КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Шет елдегі медицина 5 страница
- көрсетілген жеке қауіпсіздік ережелерін орындау; - көрсетілген іс-әрекет қағидаларын орындау; - физикалық дағдыланудың,демалыстың ұйымдастырылуын жақсарту; -әкімшілік және шаруашылық органдармен,мекемелермен және территориялардың және тұрғын үйлердің жетілдіруін,қауіпсіздікпен қамтамасыз етілуін жүргізу. Маңызды медико-әлеуметтік тапсырма болып, қайта қалпына келтіруші ем және бақытсыз жағдайларға орай науқастардың және мүгедектердің реабилитациясы. Нервтік-психикалық бұзылыстар. Созылмалы эпидемиологиялық емес аурулардың ішінде, әсіресе экономикасы дамыған мемлекеттерде нервтік-психикалық бұзылыстар маңызды орын алады. Медико-әлеуметтік маңыздылығы, науқастарға емдік-профилактикалық және әлеуметтік-заңды көмек ұйымдастыру мемлекет алдындағы үнемі үлкен мәселелердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік реадаптация және қоғамды максимальды түрде осы контингенттегі аурулардың әлеуметтік қауіпті әсерлерінен қорғау жөніндегі қиын тапсырмалар пайда болады. Басқа мемлекеттердегідей Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық түзілістер жұмысқа тұру жөнінде қиындықтар, материальды жеткіліксіздік, стресс және соңғы жылдары Республиканың тұрғындарында басқа да аурулардың көбеюіне әкелді. Әртүрлі тұрғындардың ішінде нервтік-психикалық аурулар жынысына, жасына, мекен-жайына байланысты ажыратылады. Ауыл тұрғындарына қарағанда қала тұрғындары бұл ауруға көбірек шалдыққан. Нерв жүйесінің ауруларымен көп дәрежеде ауыл тұрғындарына қарағанда қала тұрғындары шалдыққан. Ғылыми-техникалық прогресстің тұрақсыз өсуі, жылдам өмір ритмі, күнделікті стресстік жағдайлар, бұлардың бәрі қала тұрғындарының көбінесе нерв жүйесінің ауруларына шалдығуына әкеледі. Ауыл аймағының тұрғындары 2-2,5 есеге дейін нервтік-психикалық аурулармен аз ауырады. Халықтың «қартаю» процессінің әсерінен заңды түрде сенильды психоздардың пайда болуы мен таралуына әкелуі анық. Нервтік-психикалық аурулардың негізгі сипаты оның жыл сайын тұрғындарда «жиналуы» болып табылады. Оның себебі бұл аурудың летальдікке алып келуі төмен және өлімге алып келетін себептердің ішінде өте аз орын алады. Статистикалық анализ бұл аурудың біріншілік аурушаңдық динамикасы таралуына қарағанда бірнеше төмендігін көрсетеді. Әсіресе психоактивті заттарды қабылдаудың әсерінен пайда болған психикалық бұзылыстар жағымсыз жағдайлардың пайда болуына әкеледі. ҚР біріншілік психикалық аурушаңдық және іс-әрекеттік бұзылыстар психоактивті заттарды қабылдаудың әсерінен 2000 жылы – 1000 тұрғынның 2,9; 2001 жылы – 1000 тұрғынның 3,4; 2002 жылы – 1000 тұрғынның 4,2; 2003 жылы – 1000 тұрғынның 4,3 құрады. Егер 2001-2002 жылдары шамамен 12% өссе, 2000 жылдан 2002 жылға дейін аурудың өсуі 42,3% құраған және 2003 жылы осы сан сақталған. Психоактивті заттарды қабылдаудың әсерінен жасөспірімдердің арасында аурушаңдықтың өсуі тек 2000-2002 жылдары 36,6% құраған. Жасөспірімдердің аурушаңдығы, ПАЗ қабылдаудың әсерінен официальды статистика бойынша Алматы қаласы бойынша 2000 жылы 1000 адамға 1,7 деңгейінде тіркелген, 2001 жылы 1000 адамға 1,2; 2002 жылы 1000 адамға 1,3; 2003 жылы 1000 адамға 0,9 тіркелген. Денсаулық сақтау органдарының негізгі мәселесі Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» атты Кодексінде жазылғандай тұрғындарға психиатрлық көмек туралы ұжымдық-методикалық сұрақтар болып табылады. ЖЖБА медициналық -әлеуметтік мәселе ретінде. Жыныс жолдарымен берілетін ауруларға аурулардың үлкен тобы жатады (мерез, гонорея, трихомоноз, хламидиоз, уреоплазмоз және т.б.), олар «әлеуметтік аурулар» атты топты толтырып отырады. Көптеген ЖЖБА-дың қауіптілігі олардың жасырын ағымына байланысты, әсіресе бастапқы сатысында, яғни ол тек созылмалы ағымға ауысып қана қоймай, басқа да адамдарға жұқтырады. Бұл аурулардың айқын медико-әлеуметтік маңыздылығы әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық кезеңде қоғамда аурудың өсуі тек ересек адамдарда ғана емес, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерде анықталады. Қазақстанда XX ғасырдың соңында, әсіресе 90 жылдары венериялық аурулардың өсуімен сипатталады. ЖЖБА ішінде біріншілік аурушаңдықтың құрамында мерез бен гонорея ерекше орын алады. Сонымен, мерезбен біріншілік аурушаңдық 2002 жылы 100 мың адамға шаққанда ер адамдарда 128,4; ал әйел адамдарда 118,3. Гонококкты инфекциямен аурушаңдық: 2002 жылы ер адамдарда 113,1; әйел адамдарда-62,0. 2003 жылдан бастап әйелдер мен ер адамдарда аурудың төмендеу тенденциясы байқалады. Сонымен 2006 жылы мерезбен біріншілік аурушаңдық ер адамдарда-55,9; әйелдерде-51,4 болды. Гонореямен біріншілік аурушаңдық та 2006 жылы шамамен екі есе төмендеді және ол ер адамдарда-76,2; әйелдерде-35,3 болды. Бұл мәліметтер жынысқа байланысты нозологияда айырмашылық бар екендігін дәлелдейді. Венерологиялық ауруларды анықтау қиынға түсуінің себебі оны емдеу кең таралған және ешқандай тіркеусіз емдеуге болатын ұйымдардың болуы. Көптеген авторлардың жазуы бойынша соңғы жылдары балалар мен жасөспірімдер арасында ЖЖБА-дың саны өсуде. Бұл аурулар «іс-әрекет ауруы» деп бағаланады және олар көбінесе коммерсиялық секс жұмысшыларында, яғни қауіпті сексуальды іс-әрекетімен айналысатын адамдарда кездеседі. ЖЖБА-дың әлеуметтік-гигиеналық маңызы ЖЖБА-мен ауырған адамда бедеуліктің, құрсақішілік ұрыққа жұғуымен, репродуктивті денсаулықтың тұрақты бұзылыстарымен сипатталады. ЖЖБА-дың профилактикасы аурудың тұрмыстық контакты (қолмен амандасу, сүйісу, босану кезінде және т.б.) арқылы жұғуына байланысты қиындау келеді. Сондықтан аурудың негізгі профилактикасы іс-әрекеттің тұрақты ережелерін сақтауға байланысты жұқтыру қаупінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасында 10 слайд. Әдебиет: 1. Биғалиева Р.К., Исмаилов Ш.М.. Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару: Оқулық. — Алматы, 2001.-371 б. 2. Аязбаева А.Г. Медико-социальные аспекты основных групп болезней: Учебно-методическое пособие. – Алматы, 2005.- 55 б. 3. Медик В.А., Юрьев В.К. Общественное здоровье и здравоохранение (курс лекций). Часть І. Общественное здоровье. Москва. Медицина, 2003.-391б. 4. Миняев В.А., Вишняков Н.И. Общественное здоровье и здравоохранение. М.: «Медпресс-информ», 2003. -520 б. 5. Лисицын Ю.П.Общественное здоровье и здравоохранение. Москва. Медицина, 2004.-364 б. 6. Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан "Саламатты Қазақстан" на 2011 - 2015 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 29 ноября 2010 года № 1113. 7. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение.-С.-Петербург, 2000.– 914 с. 8. Кодекс РК «О здоровье народа и системе здравоохранения» Астана, 2009 г. 9. Статистический сборник. Состояние здоровья и здравоохранения РК 2009 г. Бақылау сұрақтары: 1. Жарақаттанушылық медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде. 2. Жарақаттанудың негізгі түрлерімен оның алдын-алу шаралары. 3. Жарақаттанудың пайда болуына әсер ететін медициналық-әлеуметтік жағдайлар. 4. ҚР-да халық арасындағы жарақаттану салдарынан болған аурулық, мүгедектік және өлім-жітімділіктің алатын орны және маңызы. 5. Жарақаттанудың деңгейін төмендету мақсатында әртүрлі алдын-алу шараларын ұйымдастыру мен іске асыру. 6. Тыныс алу жүйесі ауруларының өлім деңгейінің аймақтық таралу ерекшеліктерін анықтау. 7. ҚР-да тыныс алу жүйесі ауруларының ауруларымен аурушылдығының деңгейі мен даму үрдісі 8. Психикалық бұзылыстар ҚР медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде. 9. Эпидемиологиялық аспектілер, өлім-жітім. 10. Жастық - жыныстық, аймақтық ерекшеліктері: деңгейі, қозғалысы, құрамы. 11. Уақытша еңбекке жарамсыздық, мүгедектік. 12. Психикалық бұзылыстардың қауіп факторлары және алдын алу стратегиялары. 13. Жыныстық жолмен берілетін індеттер медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде. 14. Жыныстық жолмен берілетін індеттердің эпидемиологиясы, жастық - жыныстық және аймақтық ерекшеліктері. 15. Жыныстық жолмен берілетін індеттердің медициналық және әлеуметтік салдары. 16. Жыныстық жолмен берілетін індеттердің күресуді ұйымдастыру. Құрастырған: б.ғ.к. Бигалиева Р.К. 1 тақырып. тұрғындарҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ көмекті ұйымдастыру. Ауыл тұрғындарына медициналық көмекТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, міндеттері, ҚҰРЫЛЫМЫ. Мақсаты: Студенттер халыққа медициналық көмекті ұйымдастырудағы негізгі ұстанымдарды, медициналық ұйымдардың номенклатурасын, олардың құрылымын, жұмыс әдістерін білулері тиіс. Студенттер ауыл тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру жүйесін, құрылымын және ауылдық медициналық мекемелердің функциясын білулері тиіс. Халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру денсаулық сақтау жүйесімен жүзеге асырылады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексында халыққа медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары бекітілген. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту келешегі мен медициналық көмек сапаын жақсартуға арналған шаралар 2008 жылдың 23 желтоқсанында №1213 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген, 2009-2011 жж. арналған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық жоспарына сәйкес жүргізіледі. Денсаулық сақтау – азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған медициналық, әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да шаралар жиынтығы. Денсаулық сақтау жүйесі – қызметі, денсаулығын қорғауға және медициналық көмек алуға азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде келесі денсаулық сақтау ұйымдары жұмыс жасайды: 1) алғашқы медициналық-санитарлық және кеңестік-диагностикалық көмек көрсететін ұйымдар; 2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар; 3) жедел медициналық көмек көрсету ұйымдары; 4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы аясындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары; 5) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары; 6) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар; 7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары; 8) соттық медицина, қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да денсаулық сақтау ұйымдары. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады. Денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік секторы мемлекеттік меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарынан, денсаулық сақтау ұйымдарынан, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарынан тұрады. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары жүйесінің мемлекеттік нормативі 2009 жылдың 15 желтоқсанындағы №2131 Үкімет Қаулысымен бекітілген. Денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік емес секторы жеке меншік құқығына және де жеке меншікпен айналысатын жеке тұлғаларға, сонымен қатар жеке медициналық тәжірибемен айналысатын жеке тұлғаларға негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарынан тұрады. Денсаулық сақтау жүйесінің қызметіне мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік бақылауды денсаулық сақтау саласындағы құзыретті орган – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады. ҚР Кодексінде халықтың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясат ұстанымдары анықталынған,сонымен қатар негізгі медициналық көмек түрлері, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі бекітілген: - денсаулықты қорғау аясындағы азаматтардың құқықтарын сақтау және оларды мемлекеттік кепілдемемен қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат ұстанымдар негізінде жүргізіледі: 1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмекті тең құқылы түрде алуын қамтамасыз ету; 2) мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтың индивидуалды және қоғамдық денсаулықты сақтауға және нығайтуға ортақ жауапкершілік таныту; 3) ана мен баланы қорғау; 4) сенімді ақысыз медициналық көмекпен қамтамасыз ету; 5) профилактикалық бағыттың денсаулық сақтау жүйесі жұмысындағы басымдығы; 6) медициналық көмектің қол жетімділігі; 7) медициналық көмек көрсету сапасының тұрақты жоғарылауы; 8) халықтың жағдайын санитарлық – эпидемиологиялық жақсартуды қамтамасыздандыру; 9) медициналық көмек кезіндегі денсаулық сақтау ұйымының қолдануға болатын іс-әрекеттері; 10) жаңа заманғы оқу технологиясын қолдана отырып, медициналық және фармацевтикалық білімдердің қолдануы мен шексіздігін қамтамасыз ету; 11) отандық медицина ғылымдарына мемлекеттік қолдау, ғылымның, техниканың және денсаулық сақтау саласындағы дүниежүзілік тәжірибенің алдыңғы қатарлы жетістерін енгізу; 12) өз еркімен донорлыққа келіскендерге қолдау көрсету; 13) отандық заттарға мемлекеттік қолдау және бәсекеге түсе алатын медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіптерді дамыту; 14) қоғамдық ұйымдардың азаматтардың денсаулықты қорғау құқықтарын қамтамасыз етуіне қатысуы; 15) халық қажеттіліктері мен мұқтаждығын қанағаттандыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағыттылығы; 16) салауатты өмір салты мен тамақтануды дұрыс құруына көмектесу; 17) халық денсаулығын, қауіпсіздігін, дәрілік заттардың сапасы мен тиімділігін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес мемлекет азаматтарға: 1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға; 2) алғашқы медициналық-санитарлық көмекті алудағы теңдік; 3) мемлекеттік және жеке меншік емдеу ұйымдарында, сонымен қатар жекеше медициналық тәжірибемен айналысатын жеке тұлғалардан ақылы медициналық көмек алуға; 4) санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық; 5) дәрілік заттармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге; 6) бірыңғай ұлттық стандарттар бойынша тегін және ақылы негізде көрсетілетін медициналық көмектің сапасы, мазмұны мен көлемі; 7) медициналық және дәрігерлік көмек көрсетуде, фармацевтикалық өндіріс және жүзеге асыруда кәсіпкерлік қызмет еркіндігінің құқығына кепілдеме береді Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз етудің кепілдіктері 1) медициналық көмек; 2) зертханалық диагностика; 3) патологиялық-анатомиялық диагностика; 4) қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет; 5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет; 6) қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет; 8) денсаулық сақтау саласындағы сараптама; 9) осы Кодексте тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жүзеге асырылады. « Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережелері анықталды:
Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 1762; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |