Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кинематика элементтері




 

1. Санақ жүйесі. Траектория. Жол. Орын ауыстыру. Жылдамдық. Қозғалысты түсiндiру үшiн материалдық нүкте деген ұғым енгiземiз.

Материалдық нүкте деп, өлшемі, пішіні оның қозғалысына еш әсерін тигізбейтіндей, массасы бір нүктеге жинақталған денені айтады.

Еркін таңдап алынған макроскопиялық денені немесе денелер жүйесін ойша өзара әсерлесетін бірнеше кішкене бөліктерге бөлеміз де олардың әрқайсысын материалдық нүкте деп қарастырамыз. Сонда еркін таңдап алынған денелер жүйесінің қозғалысын қарастыру материалдық нүктелер жүйесінің қозғалысын қарастыру болып табылады. Механикада алдыменен бір материалдық нүктенің қозғалысы оқытылады, содан кейін материалдық нүктелер жүйесінің қозғалысы оқытылады.

Денелер бір біріне әсер еткенде олар деформацияланады, яғни дене өзінің пішіні мен өлшемдерін өзгертеді. Сол себепті механикада абсолют қатты дене деген ұғым енгізіледі. Абсолют қатты дене деп, қандай жағдай болмасын деформацияға ұшырамайтын және барлық жағдайда да осы дененің екі нүктесінің ара қашықтығы (немесе дәлірек айтқанда екі бөлшектің ара қашықтығы) тұрақты болып қалатын денені айтады.

Қатты дененің кез келген қозғалысын ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстар арқылы түсіндіруге болады.

Ілгерілемелі қозғалыста қозғалыстағы қатты денелермен нық байланысқан кез келген түзу өзінің алғашқы жағдайына параллель болып қалады. Немесе барлық нүктелері бір бағытта бірдей жылдамдықпен және үдеумен қозғалады.

Айналмалы қозғалыс дегеніміз дененің барлық нүктелері шеңбер жасап қозғалады және ол шеңберлердің центрлері айналу осі деп аталатын бір түзудің бойында жатады.

Денелердің қозғалысы кеңістікте және уақыт бойынша өтеді. Сол себепті материалдық нүктенің қозғалысын сипаттау үшін осы нүкте кеңістіктің қай жерінде орналасқан және уақыттың қай мезгілінде ол қандай жол жүріп өтті немесе қайда орналасқанын білу керек.

Материалдық нүктенің орны басқа еркін таңдап алынған қандай да–бір басқа денеге қатысты анықталады. Ол дене санақ денесі деп аталады. Онымен байланысқан координаталар жүйесі және санақ денесімен байланысқан сағат жиынтығы- санақ жүйесі деп аталады. Көп қолданылатын декарттық координаталар жүйесінде нүктенің берілген уақыт мезетіндегі орны осы жүйеге қатысты үш координатамен x,y,z немесе радиус-вектормен r сипатталады.

Материалдық нүктенің қозғалысы кезінде оның координатасы уақыт бойынша өзгереді. Жалпы жағдайда оның қозғалысы скаляр теңдеулермен анықталады.

x = x (t)

y = y (t) (1.1)

z = z (t)

 

Бұл теңдеулер жүйесі келесі векторлық теңдеуге эквивалент болады

r = r(x (t), y (t), z (t)) = r (t) (1.2)

 

Осы теңдеулер материалдық нүкте қозғалысының кинематикалық теңдеулері деп аталады.

Қозғалыстағы дененің немесе материалдық нүктенің қалдырған ізі– траектория деп аталады. Траекторияның ұзындығын жүрілген жол деп атайды. Белгіленуі-S, өлшем бірлігі-халықаралық бірліктер жүйесінде- метр болады. Дененің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын бағытталған түзу орын ауыстыру деп аталады. Белгіленуі-D r, векторлық шама, өлшем бірлігі-халықаралық бірліктер жүйесінде метр болады. Траекториясы бойынша қозғалыс түзу сызықты және қисық сызықты болып бөлінеді. Егер траектория түзу болса, қозғалыс түзу сызықты, ал қисық болса. қисық сызықты қозғалыс деп аталды.

Материалдық нүктенің кеңістіктегі орнының өзгеруін сипаттау үшін жылдамдық ұғымын енгіземіз.

Жылдамдық дегеніміз дененің бірлік уақыт ішінде жүрген жолы. Белгіленуі- v, жылдамдық векторлық шама, өлшем бірлігі-халықаралық бірліктер жүйесінде метр/секунда болады.

Материалдық нүкте Dt уақыт ішінде М1 нүктесінен М2. нүктесіне орын ауыстырсын (1-сурет). Сонда жылдамдық радиус векторының уақыт бойынша бірінші ретті туындысына тең болады. Материалдық нүктенің белгілі бір уақыт аралығында жүрген жолының сол жолға өткен уақытқа қатынасы орташа жылдамдық деп аталады.

Vорт = D S/ D t

Жылдамдық векторы траекторияға жүргізілген жанамамен бағыттас болады. Материалдық нүктенің жылдамдығы Dt уақыт ішінде v1-ден v2-ге дейін өзгерген болса, онда жылдамдық өзгерісін келесі түрде Dv=v2–v1 жазып, және орташа үдеуді табуға болады.

Бірқалыпсыз қозғалыс кезінде лездік жылдамдықтың модулі уақыт өтуіне қарай өзгереді.

 

v = lim D r / D t = d r / dt (1.3)

Dt®0

 

2. Қисық сызықты қозғалыс. Қисық сызықты немесе шеңбер бойымен қозғалыс кезінде центрге қарай бағытталған үдеу нормаль үдеу деп аталады. Нормаль үдеу жылдамдықтың бағыты жағынан өзгеру шапшаңды-

ғын сипаттайды.

 

аn= v 2/ r (1.4)

 

Z
M1

DS

v 1 v 2

M2
r 1 D r А

В

2-сурет

r 2

 

а t

Y
Х 0 а n

1- cурет а т

 

3- сурет

 

Жанама бойымен бағытталған үдеу тангенциал үдеу деп аталады.

Тангенциал үдеу жылдамдықтың шамасы жағынан өзгеру шапшаңдығын сипаттайды.

аt= dv/ dt (1.5)

 

Бірқалыпсыз қозғалыс кезінде t дан t+ Dt уақыт аралығында жылдамдық өзгерісінің сол өзгеріс болған уақытқа қатынасына тең шама орташа үдеу деп аталады.

 

а ор т=D v/ Dt (1.6)

 

Материалдық нүктенің t уақыт мезетіндегі лездік үдеуі орташа үдеудің шегіне тең болады

а t= lim а орт = lim(D v/ Dt) = d v /dt (1.7)

Dt ® 0 Dt ®0

Соныменен, үдеу жылдамдықтың уақыт бойынша бірінші ретті туындасы-на тең векторлық шама.

Толық үдеу тангенциал және нормаль құраушылардың (үдеулердің) геометриялық қосындысына тең болады:

а т = (1.8)

Тангенциал және нормаль құраушыларынан тәуелділігіне қарай қозғалыс үдеуін келесі түрде түсіндіруге болады;

1) аt = 0, аn= 0–түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс;

2) аt=а=const, аn= 0–түзу сызықты бірқалыпты айнымалы қозғалыс; Қозғалыстың мұндай түрі үшін келесі өрнекті жазуға болады

аt =а= Dv/Dt = (v2–v1)/(t2-t1) (1.9)

 

Егер бастапқы уақыт мезетінде t1=0, ал бастапқы жылдамдық v1=v0, онда t2=t және v2=v деп белгілеп, a=( v–v0 )/t теңдікті аламыз, осыдан v=v0 + a t.

Осы формуланы нольден таңдап алынған уақыт мезеті шегінде интегралдап, бірқалыпты айнымалы қозғалыс үшін жүрілген жолды табамыз

 

S=0ò tvdt= 0 ò t (v0+at)dt= v0t+ at2/2 (1.10)

 

3) аt =f (t), an=0 – айнымалы үдеумен түзу сызықты қозғалыс;

4) аt=0, аn=const, аt=0 болғанда жылдамдық модулі бойынша

өзгермейді, бағыты бойынша өзгереді. an =v2 /r формуласынан шығатыны қисықтық радиусы тұрақты болу керек. Сондықтан да шеңбер бойымен қозғалыс бірқалыпты болып табылады.

5) аt =0, аn ¹ 0 - бірқалыпты қисық сызықты қозғалыс;

6) аt = const, аn ¹ 0 -қисық сызықты бірқалыпты айнымалы қозғалыс;

7) аt =f (t), аn ¹ 0 – айнымалы үдеумен қисық сызықты қозғалыс.

Қозғалмайтын ось арқылы айналатын қатты денені қарастырайық. Сонда осы дененің жекелеген нүктелері центрлері айналу осінде жататын, радиустары әртүрлі шеңберлер жасайды.

Дененің айналу бұрышының уақыт бойынша бірінші ретті туындысына тең векторлық шама бұрыштық жылдамдық деп аталады.

 

w

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-04; Просмотров: 3234; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.