КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Алматы 2012
Телефон: 3022136, кабинет №115 Семестр: 2- 3 Курс: 1 - 2 Видавничий відділ ВАТ «Інпроектсервіс». 54017, м. Миколаїв, проспект Леніна, 67.
Кредиттер саны: «Экономика және логистика» кафедрасы:э.ғ.к., доцент Тастандиева Н.Б. 1-Тақырып. Микроэкономиканың пәні және микроэкономикалық талдау әдістемесі. Лекцияның мақсаты: Микроэкономикалық талдаудың принциптері. Ресурстар шектеулігі және балама таңдаулар мәселесі. Микроэкономикалық талдау әдістері Лекция жоспары: 1. Микроэкономика пәні. 2. Микроэкономикалық талдаудың принциптері. 3. Ресурстар шектеулігі және балама таңдаулар мәселесі. 4. Экономикадағы технологиялық таңдау. 5. Өндірістік мүмкіндіктер шегі. 6. Экономикалық үрдіске қатынасушыларының рационалды әрекеттері. Лекция мазмұны: Микроэкономика — экономикалық теорияның негізгі бір бөлігі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардын жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді. Адамдардың экономикалық іс-әрекеті белгілі нақты экономикалық тәртіппен жүріп отырады. Олар адамдардың арасындағы өзара әр түрлі байланысына тәуелді болады және мұндай өзара байланыстар мен қарым-қатынастар қайталанып отырады әрі тұрақты болады. Сонымен, адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін, оларды жүргізу барысында пайда болатын және өздеріне сәйкес институттар мен олардың жүйелерінде шешілетін жалпы экономикалық проблемаларды микроэкономиканың зерттеу объектісі деп айтамыз. Тіршілік әрекетінің жалпы экономикалық процестеріне қатысушылары ретінде барлық экономикалық субъектілер екі түрлі қызметпен шұғылдануы мүмкін; бір объектіні басқа объектіге айналдыру және оларды өз қажеттіліктеріне пайдалану. Бірінші жағдайда, олар өнідірушілер, ал екінші жағдайда, тұтынушылар болып есептеледі. Тұтынушылар мен өндірушілердің экономикалық қызметтерінің объектісі игіліктер болып табылады. Игілік - кез келген зат, ол материалдық, сонымен қатар материалдық емес болады және түтынушының белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады немесе өндірушінің көздеген мақсатына сәйкес қолданылуы мүмкін. Нарықтық экономикада олар тауарлар мен қызметтер деп аталады. Қызметтердің түріне байланысты игіліктер 2 түрге бөлінеді: өндірістік ресурстар және олардық негізінде өндірілетін тутыну игіліктері. Зерттеліп отырған экономикалық субъектінің экономикалық іс-әрекетін - олардьң белгілі бір шешім қабылдап, әрі қарай соны жүзеге асыруы деп сипаттауға да боладьі. Сонымен микроэкономиканың пәні деп экономикалық субъектілердін, экономикалық игіліктер туралы шешім қабылдауын айтамыз. Микроэкономикалық талдаудың негізгі ерекшелігі шекті немесе маржиналдық талдау. Бұл талдау экономикалық іс-әрекеттердегі өзгерістерді зерттейді, яғни экономикалық субъект тек қана жалпы түсім мен жалпы шығындарды ғана салыстырмайды, сонымен қатар, өнім мөлшерін көбейткендегі қосымша түсім мен қосымша шығындарды да салыстырады. Шекті түсім шекті шығыннан көп болған уақытта шекті пайда оң сан болады. Сондықтан өз пайдасын мейлінше арттырғысы келетін экономикалық субъект бұнымен тоқталмайды. Жоғарыда айтылған екі көрсеткіш бір-біріне теңескенге дейін өнім шығару көлемін арттыра береді. Шекті түсім шекті шығынға тең болғанда пайда ең жоғары деңгейге жетеді, сонда ғана тиімді субъект өз мақсатына жетеді. Микроэкономикада функционалдық талдауға да үлкен мән беріледі. Бұл зерттеуді жүргізгенде экономикалық өзгерістер кезіндегі басты көрсеткіш анықталады, ал содан кейін оған әсер ететін факторлар іздестіріледі. Сөйтіп олардың арасындағы тәуелділікті функция көмегімен көрсетеді. Микроэкономиканың жоғарыда қарастырылған ерекшеліктері экономикалық модельдер құрғанда анық байқалады. Экономикалық модель дегеніміз экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі бір фрагментін қарапайым түрде көрсету. Модельдер ауызша, график түрінде және символдық (аналитикалык) болуы мүмкін. Модельдерде экзогенді және эндогенді деп аталатын екі экономикалық айнымалылар қолданылады. Экзогенді айнымалылардың мәні модель құрылмастан бұрын белгілі болады - бұлар берілген ақпараттар. Модельді талдау кезінде зерттеліп отырған экономикалық қүбылыстың қасиеттері туралы белгілі бір қорытынды шығарылады. Бұл кезде анықталған шамаларды эндогенді айнымалылар дейміз. Олар модельдің нәтижесі больш табылады. Модельді құру нәтижесінде экзогендік айнымалылардың эндогенді айнымалыларға қалай әсер ететінін көреміз. Айналым моделі экономиканы екі секторға бөледі: үй шаруашылықтары және фирмалар. Үй шаруашылықтары өзінің сатқан ресурстарынан, яғни еңбек, капитал және жер сатудан түскен табыстарын өздеріне қажетті тауарлар сатып алу үшін және фирмалардьщ қызметін пайдалануға жұмсайды. Фирма өздері ендірген тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен ақшаларын үй шаруашылықтарының ресурстарьтн сатып алуға жұмсайды.
Өндіріс факторлары
Түтынуиіы игіліктері
Нарық механизмінің микроэкономикалық моделі Үй шаруашлыктары не тұтынатынын шешеді, олай болса, не өндіреміз деген сұрақ туады. Мүндай шешімдер фирмалардың өндірістік жоспарларының негізі болуы Бұдан фирма шектеулі ресурстарды қалай пайдалану туралы шешім қабылдауы керек. Нарықтық жүйеде үйлестіру мәселесін нарықтың екі түрі шешеді: өндірістік ресурстар нарығы және тұтынушылар игілігінің нарығы. Кәсіпкерлік сектор мен үй шаруашылығы секторының өзара байланысын сұраныс пен ұсыныс моделі түсіндіреді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Микроэкономика. Экономикалық субъектілер 2. Микроэкономикалық талдаудың түрлері: маржиналдық және функционалдық талдау 3. Экономикалық модель айнымалылары: экзогенді және эндогенді 4. Нарықтық жүйедегі айналым моделі Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер 1. Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика: қысқа лекциялар, тест сұрақтары, есептер мен жаттығулар, іскерлік ойындар: Оқу құралы.- Аоматы,2007. 2. Есенғалиева Қ.С., Тастандиева Н.Б., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика және микроэкономика (Орысша –қазақша терминдерінің түсіндірме сөздігі). Алматы, 2003 3. Мухамедиев Б. М. Микроэкономика. Уч.пособие. Алматы: Қазақ Университеті, 2001 г. 4. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. М., Экономика, Дело,1992 г. 5. Тарануха Ю.В. Микроэкономика (тесты, гоафические упражнения, задачи): Учебное пособие. М.: «Дело и Сервис», 2006. 6. Емцов Р. Г.,Лукин М.Ю. Микроэкономика. Учебник.-Москва: МГУ им Ломоносова, ИС;1999 г. 2-Тақырып. Нарықтағы экономикалық жүйе және нарық тетігі Лекцияның мақсаты: Нарық экономикасындағы негізгі мәселелер шешімін талдау. Нарықтың негізгі субьектілері. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын талдау. Сұраныс және ұсыныс икемділігінің түрлерін талдау, айырмашылықтарын анықтауды үйрену. Лекция жоспары: 1. Нарықтың негізгі субьектілері. 2. Сұраныс: заңы, қисығы, факторлары, функциясы. 3. Ұсыныс: заңы, қисығы, факторлары, функциясы. 4. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын талдау. 5. Сұраныс икемділігі: түрлері, айырмашылықтары. 6. Икемді, икемсіз сұраныс. 7. Ұсыныс икемділігі. Икемді, икемсіз ұсыныс. Лекция мазмұны: Нарықтық жүйеде үйлестіру мәселесін нарықтың екі түрі шешеді: өндірістік ресурстар нарығы және тұтынушылар игілігінің нарығы. Кәсіпкерлік сектор мен үй шаруашылығы секторының өзара байланысын сұраныс пен ұсыныс моделі түсіндіреді. Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін атайды. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Сондықтан тұтынушы тауардың бағасы өзгеруіне және өзінің сатып алу қабілетіне қарай бірнеше мүмкіндіктерді қарастырады. Сұраныс көлемі – сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді. 1-суреттегі көріністі сұраныс қисығы деп атаймыз.
1-сурет. Сұраныс қисығы. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Сұраныс функциясының жалпы түрін былай жазады: Qd = f (P,…., Pа, P в, Pn І, W). Сұраныс көлемінің және сұраныстың өзгеруі: Сұраныс қисығының бойымен өозғалу сұраныс көлемінің өзгерісі деп аталады. Бағалық емес факторлардың бірі өзгеретін болса, онда сұраныс қисығы да өз жағдайын өзгертеді.
2-сурет. Сұраныстың өсуі. 3-сурет. Сұраныстың кемуі. Ұсыныс деп – тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз. Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі. Ұсыныс функциясының жалпы түрі былай жазылады: Qs = Qs (P1, Р2,.….,Pn, Т, W,….). Бұл функцияның графигі ұсыныс қисығы деп аталып, келесі түрде бейнеленеді:
4-сурет. Ұсыныс қисығы. Ұсыныс көлемінің және ұсыныстың өзгеруі: Тауардың бағасы өзгеруіне байланысты өзгеріс ұсыныс қисығының бойында болады. Ұсыныстың өзгеруі – ұсыныс қисығының тауарды бағасынан басқа факторлар әсер еткендегі толық өзгеру немесе жылжуы. Егер осы факторлардың бірі өзгеретін болса, онда ұсыныс қисығы да өз жағдайын өзгертеді.
5-сурет. Ұсыныстың өсуі. 6-сурет. Ұсыныстың кемуі. Нарықтағы тепе-теңдік: Әрбір экономикалық модельдегі тепе-теңдік сол модельді түсіндіре алатын айнымалылар белгілі бір теңдестік жағдайына келген уақытта болады.
7-сурет. Тепе-теңдік жағдайы. Cуреттегі S және D қисықтарының қиылысу нүктесі тепе-теңдік жағдайы деп аталып, Р0 – теңдестік бағасын, ал Q0 – сұраныс пен ұсыныс бір-біріне тең болатын теңдестік көлемін көрсетеді. Нарықты жағдайларды зерттеғен уақытта, сұраныс пен ұсыныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныс пен ұсыныстың икемділік коэффиңиентін пайдаланады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалі коэффициент. Ол сұраныс пен ұсыныстың икемділік коэффциенті зерттегелі отырған сұраныс функциясының факторы 1 процентке өзгерсе, онда сұраныстың қанша мөлшерге өзгеретінін көрсетеді. Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффі циенті пайдаланылады. Олар мыналар: 1. - бағалық икемділік коэффиценті; 2.- табыстық икемділік коэффиценті; 3. -қиылысқан икемділік коэффиценті Сұраныстың бағалық икемділігі (СБИ): Бұл жердегі бағалық икемділік коэффициенті (Ер) заттың бағасы 1%-ке өзгерсе, онда сол затқа деген сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді. Сұраныстың бағалық икемділігінің шамасы теріс сан болады. СБИ анықтаған кезде тауарға деген сұраныс төмендегідей бес түрге бөлінеді: икемді; 2) икемсіз; 3) икемділігі бірге тең; 4) өте икемді; 5) өтке икемсіз. Икемді сұраныстың коэффициентінің абсолюттік мәні 1-ден көп болады: (Ep)>1. Икемсіз сұраныс абсолюттік мәні 0 мен 1-дің арасында болады: 0<|Ep|<1 Икемділігі 1-ге тең: |Ep|<1 Өте икемді сүраныстың бағаның икемділік коэффициентінің абсолюттік мәні ∞-ге тең: Ep|D|=∞ Өте икемсіз сүраныстың бағалық коэффициенті 0 -ге тең: Ep|D|=0 СБИ қарастырған уақытта оларды нүктелік және доғалық икемділік деп бөлеміз. Нүктелік икемділікті есептеген кезде бағаның және сұраныс көлемінің проценттік өзгеруі бастапқы көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі, ал доғалық орташа көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі. СБИ коэффициенті (Ер(D)) анықтағанда төмендегідей формулалар қолданамыз. - нүктелік икемділік.
Q1, Q2 - 1 және 2 кезеңдегі сұраныс көлемі; P1, P2 - 1, 2 мерзімді уақыт кезеңіндегі тауардың бағасы. Қысқа және ұзақ мерзімдегі сұраныс икемділігінің факторлары. Сұраныстың бағалық икемділігіне төмендегідей факторлар әсер етеді: 1) қарастырып отырған тауарды ауыстырушы (субститут) тауарлар көп болса, онда бұл тауарларға деген сұраныс икемді болады, ал ауыстыратын тауарлар аз болса немесе жоқ болса, онда бұл тауарларға деген сұраныс икемсіз немесе өте икемсіз болады; 2) тұтынушылардың баға өзгеруіне бейімделуі мен баға өзгеруін күтуі. 3) Баға өзгерісіне бейімделу үшін қажет уақыт. Берілген тауарға арналған жұмсалатын тұтыну бюджетінің үлесі. Қарастырып отырған тауарды ауыстыратын тауарлар саны (мұндайда сұраныс икемді болады). Уақыт мерзімі. Мыс: бүгін кофенің бағасы көтерілсе – сұраныс икемсіз болады. Қысқа мерзімдегі сұраныс икемсіз. Бірін-бір алмастыратын тауарлар неғұрлым көп болса, сөғұрлым Ер>1 жоғары. Мысалы: сабынға деген сұраныс икемсіз, жеңіл АВТО – икемсіз, Жигули – икемді, тұз – икемсіз, жүк автотранспорты – икемді, мұнай – икемсіз. Сұраныстың табыстық икемділігі (СТИ): СТИ тұтынушы табысының көлемі 1%-ке өзгерген уақытта қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсетеді:
Сұраныстың қиылысқан икемділігі (СҚИ): Бұл коэффициент Х тауарының бағасы өзгергендегі У тауарына сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсетеді және осыған орай тауарлар бірін-бірі алмастырушы, толықтырушы және қатысы жоқ тауарлар деп бөлінеді. ЕРх(Qу)>О, яғни оң сан болса, онда қарастырып отырған х және у тауарлары бірін-бірі ауыстыратьтн тауарлар болады, ал егер ЕРх(Qу)<0, яғни теріс сан болса, онда зерттеп отырған тауарлар бірін-бірі то-лықтыратын тауарлар болады. ЕРх(Qу)=0, онда х және у тауарлары бір-біріне қатысы жоқ тауарлар болып табылады. Ұсыныстық бағалық икемділігі Ұсыныстық бағалық икемділігі тауардың нарықтағы бағасы 1-ке өзгергенде ұсынылатын тауар көлемінің неше процентке өзгеретінін көрсетеді: Ұсыныс көлеміне әсер ететін ең басты фактор осы қарастырып отырған тауардың бағасы болып табылады. Ер(S) – баға 1 процентке өзгеретін уақытта, ұсыныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсететін шама. Ұсыныс икемділігін қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлеміз: I. дәл қазіргі кезең; ІІ. қысқа уақыт кезең, ІІІ. ұзақ мерзімді кезең. І – уақыт мерзімінде ұсыныстың бағалық икемділігі өте икемсіз (S1), (Еs<0), ІІ – де – икемсіз (SІІ), (0< Еs <1), ал ІІІ-уақытта – икемді (Еs=1), (S1ІІ). Ұсыныс икемділігіне әсер ететін факторлар: Негізінен уақыт шамасы болып келеді. Бағаның кенеттен өзгеруіне қарай өндірушілердің өзгеріске бейімделуі үшін біршама уақыт қажет болады. 1. Қысқа нарықтық уақыт аралығы - өндірушілерге тиімсіз, өнім өндірісін өзгерту үшін уақыт жетпейді, сондықтан ұсыныс икемсіз; 2. Қысқа мерзімде өндіріс қуаты өзгермейді, алайда кейбір өндірушілер жұмыс істеу әдістерін өзгерту арқылы ұсыныстың икемділігін өзгертпейді; Ұзақ мерзімді кезең - өндірушілер баға өзгерісіне қарай өз өнімдерін өндіруді дұрыс жолға қою үшін уақыт жеткілікті. Бұл кезеңде кей өндірушілер өнеркәсіп саласына кіріп орнықса, кейбір фирмалар өнеркәсіп саласынан шығып кетеді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер
3-Тақырып. Тұтынушы әрекетінің теориясы Лекцияның мақсаты: Тұтынушы талғамы теориясын талдау. Тұтынушы талғамын қалыптасыру жағдайын қарастыру. Пайдалылық: түрлері, функциясы мен қасиеттерін талдау. Талғамсыздық қисығының графигін салуды үйрену. Табыс және тұтыну эффектілерін талдау. Лекция жоспары: 1. Тұтынушылар талғамын зерттеу. Тұтынушылар қалауы. 2. Пайдалылық функциясы. Алмастырудың шекті нормасы. 3. Бюджеттің шектеулігі. Бюджет сызығы. 4. Тұтынушылар тепе-теңдігі. Тұтынушы теңдестігінің универсал екі шарты. 5. Табыс және бағада болатын өзгерістер. 6. «Баға-тұтыну» және «Табыс-тұтыну» қисығы 7. Табыс және тұтыну эффектілері. Лекция мазмұны: Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тұтынушылардың көптеген тауарлар құрамының ішінен өзіне қалаулысын қандай принциппен таңдау керектігі жөнінде мәліметтер келтіріледі. Осы тұрғыда, егер А, В, С тауарлар құрамы берілген болса, онда олардың ең жақсысын таңдау әр адамның кейбір ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан оны тұтынушылар қалауын анықтау кезеңі деп атаймыз. Екінші кезеңінде бюджеттің шектеулілігі және оның тұтынушының талғамына тигізетін әсері туралы мәліметтер қарастырылады. Үшінші кезеңде жоғарыда келтірілген тұтынушының нарықтық ортадағы іс-әрекетін шектейтін жағдайлар ескеріліп, тұтынушы қаражаты жететін және оған ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамы анықталады. Тұтынушылар қалауы: Тұтынушылар берілген тауарлар жиынтықтарын классификациялайды, және рангтарға бөледі, соның нәтижесінде өзіне қалайтын тауарды таңдап алады. Тұтынушы талғамы транзитивті болады. Мұнда тауардың рационалдығын көрсетеді. Мысалы: тұтынушы ұшін А тауардын В тауарға қарағанда, В-ға қарағанда С тауарын таңдайды. Сондықтан ол А тауарын қалайды. Жалпы жағдайда тауарлар құрамы берілген болса, онда оның пайдалылығын сан түрінде анықтау үшін, пайдалылық функциясын қолданылады. Ол функция Х, У тауарлары үшін былай жазылады: U = U(x, y). Бұл функция тұтынушы Х, У тауарларын тұтынғанда қол жеткізетін ең жоғары пайдалылығын бейнелейді. Егер пайдалылық функциясы тұрақты бір санға тең болса, U = U(x, y) = Co - const, онда жазықтықта бұл функцияның графигі талғамсыздық қисығы деп аталынып, бірдей пайдалылық әперетін тауарлар құрамының жиынтығын көрсетеді.
1-сурет. Талғамсыздық қисығы Талғамсыздық қисығы неғұрлым координаттар осінен алыс орналасса, солғұрлым осы қисықтың бойында жатқан жиынтықтар тұтынушыға көп пайда әпереді. Бір жазықтықтағы талғамсыздық қисықтары қиылыспайды. Алмастырудың шекті нормасы былай анықталады: ∆ У МUx MRSxy = - = ∆ X МUу
Бұл жердегі МUx, МUу – сәйкес түрде Х, У тауарларының шекті пайдалылықтарын көрсетеді. Шекті пайдалылық – тауардың қосымша бірлігін тұтынған кездегі тұтынушыға әкелетін қосымша пайдалылығы. Бюджеттің шектеулігі: Тұтынушы бар қаражатын Х және Ү тауарларын сатып алуға жұмсайды делік. Егер оның бюджетін немесе бар қаражатын І деп, ал Х және Ү тауарларының бір өлшемінің бағаларын Рх, Ру деп белгілесек, бюджеттің шектеулі екендігін келесі теңсіздік түрінде бейнелеуге болады: Рх Х+РуҮ≤ I немесе РхХ+РуҮ=І. Бұл бюджет сызығы деп аталып, Х, Ү тауарларын сатып алуға бюджеттің толық жұмсалатындығын көрсетеді. Жазықтықтағы бюджет сызығының бейнесі суретте келтірілген.
2 -сурет. Бюджет сызығы Соңғы теңдеуді былай да жазуға болады: Бұл жердегі (Рх/Ру) – бюджет сызығының бұрыштық коэффициентін бейнелейді. Бұрыштық коэффициент жалпы табыс өзгермейтін жағдайдағы алмастырудың шекті нормасын көрсетеді. Табыс және бағада болатын өзгерістер. Табыс және бағада болатын өзгерістер бюджет сызығының қозғалысына әкеледі. Табыстың өсуі тұтынушыға бұрын қолы жетпеген жиынды сатып алуға мүмкіндік береді. Тұтынушылар тепе-теңдігі: Ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамын анықтауда, ең ұтымды тауарлар құрамы бюджет сызығы мен талғамсыздық қисықтарының жанама нүктесінде болады:
4-сурет. Тұтынушы тепе-теңдігі Теңдестік жағдайында алмастырудың шекті нормасы MRSxy – пен бюджет сызығының бұрыштық коэффициенттері тең болады. Рх Х + Ру Ү = І Бұл екі теңдеу тұтынушы теңдестігінің универсал екі шарты деп аталады. Тұтынушы талғамы және статикалық талдаулар «Табыс-тұтыну» және «баға-тұтыну» қисықтары. Егер тұтынушының табысы көбейе түссе, онда оның бюджет сызығы бастапқы сызыққа параллель түрде өседі, ал теңдестік нүктесіне (Е1, Е2, Е3) тұтынушының ұтымды таңдаулары сәйкес келеді. Егер осы жағдайды жазықтықта бейнелейтін болсақ, онда біз тұтынушылардың теңдестік жағдайын бейнелейтін нүктелердің тізбегін аламыз. Осы нүктелерді бір-бірімен қоссақ, онда табыстың өсуіне байланысты 5-суретте көрсетілгендей «табыс-тұтыну» қисығы шығады. Бұл қисықты кейде «тұрмыстың деңгейін көрсететін қисық» деп те атайды.
Е3 E2 E1
5-сурет. «Табыс-тұтыну» қисығы (кәдімгі тауарларға). Сапасыз тауарлар – табыс өскен сайын оларды тұтыну шамасы азаятын тауарлар. Тұтынушы тауарды сапасыз деп қарастырғанда «табыс тұтыну» қисығы координаттардың вертикаль осіне қарай бұрылады. Табыстың белгілі бір деңгейге жетіп, одан әрі өсуі, бұл тауарды тұтынудың азаюына әкеледі. Егер тұтынушының табысы өзгермей Х және Ү тауарларының тек біреуінің ғана бағасы өзгеретін болса, онда бір әр түрлі бюджет сызықтарын аламыз. Олардың әр қайсысында тұтынушы теңдестік жағдайын бейнелейтін нүктелер тізбегін бір-бірімен қосатын болсақ, онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылар талғамы қалай өзгеретінін бейнелейтін қисық аламыз. Бұл қисық «баға-тұтыну» қисығы деп аталып, 6-суреттегідей келтірілген түрде бейнеленеді.
E3 E2 Е1
6 -сурет. «Баға-тұтыну» қисығы. Табыс және алмастыру әсері. Егер Х тауарының бағасы Рх арзандап, ал табыс пен Ү тауарының бағалары өзгермесе, онда бұл жағдай тұтынушының талғамына екі түрлі әсер етеді. Біріншіден, оның табысы өзгермесе де сатып алу қабілеті өседі. Екіншіден, ол арзандаға затты көбірек алып, бағасы өзгермеген затты тұтынуын азайтады. Тұтынушының сұранысын арттыратын бірінші жағдайды табыс әсері, ал екіншісін – алмастыру әсері деп атайды. Бұл өзгерістер бір мезгілде болатындықтан оларды ажыратып зерттеген орынды. Келесі суретте осы екі түрлі әсерлерді зерттеу жолдары келтірілген. С ІІ І
8 -сурет. І және ІІ бюджет сызықтарында баға бірдей. Ал С нүктесінде Х тауарына деген сұраныс А нүктесімен салыстырғанда жоғары. Бұл тек қана заттың арзандауының арқасында болып отырған өзгеріс. Сондықтан S- S2 алмастыру әсерін көрсетеді. Жалпы сұраныстың өзгеруі S-S1-ге тең, ал оның ішінде S-S2 алмастыру әсерін көрсетеді. Демек S2-S1 нақты табыстың өзгеруі нәтижесінде өскен сұранысты бейнелейді. Сондықтан бұл табыс әсері деп аталады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Тұтынушы қалауының қалыптасуы. 2. Пайдалылық: жалпы және шекті. Талғамсыздық қисығы. 3. Алмастырудың шекті нормасы. 4. Тұтынушы бюджетінің шектеулігі. Бюджет сызығының көлбеуі. 5. Тауар бағалары немесе тұтынушылар табысының өзгеруі кезінде бюджет сызығының орын ауыстыруы. 6. «Баға-тұтыну» және «Табыс-тұтыну» қисығы 7. Табыс және тұтыну эффектілері. Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер
4-Тақырып. Өндіріс теориясы Лекцияның мақсаты: Өндірістің ерекшелігін талдау. Өндірістік функцияның факторларын салыстыру, қасеттері, түрлері және олардың өзара байланысы мен айырмашылығын талдау. Оптималды өндіріс факторларын анықтау. Лекция жоспары: Өндіріс теориясы. Өндірістік функция: түрлері, графигі. Изокванта: қасиеті, графигі. Өндіріс өнімділігінің түрлері: графигі, айырмашылықтары. Оптималды өндіріс факторларын анықтау. Лекция мазмұны: Өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын, яғни шикізаттар мен ресурстарды, белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге (тауарларға немесе қызметке) айналдыруды айтамыз. Өндірістік процесте қолданылатын факторларды негізгі 4 түрге бөледі: 1) шикізаттар мен материалдар; 2) басқа өнеркәсіптің өндірген тауарлары; 3) еңбек күші; 4) капитал (құрал-жабдықтар, ғимараттар). Бұл айтылған деректерді түсіндіру үшін, өндіріс шығындары тек қана L – еңбек және К – капиталдан тұрады деп қарастырайық. Осы жағдайда өндірістік функцияны келесі түрде жазуға болады: У = ƒ (K, L) Өндірістік процесті зерттеген кезде уақыт мерзімі төмендегідей 2 түрге бөлінеді. 1) қысқа мерзімді кезең – бұл мерзім ішінде өндірістік факторлардың белгілі бір бөлігі тұрақты болады, ал қалған бөлігі айнымалы болады; 2) ұзақ мерзімді кезең – бұл мерзім аралығында барлық қолданылып отырған өндірістік факторлары өзгеруі мүмкін. Жалпы, орташа және шекті өнімдер: Жалпы өнім – басқа өндіріс факторлары тұрақты деп ұйғарып, зерттеліп отырған фактордың белгілі санын пайдалану арқылы өндірілген өнім саны. Экономикалық талдауда жалпы көрсеткіштермен қатар орташа және шекті өнімнің көрсеткіштері де кеңінен қолданылады. Еңбектің орташа өнімділігі былай анықталады: АРL=У/ L Капиталдың орташа өнімі келесі түрде есептеледі: АРК = У/ К Шекті өнім өндіріс нәтижесінің өзгеруі мен өндірістік процесте қолданылып отырған айнымалы фактордың санының өзгеруінің қатынасымен анықталады: ∆ У∆ У МРК = ∆ К; МРL = ∆ L Орташа және шекті өнімдердің арасындағы байланыс: АРL және МРL көрсеткіштерінің арасында өзара белгілі байланыс болады. Егер еңбектің шекті өнімі еңбектің орташа өнімінен артса МР L > АР L, онда орташа өнім көбейеді. Егер шекті өрташа өнімнен аз болса (МР L<АР L), онда орташа өнім кемиді. Шекті және орташа өнімнің қисықтары соңғысының ең жоғары нүктесінде қиылысады және бұл нүктеде L= L* оптмалды фактор анықталады..
1-сурет. АР L және МР L арасындағы өзара байланыс. Изокванта. Егер өндіріс функциясының мәнін тұрақты деп белгілесек, яғни У = ƒ (K, L) = Уо =const, онда бұл белгілі бір өнім көлемін өндірудегі осы факторлардың қатынастарын зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл функцияның жазықтықтағы графигі изокванта деп аталады Изокванта К және L факторларының түрлі құрылымдарын қолданып, бірдей өнім көлемін шығаруға болатынын көрсетеді.
2-сурет. Изокванта –өндірістік функцияның қисығы.
Технологиялық ауыстырудың шекті нормасы (МRTS) еңбекті бір өлшемге көбейткенде капиталды қандай шамаға азайту керек екенін көрсетеді, және бұл уақытта өндіріс көлемі өзгеріссіз қалуы керек. Бұл көрсеткіш төмендегідей формула арқылы есептеледі, (МRTS)LK = - ∆ K ∆ L Өндіріс функцияның түрлері: 1. Тұрақты коэффициентті функция. L = а У; К = bУ. Мұнда, а, b – параметрлер. 2. Сызықтық өндірістік функциясы: У= α + b K + c L 3. Сызықтық емес өндірістік функция: У = АKαLβ, мұндағы А, α, β – параметрлер және 0 < α < 1, 0 < β < 1. Тұрақты коэффициентті функция. Коэффициенттері тұрақты өндіріс функциясын тұрғызуды қарастырғанда, өнімді шығаруға қажетті еңбектің және капиталдың белгілі бір санын алдын ала жорамалдау қажет. Осы кезде: L = а У; К = bУ. Мұнда, а, b – параметрлер. Берілген функцияның жазықтықтағы графигінің түрі төмендегідей:
3-сурет. Коэффициенттері тұрақты болатын функция.
Сызықтық өндірістік функцияның төмендегідей түрін қарастырайық: У = α + b K + c L Факторлардың орташа өнімділігінің көрсеткіштері: УУ АРК = К; АР L = L
Шекті өнімділіктің көрсеткіштерін анықтайық: ∆ У∂ У∆ y∂ y МРк = ∆ К = ∂ К = b; MPL = ∆ L = ∂ L = c. Факторларға деген икемділіктің көрсеткіштері:
MPkKMPLL Еk = APk = b У; EL = APL = с У
У = α + bK + cL = Уo = const деп алайық, осы кезде изоквотаны құру теңдеуін аламыз: bK + cL = Сo = const. Бұл теңдеудің жазықтықтағы графигі – түзу сызық болады. Технологиялық алмастырудың шекті нормасы коэффициентінің мәнін есептейміз: МРLс МRTS LK = МРК = b = const. Олай болса өндіріс факторлары өзара бірін-бірі толықтай ауыстыра алады дейміз.
4-сурет. Сызықтық функцияның изоквантасы.
Сызықтық емес өндірістік функция. Екі факторлы сызықтық емес өндірістік функцияның келесі түрін қарастырайық: У = АKαLβ Мұнда А, α, β – параметрлер және 0 < α < 1, 0 < β < 1. Берілген функция үшін шекті өнімділіктің көрсеткіштерінің түрі төмендегідей: Факторларға деген икемділік: Бұдан осы функцияның дәреже көрсеткіштері тиісті факторлардың икемділік коэффициенттері болып табылады деп айтуға болады. Изоквантаны тұрғызу үшін мына теңдеуді қарастырамыз: У = АКα Lβ = Уо = const немесе Кα Lβ = Со = const. Осы функцияның жазықтықтағы графигі келесі түрде болады:
Берілген функция үшін технологиялық алмастырудың шекті нормасы төмендегідей түрде болады Берілген коэффициенттің мәнінің сызықтық функциядан айырмашылығы: ол изоквантаның бойымен төмен жылжығанда әрдайым төмендеп тұрады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Өндірістік процесте қолданылатын факторлары, технология.. 2. Жалпы, орташа және шекті өнімдердің түсінігі. 3. Орташа және шекті өнімдердің арасындағы өзара байланыс. 4. Изокванта. Өндіріс факторларының өзара алмасуы. 5. Технологаялық алмастырудың шекті нормасы. 6. Өндіріс функциясының түрлері.
Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер
5--Тақырып. Өндіріс шығындары Лекцияның мақсаты: Өндіріс шығындарының түрлерін анықтау. Қысқа және ұзақ мерзімдегі шығындар түрлеріне талдау. Өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы шығындарын ажырату. Лекция жоспары: 1. Өндірістік шығындар. Өндіріс шығындарының түрлері 2. Изокоста: қасиеті, графигі. 3. Оптималды өндіріс көлемін анықтау. 4. Өндіріс тепе-теңдігі. Ауқымнан берілудің түрлері. Лекция мазмұны: Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Ал экономикалық шығындарға біз жалпы, барлық шығындарды жатқызамыз, оның ішінде фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар да бар. Бұдан былайғы талдауымызда өндірістік шығындарды экономикалық шығындар деп түсінеміз. Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындар. Қысқа мерзім кезеңінде өндіірстің жалпы шығындарын (ТС) анықтағанда, оның тұрақты (FC) және айнымалы (VС) шығындарын ажыратады, яғни: ТС = FC + VС Тұрақты шығындар (FC) деп – қысқа мерзім кезеңінде өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындар (VС) деп – шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз.
1-сурет. Өндірістік шығындар. Орташа және шекті шығындар. Өндірістің орташа жалпы шығындарды (АТС) жалпы шығынның (ТС) өндірілген өнімкөлеміне (Q) қатынасымен анықталады да, өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығынды көрсетеді. Сонымен орташа жалпы шығындар мына формуламен есептеледі: АТС = ТС / Q Орташа жалпы шығындарды екі түрге бөлуге болады: орташа тұрақты шығындар (АFC) және орташа айнымалы шығындар (АVС). Олар келесідей анықталады: АFC = FC / Q; АVС =VС/ Q Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруінің (∆ ТС) өнім көлемінің өзгеруі (∆ Q) қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғанға кететін қосымша шығындарды көрсетеді, яғни: МС = ∆ ТС/∆ Q Шекті, орташа айнымалы және орташа жалпы шығындар арасындағы қатынас. МС, АVС және АС қисықтарының U тәрізді формасы жоғарыда айтылғандай шекті шығындар мен өнімділіктің, орташа шығындар мен орташа өнімділіктің арасындағы кері байланыспен түсіндіріледі. Өнім шығару көлемін көбейткен кезде АС және АVС қисықтары бір-біріне жақындайды, өйткені АFC бұл кезде азаяды. Фирманың пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін ұтымды өнім көлемін таңдаған кезде, өндірушілер әрдайым орташа және шекті шығындардың өзгерісін ескеріп отырады.
2-сурет. Орташа және шекті шығындардың қисықтары. МС мен АС арасындағы тәуелділікті келесіден көруге болады: егер өнімнің қосымша бір данасын өндірген кездегі шекті шығындар орташа шығындардан асып кетсе (МС > АС), онда орташа шығындар көбейеді. Және керісінше, егер МС > АС болса, онда АС-ның оның минимум нүктесінде қиып өтеді. Осындай тәуелділік МС және АVС арасында да бар. 3-суретте МС және МР, АС және АР арасындағы өзара байланыстар көрсетілген. Сонымен, табылған нәтижелер өндірістің орташа, шекті шығындары мен өндіріс факторларының өнімділіктерінің арасында тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді.
3-сурет. МС және МР, АС және АР арасындағы өзара байланыс. Изокоста және ең кіші шығындар принципі. Изокоста дегеніміз – жалпы шығындарының құны бірдей болатын, еңбек пен капиталдың барынша мүмкін болатын тіркесімен қамтитын сызық. Сонда жалпы шығын былай анықталады: ТС = РL* L + РК* К Мұнда РL* L – еңбекке кететін шығындар; РК* К – капиталға жұмсалған шығындар. Бұдан біз изокостаның бұрыштық көлбеуінің (РL/ РК) қатынасына тең екендігін көреміз.
4-сурет. Изокоста Изокостаның бойында орналасқан кез келген А және В нүктелері үшін жалпы шығындар деңгейі бірдей (4-сурет). А нүктесінен В нүктесіне жылжығанда қолданылған капиталдың саны ∆К-ға азаяды, ал еңбек саны ∆ L-ге көбейеді. Сондықтан, еңбектің қосымша сағаттарын төлеуге кеткен шығындардың орнын капитал шығындарының азаюымен толтыру керек, яғни РL ∆ L = - РК ∆ К. Бұдан - ∆К/∆L = РL/РК тең екендігін көреміз. Яғни, изокостаның бұрыштық коэффициенті, шығындар тұрақты деп ұйғарғанда, капиталды еңбекпен ауыстыру шамасын көрсетеді. Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндірістік шығындар. Ұзақ мерзім кезеңіндегі шекті шығын қисығы (LRМC) осы мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығын (LRAC), LRМC-тың ең төменгі деңгейі нүктесінде басып өтеді. Ұзақ мерзімдегі шекті шығын қисығы LRМC өнім көлемі өзгеруіне байланысты жалпы шығынның қалай өзгеретінін көрсетеді. LRМC мен LRAC-тың арасындағы өзара байланыс қысқа мерзім кезеңіндегі шекті шығындар (МС) мен орташа жалпы шығындар (АС) арасындағы байланыс сияқты болады.
5-сурет. Ұзақ мерзімдегі шығындар қисығы. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Бухгалтерлік жэне экономикалық шығындар. Альтернативті шығындар. 2. Қысқа мерзімді өндіріс шығьшдары. 3. Орташа және шекті шығындар арасындағы байланыс. 4. Ұзақ мерзімді шығындар. Изокоста. Жалпы шығындарды минималдау. 5. Тепе-теңдік шарты Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер
6-Тақырып. Капитал концентрациясы және нарықтық билік Лекцияның мақсаты: Нарықтық биліктің мәні, көздері және маңыздылығы. Нарықтық билік деңгейін бағалау. Нарықтық биліктің көрсеткіштерімен танысу. Лекция жоспары: 1. Нарықтық биліктің мәні, көздері және маңыздылығы. 2. Нарықтық билік деңгейін бағалау. 3. Нарықтық биліктің көрсеткіштері.
Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 4833; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |