КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Модуль 1. Жалпы экология негіздері
Лекция Тақырып 1. Организм және орта. Организмдердің негізгі тіршілік орталары Тіршілік ортасы. Фауна. Флора. Су – тіршілік ортасы. Құрылық-әуе. Топырақ – тіршілік ортасы. Ағзалардың өзі – тіршілік ортасы. Гидросфера. Гидробионттар. Паразиттер. Эктопаразиттер. Эндопаразиттер. Жер шарында тіршіліктің пайда болуы мен дамуы тарихи-геологиялық ұзақ жылдарды қамтиды. Тірі материяның дамуы, қалыптасуы мен жаңа түрлердің келіп шығуы эволюциялық даму процесінің жемісі болып табылады. Нәтижесінде, жер шарындағы алғашқы тіршіліктің пайда болуы, одан тірі организмдердің құрлыққа шығуы, топырақ түзілу процестері бәрі де тірі организмдердің жер бетінде табиғи заңдылықпен таралуына әкеп соқты. Организмдердің суда, құрылқ пен әуеде, топырақта тіршілік ететін формалары келіп шықты. Организмдер үшін тіршілік ортасы бірден қолайлы болмады. Нәтижесінде, бейміделуге қабілетсіз түрлер (фауна мен флора өкілдері) жер бетінен біржола жойылып отырады. Ал, бейімделуге қабілетті табиғи сұрыптаудан өткендердің құрылық пен судағы аясы кеңіп гүлдене түсті. Әсіресе, жер бетінде топырақ қабатының пайда болуы организмдер әлемін жер шарының материктер мен географиялық белдеулер бойынша кең таралуына жағдай жасады. Бертін келе фауна мен флора жер шарының қолайлы ортасын мекендеп өзінің тіршілік ортасына айналдырады. Тіршілік ортасы дегеніміз – кез келген организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи-тарихи қалыптасқан орта. Қазіргі кезде жер шарында негізгі төрт тіршілік ортасы бар. Олар: су, құрлық-әуе, топырақ және организмдердің өзі. Су тіршілік ортасы. Гидросфера – планетамыздың ең үлкен көлемін алып жатыр. Су – жер шарының барлы көлемінің 71% қамтиды. Судың негізгі қорын, яғни 98% - мұхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 2% мәңгі мұздықтар, тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 150000, өсімдіктердің 10000 астам түрі тіршілік етеді. Су ортасы организмдер үшін қолайлы орта болғанымен өзіне тән ерекшеліктері болады. Олардың қатарына судың тұтқырлығын, тұз концентарциясын, қысым, оттегінің мөлшерін, су қабатының қозғалыстары мен ағыстарын, айналымдарды, қорек қорын, судың ащы немесе тұщы қасиеттерін жатқызамыз. Судағы барлық организмдерге тән қасиет – жүзу. Дегенмен, көптеген балдырлар, кейбір ағзалар бекініп тіршілік етуге бейімделген. Жүзуге немесе баяу қозғалуға байланысты гидробионадтарда құрылық организмдеріне болмайтын ерекше морфологиялық өскіншелер, жүзу немесе есу аяқтары мен қанаттары, су жұқтырмайтын заттар мен көптеген қасиеттер пайда болған. Мәселен, тау өзендерінде тіршілік ететін балықтардың денесі дөңгелек әрі ықшамды ағысқа қарсы жүзуге бейім болып келсе, жазық жердегі көлдердегі балықтар керісінше ірі әрі жалпақ болып келеді. Ал, мұхиттардың әртүрлі тереңдіктеріндегі организмдердің морфологиялық құрылысы, дене тұрқы мен қозғалуы мүлдем басқаша. Теңіздер мен мұхиттардағы организмдер: Ала жолақты тюлень, шабақ, теңіз мысығы, камбала, теңіз тасбақасы, акула. Жануарлардың суға бейімделуі де сан алуан. Олардың біз анатомия – морфологиялық, физиологиялық, мінез-құлық және басқа да бейімдеу қабілеттерін байқауға болады. Мәселен, судың қалың қабатында тіршілік ететін организмдерде жүзгіштік, икемділік, денесіндегі жүзгіш қанаттары жақсы жетілсе, ал бентос топтарында керісінше жүзуге икемсіз және су түбіндегі заттарға жабысып қалуға бейімделген мүшелері жақсы жетілген. Су организмдерінің ішінде медузалар, екі моллюскалар, инеліктің личинкасы өз денесінен атқылаған су энергиясының күшімен тез жүзуге бейімделген. Бұл құбылыс әсіресе бас аяқты моллюскада жақсы байқалады. Ал, осы әдіспен қозғалатын кальмардың жылдамдығы сағатына 40-50 км алатын көрінеді. Ірі киттерде жүзуді жүзуге асыратын жақсы жетілген әрі қуатты жүзгіш қанаттары мен ескек аяқтары болса керек. Тұщы су гидробионаттарының кейбірі су бетінде кәдімгі құрылықтағыдай сырғанапта жүреді. Мәселен, тоқтау сулар мен көлшік бетіне көңіл аударсаңыз «жүзгішң насекомдардың біраз өкілін көреміз. Олар – кәдімгі су қандалалары мен су қоңыздарының өкілдері. Құрылық - әуе тіршілік ортасы Құрылық - әуе организмдер үшін күрделі өзгерістер үздіксіз жүріп жататын, табиғаты сан-қилы орта. Мұнда атмосфераның газдың құрамы, ылғал, тығыздық, қысым т.б. факторлар жиынтығы литосфера қабығымен қат-қабат байланысып жатады. Жануарлар мен өсімдіктер құрылық-әуе кеңістігінде тіршілік етуге бейімделіп оны толықтыра түседі. Тіршілік ортасына тән көптеген қасиеттерді байқауға болады. Мәселен, жарықтың мол түсуі, температура ауытқуының күшті байқалуы, ауа-райының маусым мен тәулік бойынша өзгеруі т.б. Аталған факторлардың күрделілігіне байланысты организмдер дүниесі эволюциялық даму жолында анатомия-морфологиялық, физиологиялық, эталогиялық т.б. бейімделулерге мәжбүр болуы. Оттегімен демалу үшін тыныс алу мүшелері жетіле түсті (устица, өкпе, трахея), тірек қаңқасы, қолайсыз жағдайлардан сақтану әдістері (орын ауыстыру, ін қазу) ұшуға бейімді жануарлар мен құстардың жаңа түрлері пайда болды. Құрылық - әуе факторларының ішінде – ауа, жауын-шашын, топырақ ылғалы, эко және микроклимат және географиялық белдеулер организмдер үшін үлкен роль атқарады. Құрылық - әуе тіршілік ортасына бейімделген организмдер. Мысалы: Ақ ләйлек, қоқизаз, бұйра бірқазан, махаон. Топырақ – тіршілік ортасы Жер бетінде топырақ түзілу процесі – ұзаққа созылған биогеохимиялық айналымның жемісі. Топырақтың түзілуімен байланысты жер шарының ұсқыны да өзгереді. Яғни, жер бетін жасыл өсімдіктер әлемі басады. Одан соң топырақтың микро және макро фаунасы қалыптасқан. Өсімдіктер мен жануарлар және өлі табиғат арасындағы трофикалық қарым-қатынастар топырақ түзелу процесін, оның физикалық, химиялық және механикалық құрылымын жақсарта түсті. Мәселен, топырақтың жоғарғы горизонтында өсімдіктерге қажетті – азаот, калий, кальций, фосфор және т.б. химиялық элементтер жинақталады. Ал, топырақ ылғалы өн бойына оттегі, еріген тұздар, минералды заттарды сіңіріп немесе қышқылдық ортаны қалыптастырады. Топырақтың құнарлы қабатын түзудегі микроорганизмдер, өсімдік пен жануарлар өкілдерінің ролін ерекше атаған жөн. Микроорганизмдер – көзге көрінбейтін ұсақ болғанымен атқаратын қызметі өте жоғары. Олар әртүрлі өсімдік пен жануарлардың қалдықтарымен қоректене отырып топырақты оттегімен және органикалық заттармен байытады. Олардың ішінде топырақта көп кездесетіні микрофлора өкілдері – саңырауқұлақтар, актиномицеттер мен бактериялар. Ал топрыақ микрофаунасы өкілдері – амеба, талшықтар мен кіпікшелі қарапайымдар жыртқыш немесе паразит ретінде зат және энергия алмасуда жүзеге асырады. Топырақ тіршілік ортасына бейімделген организмдер: Қарапайым жәндіктер, ұсақ кенелер мен насекомдар, жауын құрты, ұлу, шырыш, қоңыз, қырқаяқ.
Тірі организмнің өзі – тіршілік ортасы. Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің ішінде көптеген олардың өкілдері екінші бір ағза есебінен тіршілік етеді. Мұндай ағзаларды – паразиттер немесе арамтамақтар деп атайды. Барлық паразиттерді эктопаразиттер (қорек үшін уақытша ағзаның сыртқы денесінде кездесетіндер) және эндопаразиттер (екінші бір ағзаның ішкі мүшелерінде кездеспейтіндер) – деп жіктейді. Эктопаразиттерге – кәдімгі қан сорғыш масалар, соналар, кене, бүрге, сүліктер т.б. жатады. Ал эндопаразиттерге – аскаридалар, бактериялар, құрттар т.б. жатады. Паразиттер екінші бір ағзаның денесінде үшнемі бола бермейді. Көбінесе олар қоректену немесе көбею үшін уақытша немесе кейде ұзақ уақыт тіршілік етеді. Ол үшін орта қолайлы болуы тиіс. Ағзалар екінші бір ағза денесінде тіршілік етуі үшін ұзақ жылдар бойы бейімделу жолынан өтеді. Тіптен кейбіреулерінің бейімделгендігі сонша өзінің бұрынғы жақсы жетілген ішкі және сыртқы мүшелерінің қызметі жойылып кетеді.
Дата добавления: 2014-01-04; Просмотров: 1862; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |