Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Шет елдегі медицина 4 страница




3. ҚР халық арасындағы туберкулез аурулығының жастық - жыныстық, кәсіптік және аймақтық ерекшеліктері.

4. ҚР туберкулез аурушылдығының деңгейі мен даму үрдісі

5. Қауп факторлары және туберкулез аурулығының алдын алу стратегиясы

2 тақырып. Қазақстанда және шет мемлекеттеріндегі қан айналым жүйесінің аурулары – медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде.

Мақсаты: Қан айналым жүйесінің аурулары – медициналық-әлеуметтік мәселесін анықтау, олардың халық арасындағы аурулық, мүгедектік және өлім-жітімділіктің алатын орны және маңызы, олардың деңгейін төмендету мақсатында әртүрлі алдын-алу шараларын ұйымдастыру мен жүргізуді зерттеу.

Қан айналым жүйесінің аурулары аймақтық өлім деңгейін анықтауда маңызды орын алады, олардың таралуының жоғарылауы, сонымен қатар ХХ және ХХІ ғасырдың ғылыми медицинасында және практикалық денсаулық сақтаудың ең өзекті мәселесі: жүрек-қан тамыр ауруларының адами және экономикалық жоғалтуларға үлкен әсер етуі. Аурулардың Халықаралық жіктелуіне сай, жүректің және қан айналым жүйесінің ауруларының жарақатына және себептеріне жататыны: жедел ревматизм, жүректің созылмалы ревматикалық аурулары, гипертониялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы, жүректің басқада аурулары, мидың қан тамырлық жарақаттары, артериялардың артериол және капиллярларының аурулары, венаның аурулары, лимфатикалық тамырлардың және қан айналым жүйесінің басқада аурулары. Осы аурулардың медико – әлеуметтік мағынасы, ауырлығы, емнің ұзақтығы және нәтижесі: мүгедектік немесе өліммен аяқталады.

Сонымен бірге, біріншілік ауру және жүрек-қан тамыр аурулары өсуде. Бұл аурулардың медико – әлеуметтік мағынасы жасөспірімдер арасында артериалды гипертензияның жиіленуіне байланысты жоғарлау үстінде. Қан айналым жүйесінің ауруларының таралуы және өлім динамикасы жасқа, жынысына, өмір сүру аймағына, мамандығына және т.б. тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының тұрғындарының жалпы және біріншілік ауруларының ішінде қан айналым жүйесінің аурулары тұрақты түрде жоғарылауда.

Бұл патологияның жас-жыныстық ерекшелігі, қан айналым жүйесінің аурулары жас ұлғайған сайын интенсивті түрде жоғарылайды, сонымен қатар әйелдерде ерлерге қарағанда 1,4 есе жиі кездеседі.

Арнайы статистикалық мәліметтер бойынша, ауыл тұрғындарына қарағанда қала тұрғындары қан айналым жүйесінің ауруларымен жиі ауырады. Дегенмен, ауыл тұрғындарының аурушылдығының бірден өсіп кетуі таң қалдыратын жағдай емес. Қан айналым жүйесінің біріншілік аурулары ауыл тұрғындарында 2002-2004 жылдары 2 есеге жоғарылап, қала тұрғындарының аурушылдығымен теңескен.

Ұсынылған әдебиеттер бойынша әртүрлі мемлекеттерде қан айналым жүйесінің ауруларының таралуы және өлім динамикасы мүлдем ұқсамайды. Мысалы: Орталық және Шығыс Еуропада қан айналым жүйесінің ауруларынан өлім деңгейі жоғары болса, ал сол уақытта Батыс Еуропада айтарлықтай төмендеген.

Қазақстан Республикасында қан айналым жүйесінің аурулары өлім себептерінің ішінде ең алдынғы орындарды алуда.

Берілген сандар осы патологияның жыл сайын өсіп жатқанын дәлелдейді. Қан айналым жүйесінің ауруларының ішінде өлімнің негізгі себептері, жүректің ишемиялық ауруы және цереброваскулярлы аурулар. Бұл аурулар тек ҚР ғана емес, сонымен қатар экономикасы дамыған мемлекеттерде де өлім себептері ішінде ең алғашқы орында тұр.

Қан айналым жүйесінің ауруларынан өлім деңгейі әр аймақтарда әртүрлі. 2003жылы осы патологиядан Ақмола облысындағы өлім дәрежесі ең жоғары болған - 1000 тұрғынға 6,98, Солтүстік-Қазақстан облысында - 1000 тұрғынға 6,95, Қарағанды облысында - 1000 тұрғынға 6,92, Шығыс Қазақстанда - 1000 тұрғынға 6,84, Алматы қаласында - 1000 тұрғынға 6,07 сай келеді.

Ғылыми-зерттеу әдебиеттер бойынша, 20 ғасырдың 70 жылдары Батыс Еуропада және Солтүстік Америкада осы аурулардан өлім деңгейі бірден төмендеген. Соңғы 20жылдықта АҚШ-та әртүрлі жүрек – қан тамыр ауруларынан өлім деңгейі 46 %-ға төмендеген, сол уақытта жүректің коронарлық аурулары және инсульттан өлім деңгейі 51% және 60%-ға төмендеген. БДҰ мамандарының ойынша АҚШ-та жүрек – қан тамыр ауруларынан өлім деңгейі дәрілік терапияның және клиникалық араласулардың жақсы дамуының нәтижесінде 1/3-ға төмендеген, ал 2/3 бөлігі өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты (дұрыс тамақтану, дұрыс өмір сүру салты) төмендеген.

Осыған қарамастан, әртүрлі мемлекеттерде қан айналым жүйесінің аурулары өлім себебінің ең алғашқы орнында тұр.

БДҰ-ның болжам бағасы бойынша, барлық өлімнің жартысын алдын-алуға болады. Көптеген медико-әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, нақты қауіп факторлары анықталды. Оларды екі топқа бөледі: басқарылатын және басқарылмайтын. Біріншісіне жынысы, жасы, тұқым қуалаушылығы жатады. Оның әртүрлі факторларына қарсы алдын-алу шаралары жүргізіледі. Басты факторларды азайту үшін немесе жою үшін негізгі алдын-алу шараларында, салауатты өмір салтын жоғарғы деңгейде жүргізу керек (рационды тамақтану,физикалық белсенділікті жоғарылату, темекі шегуді тоқтату және т.б.).

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасында 10 слайд.

Әдебиет:

1. Биғалиева Р.К., Исмаилов Ш.М.. Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару: Оқулық. — Алматы, 2001.-371 б.

2. Аязбаева А.Г. Медико-социальные аспекты основных групп болезней: Учебно-методическое пособие. – Алматы, 2005.- 55 б.

3. Медик В.А., Юрьев В.К. Общественное здоровье и здравоохранение (курс лекций). Часть І. Общественное здоровье. Москва. Медицина, 2003.-391б.

4. Миняев В.А., Вишняков Н.И. Общественное здоровье и здравоохранение. М.: «Медпресс-информ», 2003. -520 б.

5. Лисицын Ю.П.Общественное здоровье и здравоохранение. Москва. Медицина, 2004.-364 б.

6. Государственная программа развития и реформы здравоохранения Республики Казахстан на 2005 - 2010 годы.

7. Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан "Саламатты Қазақстан" на 2011 - 2015 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 29 ноября 2010 года № 1113.

Бақылау сұрақтары:

1. ҚР-да қан айналым жүйесінің ауруларының пайда болуына әсер ететін медициналық-әлеуметтік жағдайлар

2. Жүрек және қан айналым жүйесінің ауруларының халық арасындағы аурулық, мүгедектік және өлім-жітімділіктің алатын орны және маңызы.

3. Жүрек және қан айналым жүйесінің ауруларының деңгейін төмендету мақсатында әртүрлі алдын-алу шараларын ұйымдастыру мен іске асыру.

4. Қан айналым жүйесінің ауруларының өлім деңгейін аймақтық таралу ерекшеліктерін анықтау.

5. ҚР-да жүрек және қан айналым жүйесінің ауруларымен аурушылдығының деңгейі мен даму үрдісі

3 тақырып. Онкологиялық аурулар мен тыныс алу жүйесінің аурулары – медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде

Мақсаты: Онкологиялық аурулар мен тыныс жүйесі ауруларының медико-әлеуметтік маңыздылығын анықтау, аурушаңдық пен өлім-жітімділік сараптамаларын жүргізе білу, алдын-алу шараларын анықтау.

Осы аурулардың медико-әлеуметтік маңызы біріншіден халықтың өлім көрсеткіштерінің жоғары үлесімен, екіншіден ұзақ және қымбат емге, мерзімінен бұрын өлім және мүгедектікке әкелуіне байланысты жоғары экономикалық шығындармен айқындалады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында өлім себептерінің екінші орнында тұратын онкологиялық аурулардың көпшілік мемлекеттерде өсуі байқалды. ХХ ғасырдың басында осы аурлар үлесі 3-7% болса, қазіргі таңда 15-20% болуы олардың медико-әлеуметтік маңыздылығын көрсетеді. Соныман қатар, өлім себептеріндегі үлесі жоғары болуына қарамастан, қатерлі ісіктермен біріншілік аурушаңдық онша жоғары емес, мысалы 2002 жылы – 197,3, ал 2006 жылы – 186,7 медициналық мекемелерде тіркеуде тұрған 100 мың халыққа шаққанда. 2002-108,9, 2006- 124,9, с 2002 – 732,9, 2006-811,4

Сонымен қатар, диагнозы бірінші рет қойылған, онкологиялық ұйымдармен тіркелген қатерлі ісіктермен аурушаңдық та бір деңгейде болып келеді. 2009 жылдың соңына қарай Қазақстанда тіркеуде барлығы......... ауру болды.

Мемлекет халқының қатерлі ісіктермен аурушаңдық деңгейі мен құрылымы жасы мен жынысы бойынша ерекшеленеді. Ер кісілердің біріншілік аурушаңдығында ең жиі кездесетіні трахея, бронх, өкпе, содан кейін асқазан рагы және терінің қатерлі жаңа түзілістері жатады.

Ер кісілердің өлім себептерінің бірінші орнын тыныс алу жүйесі рагы алады. Екінші – асқазан рагы, үшінші – өңеш рагы. Әйелдерде бірінші орынды асқазан рагы, екінші – сүт безі рагы, үшінші – жатыр мойны рагы алады. Қатерлі ісіктерден өлім ер кісілерде әйелдерге қарағанда жоғары екендігі анықталды.

ҚР халқының қатерлі түзілістер аурушаңдығының сараптамасында қала және ауыл тұрғандарының арасындағы ерекшеліктер анықталды. Қала тұрғындары ауыл тұрғындарына қарағанда қатерлі түзілістермен жиі ауырады. Оны эколгиялық жағдаймен, тағамдардың сапасыздығымен, стресстік жағдайлардың көп болуымен, т.б. байланыстыруға болады.

Осы патологиямен біріншілік аурушаңдықтың төмен болуына қарамастан, өлімнің жоғары болуын айта кету керек. Өлім-жітімділік құрылымында қатерлі және қатерсіз жаңа түзілістер қанайналым жүйесі, жарақаттар және уланулардан кейін үшінші орында.

Зерттеушілер қатерлі ісіктерден өлім көрсеткіштері динамикасының белсенді төмендеуі жоқ екенін көрсетеді.

Өлім-жітімділік құрылымында жыныстық ерекшеліктер бар: ерлерде бірінші орында – тыныс алу жүйесі ағзаларының рагы, екінші орында – асқазан рагы, үшінші орында – өңеш рагы; әйелдерде – асқазан рагы, сүт безі рагы, жатыр мойны рагы. Жас ұлғайған сайын өлім көрсеткіші де қарқынды өседі.

БДҰ мәліметтері бойынша бұндай аурулардан өлім-жітімділік барлық жерлерде өсіп келеді. Бірақ қатерлі ісіктердің эпидемиологиясымен айналысатын ғалымдардың көпшілігі осы аурулардан өлімнің динамикасын сараптағанда үш жағдайды ескеру керек деп санайды:

Бүкіл әлемде 60-70 жыл ішінде қатерлі ісіктердің диагностикасы әлдеқайда алға жылжыды, мамандардың саны өсті, ісіктерді гистологиялық, рентгенологиялық зерттеу сапасы артты.

Осындай ауруларды статистикалық тіркеу жетілдірілді.

Халық құрылымы жасы бойынша қартаюға қарай өзгерді. Қатерлі ісіктерден өлім көрсеткіші 30 жасқа дейіңгілермен салыстырғанда 60-70 жастағы әйелдерде 50-60 рет есе жоғары, ал осы жастағы ерлерде 100-115 рет есе жоғары. Бұл заңдылық тек өкпе рагына тән емес. Өкпе рагымен аурушаңдық та, өлім көрсеткіші де өсіп келеді. Өкпе рагы жиілігінің өсуін шылым шегудің өсуімен байланыстырады.

Онкологиялық ауруардың алдын алуының негізгі екі принципі бар:

- канцерогенді заттарды зерттеу және адамдардың олармен контактысын жою, яғни кәсіптік зияндылықтарды анықтау, оларды жою, өнеркәсіптегі зияндылықтарды, сонымен қатар суды, ауаны, топырақты санитарлы-гигиеналық бақылау.

- ісікалды ауруларды ерте диагностикалау және емдеу.

Ол үшін профилактикалық қараулар мен санитарлы-ағартулық жұмыстардың жоғары деңгейі қажет.

Тыныс алу жүйелерінің аурулары ең жиі кездесетін патология, себебі бұл топ ауруларға тұмау, жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекциялары (ЖРВИ), тонзилиттер, бронхиттер, пневмониялар және т.б. сияқты кең тараған аурулар жатады, сондықтан медициналық көмек сұрау арасында үлкен үлес алады. Соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстан Республикасы халқының арасында тыныс алу жүйесінің ауруларымен біріншілік аурушаңдықтың аздап төмендеуіне қарамастан жалпы аурушаңдық өсуі байқалады. Біріншілік аурушаңдықты негізінен жедел респираторлы инфекциялар, бронхиттер, пневмониялар құрайды. Жалпы аурушаңдықты жедел формасынан басқа өкпенің созылмалы обструктивті аурулары (ӨСОА) құрайды. Өкпенің созылмалы обструктивті аурлары (ӨСОА) тобына тыныс алу жүйесінің келесі созылмалы аурулары кіреді: созылмалы обструктивті бронхит, бронхиальды демікпенің ауыр түрлері. ӨСОА баяу прогрессиямен және тыныс жетіспеушілігінің өсуімен сипатталады. Бүкіл әлемде ӨСОА үлкен медико-әлеуметтік проблема болып отыр, біріншіден аурушаңдық пен өлімнің жоғары деңгейіне байланысты. ӨСОА негізгі қауіп-қатер факторларына шылым шегу, қолайсыз эпидемиологиялық көрсеткіштер, құрамында кадмий, кремнийі бар шаң, кәсіптік зияндылықтар жатады.

Осы патология тұрақты жұмысқа қабілетсіздікті құрауда ерекше орын алады.

Тыныс алу жүйесі ауруларындағы уақытша жұмысқа қабілетсіздіктің қолайсыз көрсеткіштерінің өсуі негізінен жедел түрдегі – жедел респираторлы инфекциялар мен тұмауға байланысты.

Тыныс алу жүйесінің патологиясы ең жиі балаларда кездеседі. Жасөспірімдермен салыстырғанда 2 есе, ал ересектерден 3 есе жиі. Бұл жағдай түсінікті, себебі бұл патологияның классына тұмау, жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекциялары (ЖРВИ), тонзилиттер, бронхиттер, пневмониялар және т.б. сияқты кең тараған аурулар жатады. Балалардың иммунды жүйесі әлі толығымен қалыптаспағандықтан эпидемия кезінде ауырғандардың 50 %-н балалар құрайды.

Бүкіл әлемде тұмау және респираторлы инфекциялар қазіргі таңда да бағынбайтын инфекцияларға жатады және халық денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді. Тұмау эпидемиясы кезінде соматикалық аурулардың өсуі және созылмалы аурулардың рецидивтері мен асқынулары болады.

Қазақстан Республикасы халқының өлім көрсеткіштерінің себептерінің ішінде тыныс алу жүйесі аурулары төртінші орында, яғни жүрек-қантамыр жүйесі аурулары, жарақаттар мен уланулар және қатерлі ісіктерден кейін.

Әсіресе тыныс алу жүйесі ауруларынан өлім көрсеткіштері 1 жасқа дейінгі балаларда өте жоғары. Тыныс алу жүйесі ауруларынан өлім көрсеткіштері тек перинатальды кезеңдегі жағдайлардан кейін екінші орында.

Тыныс алу жүйесінің жедел және созылмалы ауруларын ерте анықтау мен мерзімінде емдеуге жүйелі түрде флюорография жасау жәрдемдеседі. Тыныс алу жүйесі ауруларының профилактикасы кешенді түрде болу керек және ішінде арнайы тұмауға қарсы тірі және инактивацияланған егулерді, ЖРА(жұқпалы респираторлық аурулар) және тұмауға қарсы арнайы емес, инфекция ошақтарындағы эпидемияға қарсы алдын-алу шараларын қамту керек. Ағзаның арнайы емес резистенттілігін жоғарылату үшін шынығу, дәруменді тағамдар, ультрафиолеттік сәулелену және т.б. қолдану қажет.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасында 10 слайд.

Әдебиет:

1. Биғалиева Р.К., Исмаилов Ш.М.. Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару: Оқулық. — Алматы, 2001.-371 б.

2. Аязбаева А.Г. Медико-социальные аспекты основных групп болезней: Учебно-методическое пособие. – Алматы, 2005.- 55 б.

3. Медик В.А., Юрьев В.К. Общественное здоровье и здравоохранение (курс лекций). Часть І. Общественное здоровье. Москва. Медицина, 2003.-391б.

4. Миняев В.А., Вишняков Н.И. Общественное здоровье и здравоохранение. М.: «Медпресс-информ», 2003. -520 б.

5. Лисицын Ю.П.Общественное здоровье и здравоохранение. Москва. Медицина, 2004.-364 б.

6. Государственная программа развития и реформы здравоохранения Республики Казахстан на 2005 - 2010 годы.

7. Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан "Саламатты Қазақстан" на 2011 - 2015 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 29 ноября 2010 года № 1113.

Бақылау сұрақтары:

1. ҚР-да ісік ауруларының пайда болуына әсер ететін медициналық-әлеуметтік жағдайлар

2. ҚР-да ісік ауруларының халық арасындағы аурулық, мүгедектік және өлім-жітімділіктің алатын орны және маңызы.

3. Жаңа өскін ісік ауруларының деңгейін төмендету мақсатында әртүрлі алдын-алу шараларын ұйымдастыру мен іске асыру.

4. Қатерлі ісік ауруларының өлім деңгейін аймақтық таралу ерекшеліктерін анықтау.

5. ҚР-да ісік ауруларының ауруларымен аурушылдығының деңгейі мен даму үрдісі

6. ҚР-да тыныс ағзаларының ауруларының пайда болуына әсер ететін медициналық-әлеуметтік жағдайлар

7. ҚР-да тыныс ағзаларының ауруларының халық арасындағы аурулық, мүгедектік және өлім-жітімділіктің алатын орны және маңызы.

8. Тыныс ағзаларының ауруларының деңгейін төмендету мақсатында әртүрлі алдын-алу шараларын ұйымдастыру мен іске асыру.

9. Тыныс алу ағзалары ауруларының өлім деңгейін аймақтық таралу ерекшеліктерін анықтау.

10. ҚР-да тыныс алу ағзалары ауруларымен аурушылдығының деңгейі мен даму үрдісі

4 тақырып. ЖАРАҚАТТАНУШЫЛЫҚ- МЕДИЦИНАЛЫҚ – ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ. Жүйке жұйесі мен ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАРының және жжба-ның МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК маңызы.

Мақсаты: Жарақаттанушылықтың медико-әлеуметтік мәселе ретінде маңызы мен мәнін анықтау, жарақаттанушылықтың негізгі түрлерімен оның алдын-алу шараларын білу. Жыныс жолдарымен берілетін нервтік-психикалық аурулардың тұрғындардың аурушаңдық құрамындағы алатын орны мен рөлін анықтау.

Медициналық - әлеуметтік мәселелердің ішінде жарақаттанушылық алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Бұл барлық елдерде,сонымен бірге Қазақстанда да жарақаттанушылықтың көбеюіне байланысты. Жарақаттанушыққа байланысты ауру аяқталуы жағдайы және жиірек ұзақ уақыт еңбекке жарамсыздық кейіннен мүгедектікке ауысуымен қатты мазалайды. Бұл мемлекетке және жапа шеккен адамның жанұясына қоғамдық және экономикалық орасан ауыртпашылыққа әкеледі.Бүгінгі күні әлемнің экономикалық дамыған елдерде жарақаттанулар үшінші орында,Қазақстанда халықтың өлім себептерінің бірі болып жарақаттанулар табылады да,уланулар мен бақытсыз жағдайлар бірнеше жылдан бері жүрек – қантамыр ауруларынан кейін тұрақты екінші орында.

Зақымдану пайда болу себептеріне байланысты жарақаттанулар келесі түрлерге бөлінеді:көліктік, өндірістік,тұрмыстық,әскери,көшелік,спорттық.

Ерекше көңіл бөлуді қажет ететін жастардың жарақаттанулары,себебі соңғы жылдары әсіресе жол апатынан жас адамдардың өлімі жиілеген

Алдыңғы қатардағы орынды өндірістік және жол жарақаттанулары алады.

Айта кету керек өндірістік зақымданулар жас ер адамдар арсында жиірек таралған. Өндірістік және тұрмыстық зақымданулар көбіне ер азаматтардың арасында ішімдік ішкен және қауіпсіздік ережелерін дұрыс ұстанбағандықтан ең жиі кездесетін себеп болып табылады.

Басқа патологиялар арасынан жарақаттануды ажырататын екі жағдай бар. Біріншісі жарақаттанудың кенет пайда болуымен байланысты жағдай,екінші жағдай – адам организмне кері әсер ететін фактор.

Бірінші және екінші жағдайларға байланысты жарақаттануда медициналық көмектің ұымдастырылуы спецификалығымен ажыратылады. Жарақаттанушылықпен күресу екі негізгі бағыттан құралады:жарақаттанушылықтың алдын-алу және травмотологиялық көмек көрсету.

Жол - көлік апатында уақытылы медициналық көмек көрсетілу үшін республика трассалық медициналық жарақаттанулар пункттарын және т.б. ұйымдастыру бағдаламасы іске асыра бастады.

Жарақаттанудың сараптамасында қалалық және ауылдық жарақаттанулардың үлкен айырмашылықтары бары анықталған.

Қалалық және ауылдық елді мекен арасындағы жарақаттанулықты қарай отырып, анық айтуға болады,қалалық елді мекен жарақаттанушылықтан 4-5 есе жиі зардап шегеді,ауылды жерге қарағанда,бұл өз алдында жол-көлік құралдарының көптігіне,өндірістің дамуының өсуіне,сонымен бірге қоғамның тұрмыстық қамтамасыздандырылуында.

Әдебиеттер мәліметтеріне сәйкес жарақатанулар жынысқа байланысты айырмашылықтары болады. Яғни, ерлер арасында жарақаттанушылық,әйелдерге қарағанда 1,5-2 есе жиі кездеседі.Бұл тек кәсіптік-өндірістік жарақаттанумен түсіндіріледі,себебіөндірістік емес жарақаттанулар әйелдерге қарағанда, ерлерде 2 есе жиі кездеседі.

Жарақаттанулар кез – келген жаста кездеседі бірақ, жиірек жастар мен жасөспірімдер арасында кездеседі.

Жасөспірімдік жарақаттану, ересектер мен балар арасында жарақаттанумен салыстырғанда 1,5-2 есе жоғары. Балалық жарақаттануды біріншіден үйлесімділіктің толық жетілмеуінен құлауына байлансыты,кейін мектеп алды және мектептік жастағы көшедегі жарақаттануларға байланысты. Жасөспірімдік жарақаттану спорттық жарақаттарға, тұрмыстық жарақаттарға байланысты,әрине,көше және көлік жарақаттар да осыларға кіреді.

Жарақаттану уақытша жұмысқа жарамсыздық аурулары арасында маңызды орын алады;барлық жарамсыздық парақтары ішінен олардың үлесіне 15% жуық келеді. Әрине, әртүрлі өндірісте жұмыс жасайтын жұмысшылар арасында жарақаттанудың салыстырмалы салмағы тербелі болып келеді.

Жарақаттанудың енді бір қоғамға аса маңыздылығы халықтың өлім-жітімділігін талдағанда болатыны.

Өлім-жітімділік құрылымында жарақаттар мен уланулар 2001 - 2003 жылдары қан жүйесі аурулар мен қатерлі ісіктерден кейін үшінші орын алған, 2002 жылы жарақаттар мен уланулар қан айналым жүйесі ауруларынан кейін екінші рангтық орынға шықты.

5-10% жуығы жарақаттанудан зардап шеккендер арасында (әдебиеттер мәліметіне сүйене) госпитализациялауға мәжбүр.Соңғы жылдары осы көрсеткіштердің анық және күрт өсуіне тенденциясы байқалды.

Сондықтан жарақаттанудың алдын-алу шараларын қажет:

-санитарлы-ағартушылық жұмыстарды белсенді жүргізі,әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 2070; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.