Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Шет елдегі медицина 6 страница




Ауылда медициналық-әлеуметтік көмек ұйымдастыру, оның көлемі мен сапасы медициналық мекемелердің пациенттердің тұрғылықты орындарынан алыстығына, білікті кадрлармен және жабдықтармен толықтырылуы, мамандандырылған медициналық көмекті алу мүмкіндігіне, медициналық әлеуметтік қамсыздандыру нормативтерін іске асыра алу мүмкіндігіне тәуелді.

Ауыл тұрғындарына дәрігерлік көмек көрсетудің 3 сатысын шартты түрде бөледі.

Бірінші саты – ауылдық дәрігерлік аумақ бөлігі немесе (жаңа ұйымдасу құрылымдары ескерілуімен) аумақтық медициналық бірлестіктер (бөліктік аурухана, фельдшерлік және фельдшерлік-акушерлік нүктелер, денсаулық нүктелері, босанатын үйлер, жасыл-бақшалар). Осы сатыда ауыл тұрғындары білікті медициналық көмек алады (терапевтік, хирургиялық, акушерлік пен инекологиялық, стоматологиялық және т.б.).

Екінші саты – бастаушы мекеме аудандық орталық аурухана болатын – аудандық медициналық мекемелер. Ауыл тұрғындары мамандандырылған медициналық көмекті оның негізгі түрлері бойынша алады. Ауданаралық мамандандырылған орталықтар, диспансерлер, денсаулық орталықтары болуы мүмкін. Денсаулық сақтау қызметінің бастығы ауданның (немесе аудандық медициналық бірігулер) бас дәрігері болады, ол орталық аудандық аурухананы да басқарады. Аудан деңгейінде мамандығы бойынша емдеу-кеңестік және ұйымдастыру жұмысы міндетіне кіретін аудандық мамандар белгіленеді.

Әрбір аудандық орталықта МСЭҚ орталығы функция жасайды. Ауданның санитарлық-эпидемияға қарсы қызметін ауданның мемлекеттік санитар дәрігері, МСЭҚ орталығының бас дәрігері басқарады.

Үшінші саты – облыстық аурухана, диспансерлер, стоматологиялық емхана, МСЭҚ облыстық орталығы және т.б. Осы сатыда барлық мамандықтар бойынша жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің біріншілік тізбегінің іс-әрекетінің құрылымы.

Ауылдық дәрігерлік бөлік медициналық қызмет ету жүйесінде пациенттер түйісуінің бірінші үзбесі болады. Оның негізгі міндеті – бөлік тұрғындарына қол жететін білікті дәрігерлік көмек көрсету және санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізу. Бөліктегі тұрғындар саны 5000-нан 7000 адамға дейін. Ауыл тұрғындары қаралатын ең жақын медициналық мекеме – медициналық торап (МТ). МТ тұрғындар саны 700-ден 1000 дейін елді мекендерде ұйымдастырылады, ал 7 км қашықтықтан артық болса – 500 тұрғынға дейін.

МТ негізгі міндеттері дәрігерге дейінгі көмек көрсету мен аурулардың алдын алуға, аурушаңдылық пен жарақаттылық азаюына, тұрғындардың санитарлық-гигиеналық мәдениетін жоғарылатуға бағыталған санитарлық-сауықтырулық және эпидемияға қарсы іс шаралар жүргізу. МТ фельдшері алғашқы медициналық көмекті өткір аурулар мен жарақаттарда көрсетеді, екпелерді, физиотерапевтикалық шаралар жүргізеді. МТ акушері амбулаторлық қабылдауды жүргізеді және гинекологиялық науқастар мен жүкті әйелдерге біріншілік медициналық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, есепке алуды, жүкті әйелдердер мен босанатын әйелдерге акушерлік патронаж және әйелдерге әлеуметтік патронаж жүргізеді. Акушер-гиенкологпен тағайындаған емді бақылап, әйелдерді босандырады.

Ауылдық дәрігерлік бөлікте негізгі медициналық мекеме – бөліктік аурухана немесе дербес дәрігерлік амбулатория (емхана). Бөліктік ауруханада медициналық көмек көлемі негізінен оның қуаттылығымен, жарақталуымен, дәрігер-мамандар болуымен анықталады. Терапевтік және жұқпалы ауруларға амбулаторлық және стационарлық көмекті, босануларда көмекті, балаларға емдеу-алдын алу көмегін, шұғыл хирургиялық және жарақаттық көмек оның қуаттылығына тәуелсіз бөліктік аурухана дәрігерлерінің тікелей міндеттерінің шеңберіне кіреді.Ауылдық бөліктік аурухана штатында оның қуаттылығына, тұрғындар санына және орталық аудандық аурухана (ОАА) қашықтығына тәуелді негізгі мамандықтар бойынша (терапия, педиатрия, стоматология, акушерлік-гинекология, хирургия) дәрігерлер болуы мүмкін.

Ауылдық ауданның денсаулық сақтау ісінің негізгі үзбесі, мамандандырылған медициналық көмекті оның негізгі түрлері бойынша және ауданның медициналық мекемелері барлығына ұйымдастырушылық-әдістемелік басқаруды іске асырушы ОАА болады. ОАА өз құрамында мынадай құрылымдық бөлімшелері бар: стационар негізгі мамандандырылған бөлімшелерімен, емхана дәрігер-мамандардың кеңестік қабылдауларымен, емдеу-диагностикалық бөлімшелерімен, ұйымдасулық-әдістемелік кабинет, жедел және шұғыл медициналық көмек бөлімшесі және басқа құрылымдық бөлімшелер (мәйітхана, тағам топтамасы, дәріхана).

Емдеу-алдын алу мекемелерінің ұйымдастырушылық-әдістемелік басқаруын ОАА ұйымдастырулық-әдістік кабинеті іске асырады. Оның функциясына кіретіндер: емдеу-диагностикалық және алдын алу жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша ауылдық бөліктік ауруханалардың дәрігерлеріне кеңестер беру және машықтық көмек көрсету үшін осы мекемелерге дәрігер-мамандардың жоспарлы шығып тұруларын ұйымдастыру; ауданның медициналық мекемелері жұмыстарының негізгі көрсеткіштерін зерттеу (аурушаңдылық деңгейін, леталдылығын, балалардың және жалпы өлім-жітімнің, клиникалық пен патологоанотомиялық диагноздардың айырмашылықтарын); қажетті іс-шараларды өңдеу және жүргізу. Ұйымдастырушылық-әдістік кабинетті ОАА бас дәрігерінің ұйымдастыру жұмысы бойынша орынбасары басқарады.

Ауылдық ауданның медициналық мекемелері іс-әрекетінің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийлері: тұрғындар аурушаңдылығының (жалпы еңбекқабілеттілікті уақытша жоғалтумен, балалар аурушаңдылығы], мүгедектікке алғашқы рет шығу, өлім-жітім, бала өлім-жітімі; тұрғындардың шағыну санының көрсеткіштері және т.б.

Облыстық аурухана жоғары білікті және мамандандырылған емдеулік көмек көрсетеді, денсаулық сақтау ісінің ғылыми-ұйымдастырушылық, әдістемелік және оқу орталығы. Оның негізгі функциялары: жоғары білікті, мамандандырылған, кеңес берушілік және стационарлық медициналық көмекпен қамтамасыз ету; емдеу-алдын-алу мекемелеріне ұйымдастыру-әдістемелік көмек және шұғыл медициналық көмекті санитарлық авиация күшімен көрсету; облыстың емдеу-алдын алу мекемелеріне статистикалық есепке алу және есеп берушілігін басқару мен бақылау.Облыстың емдеу-алдын-алу мекемелерінің іс-әрекеттерінің сапалық көрсеткіштерін жиынтық жылдық есеп берулер негізінде талдау; аурушаңдылық, мүгедектілік, жалпы және бала өлім-жітімі көрсеткіштерін зерттеу мен талдау, оларды төмендетуге бағытталған іс-шараларды өңдеп-жасау; дәрігерлердің, орта медициналық қызметкерлердің мамандандырылуы мен жетілдірілуі бойынша іс-шаралар жүргізу.

Облыстық аурухананың құрылымдық бөлімшелері: стационар, кеңес беру емханасы, емдеу-диагностикалық бөлімшелер және зертханалар, ұйымдастыру-әдістемелік бөлім медициналық статистика бөлімшесімен, медициналық көмектің жедел және жоспарлы кеңес беруші бөлімшесі. Облыстық медициналық мекемелерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысында денсаулық сақтау ісі бойынша комитеттің бас мамандары (бас хирург, бас терапевт, бас педиатр) штаттан тыс мамандары қатысады (жиі жағдайда мамандандырылған және қысаң бағытталып мамандандырылған бөлімшелер меңгерушілері).

Үйлестіру материалы: 10 слайдов в программе «Power Point».

Әдебиеттер:

1. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 б.

2. ҚР Конституциясы. 1995.

3. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі. Астана, 2009.

4. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 б.

5. О здравоохранении в Республике Казахстан: Основные законодательные акты. – Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 182 б.

6. Сагиндыкова А.Н. Конституционно-правовые проблемы охраны здоровья граждан в Республике Казахстан. – Алматы, 1997. – 167 б.

7. Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009г№2131.

8. Статистический ежегодник.Казахстан в цифрах.2000-2009гг.

Бақылау сұрақтары:

1. Халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары

2. Денсаулық сақтау жүйеінің сипаттамасы:мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор

3. Азаматтардың медициналық көмек алуы кезіндегі мемлекеттің негізгі кепілдемесі

4. Медициналық қызметтің негізгі түрлері

5. Медициналық көмектің негізгі түрлері

6. Медициналық көмекті көрсетудегі негізгі формалар

7. Азаматтарды дәрілік көмекпен қамтамсыз ету туралы ҚР Кодексі.

8. Ауыл тұрғындарына медициналық көмек ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері.

9. Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті көрсететін ұйымдар.

10. Ауылдық дәрігерлік бөліктің жалпы сипаттамасы.

11. Фельдшерлік-акушерлік бөлім, оның негізгі міндеттері.

12. Облыстық аурухананың ұйымдастыру-әдістемелік жұмысының көрсеткіштері.

 

 

2 тақырып. ӘЙЕЛДЕРГЕ ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА АМБУЛАТОРЛЫҚ –ЕМХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ СТАЦИОНАРЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Мақсаты: Студенттер Қазақстандағы ана мен баланы қорғау жүйесін, міндеттерін, құрылымын және негізгі қызмет көрсеткіштерін білулері керек.

Әйелдерге және балаларға медициналық көмекті ұйымдастыруды ана мен баланы қорғау жүйесінің мекемелері жүргізеді.

Ана мен баланы қорғау деген – мемлекеттік, қоғамдық және медициналық мекемелер және медициналық шаралары, олар аналарды мадақтау, баланың дүниеге келуіне және тәрбиеленуіне жағдай жасау, ана мен баланың денсаулығын қамтамасыз ету, жанұяның нығайтуға жан-жақты қолдау жасау.

Ана мен баланы қорғау әйелдер мен балалардың әлеуметтік-құқықтық қорғанысын, ана мен баланы қорғау медициналық мекемелерінің кең жүйесі арқылы медициналық көмекті ұйымдастыруды қарастырады. Ана мен баланы қорғау мекемелерін келесідей бөліп қарастырамыз:

- акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін мекемелер;

- балаларға емдеу-профилактикалық көмек көрсететін мекемелер.

Әйелдерге акушерлік-гинекологиялық көмекті көрсететін негізгі мекемелер жеке немее қалалық, аудандық соматикалық аурухана құрылымындағы босану үйлері мен әйелдер кеңесі болып табылады.

2005-2009 жж. тұрғындардың акушерлік-гинекологиялық көмекпен қамтамасыз етілуі.:

- 1000 тірі және өлі туылғандарға шаққандағы дәрігер акушер-гинекологтармен қамту 12,1 және 10,2 сәйкес; жүкті әйелдерді, босанатын және босанған әйелдерді төсекпен қамту 34,2-ден 28,5-ке дейін сәйкес.

Аналарды қорғау мекемелер: біріктірілген перзентхана, әйелдерге кеңес беру жекеленген мекеме, жалпы ауруханалардың акушерлік-гинекологиялық бөлімдері, көп салалы ауруханада қосалқы аурулары бар жүкті әйелдерге арналған арнайы бөлімшелер (палаталар), адамның репродукция орталығы, медициналық- генетикалық кеңес беру орны, «Неке және жанұя» кеңес беру орны, медициналық бөлімі, дәрігерлік амбулаториясы, санаторлық-курорттық мекемелер.

Әйелдерге кеңес беру мекемесі: тұрғындарға барлық емханалық акушерлік-гинекологиялықты көрсететін диспансерлік типтегі емдеу-профилактикалық мекеме.

Әйелдерге кеңес беру мекемесінің негізгі міндеттері: жүктілік кезіндегі асқынулар және босану және босанудан кейінгі кезеңде аурудың алдын алу, антенатальды кезеңдегі баланың денсаулығын қорғау, әйелдерге медициналық тексеру жүргізу, жүкті әйелдерді және созылмалы гинекологиялық аурулары бар жүкті әйелдерді бақылау және диспансерлік тіркеуге алу, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс, санитарлық – гигиеналық тәрбие жұмысын және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Әйелдерге медициналық көмекті ұйымдастыру ұстанымдары. Әйелдерге кеңес беру мекемелері аумақтық-учаскелік ұстаным бойынша жұмыс жасайды және ауданға бекітілген барлық әйелдерге, жүкті әйелдерге, босанатын және босанған әйелдерге, босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерге, гинекологиялық аурулары бар әйелдерге қызмет көрсетеді.

Әйелдерге кеңес беру мекемесінің жұмыс тәртібі әйелдерге жұмыс уақытынан тыс мезгілде де, бас тартусыз емханалық акушерлік-гинекологиялық көмекпен қамтамасыз етеді. Осындай қызмет көрсетудің ұйымдастырылуына қарамастан, жүктілердің тек 70-72 % ғана жүктіліктің ерте мерзімінде, яғни 12 аптасына дейін бақылауға алынады. Жүктілік кезіндегі аса жиі асқынулар дың кездесуі әйелдердің уақытылы медициналық мекемелерге жүгінбеуінен туындайды. Экстрагенитиалдық аурулардың ішінде қаназдық ауруының (анемия) үлес салмағы жоғары 48% -дан 56%-ға дейінгі үлесті құрайды. Бұл өз кезегінде, денсаулық сақтау органдарының алдына нақты міндеттерді алға қойғызады.

Әйелдерге кеңес беру мекемесінің құрылымы: басқару (бас дәрігер, меңгеруші), тіркеу орны, күту залы, акушер-гинеколог дәрігерлердің кабинеттері, басқа мамандар кабинеті (терапевт, онколог, тіс дәрігері және т.б.), балалар гинекологиясы кабинеті, бедеуліктің және етеккір тоқтаған кезеңіндегі ақаулар кабинеті, жүктіліктен сақтану кабинеті, жүкті әйелдерге арналған психотерапиялық дайындау кабинеті, әлеуметтік-құқықтық кабинеті, «Ана мен баланың мектебі» атты кабинеті, емдеу-диагностикалық бөлімдері мен кабинеттері: рентгенологиялық, физиотерапиялық, емдеу-егу кабинеті, функционалды диагностика, ультрадыбысты зерттеу, эндоскопиялық бөлімдері, зертханалар, шаруашылық бөлмелері.

Перзентхана – босанатын және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге арналған стационарлық мекеме. Ол жеке және әйелдерге кеңес беру орнымен біріккен болады. Перзентхананың құрылымы: қабылдау-өткізу орны, ол санитарлық өткізу орны ретінде жұмыс істейді, физиологиялық акушерлік бөлімі, обсервациялық - акушерлік бөлімі, жүкті әйелдердің патология бөлімі, нәрестелерге арналған бөлім (палаталар), гинекология бөлімі, емдеу-диагностикалық бөлімдері мен кабинеттері.

Перзентхана мен әйелдерге кеңес беру орнының тіркеу құжаттары: жүкті және босанған әйелдердің жеке картасы (111/у), нақты диагнозды тіркеудің статистикалық талоны (025-2/у), перзентхананың алмасу картасы (113/у), жүкті әйелдерді, босанатын және бала туған әйелдерді тіркеу журналы (002/у), жүктілікті тоқтатудың медициналық картасы (003-1/у), туу тарихы (096/у), нәрестенің даму тарихы (097/у), стационардағы туу туралы жазу журналы (010/у), стационардан шығу статистикалық картасы (066/у), стационардың төсек қоры және науқастарды қабылдау мен шығаруын есепке алу парағы (007/у), туу туралы куәлігі (105/у), өлім себебінің дәрігерлік куәлігі (106/у), перинатальды өлім себебінің дәрігерлік куәлігі (106-2/у).

Бұл жүктілікке байланысты (баланың біткен жеріне және ұзақтығына қарамастан), жүктілік кезінде немесе одан кейін 42 күн өткеннен кейін, сәтсіз оқиғадан немесе кездейсоқ жағдайлардан тыс жүктілікке байланысты асқынулардан болған - аналар өлімі, ол денсаулық сақтау жүйесінің және туушылдық жасындағы әйелдердің денсаулығының интегральды көрсеткіші ретінде аналар өлімі көрсеткіші алынады. Аналар өлімі екі топқа бөлінеді: 1) тікелей акушерлік себептеріне байланысты; 2) жанама акушерлік себептеріне байланысты (әйелдердің жүктілік кезінде болған аурулары акушерлік себептеріне байланыссыз, бірақ жүктіліктің физиологиялық әсерінен болған асқыну). Аналар өлімінің себептері кешенді түрде қаралады. Қазақстанда аналар өлімінің ең маңызды себептері: экстрагенитальды аурулар, акушерлік қан кету, гестоздар, түсік тастау.

2000-2008 жж. кезеңінде аналар өлімінің деңгейі жоғары болды және 100 мың тірі туылғанға шаққанда 60,9-дан 43,7-ге дейінге сәйкес көрсеткішті құрады, тек 2009 жылы ғана бұл көрсеткіштің 24,3-ке дейін төмендегені байқалды. Акушерлік себептердің арасында аса жиі кездесетіндері: акушерлік қан кетулер мен гестоздар, ал, акушерлік себептермен жанама байланысты себептердің ішінде бірінші орынды өсім қарқыны бар экстрагенитальды аурулар, екінші орынды жасанды түсіктер алады.

Балаларды қорғау мекемелері: амбулаторлық-емханалық (балалар емханасы, балаларға арналған тіс емдеу емханасы, балалардың жұқпалы аурулар ауруханасы, ересектерге арналған жалпы аурухананың құрамындағы балалар бөлімшесі, перинаталды және неонаталды орталықтар), мамандандырылған мекемелер (балалар үйі, балалар яслиі, физикалық дамуы тежелген балаларға сүт дайындайтын мекеме).

Балаларға емдеу-профилактикалық көмек көрсететін мекемелер.

Балаларға емдеу-профилактикалық көмек көрсететін мекемелерге балалар емханасы, балалар ауруханасы, балалар кеңестік-диагностикалық орталықтары, диспансерлер, перинаталдық орталықтар, балалар үйі, балалар санаторийлері, жалпы саладағы стационар мен емхана құрамындағы балалар бөлімшесі, жыл бойы қызмет көрсететін мамандандырылған санаторлық лагерлер және басқалары, ҒЗИ балалар клиникасы.

Балаларға алғашқы емдеу-профилактикалық көмектің негізгі түрлері мен жалпы көлемін балалар емханасы орындайды. Балалар емханасы балалар туылғанынан жалпы білім беру мекемелерінде оқитын 15 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсетеді.

Балаларға медициналық көмекті ұйымдастыру ұстанымдары:

- педиатр дәрігер ұстанымы яғни бір дәрігер учаскесінде тіркелген 0 ден 14 жас дейінгі балалар бақыланады.

- учаскелік ұстаным: учаскелік педиатр-дәрігер 800-1000 – ға дейін тіркелген аумақтағы учаскіге қызмет көрсетеді.

Өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайту және арудың алдын алу үшін педиатрия, терапия, акушерлік-гинекологиялық жүйелерінің бірегей қызметтестігі негізінде әйелдерге, жасөспірімдерге және балаларға медициналық жәрдем көрсету жүйесі жетілдірілуде бұл шара біріккен акушерлік-терапиялық- педиатриялық кешен (учаскесі) ұйымдастырылуымен қоса жүргізіледі.

- диспансерлік әдіс: барлық балалар жасына, денсаулық жағдайына, тұрақты жеріне, мектепке дейінгі және мектепке бару-бармасына қарамастан профилактикалық тексеруден міндетті түрде өту керек, және егу арқылы аурудың алдын алу ақысыз өткізіледі.

- біріктіру ұстанымы: яғни әйелдер консультациясы мен емхана, біріккен балалар емханасы мен стационарлардың (ауруханалардың) бірктірілуі.

- медициналық қызмет көрсетудің кезектесу ұстанымы: үй жағдайында және емханада. Емханаға амбулаторлық қабылдауға тек дені сау балалар немесе аурудан айығудағы балалар, науқастанған балалар үйде қаралады.

- мирасқорлық принципі: әйелдерге кеңес беру орны, перзентхана, балалар емханасы арасында келесі түрде қолданылады: босануға дейінгі патронаж, перзентханадан шыққан жаңа тұған баланы үш күн аралығында қарау, учаскелік педиатр - дәрігер профилактикалық тексеруді бір жасқа дейін -12 рет (ай сайын), екіден үш жасқа дейін - 4 рет (квартал сайын), үштен төрт жасқа дейін - 2 рет, төрт жастан жетіге келгенше -1 рет жылына қаралады.

- әлеуметтік-құқықтық ұстанымы.

Үйлестіру материалы: “Power Point” бағдарламасында жасалған 10 слайд.

Әдебиеттер:

1. Белова А.П. Организация медицинской помощи детям в условиях крупного города. – Л.: Медицина, 1988. - 288 б.

2. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 б.

3. Гребешева И.И. Организация лечебно-профилактической помощи детям. - М.: Медицина, 1977. - 200 б.

4. Девятко В.Н., Исав Д.С., Абылкасимов Е.А. Основы социальной медицины в охране здоровья матери и ребенка. – Алматы, 2002. – 299 б.

5. Исаев Д.С., Бейсембекова Г.К. Проблемы репродуктивного здоровья в современных условиях. - Алматы, 1995. - 129 б.

6. Юрьев В.К., Куценко Г.И.Общественное здоровье и здравоохранение.-С-Петербург,2000.-914 б.

7. Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 г №2131.

8. Статистический ежегодник Казахстан в цифрах 2000-2009 гг.

Бақылау сұрақтары:

1. Ана мен баланы қорғау жөнінде анықтамасы

2. Ана мен баланы қорғау мәселелерін шешудің жүйелі әдісінің мәні.

3. Әйелдерге және балаларға медициналық көмекті ұйымдастыру ұстанымдары.

4. Ана мен баланы қорғау ұйымдары

5. Аналар өлімінің себептері.

6. Балалар өлімінің себептері мен деңгейі

7. Балалар аурушылдығы мен өлімін төмендету бойынша алдын алу шараларын ұйымдастыру

 

3 тақырып. ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСШЫЛАРЫНА МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Мақсаты: Студенттер өндірістік кәсіпорын жұмысшыларына медициналық –санитарлық көмектің ұйымдастыру кезеңдерін білу керек.

Өндірістің қарқындылығымен және жұмысшылар санының өсуімен сипатталынатын, өндірістік кәсіпорындардың қарқынды дамуы, өндірістік кәсіпорын жұмысшыларына емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру міндеттін алға қояды. Бұл көптеген кәсіпорындардағы еңбек жағдайы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келе бермейтіндігімен байланысты. Өндіріс саласындағы жұмысшылардың денсаулығына зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары әсерін тигізеді, осының салдарынан өндіріс жұмысшылары арасында аурушылдық және жарақаттар саны өседі. Мұнымен қоса, жалпы аурушылдық пен уақытша еңбекке жарамсыздық өндіріске айтарлықтай экономикалық зардабын тигізеді. Сондықтан да, өндірістік кәсіпорын жұмысшыларының денсаулығын нығайту және аурушылдықты төмендету денсаулық сақтау жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда өндірістік кәсіпорын жұмысшылары медициналық көмекті жалпы емдеу жүйесіндегі барлық ЕПҰ және де жұмыс орны бойынша арнайы медициналық ұйымдарда медициналық көмек ала алады. Оларға медициналық көмек медициналық-санитарлық бөлімдерде (МСБ), дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық сақтау тораптарында көрсетіледі. Соңғы жылдары, өндірістік кәсіпорындардың қайта ұйымдастырылуына қатысты МСБ саны біршама азайған. Бұл цехтық дәрігерлік учаскелердің, дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық сақтау тораптарының қысқаруына әкеп соқты. Болып жатқан өзгерістерге қарамастан, қазіргі кезде өндірістік кәсіпорын жұмысшыларына медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету, баяғыдағыдай өндірістік және өндірістік –аймақтық ұстаным бойынша жүзеге асырылады. Цехтық учаскелерді қалыптастыру кезінде өндірістік цехтардың аумақтық жақындығы, технологиялық циклдың ортақтығы, сонымен қатар еңбек жағдайын сипаттайтын қолайсыз факторлардың болуы ескеріледі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 2291; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.