Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ші кредит

Алматы, 2013

Курс: бесінші

 

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының мәжілісінде талқыланды

 

Хаттама № _____ «____№ ___________ 201 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Камалиев М.А.

 

Құрастырушы: м.ғ.д. Бурибаева Ж.К.

1 тақырып. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУҒА КІРІСПЕ.

Мақсаты: Студенттерде «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» пәні туралы жалпы ұғым қалыптастыру, негізгі ұғымдарын, бөлімдерін, әдістерін білу.

Қоғамдық денсаулық сақтау (Public Health system) –тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту концепциясын, ауру мен жарақаттардың алдын алу, белсенді өмір сүру ұзақтығын және еңбекке қабілеттілікті қоғамның күшін біріктіру арқылы арттыруды жүзеге асыруға бағытталған, іс әрекеті медициналық және медициналық емес сипаттағы құрылымдарды қамтамасыз ететін ғылыми және практикалық шаралар жүйесі.

Қоғамдық денсаулықтың оқу көзі болып қоғамдық өмір сүру жағдайларының денсаулыққа әсерін және халықты медициналық қамтамасыз етуді зерттеу болып табылады. Қоғамдық денсаулықтың әдістемелік негізі болып қоғамдық денсаулықты зерттеу және анықтауда жүйелі тұрғыдан қарастыру жатады.

Денсаулық (Health), БДҰ Уставы бойынша (1948ж.), тек қана аурудың немесе дене ақауларының болмауы ғана емес, бұл физикалық, психикалық және әлеуметтік толық аман есендік (ДДҰ Устав, 1948).

Анықтамада келтірілгендей, денсаулық сипаттамасында үш компонент біріктірілген: физикалық (биологиялық), психикалық (рухани) және әлеуметтік денсаулық.

Адамның денсаулық жағдайы туралы айтқанда біз осы үш компоненттің үйлесімді тіркесін айтамыз. Осылардың біреуінің бұзылысы дисгормония, үйлесімсіздік, ақыр соңында ауруға алып келеді.

БДҰ анықтамасы бойынша ауру (illness) – бұл сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен ағза құрылымы мен қызметінің зақымдалуымен жүретін өмір. Ауру ағзаның бейімделу-компенсаторлық (адаптациялық) мүмкіндігінен артатын ішкі және сыртқы орта факторлары әсерінің нәтижесінде туындайды.

Денсаулықтың бірнеше деңгейлерін ажыратады: жеке денсаулық – жеке адамның денсаулығы; топтық денсаулық – қандай да бір белгі бойынша біріктірілген адамдардың денсаулық сиппаттамасының жиынтығы: жанұя, еңбек ұжымдары, студенттер және тағы басқалар; аймақтық денсаулық – белгілі бір территорияда өмір сүретін адамдар денсаулығы сипппатамасының жиынтығы және қоғамдық денсаулық - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін медициналық-әлеуметтік ресурс және қоғамдық потенциал.

БДҰ денсаулықты адамның негізгі құқықтарының бірі ретінде қарастырады. Барлық адамдарға денсаулықты қамтамасыз ететін қажетті ресурстар қол жетімді болуы тиіс.

Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы ХХХ сессиясында (1977ж) негізі әлеуметтік міндет болып «2000 ж қарай жер шарындағы барлық адамдардың денсаулығы әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан өнімді өмір сүруге мүмкіндік беретін деңгейге қол жеткізуі» анықталды. Осы қойылған міндетті шешуге Денсаулық барлығына (Health for all) БДҰ саясаты бағытталған.

Кейінірек «Денсаулық 21: Европалық аймақта денсаулық барлығы үшін жетуге бағытталған саясатының негіздері» құжаты қабылданды (1999ж.). «21-ші жүзжылдықта Денсаулық барлығы үшін» стратегиясы әр елде әлеуметтік және экономикалық сипаттамасына, халықтың денсаулық жағдай мен өлім көрсеткішіне, денсаулық сақтау жүйесінің статусы мен дамуына сай жүзеге асырылуда.

Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау тарихы КСРО-дағы мемлекеттік социализм дамуының негізгі кезеңдеріне сай. Кеңес өкіметінің орнауынан бастап денсаулық сақтаудың профилактикалық принципінің теориялық және практикалық нұсқауын жасау мемлекеттік денсаулық сақтаудың негізгі міндет етіп қойылды. Сонымен қатар халықты ақысыз жалпы қол жетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінді.. Ұлы Отан соғысы жылдарында барлық көңіл фронтты медициналық-санитарлық қамтамасыз ету және тылдағы госпитальдарды дамыту сұрақтарына бағытталды. Соғыстан кейінгі жылдарда халық шаруашылығын қалпына келтіру және санитарық салдарларды жою қолға алынды. Кейінгі жылдарда ғылыми –практикалық қызығушылық социалистік құрылыстың идеологиясына жауап берді, соның ішінде ең көлемді шаралардың бірі халықты жалпы диспансеризациялау болды.

1978 ж Алматыда өткен БДҰ/ЮНИСЕФ Халықаралық конференциясында социалистік денсаулық сақтау жүйесі (Н.А. Семашко моделі) әлемдік мойындау алды, ал қабылданған Алма-Аталық декларация ХХ ғасыр денсаулық сақтаудың Ұлы Хартиясы болып аталды.

Тәуелсіздік алумен және нарықтық қатынастардың орнауына сай Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау бірқатар елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кезеңді денсаулық сақтауды ұйымдастыру сферасында қазіргі принциптер мен стандарттарға өтуді қоса алғандағы денсаулық сақтау жүйесінің жеделдетілген модернизациясы кезеңі деп анықтауға болады.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасында 10 слайд.

Әдебиет:

1. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и перспективы. – Алматы, 2001.– 100 б.

2. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 б.

3. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 б.

4. Тульчинский Т.К., Варавикова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. – Иерусалим, 1999.– 1049 б.

5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 б

Бақылау сұрақтары:

1. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтаудың анықтамасы.

2. Денсаулықтың компоненттері.

3. Денсаулықтың деңгейлері.

4. Пәннің негізгі бөлімдері.

5. Пәннің негізгі әдістері.

2 тақырып. МЕДИЦИНАЛЫҚ СТАТИСТИКАНЫҢ НЕГІЗДЕРІ. СТАТИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ.

Мақсаты: Студенттерде статистикалық жиынтық, тіркелген белгілер, абсолюттік және қатыстық шамалар, қозғалмалы қатарлардың көрсеткіштері, оларды анықтайтын әдістер бойынша ұғым қалыптастыру. Студенттерде денсаулық сақтауда саласында статистикалық зерттеуді жүргізу ережелері туралы ұғым қалыптастыру.

Статистикалық әдіс әлеуметтік-медициналық талдаудың негізгі әдісі.Статистика – қоғамдық бұқаралық құбылыстардың сапалық ерекшеліктерімен үзілмен байланыста олардың сандық жағын зерттейтін қоғамдық ғылым.

Медицинамен, гигиенамен және денсаулық сақтаумен байланысты мәселелерді зерттейтін статистика медициналық немесе санитарлық статистика деп аталады. Медициналық статистика тараулары: 1) қоғамдық денсаулық статистикасы; 2) денсаулық сақтау статистикасы; 3) ғылыми зерттеулер статистикасы немесе медициналық теориялық статистика.

Медициналық статистиканың міндеттері:

1) халық денсаулығын толығымен және оның бөлек топтарын зерттеу;

2) халық арасындағы аурушылдық пен өлім-жітімнің қоршаған ортаның әр түрлі факторларымен байланысын табу және қою;

3) медициналық ұйымдардың қызметі және кадрлары туралы мәліметтерді зерттеу;

4) жаңа дәрі-дәрмектердің биологиялық ағзаға және әлеуметтік ұжымға әсерінің тиімділігін бағалау;

5) халық денсаулығын жақсарту жолдарын іздеу үшін қолданатын емдеу-сауықтыру шараларының қорытындысы туралы мәліметтерді зерттеу;

6) медициналық ұйымдардың жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және бағалауға жәрдем ету.

Медициналық статистиканың әдістерін экспериментальдық, клиникалық, гигиеналық және лабораториялық зерттеулерде қолданады.

Зерттеу қорытындысының дұрыстығын бағалау - болжам ықтималдығын қою, онымен зерттеу нәтижесін іріктелген жиынтық негізінде жалпы жиынтыққа немесе басқа зерттеулерге апаруға болады.

Дұрыстық критерийі (Стьюденттің) орта шамалардың немесе көрсеткіштердің айырымы шамасы ретінде арифметикалық орта мәндердің қателері квадраттарының қосындысынан шығарылған квадраттық түбірге бөлінген болып анықталады. Арифметикалық орта мәннің орта қатесі орта квадраттық ауытқудың байқау сандарының түбіріне қатынасына тең. Көрсеткіштің орта қатесі (қатыстық шамалардың) 100% айырымға көбейтілген көрсеткіш шамасынан квадраттық түбір шығару және берілген салыстырмалы көрсеткіш шамасы байқау санына бөлінуі жолымен есептеледі. Стьюдент Критерийі 2 цифрына тең не артық болуы керек. Тек 95% және одан артық жағдайда ғана пайдаланылатын жаңа әдістің (емдік заттың, қауіп фактордың, гигиеналық сипаттамалардың) сенімділігін куәландыратын болжам қатесіз болып саналады. Айырмашылық дұрыстығы және құбылыстардың факторлармен байланысын сәйкестік критериийсін х2 есептегенде анықтауға болады.

Корреляция. Медициналық зерттеулер нәтижесін талдауда алынған деректер ақиқаттығын анықтау қажеттігі жиі туындайды. Құбылыстар (белгілер) арасындағы байланыстың екі түрі белгілі: функционалдық және корреляциялық. Функционалдық бір белгінің өзгерулері басқаның сандық мәндерінің қатаң белгілі шамаға өзгерулерінде. Бұл физикалық және химиялық құбылыстарда жиі кездеседі. Медициналық-биологиялық құбылыстарға сипатты корреляциялық байланыстарда белгінің бір мәніне әр түрлі мәндері сәйкес келеді. Мысалы, жұмыс сипаты мен жұмысшылар аурушаңдылығының деңгейі арасындағы өзара байланысты бағалауда корреляциялық байланыс қажет: қоршаған ортаның физикалық факторларының әр түрлі деңгейлері мен ағзаның физиологиялық реакцияларының жиілігі (деңгейі) арасында; госпитализация мерзімдері мен асқынулар жиілігі арасында.

Корреляциялық байланыс тура (бір белгінің көбеюінде екінші де көбейеді) және кері (бір көрсеткіш көбейсе екіншісі азаяды) болады. Корреляция коэффициенті байланыс бағытын ғана емес, осы байланыстың деңгейін де куәлайды.

Күшті байланыс коэффициенті 0,7-ден 0,99 дейін, орташа байланыс – 0,3 тен 0,69 дейін, әлсіз – 0,29 дейін болып көрінеді. Коэффициенттің нөлдік мәнінде байланыстар болмайды.

Ең жай корреляциялар рангтық корреляция мен корреляция коэффициенті болады.

Фактор арасындағы өзара байланысты анықтау үшін қолданатын қолайлы әдістің бірі - сәйкестік критерийсі х2 есептеу. Солай шегілген шылымның жиілігі мен тыныс алу жолдарының арасындағы, халықтың егумен қамтылуы және жұқпалы аурулықтың деңгейі арасындағы, дәрілік препараттарды қолану мөлшері немесе сипаты мен сауығу қаңықтылығы арасындағы және т.б. өзара байланыстарды анықтауға болады.

Стандарттау әдісі денсаулықтың көрсеткіштерін бағалауда тек оның деңгейін салыстыру арқылы қолданады. Шарттық шамалардың есептеу бұл әдісі салыстырмалы ұжымның құрамы жағынан бірыңғай еместігін жою үшін қолданады. Егер әр ұжымның (ұйымның, қаланың) құрамы(жас, жыныс, жұмыс стажы және т.б. бойынша) бірдей болған жағдайда, олардың аурулық (жарақаттану, өлім-жітім, мүгедектік және т.б.) деңгейі қандай болар екенін осы әдіс көрсетеді.

Стандарттық көрсеткіштер әр қала, аудан орталықтарындағы өлім-жітім деңгейінің қатерлі ісікпен (ас қорыту жүйесінің және т.б. аурулармен) салыстыру; әртүрлі өндірістертер арасындағы аурулық (жарақаттану) деңгейін салыстыру; әртүрлі ауруханалардағы летальдік деңгейін салыстыру қажет болғанда қоланады.

Стандарттаудың 3 тәсілі бар: тікелей, кері және жанама. Тікелей әдісті аурулықтың (өлім-жітімнің, жарақаттанудың) топтық (жастық) көрсеткіштері бар болған жағдайда немесе оны есептеуге болатын жағдайда (халықтың және ауруға шалдыққандардың топтық саны болғанда) қолданады. Жанама әдісті топ бойынша көрсеткіштердің болмаған жағдайында немесе ауруға шалдыққандардың саны болмауына байланысты есептеу мүмкіндігі болмаған жағдайда қолданады.Кері әдісті халықтың топтық шамасының саны болмаған жағдайда қолданады.

Қандай міндеттер қоюына тәуелсіз, санитарлық-статистикалық зерттеу тарихи қалыптасқан жеке операциялардан тұратын сатыларға сәйкес белгілі реттілікте жүргізілуге тиіс. Статистикалық зерттеудің 4 сатысын ажыратады: 1) зерттеу жоспары мен бағдарламасын құрастыру (дайындық жұмысы); 2) статистикалық байқау (материал дайындау); 3) материалды статистикалық өңдеу; 4) талдау, қорытынды, ұсыныстар, машыққа енгізу.

Статистикалық зерттеудің І кезеңі – статистикалық зерттеуді жоспарлау. Зерттеу жоспары келесі ұйымдастыру сұрақтарын шешуді талап етеді:

1) зерттеу объектісін, бақылау бірлігін анықтау;

2) жұмысты жүргізу мерзімін белгілеу;

3) бақылау тәсілін және материалды таңдау әдісін анықтау;

4) кадрларды, техникалық, материалдық қамтылуларды анықтау;

5) матеоиалды өндеу бағдарламасын құру.

Статистикалық зерттеудің объектісі дегеніміз кім туралы қажетті мәліметтерді жинау керек болатын статистикалық жиынтық. Бұл халық, студенттер, аурулар болуы мүмкін.

Статистикалық жиынтық – уақыт пен кеңістіктің нақты жағдайларында салыстырмалы түрде біртекті элементтер тобы (байқау бірліктері). Статистикалық жиынтық қамтылуы, байқау уақыты және тәсілі бойынша қалыптасады.

Сипаты бойынша тіркелінген белгілер бөлінеді: атрибутивті (мысалы: жынысы, ұлты, диагнозы, кәсібі, емдеу әдісі мен нәтижесі) және сандық (жасы, бойы, салмағы емдей күні). Статистикалық жиынтықтағы қызметі бойынша факторлық және нәтижелік деп болінеді.

Әрбір статистикалық жиынтық жалпы және іріктелген болып қарастырылады.

Статистикалық байқау мерзімі бойынша:

- ағымдағы (үнемі)- байқау бірлігінің пайда болуына байланысты құбылыс үнемі тіркелінеді. Мысалы: туу, өлім, ЕПМ қаралу әрбір жағдайы.

- Бір уақыттық (бір кезеңдік) – материалдарды есепке алу белгілі күні, уақытта, кезеңде жүргізіледі. Мысалы: халық саны, әр жылдың 31 желтоқсанында төсек немесе дәрігерлік орынды есептеу.

Зерттеуді қамту дәрежесі бойынша: жаппай және жаппай емес статистикалық байқау түрлері бөлінеді.

Зерттеу бағдарламасы – зерттелуге тиісті сұрақтардың тізілімі, оған кіретіндер:

- тақырыпты, зерттеу мақсатын құрастыру, бақылау объектісін, бірлігін анықтау.

- белгілерді анықтау, біріншілік есепке алу құжаттарын дайындау (анкета, сұрау қағаздары, талон, шұғыл хабарлама).

- біріншілік құжаттарды жинау әдістері мен техникасын сипаттау.

- кестелерді өндеу, топтастыру, дайындау.

- алынған мәліметтерді талдау.

II кезең – статистикалық материалдарды жинау, яғни бар және арнайы дайындалған құжаттарды тіркеу, толтыру (талондар, анкеталар, карталар және т.б.). матеиалды жинау алдын ала құрастырылған зерттеу бағдарламасы және жоспарына байланысты жүргізіледі.

III кезең - алынған мәліметтерді өңдеу. Зерттеушімен келесі біртіндеп орындалатын іс-қыймылдардан тұрады: 1) жиналған мәліметтерді бақылау; 2) топтастыру; 3) белгілеу; 4) статистикалық кестеге мәліметтерді енгізу; 5) статистикалық көрсеткіштерді есептеу және материалдарды статисткалық өңдеу.

Статистикалық кесте – жай және күрделі болып бөлінеді. Күрделі өз алдына топтық және қисындастырылған болып ажыратылады.

Статистикалық кестелердің түрі:

- жай – онда материалдардың бөлінуі тек бір ғана белгімен болады.

- топтық – бір статистикалық бастауыштан басқа, белгілерімен байланысы жоқ бірнеше баяндауыштардан тұрады.

-қисындастырылған - бір статистикалық бастауыштан басқа, бірнеше белгілерімен байланысы бар бірнеше баяндауыштардан тұрады.

IV кезең – алынған материалдарды талдау, зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды және ұсыныс беру. Құбылысқа сипаттама беріледі, оның размері, қозғалысы, ерекшелңктері, құрылымы және даму тенденциясы бойынша.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасында 10 слайд.

Әдебиет:

1. Медик В.А. Руководство по статистике здоровья и здравоохранения.-М.:Медицина, 2006.-528 б.

2. Медик В.А., Токмачев М.С., Фишман Б.Б. Статистика в медицине и биологии. – М.:

3. Применение методов статистического анализа для изучения общественного здоровья и здравоохранения: Учебное пособие для практ. занятий / Под ред. В.З. Кучеренко. - М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. - 192 б.

4. Руководство к практическим занятиям по социальной медицине и организации здравоохранения / Под редакцией Лисицына Ю.П. и Копыта Н.Я. - М., 1984. - 400 б.

5. Применение методов статистического анализа для изучения общественного здоровья и здравоохранения:Учебное пособие для вузов/Под ред.В.З.Кучеренко.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2007. 256 б.

Бақылау сұрақтары:

1. Медициналық статистиканың негізгі әдістері.

2. Орта қвадратты ауытқұдың маңызы - сигманың.

3. Орта және қатыстық шамалардың дұрыстығын бағалауын тағайындау.

4. Корреляциялық байланысты ұсыну тәсілдері.

5. Статистикалық зерттеудің кезеңдері.

6. Статистикалық зерттеудің жоспарының сұрақтары.

7. Статистикалық зерттеудің бағдарламасының сұрақтары.

8. Статистикалық кестелердің түрлері.

9. Графикалық бейнелеулердің негізгі түрлері.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Преобразователи частоты ( ПЧ ) | Шет елдегі медицина 1 страница
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 2125; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.