Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Шет елдегі медицина 1 страница




Кредит

Кредит

Кредит

Кредит

Құрастырған: м.ғ.д. Бурибаева Ж.К.

1 тақырып. Демографияның МЕДИциналық-әлеуметтік АСПЕКТілері. ХАЛЫҚ АУРУШЫЛДЫҒЫ: ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ Қарқындары

Мақсаты: Студенттер медико-демографиялық жағдайлардың есептеу, анализ және бағалау тәсілдерін білуі тиіс. Студенттер халық аурулығын бағалау, талдау және есептеу әдістерін білуі керек.

Демография (грек тілінен аударғанда demos – халық) – халық туралы және оның қоғамдық дамуы туралы ғылым. Демографиялық статистика (тұрғындар статистикасы) ежелгі уақыттан бері белгілі, біздің эрамызға дейін ежелгі Египетте, Вавилон, Қитай, Рим және басқа елдерде тұрғындар санын тіркеу жүргізілген.

Медициналық демография – бұл халықтың механикалық және табиғи қозғалысы процесіне медициналық-әлеуметтік факторлардың әсерін зерттейтін және тұрғындар денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға арналған ұсыныстарды өңдейтін ғылым. Демографиялық статистика көрсеткіштері тұрғындар денсаулығын бағалауда; көбею заңдылықтарын; тұрғындар саны мен құрылымы негізінде денсаулық сақтау кадрлары мен ұйымдарын жоспарлау, орналастыру және болжауда; медициналық-әлеуметтік шаралардың тиімділігін бағалауда кеңінен қолданылады.

Демография статика (халықтың сандық және сапалық құрамын), динамика – халықтың қозғалысын: механикалық (миграция) және табиғи (көбею) зерттейді.

Статика белгілі бір уақытқа сәйкес халық санын, орналасуын, жасы, жынысы, ұлты, әлеуметтік және кәсіптік тобы және т.б. белгілеріне сәйкес таралуын сипаттайды, оларды тіркеу кезеңді түрде жүргізілетін халық санағы арқылы жүзеге асырылады. Негізінде халық санағы он жылда бір рет жүргізіліп отырады. Халық санағына қойылатын негізгі талаптарға жатады: жалпылылық, санақ бағдарламасының болуы және оның бірлігі, әрбір жеке адамнан белгіні тіркеу, мәліметті тікелей халықтан жинау, бақылаудың экспедициялық әдісі, санақтың біркезділігі, санақтың орталықтандырылуы, мәліметтерді автоматы түрде өңдеу, мәліметтерді тұтас жинау әдісін мәліметтердің қосымша іріктелген жинау әдісімен тіркестіру, санақ құпиясын сақтау.

Жас-жыныстық құрамы халық денсаулығын мен халықтың көбеюін сипаттауда маңызды орын алады. Халық құрылымында қандай да бір жас-жыныстық топтардың басым болуы өлім, туу, өлім себептерін, еңбекке қабілетті немесе еңбекке қабілетсіз жастағы адамдардың үлес салмағын, алдағы өмір сүру орташа ұзақтығын анықтайды. Халықтың жасқа сай құрылымының типі 0-ден 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағын 50 жас және одан жоғары халықтың үлесімен салыстыру арқылы анықтайды. Жас құрылымында 14 жасқа дейінгі балалардың басым болуы үдемелі (прогрессивті) халық типін көрсетеді. Ересек жастағы топтардың 0-ден 14 жасқа дейінгі балалардан басым болуы халықтың регрессивті типін көрсетеді. 14 жасқа дейінгі балалардың 50 жас және одан жоғары топтармен тең болуы халықтың стационарлық типін көрсетеді.

Егде жастағы адамдар үлесінің басымдылығымен сипатталатын халықтың қартаю процесі туу көрсеткішінің төмендеуімен және өмір сүру ұзақтығының артуымен байланысты, бұл қазіргі кезде кеңінен байқалуда. БДҰ пікірі бойынша ересек жас индикаторы болып 65 жас таңдалып алынды. БҰҰ қартаю шкаласы бойынша, егер 65 жас және одан жоғарылардың үлесі 4%-дан төмен болса – жас халық; 4-7 % - халық қартаю табалдырығында; 7% және одан жоғары болса – қарт халық деп аталады. Халықаралық бағалауға сәйкес, Қазақстан халықтың қартаю процесі жеделдетілген елдер қатарына кіреді (2050 жылға қарай 25% қарт адамдар).

Халық миграциясы – бұл халықтың әкімшілік территория ішінде орын (ішкі миграция) немесе одан тыс жерлерге (эммиграция, иммиграция) ауыстыруы. Миграциялық процестер келесі түрде болуы мүмкін: жеке немесе жалпы көшу; ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған (стихиялық) көшу; қайтымсыз және тұрақты мекен-жайын уақытша өзгерту; маусымдық миграция (белгілі бір жыл мезгіліде көшу, жиі жазда); маятник тәрізді миграция (басқа елді-мекеннен оқуға немесе жұмыс орнына күнделікті бару).

Халықтың табиғи қозғалысы- бұл туу және өлу, халықтың табиғи өсімі, неке және ажырасулар тәрізді демографиялық құбылыстардың жиынтығы.

Туу көрсеткішін терең сипаттау үшін арнайы көрсеткіштер қолданылады. Әйелдердің бала туу көрсеткіші бір жылдағы тірі туылғандар санын бала тууға қабілетті жастағы (15-49 жас) әйелдер санына бөліп, 1000 көбейту арқылы анықтайды. Жасқа сай бала туу көрсеткіштері басқа жас тобындағы әйелдер үшін де есептеледі. Сонымен қатар некеде тұрған әйелдерге қатысты некелі әйелдердің бала туу көрсеткіші және некеден тыс туу көрсеткіштері есептеледі.

Өлім көрсеткішін талдағанда, жалпы көрсеткіштермен бірге арнайы көрсеткіштер де есептеледі, мысалы жасына, жынысына, кәсібіне және т.б. байланысты өлім көрсеткішін есептеген кезде белгілі бір жастағы (немесе жынысы, кәсібі) өлгендер санын сол жастағы (немесе жыныс, кәсіп) халықтың орташа жылдық санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Қазіргі кезде экономикалық дамыған елдердегі халық өлімі себептерінің құрылымында қан айналым жүйесі аурулары, қатерлі ісіктер, жарақаттар басым. Қан айналым жүйесі ауруларынан ер адамдардың өлуі барлық жас топтарында жоғары.

ЮНИСЕФ анықтамасы бойынша балалар өлімі балалардың салауаттылығын сипаттайды және бір жыл ішіндегі 1 жастан 5 жасқа дейінгі өлген балалар санынын тірі туылғандар санына қатынасы, 1000 көбейту арқылы есептейді. Балалар өлімінің негізгі себептеріне жатады: тыныс алу жүйелерінің аурулары және инфекциялар, оның ішінде басты орында ішек инфекциялары, сепсис және менингиттер. Балалар өлімі мен тамақтанудың бұзылуы, анемия, емшекпен қоректендірдің болмауы немесе ерте тоқтату арасында байланыс анықталған. Қайғылы оқиғалар – жол-көлік жарақаттары, термиялық және химиялық күйіктер, биіктен құлау үлесі орасан. Көп жағдайда қайғылы оқиғаларға ер балалар көбірек ұшырайды. Осы жас кезеңінде ауылдық жерлерде өлім жағдайының жоғарғы көрсеткіші тіркелген.

Сәбилер өлімі халықтың әлеуметтік салауаттылығығын, медициналық-әлеуметтік көмектің деңгейі мен сапасын, акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық көмектің тиімділігін бағалайтын оперативті критерий және индикатор болып саналады. Сәбилер өлім көрсеткіші осы календарлық жылдағы 1 жасқа толмай өлгендер санын осы жылдағы тірі туылғандар санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Туу көрсеткішінің айқын тербелісі кезінде былтырғы туылғандар санына нақты есептеу жүргізіледі – 1 жасқа толмай өлгендер санын биыл туылғандардың 2/3 мен былтыр туылғандардың 1/3 қосындысына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді.

Қазақстан Республикасындағы сәбилер өлімінің себептері: перинатальды кезеңде туындайтын жағдайлар; туа пайда болған ақаулар; тыны салу жүйесінің аурулары; қайғылы жағдайлар; улану және жарақаттар, инфекциялық және паразитарлық аурулар. Сәбилер өлімі деңгейін бағалау үшін бала өмірінің әр түрлі кезеңіне сай көрсеткіштер есептеледі: перинатальды, неонатальды, ерте неонатальды, кеш неонатальды, постнеонатальды өлім көрсеткіштері.

Табиғи өсім- 1000 тұрғынға есептегендегі туу және өлім көрсеткіштерінің айырмашылығы. Егер туу көрсеткіші өлім көрсеткішінен басым болса оң деп бағаланады; теріс, егер өлім туу деңгейінен жоғары және нольдік. Егер туу көрсеткішінің төмендеуі фонында өлім көрсеткішінің деңгейі артса, онда депопуляция процесі немесе «демографиялық қиылысу» деп атайды.

Аурулық – халық арасында аурудың таралуы.

Алғашқы аурулық (ауру сырқаулық) халық арасындағы жаңа, бұрын еш жерде тіркелмеген және биылғы календарлық жылда алғаш рет анықталған аурулардың жиынтығы.

Жалпы аурулық (таралуы) – бұл биылғы жылы бірінші рет анықталған аурулар мен өткен жылы анықталып, биылғы жылы сол аурудың салдарынан бірінші рет қаралған халық арасындағы барлық аурулардың жиынтығы.

Нақты аурулық (дәлелденген аурулық) – бұл қаралу кезіндегі плюс медициналық тексеру кезіндегі аурулық минус медициналық тексеру кезінде расталмаған аурулық. Нақты аурулықтың деңгейін анықтау өте қиын.

Патологиялық зақымдалу (медициналық тексеру мәліметі бойынша аурулық) дәрігерлік қарауда айқындалған аурулар мен түрлі морфологиялық және функционалдық өзгерістердің жиынтығы.

Аурулар диагнозы мен өлім себептерін унификациялау, оларды статистикалық тіркеу, аурулардың ішкі және халықаралық таралу деңгейлерін салыстыру, ақпараттық база құрастыру мақсатында Халықаралық жіктелу ұсынылды, ол қайта қаралып және толықтырылып отырады. 1996 ж. БДҰ 43-ші халықаралық конференциясында аурулар мен денсаулыққа байланысты мәселелердің Халықаралық статистикалық жіктелуінің (қысқаша ХАЖ-10) Х қаралымы бекітілді. Жалпы этиологиясы, патогенезі, орналасуы бойынша біріктірілген аурулар негізінде әріппен белгіленген 21 класс қалыптастырылды. Әрбір класста үш мәнді рубрикадан тұратын, оның біріншісі әріп, екеуі санмен белгіленген100 ауру тобы бар. Үш мәнді рубрикадан құралған әр топ 10 ауру кодына немесе ауру тобына бөлінеді. ХАЖ-10 төрт мәнді рубриканы қолданғанда шамамен 25000 ауруды, үш мәнді рубриканы қолданғанда шамамен 2500 ауруды индивидуализациялауға мүмкіндік береді.

Қазақстан халқы арасында алғашқы аурулық құрылымында негізгі рангтік орындарды тыныс алу жүйесі аурулары, тері және тері асты шел қабаты аурулары, жарақаттар мен уланулар, зәр шығару, ас қорыту аурулары алады, жалпы аурулық құрылымында – тыныс алу жүйесінің аурулары, ас қорыту, зәр шығару, қан айналым жүйесі аурулары, көз және оның қосалқылары аурулары алады.

Халық аурулығы жөніндегі мәліметтер халық арасында таралған аурулардың деңгейі мен құрылымын анықтауға, қауіп- қатер факторларын табуға, емдеу-профилактикалық шараларды ендіру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Олар денсаулық сақтау ұйымдары мен органдарына жедел басқару, күнделікті және перспективті жоспарлау, жалпы денсаулық сақтау жүйесін немесе жеке мекемелерді жетілдіру үшін қажет.

Аурулықты зерттеу статистикалық зерттеудердің жалпы қабылданған схемасы және қатаң кезекті этаптар бойынша жүргізіледі. Халық аурулығын бағалау үшін 1000. 10000, 100000 тұрғынға есептеліп шығарылған орташа жылдық халық санына қатысты аурулар саны ретінде есептелген көрсеткіштер қолданылады. Аурулықта себеп-салдарлық байланысты анықтау үшін халықтың құрамын (жасы, жынысы, жанұя жағдайы, әлеуметтік статусы және т.б.) ескеру қажет.

Халық денсаулығын қорғау бағыты аурудың маңыздылығына байланысты. Емдеу профилактикалық мекемелерге адамдардың қаралуы мен өлім көрсеткіштері жөніндегі ақпараттарды қолдану аурулар мен нозологияның медико-әлеуметтік кластарға ранжирлеуін жүргізуге мүмкіндік берді.

Қан айналым жүйесі аурулары. Қазақстан Республикасы халқының қан айналым жүйесі бойынша алғашқы және жалпы аурулық деңгейі тұрақты өсуде. Жүрек қан тамыр ауруларына көбіне еңбекке қабілетті жастағы контингент жиі шалдығады, бұл осы класс ауруларының уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздық көрсеткішіне әсерін анықтайды. Жастың ұлғаюына сәйкес қан айналым жүйесі ауруларының таралу интенсивтілігі жоғарылайды. Осы патологияның жасаруы және балалар мен жасөспірімдер арасында оның жиі кездесуі байқалады. Қала тұрғындары ауыл тұрғындарымен салыстырғанда қан айналым жүйесі ауруларымен жиі ауырады. Дегенмен, 2002-2003 жж. ауыл тұрғындары арасында қан айналым жүйесі ауруларының 2 есе артқаны тіркелді. Қан айналым жүйесі аурулар класын қалыптастыратын негізгі ауруларға жатады: артериальдық гипертония, оның үлесіне осы класс ауруларының жартысы кіреді және жүректің ишемия ауруы – шамамен ¼ бөлігін құрайды. Қазақстан Республикасында қан айналым жүйесінің аурулары өлім себептерінің ішінде бірінші орынды алады (51,7%) және ол жыл сайын артуда. БДҰ мәліметтері бойынша, Қазақстанда қан айналым жүйесі ауруларынан ерте өлу көрсеткіші ТМД елдерінің ішінде екінші орында және Батыс Европа елдерінің көрсеткіштерінен 3-4 есе жоғары. Қан айналым жүйесі ауруларының ішінде өлімнің жоғары деңгейін қалыптастыратын негізгі себептерге басқада дамыған елдердегідей жүректің ишемия ауруы және цереброваскулярлық аурулар жатады.

Қатерлі ісіктер. Қатерлі ісік ауруларымен аурулық көрсеткішінің салыстырмалы төмен деңгейіне қарамастан олардан өлу көрсеткіші жоғары. Қазақстан халқы өлім себептерінің құрылымында қатерлі ісіктер 3-ші орынды алады (11,5%), қатерлі ісіктен өлім көрсеткішінің төмендеуі байқалады. Халықтың қатерлі ісікпен ауруы құрылымында жынысқа сәйкес айырмашылық бар. Ер адамдар арасындағы алғашқы аурулық құрылымында кеңірдек, бронх, өкпе қатерлі ісіктері, одан соң асқазан обыры мен тері қатерлі ісіктері жиі кездеседі. Әйелдер аурулығы құрылымында бірінші орынды сүт безі обыры, одан соң тері қатерлі ісіктері мен асқазан обыры алады. 2 қарқын байқалады – тыныс мүшелері мен сүт безі қатерлі ісігімен аурулықтың өсуі және ерін, өңеш және асқазан қатерлі ісігі аурулығы көрсеткіштерінің төмендеуі. Қазақстан халқы қатерлі ісікпен ауру көрсеткішін талдауда ауыл және қала тұрғындары арасында айырмашылық байқалады: қала тұрғындары қатерлі ісікпен ауыл тұрғындарыны қарағанда жиі ауырады, оны қалалардың экологиялық ластануымен, өндірістік және жол көлігінің ластануымен байланыстыруға болады. Қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші құрылымында жыныстық айырмашылық бар: ер адамдарда бірінші орында – тыныс мүшелері обыры, екінші орында – асқазан обыры, үшінші орында - өңеш обыры; әйелдерде - асқазан обыры, сүт безі обыры, жатыр мойны обыры. Өлім көрсеткіші жасқа байланысты қарқынды өседі.

Жарақаттар. Өліммен аяқталатын, мүгедектікке, уақытша еңбекке жарамсыздыққа алып келетін жарақаттардың артуы маңызды мәселе, ол қоғамға орасан зор әлеуметтік және экономикалық шығын әкеледі. Бүгінде әлемдегі экономикалық дамыған елдерде өлім себептерінің ішінде жарақаттар үшінші орынды, Қазақстанда екінші орынды (14,2%) алады. Алғашқы орында тұрмыстық және жол көлік жарақаттары тұр. Тұрмыстық жарақат жас ер адамдар арасында, ересек және қарт адамдар арасында жиі кездесетіндігін атап кеткен жөн. Өндірістік және тұрмыстық жарақаттар, жол-көлік жарақаттары тәрізді ер адамдар арасында жиі байқалады және ол ішімдік қолданумен, қауіпсіздік техникасын бұзумен байланысты. Жасөспірімдер арасындағы жарақаттану ересектер мен балаларға қарағанда 1,5-2 есе жиі кездеседі.

Тыныс мүшелерінің аурулары халықтың медициналық көмекке қаралуының негізгі себебі болып табылады. Алғашқы аурулықты негізінен жедел респираторлық инфекциялар, бронхит, пневмония құрайды. Жалпы аурулықты жедел түрдегі аурулармен қатар созылмалы обструктивті өкпе аурулары қалыптастырады, бұл топқа созылмалы обструктивті бронхит, тыныс демікпесінің ауыр формалары және т.б. тірізді созылмалы тыныс жүйесінің аурулары біріктірілген. Тыныс жүйесі аурулары кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық көрсеткішінің артуы негізінде жедел түрдегі аурулармен – жыл сайынғы эпидемиялық таралуымен сипатталатын жедел респираторлық жұқпалар, тұмаумен байланысты. Тыныс жүйесі ақаулары балаларда жасөспірімдерге қарағанда екі есе, ересектермен салыстырғанда үш есе жиі кездеседі. Қазақстан Республикасы халқа арасындағы өлім себептерінің ішінде тыныс мүшелері аурулары төртінші орынды алады (5,7%). Тыныс мүшелері ауруларынан өлім көрсеткіші 1 жасқа дейінгі сәбилер арасында өте жоғары, перинатальды кезеңде туындайтын жағдайлардан кейінгі екінші орынды алады.

Психиканың бұзылулары және мінез-құлқының бұзылыстары маңызды медициналық-әлеуметтік мәселелер арасында негізгі орын алады. Әсіресе психикалық белсенді заттарды қолданумен, соның ішінде ішімдік, анаша қолдану салдарынан туындайтын психикалық бұзылыстар жиі кездесуде. Ішімдік қолдану мен қолайсыз жағдайлар, жарақаттар және уланулар арасында жоғары корреляциялық байланыс бар. Психикалық белсенді заттарды қолдану негізінде туындаған, алғаш рет тіркеуге алынған психиканың бұзылулары және мінез-құлқының бұзылыстары қазірде тұрақты артуда, әсіресе Алматы қаласында өте айқын байқалады. Халықаралық бағалау бойынша, Қазақстанда тіркеуге алынған нашақорлар саны өткен он жыл ішінде 3,5 есеге артқан. Қазақстанда тіркелген нашақорлардың жартысына жуығы опиум және героин қолданады, 90 ж ортасында мұндай тенденция байқалмаған, бұл кезде нашақорлардың 80% сора мен оның өңделген өнімдерін қолданды. Нашақорлық жиі 18-25 жас аралығында кездеседі.

Нашақорлық мәселесі ЖИТС аурумен тығыз байланысты. Нашаны вена ішілік қолдану Қазақстанда ЖИТС ауруының жылдам тарлуына себеп болуда.. Статистикалық мәлімет бойынша, бірінші рет ЖИТС. жағдайы тіркелген. 1987 ж 2009 ж 1 наурыз айына дейін 12085 ЖИТС-жұқтыру тіркелді, соның ішінде 841 СПИД науқас, сонымен қатар жыл сайын ЖИТС 800-900 жаңа жағдайы тіркеледі. ЖИТС саны бойынша Қазақста ТМД елдерінің ішінде Ресей, Украина, Белоруссия, Молдавия мемлекеттерінен кейін бесінші орында, ал Орта Азия елдерінің ішінде бірінші орынды алады.

Жұқпалы және паразитарлы аурулар, бұрындары жалпы таралып, өлім көрсеткішінің ішінде негізгі орында болса, қазірде кейінгі орындардың бірінде. Ұлттық ақпарат көздері бойынша, көптеген экономикалық дамыған елдерде жұқпалы аурулар өлім себебі бойынша алғашқы он аурудың ішіне кірмейді. Қазақстанда соңғы жылдары жұқпалы аурулардың үлес салмағы жалпы аурулық құрылымында - 4 % жәнеөлім құрылымында 3% құрайды. Жұқпалы аурулар бойынша медициналық-әлеуметтік мәселелердің бірі, осы аурудан өлгендердің 90% бір жасқа дейінгі сәбилер, олар жедел ішек жұқпасы, сепсис, менингококтық жұқпа, вирустық гепатит және т.б. қайтыс болады.

Туберкулез. 90-жылдардың басында туберкулезбен аурушылдық және өлім көрсеткіштері жылдам арта бастады. Қазақстанда өткен ғасырдың 80 жылдары қол жеткізген туберкулезбен ауру көрсеткішінің төмендеуі 90 жылдардың басында туберкулезден өлім көрсеткішінің артуымен, ал 1995 жылдан бастап, тіркелген аурулықтың өсуімен алмасты. Туберкулезбен ауру көрсеткішінің артуына көптеген себептер кешені әсер етеді: әлеуметтік-экономикалық, республикада аурудың кең таралуы, анықталмаған аурулардың көптігі, жеткіліксіз изоляция, жаңа туған сәбилердің екпемен, ревакцинация, медициналық тексерістермен, флюорографиямен қаммтылуының төмендеуі, ауру және оның отбасының жеткіліксіз,соның ішінде тұрғын үймен әлеуметтік қамтылуы, маскүнемдік және нашақорлықтың, жұмыссыздықтың және т.б. артуы.Әсіресе қолайсыз жағдай пенитенциарлық мекемелерде байқалады, түрмеде отырғандардың туберкулезбен ауру көрсеткіші жалпы халық көрсеткішінен 10-15 есе жоғары. Өлімнің ең жоғары шыңы 1998 ж тіркелді. Соңғы жылдары туберкулезден өлім көрсеткіші біршама төмендеді.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасында 10 слайд.

Әдебиет:

1. Девятко В.Н., Исаев Д.С., Абылкасимов Е.А. Основы социальной медицины в охране здоровья матери и ребенка. – Алматы, 2002. – 299 б.

2. Исаев Д.С., Бейсембекова Г.К. Проблемы репродуктивного здоровья в современных условиях. - Алматы, 1995. - 129 б.

3. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 б.

4. Сакбаев О.С., Вагнер А.В. Совершенствование методологии изучения и оценки здоровья населения. – Алматы, 1995. – 364 б.

5. Юрьев В.К.,Куценко Г.И.Общественное здоровье и здравоохранение.-С.-Петербург,2000.-914 б.

6. Аязбаева А.Г. Медико-социальные аспекты формирования приоритетных классов заболеваний в Республике Казахстан: Учебно-метод. пособие. – Алматы, 2005. – 55 б.

7. Аканов А.А., Тулебев К.А., Айтжанова Г.Б. Руководство по формированию здорового образа жизни, профилактике заболеваний и укреплению здоровья. – Алматы, 2002. – 250 б.

8. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 б.

9. Муминов Т.А., Камалиев Т.А. Анализ здравоохранения с позиций социального маркетинга.- Алматы, 2003.- 170 б.

10. Сакбаев О.С., Вагнер А.В. Совершенствование методологии изучения и оценки здоровья населения. – Алматы, 1995. - 364 б.

Бақылау сұрақтары:

1. Медициналық демографияның зерттеу пәні.

2. Халық статикасының құрайтын бөліктері.

3. Халықтың табиғи қозғалысының құрайтын бөліктері.

4. Халық өлімінің құрылымы.

5. Сәбилер өлімінің себептері.

6. Халық денсаулығын қорғаудың басым бағытының критерийлерін таңдау

7. Халық ауруларының құрылымында алдыңғы қатарлы орын алатын аурулар кластары

8. Тұрғындар өлімінің алдыңғы қатарлы себептері

9. Жұқпалы емес созылмалы аурулардың медициналық-әлеуметтік мәселелері

10. Жұқпалы аурулардың медициналық-әлеуметтік мәселелері

2 тақырып. Мүгедектік: түрлері, көрсеткіштер, талдау, алдын–алу, дәрігерлік–еңбек сараптауды ұйымдастыру. еңбекке жарамсыздық парақтарды беру және толтыру тәртібі.

Мақсаты: Студенттер, денсаулық сақтау саласындағы сараптаудың негізгі принциптерін білулері қажет.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 1162; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.