КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Глоссарий
Ықпалдастырылған менеджмент жүйесі – екі немесе одан көп халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін және біртұтас ретінде қызмет атқаратын жалпы ұйымдастыру менеджменті жүйесінің бір бөлігі Қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат – ұйымда қоршаған ортаны міндеті туралы құжат жасау. Саясатты жоспарлау және әрекет ету кезінде негіз ретінде қолдануға болады. Қоршаған орта аспектілері – қоршаған ортамен өзара байланысты қызмет көрсетудің, қызметтің және өнімнің сипатты белгілерін анықтау. Құқықтық және басқа талаптар – сәйкес заңдар мен нормаларды анықтап, оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету. Мақсаттар мен міндеттер – саясатқа, қоршаған орта әсеріне, қызығушы ұйымның пікіріне және басқа да факторларға сәйкес, қоршаған ортаны қорғаумен байланысты ұйымның мақсаттарын анықтау. Қоршаған ортаны қорғауды басқару бағдарламасы – мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін әрекеттерді жоспарлау. Құрылым және жауапкершілікті бөлу – қатыстырған қызметкерлерді, олардың міндеттерін анықтау және оларды ресурстармен қамтамасыз ету. Оқыту, білім және құзыреттілік – ұйым қызметкерлері қоршаған ортаны қорғаумен байланысты өзінің міндеттерін орындай алатындай оқудан өтуді қамтамасыз ету керек. Өзара байланыс – қоршаған ортаны қорғауды басқару бойынша ішкі және сыртқы байланыс процедураларын орнату. ЭМЖ-нің құжаттамасы – ЭМЖ бойынша сәйкес құжаттарды және ақпаратты жүргізу. Құжаттарды басқару – жүйе бойынша процедуралардың немесе басқа құжаттардың тиімді басқаруын қамтамасыз ету. Оперативті бақылау – саясат, мақсаттар мен міндеттерге сәйкес әрекеттер мен операцияларды анықтау, жоспарлау және басқару. Апатты жағдайларға дайындық – потенциалды апаттарды анықтау және олардың алдын алу үшін процедуралар жасау. Бақылау және өлшеу – негізгі әрекеттерді бақылап, жұмыс жасауын қадағалау. Сәйкессіздік, түзетуші жне ескертуші ерекеттер – проблемаларды анықтау, жою және олардың қайталануын ескерту. Есептік құжаттар – ЭМЖ-нің жұмыс жасауы бойынша сәйкес есептік құжаттарды жүргізу. ЭМЖ-нің аудиторлық тексерістері – ЭМЖ жақсы жұмыс істеп тұрғанын периодты тексеру. Басшылық талдауы – ЭМЖ-нің жетілу мүмкіндігін периодты талдау. Экологиялық саясат (ИСО 14001)- о рындалатын іс-әрекеттер және қойылған мақсаттар және міндеттерге жету үшін белгілі шектерді қарастыратын қоршаған ортаның жалпы сипаттамаларына қатысты кәсіпорынның өзінің ниеттері мен қызмет принциптері туралы баяндау. Ұдайы жақсарту (ИСО 14001)- кәсіпорынның экологиялық саясатына сәйкес қоршаған орта сипаттарын жақсартуға жету үшін экологиялық менеджмент жүйесін жетілдіру процесі. Тиімділік деңгейін анықтау. Сіздің кәсіпорыныңыздың барлық қызмет түрлерін жалпылайтын экологиялық саясат экологиялық аудитормен тиімділік деңгейін анықтау тәсілі ретінде қолдануы мүмкін. Жоғары басщылық тарапынан қолдау көрсету. Бірінші талдау өткізу кезінде қызметкерлер санында, капиталды құрал-жабдықтарда қосымша қажеттіліктер тууы мүмкін. Міндеттерін орындау барысында сіздің кәсіпорныңыздың басшылығы өз бағдарламасының қаржы, эксплуатациялық қол жеткізу және болашақ перспективаларға қатысты дұрыс орындалуын анықтау қажет. Барлық үрдістер, өнімдер және қызмет көрсету қолайлылығы. Әрине, барлық кәсіпорындар өлшемдері, сипаттамасы және күрделілігі бойынша бірдей емес. Олардың айырмашылығы – бұл кәсіпорын өндіріс кәсіпорны, әлде қызмет көрсету кәсіпорны болып табылады. Бұл кәсіпорындарда әртүрлі экологиялық саясат қолданылады. Өндіріп шығаратын кәсіпорындар шикізат, химикаттар, шу және қалдықтар мәселесінен зардап шегеді, ал қызмет көрсету кәсіпорындары қағаз және қаптаумен байланысты мәселелерді шеше алады. Саясатты кәсіпорынның әрбір деңгейінде жүзеге асыру Жоғарғы басшылық тарапынан қолдау көрсетілсе экологиялық саясат кәсіпорынның әрбір деңгейінде жүзеге асырылуы керек. Саясатты жүзеге асыру үшін бұл саясат кәсіпорын деңгейлері үшін анық және күнделікті қызметке енгізілуі тиіс. Әрбір қызметкер саясатты біліп және түсініп қана қоймай кез-келген мүдделі жаққа оның талаптарын жеткізе білуі керек. Еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандарды аттестациялау: Өндірістік ортаның еңбек жағдайлары нормативтеріне және еңбек гигиенасына сәйкестік шартын анықтау, өндірістік нысан, цехтар, учаске, жұмыс орындарын бағалау бойынша оларға орындалатын жұмыстардың қауіпсіздік, зиянды, ауырлық, кернеу деңгейін анықтау мақсатымен бағалау бойынша қызметі. Аудит (сәйкестікті растау сферасында): Сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдардың және (немесе) сынау зертханаларының (орталықтарының), сонымен қатар тапсырушы ынтасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнім, қызмет, процестер, бекітілген талапқа сәйкес сапа менеджмент жүйесінің сәйкестігін бақылау бойынша жүйелі, тәуелсіз құжатталған талдау Қауіпсіздік: Зақымның қолайсыз қатерінен босау. Өнім, қызмет және процесс қауіпсіздігі: Қауіпті факторлардың іске асу ықтималдығын үйлестіруді және оның зардаптарының ауырлық дәрежесін есепке алумен адам денсаулығы, өміріне зиян себебімен байланысты, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдік пен жануар әлеміне жіберілмейтін қатердің болмауы. Еңбек қауіпсіздігі. Еңбек қызметі процесінде жұмысшыларға қауіпті және зиянды әсері бар шаралар жиынтығымен қамтылған жұмысшыны сақтау күйі. Еңбектің қауіпсіз жағдайы: Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған еңбек шарттарында белгіленген жұмысшыға зиянды немесе қауіпті өндіріс факторлары, әсері және деңгей нормасынан аспайды. Жіберілетін қауіп-қатер: Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік саласында заңнамалық нормалар мен оның жеке саясатын ескеретін ұйымның жіберуі мүмкін деңгейге дейін төмендетілген қауіп-қатері Қызығушы жақтар: Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік саласында немесе соған қатысы бар ұйымның жұмыс көрсеткішіне әсер етуі мүмкін жақ немесе жақтар тобы. Қауіптілік идентификациясы: Бар қауіптілікті табу және оның сипаттамасын анықтау процесі. Инцидент (жағдай, кездейсоқтық): Сәтсіз жағдайға әкелетін немесе осыған потенциалды мүмкіндігі бар оқиға. Орындау (жұмыс көрсеткіші): Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясат пен мақсатта негізделген, ұйымның денсаулық және қауіпсіздік үшін қауіп-қатерін бақылау шегінде еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік менеджмент жүйесінің өлшенетін нәтижесі. Сәйкессіздік: Меншікке арналған зақым, зиян, аурудың тікелей және жанама себебі, жұмыс орнының бүлінуі немесе барлық аталғандар жинағы болуы мүмкін менеджмент жүйесі жұмысы көрсеткіші, ережелер, процедуралар, тәжірибелер, әсер етуші стандарттар және т.б. кез-келген ауытқуы. Сәтсіз жағдай: Денсаулықтың төмендеуіне, зииндыққа, бүлінуге, өлімге және басқа да жоғалтуға әкелетін жағдай. Еңбек шартының нормативтері: Еңбектің қалыпты шартын қамтамасыз ететін эргономиялық, санитарлы-гигиеналық және психофизиологиялық және басқа да талаптарды құрайтын нормативтер. Қауіптілік: Денсаулық нашарлауына, меншікке зиян келтіру, жұмыс орнының бүлінуіне немесе барлық аталған жиынына потенциалды әкелуі мүмкін жағдай немесе қайнар көзі. Ұйым: Жеке әкімшілігі және функциясы бар бірлескен немесе бірлеспеген, жеке немесе мемлекеттік компания, фирма, кәсіпорын, мекеме немесе қауымдастық, немесе оның бөлігі. Еңбекті қорғау: Еңбек қызметі процесінде, құқықтық, социалды-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлы-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, реабилитациялық және басқа шаралар мен құралдарды қосатын жұмысшы денсаулығы мен өмірі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі. Қауіп-қатер бағасы: Қауіп-қатердің мәнділігін анықтау процесі мен оның мүмкіндігі туралы шешім қабылдау. Тұрақты жақсару: Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздіктің менеджмент жүйесі талаптарын орындау мүмкіндігін көтеру бойынша қайталанушы қызмет. Ескерту – Бұл процесс ұйымның барлық қызметінің барлық облысында бір уақыттағы әрекетті қажет етпейді. Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік: Жұмыс орнындағы тұрақты және уақытша жұмысшылар, мердігер, келушілер мен кез-келген жақтың амандығына әсер ететін шарт және фактор. Жұмыс орны: Еңбек қызметі процесінде жұмысшының еңбек міндеттерін орындау кезіндегі олардың тұрақты немесе уақытша орналасу орны. Қауіп-қатер: Белгілі бір қауіптіліктің зардаптары мен мүмкінділігі ара қатынасы. Ескерту: Берілген стандарттағы «қауіп-қатер» терминін қолдану еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздікке арналған қауіп-қатерді түсінеді. Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздіктің менеджмент жүйесі: Ұйымның қызметімен байланысты ңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік саласындағы қауіп-қатер менеджментін қамтамасыз ететін ұйымның менеджмент жүйесінің ортақ бөлігі. Еңбек қауіпсіздік шарты: Еңбек процесі кезінде жұмысшы денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсер ететін еңбек процесінің және өндірістік орта факторларының жиынтығы. Мақсат: Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік жүйесін орындау шегінде оған жету үшін ұйымның бекіткен мақсаттары.
ПӘНДІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Оқулықтар, оқу-құралдары
Әдістемелік нұсқаулар
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Дәріс №1 Кіріспе. Менеджмент жүйесін ықпалдастыру (біріктіру) – объективті қажеттілік Дәріс мақсаты: Студенттерді ықпалдастырылған менеджмент түсінігімен таныстыру, оны біріктірудің маңызы мен мағынасын түсіндіру, үйрету Жоспар: 1. Менеджмент жүйесін біріктіру – объективті қажеттілік. 2. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін енгізуді талдау
Менеджмент жүйесін біріктіру – объективті қажеттілік. Бүгін елімізде менеджмент саласында халықаралық стандарттарды енгізуге арналған инфрақұрылым, нормативтік және әдістемелік база құрылған, мемлекеттік стандарты ретінде менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттары: ИСO 9000 – сапа менеджменті, ИСO 14000 – экологиялық менеджменті, OHSAS 18001 – кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті, SA 8000 – әлеуметтік жауапкершілік менеджменті, ИСO 22000 – тамақ өнімдері қауіпсіздігі менеджменті және басқалары қабылданған. Сонымен қатар Қазақстан сапаны басқару саласында стандарттар әзірлеу жөніндегі ИСO/ТС 176 Халықаралық техникалық комитетіне мүше және менеджмент стандарттары бойынша дауыс беруге құқығы бар. Осыған байланысты елімізде стандарттау бойынша ТК 54 «Сапа менеджменті жүйелері» техникалық комитеті құрылды. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесі – екі немесе одан көп халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін және біртұтас ретінде қызмет атқаратын жалпы ұйымдастыру менеджменті жүйесінің бір бөлігі. Менеджмент жүйесін біріктіру – объективті қажеттілік. Біріккен менеджмент жүйесін жасау – жалпы ұйымдастыру менеджментінің тиімділігін арттыруға бағытталған күрделі инновациялық жоба. Менеджменттің біріккен жүйесін жасаудың күтілетін нәтижелілігіне тек сауатты басқару жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Менеджменттің біріккен жүйесін жасаған кезде басты роль ұйымдастыру менеджерінде, ал ең бастысы – жоғары звено басшысында болуға тиіс. Менеджменттің біріккен жүйесін әзірлегенде формальды, үстірт енгізуге алып келуі мүмкін болатын менеджмент жөніндегі халықаралық стандарт талаптарының механикалық бірігуінен (осы стандарттар негізделетін тұжырымдамалар мен принциптерді және менеджментті ұйымдастыруда пайда болған ерекшелікті ескермей) аулақ болу керек. Халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін менеджмент жүйесін бірігуді (сапа, экология, қауіпсіздік және әлеуметтік жауапкершілік) ұйымның тұрақты дамуына арналған алғышарт деп қараған жөн. Менеджменттің біріккен жүйесінің артықшылығы мынада: · менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу және жұмыс істеуінің технологиялылығының артуы; · менеджменттің біркелкі үйлесімді құрылымын әзірлеу; · әзірлеу, жұмыс істеу және сертификаттауға шығынның азаюы; · менеджменттің біріккен жүйесі аясында бірқатар процестерді (жоспарлау, басшылық тарапынан талдау, құжаттаманы басқару, кадрлар даярлау, оқыту, ішкі аудит және т.б.) біріктіру мүмкіндігі; · өзгеретін жағдайларға бейімделу мүмкіндігі мен ұтқырлықты арттыру; · тұтынушылар, мүдделі тараптар, инвесторларға арналған үлкен тартымдылық. Менеджмент жүйесі саласында халықаралық стандарттарды енгізуді ынталандыру бойынша шаралар қарастырылған. Олардың ішінде: · ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға шығару үшін төлем мөлшеріне 0,75 төмендеу коэффициентін енгізу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 «Қоршаған ортаға шығару үшін негізгі және шекті төлем мөлшерін бекіту туралы» қаулысы); · Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістігі үшін» сыйлығының лауреаты болып табылатын және меншікті өндіріс тауарларын, бір салық төлеу кезеңі ішінде (ҚР Салық кодексінің 140-9 бабы) есептелген бірлескен кіріс салығының 50% сомасын азайту бөлігінде сататын, сапа менеджменті жүйесі мен экологиялық менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған кәсіпорындар үшін салық жеңілдіктері; · мемлекеттің сапа менеджменті жүйесін дайындауға арналған ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуші-кәсіпорындар шығынын жартылай өтеуі (ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 156 «Кәсіпорынды және ауылшаруашылық өнімдері нарығын басқару жүйелеріне жәрдем беру ережелерін бекіту туралы» қаулысы). Жүйе шағын бизнес кәсіпорындарында, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында енгізілмеген. Менеджменттің басқа жүйелерін енгізу қарқыны – экологиялық менеджмент жүйесін ISO 14001; OHSAS 18001 «Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйесі»; SA 8000 «Әлеуметтік жауапкершілік»; тамақ өндіру саласы үшін – НАССР барынша елеусіз және ешқандай елмен салыстырылмайды. Бақылау сұрақтары: 1. Біріккен менеджмент жүйесі дегеніміз не? 2. Менеджменттің біріккен жүйесінің артықшылығы қандай? 3. БМЖ қандай стандарттардан құралады? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Бишимбаев В.К.,Ниязбекова Р.К., Ермаханова Ф.Р. Менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу. Оқу құралы. – Астана:ЕНУ, 2009. – 216 б 2. Круглов М.Г., Сергеев С.К. Менеджмент систем качества. //Учебное пособие.- М.: Изд-во стандартов, 1997.
Дәріс №2 Максималды ықпалдастырылған менеджмент жүйесінің мәні. Дәріс мақсаты: Студенттерге максималды ықпалдастырылған менеджмент жүйесінің мәнін үйрету Жоспар: 1. Біріккен менеджмент жүйесі менеджмент жүйесіне кіретін халықаралық стандарттар 2. Толық ықпалдастырылған менеджмент жүйесінің мәні.
Біріккен менеджмент жүйесі менеджмент жүйесіне бірнеше халықаралық стандарттар, сапа менеджмент жүйесіне 9000 сериялы ИСО стандарттары, экологиялық менеджмент жүйесіне 14000 сериялы стандарттар, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау менеджмент жүйесіне 18000 сериялы OHSAS стандарттары, әлеуметтік жауапкершілік менеджмент жүйесіне SA 8000 стандарттары талаптарына жауап беретін жүйелерді әзірлеуге байланысты кең көлемде талқылана бастады. 9000 сериялы ИСО стандарттары негізінде нақты саладағы қолданыс үшін салаға тән арнайы талаптармен толықтырылған салалық қолданыс стандарттары, сонымен қатар ХАССП (ИСО 22000) критикалық бақылау нүктелері мен тәуекелді талдау принципіне және GMP принципіне – тиісті өндірістік практика, және т.б. негізделетін басқару жүйесіне стандарттары әзірленген. Әртүрлі менеджмент жүйелеріне, сонымен бірге экономика секторлар менеджменті жүйесіне ерекше талаптары бар халықаралық және ұлттық стандарттардың танымалдылығы өсуде. Менеджмент стандарттарының тобы әлемдік даму беталысын көрсетеді және жалпы менеджменттің әртүрлі салаларындағы мақсаттарға жету үшін талаптарды бекітеді, менеджменттің нақты саласындағы қызметтерге талаптарды жүйелендіреді және жетілдіру мен тұрақты даму үшін жағдайлар жасайды. Болашаққа дайындық индексін жоғарылату үшін негізгі құралдар болып ұқсас құрылымы бар және Деминг‑Шухарт (PDCA) цикліне негізделетін ИСО 9901, ИСО 14001, OHSAS 18001 және SA 8000 төрт жүйелік халықаралық стандарттары табылады. ИСО 14001 экологиялық менеджмент және OHSAS 18001 өндірістік қауіпсіздік стандарттары «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңында атап көрсетілген заңдылық талаптарға сәйкес және қауіпсіздік басымдылығының екпінімен біріккен менеджмент жүйесін жасау технологиясы үшін әдістемелік негіз жасайды. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін енгізудің екі жолы бар: · ықпалдастырылған менеджмент жүйесінің аддитивті моделін жасау. Мысалы, кәсіпорында негізгі жүйе ретінде СМЖ қолданылса, оған қосымша ретінде OHSAS және ЭМЖ енгізу. Бұл кезде ИМЖ енгізудің ұзақтылығы жарты жылдан бірнеше жылға дейін созылады. · Толық ықпалдастырылған менеджмент жүйесін жасау және енгізу. Бұл жағдайдың экономикалық әрі методикалық артықшылығына қарамастан, өмірде аз кездеседі. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін әзілеудің кезектілігі СМЖ секілді болуы керек. Менеджмент жүйелерін енгізу бойынша мақсатқа сай жұмысты қамтамасыз ету мақсатында әрбір кәсіпорын (ұйым) өз тұжырымдамасын жасауға тиіс, осы кезде кәсіпорынды басқару мыналарға сүйенуге тиіс: · тұрақты даму өнім мен көрсетілетін қызметтердің сапасын, экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті және әлеуметтік жауаптылықты қамтамасыз етпей, қоршаған ортаға техногендік жүктемені төмендету бойынша мақсатқа сай келісілген жұмысқа қатыспай жүзеге асырыла алмайды; · экономикалық, әлеуметтік және экологиялық меңгерілген шешімдерді іздестіру және олардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс үнемі жүргізілуге тиіс; · менеджмент жүйесінің жай-күйін және кәсіпорынның барлық құрылымдарының экологиялық қауіпсіздігін талдау негізінде қабылданатын шешімдер ISO 9000 және 14000; ОНSАS 18001 және SА 8000 сериялы халықаралық стандарттардың ережелері ескерілуі керек. Тәжірибеде көз жеткізгеніміздей, менеджмент жүйесін енгізу оның құлшынды қызмет аумағына тәуелді емес және жобалаумен салыстырғанда елеулі қиын. Бұл кезеңде жобалаанған жүйе іске қосылып, бір қалыпты функциялау тәртібінің қалыптасуына қол жеткізу маңызды. Бұл жағдайда бірінші деңгейлі рөлді - ішкі аудиттің жұмысы атқарады. Оның басты мақсаты біріккен менеджмент жүйесі құжатында көрсетілген талаптардың тәжірибеде іске асу деңгейін тексеру болып табылады. Бақылау сұрақтары: 1. Біріккен менеджмент жүйесі менеджмент жүйесіне кіретін халықаралық стандарттар қандай? 2. Болашаққа дайындық индексін жоғарылату үшін негізгі құралдарды ата 3. Толық ықпалдастырылған менеджмент жүйесінің мәні
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Круглов М.Г., Сергеев С.К. Менеджмент систем качества. //Учебное пособие.- М.: Изд-во стандартов, 1997. 2. Швандар В.А. Стандартизация и управление качеством продукции. – М.: ЮНИТИ, 1999
Дәріс №3 ИСО 9001:2000, ИСО 14001:1996, OHSAS 18001:1999 және SA 8000:2001 халықаралық стандарттары арасындағы сәйкестіктер Дәріс мақсаты: Студенттермен ИСО 9001:2000, ИСО 14001:1996, OHSAS 18001:1999 және SA 8000:2001 халықаралық стандарттары арасындағы сәйкестіктерді талқылау
Жоспар: 1. Біріккен менеджмент жүйесі 2. ИСО 9001:2000, ИСО 14001:1996, OHSAS 18001:1999 және SA 8000:2001 халықаралық стандарттары арасындағы сәйкестіктер
БМЖ – бұл екі немесе одан да көп халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін және біртекті механизм ретінде жұмыс істейтін жалпы менеджменттің бөлігі. Әрине, біріккен менеджмент жүйесін жасау методикасының түпнұсқасы 9000 сериялы ИСО стандартында жатыр.
ИСО 9001:2000, ИСО 14001:1996, OHSAS 18001:1999 және SA 8000:2001 халықаралық стандарттары арасындағы сәйкестіктер. 2- кесте
Бақылау сұрақтары: 1. Біріккен менеджмент жүйесін жасау методикасының түпнұсқасы неге негізделген? 2. Халықаралық стандарттар арасында қандай сәйкестіктер бар?
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Всеобщий менеджмент качества. Уч. пос./ Под общ. ред. С.А. Степанова. СПб.: Изд-во СПбГЭТУ «ЛЭТИ», 2001.200 с. 2. Скрипко Л. Экономические методы менеджмента качества в стандартах ИСО серии 9000:2000// /Стандарты и качество. 2002 № 7. С. 66-68. Дәріс №4 Сапаны басқару. Өнім сапасын қамтамасыз етудің алты негізгі тарихи кезеңі Дәріс мақсаты: Сапаны басқару дегеніміз не және сапаны қамтамасыз етудің негізгі тарихи кезеңдерімен таныстыру
Жоспар: 1. Өнім сапасын қамтамасыз ету 2.. Өнім сапасын қамтамасыз етудің негізгі тарихи кезеңдері Өнім сапасын қамтамасыз ету бойынша осы және өткен тәжірибені зерттеу осы мәселені тәжірибелік шешудің ең қолайлы жолдарын дайындау үшін әдіс ретінде орын алады. Өнім сапасын қамтамасыз етуде алты негізгі тарихи кезеңді бөліп көрсетуге болады: сапаны жекеше бақылау, сапаны цехтік бақылау (Тейлор жүйесі), сапаны қабылдау бақылауы, сапаны статистикалық бақылау, сапаны кешендік басқару және ИСО 9000 стандарттарының негізіндегі сапа менеджмент жүйелері ХХ ғасырға дейін өндірісте әрекет еткен сапаны жекеше басқару кезінде үлгі (сурет, сызба, шаблон, қалып) негізінде басқару қағидасы құрылды. Бұл жағдайды сапа тек дарын, шеберлік және жұмысшылар біліктілігімен анықталған сапаны кәсіптік басқаруға қарағанда сапаны индустриалды (өнеркәсіптік) басқарудың негізі ретінде санауға болады. Сапаны цехтік бақылаудың туындауы өндірістік өнеркәсіп дамуымен және ХХ ғасыр басындағы өндірісішілік еңбек бөлінісінің тереңдеуімен шартталған болды. Цехтік басқару 1905 жылы Ф. Тейлормен әзірленген сапаны ғылыми басқару қағидаларына сүйене бастады. Ф. Тейлор өндіріске басқарудың үш типін қамтитын механизмді енгізді: сапаны техникалық нормалау, нормалардың орындалуына бақылау, администраторлық және экономикалық жауапқа тарту. Сапаны қабылдау бақылауы өнеркәсіп кәсіпорындарының өсуімен және шығарылатын өнім көлемінің ұлғаюымен құрылды. Бұл техникалық бақылаудың өндірістік операциялардан оқшаулануына, оның өз алдына кәсіби қызмет түріне ұйымдастырушылық рәсімделуіне әкелді. «Сапаны статистикалық басқару» (SQC) атауын алған төртінші кезеңмен байланысты. Өнім сапасын бақылау үшін статистикалық әдісті қолданудың бастамасы болып 1924 жылы олармен реттеу шекаралары бар бақылау картасын (Шухарт картасы) қолдануға негізделген сапаны статистикалық басқарудың негізгі қағидалары құрастырылды Сапаны кешендік басқару өнім сапасының берілген деңгейіне жеткізу үшін қолданылатын шаралардың барлық жүйесін бағдарлап отырды. Сонымен қоса кешендік басқару бұрын қолданылған сапаны бақылаудың статистикалық әдістерін метрология, сапа жөнінде ақпарат жинау, сапа мотивациясы, стандарттау, сертификаттау және көптеген басқа әдістермен толықтырды. Бақылау сұрақтары: 1. Өнім сапасын қамтамасыз етудің қандай негізгі тарихи кезеңдері бар? 2. Сапаны цехтік бақылау қандай кезең? 3. SQC дегеніміз не? 4. Сапаны қабылдау бақылауы кезеңі қандай? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Басовский Л.Е., Протасьев В.Б. Управление качеством: Учебник для ВУЗов. М.: ИНФРА-М, 2002. 2. Управление качеством производств. Электронное учебное пособие /под ред. Акылбекова А.Т./Астана: ЕНУ им.Л.Н.Гумилева, 2007 Дәріс №5 Кәсіпорында ықпалдастырылған менеджмент жүйесін әзірлеу. Дәріс мақсаты: Студенттерге кәсіпорында ықпалдастырылған менеджмент жүйесін әзірлеу кезеңдерін үйрету
Жоспар: 1. БМЖ моделін құру 2. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін құру
БМЖ моделін құру үшін мынадай құрушылар қажет: сапа менеджмент жүйесі, экологиялық менеджмент жүйесі және кәсіп қауіпсіздігін басқару жүйесі, әлеуметтік жауаптылық, денсаулық сақтау менеджменті ережелері, азық-түлік қауіпсіздігі талаптары. Бұл әрбір халықаралық стандарттарды қамтамассыз ететін меншіктерден тұрады. ИСО 9001:2000 талаптарына сай сапа менеджмент жүйесі: · Кәсіпорынның БМЖ құру үшін негіз болып табылады; · Оны құрушы әртүрлі құрылымдар біріктіруші функциясын атқарады; · Кәсіпорын қызметінің үздіксіз іске асырылу жүйесін құруға мүмкіндік береді; · Тұтынушының күту мерзімі мен талаптарын түгелдей ескеріп отырады. Экологиялық менеджмент жүйесі, ИСО 14001:2004 стандартының талабына сай кәсіпорын басшылығының экологиялық менеджменттің негізі болып табылады, және ұйымның мына мақсаттарын жүзеге асыруда үлес қосады: · Табиғатты қорғау талаптары мен экологиялық талаптардың орындалуын жауапкершілікке алу негізінде өзінің имиджін жақсарту; · Экологиялық менеджмент жүйесінің заңды және басқа да талаптарына сай клиенттерге және жалпыға бірдей өз мүмкіншіліктерін көрсету; · Тапсырушының, заңды және басқа да органдардың ұйым қызметіне деген сенімдерінің деңгейін көтеру; · ИСО 14001 сертификатының қажеттілігіне қарай халықаралық нарыққа шығуға толық мүмкіндіктер жасау. Еңбекті қорғау мен өнеркәсіп қауіпсіздігін басқару жүйесі OHSAS 18001 талаптарына сай, жоғарыда келтірілген стандарттар сияқты бизнесте тікелей және тікелей емес шығындарды азайтуға көмектеседі, кәсіпорынныі имиджін жақсартады, мәдени және әлеуметтік жағдайларды жақсартады, ұйымның жалпы деңгейін көтереді, өзінің қызметіне деген сенімнің деңгейін көтереді. НАССР азық-түлік өнімінің қауіпсіздік менеджмент жүйесі. НАССР принциптеріне негізделген сапа жүйесі азық-түлік өнімдерін шығаруда қауіпсіздікпен қамтамассыз ету, сақтау мен тасымалдау факторларымен басқарады. ИСО 9001:2000 талаптарына сай сапа менеджмент жүйесіне келетін болсақ, ол «жұмыстың атқару принципіне» және өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне байланысты кәсіпорының қызметін толығымен жақсартады. ИСО 9001:2000 талаптарына сай сапа менеджмент жүйесін жүзеге асыруда ең бастысы - тапсырыс берушінің талаптарын, күту мерзімін қанағаттандыру. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін құру. Мақсаты: Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін құру және енгізу үшін ұйымдастырылған сілтеме құру. Бірінші кезең. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін құру. Екінші кезең: Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін жобалау. Мақсаты: Ықпалдастырылған менеджмент жүйесінің ұйымдастырылған құрылымын құру. Үшінші кезең: Біріккен менеджмент жүйесін құжаттандыру. Мақсаты: Ықпалдастырылған менеджмент жүйесінің нормативтік ұйымдастырылған базасын құру. Төртінші кезең: Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін енгізу Бесінші кезең: Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін сертификаттауға дайындау
Бақылау сұрақтары: 1. ИСО 9001:2000 талаптарына сай сапа менеджмент жүйесі 2. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін құру қанша кезеңнен тұрады? 3. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін құрудың мақсаты қандай? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Бишимбаев В.К.,Ниязбекова Р.К., Ермаханова Ф.Р. Менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу. Оқу құралы. – Астана:ЕНУ, 2009. – 216 б 2. Адлер Ю.П., Щепетова С.Е. Процесс под микроскопом //Методы менеджмента качества. 2002. Дәріс №6 Қоршаған ортаның қазіргі кездегі жағдайы. Экологиялық менеджмент және экологиялық басқару негіздері. Дәріс мақсаты: Студенттермен қоршаған ортаның қазіргі кездегі жағдайын талқылау, экологиялық менеджментпен таныстыру және басқаруды үйрету Жоспар: 1. Экологиялық менеджмент жүйесі 2. Экологиялық менеджмент және экологиялық басқару негіздері
Көптеген кәсіпорындардың шексіз өсуге деген құштарлығы экономикалық саясаттың басты қозғаушы күші болып табылады, алайда бұл тіршілік ету ортасының бұзылуынан пайда болатын жаһандық апат, өмір сүруге өте қажетті табиғи ресурстардың азаюы мен адамзаттың өзінің тіршілігіне әсер ететін басқа да қауіп-қатерлерге әкеп соқтырады. Экологиялық менеджмент жүйесі - қоршаған ортаны қорғауға байланысты ұйым өзінің міндеттерін орындау үшін қабылданатын іс-әрекеттерді жетілдіру және талдау, енгізу, жоспарлаудың үздіксіз кезеңі. Экологиялық менеджмент және экологиялық басқару негіздері ЭМЖ және оның артықшылықтары: · заңнаманы сақтау; · қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігі деңгейінің төмендеуі; · инвесторлар, қоғам, қызметкерлер, клиенттер және регулятивті органдар алдында экологиялық жауапкершілікті демонстрациялайтын механизм (клиенттерге деген сенім – капиталға тез қол жеткізуді қамтамасыз етеді); · шаруашылықты және қоршаған ортаға әсер етуді үйлесімді басқару (яғни шикізатты пайдалану); · экологиялық оқиғалар санының азаюы; · бәсеке кезіндегі артықшылықтар; · ұйым қызметкерлерінің қатысуы. Қоршаған ортаны орынды пайдалануды қажет ететін факторлар. Сыртқы: · халықаралық хаттамалар; · ұлттық заңнама; · клиенттер; · тұтынушылар; · инвесторлар; · қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатқа қысым көрсететін топтар; · жергілікті бірлестіктер; · сақтандыру компаниялары; · кәсіпшілік гигиена. Ішкі: · өнімнің сапасы; · өнімділік; · рентабелділік; · бәсекелестік; · қызметкердің қанағаттануы; · қоршаған орта қауіпсіздігі және санитарлық күйі; · активтердің номиналды құны. Экологиялық менеджмент жүйесін енгізуді басымдықтарды жақсы ұйымдастыратын және мәселелер мен зардаптарды анықтайтын процесс ретінде қарастыруға болады. Тиімді экологиялық менеджмент жүйесі бизнесті жақсы жүргізуге көмектеседі. Қоршаған ортамен байланысты пайда болу себебін анықтауға көмектесіп (содан кейін оларды жойып), экологиялық менеджмент жүйесі қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Экологиялық менеджмент жүйесі кадрларды сақтауға, жаңа қызметкерлерді таңдауға, жұмыс талаптарын жақсартуға жағдай жасай алады. ЭМЖ ұйымның ұзақ мерзімді өміршеңдігінде өте жақсы қаржы салымы бола алады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттарға жету кезінде экологиялық менеджмент жүйесі тиімді жұмыс істей алады. Бар клиенттерді ұстап қалып, жаңаларын тартуға көмектесіп, экологиялық менеджмент жүйесі ұйымға қосымша пайда әкеледі. Қоршаған ортаны қорғаудың тиімді басқару кілті - қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұйымның бақылауына, жоспарына жүйелі ықпал ету болып табылады. Маңызды жақсартуларға (және қаражатты үнемдеу) ұйымның басқару үрдісін жетілдіру және талдау көмегімен жетуге болады. Қоршаған ортаны қорғаумен байланысты барлық мәселелерді ластауды бақылау бойынша қымбат құрал-жабдықтарды қондыру жолымен ғана шешілмейді. Бақылау сұрақтары: 1. Экологиялық менеджмент жүйесі дегеніміз не? 2. Қоршаған ортаны орынды пайдалануды қажет ететін факторлар қандай? 3. Экологиялық менеджмент жүйесін кәсіпорынға енгізу тиімділігі қандай? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Игнатов В.Г., Кокин А.В. Экологический менеджмент: учебное пособие, изд. 1997г. 2. Гринин А.С., Орехов Н.А., Шмидхейни С. - “Экологический менеджмент”, учебное пособие. Реком. УМЦ “Профессиональный учебник”, М., ЮНИТИ 2001г., 206с. Дәріс №7 Экологиялық менеджмент және экологиялық басқарудың негізгі міндеттері. Дәріс мақсаты: Студенттерге экологиялық менеджмент жүйесінің тиімділігін көрсетіп, экологиялық басқаруды үйрету
Жоспар: 1. Экологиялық менеджмент 2. Экологиялық басқарудың негізгі міндеттері Үздіксіз жақсарту - қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті жақсарту мақсатында ЭМЖ-н жетілдіру. ЭМЖ-нің көп үлгісі (осы ИСО 14001 стандарты да) Шухарт және Деминг енгізген «жоспарлау, істеу, тексеру, түзету» үлгісінде құрылған. Бұл үлгі үздіксіз жетілдіру концепциясына негізделген. ЭМЖ-нің ИСО 14001 стандартындағы бұл кезеңдер, яғни «жоспарлау, істеу, тексеру, түзету» ЭМЖ 17 элементтен тұрады. Кәсіпорындар мен компанияларда экологиялық менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттар сериясы болып табылатын ISO 14000 пайда болуы маңызды халықаралық табиғатты қорғау бастамаларының бірі болып саналады. Экологиялық менеджмент жүйесін енгізуді басымдықтарды жақсы ұйымдастыратын және мәселелер мен зардаптарды анықтайтын процесс ретінде қарастыруға болады. Тиімді экологиялық менеджмент жүйесі бизнесті жақсы жүргізуге көмектеседі. Қоршаған ортамен байланысты пайда болу себебін анықтауға көмектесіп (содан кейін оларды жойып), экологиялық менеджмент жүйесі қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Экологиялық менеджмент жүйесі кадрларды сақтауға, жаңа қызметкерлерді таңдауға, жұмыс талаптарын жақсартуға жағдай жасай алады. ЭМЖ ұйымның ұзақ мерзімді өміршеңдігінде өте жақсы қаржы салымы бола алады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттарға жету кезінде экологиялық менеджмент жүйесі тиімді жұмыс істей алады. Бар клиенттерді ұстап қалып, жаңаларын тартуға көмектесіп, экологиялық менеджмент жүйесі ұйымға қосымша пайда әкеледі. Қоршаған ортаны қорғаудың тиімді басқару кілті - қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұйымның бақылауына, жоспарына жүйелі ықпал ету болып табылады. Маңызды жақсартуларға (және қаражатты үнемдеу) ұйымның басқару үрдісін жетілдіру және талдау көмегімен жетуге болады. Қоршаған ортаны қорғаумен байланысты барлық мәселелерді ластауды бақылау бойынша қымбат құрал-жабдықтарды қондыру жолымен ғана шешілмейді. ИСО 14001 бойынша экологиялық аспекті дегеніміз – қоршаған ортамен қарым-қатынас жүргізумен байланысқан ұйым қызметінің элементі, оның өнімі мен қызметтері.
Бақылау сұрақтары: 1. Үздіксіз жақсарту дегеніміз не? 2. Қоршаған ортаны қорғаудың тиімді басқару кілті қандай? 3. ЭМЖ-нің көп үлгісі ненің негізінде құрылған? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Игнатов В.Г., Кокин А.В. Экологический менеджмент: учебное пособие, изд. 1997г. 2. Гринин А.С., Орехов Н.А., Шмидхейни С. - “Экологический менеджмент”, учебное пособие. Реком. УМЦ “Профессиональный учебник”, М., ЮНИТИ 2001г., 206с. Дәріс №8 Экологиялық менеджмент жүйесін енгізу Дәріс мақсаты: Студенттерге экологиялық менеджмент жүйесін енгізудің кезеңдерін үйрету Жоспар: 1. ЭМЖ-нің тәжірибе жүзінде енгізу кезеңдері
ЭМЖ-нің тәжірибе жүзінде енгізу кезеңдері: 1. Басқару міндетін қабылдау. 2. Басшыны таңдау. 3. Бюджет пен жоспар-график құру. 4. Жоба тобын құру. 5. Қызметкерлерді тарту. 6. Алдын-ала талдау жүргізу. 7. Жоспарды сәйкестендіру. 8. Процедураларды және басқа да құжаттарды дайындау. 9. Өзгерістерді жоспарлау. 10. Қызметкерлерді оқыту. 11. Қызметтің бағасын беру.
1. Басқару міндетін қабылдау. Экологиялық менеджмент жүйесін құру үрдісінің I-ші кезеңі – басшылықтың экологиялық менеджмент жүйесін қолдау міндетін қабылдау. Басшылық экологиялық менеджмент жүйесін құру үшін қажетті жағдай жасауды және экологиялық менеджмент жүйесінің артықшылықтарын түсіну керек. 2. Басшыны таңдау. Жоба басшысын таңдау өте маңызды. Басшы қажетті құзыреттілікке, жобаны басқару іскерлігіне ие болу керек (ИСО 9000 стандартымен жұмыс істеу тәжірибесі белгілі бір артықшылықтарға ие болуы мүмкін, бірақ ол өте қажет емес). 3. Бюджет және жоспар-график құру. Жоба басшысы экологиялық менеджмент жүйесін жасаудың алдын-ала бюджетін және жоспар-графигін дайындау керек. 4. Жоба тобын құру. Қызмет көрсету немесе өндіріс сферасындағы басшылық функцияларын орындайтын топ мүшелері барлық процестерді және мүмкіндіктерді анықтап бағалай алады. 5. Қызметкерлерді тарту. Қызметкерлер қоршаған ортаны қорғау, гигиена, еңбекті қорғау, сонымен қатар барлық үрдістер және процедуралардың тиімділігі саласындағы білімнің қайнар көзі болып табылады. Олар топқа процедураларды құруға көмектесе алады. 6. Алдын-ала талдау жүргізу. Келесі қадам – ол қазіргі уақыттағы бағдарламаның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жүйенің алдын-ала талдауын жүргізіп, оларды ИСО 14001 стандартының критерийлерімен салыстыру. 7. Жобаны сәйкестендіру. Жоба жоспары алдын-ала талдау нәтижелері негізінде өзгерістерді қажет етуі мүмкін. Өзгертілген жоспарда қабылданатын әрекеттер, оған жауапты тұлға және бұл жұмыс қай уақытта аяқталатыны нақты көрсетілуі керек.
8. Процедураларды және басқа да құжаттарды дайындау. Бұл кезеңде жүйе бойынша процедуралар мен басқа құжаттарды жасап шығаруға дайындық жүргізіледі. Кейбір жағдайда қоршаған ортаны қорғау бойынша алдыңғы процедуралар өзгеруі мүмкін. 9. Өзгерістерді жоспарлау. Экологиялық менеджмент жүйесін құрған кезде жүйенің иілгіш екеніне көз жеткізу керек. 10. Қызметкерлерді оқыту. Процедуралар мен басқа да құжаттар дайын болғаннан кейін ЭМЖ-н енгізуге кірісуге болады. Бірінші қадам ретінде жаңа немесе өзгертілген процедуралар және жаңа міндеттер, қызметтің қоршаған ортаға әсері қатысымен қызметкерлерді экологиялық менеджмент жүйесі бойынша оқытуды жургізу. 11. ЭМЖ жұмысының бағасын беру. Экологиялық менеджмент жүйесі енгізіліп және белгілі бір уақыт аралығында жұмыс жасап болған соң жүйе жұмысын бағалау қажет. Бақылау сұрақтары: 1. ЭМЖ-нің тәжірибе жүзінде енгізу кезеңдері қандай? 2. Процедураларды және басқа да құжаттарды дайындау кезеңі қандай? 3. Басшыны таңдау дегеніміз не? 4. Басқару міндетін қабылдау қандай кезең? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Игнатов В.Г., Кокин А.В. Экологический менеджмент: учебное пособие, изд. 1997г. 2. Масленникова И.С., Кузнецов Л.М., Пшенин В.Н.
Дәріс №9 ИСО 14000- экологиялық менеджмент жүйесіның негізгі стандарты Дәріс мақсаты: Студенттерді экологиялық менеджмент жүйесінің негізгі стандартымен таныстыру, ЭМЖ-ның 17 элементін үйрету
Жоспар: 1. ИСО 14001 дүние жүзінде экологиялық менеджмент жүйесінің стандарты 2. ЭМЖ-ның 17 элементі ИСО 14001 дүние жүзінде экологиялық менеджмент жүйесінің стандарты болып кең таралған: · бұл стандарт экологиялық менеджмент жүйесі үлгілерінің негізгі элементтерімен үйлестірілген; · ол жалпы саяси сипаттама міндеттерінің орындалуын, сәйкес заңнамалық нормалар мен ережелердің сақталуын, сонымен қатар тұрақты жетілдіруді қарастырады; · ол қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік-экономикалық мұқтаждық арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге көзделген; · оның құрамында тек қана тексеріс құралы болып табылатын талаптар ғана бар; · қауіпсіздік және денсаулық сақтауды басқару бойынша әлеуметтік шараларды қолдануға ұсыныс жасайды, бірақ талап етпейді. ИСО 14001 стандарты ұйымнан талап етеді: · талаптарға сәйкес міндеті мен қоршаған ортаны қорғау саясатын жасау; · қоршаған ортаны қорғауға жататын заңдар мен нормаларды анықтап, оларға қол жетімді болу үшін процедуралар жасау; · қоршаған ортаны қорғау саясатына сәйкес мақсаттар мен міндеттерді орнату; · оперативті бақылау бойынша процедураларды орнату; · апаттық жағдайларға дайындық бойынша процедураларды орнату; · талаптарға сәйкес периодты бағалау бойынша процедураларды орнату. Бұл талаптар ұйымның сәйкес талаптарын басқаруға тікелей қатысты. ИСО 14001 стандарты ұйымның сәйкес талаптарын басқаруды жақсарта алады және белгілі бір мақсаттар мен міндеттерге жету үшін көмектеседі. ИСО 14001 стандарты негізіндегі ЭМЖ нормалауға жатпайтын мақсаттар мен міндеттерді орындауға көмектесе алады. ИСО 14001 стандарты бойынша экологиялық менеджмент жүйесінің 17 элементтері: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат – ұйымда қоршаған ортаны міндеті туралы құжат жасау. Саясатты жоспарлау және әрекет ету кезінде негіз ретінде қолдануға болады. Қоршаған орта аспектілері – қоршаған ортамен өзара байланысты қызмет көрсетудің, қызметтің және өнімнің сипатты белгілерін анықтау. Құқықтық және басқа талаптар – сәйкес заңдар мен нормаларды анықтап, оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету. Мақсаттар мен міндеттер – саясатқа, қоршаған орта әсеріне, қызығушы ұйымның пікіріне және басқа да факторларға сәйкес, қоршаған ортаны қорғаумен байланысты ұйымның мақсаттарын анықтау. Қоршаған ортаны қорғауды басқару бағдарламасы – мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін әрекеттерді жоспарлау. Құрылым және жауапкершілікті бөлу – қатыстырған қызметкерлерді, олардың міндеттерін анықтау және оларды ресурстармен қамтамасыз ету. Оқыту, білім және құзыреттілік – ұйым қызметкерлері қоршаған ортаны қорғаумен байланысты өзінің міндеттерін орындай алатындай оқудан өтуді қамтамасыз ету керек. Өзара байланыс – қоршаған ортаны қорғауды басқару бойынша ішкі және сыртқы байланыс процедураларын орнату. ЭМЖ-нің құжаттамасы – ЭМЖ бойынша сәйкес құжаттарды және ақпаратты жүргізу. Құжаттарды басқару – жүйе бойынша процедуралардың немесе басқа құжаттардың тиімді басқаруын қамтамасыз ету. Оперативті бақылау – саясат, мақсаттар мен міндеттерге сәйкес әрекеттер мен операцияларды анықтау, жоспарлау және басқару. Апатты жағдайларға дайындық – потенциалды апаттарды анықтау және олардың алдын алу үшін процедуралар жасау. Бақылау және өлшеу – негізгі әрекеттерді бақылап, жұмыс жасауын қадағалау. Сәйкессіздік, түзетуші жне ескертуші ерекеттер – проблемаларды анықтау, жою және олардың қайталануын ескерту. Есептік құжаттар – ЭМЖ-нің жұмыс жасауы бойынша сәйкес есептік құжаттарды жүргізу. ЭМЖ-нің аудиторлық тексерістері – ЭМЖ жақсы жұмыс істеп тұрғанын периодты тексеру. Басшылық талдауы – ЭМЖ-нің жетілу мүмкіндігін периодты талдау. Бақылау сұрақтары: 1. ИСО 14001 стандарты 2. ИСО 14001 стандарты ұйымнан нені талап етеді? 3. ИСО 14001 стандарты бойынша экологиялық менеджмент жүйесінің қанша және қандай элементтері бар? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. ИСО 14001 халықаралық стандарты 2. Игнатов В.Г., Кокин А.В. Экологический менеджмент: учебное пособие, изд. 1997г.
Дәріс №10 OHSAS 18001:2008 Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі Дәріс мақсаты: Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік менеджмент жүйесі талаптарын талқылау
Жоспар: 1. Стандарттың қолданылу саласы 2. OHSAS 18001:1999 стандарты
Берілген стандарт еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздіктің менеджмент жүйесіне талаптарды бекітеді, ол ұйымға еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы қауіп-қатерді бақылау мен басқаруға және жүйе нәтижелілігін көтеруге мүмкіндік береді. Стандартта еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік саласында қызметтің ерекше белгілері құрастырылмайды және менеджмент жүйесін құру үшін толық ерекшеліктер берілмейді. Берілген стандартта мазмұндалған талаптар, барлық ұйымға оның түрі, мөлшері және шығарылатын өнімге тәуелсіз жалпы және қолданымды болып табылады, яғни орындауға міндетті: Ұйым еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздіктің менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу, оны жұмыс жағдайында ұстауды және оның нәтижелілігін берілген стандарттың талаптарына сәйкес үнемі жақсарту керек. Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік менеджмент жүйесі. Талаптар 4. Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздіктің менеджмент жүйесіне талаптар 4.1 Жалпы талаптар 4.2 Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясат 4.3 Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік жүйесін жоспарлау 4.4 Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік менеджмент жүйесін енгізу және басқару 4.5 Бақылау және түзетуші әрекеттер 4.6 Басшылық тарапынан талдау OHSAS менеджмент жүйесін әзірлеуге және енгізуге ұйымның қызмет аясы, оның нақты тапсырмасы, шығаратын өнімі мен көрсететін қызметі, сонымен қатар қолданылатын техникалық процестер, құрал-жабдық, жұмысшының жеке және ұжымдық қорғау құралдары мен еңбекті қорғау саласындағы қызметінің практикалық тәжірибесі нақты бір әсерін көрсетеді. Бақылау сұрақтары: 1. Берілген стандартта мазмұндалған талаптар қандай болып табылады? 2. Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік менеджмент жүйесі стандартының құрылымы қандай? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. OHSAS 18001 халықаралық стандарты 2. Д.В. Зеркалов, Т.Е. Луц "Промышленная безопасность": ССБТ, справочн. пособие.
Дәріс №11 Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік менеджментін енгізу. Дәріс мақсаты: Студенттерге еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік менеджментін енгізу кезеңдерін үйрету
Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік менеджмент жүйесін енгізу Ø Құрылым және жауапкершілік Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік саласындағы қауіп-қатерге әсер ететін персоналдыңызметтің түрлі бағытын басқаратын, орындайтын және тексеретін ұйымның қызметімен, жабдықпен және прцестермен байланысты рөлі, міндеттері және өкілеттігі құжатталған болу керек және Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік саласында басқаруға көмектесу мақсатында жұмысшылар мәлімденуіне дейін жеткізу керек. Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздікке Жоғары басшылық жауапты. Ø Жете білушілік, оқыту және мәліметтілік Персонал жұмыс орнындағы қауіпсіздікке және денсаулыққа әсер етуі мүмкін мақсаттарды орындау үшін жете білу керек. Жете білушілікті сәйкес білімі, дайындығы және/немесе өндірістік тәжірибе негізінде анықтау жөн. Ø Кеңестер және ақпаратпен алмасу Ұйымда еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздікке қатысты персоналдың ақпаратқа мәлімденуіне жеткізетін процедуралары және персонал мен қызығушы жақтан ақпарат алу процедуралары болуы керек. Кеңестерді ұйымдастыру және ақпаратпен айырбастау бойынша процедуралар құжатталған және бұл жөнінде қызығушы жаққа хабарланған жөн. Ø Құжаттама Ұйым ақпаратты жұмыс күйінде, қағаз немесе электронды тасығышта әзірлеу және көтермелеу керек, яғни: а) менеджмент жүйесінің негізгі элементтерін және олардың өзара әсерін түсіндіреді; б) Қарастырылатын сұраққа байланысты құжатталуға бағыттайды. Ø Құжаттаманы және мәліметтерді басқару Ұйым барлық құжаттар мен мәліметтерді тексеру процедураларын жұмыс күйінде әзірлеу және көтермелеу қажет. Ø Операциялы бақылау Ұйым теңестірілген қауіп-қатер және бақылау өлшемдерін қайда қолдану керектігіне байланысты барлық қызметтер мен осы оерацияларды теңестіру керек. Ұйым осы қызметтерді, оны жұмыс күйінде сүйеуді қоса, бекітілген шартта өткізілетіндей жоспарлау керек. Ø Апатты жағдайларға дайын болу және апатты жағдайдағы әрекеттер Ұйым инцидент мүмкіндіктерінің теңестіру және апатты жағдайда олардың әрекеттері уақытындағы процедурасы мен жоспарын, сонымен қатар осындай жағдай нәтижесінде ауру ықтималдығын төмендету және құтылу немесе зиян келтіру мүмкіндігін әзірлеу және сүйеуді жұмыс күйінде әзірлеу және көтермелеу керек.
Бақылау сұрақтары: 1. Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздік менеджментін енгізу кезеңдері қандай? 2. Еңбекті қорғау және кәсіптік қауіпсіздікке Жоғары басшылық неге жауапты? 3. Құжаттама кезеңі қандай? Пайдаланылған әдебиеттер: 4. Д.В. Зеркалов "Безопасность труда", монография 5. Г. И. Чижиков, А. Г. Гринь, Ю. В. Менафова, Краткий курс лекций по дисциплине «Охрана труда в отрасли»
Дәріс №12 Әлеуметтік жауапкершілік талаптары. Халықаралық стандарт SA 8000 Дәріс мақсаты: Студенттерді SA 8000 халықаралық стандартымен таныстыру, әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіріп, үйрету Жоспар: 1. Әлеуметтік жауапкершілік 2. Халықаралық стандарт SA 8000
Әлеуметтік жауапкершілік – ұйым немесе кәсіпорынның өз қызметінің әлеуметтік салдарларын, сонымен қатар қоршаған ортаға қауіпсіздігін бағалау мүмкіндігі. Әлеуметтік жауапкершілік - ұйымға немесе кәсіпорынға өз жұмыстарын мұқият және «таза» жасауға мүмкіндік беретін жаңа, әрі жауапты басқару стилі. Әлеуметтік жауапкершілік төмендегілерге ауқымды түрде қарауға мүмкіндік береді: · кәсіптің әлеуметтік жауапкершілігі; · қауіпсіздікке, денcаулық пен қоршаған ортаны қорғауға; · адам құқықтарына; · дискриминацияға; · ұжымдық келісім – шартқа; ұлттық заңды актілер мен нормативтік құжаттарды қолдану мен сәйкестікке. SA 8000 «әлеуметтік жауапкершілік 8000» дегенді білдіреді. Бұл – тауар немесе қызмет көрсету өндірісінде этикалық критерийлерді анықтауды қамтамасыз ететін стандарт. Ол өндірістік гигиена және техникалық қауіпсіздік, балалар еңбегін пайдалану, зәбірлеуші еңбек, кәсіпшілік одақ құқықтары, жұмыс уақытының ұзақтығы мен еңбек ақымен бірге осыларды қамтамасыз ететін басқару жүйелеріне қатысты негізгі нормалар мен процедураларды бекітеді. ISO 9000 және ISO 14000, сапаны және қоршаған ортаны басқару жүйелері бойынша стандарттары сияқты SA 8000 ұдайы жақсартудың принципіне негізделген: "Жоспарлау - Жасау - Тексеру - Әрекет ету" Осыған еру үшін сертификат алу процесінде төрт кезең бар: Кезең I: Жоспарлау / Дайындау Кезең II: Жасау / Енгізу Кезең III: Тексеру / Аудиттер Кезең IV: Әрекет ету / Ұдайы жақсарту SA 8000 стандарты бір жағынан менеджмент жүйесінің стандарты болып келеді де, екінші жағынан әлеуметтік жауаптылық мәселелеріне тікелей бағытталған. Сонымен қатар, SA 8000 әлеуметтік жауапкершілік стандарттары жұмыс ортасын, қоғамды жақсартуға бағытталған және олардың әдістемелері еріктілік, сенімділік, верификация және ашықтылық принциптеріне негізделеді. Халықаралық стандарт SA 8000 Бұл стандарттың негізгі мақсатықазіргі жаһандану заманының глобальды масштабында ұйымның әлеуметтік жауапкершілігінің талаптарын анық ашып көрсету мен тарату. Берілген талаптар ұйымның бәсекелестік қабілетін және персонал көзі алдында немесе бүкіл қоғам алдында ұйымның авторитетін көтеру мақсатында жасалынған стандарт. Көптеген ұйымдар өз мүмкіндіктерінше әлеуметтік жауапкершілік облысына өз талаптарын енгізуге қызығушылық танытады. Бұл талаптар негізгі Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерін, халықаралық құқықтық актілерді, осы берілген стандартты және басқа талаптарды енгізеді
Бақылау сұрақтары: 1. Әлеуметтік жауапкершілік дегеніміз не? 2. Әлеуметтік жауапкершілік неге ауқымды түрде қарауға мүмкіндік береді? 3. SA 8000 қандай принципке негізделген? 4. SA 8000 стандартының мақсаты қандай? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Цыганов И.Ю SA 8000: Инструмент улучшения качества жизни//Методы менеджмента качества.2003 2. Уитмор Дж. Coaching - новый стиль менеджмента и управления персоналом. Практическое пособие. - Пер. с англ./Под ред. А.П. Колесника. - М.: Финансы и статистика, 2000. - 160 с.
Дәріс №13 ИСО 22000:2005 негізіндегі НАССР қағидалары Дәріс мақсаты: Студенттерге “азық-түлік қауіпсіздігі” қағидаларын түсіндіру, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы кәсіпорындарына НАССР жүйесін енгізу жағдайын талқылау
Жоспар: 1. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы кәсіпорындарына НАССР жүйесін енгізу 2. НАССР жүйесі
Қазіргі кезеңде “азық-түлік қауіпсіздігі” деген ұғым екі мағынада қолданылып жүр. Біріншісі азық-түліктің жетіспеушілігі туралы да, екіншісі азық-түлік өнімдерінің сапасына қатысты, яғни адам ағзасына тигізетін зиянды әсері жайлы түсінік болып табылады. Басқаша айтқанда, біріншісі, экономикалық қорларды басқару, реттеуге қатысты болса, екіншісі тікелей сапалық басқаруға қатысты ұғымдар. Елімізде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасының “Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы” (2004 ж.), “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” (1992 ж.), “Техникалық реттеу туралы” (2004 ж.), т.б. заң актілерінде қарастырылған. Осы заң актілерінде белгіленген талаптарды орындау, тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін әлемнің көптеген елдерінде НАССР (Hazand Analysіs and Crіtіcal Control Poіnts) жүйесі сәтті пайдаланылуда. Қазақша мағынасы тәуекелдерді талдау және сынап бақылау нүктелері немесе өнімнің қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етуші қауіпті факторларды жүйелі түрде бірдейлендіру, бағалау және басқару тұжырымдамасы. НАССР жүйесі оны жүзеге асыруға қажетті ұйымдық құрылым, құжаттар мен өндірістік процестер және қорлардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасында НАССР принциптері негізінде тамақ өнімдерінің сапасын басқару бойынша сапа жүйесінің мемлекеттік стандарты ҚР СТ 1179-2003 қолданысқа енгізілген. Бұл жүйенің өнім қауіпсіздігінің технологиясы деп аталуы тегін емес. НАССР жүйесі әлемдік тамақ индустриясында жетекші орын алады және азық-түлік тауарларын өндіруші кәсіпорындар өнімдерінің қауіпсіздігіне деген тұтынушылардың сенімділігін нығайтады. Себебі, НАССР жүйесі бойынша тамақ өнімдерін өндіру саласындағы қауіптіліктерді анықтау және оларды басқару немесе алдын алу (жою) тәсілдері ғылыми негізде жүзеге асырылады. НАССР жүйесі қызметкерлердің тамақ өнімдері қауіпсіздігі жоспарларын әзірлеу, бақылау құралдарын енгізу жұмыстарына белсенділікпен қатысуына ықпал етеді. Алдын ала оқыту (даярлау) мамандар үшін процестерді талдай отырып, қауіпті фактордың пайда болу себептерін анықтау арқылы қауіптілікті болдырмау және жою шараларын жедел түрде іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау кезеңдерінде қауіптілікті пайда болдырушы кездейсоқ жағдайлардың алдын алу, өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету жүйесін нығайтады. НАССР жүйесін нәтижелі енгізу үшін технологиялық процестерді жетілдіру, құрал-жабдықтарды техникалық жақсарту (жаңарту) қажеттілігі де туындауы ықтимал. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы кәсіпорындарына НАССР жүйесін енгізу арқылы төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болар еді. Біріншіден, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін факторлардың алдын алу, оларды болдырмау немесе ең төменгі ұйғарымды деңгейден асырмау. Екіншіден, тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезеңдерінде тәуекелділікті басқару жұмыстарын жолға қою арқылы өнім қауіпсіздігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Үшіншіден, технологиялық процестегі негізгі бақылау нүктелерін анықтай отырып технологиялық бақылаудың тиімді нұсқасы мен мониторинг жүйесін әзірлеп, қолданысқа енгізу.
Бақылау сұрақтары: 1. НАССР жүйесі қандай? 2. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы кәсіпорындарына НАССР жүйесін енгізу арқылы қандай нәтижелерге қол жеткізуге болады? 3. НАССР принциптері негізінде қандай сапа жүйесінің мемлекеттік стандарты қолданысқа енгізілген? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. В.А. Качалов “Аудит систем менеджмента на соответствие требованиям ISO 22000”. 2. Боков В.А., Гаяев В.И. Проблема «качество»// Стандарты и качество. 1996. Дәріс №14 Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін әзірлеу тәртібі Дәріс мақсаты: Студенттерге ықпалдастырылған менеджмент жүйесін әзірлеу тәртібін үйрету Жоспар: 1. Біріккен менеджмент жүйесінің артықшылықтары 2. Біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу тәртібі
Біріккен менеджмент жүйелері – бұл екі немесе одан да көп халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін және біртекті механизм ретінде жұмыс істейтін жалпы менеджменттің бөлігі. Бұл жерден біріккен менеджмент жүйесі жалпы менеджментпен салыстыруға келмейтіндігін көреміз. Біріккен менеджмент жүйесінің бірнеше артықшылықтары бар: · нәтижелілік пен тиімділікті жақсартатын ұйым ішіндегі іс‑әрекеттің келісушілігін қамтамасыз ету; · ұйымда автономдық менеджмент жүйесін енгізу кезінде пайда болатын функционалдық бас бірікпеушіліктің ықшамдалуы; · енгізу кезіндегі аз еңбек сыйымдылығы; · кәсіпорынның қызметтерінің жоғарылуына персонал қатысуының жоғары дәрежесі; · қызығушы жақтар ықылас балансын аса тиімді қамтамасыз ету; · біріккен жүйені әзірлеу, жұмыс істету және сертификаттауға кететін шығындардың ықшамдалуы. Біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу тәртібі Сонымен, қазіргі уақытта кәсіпті басқарудың жүзеге асырудың ең қолайлы жолы ИСО 9000(сапа), ИСО 14000 (қоршаған ортаны қорғау), OHSAS 18000(еңбекті қорғау және кәсіп қауіпсіздігі) және басқа да халықаралық стандарттардың талаптарынан туындаған БМЖ-ге еңгізу болып табылады. Бұл – халықаралық басқару тәжірибе негізінде құрылған кәсіпті басқаруды жүзеге асырушы құрал Кәсіпорында біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу шаруашылық қызметін жүзеге асыру және қоршаған ортаны қорғау саласында заңнамалық-құқықтық және нормативтік-техникалық талаптардың қатаң сақтау міндеттілігіне сүйенуге тиіс: 1) кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін басқарудың барлық деңгейлерінде; 2) осы қызметтің барлық кезеңдерінде – жобалау, құру, пайдалану, жою жұмыстарын жүргізу кезінде; 3) барлық салаларда – жобалық-технологиялық, өндірістік-пайдалану, қаржылық-экономикалық салаларда. Кәсіпорында біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу мынадай принциптермен жүзеге асырылуға тиіс: · бар экологиялық проблемаларды шешудің басымдылығы және оңтайлылығы; · бағдарламалық іс-шараларды іске асыру процесінде бірыңғай ғылыми-әдістемелік, метрологиялық және техникалық тәсілдерді қамтамасыз ету; · бағдарламалық іс-шараларды өз уақытында және толық қаржыландыруды қамтамасыз ету; · кәсіпорынның өзінің өндірістік қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ой-мақсаттары туралы ақпараттың ашықтығы және қолжетімдігі; · бағдарламалық іс-шараларды орындауды қатаң бақылау. Кәсіпорынның біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу негізіне мыналар қалануға тиіс: · кәсіпорынның экологиялық саясаты принциптері; · кәсіпорынның жаңашылдық стратегиясы; · кәсіпорынның қызметкерлері мен басшылары арасындағы тарифтік келісім; · кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұжымдық келісім-шарт; · қызметкерлерге және әкімшілікке берілетін кепілдіктерді, жеңілдіктерді және өтемақыларды кеңейту.
Бақылау сұрақтары: 1. Кәсіпорында біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу принциптері қандай? 2. Біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу тәртібі қандай? 3. Кәсіпорын біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу негізіне нені қалдану тиіс? 4. Біріккен менеджмент жүйесінің артықшылықтары қандай? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Бишимбаев В.К.,Ниязбекова Р.К., Ермаханова Ф.Р. Менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу. Оқу құралы. – Астана:ЕНУ, 2009. – 216 б 2. Круглов М.Г., Сергеев С.К. Менеджмент систем качества. //Учебное пособие.- М.: Изд-во стандартов, 1997.
Дәріс №15 Аудит – тәуелсіз құжатталған талдау Дәріс мақсаты: Студенттерге аудитті түсіндіру, аудиттің түрлерін, критерийлерін, жүргізу сатыларын оқытып, үйрету
Жоспар: 1. Аудит 2. Аудитті өткізу кезеңдері
Аудит – аудит куәлігін алудың жүйелік, тәуелсіз және құжатталған үрдісі және аудиттің сәйкестендірілген критерийлерін орындау деңгейін орнату мақсатымен оларды объективті бағалау.
1 ескерту. Кейде «бірінші жақ аудиті» деп аталатын ішкі аудиттер ішкі мақсаттар үшін мекеменің өзімен немесе оның атынан жүргізіледі және сәйкестік туралы декларацияның негіздемесі болуы мүмкін. Көптеген жағдайда, әсіресе, шағын мекемелер үшін тәуелсіздік тексерілген жұмыстар жауапкершілігінен босатуды демонстрациялап көрсетілген.
2 ескерту. Сыртқы аудиттердің құрамына кейде «екінші жақ аудиті» немесе «үшінші жақ аудиті» деп аталатын аудит түрлері кіреді. Екінші жақ аудиті ұйым жұмыстарына қызығушылық танытқан жақтармен жүргізіледі, мысалы, тұтынушылар мен басқа да тұлғалардың атынан. Үшінші жақ аудиті сыртқы тәуелсіз ұйымдармен жүргізіледі. Бұл ұйымдар ИСО 9001 немесе ИСО 14001 талаптарына сәйкес сертификаттау мен тіркеуді жүзеге асырады. 3 ескерту. Егер сапа менеджменті мен экологиялық менеджменті жүйелері бір уақытта аудитке ұшыраса, бұл «кешендік аудит» деп аталады. 4 ескерту. Егер екі немесе одан да көп ұйымдар тексерілетін ұйымның аудитін бірігіп жүргізсе, бұл біріктірілген аудит деп аталады. Аудит критерийлері – саясат, процедура және талаптардың жиынтығы. Ескерту – аудит критерийлері аудит куәлігімен салыстырылатын бағдар ретінде қолданылады. Аудитті қадағалау – аудит критерийлеріне сәйкес аудит куәлігін бағалау нәтижелері. Аудит нәтижелері бойынша қорытынды барлық аудит қадағалауы мен аудит мақсаттарын қарастырғаннан кейін аудиторлық топпен қарастырылған аудиттің шығыс мәліметтері. 1 кезең. Аудиттің басталуы: - аудиторлық топтың басшысын тағайындау; - аудит критерилерін, мақсатын және көлемін анықтау. 2 кезең. Құжаттаманың талдауын жүргізу. Құжаттаманың менеджмент жүйесіне сәйкестігін талдау. 3 кезең. Аудитті орнында жүргізуге дайындау: - аудит жоспарын дайындау - аудиторлық топта міндеттемелерді бөлу - жұмыс құжаттарын дайындау. 4 кезең. Аудитті орнында жүргізу: - бастапқы жиналыс өткізу. 5 кезең. Аудит бойынша есеп беруді бекіту жән тарату: - аудит бойынша есеп беруді дайындау, бекіту және тарату. 6 кезең. Аудиттің аяқталуы Бақылау сұрақтары: 1. Аудит дегеніміз не? 2. Аудит критерийлері қандай? 3. Аудитті өткізу кезеңдері қандай? 4. Аудит куәлігі дегеніміз не? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Шеремет А.Д., Суйц В.П. Аудит: учебное пособие.Изд-во «Инфра-М», 1995.2. Камышанов П.И. практическое пособие по аудиту.Изд-во «Инфра-М», 1996.3. Гусаков Б.И. Цель и задачи внутреннего аудита // Финансы и кредит, 2001 г. №7, с.21-27
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ кафедрасы (кафедра атауы) _«Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығын таңдау бойынша модуль - 1 (модульдің шифрі және атауы)
IMZh 4307 - ЫҚПАЛДАСТЫРЫЛҒАН МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІ пәні бойынша (оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы) 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау (мамандық/мамандыру шифрі және атауы)
мамандығының студенттеріне арналған Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК ҢҰСҚАУЛАР
Дата добавления: 2014-01-04; Просмотров: 3603; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |