КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Арахандар мемлекеті 2 страница
Бұл сөздерден кейін хазарлар қағаны Фараби ибн Кораны құшақтап, халықтың исламды қабылдағаны туралы жарлық шығаруға бұйырды.
Лекция тақырыбы: Салжұқтар мемлекеті
Жоспары: 1. Ұлы салжұқ мемлекетінің құрылуы 2. Ішкі және сыртқы саясаты 3. Кіші Азиядағы Салжұқ мемлекеті
Лекция мақсаты: ХІ ғасырда Азияның батысында алғаш құрылған түркі мемлекетін негізінде тарих сахнасына шыққан салжұқ мемлекетінің құрылу тарихы, ішкі және сыртқы саясаты, мемлекеттік құрлымы және салжұқтардың әлем тарихындағы орнын жан-жақты айқындап көрсету.
Лекция мәтіні: «Түркия тоғыз ғасыр бойы Еуропада түрып келеді. Түріктер әуелде Анадолыда тамыр жайды да, кейін Бұл олардың басты қоныс-өрісіне айналды. Анадолының өзі - ежелгі өркениет ошағы. Археологиялық қазбалар өркениет дамуының алғашқы қауым мен қола дәуірінен бастап, оның кейініректегі дамыған сатыларына дейінгі күллі кезендерінің болғанын дәлелдеп, дәйектеп береді. Кіші Азияда, Анадолыда пайда болған Хеттер мемлекеті ең ескі мемлекет болып табынады. Оның өмірі онша үзақ болмаса да, артына өжептәуір мөдени із қалдырды. Ол құла-ғаннан кейін Анадолы үзақ уақыт өз тәуелсіздігінен айыры-лады. Оның жері үдайы: әуелі парсылардың, сонан соң грек-римдердің жортуын-жорығынан көз ашпады». Византияда империя құралған соң ғана оның тәуелсіздігі қалпына келтірілді, бірақ батыс, шығыстың жортуыл-жорықтары бір толастамады. Түріктердің алғашқы ата қонысы Анадолы жерінде 1071 жылы Маласкерт шайқасынан кейін пайда болды. Сүлтан Осман 1299 жылы жаңа мемлекеггің негізін тап осы арада қалайды. Алғашқы кезде ол шағын ел болады, ал Византия империясы әлсіреген сайын оның иелігіндегі жерлер де кеңейе түседі. Хеттер сияқты түріктер де Анадолының Саяси және моральдық бірлігін нығайтуға көп көңіл бөлген. Кіші Азиядағы түріктер түркі тілінде сөйледі. Түріктің көпшілігі мүсылман-суннит дінін үстайды. Түріктің этникалық құра-мы, негізінен екі топтан: селжуктар кезінде XI-XIII ғасыр аралығында Орта Азия мен Ираннан Кіші Азияға қоныс аударған түркілердің көшпелі тайпаларынан (негізінен Оғыздар мең Түрікпендер) және Азияның түрғын халқынан құралған. Түрікгің біраз бөлігі Кіші Азияға Балқан арқылы (уздар, печенеггер) өтті. Түрікгің тарихы жайында ежелгі жазба деректің ең құндысы - армян деректері. Мовсес Хоренацидің (V ғ.) «Армян тарихы» мен VII ғасырдағы армян «Географиясында» Түрік тайпаларының Кавказ сырты мен Кіші Азріяның шығыс аймағына қоныс аударуы жазылады. Мовсестің «Агван тарихында» сувер мен хазарлардың Кавказ сыртымен, Кіші Азия халықтарымен қатысы баяндалған. XI-XIII ғасырлардағы армян жазбаларында оғыздар түрікмеңдердің селжук шапқыншылығы кезінде Кіттті Азияға өткені жазылған. Сонымен қатар түрік жайында араб, иран, грузин, түрік тілінде жазылған шығармалар өте көп. Әсіресе Селжук мемлекетінің тарихы жайындағы Ибн-Биби еңбегін, монғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңді көрсе-тетін Ақсарай жылнамасы - Түрік үлтының қалыптасуын айқын көрсететін еңбектер. Бүған қоса Осман тарихна-масының алғашқы шығармаларының бірі - Языджиоглу Али жазған «Оғызнама» немесе «Селжукнама». Бұл шығармада Рашид-ад-Диннің еңбегі пайдаланылған. Түркі тайпаларының құрамы, орналасуы жайында түрік тарихшысы А.Р.