Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Х.25 протоколы базасындағы желілер

Виртуалды қосылулар базасындағы желілер.

ВИРТУАЛДЫ ҚОСЫЛУЛАР БАЗАСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛЕР

МОДУЛЬ 5 – ҚҰЖАТТАЛҒАН ЭЛЕКТР БАЙЛАНЫС ЖЕЛІЛЕРІ

13 ДӘРІС

Мазмұны:

1.Виртуалды қосылулар базасындағы желілер. Х.25 протоколы базасындағы желілер;

2. Frame Relay протоколы базасындағы желілер.

 

 

Біз виртуалды арналар базасындағы желілік технологияларды қарастырамыз, олар арналар коммутациясы мен пакеттер коммутацияларының желілері арасындағы ымыраға келтіруші болып табылады. Ең алдымен, бұл АТМ желілеріне жатады, бірақ алдымен Х.25 технологиясынан бастаймыз.

Дестелер (пакеттер) коммутациясының желілері (ДКЖ-СКП) Х.25 протоколының базасында 1970 жылдардың ортасы мен соңына қарай, алшақтатылған екі пунктер арасында аналогты беруші орта арқылы мәліметтерді таратуды қамтамасыз ету мақсатымен өңделіп шығарылды. Оларды пайдаланатын негізгі сала болып, терминалдар мен жұмыс істеуші компьютерлер (хосттар) арасындағы байланыс табылған. ITU-T жетілдірілген Х.25 протоколы ВОС моделінің үшінші (желілік) деңгейінің протоколы бола тұрып, желі арқылы пакеттерді жіберуді қамтамасыз етеді. Өзіне әр түрлі дестелер коммутациясы желілерінің желілік элементтерін жатқызатын Х.25 желісінің фрагменті 13.1 суретінде көрсетілген.

 

 

13.1 сурет - Х.25 желісінің фрагменті

 

Х.25 базасындағы желіде әр түрлі тұтынушылардың соңғы мәліметтер жабдығы арасындағы виртуалды жалғанулары орнатылады, яғни Х.25 технологиясы жалғануға бағытталған технология болып табылады.

Виртуалды жалғанулар режимі былай сипатталады, абоненттік желінің терминалдары арасында физикалық жалғану орындалмайды, ол жерде бір терминалдың басқа терминалға жүретін жолында орналасқан желінің барлық түйіндерінде жадыны сақтау арқылы виртуалды арна ұйымдастырылады. Бұл кезде виртуалды арналар ЖҚТфЖ секілді коммутацияланатын болуы мүмкін (Switched Virtual Circuit, SVC), немесе бөлектенген не болмаса жалға алынған арналарға ұқсас тұрақты (Permanent Virtual Circuit, PVC) болуы мүмкін.

Х.25 протоколында хабардың бүтіндігін сақтау тапсырмасы желіге міндеттелді, ол бөгеуге тұрақты кодаларды, желінің түйіндері арасындағы пакеттердің сұраныстары мен қайталануларын пайдалану арқылы жүзеге асырылды.

Дестелер коммутация желілеріндегі шлюздің қызметін атқаратын соңғы мәліметтер жабдығы мен мәліметтер арнасының аппараттары арасындағы жалғау ВОС моделінің үш төменгі деңгейлерін қамтамасыз етеді, нақтырақ айтар болсақ: физикалық (1), мәліметтер буыны (2) және желілік (3) деңгейлер.

(1) және (2) деңгейлерде қол жеткізу процедурасын анықтайтын протокол буынға қол процедурасы деп аталады (link access procedure, LAP). Мәліметтер буыны деңгейіндегі соңғы мәліметтер жабдығы мен мәліметтер арнасының аппараттары арасындағы ақпараттармен алмасу HDLC (High-level Data Link Protocol) протоколының негізінде, кадрлар деп аталатын, протоколды блоктардың көмегімен іске асырылады.

Кадрлар ұзындығы түрленуі мүмкін, алайда ұсынылған ұзындық 128-256 байт аралығында алынады. Айта кету керек, соңғы мәліметтер жабдығының функциялары абонент терминалында іске асырылады, ал мәліметтер арнасындағы аппараттардың функциялары модем арқылы ңске асады. 13.2 суретінде пайдалы жүктемені тасымалдау үшін тағайындалған ақпараттық кадрдың құрылымы көрсетілген.

Ақпараттық кадрдың құрамына жұмыс жасаушы өрістері мен пайдалы жүктеме өрісі кіреді. Жұмыс жасаушы өрістер кадрдың басы мен аяғында орналасады. Жұмыс жасаушы өрістер ұзындығының кадрдың ортақ ұзындығына қатынасы протоколды блоктың артық салмақта болуын пайыздық түрде аықтайды.

13.2 - сурет. Х.25 протоколындағы ақпараттық кадр форматы

 

Әрбір кадр басқа кадрды жалаудың көмегі арқылы анықтайды. Содан кейін адрес байты мен байқару байтынан тұратын екі байтты тақырып кетеді. Адрестік байт кадрдың бұйрық екендігін (мәліметтер жабдығы мен мәліметтер арнасының аппараттары арасындағы) немесе жай ғана үн қату екендігін анықтайды.

Бұл ақпарат байқару байтын түсіндіріп береді. Басқару байтының үш типі болады: ақпараттық (тек қана бұйрықтар) – пайдалы ақпараттарды жөнелтуге арналған кадрлар үшін, супервизорлы (тек қана бұйрықтар) – мәліметтер буынын басқару нұсқауларынан тұрады, нөмірленбеген (бұйрық/үн қату) басқарудың қосымша функцияларын атқаруға арналған. Тексерілетін тізбектелу (2 байт) циклдық кодаларды кодалау тәртіптеріне сәйкес құрылады.

Пайдалы жүктеме өрістері тек ақпараттық кадрларда ғана болады. Бұл өрісте үшінші желілік деңгейден келіп түсетін мәліметтер орналасады.

Желілік деігейдің негізгі жұмысы пакеттер деген атқа ие болған протоколды блоктарды жіберу болып табылады. Х.25 ұсынысы жұмыс жасайтын функцияларды да, сондай-ақ пайдалы ақпараттарды тасамалдайтын функцияларды да орындайтын, 20 астам пакеттердің типтерін анықтайды. Пакеттердің мүмкін болатын форматтарының жалпы санының ішінен пайдалы жүктемені тасымалдау үшін тек үшеуі ғана қолданылады. 13.3 суретінде мәліметтерді тасымалдауға арналған пакеттер мысалы келтірілген.

Мәліметтер тарату желісінде виртуалды жалғауды немесе мәліметтер жабдығы мен мәліметтер арнасының аппараттары түйісіндегі тұрақты виртуалды арнаны орнату кезінде локальді арна құралады, оған 15-тен аз немесе тең болатын топтық нөмір (ГНЛК), және де 255-тен аз немесе тең болатын арнаның өзінің нөмірі (НЛК) беріледі. Осылайша, теориялық тұрғыдан бір физикалық арнада 4095 дейін логикалық арналар ұйымдастыруға болады.

ГНЛК және НЛК нөмірлері оны орнататын фазадағы фиртуалды жалғауға меншіктеледі және де оған мәліметтермен алмасу фазасы бойы және алмасу аяқталғанша сақталады.

 

ИОФ – ортақ формат идентификаторы;

ГНЛК – логикалық арнаның топтық нөмірі;

НЛК – топтағы логикалық арна нөмірі;

P(R), P(S) – қабылданатын және жөнелтілетін пакеттер нөмірі;

М – «Мәліметтер жалғасы» символы

 

13.3 – сурет. Мәліметтер пакетінің форматы

 

ГНЛК және НЛК нөмірлері логикалықө арнаның теңетірушілері ретінде қызмет атқарады. Дестенің (пакет) мәліметтер өрісі (пайдалы жүктеменің) ақпараттық мәліметтерден тұрады, оның максималды көлемі 1 кбайттан аспайды.

Соңғы мәліметтер жабдығы пакеттік режимде жұмыс істейтін құрылғы түрінде болады, яғни соңғы мәліметтер жабдығының шығысында таратуға арналған пакеттер өңделеді және қабылдау режимінде пакеттер келіп түседі. Сонымен қатар, Х.25 желісімен асинхронды жалғануға арналған, төмен жылдамдықты дестелі (пакет) емес құрылғылармен қосылуға мүмкіндік бар. Бұнда й жағдайда пакеттерді жинаушы/шашушы (СРП - Packet Assembler/Disassembled, PAD) деп аталатын концентратор қолдану қажет болады. Өз аты айтып тұрғандай, СРП Х.25 кадрларын асинхронды терминалдарға немесе керісінше дайындайды және шешеді.

Х.28 протоколы асинхронды терминал мен СРП құрылғысы арасындағы ақпараттардың алмасу процедураларын анықтайды. СРП мен қашықтатылған соңғы мәліметтер жабдығының қарым-қатынасын қамтамасыз ететін протокол Х.29 протоколы түрінде белгілі болған.

Х.25 желісінің бір коммутаторы басқа Х.25 желісінің коммутаторымен Х.75 интерфейсі арқылы жалғана алады.

Х.25 протоколының ең басты жетістіктерінің бірі болып, салыстырмалы түрде көптеген терминалдар санын ондаған кбит/сек жылдамдықтағы желілік ресурстарды бөлу арқылы коммутаторға қосу мүмкіндігі табылады.

Қосылатын терминалдар саны коммутатордың немесе СРС (пакеттерді жинаушы/шашушының) өнімділімен анықталады. Бұл кезде жоғары сапалы емес жолдар қолданыла алады, өйткені протоколдың қателерді түзете алатын қабілеті бар.

Х.25 протоколының негізгі кемшілігі болып, баяу жылдамдығы табылады.

Біріншіден, Х.25 протоколын іске асыру көптеген бұйрықтарды, үн қатуларды, сұраныстар мен растауларды беру қажеттілігімен байланысты, яғни, пайдалы ақпаратты таратумеен байланысы жоқ, «қосымша шығындардың» көлемі өте жоғары.

Екіншіден, компьютерлік желілер үшін қажетті трафиктер шамадан тыс жүктемелерге ұшырауы мүмкін, сәйкесінше желілік тежелулердің көбеюіне әкеліп соғады.

Ақырында, Х.25 протоколы өңделіп жасалған телефон желілерінде қателіктер ықтималдылығы (мәліметтер тарату кезінде) үлкен орын алып тұр, ол пакеттердің жоғалуын және оларды қайта жіберу қажеттілігін туындататы. Жоғарыда айтылып өткен мәселелердің шешу үшін, Х.25 протоколының қысқартылған болжамы түрінде құралған Frame Relay технологиясы қамтамасыз етілді.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
ИТ – это система методов и способ сбора, накопления, обработки, хранения, передачи и использования информации | Frame Relay протоколы базасындағы желілер
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 785; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.018 сек.