Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Frame Relay протоколы базасындағы желілер

 

Х.25 протоколы 70-жылдардың аяғанда жетілдірілді де, аналогты телефон арналарында қолдану үшін есептелініп жасалды, яғни төмен сапалы арналарда, бұл осы протоколдың жоғарғы артық салмақты екендігін анықтады.

1980-жылдардың аяғында цифрлы арнасы және цифрлы коммутация түйіндері бар желілер пайда болды. Таратылулар сенімді, сәйкесінше жоғары жылдамдықта, қателіктер аз пайда бола бастады.

ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында стандартталған Frame Relay (кадрларды коммутациялау/ретрансляциялау) протоколы арнада қателіктер ықтималдығы мейлінше аз цифрлы арналарды кеңінен пайдалана бастағанда-ақ өңделе басталды.

Frame Relay технологиясында өте сенімді цифрлы мәліметтерді тарату артықшылықтары қолданылғандықтан, осы технология компьютерлік желілерде кең қолданыс тапты.

Х.25 технологиясы секілді Frame Relay протоколы да жалғауды орнатуға бағытталған. Frame Relay протоколы ВОС эталонды моделінің үш дейгейінде емес, тек алдыңғы екі деңгейінде ғана іске асырылған. Frame Relay технологиясында протоколды блок ретінде кадрлар қолданылады, олардағы пайдалы жүктеме өрісінің ұзындығы Х.25 протоколындағы 256 байтты кадрлармен салыстырғанда, 4096 байтқа дейін жоғарылайды.

Аналогты арналармен салыстырғанда цифрлы арналардың айтарлық жоғары бөгеуге тұрақтылығы Frame Relay технологиясын пайдалану кезінде бір қатар процедуралардан босауға мүмкіндік берді, әсіресе, коммутацияның аралық түйіндерінде кадрлардың бүтіндігін тексеру қажеттілігі, сәйкесінше Х.25 коммутация түйіндерінің өзара бір-бірлерімен алмастырып отыратын көптеген бұйрықтар, сұраныстар мен үн қатулар.

Frame Relay желілерінде мәліметтердің бүтіндігін қамтамасыз ету тапсырмасы желіге емес (Х.25 жағдайындағыдай), тұтынушының ғимаратында орналасқан аппаратураға артылған. Қателігі бар кадр белгілі болған жайдайда, бұл кадр қабылданатын соңғы құрылғыда лақтырылып тасталады.

Frame Relay технологиясы өте жоғары жылдамдықты мәліметтер тарату желілерін (56 кбит/с тан 34 Мбит/с дейін) құруға мүмкіндік береді. Frame Relay желілерінде кепілдендірілген тарату жылдамдығы (Committed Information Rate, CIR) түрінде анықталатын (Х.25 желісінен айырмашылығы) минималды биталы жылдамдықты кепілдендірілген қосымша қызмет түрлері жорамалданады.

Шамадан тыс жүктеме болмаған кезде, тұтынушы үшін аса жоғары жылдамдықты ақпараттар тарату (Excess Information Rate, EIR) қол жетімді болады, нәтижесінде таратылулардың орташа жылдамдығы CIR және EIR арасындағы мәндермен анықталады.

Жалпы айтқанда, соңғы құрылғылар функцияларын ескере отырып, Frame Relay пртоколы тұтынушылардың жеткізу уақытына қоятын талаптарын және де айтарлықтай жоғары жылдамдықтағы таратуларда ақпараттың анықтылығын қанағаттандырады.

Осы қасиеттер Frame Relay протоколын жалпы қолданыстағы желілерге арналған Х.25 протоколынан ажыратады, бұл Frame Relay протоколының жоғары өткізу қабілеттілігі бар өте тиімді жеке мәліметтерді тарату желілерін ұйымдастыру үшін кең қолданысты қамтамасыз етеді.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Х.25 протоколы базасындағы желілер | Материальные ценности, созданные человеком.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 643; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.139 сек.