Алтынай-дың Осман империясының архив құжаттарын пайдаланып жазған еңбегіңде құнды деректер бар. Түрік құрамы жайывда Еуропа саяхатшысы Г.Рубрук пен Марко Поло жазбаларында құнды деректер бар. Ф.Демирташ Осман империясының XV- XVIII ғасырлардағы архив құжаттарынан Кіші Азиядағы Түрікмен тайпалары туралы мол дерек тапқан. Мүнда Махмуд Қашқари, Рашид-ад-Дин, Әбілғазы жазбаларындағы тайпа атауларыныд бәрі кездеседі. Оғыз-түрікмен тайпасынан өзге қарлұқ, қыпшақ, чигиль (шігіл), үйғыр, аққойлы, Агачері, Күман, Хазар т.б., тайпалар да аталады. Түрік этногенезінің қалыптасуына әр кезендерде Араб, Күрт, Рум (Рим) т.б. халықтарының да қатысы болды. XIV-XVI ғасырлардағы Түрік жорықтарына байланысты олар Балқан мен Кипрге енді. Түрік халықтарының қалыптасуы шамамен XV ғасырда аяқталды. Түріктердің құрамында түрік, түрікмен, тахтадж, абдал, зе.йбек т. б. этнографиялық топтар бар. Бұлардың біраз бөлігі көшпелі, жартылай көшпелі болып тіршілік етеді, басым көпшілігі малшы болды. Өзгелері отырықшылыққа айналды. Шыңғыс хан әскерлерінің Түркістанды жаулауға келе жатқанын естіген Сүлейман есімді бір әскер басы басқа халықтармен бірге өз жақындарын ертіп көшіп кетеді. Сүлеймен езеннен өтіп бара жатып, ат-матымен суға кетеді. Оның Ерторғыл атты ұлы қалады. Әкесінің сапарын ары қарай жалғастырып, Рум тарапына жүріп кетеді3. Ерторғыл өз серіктерімен күндердің күнінде бір тау аңға-рына келіп жетеді. Осы жерде екі әскер қарама-қарсы үшырасып қалады. Қарсы жолыққан әскер соғыста жеңіліп келе жатқандықтан, Бұларды көріп тағы да қашуға әзірленеді. Сол сөт Ерторғылдың оларға жаны ашып, жаралыларына көмек көрсету үшін керуеннің алдына шығып тоқтады. Кімнің пайдалы, ьсімнің зиянды екенін ойлап жатпастан, әлсіреп келе жатқан әскерлерге көмек көрсетеді. Соның арқасыңца жеңіліп қашын келе жатқан жақ қайта күш жинап, жеңіп қуып келе жатқандарға қарсы соғысып, оларға күйрете соққы береді. Алғашқы соғыста жеңілгендер - селжук түркілері, ал қуғыншылар монғол-татарлар еді. Осындай себеппен әлсіздері әлділерді жеңіп шығады. Өздеріне көмек көрсетіп, жаудан құтқарғаны үшін селжук түркілері әсіресе, олардың патшасы Ғиясалдин Көксары Ерторғыл мен оның серіктерін адал дос ретінде қабылдап, оларға Анкаражақтан қоныс береді. Түріктер ездеріне берілген жерге орналасып, малын бағып, тіршілік етеді. Әр уақыт селжук түріктерімен бірге жорыққа аттанып, оларға қызмет керсетеді. Сөйтіп Селжук мемлекетінің біраз өмір сүруіне септігін тигізеді. Осы селжук түркілері Константинопольдік румдерге шабуыл жасап, Константинополь қаласын тартын алын, астана етеді де, Селжук өкіметі атты Түрік мемлекетін құрады. Бұлардан басқа Иран селжуктері атты тағы бір түрік өкіметі бар еді. Осман мемлекетінің негізін құрушы Түркия сүлтандарының атасы Осман хан осы Ерторғылдың ұлы болатын. Ерторғыл 1281 жылы қайтыс болады. Осман хан түрік шейхтарының ішіндегі ең бір сыпайы, білімді кісісінің Малхатун атты қызына үйленеді. Осы өйел-ден атақты Орхон сүлтан туады. Осман хан осы ұлы Орхон-ның басшылығымен Бурса қаласын басып алады. Жеңістің соңынан Осман хан халыққа соңғы өсиет, аманаттарын айтын, қайтыс болады. Өзінің төж-тағының Бурсаға көшірілуі және оның астана болуы керектігін сол өсиетінде айтып кетеді. Бурса қаласының османдықтар тарапынан басып алынуы әлемдегі ұлы оқиғалардың бірі болды. Сол себепті Осман түріктердің даңқы шығып, беделі артты, іргелі үлкен мемлекеттердің қатарына енді. Бурса қаласы ол кезде әсем қала болған. Дөл осы гүлденіп түрған шағында ол исламның орталығы болды, Осман түріктерінің астанасы осыңда ауысты. Осман хан жігерлі, заманына лайық білімдар, көреген, дүниеге қызықпайтын қанағатагын, діндар адам болған. Оның өте кедейлікте өмір сүргеніне жүрттың көзі қайтыс болған кезінде әбден жетеді. Артына қалдырған ешқандай жеке дүние-мүлкі болмаған. Осман хан 1326 жылы 20 шілдеде 70 жасында қайтыс болды. Қабірі Бурса қаласындағы Манастыр деп аталатын орынға жерленген.2 Түрік халқының калыптасуы мен мемлекетінің нығаюында түркі тілі шешуші рөл атқарды. Түрік (ескі аты - Осман тілі) - түрік халқының тілі. Түркиядан басқа Жерорта теңізі мен Балқанға тараған. Бұл тілде 60 миллиондай (1992 ж.) адам сейлейді. Ол түркі тілдерінің оғыз тобына жатады. Негізгі екі диалектілік топқа: Батыс немесе түрік-дунай тобына және адакалий, адрио-нополь, босния, македон диалектілері мен Шығыс Анатолия (айдын, измир, караман, конии, сивас) диалектілерін бірік-тірген топқа бөлінеді. Қазіргі түрік әдеби тілінің негізі болған Анкара говоры мен Кипр диалектісі де шығыс Анатолия тобына кіреді. Түрік тілінде жалпы түркі тілдеріндегі сияқты фонетикасындағы дауыстыларда сингарманизм заңы, дауыссыздарда ассимилияция заңы сақталған. Түрік тілінің негізгі сөздік қоры түркі тілдерімен төр-кіндес. Қазіргі түрік өдеби тілінің нормасы XX ғасырдың 30-50 жылдарында орнықты. Алғашқы жазба ескерткіштері XIII ғасырға жатады. Жазу ісінде 1928 жылға дейін араб алфавитін қолданды. Ал 1928 жылдан бастап латын алфавитіне көшті. Түрік халқының қалыптасуы мен нығаюында түркі тілі орасан зор рөл атқарғаны туралы Мүстафа Кемәл Ататүрік былай деді: «Түркия мемлекетін құрған - түрік халқы, түрік үлты. Түрік үлты деген сөз - түрьсі тілі деген сөз. Түркі тілі - түрік үлтының қасиетті қазынасы. Өйткені, түрік үлты өткеңцегі шексіз бақытсыздықтардың ішінде өзінің адамгер-шілігінің, дәстүрінің, естеліктерінің, мүлделерінің, қысқасы, бүгін өзін үлт ретіңце қалыптастырған барлық қасиеті тілінің арқасында сақталғанын көріп отыр. Түркі тілі - түрік халқының жүрегі, ақыл-ойы»'. Қорыта келгенде, Түрік мемлекеті XIV ғасырда Кіші Азия жеріңде үйымдасты. Бұл әскери-феодалдық мемлекет бодцы. XIV-XVII ғасырдың I жартысында оның жер аумағы кеңейді. Бұдан бүрын ежелгі заманда және ертедегі орта ғасырларда түрлі мемлекеттік бірлестіктердің - Хетт патшалығының, Мидияның Ахемен әулеті билеген мемлекеттің, Александр Македонский державасының, Селевк әулеті билеген мемле-кеттің, Цонтий патшалығының, Пергамның, Римнің (ежелгі), Византияның, Коний сүлтандығының тағы басқа мемлекет-тердің құрамына кірді. Түріктер Византияның Анатолиядағы соңғы иеліктерін 1326 жыны Бурсаны (Түріктің алғашқы астанасы болған) алды. XI ғасырдың 70 жыдцарында Кіші Азияда түрік-селжуктар құрған Иконий (Румск) сүлтанаты Византия шекарасына қатты қысым жасады. Византия императоры I Мануил орасан мол қолмен түрік-селжуктарға қарсы шықты. Бірақ ол Мирнокелфал түбінде быт-шыты шығып талқандалды. Империя өзінің барлық шекараларында қорғанысқа көшуге мөжбүр болды. Осы жеңілістен кейін Византия мемлекеті XII-XVI ғасырларда құлдыраған үстіне құлдырай берді. Үнемі болып түратын феодалдық өзара қырқысулар мен тақ үшін күрес, орталық өкіметтің өлсіреуі, халықтың күйзелуі, финанс тәртібінің бүзылуы және армияның әлсіреуі, міне, империяның ішкіжағдайы осывдай еді. Оның сыртқы саяси жағдайы да күрт нашарлап кетті. XIII ғасырдың аяғынан бастап Византияның нағыз қатерлі жауы - түрікгер - османдар болын, олар оны Кіші Азиядан ығыстырып шығара бастады. 1331 жылы Никеяны қаратып алумен байланысты түріктердің Византияның ІСіші Азиядағы иеліктерін жаулап алуы аяқталды. Осман мемлекетін құрушы Түркия сүлтандарыныц атасы Осман хан (Ерторғылдың ұлы) екесі қайтыс болғаннан кейін өз қауымының басшысы болды. Әкесі Ерторғын тірі кезінде-ақ селжуктармен тату болып, олардың дүшпаңдарына қарсы соғысқан. Сол дәстүрді сыйлап, селжук ханы Ғияселдин Масғд бүған көп жер, су береді және сол жақтағы халықтарға әмір етіп қояды. Селжук түркілерінің 15-ші ханы Ғаллаләлдин Кейкібатты Ғазанхан әскері түтқынға алады да, мемлекет басшысыз, мүлде басқарусыз қалады. Заңға қарсы заңсыз-дықтар бас көтереді. Сол үшін Селжук түркілері өздеріне Осман сүлтанды хан сайлайды. Және оған мемлекет мекемелерін тапсырады. Осы күннен бастап Анатолы жеріндегі ұлы Селжук мемлекеті Осман хан есімімен аталады. Бірте-бірте Селжук есімі үмытылады. Осман мемлекеті осылайша 1300 жылы құрылды. Қайсы ай, қайсы күні екені нақты болмаса да, мөлшермен маусым айының 9-ы күні деуге болады. 1352 жылы түріктер Дарданеллдің Еуропалық жағалауын-дағы маңызды тірек пункт Цимпе қамалын, ал 1354 жылы Галлиполи қаласын қаратып алады. Осман түріктердің Балқан түбегіндегі жаулап алулары басталады. Византия мемлекетінің ішкі құлдырауын пайдаланған түріктер Византияның Балқаңцағы Еуропалық аймақтарын жаулауға кіріседі. 1363 жылы сүлтан I Мурад Андрианопольді алады да, бүған өз астанасын көшіреді3. 1369 жылы түріктер Андриа-нопольді басып алып, оны одан ары шабуыл жасаудың базасы етеді. Болгариядағы феодалдық өзара тартыстар, оның ХІҮ ғасырда үш дербес мемлекетке бөлінуі, Сербияның бірнеше дербес өзара қырғи қабақ феодалдық иеліктерге бөлініп кетуі түріктердің тез жылжып кіруіне, сөйтіп олардың Балқан түбегіне орнығып алуына мүмкіндік туғызды. 1389 жылы 15 шілдеде Косов жазығында сербтер мен түріктердің арасында үлкен шайқас болады. Бұл шайқаста сербтер түріктерге қарсы жақын көршілес елдердің көмегінсіз жалғыз шықты. Сербтер жеңілді, сербтердің князі Лазаре қаза тапты. Түріктер әлі де Сербияны түбегейлі жаулап алмағанмен, Сербтердің осы жеңілісі түріктердің Балқан түбегінің бүкіл шығыс жөне онтүстік-батыс жағына қожалық жүргізуіне қол жеткізді. Бұл қожалық ету 1390 жылы 29 жасында таққа отырған Мурад Құдававдигардың баласы Иылдырым Баязит (1360-1 403 ж.) кезінде іске асты. Баязит бүған дейін талай қанды соғыстарга тікелей араласып, ерлігімен көзге түсіп үлгерген еді, яғни болашақ тақ мүрагері көпшіліктің құрметі мен сүйіспеншілігше әбден бөленген болатын. Соғыс майдандарында көрсеткен тамаша ерлігі мен шапшандығына, сүйсінгендер оған Иылдырым (Найзағай) деген лақап ат берген болатын. Иылдырым патшалық таққа отырысымен іске бірден кірісіп кетті. Сайлаулы сарбаздарын жасақтап, рум еліне жорыққа аттандырды. Балқандағы жеңісті жорықтарын аяқтасымен Анатолыға оралып, ісін жалғастырды. Бұл түста Анатолыда дара билік жүргізіп түрған Айдынүлдарына, Саруханүлдарына, одан кейін Мептеше бектігіне шабуылдап, өзіне қаратты. Осыңдай сәтті жорықтарын жалғастыра отырып, әйгілі Қараманүлдарына шүйлікті. Кония, Нигде, Ақшақар және Ақсарайды бағындырғаннан кейін көптен бері бүра тартып, Бұлік шығарып келген Қараманүлдарын тізе бүктірді. 1391 жылы Ефлақ бектігінің опасыздықпен жасаған Бұлігін жаныштап, Рум елін біржола өзіне қаратты. Дәл осы кезде Анатолыда қайтадан бас көтерген Қараманұлы Алаедин Әлиді тынынггандыру үтттін аттың басын кері бүруға мәжбүр болды. Қараман бегі өлтірілгеннен кейін жағдай женге келді. Осыдан кейін шығыс аймақта өрекпіп, атойлап жүрген басбүзар Қади Бүрханелдиннің кеудесін басуға кірісті. Тоқат, Сивас, Қайсари жөне оның айналасын Османлы иелігіне біржола қосып, өрісін кеңейтті. Анатолыдағы үлкен жеңістерімен шабыттанған жас патша Османлы елінің төніндегі қанды жарадай сыздап келген Византия империясын жоқ қылу мақсатымен Станбулға кіруге дайындала бастады. 1391 және 1392 жылдары екі рет Станбулды қоршай шабуылдады. Екінші рет қоршау соғысында бүғаздың Анатолы жақ жиегіне тамаша қамал (Анатолы қамалы) салғызды. Бұл жағдай византиялықтардың халын мүшкілдендіріп жіберді. Румдіктер Станбулды аман сақтап, Византия империясына қолдау көрсету мақсатымен тағы да крестшілер жорығын үйымдастыруға кірісті. Ақырында Мажарстанның Патшасы Сигизмундтың қол астына 130000 адамдық қалың қол жинап беріп, жорыққа аттандырды. Мажарстан, Франция, Англия, Полына, Венедік, Норвегия, Родос, Италия, Ефлақ және Папаның өз әскерін қоса есептегенде жер қайысқан қалыд қол жолында кезіккенді қырып-жоя, ертей отырып Нигболға дейін жетті. Доған бек деген түрік қолбасы қарамағындағы шағын әскерімен Нигбол қамалын жан аямай қорғап түрды. Сондай қиын-қысталаңда аты затына сай Баязит хан найзағайдай жарқылдап қамалды қорғаушыларға көмекке келіп үлгерді. Өліспей беріспейтін екі армия 1396 жылдың 25 қыркүйегінде бетпе-бет кездесті. Тарихтағы ең зор қанды шайқастың бірі болып саналған осы айқаста крестшілер ауыр жеңіліске үшырап, быт-шыт болады. Сигизмунд патша өзінің қара басын әрең қорғап, алды-артына қарамай қашады. Жеңісті жорық одан кейін де жалғаса берді. 1398 жылы Станбулды тағы қоршауға алды. Бұл кезде Византиялықтардың үміті үзіліп, күдер үзе бастаған еді. Бір өкініштісі - осындай бір алмағайып, шешуші кезеңге жеткенде, шығысты шандатқан Ақсак Темірдің қалың қолы төніп келе жатты. Аса құдіретті түркі империясының негізін қалап, дүниені дүр сілкінтіп түрған Темір сынықты сылтауратып Османлы жеріне басып кірді. Сивасты талқандап, Анкараға төнеді. Бұл жағдайдан хабар алған Иылдырым Баязит Станбулды қоршауын тоқтатып, асығыс Анкараға қайтады. Түркілердің екі жеңімпаз армиясы 1402 жылдың 20 шілдесінде Чубук даласында бетпе-бет кездесіп, соғысқа кіріседі. Қанды соғыстың ақырында османлы әскері жеңіліп қалады. Османлы империясының ұлы патшасы Иылдырым Баязит түтқынға түседі. Оның әскери қолбасынары мен балалары майдан даласынан кетуге мәжбүр болады. 1402 жылы Осман державасы Анкара түбінде Темір әскерінен ойсырай жеңілгеңціктен, Византия жарты ғасырға өзінің өмірін ұзартты. Сұлтан Баязиттің балалары арасында тақ үшін болған (1415-1418 ж.) күрес Византиядан түркі-лердің назарын біраз уақытқа аударып әкетті. Алайда 1422 жылы түріктер Константинопольге шабуыл жасап, басып алуға тырысты. II Мурад сүлтан Кіші Азиада Осман ақсүйек-терінің Бұлігі тағы басталған соң қоршауды тастап кетті де, Византия, Македония мен Фракиядағы бірсыпыра қалаларды түріктерге беруге мәжбүр болды және бір кездегі иеліктерінің болмашы бөлігін ғана сақтап қалды. 1430 жылы түріктер Византияның ең ірі экономикалық орталығы Фессолониканы басып алды. Сонымен, Түріктер Болгарияны толығымен жаулап алып, болгардың Тырново патшалығын, онан кейін қалған екі болгар мемлекетін өзіне бағындырды. Қалжыраған Сербия мен Болгария түріктерге айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Содан соң түріктер Константинополь төңірегін түрік иеліктері етіп қаратып алды. 1452 жылдың жазында түріктер Константинополъды басын алу үшін тікелей әзірлікке кірісті. Олар оны сыртқы дүниеден Аса маңызды қамалдарды қорғау шетедцік жалдамалыларға тапсырылды.Константинопольге қарама-қарсы Алтын мүйіз шығана-ғының солтүстік жағалауында орналасқан Генуя отары Галатаның басшылары қаланы қоршап алғанға дейін-ақ II Мехмедпен өздерінің сауда артықшылықтарын сақтап қалу жөнінде келіссөз жүргізіп, түрік әскеріне жасырын түрде көмек көрсетіп отырды. Осының бәрі жиналып, халықтың бір бөлігі түріктерге ерлікпен қарсылық көрсеткеніне қарамастан, Констан-тинополь 1453 жыны 29 мамырда түрікгердің үдере шабуылы-мен алынды және үш күн бойы тоналды. Византияның соңғы императоры Константин XI Палеолог (1449-1453 ж.) шайқас үстінде өлтірідці. Константинопольдің құлауымен Византия империясы да өмір сүруін тоқтатады. Константинопольдің атын Стамбул (Истанбул) деп өзгертіп, Осман империясы астанасын осында көшірді. Түркия Осман империясы болып жарияланды. Константинопольдан соң іле-шала түріктер бұрынғы Византия мемлекеіінің Орта Грециядағы және Пелопеннестегі басқа аймақтарын басып алды. Осыдан кейін түріктер Серб жерлерін толығымен бағындыра бастады. 1459 жылы Серб-тердің соңғы бекінісі Смедерево құлады, ал 1461 жылы Трапе-зунд империясының астанасы Трапезундты да өзіне қаратты. II Мехмедтің әскерлері Константинопольді алғаннан кейін арада 25 жыл өткен соң бүкіл Балқан түбегін Дунайға дейін Осман империясына қаратты. Түріктер Молдова мен Валахияға өз ықпалын жүргізді. Осман империясы XV-XVII ғасырларда дамудың ең жоғарғы сатысына көтерілді. 1514 жылы парсылар, Әзірбайжан, Күрдстан мен Месопатамия бағындырылды. 1516 жылы бүкіл Сирия, Мекке мен Медине, 1517 жыны Каир, бүкіл Египет тізе бүкті. 1553 жылы Грузияның батыс бөлігі, 1574 жылы Кипр мен Тунис, іле-шала Алжир мен Триполи сүлтан өкіметін мойындады. Оңтүстік Венгрияны, Критті (1669 ж.), Цодолия мен Украинаның бір бөлігін (1672 ж.) басып алды. XVI ғасырдың ақырындағы бұқара халық көтерілістері, ауыл шаруашылығының құлдырауы салдарынан империяныд әскери-лендік (міндеттілік) жүйесінің іргесі сөгілді. Сөйтіп барған сайын шиеленісе түскен ішкі алауыздықтар Осман империясының әскери қуатын кемітті. 1664 жылы Сенттотхард түбінде австриялықтар мен венгрлерден ауыр жеңіліс тапқан түріктер бүдан кейінгі соғыстарда сәтсіздікке үшыраумен болды. 1684 жылы түріктерге қарсы Австрия, Полына, Венеция «Қасиетті Лига» құрды, оған 1686 жылы Ресей қосылды.
Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 1172; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |