Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Имам Тахауи




Имам Ахмет ибн Мұхаммед ибн Сәлама Әбу Жағыфар ат-Тахауи әл-Азди әл-Ханафи әл-Мисри атағы шартарапқа жайылған мәшһүр ғұлама. Дереккөздерге жүгінсек, мұсылман жыл санауының 230 -шы жылдары, христиан жыл санауымен 850-ші жылдары дүниеге келген. Туған жері Мысыр елінің Таха деген елдімекені. Осыған орай ат-Тахауи деген қатыстық есімге ие болған. Һәм Мысырда һижри 321 жылы, миләди 933 жылы дүниеден өткен.

Ол білімді зиялы қауымның ортасынан шыққан. Сүт анасы өз заманындағы мәшһүр хадисшілердің бірі Әбу Мұса әл-Мысридің жұбайы. Ал Әбу Мұса хадис ілімінің имамдары Әбу Дәуіт пен ән-Нәсәидің шәкірті болып келеді. Тахауидің анасы да имам Шафиғиден білім алған ғалым кісі. Ал анасының бауыры, яғни нағашысы Әбу Ибраһим әл-Музәни шариғат білгірі, имам Шафиғидің үздік шәкірттерінің бірі еді.

Осындай оқымысты ортада дүниеге келген Тахауи да жастайынан білім нәрімен сусындап, аса алғыр-лығымен көзге түсті, ғылымның түрлі салаларына түрен салды.

Бала кезінен Құранды жаттап, жақындарынан дәріс алды. Әсіресе, фиқһ, хадис ілімдеріне терең бойлап, өсе келе өз заманының ғұламасына айналды. Әбу Исхақ Ширази имам Тахауидің Мысырдағы ханафи мазһабының жетекші имамы болғандығын жазады.

Өскен ортасына қарай шафиғи мазһабын ұстанған имам Тахауи нағашы ағасы әрі ұстазы әл-Музәниден дәріс алды. Шәкіртінің Әбу Ханифаның еңбектеріне көбірек үңілетінін көрг ұстазы: «Уаллаһи, сенен 7

ештеңе шықпас», – дейді. Осыны көңіліне алған Тахауи ханафи мазһабына біржола ден қойып, Мысырдағы осы мазһабтың ғалымы Ахмет ибн Әбу Имраннан дәріс тыңдайды. Уақыт өте келе ханафи мазһабының бетке ұстар тұлғасына айналған Тахауи: «Алла наға-шымды рахым еткей! Егер қазір тірі болғанда айтқан сөзін қайтып алар ма еді?» – деген екен.

Тахауи фиқһ, хадис, ақида тақырыптарында талай шығармалар жазған. Ол еңбектерінде бұрынғыны жаңартып, түйінді мәселелерді тарқатып берді. Мәшһүр ғұламаның негізгі кітаптары мыналар:

 

1. Шарх Маъани әл-Әсәр

2. Мушкил әл-Әсәр

3. Ахкамул-Қуран

4. Ихтиләфул-Уләмә

5. Ән-Нәуәдир әл-Фиқһия

6. Китаб аш-Шурут әл-Кәбир

7. Аш-Шурут әл-Аусат

8. Шарх әл-Жәмиъ ас-Сағир

9. Шарх әл-Жәми әл-Кәбир

10. Әл-Мухтасар

11. Манақиб Әби Ханифа

12. Тарих әл-Кәбир

13. Ар-Радд алә Китабил-Мудаллисин

14. Хукм аради Мәккә

 


[1] Етхем Рухи Фыглалы. Чаымызда итикади ислам мезхеплери, Истанбул-1996, 54-59-бет; Сайм Клавуз, ж.к.е., 296-297-бет.

[2] Алиюл Қари, Минәхур раудил-әзхари ли шәрхил-фиқһул әкбәр, Кайр 1323; Бекир Топалоглу, ж.к.е., 126-бет.

[3] Бұл мәселер жайында қараңыз: Әбу Ханифа, Әл-Фиқһул әкбар; Омар ән-Нәсәфи, Мәтнул ақайд, немесе Ақидатун-Нәсәфи.

[4] Сайм Клавуз, ж.к.е., 301-бет.

[5] Әл-Баяди, Кәмәладдин Ахмәд бин Хасан бин Синанеддин, Ишаратул мәрам, Мысыр, 1368/1949, 23 бет.

[6] Сайм Клавуз, Акиф Көтен, Осман Четин, Хүсейн Алгүл, ж.к.е., 81-бет.

[7] Әл-Баяди, Кәмәладдин Ахмәд бин Хасан бин Синанеддин, Ишаратул мәрам, 186-189 бет..

[8] Хамди Дөндүрен, Ислам илмихали, Истанбул, 1998, 47-бет.

[9] Сайм Клавуз, ж.к.е., 303-бет.

[10] Етхем Рухи Фыглалы, ж.к.е., 77-78-бет.

[11] Бекир Топалоглу, ж.к.е., 135-бет.

[12] Хамди Дөндүрен, ж.к.е., 48-бет.

[13] Мухаммед Ебу Зехра. Мезхеплер тарихи, 170-бет.

[14] Етхем Рухи Фыглалы, ж.к.е., 74-бет.

[15] Сайм Клавуз, ж.к.е., 305-бет.

[16] Бекир Топалоглу, ж.к.е., 23-24-бет.

[17] Әт-Тафтазани, Шәрхул макасид, 2 том, Истанбул, 1277, 49-50 бет.

[18] Ислам ансиклопедиси, ІҮ том., 391-бет.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 585; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.