КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Арахандар мемлекеті 1 страница
Лекция мақсаты: ІХ-ХІ ғасырлар аралығында өмір сүрген оғыз және тарихта алған ислам дінін мемлекеттік дін деп қабылдаған қарахан мемлекеттерінің құрылу тарихы, ішкі және сыртқы саясаты, әлем тарихында алатын орнын түсіндіру.
Лекция мәтіні: Амударияның солтүстік аймағында тұркілердің пайда болуы VII ғасырға жатады. Араб жаулап алушылары сол VII ғасырдың өзіңде-ақ Қарлұқтарды Бадахшаннан "тауып алған" еді. Содан бері Бадахшанда өзбектің Қарлұқ руы тұрады.. Араб географтары Амударияның солтүстігіңде өмір сүрген бірден-бір тұркі тұқымы халаадж халқы деген болатын. Қазір халаадждар (хазарлар) иранда тұратын тұркілер арасында да кездеседі. VI-VIII ғасырлардағы Тұркі империясынан кейін оғыздардың батысқа жасаған жорықтарының алғашқысы IX ғасырдың аяғындағы печенегтер соғысы еді. Печенеггер өзге оғыздардан ерте бөлінген. IX ғасырдағы араб географтары печенеггер оғыздардан бөлініп шыққанға дейін-ақ жеке халық болған дегенді айтады. Ол кезде печенегтер хазарлардың шығыс көршісі болған. 922 жылы Ибн Фадлан Бұл елден печенегтердің аздаған қалдықтарын ғана тапқан. Олардың негізгі бөлігі хазарлар мекенін кесіп өтіп, оңтүстік Ресейге барып тұрақтанған. Бұл жерде печенегтер Святославь заманынан бастап Киевке үнемі қауіп төндіріп отырған. Печенегтердің Руське жасаған жорықтары және оларға орыс князьдарының қарсы күресі женінде жылнамаларда жиі айтылады. Оғыздар Каспий-Арал өнірінде VII ғасырда пайда болды. Шамамен VIII ғасырдың орта шенінде оғыздар Жетісудан Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі алқаптарына қарай жылжи бастаған. Ал IX-X ғасырда Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағында оғыз этносы бірте-бірте қалыптасты. Оғыздардың этникалық құрамында Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын мекендеген ежелгі тұркі тайпалары болды. Олар Жетісу мен Алтайдағы көшпелі және жартылай көшпелі рулар мен тайпалардан еді. IX ғасырдың соңы мен X ғасырдың ортасында Арал және Каспий теңіздері маңындағы аймақтарда Оғыз мемлекеті құрылды. Мемлекет орталығы Янгикент (Жаңакент) қаласы болды. Оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі ағысына дейінгі байтақ өлкені мекендеді. Олар Ырғыз, Жайық, Ембі, Ойыл өзендерінің алқабында, Сырдария мен Қаратаудың бөктерінде көшіп-қонып жүрді. Негізінен Арал теңізі маңында, Каспийдің солтүстігі мен Сырдарияның төменгі ағысын мекендеді. Орта Азияға, Шығыс Еуропаға, Шығыс Қазақстан мен Монғолияға баратын керуен жоддары-ның тоғысқан жеріне орналасқан Янгикент қаласы X ғасырда гүлдену шегіне жетті. Мемлекет басында жоғарғы екім - "яғбу" (оғыздарша - жағбу) тұрды. Олардың орынбасарлары күл-еркіндер деп аталды. Жағбу сөз жүзіңде хан болып сайланғанымен, іс жүзінде мемлекет билігі атадан балаға мирас болып қалып отырды. Оғыздардың бас хандары әскери демократия кезінде халық жиналыстарының қайталанған тұрі іспеттес кеңестерде сайлаңды. Жағбу мемлекетінде оғыз ескерлерінің бас жетекшісі (лауазымы - "сю баши") үлкен рөл атқарды. Оның есімін еуропа оқымыстылары арабтық емле ережесінің негізінде "Селжук" деп атап кеткен. Тұркі фонетикасьшьщ зандарында қарама-қайшы келеттн атау еуропалық тарихи ғыльщда осьшай қалыптасып кетті. (1992 жылдан бері Егеменді Тұрікмен мемлекетінің президенті Сапармұрат Ниязов өз елінде президенттік лауазыммен бірге "сю баши" (тұрікмен басы) деп те аталады). Оғыздар мемлекетінің саяси өміріңде сюбашы ("селжук") араласып, кейде жағбуға да қарсы шығып отырды. Каспий-Арал өңіріңцегі оғыздардың мемлекеті өзінің саяси және әлеуметгік құрылымы жағынан феодалдық мемлекет болды. Мүнда ескі ру-тайпалық институттар жойьшып, феодалдық қатынастар дамьщы. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың басында Оғыз мемлекетінде тұрақты салық жүйесі қолда-нылды. Мемлекетте белгілі басқару аппараты қалыптасты. Оғыздардың басым көпшілігі негізінен көшпелі малшаруашылығымен - қой, жылқы, түйе, сиыр өсірумен, аң аулаумен шүғыдданды. Ибн Фалах (X ғ.) 10 000 жылқысы бар оғыз ақсүйектерінің болганын жазады. Көшпенділермен қатар, отырықшы, жартылай отырықшы оғыздар да болды. Олар Мақмуд Қашқаридің айтуышпа Сырдария алқабындағы қалаларды - Қарнақ, Сүткент, Сығанақ және Фарабты мекендеді. Отырықшы оғыздар негізінен егіншілікпен, қол-өнерімен айналысты, тұрлі аяқ киім тікті, ыдыс, әшекей бүйымдар жасады. Оғыздардың шаруашылығында зат айыр-басы мен сауда маңызды орын адды. Жетісу, Хорезм, Мауреннаһрмен сауда жасауда Сырдария алқабывдағы қалалар - Янгикент, Сауран елеулі рел атқарды. Оғыздар шетке мал, ет, тері, аң терісін, малахит шығарып, соғыс кезінде қолға түскен адащардан құл саудасын өрістетгі. X ғасырда оғыздар арасына бірте-бірте ислам діні тарады. 965 жылы оғыздар Киев Русімен одақтасып, Каспий теңі-зінің Солтүстік-шығыс жағалауларыңцағы жерлерді иемденген ежелгі Хазар қағандығын талқандады. 986 жьшы оғыздардың жабғуы орыс княздарымен бірге Еділ - Кама Бұлғарларын күйрете жеқді. Мүның бәрі оғыз мемлекетінің саяси қуаты-ның артуына жағдай жасады. Алайда шамадан тыс ауыр салыққа наразы болған басқа тайпалар мен феодал-ақсүйектердің езгісіне қарсы болған халықтың біріккен қозғалыстары X-XI ғасырларда Оғыз-дардың мемлекетін дағдарысқа үшыратьш, құддырауға түсірді. Ішкі қайшылықтар әлсіреткен Оғыз мемлекетін XI ғасырдың ортасьшда қыпшақтар талқавдады. Оғыздың бір бөлігі батысқа кетіп, оңтүсгік орыс далаларына қоныс тепті. Селжуктар бас-қарған басқа бір бөлігі Алдыңғы Азия елдерін жаулап алды. Кейіннен бірнеше мемлекет пайда болды (Селжук мем-лекеті - Селжук өулеті билеген мемлекет, ең ірі Конии сүлтандығы). Ал оғыздың солтүстік-батыстағы бөліктері бер-тін келе Еділдің төменгі ағысындағы Бұлғарлармен (татар-лармен), оңтүстік бөлігі Ораддағы башқұрттармен қосылып, сіңісіп кетті. Сырдария, Арал алқаптарындағы және оңтүстік Каспий маңын мекендеген оғыз тайпалары казақ тарихында айтарлықтай із қалдырды. Тарихи деректерде оғыздар қазақтың арғы тегінің бірі ретінде аталады. Оғыздар - тарихи тұрғыда тұрікмендердің, езбектердің, қарақалпақтардың түпкі аталарының бірі. Сонымен огаздар тұрікхалықтарының ішіңцегі өсіп-өнген мол тармағы еді. Сондай-ақ үзына тарих бойында саяси тұрғьщан да, мәдени тұрғыдан да аса маңызды рөл ойнаған бір тармағы болатын. Оғыздар печенектерді батысқа ығысты рып жіберген соң олардың орнын нық басып тұрақтады да мүсьшман дінін қабылдап, әйгілі Селжук мемлекетін құрды. Османлыларды өз ішіне алғанда күллі орта шығыс пен Анадолыда бой кетерген мемлекеттер мен бекеттердің бір, еке^ін айтпағанда барлығын дерлік оғыздар құрғандығы белгілі. Бұлардың ішінен бір атасы негізгі қауымнан оқшау-ланып, Балқанға дейін шығандап кетгі. Оларды Византиялық жазбалацвда "Үз" деп жазып кедді. Ал орыс жазбалары XI ғасырдың орта шенінде Қара теңіздің оңтүстігінде бой көрсетісен оғыздар тобын Төрк деген атпен атай бастады. Оғыздардың Балқанға кіруі және соңғы шоғы. Асал мен Хазар аймағында тұрып жатқан оғыздардың бір бөлігі солтүстіктегі қыпшақтардың қысымымен батысқа үдере көшуге мәжбүр бодды. Осы Оғыздар тобы тоқтаусыз ілгерілей отырып:, Дунай жағалауына және ол жерден Балқан өңіріне жетіп тоқтады. Тракия мен Македонияны жаулап алады. Сол кезде аяқ астынан түсе қалған қатты суықтың арты қатерлі жұқпалы дертгің таралуына үласып, уздарды бүтіндей есеңгірете титықтатып кетті. Осы орайды пайдаланған жергілікті халықтар мен ежелгі дүшпандары Печенектердің шабуыдщарына төтеп бере алмай, быт-шыт бола жеңіліп, тозып кетті. Оғыздардың аман қалған азын-аулақ бөлігі Балқан мен Македонияға жетіп орнықты. Бірақ уақыт өте келе олар да бетен: халықтар арасында еддігін сақтап қала алмай бүтіңдей сіңісіп кетті. Оғыздың XI-XIII ғасырларда Закавказье мен Кіші Азияға өтіп кеткен оңтүстік тобы Әзірбайжан, тұрік, гагауыз халықтарының этногенезіңде маңызды рөл атқарды және тұркі халықтарының қалыптасуына үлкен үлес қосты. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. Қарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Негізін салған Сатұқ Боғра хан (915-955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды. 10 ғ. сонына таман Қарахандар иелігі Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін созылды. Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30-ж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталыпы Бұқарда болған, қарауына ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі - қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді. Арслан-хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады. 1056 ж. Қадырханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралыпы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барысхан әміршісімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059-1074) Қадырханның балалары Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Бограхан харунның (1075-1102)- Қашғар, Баласағұн мен хотан қожасының қоластына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжұқ сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж. Бограхан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадырхан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118-1157) салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады. Бұған бас себебі - қидан мемлекетінің құрылуы және оның жүргізген сыртқы әскери саясаты болып табылады. 12 ғ. екінші жартысында қидандар Батыс Түркі қағанатына қауіп төндіре бастайды. 1141 ж. Қарахан-Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді. 1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің мемлекеті тарихы осылай аяқталды. Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды. Мемлекеттік дін ретінде - ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұн есімі кең мәлім болды. Лекция тақырыбы: Хазар қағанаты Жоспары: 1. «Хазар» эхтнонимі. Этникалық құрамы 2. Хазар қағандығының құрылуы 3. Ішкі және сыртқы саясаты 4. Діни танымы
Лекция мақсаты: Хазар мемлекетінің құрылу тарихы, 965 жылғы киев және оғыз мемлекетімен арада соғыс нәтижесі, хазарлардың әлем тарихында алатын орнын түсіндіру. Лекция мәтіні: Хазарлардың тым ертеректегі өмір-тіршілігі жөніндегі мәліметтер онша көп емес. Тек Атилла қайтыс болған кезде Еділдің төменгі сағасында түрғаны белгілі. Олар VI ғасырда Еділ мен Дон өзені аралығы мен Кавказды билеп түрған болатын. Сол ғасырдың екінші жартысына қарай сібірлерді өздеріне қосып алып, тез күшейе бастады. Хазарлардың көршілерімен болған қарым-қатынасы жонінде.Сасанитдердің Кавказдың оңтүстігін басып алып, жергілікті тайпаларды өзіне бағындыра бастауынан сескенген хазарлар византиялықтармен одақтасуға мәжбүр болды. Хазарлар 627- 628 жылдар арасында кавказдықтарды бағындырды. Сол батыста хазарлардың қолдануына арқа сүйеген Византия армиясы Иранның ішкі өлкелеріне дейін сүғына кіріп, зор жеңістерге жетті. Хазар қағандығы - Батыс түркі қағандығының, ыдырауынан кейін төменгі Еділ бойы мен Солтүстік Кавказдың шығыс бөлігінде ҮІІ ғасырдың ортасында құрылған алғашқы феодалдық мемлекет. Астанасы - СЕМЕНДЕР (Дағыстанда). Кейін Итил қаласы болды (Төменгі Еділде). Хазар қағандығы Солтүстік Кавказды, Еуропадан Днепрге дейінгі жерлерді иелеңді. Хазарлар - түркі тегінен шыққан халық, олар Шығыс Еуропада ІҮ ғасырдағы хундар заманында пайда болды. ҮІ ғасырда хазарлар Бірінші (Батыс) Түркі қағандығының құрамына кірді, олар түркі тілінде сөйледі. Ол туралы Орхон-Енисей жазуларында айтылады. Хазар тілі Бұлғар және чуваш тілдерімен тығыз байланыста. Хазар қағандығы 735 жылы Кавказдың арғы бетінде арабтардан жеңілді. VIII ғасырдың басыңда Византияның әсерінен хазарларға христиан діні тарала бастады. Арабтар ислам дінін, Византия христиан дінін енгізуге тырысты. VIII ғасырдың бірінші жартысында (731 ж.) Солтүстік Дағыстандағы хазарлардың бір тобы иуда дінін қабылдады. VIII ғасырдың аяғы мен IX ғасырдың басында хазарлар үрпағы - Обадия Хазар қағандығын басқарды да, өздерінің мемлекеттік дінін иуда деп жариялады. Бірақ осы кезде хазарлар мүсылман мәдениетінің шекаралық облыстары Хорезммен көрші еді. Ал хазарлар хорезмдіктерге қарсы 764 жылы Кавказдың мүсылман облыстарына жорық жасады. Хазар елі тікелей халифатпен, олардың бас қаласы Итил мүсылман елімен шекаралас болды. Орыстардың Еділ бассейініне қол сүғуынан бүрын Хазарлар шығыс славян әлеміне шабуылдап өткен еді. (Біз IX ғасырдың екінші жартысында бірнеше славян халқы хазар қағанына салық төлегенін орыс шежірелері арқылы білеміз.) Хазарлар солтүстікке терендеп енген Бұл кезде орыстар әлі нормандар деп аталатын. Орыстар швед тілінде сөйлеген кезде солтүстік Новгородқа жақын жерде түрған орыс князі қаған шенін иемденгені де тарихтан белгілі. Кейіннен орыс патшасының өз туыстарына, балаларына неміс сөзінен шыққан "князь" термині жиі қосылып, түрмыста қолданылып кетті. IX ғасырда Балтық теңізінен Қара тенізге дейінгі аймақ орыстар құрған мемлекет болды. Орыстар хазар хандығынан бірнеше рет соққы жеді. Орыстар 910-915 жылдары Камадая Каспий теңізіне, Хазарға Святослав шапқыншыларын жіберген кезде оларды хазарлар жойып жібергені де тарихтан белгілі. Мұсылмандар дерегі бойынша орыстардың 943-944 жылдары жасаған шапқыншылығы кезінде Кавказ мүсылмандарының бас қаласы - Бердьев, соңдай-ақ хазарлар қоныстанған жерлер тонауға түсіп, қиратылған. Святославтың үшінші жорығы 965 жылы Хазар қандығына қарсы бағытталды. Бүдан соң бірнеше жыл бойы хазарлар Дағыстанға шектескен жерімен қоса орыстардың қол астында болды. Бірақ көп уақыт өтпей-ақ орыстар өзі жаулап алған жерді тастап кетті де, кейін Хазар қағандығы қайта қалпына келді. Ресей үшін Бұл сәтті кетіс болды. Егер Святослав Итилде қалып қойған болса, онда орыстар мүсылман әсеріне еріксіз тап болар еді. Бұл оқиғаның барысын түсіну үшін сол князь Святославьтың басқа жерлердегі әрекетіне назар аудару керек. Оның нормандарға және Батыс Еуропаға жасаған жорықтары алғашында тонаушылық сипатқа ие болды. Орыстардың Каспий теңізіндегі алғашқы қимылдары да осылай болатын. 964-965 жылдары орыс князі Святослав Игоревич Еділге жорық жасап, Хазар қағандығын талқандады. Хазар қағандығы X ғасырда түгелімен ислам дініне кірді. Ішкі қайшылықтары мен көшпелі халықтардың шабуылынан талқандалған Хазар қағандығы XI ғасырдың басында өмір сүруден біржола қалды. Хазар мемлекетінің құлауына орыстардың жеңісінен басқа мынадай себептер өсер етті: түркі тайпаларының арасында "кундар" немесе "кайилар" деп аталатын түркілердің сонау шығыстағы бір бүтағы осы аласапыран жылжулар кезінде Сырдарияның төменгі ағысындағы ғүздардың иеліктеріне бірінші болып бас сұққан болатын. Осыдан бүрынырақта ғүздардың жартысы ислам дінін кабылдап, екінші жартысымен қырқысып жатқан. Осы қырқысудың арқасыңца ғүз немесе түрікмен халқының жартысы парсы еліне қоныс аударған. Олар барып алдыңғы Азияда Селжуктар империясын құрды. Ғүздардың екінші жартысының үрыс салып батысқа қарай жылжуы Хазар хандығының құлауын тездетті. Хазарлар туралы соңғы деректі араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің жазын, курдтардың қолбасшысы Фазлун 1030 жылы хазарларға жорық жасағаны туралы баяндайды. Қорыта келгенде, хазарлар хандығы ҮІІ-ІХ ғасырлар арасында үздіксіз өсіп үлғая берді, хандықтың шығыс шекарасы Жайық (Орал) өзенінен бастап, батысқа Дон өзеніне дейін, ал солтүстікте Мәскеу маңынан, оңтүстіктегі Аралға дейін созылып жатты. Бұл аумақтың ішінде Бұлғарлар, мажарлар, толып жатқан фин қауымдары, славяндар, кавказдық құрама халықтар т.б. тайпалар аралас-құралас тіршілік етті. Сонысына қарамай, сол бір заманда аталмыш үлан-байтақ өңірде біршама тыныштық, жайлы өмір сүру мүмкіндігі жасалған болатын. Хазарлар хандығының құлауы. IX ғасырдың екінші жартысында Еділден өтіп шабуылдай кірген печенегтер хазарлардың апшысын қуырып, сарсануа түсірді. Хазарлардың күн көріс көзі болған сауда-саттық ісі тығырыққа тірелді. Ақыры X ғасырдың соңын ала хазарлардың туы жығылып күйреді. Қолда бар дерек көздерінде келтірілген мәліметтер тым аз болғандықтан нақтылы қай жылы Хазар теңізі (Каспий) деп аталғаны белгісіз. Бұл да сол хазар халқының атынан қалған бір белгі еді. Хазар халқы мен хазар мемлекеті 7 ғасырдан 10 ғасырға дейін Еділдің төменгі сағасында өмір сүрді. Бұл батыл әрі жауынгер тайпа болды. Хазарлар елі Қара теңізден Каспий теңізіне дейінгі аумақты алып жатты. Хазарлар түріктер болды және алғашқы уақытта олар Батыс түрік қағанатының құрамына енді. Кейін олардың қарауынан шығып, олар өз елдерін құрды. Хазарлар Еуразияда араб экспансиясымен түйісіп қалған бірінші мемелекет болды. Кавказда 642 жылы арабтармен бірінші шайқас өтті. Бірінші соғыс кезінде арабтардың әскербасы мерт болып, хазарлар жеңіп кетеді. Шайқас Баланжир деген жерде өтеді, бұл хазар ханының ордасы тұрған жер еді. Кейінірек хазарлар ордасы орын ауыстырып Самандарға көшеді, содан кейін Еділ (Итель) бойына қоныстанады. Арабтар мен хазарлардың екінші соғысы 772-773 жылдары болады, бұл жерде хазарлардың жолы болмай, олар жеңіліс табады. ІХ ғасырдағы орыс жылнамаларында Днепр бойындағы тайпалар хазарларға сансыз ақ терілермен немесе қарулармен, қылыштармен алым-салық төледі делінген, ал Х ғасырда сол алым-салық олардан ақшалай алынған. |Исламдық (арабтық) жазбаларда хазарлар тамаша егіншілер және шебер балықшылар деп айтылады. Соларда хазарлар жері кең және су қоймаларына бай, әсіресе қыста судың молдығы соншалықты, балық пен жануарларға бай сансыз көлдер пайда болады. Сол көлдердегі балықтар семіз болып келіп, оларды хазарлар өз майына қуырады. Су тартылған көктем мен жазда хазарлар астық себеді. Сөйтіп, бір жерден хазарлар екі өнім: қыста - балық, жазда - бидай жинады. Кезінде хазарлар мұсылмандықты қалай қабылдағаны туралы тамаша аңыз бар.¤з халқына мұсылмандықтың, христиандықтың және иудаизмнің бірін таңдап алу үшін хазар \-64\қағаны\ өзіне үш ірі діннің өкілдерін шақырады. Қаған христианинді және иудейді тыңдап болған соң, өз құлағын исламды уағыздаушы Фараби ибн Кораға тосады және одан осы қарсаңда көрген түсін жорып беруді сұрайды. Бұл түсінде оған періштелер келіп, хазарлар қағанның істі жүргізуіне наразылығын білдіреді. Сонда Фараби ибн Кора: "Сіздің түсіңізде періште санадан әлде ашылудан көрінді ме? Әлде ол сізге алма ағашы түрінде, әлде басқа түрде келді ме?" - деп сұрайды. Қаған періште оған бірінші (сана) адамнан да, екінішісінен де (ашылу) және үшіншісінен де (алма ағаш түрінде) келген жоқ дейді. Содан кейін Фараби ибн Кора қағанға: "Әрине, періште біріншісі де, екіншісі де |және үшіншісі де болған жоқ. Мәселе оның мүлдем басқа періште болғанында. Бұл Адам Рухының періштесі. Сіз өзіңіздің серіктестеріңізбен соған дейін көтерілгіңіз келеді. Бұл сіздің игі ниетіңіз және бұл жақсы. Бірақ сіз бәріне тек түсіңізде көретін Адамды теңестіргіңіз келеді, оны шын адам жасамақ боласыз, оны кітапқа жазғандай етіп жазып алғыңыз келеді. Бұл сіздің қылығыңыз және бұл дұрыс емес. Мәселе сізде қасиетті кітап \-79\Құранның\ жоқтығында", ал сіз осының өзінде өз кітабыңызды жасағыңыз келеді, Қасиетті кітап бізге жоғарыдан сыйланған, оны сіз біздерден алыңыз, бәрімен біздермен бөлісіңіз, бәрінде, істе де, ниеттеріңізде бізбен бірге болыңыз және өз кітабыңызды өзіңіз жасауға талпынбаңыз..."-дейді.
Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 1538; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |