КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Имам Матуриди
Лекция Әһли сүннет ақидасын жүйеге келтірген имамдар Алдымен әһли сунна ұғымының мәніне үңілсек. Құран Кәрім мен Хазіреті Пайғамбардың сахих хадистерін ұстанып, жол бастар етуші, Аллаһтың елшісі Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) және оның сахабаларының ақида (сенім) мәселесінде ұстанған жолымен жүрушілер «Әһли сүннет уәл-жамағат» деп аталады. Әһли сүннет уәл-жамағаттың қазақша мағынасы - «сүннет халқы және жамағат». Яғни, сүннетті ұстану - Хазіреті Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у.) жүрген жолын ұстануды білдіреді. Ал мұның Әһли сүннет уәл-жамағат деп аталу себебі, Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үмметі жайлы айтқан мына хадисінен туындайды: «Яхудилер 71 топқа, христиандар 72 топқа, үмметім де 73 топқа бөлінеді. Осы 73 топтың ішіндегі біреуі ғана жәннәтқа барады, қалған 72-сі тозақтық болады», - дейді. Сонда қасында тұрған сахабалардың біреуі тұрып: «Я Расулуллаһ! Жәннәтқа баратын топ қайсысы?», - деп сұрағанда Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Менің және асхабымның жүрген жолымен жүргендер», - деп жауап береді. (Әбу Дәуіт, Суннат 1; Ибн Мажа, Фитан 17). Шындығында да әһли сүннет уәл жамағаттың ақидада ұстанған жолы Пайғамбарымыз бен сахабалардың ұстанған, жүрген, амал еткен жолымен бірдей екендігін кейінгі тақырыптардан байқауға болады. «Әһли сунна уәл-жамағат» терминін алғаш Әбу Ләйс ас-Самарқанди (өл.898) «Шәрхул фиқһил әкбар» атты еңбегінде қолданған. Басралық филолог әл-Асмаидің (өл.213/828) пікіріне сүйенсек, Әһли сүннет уал-жамағат жолын Юнус ибн Убайд әл-Қайси (өл.138/756), Абдуллаһ ибн Аун ибн Әртәбан (өл.151/768), Әйюб әс-Сахтияни (өл.131/748) және Сүлейман әт-Тәйми (өл.143/760) атты кісілер құрған. Сүннит ақидасының бір жүйеге келуі Умея халифатының соңғы жылдарынан бастап, Аббасидтердің билік кезеңінің алғашқы І ғасыры аралығында болады. Әһли сүннет ақидасы Умеяттардың 10-шы халифасы Хишам ибн Абдулмаликтің билікке келуі мен (724-743) Аббасидтердің 7-ші халифасы Мәмунның (813-833) таққа отыруы аралығында туып, қалыптасты. Әуелде әһли сүннет мәзхабы фиқһ саласында жүйеленіп, дами келе әһли сүннеттің фиқһи мәзхабтары пайда болды (Ханафи, Шафи, Ханбали, Малики)[1]. Әһли сүннеттің ақидаға байланысты саласында алғашқы еңбек пен зерттеуді қолға алғандардың ішіндегі көрнекті өкілдердің бірі - Имам Ағзам Әбу Ханифа Нұғман ибн Сабит. Имам Ағзам Әбу Ханифа фиқһта Ханафи мәзхабының негізін салушысы ретінде ақидаға байланысты көптеген құнды пікірлер айтып кеткені белгілі. Имам Ағзам 699 жылы Куфа қаласында дүниеге келеді. Ұстазы Хаммад ибн Әби Сүлеймен (өл.120/737) Куфа мешітінде ұзақ жылдар бойы дәріс берген кісі. Әбу Ханифа алғашқы ақидалық дәрістерін сол кісіден алып, ұстазы дүниеден өткеннен кейін ел арасында 30 жылдай дәріс оқып, пәтуа береді. Имам Ағзам Әбу Ханифа өз дәуірінің біртуар ғалымы, әрі фақиһы еді. Имам Ағзам «Әһли Бәйтті» (Пайғамбар әулетін) жанындай жақсы көріп, оларға үлкен құрмет көрсеткендіктен, Умея мен Аббасид билеушілеріне деген ықыласты ниетін толықтай көрсете алмайды. Әбу Ханифаның екі әулеттің халифалық кезеңін басынан өткерген жылдарында, Умея мен Аббасид әміршілері оған қазылық қызметті ұсынып, ғұлама ол ұсынысты қабыл алмайды. Сөйтіп, Аббасид халифасы Әбу Жағфар әл-Мансур (754-775) ұсынысын қайтарып, сағын сындырғаны үшін Әбу Ханифаны түрмеге қаматады. Бағдаттағы түрмеде 15 күндей қамауда болған ислам ғұламасы 767 жылы 70 жасында дүниеден озады. Әбу Ханифаның ақидаға байланысты жазған еңбектері: «әл-Фиқһул әкбар», «әл-Фиқһул әбсат», «әр-Рисалә», «әл-Алим уәл-мутааллим», «әл-Уасия». Осы еңбектерінің ішінен «әл-Фиқһул әкбары» ғұламалар жағынан жоғары бағаланып, ол еңбек жайында көптеген түсіндірмелі, талдамалы шығармалар жазылды[2]. Әһли сүннет мәзхабы адасушы мәзхабтарға (әһли бидғат) қарағанда мынадай өзіндік ерекшеліктерге ие және ақидасы да осы ҚАҒИДАЛАРдың төңірегінде құрылған: 1. Барлық әлем мен тіршілік иелері кейіннен жаратылған. 2. Әлем босқа жаратылмаған, оның өзіндік мән-маңызы мен ерекшелігі бар. 3. Әлемдер мен бүтін тіршілікті жаратушы Аллаһ. 4. Аллаһ жалғыз, бастауы мен соңы жоқ. Ол тумаған, туылмаған. Ол уақыт, мекен, һәм тәндік ерекшеліктерге мұқтаж емес. Және Одан басқа тәңірі жоқ. 5. Аллаһтың әзәли, әбәди затынан бөлінбейтін сипаттары бар. 6. Аллаһ ақыретте муминдерге көрінеді. 7. Тағдыр (қадар) хақ. Бірақ, құл іс-қимылында мәжбүр емес (яғни, пәнденің таңдау еркі бар). 8. Пайғамбарлардың муғжизасы, әулиелер және олардың көрсеткен кереметтері хақ. Бірақ, ешқандай пайғамбар мен әулиеде тәңірлік нышан болмайды. Олар да адам, тек дәреже тұрғысынан ғана қарапайым жандардан мәртебелі келеді. 9. Аллаһтың кәләмы әзәли (басы жоқ). Аллаһтың сөйлеуі дауыс пен әріптерден тұрмайды. 10. Ақырет және ондағы болатын жағдайлар хақ (жәннәт, тозақ, таразы). 11. Пайғамбардан (с.а.у.) кейін ең ұлы кісі Әбу Бәкір, одан кейін кезегімен Омар, Осман және Әли. Пайғамбардың (с.а.у.) сахабалары ерекше құрметке лайық кісілер болып саналады. 12. Амал иманның бір бөлігі емес. Сеніп, иман ете тұра амал етпеген немесе күнә істеген кісі діннен шықпайды. Бірақ, ол күнәһар кісі ретінде саналады. 13. Бір әмірші тағайындау мұсылмандарға парыз. Басқару жүйесі әрдайым кеңесу және сайлаумен болады. 14. Аллаһ Тағаланың адамдарды жаратқаны секілді, олардың амалдарын да жаратады. Пенде қандай да бір істі істеу үшін таңдайды, Аллаһ та оның таңдауына сай ісін жаратады. 15. Жақсылық жасағанға - сый, жамандық жасағанға - жаза беріледі. Бірақ, Аллаһ қалаған мумин пендесінің күнәсін кешіруі мүмкін. 16. Ислам дінін қабылдаған, әрі мумин екендіктері белгілі кісілер мына жағдайда ғана кәпір болып есептеледі: а) Аллаһ Тағаланы жоққа шығарса б) Аллаһқа серік қосса в) Пайғамбарлар мен пайғамбарлықты қабыл етпесе г) Харам екендігі нақты білінген (аят пен хадис арқылы бекітілген үкімдерді) нәрсені халал деп, не керісінше халалға харам деп оған сенсе [3] Енді әһли сүннеттің ақидасын бір жүйеге келтірген имамдарға тоқталып өтелік. Матуридилік мектептің негізін қалаушы Әбу Мансур Мұхаммед ибн Махмуд әл-Матуриди әс-Самарқанди (шамамен х. 238/ м. 862 жылы) Самарқандтың Матурид деген ауылында дүниеге келген. Имамның өмірі жайында мағлұмат өте аз. Имам Матуридидің еңбектеріне қарай отырып, оның кәлам, мәзхабтар тарихы, фиқһ әдістемесі мен тәпсір саласында өзіндік орны бар ірі ғалым екендігін пайымдауға болады. Еңбектеріндегі тұжырымдарын жоғарыда айтылған әһли сүннеттің басты қағидаларын әрі нақилге (Құран аяттары мен хадистерге) сүйеніп, әрі ақли дәлелдер арқылы жүйелеген. Әсіресе, ол кісі муғтазила мен шииттік түсініктегі мұсылмандарды қатты сынға алған[4]. Әбу Мансур әл-Матуриди Ханафи мәзхабын ұстанатын ортада өскендіктен әрі фиқһта, әрі ақидада (сенімде) Имам Ағзам Әбу Ханифаның жолымен жүрген. Әбу Ханифа фақиһ болуымен қатар, ақида саласындағы ғалымдардың да алғашқыларының бірі екендігі мәлім. Сондықтан Имам Матуриди Ханафи мәзхабын ұстанып, ақидада Әбу Ханифаның пікірлерін одан ары дамыта отырғаны түсінікті. Бір жағы соны ескергендіктен болар, кәлам ғалымдары «Матуридилік» деп аталатын мектептің негізін қалаушы ретінде - Әбу Ханифаны атайды. Ал Имам Матуриди болса, Әбу Ханифаның айтып кеткен негіздерін ақли және нақли (аят пен хадис) дәлелдермен қуаттап, талдап, жүйелеп бір ізге түсіруші ретінде танылған[5]. Ислам әлемінде хижри жыл санауының ІІ ғасырынан бастап пайда болған адасқан мәзхабтарға, соның ішінде әсіресе ақылды көбірек қолданатын Муғтазила мәзхабына классикалық әдіспен төтеп беру біршама қиын болды. Мұндай әдіспен Әһли сүннет сенімін қорғау жеткіліксіз еді. Неге десеңіз, классикалық, яки дәстүрлі әдісте ақыл ақида мәселесінде негізгі рөл ойнамайды. Осыдан келіп, әһли сүннет сенімін қорғау жолында жаңа бір әдіске мұқтаждық туды. Яғни, иман негіздерін түсіндіруде аят пен хадиске қоса, ақылға да орын беру керек болды. Өйткені логикалық талдаулар жасалып, мәселенің мазмұнын ашу, мақсатын түсіндіре білу қажеттілігі туды. Осы бағытта Матуриди және Әшғари мектептері қалыптасады. Имам Матуриди ақида саласында аят пен хадиске қоса, дінді түсіндіруде ақылды да қажетті қағида ретінде пайдаланды. Матуридилер бірқатар мәселелерде алғашқы ғұламалардың тәсілін ұстанғанымен, Әшғарилерге қарағанда ақылды көбірек қолданды. Дегенмен, имам Матуридидің тәсілі бойынша ақылды өз орнымен қолданып, оған шектен тыс басымдық беруге жол бермеу қажет[6]. Имам Матуриди ақылға біршама мән бергенімен, муташабих (ұғымын Аллаһ пен Оның елшісі білетін) аяттардың тәпсіріне келгенде (Әбу Ханифа ұстанымынан ауытқымай) жорамал (тәуил) жасамайды. Мысалы: «Ол Рахман, ғаршыны меңгерді» ( 20.Таһа-5) аятындағы «истауа» сөзі муташабих аят болғандықтан бұл сөзді түсіндірген кезде алдымен аят жайында түрлі теңеулер жасаған кісілердің көзқарасын айта келіп, олардың пікірлерін теріске шығарып, мынадай тұжырым жасайды: «Бұл мәселедегі біздің ойымыз Аллаһ Тағала «Еш нәрсе Оған ұқсамайды» (42.Шура-11) деп, айтқан сөзі арқылы Аллаһтың жаратылғандарға ұқсамайтындығын білдіруде. Аллаһ жаратылғандарға ұқсаудан пәк. Біз де жоғарыда Аллаһтың фиилінде және сипатында ұқсастықтан пәк екендігін айтып өттік. Олай болса, біз Рахманның Арш үстіне истиуасы жайында Құранда айтылған күйінде қабыл етуіміз керек. Бұл аятты мынадай мағынаға келеді деп айта алмаймыз. Өйткені жоғарыда келтірілген тәуилдердің (жорамалдардың) қандай да біреуі сәйкес келіп қалуы мүмкін болса, дәл солай адамның санасы жете бермейтін басқа да бір мағынаға сай келу ықтималдығы да бар. Сондықтан, Аллаһ аятта қалай келтірсе, біз де дәл сол күйіне иман етеміз». Имам Матуриди муташабих аяттарға түсініктеме беруді дұрыс көрмегенімен, беріректегі бірқатар әһли сүннет ғалымдары ол аяттарға түсініктеме берген. Дегенмен, бұл қарапайым халықтың аяттағы ұғымды басқаша мағынаға жорамалдауының алдын алудан туындаған қажеттілік болатын. Алайда, аталмыш ғалымдар муташабих аяттарды араб тілінің шеңберінен шықпайтын астарлы (мәжәзи) мағыналары бойынша ғана түсіндіруге болатындығын айтады. Солай болғанның өзінде ғалымдар айтқан жорамалдарының соңында оның нақты мағына емес, аяттың баламалы ұғымы ғана деп ескерту жазып отырады[7]. Имам Матуридидің өмір сүрген кезеңі ислам әлеміндегі сенімге байланысты арпалыстың ең өршіген уақыты еді. Ислам халифаты күн өткен сайын ұлғайып, көптеген халықтар ислам дініне кіріп жатты. Бір жағынан халифа Мәмун (813-833) дәуірінен бастап, ежелгі грек және үнді философиясы араб тіліне көптеп аударылды. Мұсылмандардың өзара мәзхабқа бөлінгендері аздай, сырттан келген яхуди, христиан пәлсафашылары мен дін басылары сенімге байланысты түрлі пікірлер айтып, халықтың санасына көптеген күмәнді мәселелерді ұялатып, дел-сал қылып қойды. Осындай сәтте исламның иман негіздерін қорғау мақсатында ақыл мен қисындық қағидаларды пайдалану қажет болды. Нәтижеде иман негіздерін әрі нақылмен (аят-хадис), әрі ақылмен бекітетін «Кәлам» атты жаңа әдіс пайда болды. Мұның латыншадағы ұғымы - «теология». Имам Матуриди осы дәуірде шыққан әйгілі мутакаллим, яғни теолог еді. Имам Матуридидің шыққан жері Мауарауннахр өлкесі болғандықтан, ғалым сол аймақтағы Ханафилардың ақида мектебінің имамы атанды[8]. Имам Матуриди 333/944 жылы Самарқандта дүниеден өткен. Имам фиқһта Ханафи мәзхабын ұстанушылардың сенім негіздерін жүйеге келтіруші болып саналады. Әһли сүннет фиқһта Ханафи, Шафи, Ханбали, Малики болып бөлінсе, сенім мәселесін Сәләфи, Матуриди және Әшғари мектептері қарастырғаны белгілі. Қазіргі кезде әлемдегі сүннит мұсылмандардың жартысынан көбі (шамамен 53%) Ханафи мәзхабын ұстанады. Ал Ханафилердің басым көпшілігі Имам Матуридидің бір жүйеге келтірген сенім негіздерін басшылыққа алады. Матуридилік мектептің ғұламалары бір жүйеге келтірген иман негіздері – негізінен, Орта Азия, Түркия, Балқан түбегіндегі, Қытай, Үндістан, Пәкістан аймағындағы мұсылмандар арасында кеңінен жайылған[9]. Әсіресе түркі халықтары арасында көбірек жайылған. а) Имам Матуридидің еңбектері Имам Матуридидің ең танымал еңбектері мыналар: 1. Тәуилатул - Қуран 2. Китабут - таухид 3. Китабул - мақалат 4. Китабу - мәхазиш-шараи (фиқһ усулы жайында жазылған) 5. Китабул-жәдәл Өзге де еңбектері: 1. Китабул рәдди әуаилил-әдиллә лил-Кағби 2. Китабу рәдди тахзибил-жәдәл лил-Кағби 3. Китабу бәяни уәхмил – муғтазилә 4. Рәдду китабул – Кағби фи уаидил – фуссақ 5. Рәддул усулил – хамса ли Әби Умарил – Баһили 6. Рәдду китабул – имамә 7. әр-Рәдду алал – Карамита Осы аталған еңбектердің ішінен біздің заманымызға жеткен кітабы «Тәуиләтул Қуран» мен «Китабут – таухид» қана[10]. ИМАМ ӘШҒАРИ Әшғарилік мектептің құрушысы Әбул Хасан Әли ибн Әби Бишр Исхақ Әл-Әшғари х.260/м.873 жылы Басра қаласында дүниеге келді. Имам Әшғари әйгілі сахаба Әбу Мұса әл-Әшғаридің (өл.44/665) ұрпағынан тарайды[11]. Имам Әшғари 40 жасына дейін Муғтазила мәзхабының итиқадын ұстанды. Сол уақытқа дейін муғтазила қағидаларын үйрету және оны өзгелерден қорғаумен айналысады. Оның ұстазы әйгілі муғтазила ғалымдарының бірі болған Әбу Али Жуббаи еді (өл.303/916). Имам Әшғари кәлам дәрістерін осы ұстазынан үйренеді. Имам Әшғари 40 жасына келгенде муғтазила мәзхабын тастап, Ахмед ибн Ханбалдың жолымен жүрген хадисшілер жағына өтеді. Имамның муғтазила мәзхабын не үшін тастағандығы жайлы ғалымдар түрлі себептер айтады. Көпшілік ғалымдардың айтуы бойынша ұстазымен «үш ағайынды» мәселесі жайында тартысып қалып, ұстазын жеңеді де, содан кейін муғтазила мәзхабын тастап кетеді. Бұлай болудың негізгі себебі ретінде мына оқиғаның ұйытқы болғандығы айтылады. 40 жасына дейін муғтазилит түсінігін үйреніп, сол жолда күресіп келген имам түсінде Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарды көреді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) түсінде оған дұрыс жолды түсіндірмегендігін айтқан екен. Содан бастап муғтазила жолын тастап, хадисшілердің, яғни әһли сүннет жолын ұстануға көшеді[12]. Осыдан кейін Әшғари біраз уақыт үйінен шықпай әһли сүннеттің еңбектерін оқып, муғтазиламен салыстыра отырып зерттейді. Сөйтіп жұма күнінің бірінде Басра қаласындағы орталық үлкен мешітке барып, мінберге шығады да, жамағатқа: «Мені танып отырған шығарсыздар. Танымағандарыңыз бұдан былай танитын боласыздар. Мен Әбу Хасан Али ибн Исмайлмін. Осы уақытқа дейін муғтазила мәзхабын ұстанып келдім. Осы жолда қызмет еттім. Бірақ, істеген ісімнің дұрыс еместігін ұғынып, тәубе етіп, бүгіннен бастап муғтазила мәзхабын тастадым», - дейді[13]. Имам Әшғари өмірінің қалған кезеңін әһли сүннет жолында өткізеді. Муғтазиланы тастағанымен, ол өзінің исламға деген қызметіне қаяу түсірмейді. Керісінше, дін дағуа жолындағы ізденісін еселей түседі. Ол кісі ең алдымен өзі шыққан муғтазилаға қарсы күреседі. Әһли сүннет ақидасын қорғау үшін муғтазиланың өз тәсілдерін өзіне қарсы қолданады. Себебі, әһли сүннеттің әдісі ол кезге дейін ақли дәлелдерге орын бермейтін, тек аят және хадис аясында болатын. Ал муғтазила болса ақылды, қисындық қағидаларды көбірек қолданып, қарсылас адамының аузын аштырмай тастайтындай жауаптар беретін. Сондықтан олар осы әдісі арқасында ислам әлеміне тез арада жайылып, халифаттың ресми мәзхабы дәрежесіне дейін көтерілген-ді. Имам Әшғари муғтазила ағымын өте жақсы білгендіктен олардың әлсіз тұстарын пайдаланып, идеологиялық тұрғыдан қатты тойтарыс береді. Бірақ, Имам Әшғари әһли сүннет сабына өткен соң ақылды аз қолдану қағидасын ұстанады. Неге десеңіз діни заңдылықтар мәселесінде көбіне ақыл аздық етеді. Имам Әшғари тек муғтазила ағымына ғана емес, сонымен қатар адасқан мұсылмандарға, пәлсафашыларға, өзге діндегілерге қарсы исламның иман негіздерін қорғады. Оның пікірлері мен ұстанымы тез арада ислам әлемінің түкпір-түкпіріне тарап, мұсылмандардың көпшілігі Имам Әшғаридің бір жүйеге келтірген иман негіздерін ұстануға көшеді. Әсіресе Ирак, Сирия, Мысыр және Солтүстік Африканың тұтастай осы ақида қағидаларын қолдап, Әшғарилік жүйенің дамуын едәуір жылдамдатты. Имам Әшғари 324/936 жылы Бағдатта дүние салды[14]. Қазіргі таңда әлемдегі сүннит мұсылмандардың 13%-ін құрайтын Маликилердің барлығы, 33%-ін құрайтын Шафилердің төрттен үші, Ханафилер мен Ханбалилердің азғана бөлігі Имам Әшғаридің қалыптастырған иман негіздерін ұстанады. Әшғарилік жолдың кең тараған аймағы Хижаз, Солтүстік Африка, Мысыр, Ирак және Сирия өлкелері болып табылады[15]. Имам Әшғари мен ұстазы Әбу Али Жуббаи арасындағы «Үш ағайынды» мәселесі былай болған: «Муғтазила сенімі бойынша пенденің ғұмырында жақсы, қайырлы болған нәрсені Аллаһтың жасауы, жаратуы уәжіб. Өйткені, құлды жаратқан Аллаһ болғандықтан оған қажетті нәрсені өзі жаратуы керек. Имам Әшғари бұл мәселеде аз-кем күмәнданып ұстазы Әбу Али Жуббаиға былай деп сұрақ қояды: - Бірі кәпір, бірі мумин, бірі жастай өлген үш ағайынды жандар жайында не айтасыз? Ұстазы: - Мумин болғаны жоғары дәрежеге жетеді (жәннәтқа барады), кәпір болып өлгені азапқа душар болады, жастай дүниеден өткені сауапқа да, азапқа да душар болмайды, - деп жауап береді. Әшғари: - Әлгі жастай кеткені мумин салих дәрежесіне барғысы келсе рұқсат беріле ме? Ұстазы: - Жоқ, берілмейді. Және оның жауабы былай болады: «Сенің бауырың бұл жоғары мақамға мойынсұнумен, амалдарымен жетті. Ал сенің мойынсұнған амалың жоқ». Әшғари: - Егер жас бала: «Я, Аллаһ, кінә менде емес қой, сен маған ғұмыр бергеніңде саған мойынсұнар едім»,- деп айтса, Аллаһ Тағала не айтар еді? Ұстазы: - Жауап төмендегідей болар еді: «Сен өмір сүргеніңде бас көтеріп, қарсы шығып, менің азабыма ұшырайтын едің. Мұны білгендіктен саған ғұмыр бермедім. Сен үшін пайдалы, қайырлы болғанын жасадым». Әшғари: - «Сонда кәпір болып дүниеден өткен бауыры: «Әй, әлемдердің Аллаһы! Әй, жанашырлардың ең көп жанашыры! Оның жағдайын білген болсаң, менің де жағдайым Өзіңе белгілі еді. Не үшін оның пайдасына, қайырына болған нәрсені жасадың да мен үшін пайдалы, қайырлы болған нәрсені жасамадың?», – деп айтса, бұған не дейсіз?» дейді. Ұстазы: - Уасуасаға түстің (шайтан азғырып отыр), - деп жауап береді. Әшғари: - Жоқ, мен уасуасаға түспедім. Өкінішке орай шейхіміздің айтар сөзі қалмады, - дейді[16]. Бұл мәселені әһли сүннет сенімі бойынша қарайтын болсақ, үш ағайындының басынан өткен нәрсе олардың тағдыры болып саналады. Кімнің қашан өлетіндігі дүниеге келместен бұрын оның тағдырына жазылып қойған. Балиғатқа толмай дүниеден өткен балалар сұрақ-жауапсыз жәннәтқа барады. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үш кісіге қалам жүрмейді. Сауыққанға дейін есі ауысқан адамға, оянғанға дейін ұйықтап жатқан адамға, балиғат жасына толғанша балаларға». (Бухари, Талақ 11. Худуд 22; Әбу Дәуіт, Худуд 17; Тирмизи, Худуд 1). Мұндай үзірі (себебі) бар пенделер құлшылықтан жауапты болмайды. Құлшылық ете білу үшін ақыл есі сау, балиғатқа толу керек деген қағида бар. Ал, фиқһта Имам Әшғаридің қай мәзхабты ұстанғандығы жайында түрлі пікірлер айтылады. Әрбір мәзхабты ұстанатын ғалымдар, ислам ғұламасын өз мәзхабтарына жақын санайды. Шындығына келгенде, Имам Әшғаридің фиқһта нақты қай мәзхабты ұстанғандығы белгісіз. Тарихшы Мақризи (өл.841/1441) деген кісі Әшғаридің Ханафи мәзхабын ұстануы мүмкін деген жорамал жасайды. Бұған негіз ретінде муғтазила мәзхабын дәлел ретінде келтіреді. Себебі, муғтазилиттер ақылға көбірек мән бергендіктен, фиқһта Ханафи жолын ұстанған (Әбу Ханифа пәтуа бергенде көбінесе ақылға (рәйге) сүйенетін). Сондықтан осы қағида муғтазилиттер ұстанымына сәйкес келгендіктен, фиқһта олар Ханафи болатын. Имам Әшғари де әдепкіде, 40 жыл бойы муғтазила мәзхабын ұстанып келгендіктен, оның да фиқһта ханафилік жолды ұстану ықтималы басымырақ деп тұжырым жасайды. Имам Әшғари ақида мәселесінде Ахмед ибн Ханбалдің жолымен жүреді. Сол себепті, ол ақидада көбінесе сәләфилік әдісті ұстанған. Бірақ, ақылды да қолдана отырып «Кәлам әдісін» пайдаланды. Нәтижесінде алғашқы мұсылмандар секілді тек нақылмен шектеліп қана қоймай немесе муғтазилиттер сияқты асып та кетпей (тек ақылға басты орын беріп) орта жолды ұстанды. Имам Әшғариден кейінгі осы мектептің өкілдері ақидаға кейбір өзгешіліктерді енгізді. Мысалы, Имам Әшғари муташабих аяттарды жорамалдамай керісінше тәуилге қарсы шығып, бұл мәселеде алғашқылардың қағидаларымен жүрсе, кейінгі келген Имамул Харамәйн әл-Жууайни (өл.478/1085), шәкірті Ғаззали (өл.505/1111), Шәхристани (өл.548/1153) сынды тұлғалар тәуилді еркін қолданған[17]. а) Имам Әшғаридің еңбектері Имам Әшғари муғтазила мәзхабынан шыққаннан кейін, сол мәзхабтың кем‑кетік жерлерін сынап, әрі кейбір тұжырымдарына жауап ретінде бірқатар еңбектер жазады. Деректер бойынша ол кісі муғтазиладан шыққаннан кейін 70-тей еңбек жазған. Кейбір Әшғари ғалымдарының айтуына қарағанда еңбектерінің саны 100-ге жеткен. Мысалы Әшғари ғалымы Ибн Фурак (өл.405/1015) пен Ибн Анасир (өл.571/1176) ғұламаның 70 еңбегінен өзге, және 30 еңбектің атын келтіреді. Имам Әшғари тек кәлам саласында ғана емес, әрі тәфсир саласында да еңбектер жазған екен. Имамның бүгінгі күнге дейін жеткен еңбектері төмендегілер ғана: 1. әл-Ибәнә ан усулид-диянә - муғтазиладан шыққан соң жазған алғашқы еңбегі 2. әл-Лума фир-рәдди ала ахлиз-зәйғи уәл бида 3. Рисаләту фи истихсанил-хауд фи илмил кәлам 4. Мақалатул исламиин 5. Рисаләту илә әхлис-сағри бибабил әбуаб[18]
Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 663; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |