КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Шет елдегі медицина 7 страница
Өндірістік кәсіпорындарында медициналық қызметті ұйымдастыру кезінде келесідей ерекшеліктер қарастырылады: 1. Қызмет көрсетудің цехтық ұстанымы. Бір цех учаскесінде нормативке сәйкес 1500-ден 1700-ге дейінгі жұмысшыларға қызмет көрсетіледі, химиялық және тау-кен өндірістік кәсіпорындарының бір учаскесі 1000 жұмысшыны құрайды. Цехтық учаскелер ашық емханалық жүйедегі аумақтық емханаларда құрылуы мүмкін. Мұндай жағдайда, 2000 аз жұмысшысы бар шағын кәсіпорындар біріктіріледі. 2. Медициналық қызметтің жұмыс тәртібі медициналық көмектің толық көлемін көрсетуге жағдай жасау үшін кәсіпорынның жұмыс тәртібіне ыңғайланып жасалынуы керек. Өндірістік кәсіпорын жұмысшыларына медициналық көмек көрсету және ұйымдастыру жүйесінде орта буындағы медициналық қызметкерлердің рөлі артуда. 3. Әрбір медициналық ұйым кәсіпорынның әкімшілігімен және кәсіподақпен бірге медициналық қызметтің басшыларымен тығыз байланыста болулары тиіс. Медициналық-санитарлық бөлімше құрылыс, көлік және байланыс жұмысшыларына да көмек көрсетеді. МСБ ашық және жабық типті болады. Жабық типтегі МСБ медициналық мекемесі ұйымдастырылған, осы кәсіпорынында ғана жұмыс істейтін жұмысшыларға медициналық көмек көрсетуге тағайындалған. Ашық типтегі МСБ кәсіпорын жұмышыларының отбасы мүшелерін көмекпен қамтамасыз етеді. Ашық типтегі МСБ құрамында іргелес аудандардың тұрғындарына қызмет көрсетуге арналған учаскелері, бөлімшелері болуы мүмкін. МСБ заңды тұлғаның құқығымен жеке мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік емес ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы меншіктік кәсіпорының құрылымдық бөлімшесі болуы мүмкін. Соңғы жағдайда МСБ заңдық мәртебесі (статусын) мен реквизиттерін кәсіпорынның жарғысы анықтайды. Меншіктік формасына қарамастан, МСБ қызметі МСБ негізгі ережелерімен және кәсіпорын жарғысымен, халықтың денсаулығын қорғау бойынша заңнамалық және нормативтік құжаттармен регламенттелінеді. Қызметтің барлығы берілген лицензия мен алынған сертификатқа сәйкес жүзеге асырылады. МСБ міндеттеріне: өндірістік кәсіпорын жұмысшыларының сырқаттанушылығы және жарақаттанулары кезінде мамандандырылған, білікті және уақытылы медициналық-санитарлық көмек көрсету және де ауруы мен мүгедектігі бойынша УЕЖ аурушылдығын төмендету мақсатымен кәсіпорын әкімшілігімен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірге еңбек жағдайын сауықтандыру бойынша санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау және жүзеге асыру, жалпы аурушылдықты, өндірістік жарақаттар мен кәсіби ауруларды төмендету, сонымен қатар, жұмысшылардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізу кіреді. МСБ құрылымы ұйымдастырушылардың келісімі бойынша қызмет көрсетілетін контингенттер санына қарай міндеттер мен қызметтерге сәйкес ұйымдастырылады. МСБ құрамына: емханалар, дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық сақтау тораптары кіреді. Ірі МСБ стационарлар болады. МСБ құрамына басқа да бөлімшелер: түнгі санаторийлар, профилакторилар немее пансионаттар, шұғыл көмек бөлімі, әйелдерге кеңес беру мекемелері, психофизиологиялық кабинеті және т.б.кіреді. МСБ маңызды бөлімшесіне қайта қалпына келтіру бөлімі жатады. Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд Әдебиеттер: 1. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 б. 2. Здоровье населения и деятельность учреждений здравоохранения (статистические материалы) Алматы, 2007. 3. Медик В.А., Юрьев В.К. Курс лекций по общественному здоровью и здравоохранению. Часть 2. Организация медицинской помощи. - М.: Медицина, 2003.- 456 б. 4. Миняев В.А., Вишняков И.Н. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник для студентов мед. вузов. - М.:«МЕДпресс-информ», 2006 – 528 б. 5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение – Санкт-Петербург: Петрополис. – 2000. – 910 б. Бақылау сұрақтары: 1. Өндірістік кәсіпорын жұмысшыларына медициналық көмекті ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері 2. Өндірістік кәсіпорын жұмысшыларына медициналық көмек көрсететін ұйымдар. 3. Медициналық-санитарлық бөлімнің, дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық сақтау тораптарының жалпы сипаттамасы 4. МСБ, дәрігерлік, фельдшерлік денсаулық сақтау тораптарының міндеттері мен жұмыс әдістері 5. Өндірістік кәсіпорын жұмысшыларына медициналық қызмет көрсететін медициналық мекемелер қызметінің көрсеткіштері. 4 тақырып. бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі. реформаның мәні, негізгі мазмұны Мақсаты: Студенттер Қазақстандағы бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізудің мақсаты мен міндеттерін білулері тиіс. Әлемде денсаулық сақтаудың 16 үлгісі бар екендігі бәрімізге мәлім, бұл өз кезегінде халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру жоспарындағы, денсаулық сақтау жүйесіндегі бірыңғай саясаттың жоқтығын куәландырады. Осыған байланысты көптеген мемлекеттерде, соның ішінде, Қазақстанда да бөлінген қаржылық қорларды пайдаланудың төменгі тиімділігі байқалады. Бұдан басқа, республиканың әр түрлі аймақтарын қаржыландырудағы әділеттілік қамтамсыздандырылмаған, бұл медициналық қызметтерге тарифтердің әр түрлілігімен, сонымен қатар, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алу кезіндегі әртүрлі аймақтардағы халықтың қаржылық қорғанысының жеткіліксіздігімен байланысты. Тұрғылықты аймағынан тыс тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің төменгі қол жетімділігі немесе қол жетпеушілік және де медициналық қызметпен қамтамасыз етушілер арасындағы бәсекелестіктің жетілмеуі, бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін енгізудің басты себептері болып табылады. Қазақстанда бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін енгізуімен байланысты, нормативтік-құқықтық базаға сәйкес келтірілген, бірқатар дайындық шаралары жүргізіліп, «Халық денаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі (2009); «2010-2012 жж. арналған республикалық бюджет туралы»; «ТМККК өзгертулер мен толықтырулар туралы» Заңы қабылданды. «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, сонымен қатар осыған сәйкес денсаулық сақтау министрлігі мен үкімет қаулылары толықтырылды. 2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамыту және реформалау мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде, АМСК қайта жаңарту жүзеге асырылды және біріншіден, жалпы тәжірибедегі дәрігер институтын дамыту бойынша шаралар жүргізілді, АМСК реформалануымен басқарудың экономикалық әдістерін және дәрігерді еркін таңдау бойынша шаралар қарастырылды. Бұдан басқа, стационарлық және жедел медициналық көмекті қайта ұйымдастыру және нығайту жүргізілді. Көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тұжырымдамасында (концепциясы) негізгі міндетті шешуге, яғни ұлттың денсаулығын жақсарту үшін ішкі қорларды жұмылдыруға бағытталған қайта жаңарту жүйесі мен бірыңғай ұйымдастыру және қаржыландыру жүйесін құру қажеттілігі нақты айтылған. Басқару, ұйымдастыру, клиникалық технологиялар, кадрлардың кәсібилігін жоғарлату және т.б. барлық деңгейлерінде ұйымдастырушылық қайта құруларды қарастыратын, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жаңа денсаулық сақтау жүйесі болып табылады. Жаңа, халықаралық стандарттарға бейімделген, денсаулық сақтаудың басқару жүйесін құру. БҰДСЖ аудандық және облыстық (қалалық) деңгейдегі ауруханалар арасында, аудандық ауруханалар арасында, республикалық және облыстық (қалалық) деңгейдегі ауруханалар арасында, емханалардағы күндізгі стационарлар мен ауруханалар арасында, мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық ұйымдар арасында бәсекеге қабілетті орта құрылады. Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд Әдебиеттер: 1. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 б. 2. Здоровье населения и деятельность учреждений здравоохранения (статистические материалы) Алматы, 2007-2009гг. 3. Медик В.А., Юрьев В.К. Курс лекций по общественному здоровью и здравоохранению. Часть 2. Организация медицинской помощи. - М.: Медицина, 2003.- 456 б. 4. Миняев В.А., Вишняков И.Н. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник для студентов мед. вузов. - М.:«МЕДпресс-информ», 2006 – 528 б. 5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение – Санкт-Петербург: Петрополис. – 2000. – 910 б. 6.Камалиев М.А. Бурибаева Ж.К. и др. «Внедрениеединой национальной системы здравоохранения ее задачи и перспективы».2010г.(әдістемелік нұсқау) 7. ҚР Үкіметінің Қаулысы «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі» 2010ж. Бақылау сұрақтары: 1. Халыққа сапалы медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері 2. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі міндеттері мен болашағы. 3. БҰДСЖ бәсекеге қабілетті ортаны құру. Құрастырған: м.ғ.к. Шахиева А.М. 1 тақырып. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЭкономикАСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ Мақсаты: Қазіргі деңгейде ҚР денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі экономикалық механизмдерді зерттеу. Басқа да салалардағыдай денсаулық сақтау жүйесінде де кәсіби және экономикалық жақтары анықталады. Кәсіби жағы медицина саласының негізгі аспектісін құрайды, экономикалық болып - кәсіби сала орындалатын шаруашылық формалары есептелінеді. Денсаулық сақтау экономикасы – медицина саласындағы, оның ұйымдастырылуындағы, басқарылуы мен дамуындағы шаруашылық іс-әрекеттердің әдісі мен нәтижелері және формалары жөніндегі экономикалық білімнің кешені. Денсаулық сақтау экономикасының пәні болып медициналық қызметті қолдану және өндіруге байланысты туындайтын экономикалық қатынастар кешенін зерттеу болып табылады. Денсаулық сақтау экономикасы – әлеуметтану, әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру, саяси экономика және дәлелді экономиканың түйісуінен туындаған медициналық және экономикалық ғылым саласы. Денсаулық сақтау экономикасы халық шаруашылығының бір саласы ретінде денсаулық сақтау саласында қалыптасатын объективті экономикалық заңдылықтар мен қатынастардың пайда болуы мен қолдануын зерттейді. Денсаулық сақтау тиімділігінің барлық түрлері (әлеуметтік, медициналық және экономикалық) дионалдыенсаулық сақтау қорларын айқындайды, материалдық-қаржылық қорларды рационалды пайдалану әдістерін анықтайды және әзірлейді. Денсаулық сақтау экономикасының мақсаты – медициналық көмекті көрсету барысында кеткен шығындарды ескере отырып, максималды тиімділікке жету. Денсаулық сақтау экономикасының міндетіне кіреді: - әр түрлі медициналық көмекке кеткен шығындарды анықтау; - тиімді пайдалану дағдайында материалды, еңбекті және қаржылық қорларды табу және анықтау; - денсаулық сақтаудың тиімділігін жоғарылату жолдарын анықтау; - денсаулық сақтау жоспарының экономикалық негізделуі. Әдістері: - талдау және синтез – талдау үрдісі кезінде ойлау жалпыдан жекеге жүреді, яғни зерттелетін көрініс өзін құрайтын бөлшектерге бөлінуі жүреді. Синтез жеке ұғымдардың, қасиеттердің интеграциясын, яғни жалпыға бірігуін, маңызды заңдылықтарын анықтайды; - баланстық әдіс – қандай да бір құрылымдардың қатал анықталған сандық өзара қатынасы, мысалы, қажеттілік пен мүмкіндіктің арасы; - нормативтерді зерттеу; - математикалық және статистикалық әдістер - экономикадағы сандық байланысты ашуға мүмкіндік береді, яғни санның жаңа сапаға өтуін; - болжамдау – денсаулық сақтаудағы мүмкін болатын өзгерістерді, қоғамның медициналық қызметтерге қажеттілігін, медицина мүмкіндігін, техникалық өрлеу бағытын ғылыми болжамдау; - экономикалық зерттеу – денсаулық сақтау саласының тиімділігін жоғарылатудың әртүрлі аймақтар немесе жекелеген медициналық ұйым мысалында әртүрлі әдістерін зерттеу. Барлық жүйенің халық шаруашылық экономикасының толық дамуына үлесі макроэкономиканы білдіреді, егер де денсаулық сақтау саласының қандай да бір түрі жеке тиімділік көрсету арқылы қаралса, бұл – денсаулық сақтаудың микроэкономикасы. Денсаулық сақтау экономикасы екі бағыт бойынша дамиды: a) денсаулық сақтау тиімділігі, мемлекеттің еңбек ресурстарының күшейтілу мен сақталу жолдарын зерттейді; b) денсаулық сақтау үнемділігі, денсаулық сақтауға бөлінген ақшаның үнемді пайдаланылуын зерттейді. Денсаудық сақтаудың тиімділігі 3 аспект бойынша қарастырылады: 1. Медициналық тиімділік; 2. Әлеуметтік тиімділік; 3. Экономикалық тиімділік. МЕДИЦИНАЛЫҚ ТИІМДІЛІК дегеніміз сапа, тиімділік және нәтижелілік критерилерін ескере отырып аурулардың алдын алу, диагностика және емдеу аймағындағы қойылған міндеттердің орындалу дәрежесі. Стационарға түскендегі және шыққандағы немесе амбулаторлық ем қабылдаудағы науқастың денсаулық жағдайындағы өзгерістермен бағаланады. ӘЛЕУМЕТТІК ТИІМДІЛІК - халық арасында аурушылдықтың алдын алу, мүгедек болып қалу және ерте кезігетін өлім-жітім, сонымен қатар медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен мәдениетінің өсуімен айқындалады. Алдын алған әлеуметтік шығынның көлемін есептеу жолдарымен және қоғамдық денсаулық көрсеткіштерінің динамикасымен өлшенеді: өлімді, аурушылдықты, мүгедектікті төмендету. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК қоғамның материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын қойылған мақсаттарға жету үшін дұрыс пайдалану. Денсаулық сақтаудың экономикалық тиімділігін жоғарылату қорларды анағұрлым ұтымды пайдалану арқылы (үнемділік) нәтижелерді жақсартуды қарастырады. Қазіргі жағдайда денсаулық сақтау экономикасының кезгелген негізгі мақсаты медициналық қызметті өндіру және тұтыну арасында туындайтын экономикалық қатынастар кешенін зерттеу. Денсаулық сақтау экономикасында қолданатын жаңа қадамдар: қаражат жұмсауды ұтымды ету және азайту, тиімділікті жоғарылату; қорларды бөлу; екі жақтың арақатынастарын реттеу, денсаулықты қорғауға қатысты әр тараптың мәні мен орнын анықтау; қаржыландыру көздерін түрлендіру. Денсаулық сақтау экономикасы төмендегідей негігі топтардан құралады: 1. Ұдайы өндірістің маңызды мәселесі ретінде жұмыс күшін есептейтін топ; 2. Халық шаруашылығының жалпы жүйесіндегі алатын орнын анықтау; 3. Денсаулық сақтау ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиімділік критерийі; Денсаулық сақтау экономикасының негізгі мәселелері: а) Денсаулық сақтауда материалды, еңбекті, қаржылық ресурстарды кең таралған жолы; б) Жұмысшылардың еңбекке қабілеттілігін уақытша жоғалтумен сипатталатын аурушаңдық дәрежесін төмендетудің экономикалық бағалануы; в) Кейбір алдын алу іс – шараларының әлеуметтік және экономикалық тиімділігі; г) Кейбір жұқпалы аурулардың жойылуы және жедел азаюының әлеуметтік және экономикалық тиімділігі; д) Өмір сүрудің орташа көрсеткішінің өсуі, белсенді еңбекке қабілеттілік кезеңі, мүгедектіктің азаюы және ерте өлімнің алдын алудың экономикалық тиімділігі; е) Денсаулық сақтауды жоспарлау әдісі және дамуының мәселелері; ж) Тұрғындардың және олардың жеке бөліктерінің медициналық көмекке қажеттілік көрсеткіштерін жасау. Денсаулық сақтау саласындағы экономикалық мәселелерге жатады: ¯ Халық денсаулығына байланысты барлық субъектілірге экономикалық ынталандыру жүесін құру ¯ Денсаулық сақтау саласында ресурстық және қаржылық көлемін анықтау ¯ Қаржылық көздерін іздестіру ¯ Көрсетілген көмек пен қаржыландыру көлімі арасындағы тепетендікті орнату ¯ Ресурстарды тиімді қолдануға жол табу ¯ Ресурстардың тиімділігін бағалау ¯ Денсаулық сақтаудың басқа салалармен қарым қатынасын қарастыру ¯ Осы саладағы басқару әдісін дәлелдеу. Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд Әдебиеттер: 1. Тасмагамбетов И.Н., Мухамеджанов У.Б., Аканов А.А., Кульжанов М.К., Арыстанова С.Н., Усатаев М.М. Введение в медицинскую экономику. – Алматы, 1996. – 115 б. 2. Экономика здравоохранения: Курс лекций. – Бишкек-Алматы, 2001.– 272 б. 3. Вялков А.И., Райзберг Б.А., Шиленко Ю.В. Управление и экономика здравоохранения. – М.: Издательский Дом «ГЭОТАР-МЕД», 2002. – 328 б. 4. Шарманов Т. Экономика здравоохранения и перспективы государственной службы охраны здоровья в Казахстане. – Алматы, 2000. – 96 б. 5. Экономика здравоохранения: Учебное пособие / Под общ. ред. А.В. Решетникова.- 2-е изд., исп. и доп.– М., 2004.– 272 б. Бақылау сұрақтары: 1. Денсаулық сақтау экономикасының анықтамасы. 2. Денсаулық сақтау экономикасының мәселелері. 3. Денсаулық сақтау экономикасының қоғамдық өндіріске әсері. 4. Денсаулық сақтау тиімділігінің түрлерін атаңыз. 5. Экономикалық нұқсан дегеніміз не? 2 тақырып. Денсаулық сақтауды қаржыландыру негіздері. Денсаулық сақтауды жоспарлау негіздері. Мақсаты: Қазіргі деңгейде ҚР-ның денсаулық сақтауды қаржыландыру негіздерін зерттеу. Қазіргі деңгейде ҚР денсаулық сақтауды жоспарлаудың негіздерін зерттеу. Денсаулық сақтау халық шаруашылығы сияқты мемлекеттік бюджетпен қаржыландырылады. Денсаулық сақтауды қорғауды жоспарлау барысында қаржылық шығындарды есептеуде мынадай көрсеткіштер ескеріледі: · Республика бюджетін шығындық бөлігіндегі денсаулық сақтаудың салыстырмалы мөлшері; · Осы шығындырдың тұрғынға шаққандағы өзгерісі; · Медициналық мекемелермен денсаулық сақтау іс-әрекеттеріне бөлінген қаражаттың өсуі; · Медициналық мамандар мен медицина ғылымдарына жұмсалған шығын көлемі; · Мемлекет заңдарының көмегімен қоғамның қажжетттілігіне, типіне және мемлекеттің экономикалық мүмкіндігіне қарай денсаулық сақтауды қаржыландырудың көздерін анықтайды; · Мамандардың есептеуі бойынша денсаулық сақтауға кеткен шығын ішкі өнімнің 3-15 %-ын құрайды; · ДДҰ мамандары денсаулық сақтаудың негізгі проблемеларын шешу үшін шығын көлемі ішкі өнімнің 6,0%-нан кем емес, ал тұрғындар сұранысын қанағаттандыратын қазіргі заманға сай жоғары сапада медициналық қызмет көрсету кезінде шығын көлемі 12%-дан кем емес. Бірақ та денсаулық сақтауда қоғамның шығыны барлық мәселені шешпейді, бұл үшін қаржыны максималды тиімділікпен жұмсау қажет; Қазіргі таңда денсаулық сақтауды қаржыландыру ҚР Конституциясымен анықталған, халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі ҚР Кодексі, ҚР азаматтарының медициналық сақтандыру заңы. Медициналық көмектің қандай түрлері, қай аурулардың емі кепілдік көлемге тиісті? Бұл сұрақтың жауабы әлемдік тәжірибе көрсеткендей мемлекеттің денсаулық сақтау аумағын қаржыландыру кепілдігіне байланысты. Дамыған мемлекеттерде бір тұрғынға бұл есептеу едәуір шектелген. ҚР заңында медициналық қызмет көрсететін минималды әлеуметтік стандарт «медициналық көмек көрсетудің кепілдік көлемінде» бекітілген. Бұйрық № 853 28.09.2008 ж. Ақылы медициналық қызмет көрсетудің бағасының деңгейі оның сапалық көрсеткіштеріне байланысты (дәрігердің жоғары мамандандырылғанына, құрал – саймандардың сапалық параметлеріне көрсетілген қызмет деңгейінің жоғары болуынан). Бұл жиі жағдайда стоматологияда байқалады. Бағаны құру үрдісінде рыноктың құрылымы, бәсекелестердің болуы тұрғындар кірісінің деңгейі, мекеменің бағдарламасы мен тәсілі ескеріледі. Бәсекелес салаларда бағаны орнату кезінде мекеме алдыңғы бағаларды ескереді. Ақылы стоматологиялық қызметтердің бағасы тәуелсіз және емдеу мекемесімен есептеледі және сол мекеме жетекшісімен бекітіледі. Бағаны есептеу мынадай формула бойынша есептеледі: Б = Т+Ә+Ж+Қ+М+К. Т – медициналық қызметкерлердің орташа төлем ақысы Ә – әлеуметтік қажеттілік Ж – жалпы мекемелік шығын; Қ – қолданбалы шығын; М – бір науқасқа шаққандағы материалдық шығын; К – кіріс -25%. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көзі. Мемлекеттік ұйымдар үшін: ¯ Мемлекеттік бюджет қаражаты; ¯ Медициналық сақтандыру қаражаты; ¯ Медициналық қызмет көрсету негізіндегі қаражат; ¯ ҚР заңына қайшы келмейтін басқа да көздер. Мемлекеттік емес ұйымдар үшін: ¯ Кепілді медициналық көмек көрсету үшін мемлекеттік бюджеттің қаражаты ¯ Медициналық сақтандыру қаражаты; ¯ Медициналық қызмет көрсету негізіндегі қаражат; ¯ ҚР заңына қайшы келмейтін басқа да көздер.
Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 1990; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |