Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тафсили иман

Ижмали иман

Ижмали иман дегеніміз - бір ауыз сөзбен Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Аллаһ тарапынан әкелген барлық нәрсесіне сену деген сөз. Бұл иман етудің ең қысқа жолы болып саналады. Ижмали иман кәлима таухид және кәлима шахадаттан тұрады.

аа) Кәлима таухид: Лә иләһә иллоллаһу Мухаммадур Расулуллаһ = Аллаһтан басқа тәңірі жоқ, Мұхаммед Оның елшісі.

аб) Кәлима шахада: Әшһәду ән лә иләһә иллоллаһу уә әшһәду әннә Мухаммадән абдуһу уә расулуһу = Аллаһтан басқа тәңірі жоқ екендігіне, Мұхаммед Оның құлы және елшісі екендігіне куәлік етемін.

Ислам дінінің негізгі тірегі осы айтылған кәлима болып есептеледі. Себебі, Аллаһты тек жаратушы тәңірі деп сенген, Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) Оның елшісі ретінде қабыл еткен кісі басқа да иман негіздерін қабылдағандығын білдіреді. Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) пайғамбарлығына сену оның әкелген бүкіл діни негіздері мен қағидаларына сену деген сөз. Өйткені, басқа да иман негіздері Пайғамбарымыздың айтуымен біздерге жетті және оларға иман етуді Пайғамбарымыз бұйырды. Сондықтан, Аллаһтың елшісін қуаттау, Оның әкелген барлық нәрсесіне бір ауыз сөзбен иман еткенін білдіру «ижмали иман» болып саналады.

Тафсили иман дегеніміз - иман етілетін, яғни сенуі, илануы керек болған нәрселердің әрқайсысына жеке-жеке сену деген сөз. Тафсили иман иманның ең ауқымдысы. Тафсили иманның үш мәртебесі болады.

ба) Бірінші мәртебесі. Аллаһқа, Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) Аллаһтың пайғамбары екендігіне және ақырет күніне нақты сену. Тафсили иманның бірінші мәртебесі ижмали иманға қарағанда, ақыретке сенуді қосып айтуымен ерекшеленеді.

бб) Екінші мәртебесі. Әмәнту билләһ. Яғни, Аллаһқа, Аллаһтың періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, өлгеннен кейін қайта тірілуге, жәннәт пен жәһәннамның бар екендігіне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендігіне сену.

бв) Үшінші мәртебесі. Құран және мутауатир хадистермен бекітілген барлық итиқади, амали және ахлақи үкімдердің бәріне жеке-жеке тоқталып, Аллаһ пен Оның Елшісінің бұйырған әмір мен тыйымдарына сену. Мысалы, намаз, ораза, зекет, хаж секілді парыз амалдарға, халал мен харам амалдарға шын жүрекпен сену тафсили иман болып саналады[5].

Ижмали иманды дәнге, тафсили иманды сол дәннің жемісіне ұқсатуға болады.

3 Тақлиди иман

Тақлиди иман дегеніміз - әке-шешеден, ұстаздан немесе өмір сүріп жатқан ортамыздағы адамдардан естіп, олардан көріп, үйреніп, соларға еліктей отырып келтірген иман.

Әбу Ханифа, Суфяны Сәури, Малик ибн Әнәс, Әузай және барлық фиқһ ғалымдары мен хадис ғалымдары иманның бұл түрінің дұрыстығын айтады. Бірақ, нақли (аят-хадис), әрі ақли дәлелдерді қолданып, сол иманын қуаттамайынша, ондай кісі күнәһар болады дейтін де пікірлер бар.

Ақиқатына келгенде бұқара халықтың иманы көбіне осы тақлиди иманға жатады. Ғалымдар тақлиди иманның үнемі күмәнға ұшырауға (нақты дәлелдермен қуаттандырмағандықтан), миссионерлердің жетегінде кетуге бейімдігі басымырақ екендігін айтады. Сондықтан, әрбір мұсылман өзінің сенген иман негіздерін қолынан келгенінше, білімінің шама-шарқынша дәлелдермен қуаттауы қажет.

