Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Шет елдегі медицина 3 страница




Зерттеушілер, ең алдымен, әлеуметтік санақ мәліметтеріне негізделген осы моделге қарама-қарсы құбылыстардың объективті жай-күйінің көрсеткішін ғана қолдануды қанағаттандырылмағаны болып бірінші кезекке «сезінетін өмір сапасы» тұжырымдамасы алға тартылып отыр (percieved life quality). Осы тұжырымдаманың мәні өмір сапасын адам мен қоғам өмірінің әр түрлі тараптарының объективті параметрлерінің көмегімен ғана өлшеу мүмкін еместігінде болып отыр. Өмір сапасының қажетті құрамы субъективті сезіну, мүгедектің өзінің өмір жағдайлары мен өзін өзі бағалауы болып табылады.

ҚР денсаулық сақтау саясаты

Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғауды құқықтық қамтамасыз ету жүйесі келесі негізгі актілерден тұрады: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасы Президентінің заңды күші бар жарғылары; Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулылары; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік актілері (бұйрықтар, қосымшалар, нұсқаулықтар және т.б.)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің қызметі заңды құжаттармен қамтамасыз етіледі, олардың негізгісі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады (1995 жылғы 30 тамыз). Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабы:

1. Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулығын сақтауға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгіленген медициналық көмектің ақысыз кепілді көлемін алуға құқылы.

3. Мемлекеттік және жеке емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық тәжірибемен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу заңмен белгіленген негізде және тәртіпте жүргізіледі.

Азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (АТМККК) ҚР Қаулысына сәйкес қамтамасыз етіледі. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізімі Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға ұсынылатын медициналық көмектің түрін, көлемін және жағдайын мемлекеттік бюджет қаржысының есебінен белгілейді, дәлелді тиімділікке ие медициналық көмектен тұрады. АТМККК жедел медициналық көмек, амбулаторлық-емханалық, стационарлық және стационар алмастырушы медициналық көмек, санитарлық авиация түрінде көрсетіледі.

Азаматтардың денсаулық сақтау жөніндегі Конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында және Қазақстанда олардың сақталуын сенімді қамтамасыз ету үшін көптеген заңдар шыққан. Кейін содан ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» жөніндегі Кодексі құрылды (2009 ж.). Кодексте денсаулық сақтаудағы мемлекеттік саясаттың 17 принципі бекітілген:

1. азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмекті тең құқылы түрде алуын қамтамасыз ету;

2. мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтың индивидуалды және қоғамдық денсаулық сақтауға және нығайтуға жауапкершілік таныту;

3. ана мен баланы қорғау;

4. сенімді ақысыз медициналық көмекпен қамтамасыз ету;

5. профилактикалық бағыттың денсаулық сақтау жүйесі жұмысындағы басымдығы;

6. медициналық көмектің қол жетімділігі;

7. медициналық көмек көрсету сапасының тұрақты жоғарылауы;

8. халықтың жағдайын санитарлық – эпидемиологиялық жақсартуды қамтамасыздандыру;

9. медициналық көмек кезіндегі денсаулық сақтау ұйымының қолдануға болатын іс-әрекеттері;

10. жаңа заманғы оқу технологиясын қолдана отырып, медициналық және фармацевтикалық білімдердің қолдануы мен шексіздігін қамтамасыз ету;

11. отандық медицина ғылымдарына мемлекеттік қолдау, ғылымның, техниканың және денсаулық сақтау саласындағы дүниежүзілік тәжірибенің алдыңғы қатарлы жетістерін енгізу;

12. өз еркімен донорлыққа келіскендерге қолдау көрсету;

13. отандық заттарға мемлекеттік қолдау және бәсекеге түсе алатын медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіптерді дамыту;

14. қоғамдық ұйымдардың азаматтардың денсаулықты қорғау құқықтарын қамтамасыз етуіне қатысуы;

15. халық қажеттіліктері мен мұқтаждығын қанағаттандыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағыттылығы

16. салауатты өмір салты мен тамақтануды дұрыс құруына көмектесу;

17. халық денсаулығын, қауіпсіздігін, дәрілік заттардың сапасы мен тиімділігін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу

2011-2015 ж.ж. арналған ҚР денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» атты мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартуды және елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз етуге арналаған бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруды алдына мақсат етіп қояды. Бағдарламаның міндеттері:

1) аурушылдықты төмендету және азаматтардың денсаулығын қорғау сұрақтары бойынша сектор және ведомство аралық өзара әрекеттерді күшейту жолдары арқылы әрі қарай тұрғындар денсаулығын нығайту және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;

2) азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыру және әлеуметтік бағытталған алғашқы медициналық-санитарлық көмектің басымды дамуымен, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай дамыту және жетілдіру жолымен медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту;

3) бәсекеге қабілетті кадрлық әлеуетті (потенциал) қалыптастыру мақсатымен медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру. Инновациялық технологияларды әзірлеуге және енгізуге бағытталған медициналық ғылымды дамыту.

Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған, денсаулық сақтау жүйесінің біртіндеп жүйелі түрде жаңартылуы үшін жасалынған және де дәрігер мен медициналық ұйымдарды емделушілердің еркін таңдау ұстанымдарына, бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыруға және медициналық қызмет көрсетудегі үрдістердің айқындылығына негізделінген, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құруды алдына мақсат етіп қояды. Бағдарламаның міндеттері:

1) шынайы шығындар төлемімен, стационарлық және стационар алмастырушы көмек аясында, тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің бірыңғай төлемшісін құру;

2) соңғы нәтижеге бағытталған, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қаржыландырудың жаңа үлгісін енгізу;

3) денсаулық сақтау субъектілерін басқарудың заманауи ұстанымдарын енгізу, салалық статистиканы және электрондық ақпараттық жүйені дамыту;

4) аккредитация жүргізу, денсаулық сақтау субъектілерінің ішкі аудиті мен медициналық қызмет сапасының тәуелсіз сараптама жүйелерін дамыту;

5) соңғы нәтижеге бағытталған, дифференциалды еңбекақыны жетілдіру.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру негізгі үш бағыт бойынша іске асырылады:

1) денсаулық сақтаудағы әкімшілік реформаларды жүргізу;

2) медициналық қызмет сапасын үздіксіз арттыру;

3) денсаулық сақтауды қаржыландыруды жетілдіру;

екі кезең ағымында:

1 кезең – 2010 жылдан 2015 жылға дейін – психиатриялық, жұқпалы және туберкулез ауруларынан басқа, ауруларды емдеу кезіндегі стационарлық және стационар алмастырушы көмек аясында, тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің бірыңғай төлемшісін құру;

2 кезең – 2016 жылдан 2020 жылға дейін – жеке және қоғамдық денсаулыққа мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілік балансын тұрақтандыру.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасында 10 слайд

Әдебиеттер:

1. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 б.

2. Аканов А.А., Тулебаев К.А., Айтжанова Г.Б. Руководство по формированию здорового образа жизни, профилактике заболеваний и укреплению здоровья. – Алматы, 2002. – 250 б.

3. Отношение населения к своему здоровью и системе здравоохранения: результаты социологического исследования/ под ред. Г.Нокиной, В.Гуревич. – Алматы: «Фонд XXI век», 2002. – 220 б.

4. Применение методов статистического анализа для изучения общественного здоровья и здравоохранения: Учебное пособие для вузов / Под ред. В.З. Кучеренко. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 256 б.

5. Сакбаев О.С., Вагнер А.В. Совершенствование методологии изучения и оценки здоровья. - Алматы, 1995. – 364 б.

6. Тульчинский Т.К., Варавикова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. – Иерусалим, 1999.– 1049 б.

7. Кодекс Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения»- Астана, 2009.

8. Конституция Республики Казахстан.

9. О здравоохранении в Республике Казахстан: Основные законодательные акты. – Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 182 б.

10. Сагиндыкова А.Н. Конституционно-правовые проблемы охраны здоровья граждан в Республике Казахстан. – Алматы, 1997. – 167 б.

Бақылау сұрақтары:

1. Халық денсаулығының сандық бағалау әдістері

2. Орташа өмір сүру ұзақтығын есептеп беріңіз

3. Денсаулық туралы, әдетті көздерінің артықшылығы мен кемшіліктері.

4. Денсаулықтың интегралдық көрсеткіштері

5. Денсаулық сақтау саласында, өмір сапасының ұлттық стандартын анықтау

6. Физикалық даму деңгеін анықтау

7. Физикалық дамудың сандық бағалаудың көрсеткіштері

8. Соматикалық типтер

9. Физикалық дамудың нормалары.

10. Физикалық дамудағы, ауытқудың қауіп факторлары

11. Денсаулық сақтау туралы, Қазақстан Республикасының негізгі заңнама актілері.

12. Денсаулықты қорғаудың конституциялық құқығының мәні

13. "Қазақстан 2030" стратегиясындағы денсаулық басымдылықтың мазмұны

14. Денсаулық сақтау туралы заңдармен қадағаланатын қарым – қатынастар

15. Денсаулық сақтаудағы заңнамалық басқаруды реттейтін, құқық салалары.

Құрастырған: б.ғ.к. Бигалиева Р.К.

1 тақырып. Халықтың денсаулығын нығайту. Ауруды алдын -алудың заманауи мәселелері. Туберкулез-ең басты әлеуметтік медициналық мәселе ретінде.

Мақсаты: Студенттер аурушылдықтың алдын -алудың заманауи мәселелерін білу қажет. Туберкулез ауруының ҚР медициналық-әлеуметтік маңызын және алдын алу жолдарын білу қажет.

Қазақстанда соңғы онжылдық ішінде жергілікті халықтың денсаулығы төмендеуде,соның ішінде маңызды эпидемиялық емес аурулар күшейуде. Бұның негізгі себебі қоғамда қарттардың көбейуі: ҚҒҰ (қоғамның ғылыми ұйымы) мамандардың болжамы бойынша 2010 жылы 7,7% құраса, алдағы жылдары 11% өспек, яғни бұл әртүрлі созылмалы аурулардың көбеюіне әкеледі. Мемлекеттің 2005-2010 жылдарға арналған денсаулықты сақтауды реформалау және дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижесі бойынша кейбір әлеуметтік маңызы бар аурулардың таралуы мен өлімі төмендеген. Мәселен соңғы 5 жылдағы мәліметтер өкпе ауруынан аурушылдық пен өлімнің төмендеуін (100000 тұрғынға есептегенде 1473-1055) көрсетеді. Бірақ осындай жеңістерге қарамай өкпе ауруы біздің еліміз үшін алғашқы проблемалардың бірі болып қалуда.

Анық, халықтың қоғами денсаулығы елдің өркениетінің даму деңгейіне, әлеуметтік- экономикалық деңгейіне, құқұқтық мәдениеті және азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілігіне байланысты. ДДҰ мәліметтері бойынша жергілікті халықтың денсаулығының қалыптасуына өмір сүру салты (50% шамасында), қоршаған ортаның жағдайы (18-20%), генетикалық фактор (20% дейін), медициналық көмектің сапасы және көлемі(10% шамасында) белгілі орын алуда. Бұл мәліметтер аурудың, өлімнің және басқа да көрсеткіштердің төмендеуі көп жағдайда өмір сүру салтымен байланысты екендігін айқындайды.

Жергілікті халықтың денсаулығын жақсартуда маңызды орынды кең ауқымды алдын алу шаралары алады, соның ішінде маңызды құрама бөлігі болып халықтың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және әр тұлғаның медициналық - әлеуметтік белсенділігін арттыру саналады. Сол себептен ауруды алдын-алу шаралары халық денсаулығын сақтау және нығайтудың негізі болып табылады.

Алдын-алу – аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені. Алдын - алу шаралары: жеке, топтық және қоғамдық болып бөлінеді.

Сонымен қатар денсаулық жағдайына, ауру қаупі фактілерінің болуына және адамда анық паталогиялардың болуына байланысты алдын алудың үш түрін анықтауға болады: алғашқы, екіншілік және үшіншілік. Кейбір авторлар өмір сүру образы, өндірістік және қоршаған орта, өмірдегі қызмет ережелерінің бұзылуынан ауруды пайда болуына әсер ететін қауіптіфакторлардың болмауына болдырмауға бағытталған алдын алу шарасын қосымша белгілейді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда басты роль оны насихаттау болып табылады.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатына – денсаулықты сақтау және нығайту, еңбекке қабілеттіліктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге, белсенді ұзақ жасқа жетуге бағытталған, ғылыми санитарлық- гигиеналық нормативқа негізделген, халық арасында гигиеналық тәртіпті қалыптастыру болып табылады.

Туберкулез- басты әлеуметтік медициналық мәселе.

Қазақстанда соңғы жылдары туберкулезбен ауру және өлу көрсеткіштері төмендесе де (100000 халыққа 2005-147; 2009 105,5 20,8 және12,5) бұл ауру біздің еліміз үшін әлі негізгі проблема. ДДҰ стандарттары бойынша, ауру эпидемияға сипатын қабылдайды егер 100000 халыққа 50 ауру келсе, яғни Қазақстанда эпидемиялық табалдырық екі есе асқан, ал кейбір аймақтарда 2-3 ке дейін артқан.

Қазақстан бәсекелестікке ықпалы бойынша әлемдік индекс ретингінде аурулық бойынша 94 ші орын (2007 жылы 130 орын) және туберкулездің бизнеске әсері бойынша 111 ші орынды алады.

Қазіргі уақытта планетамызда көптеген адамдар туберкулез қоздырғышын жұқтырған болып табылады.1995 жылы (алғашқы рет) әлемде 9 000 000 шамасында адам ауырып, 3 000 000-ға жуық адам осы аурудан көз жұмды. Туберкулездің микобактериялары қоршаған ортада ұзақ өмір сүретіні және ауру болған адамнан шыққаннан кейін көп уақыт өз күшін жоғалтпай айықпас дертке әкелетіні бәрімізге айдай анық. Туберкулездің микобактериялары ауа арқылы жұғады, сонымен қатар статистикаға сәйкес бір аурудан 15-20 адам дертке шалдығады

Бұл аурудың медициналық – әлеуметтік маңыздылығы арттырады егер соңғы уақытта ауру тобына жастардың ілінуін, 35-40 жас аралығындағы еңбекке жарамды азаматтардың жиі кездесуін есепке алатын болсақ.

Аурушылдық: ҚР туберкулездің алғашқы аурулығы 1000 халыққа шаққанда 1,5-1,6 құрайды.

Туберкулез аурулығының жоғарылауы әлеуметтік - экономикалық факторлардың б кешені әсер етеді: алдын алу шараларының сапасының және деңгейінің төмендеуі, дұрыс тамақтанбау, алкоголизмнің, нашақорлықтың көбейуі, тұрмыстық жағдайдың төмендеуі, жұмыссыздар мен баспанасыздар саны көбеюі және тағы басқа. Осы факторлар денсаулықтық әртүрлі көрсеткіштеріне және халық аурулығының деңгейіне, соның ішінде туберкулез аурулығына қолайсыз әсер етеді.

Әсіресе туберкулездің жағдайы, аурулық көрсеткіштері басқа популяциядан көрі едәуір жоғары және елімізде орта деңгейі 40 рет жоғары, пенитенциарлық мекемелерде қолайсыз. Бұл адамдар категориясы түрмеден шыққаннан кейін медициналық мекемелерге бармай инфекцияның таралу ошағы болып қалуда.

Бәрімізге белгілі өз уақытында табылып емделмеген туберкулез ауруының 50% созылмалы түрге айналады, мұндай аурулар өз дерттерін білмей туберкулездің микобактерияларын шығарып және қоршаған адамдарға жұқтырады.

Халық арасындағы туберкулез аурулығы шамалы, бірақ ылғи өсу тенденциясында. 2005-2009 жылға дейін аурулық 25% дейін өсті. Соңғы он жылдықта туберкулездің сипаттамасы- жоғары тұрақтылығы бар туберкулез микобактериясын туберкулезге қарсы препараттар емдейді.

Сол себепті ДДҰ туберкулезбен ауратындарға арнайы бағдарлама ойлап тапты. Туберкулезбен күресудегі ДДҰ-ның басты бағдарламасы DOTS (“Directly observed treatment,short course” ол қысқартылған жұмыстың химиотерапиямен қадағалануы”). Ол мынандай бөлімдерден тұрады: туберкулезбен ауратындарды анықтау, қақырықты микроскопиялық әдіспен зерттеу, анықталған ауруға екі этапттық химиятерапия тағайындау. DOTS- плюс туберкулезге қарсы күрес бағдарламасының қолданып жатқан шараларға қарамастан елімізде эпидемиологиялық жағдай әлі де ақсап тұр.

Туберкулезбен ауырып мүгедек болғандардың көбінің жұмысқа деген қабілеттіліктері төмендейді. Кейде эпидемиялық көрсеткіштеріне байланысты мамандықтарын да өзгертіп жатады. Сонымен қатар, туберкулездің ауыр түрімен ауырғандардың мәселесі қиындай түседі. Олар тек медициналық емес әлеуметтік көмекті қажет етеді. Ондай аурулар елімізде көп. 90-шы жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендеуіне байланысты туберкулезбен ауыратындар күрт көбейіп кетті.

Соңғы жылдары туберкулез ауруының өлім көрсеткіштері төмендеді. 1998 жылы өлім көрсеткіші 1000 адамға- 0,4 болса, соңғы жылдары 1000 адамға- 0,2- ден келеді.

Туберкулезден қайтыс болатындардың үлкен бөлігі жұмысқа қабілеттілігі жоқ болғандықтан, мемлекетке экономикалық шығын әкеледі. Көбінесе қиындық жұмыс істемейтіндерде, тұрақты тұрғылықты жері жоқ және түзету мекемелерінен келгендерде болады. Статистика бойынша пенитенциарлық мекемеден босатылғандар мен туберкулезбен ауыратындардың 60% ғана емін жалғастырады екен.

Туберкулездің алдын-алу сипаттамасы жан-жақты және ол тек денсаулық сақтау жүйесімен ғана емес, басқа да жүйелердің көмегіне мұқтаж. Туберкулезді дер кезінде анықтаудың маңызы зор. 2002 жылы туберкулезді алғаш анықтағанда 100 мың адамға- 184,8, ал 2006 жылы- 132,1 болған. Бірақ туберкулезбен ауырып, емдік профилактикалық мекемелерде есепте тұрғандардың саны 2002 жылы 100 мың адамға- 414,5, ал 2006 жылы 100 мың адамға -444,0 болды. Ерте анықтау алдын-алуда: профилактикалық тексеру, флюрографиялық зерттеуден, басқа да спецификалық және спецификалық емес шаралар атқарылады.

Әлемдік тәжірибемен біздің елдегі емдік профилактикалық ұйымдардың тәжірибесінің көрсетуі бойынша, емдік-профилактикалық мекемелердің ең тиімдісі- туберкулезге қарсы диспансер. Туберкулезбен ауратындарға, аурумен күресуге медициналық ұйымдармен қатар, басқа да ұйымдардың көмегі маңызды.

Спецификалық алдын-алу - бұл вакцинация және ревакцинация жүргізу. Санитарлық-профилактикалық шаралардың рөлі үлкен: ауруды дер кезінде анықтау ұйымы, көптеген тексерулер, туберкулездің инфекция ошағын емдеу, санитарлық жұмыс, ауруды жұмыспен қамтамасыз ету.

Ағзалардың реактивтілігін арттыру үшін макроорганизмнің туберкулездік инфекциясының қабылдауын төмендету үшін әлемдік өмір сүру жағдайларын жоғарлату және өмір сүру салтын бір қалыпты ету керек. Туберкулез ауруының белсенділігі төмендету үшін- мемлекет жағынан бациллотасмалдаушының- тұрғылықты жері, санаторлық-курорттық ем, дәрілік ем, амбулаторлық ем ақысыз болуы қажет. ДДҰ мәліметтері туберкулез ауруының 85%-на нақты жазылып шығу мақсатын қойған. 1995 жылдың басында 80 мемлекет DOTS бағдарламасын қолдануды қолға алған. Туберкулез ауруының басты мәселесі- олар, айлап-жылдап емделетін болғандықтан керекті мамандармен қатар, психолог, санторлық-курорттық емді қажет етеді. Елімізде 4335 санторлық орын бар, ал тіркелгендер саны 360 мың ауру, яғни 100%-дың 8% ғана қамтамассыз етілген. Бұл мәселенің шешілуі мемлекеттік туберкулезбен күресу бағдарламасы (2005-2010 жылдары) және «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы (2011-2020 жылдары) арқылы жүзеге асырылады.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасында 10 слайд.

Әдебиет:

1. Биғалиева Р.К., Исмаилов Ш.М.. Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару: Оқулық. — Алматы, 2001.-371 б.

2. Аязбаева А.Г. Медико-социальные аспекты основных групп болезней: Учебно-методическое пособие. – Алматы, 2005. – 55 б.

3. Медик В.А., Юрьев В.К. Общественное здоровье и здравоохранение (курс лекций). Часть І. Общественное здоровье. Москва. Медицина, 2003.-391б.

4. Миняев В.А., Вишняков Н.И. Общественное здоровье и здравоохранение. М.: «Медпресс-информ», 2003. -520 б.

5. Лисицын Ю.П.Общественное здоровье и здравоохранение. Москва. Медицина, 2004.-364 б.

6. Государственная программа развития и реформы здравоохранения Республики Казахстан на 2005 - 2010 годы.

7. Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан "Саламатты Қазақстан" на 2011 - 2015 годы. Указ Президента РК от 29 ноября 2010 года № 1113.

8. МуминовТ.А. Ракишева А.Н. Туберкулез в пенитенциарных учреждениях Казахстана.-2002г.

Бақылау сұрақтары:

1. Туберкулез - ең басты әлеуметтік медициналық мәселе ретінде.

2. Эпидемиологиялық аспектілері: аурушылдық, мүгедектік, өлім көрсеткіштері




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 1291; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.