Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Бала асырап алуды жарамсыз деп тану




Бала асырап алу:

- асырап алу туралы шешім жалған құжаттар негізінде қабылданған;

- заң бойынша міндетті болса да, бала асырап алу ата-
аналардың келісімінсіз жасалған;

- некеде тұрған адам жұбайының келісімінсіз бала асырап алған;

- заңмен көзделген ережелер бұзылған жағдайларда жарамсыз деп танылады.

Бала асырап алуды жарамсыз деп тану сот тәртібімен жүргізіледі. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы істі сот қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қарайды. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талапты асырап алынушының ата-аналары, асырап алушының жұбайы, бала асырап алуға байланысты құқықгары бұзылған адамдар, прокурор, қорғаншы және қамқоршы орган қоюға құқылы.

Бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан кезден бастап бала асырап алу жарамсыз деп танылады. Бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, асырап алынған баланың және асырап алушылардың (бала асырап алушылар туыстарының) өзара құқықтары мен міндеттері тоқтатылады және егер мұны баланың мүдделері қажет етсе, баланың және оның ата-анасының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен міндеттері қалпына келтіріледі. Ата-ананың талап етуі бойынша балаға бұрынғы аты, әкесінің аты және тегі беріледі.

Сот бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің үзіндісін бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органдарға жіберуге міндетті.

Бала асырап алушылар өздеріне жүктелген міндеттерін орындаудан жалтарған, ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған, асырап алынған балаға қатал қараған, соның ішінде оған күш қолданып немесе психикалық зорлық-зомбылық етіп, жыныстық пәктігіне қастық жасаған, маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе уытқумарлықпен ауырады деп танылған жағдайларда, баланы асырап алудың күші жойылуы мүмкін. Сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып,
басқа да негіздер бойынша баланы асырап алудың күшін жоюға құқылы.

Бала асырап алудың күшін жою сот тәртібімен жүргізіледі. Бала асырап алудың күшін жою туралы іс қорғаншы және қамқоршы органның, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады. Бала асырап алудың күшін жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бала асырап алу тоқтатылады.

Сот бала асырап алудың күшін жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің үзіндісін бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органдарға жіберуге міндетті. Бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге оның ата-аналарының, бала асырап алушылардың, он төрт жасқа толған асырап алынған баланың, қорғаншы немесе қамқоршы органның, сондай-ақ баланың мүдделеріне сай прокурордың құқығы бар.

Сот бала асырап алудың күшін жойған кезде, асырап алынған баланың және баланы асырап алғандардың, бала асырап алушылар туыстарының өзара құқықтары мен
міндеттері тоқтатылады және егер баланың мүдделері талап етсе, бала мен оның ата-анасының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен міндеттері қалпына келтіріледі. Бала асырап алудың күші жойылған кезде бала сот шешімі бойынша ата-ана-
сына беріледі. Ата-аналары болмаған кезде, сондай-ақ баланы ата-анасына беру оның мүдделеріне қайшы келсе, бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқоршылығына беріледі.

Сот баланың асырап алынуына байланысты оған берілген аты, әкесінің аты және тегі сақталу-сақталмау мәселесін де шешеді. Он жасқа толған баланың атын, әкесінің атын немесе тегін тек оның келісімімен ғана өзгерту мүмкін болады. Сот баланың мүдделерін негізге ала отырып, бұрынғы бала асырап алушыны баланы асырауға қаражат төлеп тұруға міндеттеуге құқылы.

Егер бала асырап алудың күшін жою туралы талап қойылған кезде асырап алынған бала кәмелетке толса, баланы асырап алудың күшін жоюға жол берілмейді, бұған мұндай күшін жоюға бала асырап алушы мен асырап алынған баланың өзара келісімі, сондай-ақ асырап алынған баланың ата-анасының, егер олары тірі болса, сот ата-ана құқықтарынан айырмаған немесе әрекетке қабілетсіз деп танымаған болса, олардың да келісімі болған жағдайлар қосылмайды.

 

9 тақырып. Қорғаншылық және қамқоршылық

9.1.Ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды анықтау.

9.2.Қорғаншылық және қамқоршылықты белгілеу тәртібі.

Ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды анықтау және орналастыру.Ата-анасының қайтыс болуы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы, олардың ата-ана құқықтарының шектелуі, ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы, ата-анасының сырқаттылығы, ата-аналарының ұзақ уақыт болмауы, ата-ана-лардың балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу және басқа да осыған ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайларда, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі.

Қорғаншы және қамқоршы органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды, осындай балалардың есебін алуды жүргізеді және ата-анасының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негізге ала отырып, балаларды орналастырудың нысандарын таңдайды, сондай-ақ оларды асырау тәрбиелеу және білім беру жағдайларына одан әрі бақылау жасауды жүзеге асырады. Қорғаншы және қамқоршы органдардан басқа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметіне жол берілмейді. Аталған балалар туралы мәліметтер бар мекемелердің (мектепке дейінгі білім беру, жалпы білім беру, емдеу және басқа
да мекемелердің) лауазымды адамдары және өзге де азаматтар олар туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған жерін хабарлауға міндетті. Қорғаншы және қамқоршы орган осындай мәліметтер алған күннен бастап үш күн ішінде баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жүргізуге және ата-аналарының немесе оның туыстарының қамқорлығы жоқ екендігі фактісі анықталған кезде баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу және басқа да мекемелердің басшылары, баланы отбасы тәрбиесіне беру мүмкін екендігі белгілі
болған күннен бастап жеті күн мерзім ішінде бұл туралы осы мекеменің тұрған жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті. Қорғаншы және қамқоршы орган аталған мәліметтер түскен күннен бастап бір ай ішінде баланы орналастыруды қамтамасыз етеді және баланы отбасына тәрбиелеуге беру мүмкіндігі болмаған кезде рталықтандырылған есепке алу үшін және кейіннен баланы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының отбасына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем көрсету үшін осындай бала туралы мәліметті тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің білім беру басқармасының органына жібереді. Балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының ‡кіметі белгілейді. Жоғарыда көзделген міндеттерді орындамағаны үшін, сондай-ақ бала туралы көпе-көрнеу жалған мәліметтер бергені үшін лауазымды адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар асырап алынып, отбасына тәрбиеленуге, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) немесе патронат шарты бойынша, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде, жетім балаларға немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі (тәрбие, емдеу және басқа да) мекемелерге берілуге тиіс. Баланың мүддесіне сай оны орналастыру кезінде оның этникалық шығу тегі, белгілі бір дінге және мәдениетке жататындығы, ана тілі, тәрбие мен білім берудегі сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі мүмкін.

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аталған отбасына немесе мекемеге тәрбиелеуге орналастырылғанға дейін балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерін атқару қорғаншы және қамқоршы органдарға уақытша жүктеледі.

 

Қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеу тәртібі

Қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, оларды асырау, тәрбиелеу және білім беру мақсатында, сондай-ақ олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді. Қорғаншылық және қамқоршылық әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін де белгіленеді.

Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл-есінің кемдігінен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған
адамдарға белгіленеді. Қорғаншылық қайтыс болған немесе соттың шешімімен өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған кәмелетке толмаған адамның, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне тағайындалады. Егер қорғаншылық және қамқоршылық белгіленген адамның басқа жерде мүлкі болса, онда осы мүлікті басқару үшін қорғаншы және қамқоршы органдар мүліктің тұрған жерінде қорғаншы тағайындай алады.

Қамқоршылық онтөрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әрекет
қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді. Денсаулығының жай-күйіне байланысты өзінің құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын және міндеттерді орындай алмайтын кәмелетке толған әрекет қабілеттілігі адамдардың арызы бойынша оларға қамқоршылық белгіленуі мүмкін.

Қорғаншы және қамқоршы органдар. Аудандық (қалалық) атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады. Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік қорғауга және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдары арқылы жүзеге асырады, ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар бұл қызметтерді дербес жүзеге асырады. Қорғаншы және қамқоршы органдар баланың және оны тәрбиелеуге үміткер адамның (адамдардың) тұрмыс жағдайларына зерттеу жүргізуге және зерттеу актісін сотқа табыс етуге міндетті.

Қорғаншы және қамқоршы органдар өздерінің міндеттерін осы органдар туралы Қазақстан Республикасының ‡кіметі бекітетін ереже негізінде жүзеге асырады. Қорғаншы және қамқоршы органдар қорғаншылық пен қамқоршылықты қажет ететін адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық белгілейді. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық пен қамқоршылық қорғаншының (қамқоршының) тұрғылықты жері бойынша белгіленуі мүмкін. Адамды әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану
туралы шешім заңды күшіне енген кезден бастап үш күн ішінде сот бұл туралы оған қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу үшін сол адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті. Адамға қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеу қажеттігі туралы тиісті
органдарға белгілі болған кезден бастап бір ай ішінде қорғаншылық және қамқоршылық белгіленеді. Қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға мүдделі адамдар сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.

Қорғаншылар мен қамқоршылар мыналарды:

- сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарды;

- сот бойынша ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдарды;

- өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдарды;

- егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса, бұрын бала асырап алушыларды;

- денсаулығының жай-күйіне байланысты баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, екі жыныстың да кәмелетке толған адамдары қорғаншылар (қамқоршылар) бола алады.

Қорғаншы немесе қамқоршы тек оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін. Егер бұл қорғаншылыққа алынушының мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындауда жұбайының, ата-анасының, туыстарының немесе қорғаншылыққа алынушыға жақын басқа да адамдардың басым құқығы болады. Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерінің арасында қайшылық болмаса, бір қорғаншыны немесе қамқоршыны бірнеше адамға тағайындауға жол беріледі.

Әрекетке қабілетті және ата-ана құқықтарынан айырылмаған, бірақ балаларының тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы және қамқоршы тағайындалатын кезде, қорғаншылар және қамқоршылар ата-аналардың тілегі ескеріле отырып тағайындалады. Балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау кезінде қорғаншының (қамқоршының) адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, оның қорғаншылық (қамқоршылық) міндет-терді орындау қабілеті, қорғаншы (қамқоршы) мен баланың арасындағы қатынастар, қорғаншы (қамқоршы) отбасы мүшелерінің балаға деген көзқарасы, сондай-ақ, егер бұл мүмкін болса, баланың өз тілегі ескеріледі. Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы етіп тағайындалатын адам некеде тұрса, оның жұбайының келісімі талап етіледі.

Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты қажет ететін және тиісті тәрбие, емдеу мекемелерінде, халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінде тұрып жатқан адамдардың қорғаншылары мен қамқоршылары осы мекемелердің әкімшілігі болып табылады. Қорғаншының (қамқоршының) осындай мекемелерге баланы уақытша орналастыруы қорғаншының (қамқоршының) осы балаға қатысты қорғаншылық (қамқоршылық) құқықтары мен міндеттерін тоқтатпайды.

Қорғаншылар мен қамқоршылар өз қамқорындағылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды кез келген адамдарға қатысты, соның ішінде сотта арнайы өкілеттіксіз қорғай алады.

 

10 тақырып. Қорғаншының (қамқоршының) және қамқорлыққа алынғандардың құқықтық жағдайы

10.1. Қорғаншылықты және қамқоршылықты тоқтату.

10.2.Патронат.

 

Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған адамдардың құқықтары:

Өздерінің адамдық қадір-қасиеттерінің құрметтелуіне;

Қорғаншы (қамқоршы) тарапынан қамқорлық көруге;

Неке және отбасы туралы Заңының 112-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,
онымен бірге тұруға;

Өздеріне тиесілі алименттерін, зейнетақыларын, жәрдемақыларын және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға;

Тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауға;

Қорғаншы (қамқоршы) тарапынан қиянат етушіліктен қорғануға құқығы бар.

 

Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар жоғарыда аталған құқықтардан басқа:

Қорғаншының (қамқоршының) отбасында тәрбиелену;

Оларды асырап-бағу, тәрбиелеу, білім беру және жан-жақты дамытуы үшін жағдайлардың қамтамасыз етілу;

Тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй заңдарына сәйкес оны алу құқықтарына да;

Заңмен көзделген өзге де құқықтарға ие болады.

 

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тәрбие, емдеу және басқа да мекемелеріндегі балалардың:

Асырап-бағылуға, тәрбиеленуге, білім алуға, жан-жақты дамуға, өздерінің адамгершілік қадір-қасиеттерінің құрметтелуіне, өз мүдделерінің қамтамасыз етілуіне;

Өздеріне тиесілі алименттерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және басқада әлеуметтік төлемдерді алуға;

Тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтауға, ал тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй-заңдарына сәйкес тұрғын үй-жай алу құқығына ие болуға;

Аталған мекемелерде тұруы аяқталған соң еңбек туралы заңдарда көзделген жұмысқа орналасу кезіндегі жеңілдіктерге ие болуға құқығы бар.

 

Қорғаншы және қамқоршы органдар аталған мекемелерде тұрып жатқан балаларды асырау, тәрбиелеу, оларға білім беру жағдайларын бақылауды жүзеге асырады. Осы мекемелер түлектерінің құқықтарын қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және аталған мекемелерде тұратын балалар жоғарыда көзделген құқықтарға да ие болады.

Қорғаншылардың (қамқоршылардың) міндеттері. Қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды. Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді, қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына көмек көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды.

Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі міндеттер тегін атқарылады. Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды өз есебінен асырап бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа алынушының алатын жалақысы, алименті, зейнетақысы және басқа да әлеуметтік төлемдері есебінен, сондай-ақ оған тиесілі мүліктер есебінен жүзеге асырылады.

Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға жеткілікті қаражат болмаған кезде, қорғаншы және қамқоршы органдар оны асырап-бағуға жәрдемақы тағайындайды. Қорғаншылар мен қамқоршылар өздерінің қамқорлығына алынғандарды асырап-бағуға, оларды бағып-күту мен емдеуді қамтамасыз етуге, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қамқорлық жасауға міндетті. Аталған міндеттер сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған кәмелетке толған адамдардың қамқоршылығына жүктелмейді.

Спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адам жөніндегі негіздер жойылса, қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану туралы және одан қорғаншылық пен қамқоршылықты алып тастау туралы сотқа өтініш беруге міндетті.

Баланың қорғаншысы (қамқоршысы) қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қамқорлық жасауға құқылы және міндетті. Қорғаншы (қамқоршы) баланың пікірі мен қорғаншы жане қамқоршы органның ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ Заңда көзделген талаптар сақталған жағдайда қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) баланы тәрбиелеудің әдістерін дербес белгілеуге құқылы. Қорғаншы (қамқоршы) баланың пікірін ескере отырып, ол орта білім алғанға дейін балаға білім беру мекемесі мен оқытудың нысанын таңдауға құқылы және баланың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.

Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығындағы (қорғаншылығындағы) баланы өздерінде заңды негіздерсіз ұстап отырған кез келген адамнан, соның ішінде баланың жақын туыстарынан қайтарып беруді сот арқылы талап етуге құқылы. Баланың өз ата-аналарымен және басқа жақын туыстарымен қарым-қатынас жасауына, мұндай қарым-қатынас баланың мүдделеріне сай келмеген жағдайларды қоспағанда, бөгет болуға қорғаншының (қамқоршының) құқығы жоқ. Қамқорлыққа алынушылар, балалар немесе емдеу мекемелерінде тәрбиеленуде немесе емделуде болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың
қорғаншылары мен қамқоршылары өздері қамқорлыққа алғандармен бірге тұруға міндетті. Қамқоршының он алты жасқа толған қамқоршылыққа алынушыдан бөлек тұруына, бұл қамқоршылыққа алынушының тәрбиесіне және оның құқықтары мен мүдделерін қорғауға қолайсыздық туғызбайтын жағдайда, қорғаншы және қамқоршы органның рұқсатымен жол беріледі.

Қорғаншылар мен қамқоршылар тұрғылықты жерінің өзгеруі туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға хабарлап отыруға міндетті. Қорғаншы кемінде жылына бір рет қорғаншы және қамқоршы органға қамқоршылыққа алынушының денсаулық жағдайы туралы және оны тәрбиелеу жөніндегі, сондай-ақ оның мүлкін басқару жөніндегі жұмыс туралы есеп беріп отыруға міндетті.

Денсаулық жағдайы бойынша өз құқығын жүзеге асырып, қорғай алмайтын және міндеттерін орындай алмайтын кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамның өтініші
бойынша оған қамқоршылық белгіленуі мүмкін. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқоршы орган сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлікке
билік етуді қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлікті сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады.

Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға және оның тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауды қамқорлыққа алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамды қамқорлыққа алу осы адамның талабы бойынша тоқтатылуы мүмкін.

Қамқоршылыққа алынушы адамның кірістерін, соның ішінде оның мүлкін басқарудан түсетін кірістерін, қамқоршылыққа алынушының өзі дербес билік етуге құқығы
бар кірістерін қоспағанда, тек қана қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай және қорғаншы мен қамқоршы органның алдын ала рұқсатымен қорғаншы немесе
қамқоршы жұмсайды. Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз қорғаншының иеліктен алу жөніндегі мәмілелер жасауға, ал қамқоршының мәміле жасауға келісім беруге, соның ішінде қамқоршылыққа алынушының мүлкін айырбастауға немесе сыйға тартуға немесе оның атынан кепіл болу шартын жасасуға, оны жалға (жалдауға), тегін пайдалануға немесе кепілге беруге, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлікпен тиесілі құқықтарынан бас тартқызуға әкеп соғатын мәмілелер жасауға, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ қамқоршылыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын басқа да кез келген мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Аталған мәмілелер нәтижесінде қорғаншы алған қаражаттың қалай жұмсалуға тиіс екенін қорғаншы және қамқоршы орган белгілейді. Қамқоршылыққа алынушының мүлкін басқару тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

Мүлікті қамқоршылығына алушыға сый ретінде немесе тегін түрде пайдалануға беруді қоспағанда, қорғаншының (қамқоршының), олардың жұбайлары мен жақын туыстарының қамқоршылыққа алынушымен мәмілелер жасауға, сондай-ақ мәмілелер жасау кезінде немесе қамқоршылыққа алынушы мен қорғаншы немесе қамқоршының жұбайы және олардың жақын туыстары арасында жүргізілген сот ісінде қамқоршылыққа алынушының атынан өкілдік білдіруге құқығы жоқ.

Қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалмастан бұрын туындаған қамқоршылыққа алынушының қорғаншысына (қамқоршысына), оның жұбайына немесе туыстарына қарыздары қорғаншы және қамқоршы органның рұқсатымен төленеді.

Қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған қамқоршылыққа алынушы өз ата-анасына қайтып оралған немесе ол асырап алушыға қайтарылған жағдайларда, қорғаншыны немесе қамқоршыны өз міндеттерін атқарудан босатады. Қамқоршылыққа алынушыны тәрбие, емдеу мекемесіне, халықты әлеуметтік қорғау мекемесіне немесе басқа да мекемеге орналастыру кезінде, егер бұл қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншы және қамқоршы орган бұрын тағайындалған қорғаншыны немесе қамқоршыны олардың өз міндеттерін атқарудан босатады.

Дәлелді себептер болған кезде (сырқаттану, мүліктік жағдайдың өзгеруі, қамқорлыққа алынушымен өзара түсініспеушілік және т.с.с) қорғаншы немесе қамқоршы оның өтініші бойынша өз міндеттерін атқарудан босатылуы мүмкін. Қорғаншы немесе қамқоршы өзінің тиісті міндеттерін тиісінше атқармаған жағдайда, соның ішінде өзінің қорғаншылығын немесе қамқоршылығын жеке басының пайдасы мақсатында пайдаланған кезде немесе қамқоршылыққа алынушыны қадағалаусыз және қажетті көмексіз қалдырған жағдайда, қорғаншы және қамқоршы орган қорғаншыны немесе қамқоршыны осы міндеттерді атқарудан шеттеуі және кінәлі адамды заңмен белгіленген жауапқа тарту үшін қажетті шаралар қолдануы мүмкін.

 

Қорғаншылықты және қамқоршылықты тоқтату

Қамқоршылыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану немесе қорғаушының, қамқоршының немесе қорғаншы және қамқоршы органның арызы бойынша оның әрекет қабілеттілігі шектеулілігінің күшін жою туралы сот шешім шығарған жағдайларда кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық тоқтатылады. Жасөспірім қамқоршылыққа алынушы он төрт жасқа жеткен соң оған қорғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық міндетін жүзеге асыратын адам бұл туралы қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады. Кәмелетке толмаған балаға қамқоршылық он сегіз жасқа жеткен кезде арнайы рұқсатсыз, сондай-ақ ол некеге отырған кезде және кәмелетке толғанға дейін ол әрекетке толық қабілетті болған басқа да жағдайларда қамқоршылық тоқтатылады.

Қорғаншылардың және қамқоршылардың әрекетіне кез келген адам қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай қорғаншы және қамқоршы органға не оның тұрғылықты жері бойынша сотқа шағым жасай алады. Қорғаншы және қамқоршы органдардың барлық мәселелер жөніндегі шешімдеріне мүдделі адамдар сот тәртібімен шағым жасай алады.

 

Патронат. Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрізді басқа да ме-
кемелердегі кәмелетке толмаған балаларға белгіленеді. Баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдіруші адам (патронат тәрбиеші) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негізі болып табылады. Патронат туралы Ережені Қазақстан Республикасының ‡кіметі бекітеді.

Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беру жағдайларын, патронат тәрбиешінің құқықтары мен міндеттерін, патронат тәрбиешіге қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың міндеттерін, сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негіздері мен салдарларын көздеуі тиіс. Бала патронат тәрбиешіге аталған шартпен белгіленген мерзімге тәрбиелеуге беріледі. Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы телеу және тәрбиелеуге алынған балалар санына қарай берілетін жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт:

- дәлелді себептері (сырқаттану, отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша;

- баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беруде қолайсыз жағдайлар туған кезде қорғаншы және қамқоршы органның бастамасы бойынша;

- бала ата-анасына қайтарып берілген немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

 

Патронат тәрбиешілер тәрбиеге алынған балаға (балаларға) қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болады. Оларға осы
заңда көзделген тиісті талаптар қойылады. Патронат тәрбиешілерді іріктеп алуды қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады.

Шарт бойынша оны патронат тәрбиешілерге беру үшін баланы (балаларды) алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы органмен келісім бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады. Ағалы-інілерді, апалы-сіңпілерді (қарындастарын) ажыратуға жол берілмейді, бұған олардың мүдделеріне сай келетін жағдайлар қосылмайды. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешілерге беру оның пікірі ескеріле отырып
жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала (балалар) оның келісімімен ғана берілуі мүмкін. Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне тиесілі алименттерге,
зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған кезде, тұрғын үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берілуіне құқығы бар.

Әрбір баланы асырап-бағуға Қазақстан Республикасының ‡кіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді. Қорғаншы және қамқоршы орган патронат тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге, баланың (балалардың) өмірі мен тәрбиесіне қалыпты жағдай туғызуға жәрдемдесуге міндетті, сондай-ақ патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған білім беру міндеттерін орындауға бақылауды жүзеге
асыруға құқылы.

 

 

11 тақырып. Алименттік міндеттемелер

11.1.Ата-ана мен баланың алименттік міндеттемелері.

11.2.Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелрі.

11.3.Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері.

Ата-аналармен балалардың алименттік міндеттемелері. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тәртібі мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған бала-ларын асырап-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасауға құқылы. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап-арыз берілмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы талап қоюға құқылы.

Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға — ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің — төрттен бірін; екі балаға — үштен бірін; үш және одан да көп балаға —тең жартысын өндіріп алады.

Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып кемітуі немесе көбейтуі мүмкін. Ата-аналардың ұлттық және (немесе) шетел валютасымен алатын және кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталып қалатын табысының және (немесе) өзгеде кірісінің түрлерін Қазақстан Республикасының‡кіметі белгілейді.

Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келісімі болмаған жағдайда және ата-ананың табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлестік
қатынаста алимент өндіріп алу мүмкін болмаған, қиындық тудырған немесе тараптардың бірінің мүдделерін айтарлықтай бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе сонымен бірге үлесте және тұрақты ақша сомасында ай сайын өндіріп алынатын алимент мөлшерін белгілеуге құқылы.

Мұндай жағдайларға үнемі алынбайтын, өзгермелі табысы және (немесе) өзге де кірістері бар ата-аналардан не табысын және (немесе) өзге де кірістерін толығымен немесе ішінара заттай алатын ата-анадан алимент өндіріп алу жатады.

Тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот баланың бұрынғы қамтамасыз етілу деңгейін мүмкіндігінше барынша сақтауды негізге алып, тараптардың материалдық
және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып белгілейді. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алимент
мөлшерін аз қамтамасыз етілген ата-ананың біреуінен екіншісінің пайдасына ай сайын өндіріп алынатын және сот белгілейтін тұрақты ақша сомасы белгіленеді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент заң талаптарына сәйкес өндіріп алынады және балалардың қорғаншысына (қамқоршысына) немесе олардың патронат тәрбиешісіне төленеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу, емдеу мекемелері мен
өзге де мекемелердегі балаларға ата-аналарынан өндіріп алынатын алимент сол мекемелердің шотына аударылады, онда әр балаға бөлек есептеледі. Аталған мекемелер бұл соманы банкілерге салуға құқылы. Келіп түскен алимент сомасының айналысынан түскен кірістің елу пайызы аталған мекемелердегі балаларды асырап-бағуға пайдаланылады. Бала мұндай мекемеден кеткен кезде оған төленген алимент сомасы және оның айналасынан түскен кірістің елу пайызы уәкілетті банкте баланың атына ашылған шотқа аударылады. Ата-аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап-бағуға міндетті. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент төлеу мөлшерін сот алимент төленетін кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып белгілейді.

Алимент төлеу туралы келісім болмағанда және ерекше мән-жайлар болғанда (кәмелетке толмаған балалардың немесе еңбекке жарамсыз кәмелетке толған көмекке мұқтаж балалардың ауыр науқастануы, мертігуі, оларға бөгде адамның бағып-күтуіне ақы төлеу қажеттігі және басқа да мән-жайлар) сот осы мән-жайлар туғызған қосымша шығындарды көтеруге әрбір ата-ананы қатысуға тарту мүмкін.

Ата-аналардың қосымша шығындарды көтеруге қатыстырылу тәртібі мен бұл шығындардың мөлшерін сот ата-аналар мен балалардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып ай сайын төленуге тиісті алимент төленетін кездегі айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында белгілейді. Сот ата-аналарды нақты шеккен қосымша шығындарды өтеуге де, балаларды
асырап-бағуға болашақта жасалуға тиіс қосымша шығыстарды өтеуге де қатысуға міндеттеуге құқылы. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балала-
рынан сот тәртібімен өндіріп алынады.

Әрбір баладан өндіріп алынатын алимент мөлшерін сот ата-аналары мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынастарында белгілейді. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот, балаларының бәріне, олардың біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы ата-ананың
еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларының бәрін ескеруге құқылы. Егер сот ата-аналардың ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарғанын анықтаса, балаларының өздерінің еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін. Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.

Кәмелетке толған балалар ата-аналарына қамқорлық жасамағанда және ерекше мән-жайлар болғанда (ата-анасы ауыр науқастану, мертігу, оны бөгде адамның
бағып-күткені үшін ақы төлеу, оны халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің интернат үйіне орналастыру қажет болғанда және тс.с) кәмелетке толған балаларын сот осы мән-жайлар туғызған қосымша шығындарды көтеруге қатыстыруы мүмкін. Қосымша шығындарды көтеру тәртібі мен бұл шығындардың мөлшері тараптардың келісуімен белгіленуі мүмкін.

 

Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері. Ерлі-зайыптылар бір-бірін материалдық жағынан қолдауға міндетті. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент төлеуге қажетті қаражаты бар жұбайдан:

1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының;

2) жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы әйелінің;

3) ортақ мүгедек баланы бағып отырған мүқтаж жұбайының бала он сегіз жасқа толғанға дейін;

4) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толғаннан соң ортақ мүгедек балаға І-ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар.

Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге:

- жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы бұрынғы әйелінің;

- ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға І-ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының;

- неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының құқығы бар.

 

Алименттің мөлшері мен оны неке бұзылғаннан кейін бұрынғы жұбайына берудің тәртібі бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы келісім бойынша белгіленуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың), материалдық және отбасы жағдайын, тараптардың бақа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген есептік көрсеткішке еселенген қатынаста сот белгілейді.

Сот жұбайдың еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж екінші жұбайды асырап-бағу міндетінен босатуы немесе некеде тұрған кезеңде де, неке бұзылғаннан кейін де бұл міндетті белгілі бір мерзімге мынадай жағдайларда:

- спирт ішімдіктеріне, есірткі затгарына, психотропты заттарға салынып кетуі салдарынан немесе қасақана қылмыс жасауы салдарынан көмекке мұқтаж жұбайы еңбекке жарамсыз болып қалған;

- ерлі-зайыптылар некеде ұзақ тұрмаған;

- алимент төлеуді талап ететін жұбайдың отбасында өзін лайықты ұстамаған жағдайларда шектеуі мүмкін.

 

Бұрынғы жұбайын асырап-бағу жөіндегі міндет мынадай жағдайларда:

- көмек алуға құқығы бар жұбай жаңа некеге тұрғанда;

- заңда көзделген өзге де мән-жайлар жойылғанда сот шешімімен тоқтатылады.

Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері. Кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж інілері мен сіңлілерінің (қарындастарының) өз ата-аналарынан қаражат алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған ағалары мен апаларынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар. Еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған ағалары мен апаларына да, егер олар өздерінің еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларынан, жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, осындай құқық беріледі.

¤здерінің ата-аналарынан көмек алуы мүмкін болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған, көмекке мұқтаж немерелердің өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар әжесі мен атасынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар. ¤здерінің жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған немерелерге де осындай құқық беріледі. ¤здерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) қажетті қаражат ала алмаған жағдайда, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж аталар мен әжелер өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар кәмелетке толған немерелерінен сот тәртібімен алимент талап етуге құқылы.

Кәмелетке толмаған балаларға нақты тәрбие беруді, асырап-бағуды жүзеге асырушы, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж адамдар, егер олар өздерінің кәмелетке толған, еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, олар өздерінің кәмелетке толған, еңбекке жарамды тәрбиеленушілерінен көмек беруді сот тәртібімен талап етуге құқылы. Егер тәрбиелеушілер тәрбиеленушілерді бес жылдан аз уақыт асырап-бағып,
тәрбиелесе, сондай-ақ өздерінің тәрбиеленушілерінен тиісті түрде асырап-бақпаған және тәрбиелемеген болса, сот тәрбиеленушілерді нақты тәрбиеленушілерін асырап бағу жөніндегі міндеттен босатуға құқылы. Жоғарыда көзделген міндеттер қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронатта болған адамдарға жүктелмейді.

¤гей ұлдар мен өгей қыздарын тәрбиелеп, асырап-баққан, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж өгей әке мен өгей шешенің, егер өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан)
көмек ала алмаса, осыған қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан асырап бағуды сот тәртібімен талап етуге құқылы.

Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тәрбиелеп, асырап-бақса, сондай-ақ олар өздерінің тәрбиелеу және асырау
міндеттерін тиісті түрде атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесі мен өгей шешесін асырап-бағу міндеттерінен босатуға құқылы. Тараптардың келісімі болмаған жағдайда сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін сот әрбір жеке жағдайда алимент төлеуші мен алушының материалдық және отбасы жағдайы мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін ескере отырып, алимент төлеген кезде қолданылып жүрген есептік көрсеткішке
еселенген қатынаста белгілейді. Егер отбасының алимент талап етуші мүшесін бір мезгілде бірнеше адам асырап-бағуға міндетті болса, сот олардың материалдық және отбасы жағдайына қарай
әрқайсысының алимент төлеу міндеттерін орындауға қатысу мөлшерін белгілейді. Алимент мөлшерін белгілеу кезінде сот, алимент төлеуге міндетті барлық адамдардың бәріне, олардың біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, сол адамдардың бәрін ескеруге құқылы.

 

12 тақырып. Алимент туралы келісім және оны сот тәртібімен өндіріп алу

12.1.Алимент туралы келісім.

12.2.Алиментті сот шешімімен өндіріп алу.

12.3. Алименттік міндеттемелерді тоқтату.

Алимент туралы келісім жасасу. Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеуді шарттарымен тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушы адам арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған жағдайда осы адамдардың заңды өкілдері арасында жасалады.

Алимент төлеу туралы келісім жазбаша түрде жасалады және оны нотариалды түрде куәландыруға тиіс. Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанының сақталмауы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 157-бабында көзделген салдарларға әкеп соғады. Алимент төлеу туралы нотариат куәландырған келісім атқару парағының күшіне ие болады.

Алимент төлеу тәртібі туралы келісімді жасасуға, атқаруға, бұзуға және жарамсыз деп тануға Қазақстан Республикасы Азаматгық кодексінің (Жалпы бөлім) аза-
маттық-құқықтық мәмілелерді жасасуды, атқаруды, бұзуды және жарамсыз деп тануды реттейтін нормалары қолданылады. Алимент төлеу туралы келісім екі жақтың өзара келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу алимент төлеу туралы келісімнің өзі сияқты нысанда жасалуға тиіс. Алимент төлеу туралы келісімді орындаудан біржақты бас тартуға немесе оның шарттарын бір жақты өзгертуге жол берілмейді. Тараптардың материалдық немесе отбасы жағдайлары елеулі өзгеріске ұшыраған жағдайда және алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу жөніндегі
келісімге қол жетпеген кезде мүдделі тарап осы келісімді өзгерту туралы немесе бұзу туралы сотқа талап беруге құқылы. Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу туралы мәселені шешкен кезде сот тараптардың назар аударарлық кез келген мүддесін ескеруге құқылы.

Егер алимент төлеу туралы келісімде көзделген кәмелетке толмаған баланы немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесін асырап-бағу шарттары олардың мүдделерін айтарлықтай бұзатын болса, яғни заң талаптары сақталмаған жағдайда кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесінің заңды өкілінің, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы органның немесе прокурордың талап етуі бойынша сот тәртібімен мұндай келісім жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшерін тараптар сол келісімде белгілейді. Кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу жөніндегі келісім бойынша белгіленетін алименттің мөлшері олардың сот тәртібімен алимент өндіріп алған жағдайда алатын алименттің мөлшерінен төмен болмауы керек. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің әдістері мен тәртібі сол келісіммен белгіленеді.

Алименттің алимент төлеуге міндетті адам табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлес есебімен; жүйелі түрде төленіп тұратын тұрақты ақша сомасымен; бір жолғы төленетін тұрақты ақша сомасымен; мүлік беру жолымен, сондай-ақ келісімде қол жеткеніне қарай өзге де әдістермен төленуі мүмкін. Алимент төлеу туралы келісімде алимент төлеудің түрлі әдістерін ұштастыру қөзделуі мүмкін.

 

Алиментті сот тәртібімен төлеттіру және өндіріп алу тәртібі

 

Отбасы мүшелері алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы. Алимент алуға құқығы бар адам, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша али-
мент төленбеген болса, сотқа алимент өндіріп алу туралы арыз беруге құқылы. Алимент сотқа етініш жасалған кезден бастап беріледі. Егер сотқа арыз беруден бұрын асырап-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде еткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.

Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орны бойынша ұйымның әкімшілігі нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару парағының негізінде алимент төлеуге міндетті адамның жалақысынан және өзге де кірісінен алимент алушы адам үшін ай сайын алимент ұстап қалуға және оны алимент төлеуге міндетті адамның есебінен алимент төлеуге міндетті адамға жалақының және өзге
де кірістің төленген күнінен бастап үш күн мерзімнен кешіктірмей төлеуге немесе аударуға міндетті.

Нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алимент осындай келісімнің және атқару құжаттарының негізінде ұсталып қалатын жалпы сома алимент төлеуге міндетті адам жалақысының және өзге де кірісінің елу пайызынан асқан жағдайда да ұсталып қалуы мүмкін. Сот шешімі немесе нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісім негізінде алиментті ұстап қалушы ұйымның әкімшілігі алиментті өндіріп алу жөніндегі шешім орындалатын жердегі сот орындаушысына және алимент алушы адамға алиментті төлеуге міндетті адамның жұмыстан босағаны туралы, сондай-ақ, өзіне белгілі болса, оның жаңа жұмыс орнын немесе тұратын жерін үш күн мерзім ішінде хабарлауға міндетті.

Алимент төлеуге міндетті адам сот орындаушысы белгілеген мерзімде соңғысына және алимент алушы адамға, жұмыс орнының немесе тұратын жерінің өзгергені туралы, ал кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеген жағдайда қосымша табысының немесе өзге де кірісінің болуы туралы хабарлауға тиіс. Жоғарыда аталған деректерді дәлелсіз себептермен хабарламаған жағдайда бұған кінәлі лауазымды адамдар және өзге де азаматтар әкімшілік жауапқа тартылады.

Алимент төлеу туралы келісіммен немесе сот шешімімен белгіленген мөлшерде алимент, сондай-ақ алимент бойынша берешек алимент төлеуге міндетті адамның табысынан және өзге де кірісінен өндіріп алынады, табысы және өзге де кірісі жеткіліксіз болған жағдайда алимент сол алимент төлеуге міндетті адамның банктердегі шотындағы немесе банктік емес қаржы мекемелеріндегі ақша қаражатынан ұсталады. Бұл қаражат жеткіліксіз болған жағдайда ол алимент төлеуге міндетті адамның заң бойынша өндіріп алуға болатын кез келген мүлкінен өндіріліп алынады.

Алимент төлеуге міндетті адамның шотындағы ақша қаражатынан және оның өзге де мүлкінен алимент өндіріп алу заңдарда белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Алимент төлеу жөніндегі келісім негізінде немесе атқару парағының негізінде
өткен кезең үшін алимент өндіріп алу атқару парағы немесе нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісім табыс етілгеннен бұрынғы үш жыл мерзім шегінде жүргізіледі. Атқару парағы негізінде немесе нотариат қуәландырған келісім негізінде алимент ұстау алиментті төлеуге міндетті адамның іздестірілуіне байланысты жүргізілмеген жағдайда, заңда белгіленген мерзімге қарамастан және асырап-бағуға алимент төлеу белгіленген адамның кәмелетке толғанына қарамастан,
алимент бүкіл кезең үшін өндіріп алынады. Берешек мөлшерін сот шешімінде немесе алимент төлеу туралы келісімде белгі-
ленген алимент мөлшерін негізге ала отырып, сот орындаушысы анықтайды. Кәмелетке толмаған балаларға төленетін али-
мент бойынша берешектің мөлшері алимент төлеуге міндетті адамның алимент өндіріп алынбаған кезеңдегі табысы мен өзге де кірісі негізге алына отырып анықталады. Егер алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемеген болса немесе оның табысы мен өзге де кірісін куәландыратын құжат тапсырылмаса, алимент бойынша берешек сол берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа жалақы мөлшері негізге алына отырып анықталады. Егер берешекті бұлайша анықтау тараптардың бірінің мүддесіне елеулі түрде нұқсан келтірсе, онда мүддесіне нұқсан келтірілген тарап сотқа жүгінуге құқылы, ол тараптардың
материалдық және отбасы жағдайын, басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, берешекті тұрақты ақша сомасында анықтауы мүмкін.

Сот орындаушысының алимент бойынша берешекті анықтауымен келіспеген жағдайда кез келген тарап заңдарда көзделген тәртіппен сот орындаушысының әрекетіне шағымдана алады. Алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-ананы іздестіру кезеңінде төленген, балаға заңдарда белгіленген ай сайынғы жәрдемақы сомалары сол ата-аналардан төленген сомалардың он пайызын бюджет кірісіне есептеу арқылы өндіріп алынады.

 

Алимент бойынша берешекті төлеуден босату

Алимент бойынша берешекті төлеуден босату немесе тараптардың келісімі бойынша алимент төлеген кезде осы берешек, кәмелетке толмаған балаларға алимент төлейтін жағдайларды қоспағанда, тараптардың өзара келісуі бойынша азайтылуы мүмкін. Алимент төлеуге міндетті адамның талап-арызы бойынша сот, егер алимент оның сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептер бойынша төленбегенін, оның материалдық және отбасы жағдайы алимент бойынша пайда болған берешекті өтеуге мүмкіндік бермейтінін анықтаса, оны алимент бойынша берешекті өтеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы.

Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кінәсінен берешек пайда болған жағдайда кінәлі адам сол кепісімде көзделген тәртіппен жауапты болады. Сот шешімі бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кінәсінен берешек пайда болған жағдайда кінәлі адам алимент алушыға кешіктірген әр күні үшін төленбеген алимент сомасының оннан бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді. Алимент алушы алимент төлеуге міндетті, алименттің уақтылы төленбегеніне кінәлі адамнан алименттік міндеттемелерді орындауды кешіктіруден келтірілген бүкіл залалының тұрақсыздық айыбымен жабылмаған бөлігін де өндіріп алуға құқылы. Алиментті басқа қарсы талаптармен есептеуге болмайды. Төленген алимент сомасын:

- алимент алушының жалған мәліметтер хабарлауына байланысты немесе оның қолдан жасалған құжаттар беруіне байланысты алимент өндіріп алу туралы сот
шешімінің күші жойылған;

- алимент алушы тарапынан алдау, қорқыту немесе күш көрсетіп ықпал жасау салдарынан алиментті төлеу жөніндегі келісім жарамсыз деп танылған;

- сот шешімінің, алимент төлеу туралы келісімнің немесе атқару парағының қолдан жасалу фактісі негізінде алимент төленгені сот үкімімен анықталған жағдайларды қоспағанда, кері талап етуге болмайды.

Сот шешімі бойынша тұрақты ақша сомасымен өндіріп алынатын алименттің индекстелуін алиментті ұстайтын орын бойынша ұйымның әкімшілігі заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің өсуіне бара-бар жүргізеді.

Алимент төлеуге міндетті адам шет мемлекетке тұрақты тұруға кеткен жағдайда ол заң бойынша қаражат беруге міндетті отбасы мүшелерімен сәйкес алимент төлеу туралы келісім жасасуға құқылы. Келісімге қол жетпеген жағдайда мүдделі адам алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу туралы немесе алиментті бір жолғы төлеу туралы не алимент есебіне белгілі бір мүлікті беру туралы немесе алиментті өзге бір жолмен төлеу туралы талап етіп сотқа жүгінуге құқылы.

Егер алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент мөлшері сот тәртібімен белгіленгеннен кейін тараптардың бірінің материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, сот кез келген тараптың талап етуі бойынша белгіленген алимент мөлшерін өзгертуге немесе алимент төлеуге міндетті адамды оны төлеуден босатуға құқылы. Алимент мөлшері өзгертілген немесе оны төлеуден босатылған жағдайда сот тараптардың назар аударарлық мүддесін де ескеруге құқылы.

Егер кәмелетке толған әрекетке қабілетті адам алиментті төлеуге міндетті адамға қатысты қасақана қылмыс жасағаны немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетті адам отбасында лайықсыз мінез-қүлық көрсеткен жағдайы анықталса, сот оған алимент өндіріп беруден бас тартуға құқылы.

Алимент төлеу туралы келісіммен белгіленген алименттік міндеттемелер осы келісімнің күшінде болу мерзімі біткенде немесе осы келісімде көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ тараптардың бірі қайтыс болғанда тоқтатылады.

Сот тәртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу:

Бала кәмелетке толғаннан кейін немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетқе қабілетін алған жағдайларда;

Асырап-бағу үшін алимент өндіріп алынған бала асырап алынғанда;

Сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда;

Еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегіне мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге тұрғанда;

Алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.

 

13 тақырып. Азаматтық хал актілері

13.1. Жалпы ережелер.

13.2. Заңды фактілерді тіркеу.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-04; Просмотров: 2870; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.231 сек.