4 Тахқиқи иман

Тахқиқи иман дегеніміз – дәлелдер арқылы Аллаһтың бар және бір екендігіне иман ету. Сондай-ақ, Аллаһтың жер бетіне жіберген діні ислам дінін барлық жағынан шынайы деп қабылдай отырып иман ету.

Мысалы: Американдық ғарышкер Армсторгтың аспан әлемінде азанның даусын естіп, артынша исламды қабылдап, иман етуін тахқиқи иман деп айтуға болады.

Ғайыпқа иман етудің маңыздылығы

Ислам діні бойынша ең қуатты иман - ғайыпқа сену. Яғни, көрмеген нәрсесіне сену деген сөз. Бұл да Аллаһқа және Оның елшісі Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.), оның әкелген хабарларына шын жүректен күмәнданбастан сенумен жүзеге асады. Асылында, иман етудің ең маңызды шарты көзге көрінбеген нәрселерге, яғни ғайып әлеміне сенуден тұрады. Адам баласы ғайыпқа иман келтіру арқылы шынайы мумин сипатын алатындығын мына аят растайды: «Сондай олар көмеске (ғайыпқа) иман келтіреді» ( 2.Бақара-3). Адам көзге көрінетін барлық нәрсеге сенетіндігі сөзсіз. Бірақ, көзге көрінбейтін нәрсеге сену әркімнің қолынан келе бермесі анық.

Аллаһ біздерге ғайыпқа сенуді бұйырады, яғни алдымен Аллаһ өзіне сенуді, періштелеріне сенуді, ақырет күніне сенуді, ақыретте болатын есеп-қисапқа сенуді әмір етеді. Бұлар, әлбетте ғайып әлеміне жатады. Аллаһты ешкім көзімен көрген жоқ, періштені адам көре алмайды және өлгеннен кейінгі өмірге ешкім барып-келмеді. Мұның бәрі біздер үшін қияли нәрсе секілді көрінеді. Күпірлік дегеніміз осы қияли нәрсе секілді көрінген жайттарға сенбегеннен шығады. Сондай-ақ, Хазіреті Адамның (а.с.) топырақтан жаратылғандығын, оның періштелермен тілдескенін ешкім көрген жоқ, тек Құран Кәрімде айтылғандықтан осылай деп білеміз. Сондықтан ислам дінінің өзге діндерден бірден-бір ерекшелігі ғайыпқа сену болып есептеледі. Ал көрінетін нәрсеге сенудің исламда ешқандай мәні де, маңызы да жоқ.

Бұл дүниеде Аллаһқа, оның елшілеріне, ақыреттегі өмірге сенбейтін қаншама адам келіп кетті. Міне осындай түсінік пен сенімде болған адамдардың ақыретте Аллаһтың бар және бір екендігіне, ақырет өмірінің хақ екендігіне көзі жетіп, Аллаһ Тағаладан кешірім сұрап, жалбарынатын сәті аятта былайша бейнеленеді: «Күнәһарлардың, Раббыларының жанында бастарын иіп: «Раббымыз! Көрдік, естідік, енді бізді (дүниеге) қайтар, салих амал істейік». Рас нандық дегендерін бір көрсең!» ( 32.Сәжде-12).

Ғайыпқа сенудің негізін - «әмәнту билләһида» айтылған иман шарттарына шын жүректен, ешбір күмәнсіз сенім құрайды. Дегенмен, адамның көру мүмкіндігінен тыс әлемдердің бәрі ғайыпқа жатқанымен, олардың бұл мәселеге қатысы жоқ екендігін айта кеткеніміз орынды болар.

Мұсылман кісі ғайыпқа сенген кезде оның қандай, қалай болатындығын көп сұрай бермеуі тиіс. Өйткені, дәл ғайып әлеміне байланысты мәлімет Құран мен хадисте шектеулі түрде айтылған. Одан арысы мұсылманның иманына қатысты жайт. Мысалы, ақыретте амалдарымызды өлшейтін таразының болатындығы аятта баян етіледі. Бірақ, ол таразының шын мәнінде қандай болатындығы беймәлім. Электронды таразы ма, киломен өлшейтін таразы ма, граммен өлшейтін таразы ма, ол бізді қызықтырмауы тиіс. Біздің міндетіміз сол таразының болатындығына сену ғана. Оның қандай болатындығы бір Аллаһқа аян.

Аллаһ Тағала тақуа құлдарын мадақтап, олардың ерекшеліктерін айтқан кезде олардың ғайыпқа сенгендігін білдіреді және Пайғамбарымызға былай дейді: «Шын мәнінде сен, үгітке еріп, Рахманды көрмей-ақ қорыққан кісілерге ескерте аласың. Аллаһтың жарылқайтынын ең жақсы сауап (берілетінін) айтып, қуанышты хабар бер» ( 36.Ясин-11).

Пенденің сенім тұрғысынан болатын дәрежелері

Құранда Жаратушыға иман ету мен иман келтірмеу тұрғысынан адамдардың діни дәрежесі әр түрлі болатындығы анық түрде баян етілген. Сондықтан біз де бұл жерде сенім тұрғысынан адамдардың ислам діні бойынша, қалай аталатындығын аят пен хадис аясында қарастыра отырып, олардың діни дәрежелеріне қысқаша анықтама берейік.

1. Мүмин

Аллаһқа, Оның Елшісіне және ислам дінінің әкелген барлық діни үкімдеріне күмәнсіз, сенімді түрде иман етіп, ислам дінінен басқа дінді қабыл етпеген кісіге мумин, не мұсылман дейміз. Жүрегінде иманы болып дүниеден өткен момын пенделерге Аллаһ о дүниеде сый ретінде жәннәттан орын беретіндігін көптеген аятта айтып өтеді. Мумин пенделер көзге көрінбеген, көрмеген, адам қиялынан тыс болған нәрселерге сенетіндігімен айқындалады.

Мумин пенделердің барар жері жайында аятта былай дейді: «Расында иман келтіріп, ізгі іс істегендер үшін Фирдаус жәннәты қонақ үй болады. Олар онда мәңгі қалады да өздері одан ауысуды қаламайды» ( 18.Кәһф-107).

Муминдер Аллаһқа және Оның дініне шынайы сенгендіктері үшін еш күмәнсыз ақыретте астынан өзендер аққан Аллаһтың суреттеуге тіл жетпес жәннәтына барады. Себебі, бұл Аллаһтың муминдерге берген уәдесі екендігі мына аятта: «Раббыларынан қорыққандар үшін астарынан өзендер ағатын қабат-қабат салынған сарайлары бар. Бұл Аллаһтың уәдесі. Аллаһ уәдесінен таймайды» (39.Зумәр-20) – деп бекітіледі.

2. Кәпір және күпірліктің түрлері

Аллаһқа және пайғамбарларына сенбеген діннің әмір мен тыйымдарына қарсы келген, жаратылыс ақиқатын мойындамаған кісіге «қабыл етпеуші, қарсы келуші, жоққа шығарушы» деген ұғымдарға келетін «кафир» (кәпір) атауын береді. Күпірлік тек Аллаһқа, пайғамбарына сенбеу ғана емес, діни үкімдердің қандай да біреуіне қарсы келумен де орындалады. Адамзат тарихындағы Аллаһтың бар және бір екендігіне сенбеуші, пайғамбардың хақ екендігін қабыл етпеуші «материалист» немесе «атеист» жандар діни тұрғыдан алғанда кәпір болып есептеледі. Құран Кәрім кәпірлер жайында өте көп сөз қозғайды. Құранда Аллаһқа сенбеушілер, Оған қарсы келушілер туралы айтылмаған сүрелер кемде‑кем десек артық айтқандай болмаспыз.

Аллаһ Тағала өзіне сенбеген яки қарсы келген пенделерге ақыреттегі азабын баян ете келіп, олардың жан түршігерлік азапқа душар болатындығын аяттарында нақты айтады. Кәпірлер жайында айтылған кейбір аяттарды келтірер болсақ:

«Расында сондай қарсы келгендер және қарсы болған күйде өлгендер, міне соларға Аллаһтың лағынеті әрі періштелердің және бір тұтас адамдардың лағынеті болады» ( 2.Бақара-161).

а) Куфри инкари (түбегейлі қабыл етпеу)

Қандай да бір кісінің Аллаһтың бар екендігін, Хазіреті Мұхаммедтің хақ пайғамбар екендігін және Аллаһтан әкелген діні мен діни үкімдерді түбегейлі қабыл етпеуі ‑ «куфри инкари» болады. Ондай кісілер жайында Құран былай дейді: «Расында қарсы болғандарды үгіттесең де, үгіттемесең де бәрі бір. Олар иман етпейді» ( 2.Бақара-6).

б) Куфри жухуд (біле тұра қабыл етпеу)

Жүрегімен Аллаһтың бар және бір екендігін қабыл етіп, тілімен, сенімін айтпай иман етуге ыңғай танытпаған адамның күпірлігін «куфри жухуд» дейміз. Мысалы, Шайтаның күпірлігі мен Фирғауынның күпірлігі осыған жатады.

в) Куфри инади (қырсықтықтан туындаған күпірлік)

Аллаһтың тәңірі екендігін жүрегімен біліп, бірақ Аллаһты тәңірі ретінде мойындауға келгенде шен-шекпен, лауазым, қызметінен айырылып қалудан қорқып, исламды дін, Аллаһты тәңірі ретінде қабылдамайтындығын айтқанға «куфри инади» дейміз. Мысалы, Әбу Тәлібтің Қурайштардың «Әбу Тәліб өлімнен қорыққандықтан Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) дінін қабылдады» деп айтатын сөзі үшін иман етпеуі күпірліктің осы түріне жатады.

г) Куфри нифақ (екі жүзділіктен туындаған күпірлік)

Адам иман негіздеріне жүрегімен сенбестен, өтірік, сырт көзге жағыну мақсатында тілімен сенгендігін айтқанды «куфри нифақ» дейміз. Мунафиқтардың күпірлігі осыған жатады[6].

3. Мүшрік және серік қосудың түрлері

Аллаһ Тағаланың жалғыздығына, теңі мен ұқсасы жоқ екеніне қарамастан серік қосушы кісіні «мүшрік» деп атаймыз. Ширк пен күпір сөзі бір-біріне жақын ұғымдар болғанымен, мағыналары әр түрлі.

Күпір дегеніміз - иман негіздеріне сенбеу, Аллаһты тәңірі деп, Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) пайғамбар деп қабыл етпеу болса,

Ширк - Аллаһты екеу немесе бірнешеу деп қабылдау болып табылады. Алғашқысы Жаратушыны, Оның Елшісін қабылдамайды, соңғысы Аллаһқа серік қосады. Сондықтан, мүшрік те, кәпір де Аллаһтың азабына ұшырайтын қауым болып саналады.

Құранда кәпірлер және мүшріктер деп жеке-жеке тоқталып, екеуінің өздеріне тиесілі ақыреттік жазалары айтылады. Әсіресе, Аллаһтың өзіне серік қосуды ешқашан кешірмейтіндігі мына аятта баян етілген:

إِنَّ اللّهَ لاَ يَغْفِرُ أَن يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَلِكَ لِمَن يَشَاءُ وَمَن يُشْرِكْ بِاللّهِ فَقَدْ ضَلَّ ضَلاَلاً بَعِيداً

«Негізінен Аллаһ өзіне ортақ қосуды жарылқамайды. Одан басқа кімді қаласа жарылқайды. Ал кім Аллаһқа ортақ қосса, расында өте қатты адасты» ( 4.Ниса-116).

Аллаһ Тағала біздерге серік қосудан аулақ тұруымызды, өзіне ғана құлшылық етуімізді, өзінен ғана жәрдем тілеуімізді бұйырады. Бұл жайында да көптеген аят бар. Мысалы:

«Аллаһпен бірге басқа тәңірді шақырма! Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Оның өзінен басқа әр нәрсе жоқ болады. Үкім Оған тән. Сондай-ақ Оған қайтарыласыңдар» ( 28.Қасас-88).

«Аллаһқа бойұсынған түрде Одан қорқа отырып, намазды орындаңдар. Әрі ортақ қосушылардан болмаңдар» ( 30.Рум-31). (қосымша ретінде мына аяттарға қараңыз: 39.Зумәр, 65-66; 40.Ғафыр – 66; 41.Фуссилат – 37).

Аллаһқа серік қосудың да бірнеше түрлері болады:

а) Ширки истиқлал (екі құдай қабыл етумен серік қосу)

Аллаһ Тағаланы жаратушы Ие деп қабыл еткенімен, екінші бір тәңірінің бар екендігін яғни әлемді екі құдай билейді деп, құдайды екеу етіп қабыл етушілерді - «ширки истиқлал» дейміз. Мысалы, Мәжусилер «Жақсылық құдайы», «Жамандық құдайы» деп екі құдайға сенеді. Себебі, әлемдегі зұлымдық атаулыны Аллаһ жасамайды, оны жасаушы екінші бір Зұлымдық құдайы бар деп ұғынады.

б) Ширки тәбғиз (Аллаһ құдайлардан тұрады деп серік қосу)

Аллаһ Тағаланың бір екендігіне сенгенімен, Аллаһты бірнеше құдайлардан тұрады дейтіндерді «ширки тәбғиз» дейміз. Мысалы, Христиандар Аллаһтың Жаратушы Ие екендігін қабыл еткенімен, үштік сенімге сенеді. Бұлай сенген адам Аллаһ құзырында кәпір болады: «Расында Аллаһ үштің үшіншісі дегендер кәпір болды. Бір тәңірден басқа тәңір жоқ. Егер олар бұл айтқандарынан тыйылмаса, олардан сондай қарсы келгендерге күйзелтуші азап бар» (5.Майда-73).

в) Ширки тақриб (дәнекер қою арқылы серік қосу)

Әлемнің жаратушысы болған Аллаһтың бір екендігін қабыл етумен қатар Аллаһқа жақындастырады деген сеніммен тастан, ағаштан немесе басқа да бір заттан жасалған пұтқа, мүсінге сиынуды - «ширки тақриб» дейміз. Мысалы, Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуіріндегі Меккелік мүшриктер пұтқа осындай сеніммен табынған. Олардың түсінігі бойынша, Аллаһ әрбірімізге бір мезетте назар аудара алмайды, сондықтан Аллаһ пен арамызды байланыстырушы пұт деп сенді. Бұл жайында Құран былай дейді: «Аллаһқа илайбай, басқаға табынғандар: «Оларға шоқынғанда, біз тек солар бізді Аллаһқа жақындастырсын деп шоқынамыз»,- дейді» ( 39.Зумәр-3).

г) Ширки тақлид (еліктеу арқылы серік қосу)

Арнайы түрде тәңір ретінде таңдап алмаған, тек ата-бабаларынан бері келе жатқан әр түрлі затқа сиынуды ‑ «ширки тақлид» деп айтады. Ата-баба жолын, дінін ұстаймыз деп пұттарға табынушылық осыған жатады. Құранда бұл мәселені былай деп келтіреді: «Осылайша сенен бұрын бір мемлекетке пайғамбар жіберген болсақ олардың беделділері: «Расында біз аталарымызды бір жол үстінде таптық. Біз де солардың ізінен жүреміз», - деді» ( 43.Зухруф23).

д) Ширки әсбаб (табиғат заңдылықтарын негізге алумен серік қосу)

Әлемдегі әр түрлі заңдылықтардың Аллаһ тарапынан жаратылмағандығын керісінше, өздігінен кездейсоқтық нәтижесінде жаратылғандығына сенгендерді - «ширки әсбаб» дейміз. Мысалы, материалист философтардың түсінігін осы бабтағы ширкке жатқызамыз[7].

4. Мунафиқ (екі жүзділік)

Имансыз бола тұра, мұсылман секілді көріну үшін тілімен иман еткен кісіге «мунафиқ» дейді. Мунафиқ мұсылман ортасында мұсылман сияқты әрекет етіп, кәпірлердің ортасына барғанда күпірлігін жалғастыра береді. Олардың мақсаты сырт көзге мұсылман көрініп, мұсылмандарды іштей ыдырату, алауыздық тудыру, фитна шығару. Мунафиқ есімі жер астында екі іні бар көртышқанға ұқсас. Көртышқан қауіп келгенде қалайша екінші інінен шығып кетсе, сол секілді мунафиқ та орны келгенде мұсылманмен бірге мұсылман болып, дінсіздерге қауышқанда исламға дұшпан болып шыға келеді[8].

Мунафиқ жүрегіне әлі иман толық ұяламаған, іштен шыққан жау іспеттес. Мұндай екіжүзді имансыз кісілер адамдарды алдағанымен, бүкіл әлемнің жаратушысы болған Ұлы Аллаһты алдай алмайды. Кәпір мен мунафиқты қалай айырамыз деп сұрайтын болсаңыз: мұсылмандар арасындағы кәпір мен мунафиқтар күріш ішіндегі тас іспеттес. Күріш ішіндегі қара тастарды оңайлықпен көре алсақ, мұсылмандар ішіндегі кәпір кісілерді де дәл солай ажырата аламыз. Ал күріш ішіндегі ақ тасты оңайлықпен көре алмаймыз да, тамақ ішкен кезде тісімізді сындырған уақытта барып, ақ тасты шайнап жібергенімізді аңғарамыз. Міне, мұсылмандар ішіндегі мунафиқты да бір қарағанда тани алмағанымызбен, басқа іс түскенде оларды тез айыруға болады[9].

Пайғамбарымыздың Меккедегі алғашқы жылдарында мунафиқтар болмағанымен, олар Мәдина дәуірінде бірден көрініп қалады. Себебі, Мәдина мұсылмандардың билігіне өткендіктен имансыздар ислам дініне, билігіне қарсы шығуға күштері жетпестен лажсыздан мұсылман іспетті көрінуге тырысып, мунафиқтар (екіжүзділер) деген атпен жаңа дінсіздер тобы пайда болды. Олар пайда болған уақыттан бастап үнемі ыңғайлы, оңтайлы, сәтті тұстарды аңдумен өтті. Мақсаттары - мұсылмандар арасында күмән тудыру, бүлік шығару еді. Бәну Мусталиқ жорығында Хазіреті Айша (р.анһ.) анамызға жала жауып, мұсылмандар арасында өсек таратқан мунафиқтар болатын. Бәдір мен Ұхуд соғысында мұсылмандарды тастап, шайқастан бас тартқанымен қоймай, мұсылмандардың жігерін, ықыласын тежеу үшін түрлі сөздер айтып, өздерінің қандай мақсатта өмір сүретіндігін айқын көрсетті.

Аллаһ Хазіреті Пайғамбарымызға (с.а.у.) сол кезде кімдердің мунафиқ екендігін уахи арқылы білдіргенімен, Пайғамбарымыз (с.а.у.) пәленше мунафиқ деп олардың ешбірін әшкере етпеген. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларының ішінен сырласы Хазіреті Хузайфатул Яманға кімдердің мунафиқ екендігін көзі тірісінде айтып кетеді. Ал Хузайфа бұл сырды өлгенше ешкімге айтпады. Негізінен, Хазіреті Пайғамбар мунафиқтарды танығандықтан, олар өлсе, жаназасына бармайтын. Хузайфа да өмірінде солай істеді. Бұл сырды білген Хазіреті Омар бір жаназа шықса, алдымен Хазіреті Хузайфаға қарайтын. Егер Хузайфа жаназа намазын оқуға бармаса, Хазіреті Омар да өлген кісінің мунафиқ екендігін біліп, жаназасын оқымайтын.

Аллаһ Тағала мунафиқтардың қандай адам екендігін арнайы «Мунафиқун» сүресінде кеңінен баян етеді. Мунафиқ ақиқатында кәпір болғандықтан ақыретте тозақта мәңгілік қалады. Бұл ақиқат. Өйткені, мунафиқтар жайында Құранда: «Негізінен мунафиқтар тозақтың ең төменгі қабатында болады. Әрі оларға ешбір жәрдемші таба алмайсың» ( 4.Ниса-145) – делінеді.

«Шексіз Аллаһ мунафиқтар мен кәпірлерді бір тұтас тозаққа жинаушы» ( 4.Ниса-140).

«Мунафиқ ерлер мен әйелдер бір-біріне ұқсайды. Олар жамандыққа бұйырып, игіліктен тосады. Сондай-ақ олар сараңдық етеді. Олар Аллаһты ұмытқандықтан Аллаһ та оларды ұмытты. Расында мунафиқтар фасық кісілер» ( 9.Тәубе-67).

Хазіреті Пайғамбарымыз мына хадисімен мунафиқтардың бойынан табылатын басты ерекшеліктерін былайша атап көрсетеді: «Мунафиқтың белгісі үшеу: сөйлеген кезде өтірік айтады, уәде берген кезде сөзінде тұрмайды және аманатқа қиянат жасайды» ( Бухари, Иман – 31)[10].

Абдуллаһ б. Амр б. Астың риуаят етуі бойынша, Хазіреті Пайғамбарымыз былай дейді: «Мына төрт қасиет кімде болса сол кісі мунафиқ болады: 1. Аманат етілгенде қиянат етеді; 2. Сөйлеген кезде, өтірік айтады; 3. Уәде берген кезде, уәдесінде тұрмайды; 4. Куәгер болғанда, жалтарады» ( Риязус Солихин. 3 том, 1572 хадис.). Олай болса, осы айтылған жаман қасиеттерден бойымызды аулақ ұстағанымыз абзал.

5. Муртәд (ислам дінінен басқа дінге өтуші)

Муртәд - ислам дінін қабыл етіп, мұсылман болғанымен кейіннен кейбір себептерге байланысты басқа бір дінге өткен кісі. Аллаһ құзырында қабыл болмай, ақыретте ондай пенденің тозақтық болатындығы жайында Құранда: «Аллаһтың қасында шынайы дін Ислам» ( 3.Әли Имран-19), «Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де, ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады» ( 3.Әли Имран – 85) – деген аяттар бар.

Исламды дін ретінде қабыл ете отырып, басқа дінге өту – дініміз бойынша, ең ауыр күнә. Оның жазасы осы дүниеде, әрі ақыретте беріледі. Діннен шыққандар жайында Құранда былай дейді: «Сендерден кім діннен қайтып, ол кәпір күйінде өлсе, олардың амалдары дүние мен ақыретте де жойылып және олар тозақтық болып, олар онда мәңгі қалады» ( 2.Бақара-217).

Муртәд кісі ислам заңдылығы мен тәртібі бойынша тәубе етіп, қайта дінге кіруге шақырылады. Бірнеше рет үгіт насихат айтып, жасаған әрекетінің дұрыс еместігі үшін тәубеге келуге үгіттеледі. Егер тәубе етіп, қайта кәлимә шахадат келтірсе, әлбетте Аллаһ оның тәубесін қабыл қылып, өткен күнәсін кешіреді. Себебі, Аллаһ Құранда былай дейді: «Әй, өздеріне зиян қылған құлдарым! Аллаһтың рахметінен күдер үзбеңдер. Аллаһ бір тұтас күнәларыңды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді, - деп айт» ( 39.Зумәр-53).

«Бірақ кімде-кім тәубе қылса, сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Аллаһ өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. Кімде-кім тәубе етіп, түзу іс істесе, рас ол Аллаһқа лайықты түрде қайтқан болады» ( 25.Фурқан, 70–71).

Діннен шыққан мұсылман кісі айтқан үгіт-насихатты тыңдамай, айтқанынан қайтпай, исламды шынайы дін деп есептемесе, әһли сүннет ғалымдары ондай кісіге исламның бұйырған «әс-сәләму алайкум уә рахматуллаһ» деген сәлемі берілмейді, сойған малының еті желінбейді, мұсылман әйелмен үйленуіне рұқсат етілмейді, мұсылман әке-шешесіне, туысына мирасқор бола алмайды, өлген кезде жаназасы шығарылмайды және мұсылман зиратына жерленбейді деп үкім берген[11].

6. Фасық (күнәһар, бұзақы)

Фасық ‑ Аллаһтың әмірлеріне қарсы әрекет ететін, күнәһар, жаман мінезді, жамандық жасауды әдетке айналдырған мұсылман кісі. Фиқһ іліміндегі фасық сөзінің терминдік мағынасы былай болып келеді: «Аллаһқа итағатты (мойынсұну) тәрк еткен және Оған қарсы келген, үлкен күнә істеуден тайынбаған, кіші күнә жасауды әдетке айналдырып, тура жолдан шыққан кісі фасық деп аталады».

Шариғат үкімі бойынша фасық әрекеттің үш дәрежесі бар:

1. Күнәнің жаман екендігін біле тұра, кейде күнә істеу.

2. Бір күнәні әдейілеп жасау.

3. Бір амалдың харам, әрі күнә екендігін біле тұра күнә істеу.

Үшінші дәрежесі жасалған кезде адам кәпір болады. Фасық кісі мұндай дәрежеге келмейінше, әһли сүннет сенімі бойынша мұсылман деп аталады[12].

Құранда фасыққа байланысты аяттарда фасықтықтың, яғни күнәһарлықтың қандай жағдайларда болатындығы айтылады: «Хаж белгілі айлар. Кім ол айларда (ихрам байланып) міндеттенсе, хаж кезінде әйелге жақындасу, фасықтық (күнә) істеу және жанжал жоқ» ( 2.Бақара-197).

«Фасық» атауы күнә жасаушы мұсылман пендеге берілген есім болғанымен, кейде күпірлікпен бірдей мағынаға да келеді. Аятта осы мәселенің астары анық беріледі: «Расында саған ап-ашық аяттарды түсірдік. Оған фасықтар ғана қарсы шығады» ( 2.Бақара-99). (қараңыз: 10.Юнус-23; 5.Майда-81).

7. Аси (дінге және билікке қарсы шығушы)

Аси - Аллаһтың бұйырған әмірлерін орындамаған, Аллаһтың үкімдеріне қарсы шыққан күнәһар мұсылманның атауы. Аси сөзі Құран Кәрімде де Аллаһтың және Оның Елшісінің әмірлеріне қарсы келуші, күнәһар адам мағынасында қолданылады: «Ал кім Аллаһқа, Елшісіне қарсы келіп (асилік етсе) Оның шектерінен шықса, ол ішінде мүлде қалатын отқа кіргізіледі. Оған қорлаушы азап бар» ( 4.Ниса – 14).

Асидің істеген күнәсі үлкен болсын, кіші болсын егер күпірлік ететіндей деңгейге жетпеген жағдайда, әһли сүннет ғалымдары ондай кісіні күнәһар мұсылман деп атайды[13]. Бірақ, бұл атау осы пәни дүниеге ғана қатысты, ал ақыретінің қандай болары бір Аллаға ғана аян. Жоғарыда келтірген Ниса сүресінің 14 - аяты асилердің шектен шығуынның кесірінен кәпірлер секілді мәңгілік тозақта қалдырылатынын баян етуде. Олай болса, фасық пен күнәһар мұсылманның ақыреті де бұлыңғыр, тұманды болмақ.

Ислам тарихында халифа билігіне қарсы шыққан, бас көтерген мұсылмандарды да «асилер» деп атаған.


[1] А. Лүтфи Казанжы. Ислам акайди, Истанбул, 1997, 11-12-бет; Сайм Клавуз, Акиф Көтен, Осман Четин, Хүсейн Алгүл, ж.к.е., 101-102-бет.

 

 

 

[5]

[6]

 

 

 

 

 

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Специализация и концентрация отрасли плодоводства
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 1073; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.098 сек.