамуына және жұмыс істеуіне жігерлі түрде әсер ету қабілеті бар. Білім жүйесінің дамуы жэне қызметі қоғамның өндірістік тәсіліне, экономикалық қатынасына, олар арқьшы пайда болған әлеуметтік қатынастар мен әлеуметтік. құрылымға, саяси жэне идеологиялық қатынастарға байланысты. Білім берудің әлеуметтік проблемаларымен әлеуметтанулық бағыттардың барлық өкілдері айналысын келеді. Әлеуметтанулық теорияның бір бағыты білімнің қоғам еміріндегі жағымды қызметіне назар аударады. Э. Дюркгейм білім берудің әлеуметтік қырларын анықтау берді. өзінің бірқатар еңбектерінде ол білім берудің функционалистік бағдарын анықтады. Ең алдымен, білім буру жүйесінің өзекті қызметіне назар аударды. Осындай маңызды қызмет ретінде әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды қарастырды. Оның пікірінше білімнің негізгі қызметі мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа тарату, Э. Дюркгеймнің функционалдық (қызметтік) теориясы бойынша мәдени құндылықтар білім арқылы сақталады. Және бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріледі. Ол қоғам, оның мүшелері арасында болған жағдайда ғана өмір сұріп кеге алады деп тұжырымдайды. Екінші жағынан мұндай құндылықтарды жастарға беру оқушыларды оқу процесі кезінде соған қал.ыптастырады. Мұндай әлеуметтік өмірге деген көзқарастың бірлігі болмаса, ұжымдык тұрмыс, ынтымақ астында болмауы ықтимал. Кез келген қоғамның алдында тұрған мәселе жеке адамдарда құрылған бұқараны біріктіріп, белгілі бір әлеуметтік бірдікке қатысын анықтау Қазіргі заманда білім берудің формальды. жүйесі. (мектеп, колледж, т.б.) атқарып отырған қызметін (отбасы мен қатар құрбылар) кез келген әлеуметтік институт орындай алмайды. өйткені, отбасы мүшелері туыстық қарым-қатынастармен біріккен, ал қатар құбылыстар арасында жеке адамдар жақын адамды өзі таңдайды. Ал қоғам адамдарға туыстық немесе өзі ұнататын адамдар мен емес, оған мүлде қатысы. Жоқ адамдармен қызмет етеді. Сондықтан білім беру жүйесі адам басқа адамдар мен қалыпты жүйеленген ережелерге сай әрекет етеді. Бұл жағдай қоғамның қатаң әлеуметтік нормалары мен ережелеріне сай құбылыстарды көрсететін болады яғни білім мекемелерінде қалыптасқан нормалар мен ережелерді қадірлеу қалыптастырылады. Оқудың барлық процесі шәкірттерді әлеуметтендіруге бағытталған. Әлеуметтендіру процесінде барлық баланың туысынан адам болып қалыптасуы іске асырылады. Әлеуметтендіру процесінде баланың туысынан адам болып қалыптасуы іске асырылады. Әлеуметтендіру процесінде сан қилы құндылықтарды, түсініктерді игеруді керек етеді. Соның негізінде адамдардың күнделікті өмірі қалыптасады. Білім - осы процестің бір саласы. Сондықтан, білімді қоғамдық құндылытарды, дағдыларды жаңа тілімді бір адамнан немесе топтан келесі ұрпаққа беріп отыратын формальды процесс деп қарауға болады. Осылайша білім беру жүйесі қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтендіру факторына және кұралына айналады. Білім беру әлеуметтануы олардың өзара байланысы қоғамның рухани өмірі әрбір азаматтан жалпы, политехникалық компьютерлік білімді ғана талап етіп қоймайды, сонымен қатар арнаулы кәсіби мамандықтан икемділікті кажет етеді. Кәсіптік білім жеке тұлғаның, яғни әрбір адамның жан-жақты дамуының қажеттігі болып саналады. Кәсіптік білімнің қайсы бір түрі болмасын кәсіпті таңдаумен, бұл кәсіби бағытты жүргізумен тікелей байланысты. Кәсіби бағдарламаны жүргізу кең салада іске асырылады. яғни ол мектеп отбасынан бастап өндірісті де камтиды. Халық шаруашылығының шешуші салаларында әлеуметтік зерттеулер жүргізілген. Олардың қорытындысына қарағанда білім дәржесі жоғарлаған сайын жұмысшының да, инжинар-техникалық қызметкерлердің де жігерлігі арта түсуде. Олар өндірісте өнім шығарумен ғана айналысып қоймайды, оны басқаруга жаңа технологияны енгізге жігерлі түрде қатынасады, оны басқаруға жаңа технологияны енгізуге жігерлі түрде қатыасады, оларың өз ұжымдарын да жолдас- жораларының арасында беделі арта түспек. Кәсіби білімнің жеке адамның жеке басының өсіп дамып отыруын нығайтады, алғы шартты жасауға байланысты. Ол алғы шарттар - олардың жалақысының, материалдық жағдайларының төмендігі. Материалдық ынта білімді дамудың кәсіби шеберлікіі арттырудың бірден бір алғы шарты. Сонымен үздіксіз білім жеке адамның ғана емес әлеуметтік өмір талабы. Білімділік саналылықтың қажеттігі, ал мелекеттің күштері де соның әрбір мүшесінің саналылығына байланысты. Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингенті 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалім шығаратын 34 жоғры оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргізеді. Педагогтарды даярлауга арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грант 2004 жылы 6075-ке дейін өсті. Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен мүғалімдердің саны өсіп келеді. Алайда бұл әрбір мүғалімнің біліктілік арттыру курстарынан кемінде бес жылда бір рет өтуін міндеттейтін «Білім туралы» Қазакстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру үшін жеткіліксіз, оған сәйкес жыл сайын 54000 мұғалім біліктілігін арттырудан өтуге тиіс. Жоғары оқу орындарының түлектерін ауылдық жерлерде жұмыс істеуге тарту және орнықтыру тетігін әзірлей қажет. Жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері педагог кадрларының біліктілігін арттыруда жан-жақты пайдаланылмайды. Педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелерін шешу жөнінде шет елдермен тәжірибе алмасу нашар дамыған. Білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің жаңа білім-білікті игеруін материалдьтқ жэне моральдық тұрғыдан көтермелеу тетіктері тиімді түрде жеткілікті пайдаланылмайды, практикалық қызметке бағдарланған оқытудың белсенді тренингтік технологияларының енгізілуі нашар.
Дата добавления: 2013-12-14; Просмотров: 1865; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |