КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Шет елдегі медицина 2 страница
Медициналық көмек сапасын сараптау (бақылау, бағалау) дегеніміз – сапаны бақылау және өлшеу. ДДҰ концепциясы бойынша, сапаның үш аспетісі бар: құрылым сапасы (жабдықталу деңгейі, бағалау), үрдіс сапасы (медициналық көмектің), нәтижелердің сапасы (хабардар мамандардың бағасы бойынша, медициналық көмектің нәтижелері). Медициналық көмек сапасын бақылау шаралары сапа критерилердің үш топты қолданғанда үш компоненттен тұрады: құрылым сапасы, үрдіс сапасы, нәтижелердің сапасы. Институттық критеридің құрамына: құрылыстарды және ғимараттарды бағалау; медициналық техниканы бағалау; қосымша және ұйымдастырушылық техниканы бағалау; мамандарды бағалау; әр түрлі ресурстарды, сонымен бірге дәрі – дәрмек ресурстарын бағалау кіреді. Бұл құжаттарды, ұйым паспортынан табуға болады. Қажетті құжаттар болмаған жағдайда, ұйым – аккредитациядан және лицензиялаудан өте алмайды. Сапалы қызымет көрсету үшін, сапалы маман потенциалын, осы заманға сай техниканы, денсаулық сақтаудың арнайы ресурстарын пайдаланғаны жөн. Лицензиялау және аккредитация ұйымдары, кұрылым көрсеткіштеріне сараптама, келесі құжаттар негізінде жасайды: ғимараттардың және құрылыстардың типтік паспорты, медициналық техникамен жабдықталу паспорты, шаруашылық оргтехникамен жабдықталу паспорты, штаттық кесте мен мамандарға қойылатын кәсіптік талаптар (сертификация мен аттестация нәтижелері), медициналық көмек көрсету үшін, ресурс қорларының тізімі. Басқару және медициналық технологияға баға беретін, технологиялық критериі. Нәтижелердің критерилері – нәтижелік көрсеткіштері(медициналық, экономикалық, әлеуметтік) және қызымет мөлшерінің көрсеткіштерін есепке алатын, тиімділік критерилері. Тимділік немесе нәтижелікпен байланысты көрсеткіштер стандартизацияға жатпайды. Тиімділік пен нәтижелік, белгілі бір көрсеткіштер факторларының, себеп – салдарын анықтау жолымен бағаланады. Медициналық тиімділік: емделіп шығудың жалпы көрсеткіштері (жызылу, жақсару, өзгеріссіз, нашарлау, өлім), арнайы көрсеткіштер. Экономикалық тиімділік: Жүйе жұмысының көрсеткіштері, денсаулық сақтау ұйымдарының көрсеткіштері, инвестициялық бағдарламалардың тиімділік көрсеткіштері, қаржы көзін пайдаланудың және қаржыландыру тиімділігінің көрсеткіштері. Әлеуметтік тиімділік: микроәлеуметтік көрсеткіштер (халықтың медициналық көмекпен қанағат болуы), макросоциалдық көрсеткіштер (өлім, туу, өмірдің орташа ұзақтығының деңгейлері). Сараптаманың түріне (құрылым сараптамасы және т.б.) немесе тереңдігіне, бақылау жүргізу уақытына, бақылау ұйымның типіне байланысты, медициналық көмектің сапасын бақылаудың 4 бағытын атап кетуге болады. Сапаны бақылауын өткізу уақыты бойынша: ағымдағы бақылау, кезеңді бақылау. Бақылау ұйымының типі бойынша: Іштей бақылау – бөлім бастығының, бас дәрігердің бақылауы. Сырттай бақылау – мемлекеттік ұйыдар, сақтандарушы ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер жағынан бақылау. Сараптаманың бағыты бойынша: құрылым сараптамасы, технологиялардың сараптамасы, нәтижеліктің сараптамасы. Тереңдігі бойынша: скрининг – бақылау, кеңейтілген кешенді сараптама. Бақылау жүргізудің келесі амалдары бар: медициналық құжаттарды зерттеу: ауру тарихы, амбулаторлық карталар, арнайы журналдар, есеп беру құжаттары, статистикалық есептер. Бөлімдегі аралап шығу болуы мүмкін: медициналық аралап шығу және әкімшілік аралап шығу. Есте сақтайтын жәйт, әрбір бақылау жүйесінің мақсаты болады: Нормативті құжаттың (стандарт) кепіліне сай, жүргізілетін шаралардың сай екенін анықтау. Еңбекке жарамдылық сараптамасы – жарақат алу немесе ауру себебімен, еңбекке жарамсыздық ұзақтығын және деңгейін анықтау; еңбекке жарамсыздық себептерін анықтау; мүгедектік тобын анықтау. Уақытша еңбекке жарамсыздық – медициналық және әлеуметтік қарсы көрсетілімдер салдарынан, маманның әдеттегі кәсіби қызыметтін атқара алмауы. Уақытша еңбекке жарамсыздық – белгілі салдарынан кәсіби қызметін атқара алмауы, бірақ, уақытша немесе қайтадан қалпына келетін құбылыс.Уақытша еңбекке жарамсыздық, тұрақты еңбекке жарамсыздықтан айырмашылығының негізгі критериі – клиникалық және еңбек болжамының жайлы болуы. Еңбек болжамы, клиникалық болжамына тәуелді, бірақ сәйкес келе бермейді. Клиникалық болжам жағымсыз болуы мүмкін, ал еңбек болжамы жайлы болып қала береді. Әдеттегідей, мұндай жағдай, шұғыл патологиялық үрдістен кейін тұрақты қалдық құбылыстар және созылмалы аурулар болғанда, бірақ қызмет атқаруға қабілетінің қалуы. Уақытша еңбекке жарамсыздық түрлері: ауру, жарақат, аяқ ауырлық және босану, шипажайлық емделу, ауырған отбасы мүшесіне немесе ауырған балаға қарау, карантин, протез салу және т.б. Еңбекке жарамсыздық парағымен куәләндырады, кейбір жағдайда, уақытша еңбек жарамсыздық анықтамасы беріледі. Еңбекке жарамсыздық парағы – еңбекке жарамсыз екеніңізді растайтын құжат. Қызметтен уақытша босатылып және уақытша еңбек жарамсыздық, аяқ ауырлық және босану жөнінде жәрдемақы алуға негіз болып табылады. Еңбекке жарамсыздық туралы анықтама - қызметтен (оқудан) уақытша босатылып және жеке жағдайда, ауру жалақының (шәкіртақы) сақталауына негіз болып табылады. Еңбекке жарамсыздық парағын, мемлекеттік әлеуметтік сақтандырылған, әрбір жұмыс істейтін азаматқа беріледі. Қызметтен босатылған азаматтарға еңбекке жарамсыздық парағы берілмейді. Жұмысы жоқтар, жұмыссыздық жәрдемақы алатындарға, қажет болғанда еңбекке жарамсыздық анықтамасы берілу мүмкін. Еңбекке жарамсыздық парағын беруге құқылы емдеу – профилактикалық ұйымдар береді. Жекеменшік медициналық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен ұйымдар, еңбекке жарамсыздық парағын, тек арнайы лицензия болғанда ғана беруге құқылы. Дәрігерлер болмаған жағдайда, денсаулық сақтау ұйымының бұйрығына сәйкес еңбекке жарамсыздық парағын орта білімді медициналық маман бере алады. Бұйрықта – еңбекке жарамсыздық парағын бере алатын мамандардың тізімі және қанша күнге бере алатыны бекітілген. Еңбекке жарамсыздық парағын беру, ұзарту және жабу, тек дәрігерге көрінгеннен кейін және медициналық құжаттамада жазба қалдырғаннан кейін ғана, азамат жұмысынан уақытша босатылады. Еңбекке жарамсыздық парағының және анықтамаларының бланкілері қатаң құжаттамаға жатады. Еңбекке жарамсыздық парағының формасын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министірлігі және Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірлігімен бекітеді. Еңбекке жарамсыздық сараптама, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министірлігінің және Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірлігінің бақылауында болады. Емдеу – профилактикалық ұйымдарда, жоғарғы аталған бақылау бас дәрігерлермен, олардың орынбасарлары мен бөлім бастықтары жүргізеді. Ауруға немесе жарақатқа байланысты еңбекке жарамсыздық парағы, МӘСК (медициналық әлеуметтік сараптама комиссия) мүгедектік орнатпағанша немесе еңбекке жарамды болмағанша, еңбекке жарамсыздық парағы толық кезеңге беріледі. Тұрақты жарамсыздық (мүгедектік) – ұзақ, тұрақты немесе шектеулі еңбекке жарамсыздық, аурумен, жарақатпен, анатомиялық ақаулықпен байланысты, ағза функцияларының бұзылуы. Мүгедектік себептері: жалпы ауру, еңбек жарақаты, кәсіби ауру, балалық шақтан мүгедектік, әскери қызметтегілерге – жаралану, жарымжандылық (контузия), мертігу; майданда жүргенде пайда болған ауру, оқыс жағдай, әскери қызметпен байланысты емес, майданға байланысты емес, кейбір заңмен бекітілген жағдайда – әскери қызметті атқарғанда. Қазақстан Республикасының Заңнамасымен, мүгедектіктің басқа себептерін қадағалауы мүмкін. Қазіргі таңда, мүгедек деп – аурулардың салдарынан немесе жарақаттанудан, анатомиялық ауытқулары бар, тұрақты еңбекке жарамсыздығы бар және өмір сүруі шектеулі және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адам. Мүгедектік – медициналық, әлеуметтік және құқықтық түсінік. Мүгедектік – динамикалық категория, себебі, денсаулық жақсару немесе нашарлауы мүмкін. Клиникалық және еңбек болжамына, ағза функцияларының зақымдалуына, аурудың ауырлығына қарай, мүгедектік үш топқа бөлінеді. Бірінші топ – өзін – өзі күте алмайтын және басқалардың көмегін қажет ететін ауруларға беріледі. Екінші топ – басқалардың көмегін қажет етпейтін, ағзаның тұрақты, толық немесе ұзақ еңбекке жарамсыздығы бар ауруларға беріледі. Бұларға еңбектің барлық түрі қарсы көрсетілген. Үшінші топ – еңбекке жарамдылық едәуір төмендеген және соған байланысты, дәрежесі төмен (басқа маман) еңбек түрін қажет ететін ауруларға беріледі; осы топқа жататын мүгедектер, жұмысты табуға қыйынға соғады. Мүгедектік тобын берілу үшін, медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізіледі. Медициналық – әлеуметтік сараптамалық комиссия территориалдық принциппен жұмыс істейді: республикалық комиссия, облыстық, аудандық, ауданаралық, қалалық, каладағы аудандық, біріншілік үзбе. Медициналық – әлеуметтік сараптама, тек толық функционалдық зерттеулер, қалпына келтіру емдеуден өткесін, медициналық, психологиялық, еңбектік – әлеуметтік реабилитациядан кейін ғана жүргізіледі. Мүгедектердің еңбек жағдайы, сипаты туралы медициналық – әлеуметтік сарамтамалық комиссияның қортындылары, администрациялық ұйымдаға және мекемелеге міндетті. Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасында 10 слайд. Әдебиет: 1.Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 б. 2. Организация и оценка качества лечебно-профилактической помощи населению / под ред. В.З. Кучеренко. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 560 б. 3. Полубенцева Е.И., Улумбекова Г.Э., Сайткулов К.И. Клинические рекомендации и индикаторы качества в системе управления качеством медицинской помощи.-М:ГЭОТАР-Медиа,2007.-60 б. 4. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 б. 5. Юрьев В.К., Куценко Г.И.Общественное здоровье и здравоохранение.-С.-Петербург,2000-914 б. Бақылау сұрақтары: 1. Медициналық көмектің сапа критерилері 2. Медициналық көмектің сапа сараптамасының бағыты 3. Уақытша еңбекке жарамсыздықтың критерилері 4. Тұрақты еңбекке жарамсыздықтың критерилері 5. Мүгедектік топтарының критерилері
3 тақырып. Физикалық даму, денсаулық көрсеткіштері. Халық денсаулығын кешенді бағалау. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саясаты. Мақсаты: Студенттер, халық денсаулығын бағалау, анализдеу және есептеу методологиясын білулері міндетті. Студенттер, халықтың физикалық дамуының методологиялық бағалауын білулері міндетті. Студенттер, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының заңнамалық басқару принциптерінің негіздерін білуге міндетті. Қазіргі таңда, физикалық даму, халықтың және жеке адам денсаулығының негізгі көрсеткіші ретінде қарастырылады. Физикалық даму дегеніміз, адам ағзасының морфологиялық және функционалдық комплексін айтамыз (олар: дененің формасы, тығыздығы, пішіні және т.б.). Физикалық даму, келесі параметірлерді көрсетеді: антропометриялық (дене салмағы, дене ұзындығы және т.б.); соматоскопиялық (дене бітімі, тургор, аяқтардың пішіні, кеуденің пішіні және т.б.); физиометриялық (пульс, дем алу жиіліктері, өкпенің өмірлік сыймдылығы, артериалдық қысымының көрсеткіштері және т.б.). Денсаулық сақтау саласында, антропометриялық өлшемдер ақпаратты болғандықтан, қарапайым және қолжетерлік болғандықтан, туылғаннан бастап, ересектікке дейін міндетті. Антропометриялық өлшемдер деректері, вариациялық – статистикалық талдаудан өтіп, олардан вариациялық қатарлар, регрессия теңдеулер және т.б. өлшемдер құрастырылады. Соматоскопиялық зерттеулер кезінде, дене пішініне көңіл аударғаны жөн (балалардың габитусын байқау ғана емес), олар жалпыға танымал критерилер - нормостеникалық, гипертоникалық, гипостеникалық дене бітімінің типтері; атлетикалық (бұлшық еттік тип), тыныстық, аралық және т.б. Дене бітімінің анықтау және бағалау негізінде, антикалық заманнан бері дамып келе жатқан медициналық бағыт – биотипология деп аталады. Гиппократпен анықталған, дене бітімдерінің клиникалық типтерін үлгі ретінде алып, биотипология қазіргі таңда, анатомиялық және физиологиялық, әсіресе нейроэндокриндік констеляциялардың қалпімен санасады (Н.Ленде – ұзартылған астенический, гиперстеникалық, қысқартылған астеникалық немесе гиперстеникалық типтер және т.б.). Дене бітімін анықтаумен бірге, терінің, шырышты қабаттың қалпін (түсі, құрғақтылық, ылғалдылық және т.б.), тері тургорын (тері қатпарын) және тағы басқа белгілер. Алынған мәліметтер сигмальды бағалаумен, арнайы физикалық дамудың кестелермен, әр-түрлі жас кезеңдеріне жүргізіледі. Балалардың арасында осындай көзқарас, солардың ішінен нормаға сәйкес және ауытқулары бар балаларды анықтау керек. Соматикалық типтің 5 түрі бар: 1) дамудың және бойдың баяу типі; 2) дамудың баяу типі 3) дамудың және бойдың орта типі; 4) дамудың шапшаң типі; 5) дамудың және бойдың шапшаң типі. Осы типологияның негізінде морфологиялық статустың және жыныстық даму деңгейінің байланысы жатыр. Әдістемеге сәйкес, баланың физикалық даму деңгейін, стандарттармен салыстыру. Балалардың жастық даму темптері бағаланады. Бала мен жасөспірімдердің денсаулығын зерттегенде, регрессия кестесі бойынша бойдың, салмақтың, кеуденің шеңберінің көрсеткіштерін бағалау әдісі кеңінен таралған. Жеке көрсеткіштердің индивидуалды белгілері әр-түрлі: мысалы, адамдардың бойы бірдей болғанымен, салмағы және кеуде шеңберінің көрсеткіштері кең шамаларда ауытқуы мүмкін. Индивидуалдық көрсеткіштердің әр-түрлік өлшемін, регрессияның сигмасы сипаттайды, ол регрессия коэфицентін санағанда қолданылады (дене салмағының, дене ұзындығына қатынасы, көбейтілген корреляция коэффицентіне). Регрессия коэффицентін білсек, регрессия сигмасын және регрессия теңдеуін қолданып, регрессия шкаласын құруға болады. Осы есептеу принциптерін қолданып, физикалық даму стандарттары құрылады, олар бала бойының саламағына, кеуде шеңберіне, отырғандағы бойын және т.б. көрсеткіштерді бір – біріне қатынасын салыстыра аламыз. Регрессияны зерттеулерде қолданып, белгінің шамасы өзгергенде, басқа белгінің өзгеруінің шамасына байланысты. Қазіргі заманда, цетильдік әдіс қолданыста. Бұл әдістің регрессия мен сигмалды ауытқу әдістерінен айырмашылығы, мұнда кесте 10 белгілерден құралған, белгілер морфологиялық статусты айқын көрсетеді және келесі көрсеткіштерді анықтай алады: физикалық статустың үйлесімдігі, баланың семіруге шалдыққаны, бала ағзасының функционалдық қалпі мен қан – тамыр тонусының өзгеруі. Центильдік кестелер баланың жынысы және жасы бойынша құралған, сондықтан жас тобына жатқызу үшін, бала жасын күніне дейін анықтау керек. Балалардың физикалық дамуын анте- және перинаталды кезеңдеріндегі жағдайларына байланысты. Токсикозбен және әр-түрлі дерттермен ауырған әйелдерден, даму ақаулығы бар балалар саны 1,5 есе көп, күні жетпей туылғандар – 3 есе, босану іс – әрекетінің патологиясы кезінде туылғандар арасында – 4 есе. Өндірісте жұмыс істеген ата – аналарда, қалыпты балалардан, даму ақаулығы балалар 2 есе артық кездеседі. Темекі тартатын, алкоголь ішетін әйелерде, даму ақаулығы бар балалар 4 есе артық туылады, әкелерде 2 есе. Артық салмағы бар балалар, педиатрлардың назарын аса қажет етеді. Гиподинамия, жасанды тамақтадыру және тұқым қалаушылық бейімділік, артық салмақ пайда болуының негізгі факторлары. Теңгерімсіз тамақтану да, сол факторларға жатады. Соңғы жылдарда, биологиялық құндылығы бар азық – түліктердің (ет, сұт, балық) тұтынуы қысқарды, ал нан және картоп өнімдерін тамаққа пайдалануы ұлғайып барады. Көбінесе, бала рационы көмірсулардан, энергетикалық құндылығы төмен және нәрлігі төмен тағамдардан тұрады. Семірудің I және II дәрежесі бар балалар жиі аурутындарға жатады және жедел аурулар ғана емес, созылмалы аурулардың жиі пайда болуына әкеліп соғады, ол ауруларды – семірудің серіктері деп атайды. Олар: гипертоникалық типті вегетативті – қан тамыр тонусының құбылмалылығы, созылмалы тонзиллит, артериалдық гипертензия, дене бітімінің бұзылуы, табанжалпақтық, асқазан мүшелерінің аурулары және қант диабеті. Қазақстанда тамақ өндірісі, қарқынды дамып бара жатыр. Алматы облысында, 2010 жылы Қазақ тағамтану академиясының "Амиран" зауытың тұсау кесері өтті, зауыттың қуаттылығы 2,7 мың тонна. Мұнда, балаларға арналған, сүт өнімінің 8 түрі бар: қышқылсүт қоспасы, ірімшік пастасы, дәнді ірімшік, бала йогурты, сарысу және сарусыдың негізінде жасалған сусын, ботқаны жасауға арналған сүт, 10 пайыздық кілегей. Ана мен бала үшін жасалған өнім – Казақ тағамтану академиясының ғалымдары мен инвесторлардың ынтымақтастықтың жемісі. Өнімнің жасалуында, табиғи және жоғары сорттық сүттің шипалы қасиетін пайдаланады. Қортындылап айтқанда, халықтың физикалық дамуының параметрлерін, диспансерлеу үрдісі кезінде бағаланады, бұл ғылыми жағынан дәлелденген. Физикалық даму қалпін толық және сауатты зерттегенде, ауру сипатын тез арада білуге болады. Халық денсаулығын кешенді бағалау. Осы күнге дейін тұрғындар денсаулығының жай-күйін кешенді бағалау проблемасы өз шешімін таба қойған жоқ. Халықаралық және отандық тәжірибеде интегралды көрсеткіштер ғана белгілі: - адам дамуының индексі (АДИ) – алдағы өмірдің орташа ұзақтығын, білімін және өмір деңгейін көрсететін үш негізгі компоненттерден тұратын интегралды көрсеткіш - DALY (disability-adjusted life years) денсаулықтың жай-күйін (еңбекке қабілетсіздігін ескере отырып түзетілген өмір жасының саны) сапалық интеграциялық бағалау көмегімен аурудың жаһандық ауыртпалығын өлшеу үшін қолданылады - QALY (quality of life outcome/endpoint) – сапалы өмір сүрген жылдарды көрсететін индекс - DALE (disability adjusted life expectancy) – дені сау күйде өмір сүрудің күтілетін орташа ұзақтығы - HALE (healthy life expectancy) – дені сау күйде өмір сүру ұзақтығы - мүмкін болатын өмірдің жоғалған жылдары – мерзімінен бұрын болған өлімнің салдарынан жоғалған өмір жасының санын анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіш. - еңбекке жарамдылықтың медициналық-әлеуметтік мүмкіндігі – тұрғындардың алда тұрған еңбек қызметінің жылдары санының еңбек қызметі жылдарының мүмкін болатын санына пайыздық қатысы, егер ол аурулармен немесе жарақаттанулармен шектелмеген болса. - медициналық-демографиялық игіліктердің көрсеткіші – біркелкі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік берген дәрежелік бағалау әдісіне лайықталған индекс. Зерттеушілер (дәрігерлер, психологтар, социологтар және т.б.) денсаулықты интегралды бағалаудың әмбебап ұстанымдарын іздеу барысында өмір сапасына жиірек назар аударады. Бұдан басқа, өмірді заманауи жағдайларда бағалау мен сапасына қол жеткізу саяси мәнге ие бола бастайды, ол әлеметтік-экономикалық құбылу қарқынымен көкейкестілігі арта түседі. Өмір сапасының тұжырымдамалары әлеуметтік саясат саласында ұлттық мақсаттарды қалыптастыруға тікелей әсер етеді, яғни оларды мемлекеттік құрылымдарды басқару құралы ретінде пайдалану. Оларды пайдалану әзірленетін бағдарламалардың негізінде тұрғындар өмірінің жағдайын жетілдіру мақсатында қажет болап отыр. Тұрғындар денсаулығы жай-күйінің параметрі өмір сапасы көрсеткішінің жалпы құрылымына шектеле қосылады. Өмір сапасының ұлттық стандарты – бұл адамның материалдық, рухани, интеллектуалды, мәдени, әдептік және басқа да сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесін байқататын интеграциялық көрсеткіш. Өмір сапасын зерттеу барысында ескерілетін жайттардың көптеген жиынтығы әрбір жайт бойынша жеке-жеке қандай да бір стандарттарды (эталондарды) белгілеуді, әсіресе, осы жайттардың барлық көрсеткіштері бойынша интегралды көрсеткіштерді (индекстерді) қиындатады. Осы мәселелерді шешу жолдарының бірі осы жайттарды әр түрлі негіздер бойынша топтастыру болуы мүмкін. Мысалы, адамдардың талаптарын қанағаттандырудың сапалы деңгейі бойынша: алғашқы (тамаққа, тұрғын үйге, киімге, көлікке, денсаулықты сақтауға, ұрпақ жалғастыруға және әлеуметтік байланыстарға деген сұраныстарын қамтамасыз ететін) және екінші (рухани, мінез-құлықтық, әдептік сұраныстарын қанағаттандырумен байланысты). Егер бірқатар жайттар бойынша (тамақ, киім, кіріс деңгейі және т.б.) ғылыми тұрғыдан әзірленген стандарттарды немесе дәстүрлі санақтық орташа көрсеткіштерін пайдалануға болатын болса, онда қанағаттандыру жайттары бойынша өз өмірінің жеке қырларымен респонденттердің жекеленген топтарына арналған субъективті, бағалау сипаттамаларының орташа мәнін белгілеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік зерттеулерді жүргізу қажет.
Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 2307; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |