Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий




СЕМЕЙ

Мазмұны

  1. Глоссарий
  2. Дәрістер
  3. Практикалық сабақтар
  4. Студенттердің өздік жұмысы

Неке - ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ;

Жалған неке - отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке;

Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға
жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;

Неке жасы – адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы;

Балалық шақ - кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі;

Мүліктің шарттық режимі - ерлі-зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгіленген меншігінің режимі;

Суррогат ана шарты - балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келісімін берген әйелдің арасындағы келісім;

Патронат – уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны;

Алименттер - алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты;

Отбасылық жағдай - некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы;

Материалдық жағдай - жалақының, зейнетақының, басқа да табыстардың болуы немесе болмауы; олардың мүлшері; мүліктің болуы; еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі; отбасының басқа мүшелерінен материалдық көмек алуы немесе алмауы;

Азаматтық хал актілері - адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын заңдық рәсімделген мән-жайлар;

Жақын туыстары - ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;

Қорғаншы (қамқоршы) - қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;

Қорғаншылық (қамқоршылық) – кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;

Репродукциялық денсаулық - адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денесаулығы;

Суррогат ана -суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бітіру, оны көтеру және туу.

2. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы

1 тақырып. Отбасылық құқықт туралы жалпы ереже

 

 

1.1. Отбасылық құқық: түсінігі, пәні, объектісі.

1.2. Отбасылық құқықпен реттелінетін қатынастар.

1.3. Отбасылық құқықтың қайнар көздері.

Отбасылық құқық – бұл неке, балалардың туылуы, туыстық және отбасылық жағдайында балаларды тәрбиелеуге алуға жол берілетін негізде пайда болатын азаматтардың арасындағы жеке және мүліктік қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Отбасылық құқықтың пәні болып отбасылық-неке қатынастарының жиынтығы табылады. Мұндай қатынастарға некеге тұру, некедегі ерлі-зайыптылырадың арасындағы қатынастар, ата-анасы мен балаларының, асырап алушылар мен асыранып алынушылардың арасындағы қатынастар, отбасы мүшелерінің арасындағы, сонымен қатар туыстарының арасындағы қатынастар жатады.

Отбасылық құқықпен мына қатынастар реттеледі:

Некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шартымен тәртібін белгілейді;

Отбасы мүшелерінің, ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарын-
да көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке
қатынастарды реттейді;

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;

Азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.

Отбасылық құқықтық қатынастардың объектілері ретінде жеке материалдық емес игіліктер, әрекеттер мен заттар болуы мүмкін. Отбасылық құқықтық қатынастардың объектісі көбіне кешенді болып келеді.

Жеке материалдық емес игіліктерге: тегі, аты, кәсібі, қызметі түрі және т.б. Жатқызылады.

Тәрбие – бұл әрекеттердің қатарына жатқызылады. Сонымен қатар ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен мүлкін басқару жөніндегі қызмет, ата-аналарына қамқорлық көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру және т.б. Жатқызылады.

Заттар құқықтық қатынас объектісі ретінде зат ретінде, ақшалай сома түрінде болуы мүмкін. Балалар отбасылық құқықтық қатынас объектісі ретінде қарастырылмайды.

Неке-отбасы құқығының негізгі қағидалары

Неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары:

Еркек пен әйелдің некелі одағының еріктілігі;

Ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;

Отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

Отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

Балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;

Отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;

Отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;

Отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру қағидаларына негізделеді.

 

Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылған неке ғана анылады. Некеге тұруы кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық
тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады. Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары тек заң негізінде және отбасы мүшелері мен өзге де азаматтардың денсаулығын, адамгершілігін, құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуі мүмкін.

Отбасылық құқығының қайнар көздері

Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, отбасылық құқық нормалары қамтылатын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Неке-отбасы заңдарымен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтық заңдар қолданылады, өйткені ол неке-отбасы қатынастарының мәніне қайшы келмейді. Жоғарыда аталған қатынастар заңдармен немеее тараптардың келісімімен реттелмеген және оларға қолданылатын әдет-ғұрып болмаған жағдайларда, бұл олардың мәніне қайшы келмейтіндіктен, мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін неке-отбасы және (немесе) азаматтық заңдардың нормалары (заң ұқсастығы) қолданылады. Аталған жағдайларда заң ұқсастығын пайда-лану мүмкін болмаса, неке-отбасы қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері неке-отбасы немесе азаматтықзаңдардыңжалпы негіздері мен мәні және адалдық, парасаттылық пен әділеттілік талаптары (құқық ұқсастығы) негізге алынып айқындалады.

Егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, азаматтар өздеріне тиесілі неке-отбасы қатынастарынан туындайтын құқықтарды, оның ішінде осы құқықтарды қорғауға
арналған құқықты өз қалауы бойынша қолданады. Неке-отбасы құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерді орындау отбасының басқа мүшелері мен құқықтың өзге субъектілерінің құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс. Неке-отбасы құқықтары заңмен қорғалады, бұған осы құқықтардың мақсатына қайшы келетін жағдайлар қосылмайды.

Неке-отбасы құқықтарын қорғауды азаматтық сот ісін жүргізу ережелері бойынша — сот, ал Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар немесе қорғаншы және қамқоршы органдар Заңның тиісті баптарында көзделген тәртіппен жүзеге асырады. Талап-арыздың ескіруі неке-отбасы қатынастарынан туындайтын талаптарға қолданылмайды, бұған бұзылған құқықты қорғауға арналған мерзім Заңмен белгі-ленген жағдайлар қосылмайды.

 

2 тақырып. Неке туралы ұғым

2.1. Некеге тұру шарттары мен тәртібі.

2.2. Некені тоқтату.

2.3. Некені бұзу.

Некеге тұру шарттары

Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.

Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады.

Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.

Араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар:

 

Біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;

Тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың);

Асырап алушылар мен асырап алғандардың;

Біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді.

 

Некеге туруға тілек білдіруші адамдарға медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультация беру мен тексеруді мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелері және некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана жүргізеді. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медициналық құпия болып
табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.

Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін. Неке қию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді.

Некені қию некеге туруға тілек білдірушілер азаматтық хал аюілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім еткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін. Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Азаматгық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады.

Некені тоқтату

Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімі күшін жойған жағдайда некені ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі мүмкін.

Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге отырса, некені қалпына келтіруге болмайды. Егер неке қию кезінде тараптарға (немесе тараптардың біреуіне) қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған жұбайы тірі екені белгілі болса, бұл ереже қолданылмайды.

 

Некені бұзу

Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мұмкін. Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға болмайды.

Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі. Ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлі-зайыптылардың екіншісін: сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса; сот әрекетке қабілетсіз деп таныса; қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса, неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылады.

Некенің бұзылуын мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органы азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізеді. Некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туындайтын даулар азаматтық хал актілерін жазу органдарында сот тәртібімен қаралады.

Некені сот тәртібімен бұзу:

- ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы;

- ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде;

- егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса;

- ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда жүргізіледі.

 

Сонымен қатар, егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке сот тәртібімен бұзылады. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда, сот ерлі-
зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі-зайыптыларға татуласу үшін үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы. Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болып шықса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені бұзуды талап етсе, неке бұзылады.

Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісімі болған жағдайда сот некені айырылысу себептерін анықтамай-ақ бұзады. Некені сот тәртібімен бұзу ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы арыз берген
күннен бастап кемінде бір ай өткен соң жүргізіледі. Ерекше жағдайларда сот аталғанынан кемірек мерзім белгілеуі мүмкін.

Некені сот тәртібімен бұзу кезінде ерлі-зайыптылар соттың қарауына кәмелетке толмаған балалар өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және
(немесе) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын асырауға қаражат төлеу тәртібі туралы, бұл қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы
келісім ұсына алады. Егер ерлі-зайыптылардың арасында өзара келісім болмаса, сондай-ақ ол келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталса, сот:

1) неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қайсысымен тұратындығын айқындауға;

2) балаларды асырауға алимент ата-аналардың қайсысынан және қандай мөлшерде өндіріліп алынатынын белгілеуге;

3) ерлі-зайыптылардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді жүргізуге;

4) екінші жұбайдан асырауға қаражат алуға құқығы бар жұбайдың талап етуі бойынша осы асырау қаражатының мөлшерін айқындауға міндетті.

 

Егер мүлікті бөлу үшінші бір адамдардың мудделерін қозғайтын болса, сот мүлікті жеке іс жүргізіліп бөлу туралы талапты жеке істе қозғауға құқылы.

Азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылатын неке азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің бұзылғандығы мемлекеттік тіркелген күннен бастап,
ал неке сотта бұзылған жағдайда — соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

Сот некені бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастал үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жердегі, сондай-ақ неке қию мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына жолдауға міндетті. Ерлі-зайыптылардың азаматтық хал актілерін жазу органында некенің бұзылғаны туралы куәлік алғанға дейін жаңадан некеге тұруға құқығы жоқ.

Некенің тоқтатылуымен ерлі-зайыптылардың, некелік қатынастарынан туындайтын жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері тоқтатылады.

 

3 тақырып. Некенің жарамсыздығы

3.1. Некені жарамсыз деп тану

3.2.Некенің жарамсыздығын болғызбайтын мән-жайлар.

 

Заңмен белгіленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ жалған жасалған жағдайда неке жарамсыз деп танылады. Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін. Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, соңғысы сотқа некені жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінуге
құқылы. Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді. Сот некені жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімімен некеге тұру мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына көшірме жіберуге міндетті. Некенің жарамсыздығы оның қиылған күнінен бастап танылады.

Некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар:

- егер неке жасына толмаған адаммен неке кәмелетке толмаған жұбайы, оның ата-анасы (олардың орнын басатын адамдар), қорғаншы және қамқоршы орган немесе прокурор құқылы. Кәмелетке толмаған жұбай он сегіз жасқа толғаннан кейін некені жарамсыз деп тануды талап етуге тек оның өзі ғана құқылы;

- егер некеге тұруға ерлі-зайыптылардың бірінің ерікті келісімі болмаған жағдайда: мәжбүр ету, алдау, қателесу немесе өзінің жай-күйінің салдарынан некеге тұруды мемлекеттік тіркеу кезінде өзінің әрекеттерінің маңызын түсінбей және өзін-өзі билей алмауы себепті неке қиылған болса, некеге тұру арқылы құқығы бұзылған жұбай, сондай-ақ прокурор;

- некені қиюға кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін білмеген жұбай, әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, оның алдындағы бұзылмаған неке бойынша жұбайы, Заң талаптарын бұза отырып қиылған
неке арқылы құқықтары бұзылған басқа да адамдар, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы орган мен прокурор;

- жалған некеге тұру жағдайында прокурор, сондай-ақ некенің жалғандығы туралы білмеген жұбайы;

- сонымен қатар аталған мән-жайлар болған кезде құқығы
бұзылған жұбай құқылы.

Неке жасына толмаған адаммен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезінде іске қатысуға қорғаншы және қамқоршы орган тартылады.

Некенің жарамсыздығын болғызбайтын мән-жайлар

Егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтке заңға орай оның қиылуына кедергі жасаған мән-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды. Егер кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделері талап етсе, сондай-ақ оның некені жарамсыз деп тануға келісімі болмаған жағдайда сот неке жасына толмаған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас тарта алады. Егер мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені жалған деп тани алмайды. Ерлі-зайыптылардың арасында заңмен тыйым салынған туыстық дәрежесі болған не некені тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың біреуі басқа бұзылмаған некеде тұрған жағдайларды қоспағанда, некені ол бұзылғайнан кейін жарамсыз деп тануға болмайды.

Сот жарамсыз деп таныған неке, ерлі-зайыптылардың Заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін туғызбайды. Некесі жарамсыз деп танылған адамдар бірлесіп сатып алған мүліктің құқықтық режимі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің үлестік меншік туралы ережелерімен реттеледі. Ерлі-зайыптылар жасасқан неке шарты жарамсыз деп танылады.

Некені жарамсыз деп тану мұндай некеде туған немесе неке жарамсыз дәл танылған күннен бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған балалардың құқығына нұқсан келтірмейді.

Некені жарамсыз деп тану туралы шешім шығарған кезде сот некені жарамсыз деп тану үшін негізге алынған мән-жайлардан некеге тұру кезінде бейхабар болған жұбайдың (адал ниетті жұбай) екінші жұбайдан асырауға қаражат алу құқығын тануға құқылы, ал некені жарамсыз деп таныған кезге дейін бірлесіп сатып алынған мүлікті бөлуге қатысты, сондай-ақ неке шартын толық немесе ішінара жарамды деп тануға құқылы. Адал ниетті жұбай азаматтық заңдарда көзделген ережелер бойынша өзіне келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы. Адал ниетті жұбай некені жарамсыз деп таныған кезде өзі неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде таңдаған тегін сақтап қалуға құқылы.

 

 

4 тақырып. Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері

4.1.Ерлі-зайыптылардың мүлкінің заңды режимі.

4.2.Ерлі-зайыптылардың шартты режимі.

 

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауда ерікті. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы
өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық
жасауға міндетті.

Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Егер ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді. Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің
некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы.

 

Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі

Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың шаруа (фермерлік) қожалығы мүшелерінің бірлескен
меншігі болып табылатын мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 224 және 225-баптарымен белгіленеді.

Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардьи әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және
жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлеістер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі
болып табылады. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұран кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді
себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде ерлі-зайыптылардьің бірі мәмілелер жасасқан кезде екінші жұбайының келісімі керек болады. Ерлі –зайыптылардың біреуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде жасасқан мәмілесін сот басқа жұбайдың келісімі болмауын дәлел етіп, тек оның талап етуімен ғана және басқа тараптың мәміле жөнінде білгендігі немесе осы мәмілені жасасуға басқа жұбайдың күні бұрын білуі тиіс екендігі дәлелденген жағдайларда ғана жарамсыз деп тануы мүмкін.

Ерлі-зайыптылардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету женінде мәміле мен нотариаттық куәландыруды және (немесе) заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді талап ететін мәміле жасауы үшін басқа жұбайдың нотариат куәландырған келісімін алуы қажет. Аталған мәміле жасауға нотариат куәландырған келісімі алынбаған жұбай осы мәміленің жасалғандығы туралы өзі білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл ішінде мәмілені сот тәртібімен жарамсыз деп тануды талал етуге құқылы.

Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі:

- некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік;

- ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі;

- қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқ-киім және басқалар) табылады.

Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы
мүмкін. Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құнын едәуір арттыратын салыным жүргізілгені (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және с.с.) Анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу ерлі-зайыптылардың кез келгенінің талап ету бойынша неке кезеңінде де, ол бұзылғаннан кейін де, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы несие берушінің талабын мәлімдеуі
жағдайында да жүргізілуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ерлі-зайыптылар арасында олардың келісімі
бойынша бөлінуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың қалауы бойынша олардың ортақ мүлікті бөлу туралы келісімі нотариат арқылы куәландырылуы мүмкін. Дау туған жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу, сондай-ақ ерлі-
зайыптылардың сол мүліктегі үлестерін анықтау сот тәртібімен жүргізіледі. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде сот ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлік берілуге тиіс екендігін анықтайды. Егер ерлі-зайыптылардың біреуіне құны оған тиесілі үлестен асатын мүлік берілсе, басқа жұбайға тиісінше ақшалай немесе өзге де өтемақы берілуі мүмкін.

Кәмелетке толмаған балалардың ғана қажеттерін қанағаттандыру үшін сатып алынған заттар (киім-кешек, аяқ киім, мектеп және спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, балалар кітапханасы және басқалары) бөлінуге жатпайды және бала бірге тұратын жұбайға өтемақысыз беріледі. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен ерлі-зайыптылар өздерінің кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына салған салымдары сол балаларға тиесілі болып есептеледі және ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлген кезде есепке алынбайды.

Ерлі-зайыптылардың неке кезеңіндегі ортақ мүлкін бөлген жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің бөлінбеген бөлігі, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың одан кейінгі неке кезеңінде тапқан мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігін құрайды. Некесі бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы ерлі-зайыптылар талабына талап-арыз мерзімі етуінің үш жылдық мерзімі қолданылады.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше кезделмесе, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады. Сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін негізге ала отырып және (немесе) ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін негізге ала отырып, егер жұбайлардың бірі дәлелсіз еебептермен табыс таппаса немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін отбасының мүдделеріне залал келтіріп жұмсаса, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлестерінің теңдігі негізін ескермеуге құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ борыштары олардың арасында өздеріне берілген үлеске қарай бөлінеді.

Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі

Неке шарты дегеніміз - некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім танылады.

Неке шарты некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де, неке кезеңіндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкін. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс.

Ерлі-зайыптылар неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен, үлестік немесе бөлектелген меншік режимін белгілеуге құқылы. Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін. Неке шартында ерлі-зайыптылар өзара күтіп-бағу жөніндегі ез құқықтары мен
міндеттерін, бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін, олардың әрқайсысының отбасылық шығындар жасау тәртібін айқындауға; неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына берілетін мүлікті белгілеуге, сондай-ақ неке шартына ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелерді енгізуге құқылы.

Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттер белгілі бір мерзімдермен шектелуіне белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін. Неке шарты ерлі-зайыптылардың құқық қабілетін немесе әрекет қабілеттілігін, олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды; ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды, ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды; еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайдың асырау қаражатын алуға құқығын шектейтін жағдайды көздей алмайды;
ерлі-зайыптылардың біреуін өте қолайсыз жағдайға қалдыратын немесе неке-отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін басқа да жағдайларды қамти алмайды.

Неке шарты ерлі-зайыптылардың келісім бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады. Неке шартын орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді. Ерлі-зайыптылардың біреуінің талап етуі бойынша неке шарты Қазақстан Рес-
публикасының Азаматтық кодексінде неке шартын өзгерту және бұзу үшін белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша соттың шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартында, неке тоқтатылғаннан кейінгі кезеңге арналып көзделген міндет-
терді қоспағанда, неке шартының қолданылуы неке тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.

Неке шартын сот Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мәмілелердің жарамсыздығы үшін көзделген негіздер бойынша толық немесе ішінара жарамсыз деп тануы мүмкін. Егер шарттың талаптары ерлі-зайыптылардың бірін өте қолайсыз жағдайда қалдыратын болса, олардың бірінің талап етуі бойынша да сот неке шартын толық
немесе ішінара жарамсыз дел тануы мүмкін.

Ерлі-зайыптылардың біреуінің міндеттемелері бойынша өндіріп алу тек сол жұбайының мүлкіне ғана жасалуы мүмкін. Бұл мүлік жеткіліксіз болған жағдайда несие беруші өзіне өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде борышкер жұбайға тиесілі болатын борышкер жұбайдың үлесін бөліп беруді талап етуге құқылы. ¤ндіріп алу ерлі-зайыптылардың ортақ міндеттемелері бойынша, сондай-ақ сот ерлі-зайыптылардың біреуінің міндеттемелері бойынша алынғандардың бәрі отбасының қажеттеріне пайдаланғандығын анықтаса, ерлі-зайыптылардың біреуінің міндеттемелері бойынша да ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен жасалады. Бұл мүлік жеткіліксіз болған жағдайда ерлі-зайыптылар аталған міндеттемелер бойынша өздерінің әрқайсысының мүлкімен бірлесе отырып жауапты болады. Егер соттың үкімімен ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ерлі-зайыптылардың біреуі қылмыстық жолмен алған қаражат есебінен сатып алынғаны немесе көбейтілгені анықталса, өндіріп алу тиісінше ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен немесе оның бір бөлігінен жасалуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары келтірген зиян үшін жауапкершілігі азаматтық заңдармен белгіленеді.

Борышкер жұбайдың несие берушісі (кредит берушілері) айтарлықтай өзгерген мән-жайларға байланысты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы беліы) 401-404-баптарында белгіленген тәртіппен ерлі-зайыптылар арасында жасалған неке шартының талаптарын өзгертуді немесе оны бұзуды талап етуге құқылы.

 

5 тақырып. Отбасы

5.1.Отбасы туралы жалпы ұғымы. Баланың туу тегін белгілеу.

5.2. Әкелікті сот тәртібімен белгілеу.

Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.

Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді.

Баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы белгілейді. Бір-бірімен некеде тұратын адамдармен туған баланың туу тегі ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған кезден бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады.

Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы баланың әкесі мен анасының азаматтық хал актілерін жазу органына бірлесіп арыз беруі жолымен; ана-
сы қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларды немесе ол ата-ана құқығынан айырылған жағдайда — қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен бала әкесінің арызы бойынша, мұндай келісім болмаған жағдайда — сот шешімімен белгіленеді.

Әке болуды анықтау туралы бірлесіп арыз беру бала туғаннан кейін мүмкін емес немесе қиын деп ұйғаруға негіз беретін мән-жайлар болған кезде болашақ баланың бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-анасы анасы жүкті болған кезде азаматтық хал актілерін жазу органына сондай арыз беруге құқылы. Баланың ата-анасы туралы жазба бала туғаннан кейін жасалады. Егер анасының күйеуі емес еркектің әке екендігі анық болып шықса, анасы босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңдердің ішінде өзін асырау жөніндегі шығындарға одан тиісті ақша қаражатын сот тәртібімен талап етуге құқылы. Ақша қаражатының мөлшерін тараптардың материалдық, отбасылық және назар аударуға тұрарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, ақша қаражатын төлеу кезінде қолданылып жүрген есептік көрсеткіштің еселенген арақатынасымен сот белгілейді.

Он сегіз жасқа (кәмелетке) толған адам жөнінде әке болуды белгілеуге оның келісімімен ғана, ал егер ол әрекетке қабілетсіз деп танылған болса, оның қорғаншысының немесе қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен ғана жол
беріледі.

Әкелікті сот тәртібімен белгілеу

Бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-аналардан бала туған жағдайда және ата-ананың бірлескен арызы немесе бала әкесінің арыз болмаған кезде баланың нақты адамнан туу тегі (әке болуды) ата-аналарының біреуінің, бала қорғаншысының (қамқоршысының) арызы бойынша немесе баланы асырап отырған адамның арызы бойынша, сондай-ақ баланың кәмелетке толғаннан кейінгі өз арызы бойынша сот тәртібімен белгіленеді. Бұл жағдайда сот баланың нақты адамнан туу тегін анық растайтын айғақтарды ескереді.

¤зін баланың әкесімін деп таныған, бірақ баланың анасымен некеде тұрмаған адам қайтыс болған жағдайда оның әке екенін тану фактісі азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша сот тәртібімен белгіленуі мүмкін.

Бір-бірімен некеде тұратын әке мен ана туу туралы жазбалар кітабына олардың кез келгенінің арызы бойынша баланың ата-анасы болып жазылады. Егер ата-ана бір-бірімен некеде тұрмаса, баланың анасы туралы жазба анасының арызы бойынша, ал баланың әкесі туралы жазба баланың әкесі мен анасының бірлескен арызы бойынша немесе бала әкесінің арызы бойынша жүргізіледі немесе әкесі соттың шешіміне сәйкес жазылады. Бала некеде тұрмайтын анадан туған ретте, ата-ананың бірлескен арызы болмаған жағдайда немесе әке болуды анықтау туралы сот шешімі болмаған жағдайда туу туралы жазбалар кітабында бала әкесінің тегі анасының тегі бойынша, бала әкесінің аты-жөні — бала анасының көрсетуі бойынша жазылады.

Некеде тұратын және бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға жазбаша түрде өз келісімін берген адамдар осы әдістерді
қолдану нәтижесінде өздерінде бала туған жағдайда туу туралы жазбалар кітабына оның ата-анасы болып жазылады. Суррогат ана мен бойға бала бітірудің жасанды әдістері мәселелерін құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

Туу туралы жазбалар кітабына ата-ананы жазу баланың әкесі немесе анасы ретінде жазылған адамның, іс жүзінде баланың әкесі немесе анасы болып табылатын адамның, бала кәмелетке толғаннан кейін оныңөзінің, бала қорғаншысының (қамқоршысының), сот әрекетке қабілетсіз деп таныған ата-ана қорғаншысының талап етуі бойынша тек сот тәртібімен ғана даулануы мумкін. Баланың әкесі болып жазылған адамның әке болуына дау туғызу туралы талабы, егер жазу кезінде бұл адамға оның іс жүзінде баланың әкесі емес екендігі айқын болса, қанағаттандырылмайды. Заңда белгіленген тәртіппен бойға бала бітірудің жасанды әдідін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға жазбаша түрде келісім берген жұбайдың әке болуды даулау кезінде осы мән-жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ.

Басқа әйелге эмбрион имплантациясына келісім берген ерлі-зайыптылардың, сондай-ақ суррогат ананың туу туралы жазбалар кітабына ата-аналар жазылғаннан кейін ана және әке болуды даулау кезінде осы мән-жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ. Әке екені белгіленген жағдайда балалардыңц ата-аналары мен олардың туыстарына қатысты бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған балалардағы сияқты құқықтары мен міндеттері болады.

 

6 тақырып. Баланың құқықтары

6.1. Баланың жеке құқықтары.

6.2.Баланың мүліктік құқықтары.

6.3. Баланың қорғалу құқығы.

 

Баланың жеке құқықтары.Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады. Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.

Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.

Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын белгіленген тәртіппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.

Баланың ата-анасының екеуімен де аталарымен, әжелерімен, аға-інілерімен, апа-сіңлілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы не-
месе ата-анасының бөлек туруы баланың құқығына әсер етпеуге тиіс. Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Қысыл-таяң жағдайға (ұсталу, тұтқындалу, қамауға алыну, емдеу мекемесінде болу және т.с.с) ұшыраған баланың заңда белгіленген тәртіппен өзінің ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.

Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, ескерілуге міндетті. Заңда көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы органдар немесе сот он жасқа толған баланың келісімімен ғана шешім қабылдай алады.

Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар. Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келісімі бойынша қойылады, аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі. Әкесі атын өзгерткен жағдайда оның кәмелетке толмаған балаларының әкесінің аты-жөні өзгереді, ал кәмелетке толған балалардың әкесінің аты-жөні бұл туралы өздері арыз берген жағдайда өзгертіледі. Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Ата-анасының тегі әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-анасының тілегі бойынша балалардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесінің немесе атасының атынан шығарылуы мүмкін. Баланың атына және (немесе) тегіне қатысты ата-ананың арасында туындаған
келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі. Егер әкесі белгіленбесе, баланың аты анасының көрсетуі бойынша қойылады,
әкесінің аты-жөні баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша, тегі - анасының тегі бойынша беріледі. Егер ата-анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, аты-жөнін қорғаншы және қамқоршы орган қояды.

Ал егер, ата-анасының екеуі де тегін өзгерткен жағдайда кәмелетке толмаған балалардың тегі де өзгереді. Бала он алты жасқа толғанға дейін ата-анасының бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы баланың мүдделерін негізге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берілген текті басқа ата-ананың тегіне өзгертуге рұксат беруге құқылы.

Неке тоқтатылған немесе неке жарамсыз деп танылған жағдайда балалар өздеріне туған кезде берілген тектерін сақтап қалады. Егер ата-анасы бөлек тұрса және бала бірге тұратын ата-анасының біреуі оған өзінің тегін бергісі келсе, азаматтық хал актілерін жазу органы бұл мәселені баланың
мүдделеріне қарай және ата-ананың екіншісінің пікірін ескере отырып, шешеді. Ата-ананың тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған, ол ата-ана құқығынан айырылған, әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, сондай-ақ ата-ана баланы асырап-бағу
мен тәрбиелеуден дәлелді себептерсіз жалтарған ретте оның пікірін ескеру міндетті емес. Егер бала бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардан туған болса және әкесі
заңды тәртіппен белгіленбесе, азаматтық хал актілерін жазу органы, баланың мүдделерін негізге ала отырып, оның тегін анасының осындай өтініш жасаған кездегі соның
тегіне өзгертуге рұқсат етуге құқылы. Он жасқа толған баланың атын және (немесе) тегін оның келісімімен ғана өзгертуге болады.

Баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен айқындалады. Егер ата-анасының ұлты әртүрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының куәлігі немесе паспорт берілген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен
айқындалады. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата-анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін.

 

Баланың мүліктік құқықтары. Баланың заңмен белгіленген тәртіппен және мөлшерде өзінің ата-анасынан және отбасының басқа да мүшеперінен асырау қаражатын алуға құқығы бар. Балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар ретінде тиесілі сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билік етуіне келіп түседі және оны олар баланы асырап-бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсайды. Баланың өзі сыйға немесе мұрагерлік тәртібімен алған кірістерді, мүлікті, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлікті меншіктенуге құқығы бар. ¤з еңбегінен кіріс алған бала, егер ол ата-анасымен бірге тұрса, отбасын асырау жөніндегі шығыстарға қатысуға құқылы. Баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 22 және 23-баптарымен белгіленеді.

Баланың ата-ана мүлкіне меншік құқығы болмайды, ата-ананың баланың мүлкіне меншік құқығы болмайды. Бірге тұратын балалар мен ата-аналар бір-бірінің мүлкін өзара келісім бойынша иеленіп, пайдалана алады.

Ата-аналар мен балалардың ортақ меншік құқығы пайда болған жағдайда олардың ортақ мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы азаматтық заңдарда белгіленеді.

 

Баланың қорғалу құқығы. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар. Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата-анасы (олардың орнындағы адамдар), ал осы заңда көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады. Кәмелетке толғанға дейін заңға сәйкес әрекетке толық қабілетті деп танылған кәмелетке толмаған адамның өз құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде қорғалу құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқығы бар.

Баланың ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы бар. Баланың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде ата-анасының (олардың біреуінің немесе олардың орнындағы адамдардың) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу, оған білім беру жөніндегі міндеттерін орындамауы кезінде немесе тиісті дәрежеде орындамауы кезінде не ата-ана (қорғаншы, қамқоршы) құқығын теріс пайдалану кезінде бала қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғанда — сотқа өзінің құқықтарын қорғау үшін өз бетінше өтініш жасауға құқылы. Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгендігі туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған ұйымдардың лауазымды адамдары мен өзге де азаматтар ол жөнінде баланың іс жүзінде тұратын жері
бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті. Мұндай мәліметтерді алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.

 

7 тақырып. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

7.1.Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері.

7.2. Ата-ана құқығынан айыру және шектеу.

 

Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері (ата-ана құқықтары) тең болады. Ата-ана құқықтары балалары он сегіз жасқа (кәмелетке)
толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады.

Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласымен бірге тұруға және оны тәрбиелеуге қатысуға құқығы бар. Некеге тұрмаған, кәмелетке толмаған ата-аналар олар бала туған жағдайда және олардың ана және (немесе) әке болуы анықталған жағдайда өздері он алты жасқа толғанда ата-ана құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата-аналар он алты жасқа толғанға дейін қорғаншы және қамқоршы орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бірге оны тәрбиелеуді жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-ананың арасында туындаған келіспеушілікті қорғаншы және қамқоршы орган шешеді.

Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке және ана болуын мойындауға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-ақ олардың он төрт жасқа толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларына қатысты әке болуын анықтауды талап етуге құқығы бар.

Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар.

Балалардың тәрбиесімен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардың өз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.

Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге
құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайдылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға, оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін шешуге қатысуға құқығы бар. Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау баланың дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтірмесе, баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі болмауға тиіс.

Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата-аналарының келісімімен белгіленеді. Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді. Бұл орайда сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-інілері мен апа-сіңлілеріне (қарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасында орын алған қатынастарды, олардың дамыту және тәрбиелеу үшін балаға жағдай жасау мүмкіндігін (ата-аналар қызметінің түрі, жұмыс режимі, материалдық және отбасылық жағдайы және т.с.с) ескереді.

Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқығын жүзеге асыру тәртібі туралы жазбаша түрде келісім жасасуға құқылы. Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, ата-аналардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша дауды қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен сот шешеді. Соттың шешімі орындалмаған жағдайда кінәлі ата-анаға заңдарда көзделген шаралар қолданылады. Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек тұратын ата-ананың талап етуі бойынша сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, баланы соған беру туралы шешім шығара алады.

Баласынан бөлек тұратын ата-ананың өз баласы туралы тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар. Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қатер болған жағдайларда ғана бас тартылуы мүмкін. Ақпарат беруден бастартуға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.

Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізінсіз баланы өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымдануға құқылы. Бұл тараптарды қарау кезінде сот баланы ата-анасына беру баланың мүдделеріне сай келмейді деген қорытындыға келсе, баланың пікірін ескере отырып, ата-анасының талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

Егер сот ата-анасының да, бала қолындағы адамның да оның дұрыс тәрбие алуы мен дамуын қамтамасыз етуге жағдайы жоқ екендігін анықтаса, сот баланы қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына береді.

 

Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу

Ата-ана өз құқықтарынан мына жағдайда айырылуы мүмкін. Егер ата-аналар (олардың біреуі):

- ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса;

- өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса;

- өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;

- балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;

- заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

 

¤з балаларының не жұбайының өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің (олардың орнын-дағы адамдардың), кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың (қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің және басқаларының) арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың тапабы бойынша қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді. Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата-аналардың
(олардың біреуінің) іс-әрекетінен қылмыстық жазаланатын әрекетті байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткізуге міндетті. Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күннің ішінде бұл шешімнің көшірмесін баланың тууын мемлекеттік тіркеу
орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы мен қорғаншы және қамқоршы органға жолдауға міндетті.

Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде одан асырауға қаражат алу, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқықтарынан айырылуға әкеп соғады. Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайды, ол баланы асырап алу арқылы тоқтатылады. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрі бірге тұруы
туралы мәселе сот тәртібімен шешіледі. Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған бала ата-анасымен және басқа да туыстарымен туыстық фактісіне, оның ішінде мұра алу құқығына негізделген тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану
құқығын, сондай-ақ мүліктік құқықтарын сақтап қалады. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе ата-анасының екеуі де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына беріледі. Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарының (олардың біреуінің) өтініші бойынша қорғаншы және қамқоршы орган, егер бұл балаға зиянды ықпал етпесе, баламен жолығуға рұқсат ете алады. Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда баланы асырап алуға ата-ананы (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы
сот шешім шығарған күннен бастап кемінде алты ай өткенде жол беріледі.

Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру. Егер ата-аналар (олардың біреуі), мінез-құлқын, тұрмыс салтын және баланы тәрбиелеуге көзқарасын өзгертсе, олардың ата-ана құқықтары қалпына келтірілуі мүмкін. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы істер қорғаншы және қамқоршы органдардың, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады. Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың мүдделеріне қайшы келсе, сот баланың пікірін ескере отырып, ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы ата-ананың (олардың біреуінің) талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы. Он жасқа толған бала жөніндегі ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың келісімімен ғана жасалуы мүмкін. Егер бала асырап алынған болса және баланы асырап алудың күші жойылмаса, ата-ана құқықтарын қалпына келтіруге жол берілмейді.

Сот баланың мүддесін ескере отырып, баланы ата-анадан (олардың біреуінен) оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешім шығара алады. Егер баланың ата-аналармен (олардың біреуімен) қалуы:

- ата-аналарға (олардың біреуіне) байланысты емес мән-жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән-жайлардың және с.с. Салдары) бойынша бапа үшін қауіпті болса;

- олардың мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса, алайда ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі. Егер ата-аналар (олардың
біреуі) өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншы және қамқрршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана
құқықтарынан айыру туралы талап қоюға міндетті.

Баланың мүдделеріне сәйкес қорғаншы және қамқоршы орган осы мерзім аяқталғанға дейін ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға құқылы. Ата-ана құқықгарын шектеу туралы талапты баланың жақын туысқандары, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау міндеті заңмен жүктелген органдар
мен мекемелер, мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін және басқа да мекемелер, сондай-ақ прокурор қоя алады. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы, істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер қаралған кезде сот ата-аналардан (олардың біреуінен) балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешуге құқылы.

Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аталар баланы жеке өзі тәрбиелеу құқығынан айырылады, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқығынан да айрылады. Ата-ана құқықтарын шектеу ата-аналарды баланы асырау жөніндегі міндеттерден босатпайды. ¤зіне қатысты ата-аналарының (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары шектелген бала тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтап қалады, сондай-ақ ата-аналары және басқа да туысқандарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқығын, соның ішінде мұра алу құқығын сақтап қалады. Ата-анасының екеуінің де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқоршылығына беріледі.

Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналарға, егер олар балаға зиянды әсерін тигізбесе, баламен қатысуға рұқсат етілуі мүмкін. Ата-аналардың баламен қатысуына қорғаншы немесе қамқоршы органның не қорғаншысының (қамқоршысының), баланың патронат тәрбиелеушілерінің немесе бала тұратын мекеме әкімшілігінің келісімімен жол беріледі.

Егер ата-аналардың (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары шектелген негіздер жойылса, сот ата-аналардың (олардың біреуінің) талап-арызы бойынша баланы ата-анасына (олардың біреуіне) қайтарып беру туралы шешім шығара алады. Егер ата-анасына (олардың біреуіне) баланы қайтарып беру оның мүдделеріне қайшы келетін болса, сот баланың пікірін ескере отырып, талапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланы ата-аналардан (олардың біреуінен) немесе оны қамқоршылыққа алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға құқылы. Баланы дереу айырып алуды аудандық (қалалық) атқарушы органның тиісті актісі негізінде қорғаншы және қамқоршы орган жүргізеді.

Баланы айырып алу кезінде қорғаншы және қамқоршы орган прокурорға дереу хабарлауға, баланы уақытша орналастыруды қамтамасыз етуге және баланы айырып алу туралы аудандық (қалалық) атқарушы органның актісі шыққаннан кейін жеті күн ішінде сотқа ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе олардың ата-ана құқықтарын шектеу туралы талап қоюға міндетті.

Баланы ата-анасынан айырып алуға және оны басқа адамға (адамдарға) беруге байланысты шешімді мәжбүрлеп орындау қорғаншы және қамқоршы органның және баланы алатын адамның (адамдардың) міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда ішкі істер органдары өкілінің қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда ішкі істер органдары өкілінің қатысуымен жүргізілуге тиіс. Баланы беру туралы сот шешімін оның мүдделеріне нұқсан келтірмей орындау
мүмкін болмаған жағдайда бала соттың ұйғарымымен тәрбие, емдеу мекемесіне немесе басқа мекемеге уақытша орналастырылуы мүмкін.

 

8 тақырып. Бала асырап алу

8.1. Бала асырап алу тәртібі.

8.2.Бала асырап алудың құқықтық салдары.

8.3.Бала асырап алуды жарамсыз деп тану.

 

Бала асырап алу тәртібі. Кәмелетке толмаған балаларға қатысты және солардың мүдделеріне сәйкес қана ұл асырап алуға немесе қыз асырап алуға жол беріледі. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бұл балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана шетелдіктерге асырап алуға, не балалардың туыстарына осы туыстарының азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан асырап алуға берілуі мүмкін. Балалар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, балалардың туысы емес шетелдіктерге аталған балалар орталықгандырылған есепке қойылған күннен үш ай өткеннен соң асырап алуға берілуі мүмкін. Бала асырап алғысы келетін шетелдіктер баланы жеке өзі таңдап алуға, онымен кемінде екі апта бойы тікелей жақын араласуға, қорғаншы және қамқоршы органға баланы асырап алғысы келетіні туралы жазбаша арыз, сондай-ақ мемлекеттік лицензиялар негізінде осындай қызметті жүзеге асыратын агенттіктер беретін ықтимал ата-аналардың қаржы жағынан әл-ауқаты, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтама беруге міндетті.

Баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді. Балаларды асырап алу туралы істерді сот қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуымен қарайды.

Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері баланы асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды. Сот баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің көшірмесін шешім шығарған орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органға жіберуге міндетті. Бала асырап алу азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркеуі үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдар белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.

Бір адамның ағалы-інілі және апалы-сіңлілі (қарындасты) болып табылатын немесе өзара туыстық қатынасы жоқ бірнеше баланы асырап алуына болады. ¤зара туыстық қатынасы жоқ асырап алынған балалардың арасында ағалы-інілі және апалы-сіңлілі (қарындасты) сияқты құқықтар мен міндеттер пайда болады. Асырап алу балалардың мүдделеріне сай келетін жағдайларды қоспағанда, ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерді (қарындастарын) әртүрлі адамдардың асырап алуына жол берілмейді.

Бала асырап алуға құқығы бар адамдар. Бала асырап алуға бала асырап алушы адамның отбасында баланың калыпты
дамуы, тәрбиеленуі және білім алуы үшін жағдайлар болған кезде рұқсат етіледі. Мыналарды:

- сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарды;

- сот біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған ерлі-зайыптыларды;

- сот арқылы ата-ана құқықтарынан айырылған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

- өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдарды;

- егер өз кінәлары бойынша сот шешімімен бала асырап алудың күші жойылса, бұрынғы бала асырап алушы адамдарды;

- денсаулық жағдайы бойынша ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, қай жыныстан болса да кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар бола алады. Баланы асырап алуға, оны қорғаншылығына (қамқоршылы-
ғына) алуға, патронатқа алуға болмайтын адамның бойындағы ауруларының тізбесін Қазақстан Республикасының ‡кіметі белгілейді.

Бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардың белгілі бір баланы бірлесіп асырап алуына болмайды. Некеде тұрмайтын асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде он алты жас болуы тиіс. Сот дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкін. Баланы асырап алу үшін оның ата-аналарының келісімі қажет. Жасы он алтыға жетпеген, кәмелетке толмаған ата-аналардың баласын асырап алғанда, сондай-ақ олардың ата-аналарының немесе қорғаншыларының (қамқоршыларының), патронат тәрбиешілерінің келісімі, ал ата-аналары немесе қорғаншылары (қамқоршылары) болмаған жағдайда — қорғаншы және қамқоршы органның келісімі қажет. Бала асырап алуға ата-аналардың келісімі нотариат куәландырған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын мекеменің басшысы растаған не бала асырап алу жүргізілген орындағы немесе ата-ананың тұрғылықты жеріндегі қорғаншы және қамқоршы орган бекіткен арызда көрсетілуге тиіс, сондай-ақ бала асырап алу ісін жүргізу кезінде сотта тікелей білдірілуі мүмкін. Бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылғанға дейін ата-аналар бала асырап алуға өздері берген келісімінің күшін жоюға құқылы.

Ата-аналар нақты адамдарға не нақты адамды көрсетпей-ақ баланы асырап алуына келісім беруі мүмкін. Қорғаншы және қамқоршы органдар сотқа баланы асырап алудың бала мүдделеріне сай келетіні туралы қорытынды береді. Мұндай қорытынды баланы оның өгей әкесі (өгей шешесі) асырап алған кезде талап етілмейді. Қорғаншылықта (қамқоршылықта) тұрған балаларды асырап алу үшін олардың қорғаншыларының (қамқоршыларының) жазбаша түрдегі келісімі қажет.

Патронат туралы шарт бойынша тәрбиеленіп жатқан балаларды асырап алу үшін патррнат тәрбиешілерінің жазбаша түрдегі келісімі қажет. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелердегі балаларды асырап алу үшін осы мекемелер басшыларының
жазбаша түрдегі келісімі қажет. Сот баланың мүдделерін көздей отырып, оңы асырап алу туралы шешім шығаруға құқылы.

 

Баланың ата-аналарының келісімінсіз асырап алу. Егер ата-аналарын:

- сот белгісіз немесе өлген, хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;

- сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;

- сот ата-ана құқықтарынан айырса;

- баламен бірге тұрмайтын және сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен асыраудан жалтарып жүрсе, олардың баланы асырап алуға келісімі талап етілмейді.

Он жасқа толған баланы асырап алу үшін оның келісімі қажет. Баланың асырап алынуға келісімін сот белгілейді. Егер бала асырап алу туралы арыз берілгенге дейін бала асырап алушының үйінде тұрып, оны өзінің ата-анасы деп есептейтін болса, асырап алуға баланың келісімі бар деп ұйғарылады.

Егер баланы ерлі-зайыптылардың екеуі бірдей асырап алмаса, баланы ерлі-зайыптылардың біреуі асырап алған кезде бала асырап алуға ерлі-зайыптылардың екіншісінің жазбаша келісімі талап етіледі. Егер ерлі-зайыптылар отбасылық қатынастарды іс жүзінде тоқтатып, бір жылдан астам уақыт бөлек тұрып жатса және екінші жұбайының тұрғылықты жері белгісіз болса, бала асырап алу үшін екінші жұбайдың келісімі талап етілмейді.

Асырап алынған баланың өз аты, әкесінің аты және тегі сақталады. Бала асырап алушының өтініші бойынша, егер бұл баланың мүдделеріне қайшы келмейтін болса, асырап алынған балаға бала асырап алушының тегі, сондай-ақ ол ұсынған ат беріледі. Асырап алынған баланың әкесінің аты болып, егер бала асырап алушы еркек болса, асырап алушының аты, ал егер асырап алушы әйел болса, асырап алынған баланың әкесі ретінде сол әйел ұсынған адамның аты танылады. Егер бала асырап алушы ерлі-зайыптылардың тектері әртүрлі болса, бала асырап алушы ерлі-зайыптылардың келісімдері бойынша, асырап алынған балаға олардың біреуінің тегі беріледі. Баланы некеде тұрмайтын адам асырап алған жағдайда, оның өтініші бойынша туу туралы кітапқа асырап алынған бала шешесінің (әкесінің) тегі, аты мен әкесінің аты осы адамның (бала асырап алушының) көрсетуі бойынша жазылады. Бала асырап алудың құпиялылығы талап еткен жағдайларды қоспағанда, он
жасқа жеткен асырап алынған баланың тегі, аты мен әкесінің аты тек сол баланың келісімімен ғана өзгертілуі мүмкін.

Асырап алынған баланың тегі, аты және әкесінің аты өзгертілгені туралы оны асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі. Бала асырап алудың құпиялылығын қамтамасыз ету үшін бала асырап алушының өтініші бойынша асырап алынған баланың туған күні, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге, сондай-ақ оның туған жері өзгертілуі мүмкін. Асырап алынған баланың туған күнін өзгертуге үш жасқа дейінгі бала асырап алынған кезде ғана жол беріледі. Асырап алынған баланың туған күнінің және (немесе) туған жерінің өзгертілуі
жөнінде бала асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі.

Бала асырап алушылардың өтініші бойынша сот туу туралы жазбалар кітабына бала асырап алушыларды өздері асырап алған баланың ата-анасы ретінде жазу туралы шешім қабылдай алады. Он жасқа толған асырап алынған балаға қатысты мұндай жазба жасау үшін оның келісімі қажет. Мұндай жазба жүргізу қажеттілігі жөнінде баланы асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі.

 

Бала асырап алудың құқықтық салдары

Асырап алынған балалар және олардың ұрпақтары бала асырап алушылар мен олардың туыстарына қатысы бойынша, ал бала асырап алушылар және олардың туыстары асырап алынған балалар мен олардың ұрпақтарына қатысы бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер жағынан тегі бір туыстарға теңестіріледі. Асырап алынған балалар өздерінің ата-аналарына (өздерінің туыстарына) қатысы бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарынан айрылады және олар жөніндегі міндеттерден босатылады.

Баланы бір адам асырап алған жағдайда, егер бала асырап алушы еркек болса, шешесінің тілегі бойынша, егер бала асырап алушы әйел болса, әкесінің тілегі бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттердің сақталуы мүмкін. Асырап алынған баланың меншігіндегі мүліктің сақталуы үшін бала асырап алушы жауапты болады. Бала асырап алудан бас тартқан жағдайда бұл мүлікті қайтару жөніндегі міндет те бала асырап алушыға жүктеледі. Асырап алынған баланың ата-анасының біреуімен немесе қайтыс болған ата-анасының туыстарымен қарым-қатынастары сақталуы жөнінде баланы асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі. Асырап алынар кезінде ата-анасының қайтыс болуына байланысты өзіне тиесілі зейнетақы мен жәрдемақы алуға құқығы бар бала бұл құқықты асырап алынған жағдайда да сақтап қалады.

Бала асырап алудың құпиялылығы заңмен қорғалады. Бала асырап алу туралы шешім шығарған судьялар немесе бала асырап алуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған лауазымды адамдар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған адамдар бала асырап алудың құпиялылығын сақтауға міндетті. Бала асырап алудың құпиялылығын оны асырап алушылардың еркіне қарамай жария еткен адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-04; Просмотров: 6145; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.015 сек.