Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Арахандар мемлекеті 5 страница





Арасында сөтті-сәтсіз жаугершілік соғыстар жүргізе отырып, Осман империясы осынау жерге бүдан кейін де 200 жыл бойы иелік етті. Оның ішінде Кипр, Тунис елдерін де басын алғаны бар. Бірақ жер бетівдегі барлық империя секілді Осман империясының да тарих сахнасынан кететін уақыты жақындап келе жатты. Алдымен ол поляк королі^Ян III бастап, Осман империясына қарсы «қасиетті лига» деген атпен одақтасқан елдердің әскерінен жеңілді. Одан кейін де 100 жылдай мызғымаған империя орыстармен де көп рет соғысты. Соның ішінде 1787-1791 жылдары болған соғыста жеңіліп, Яссындағы келісім бойынша Молдова, Валахияны орыстардың иелігіне берді. Бүған дейінгі 1783 жылғы соғыста Қырым хандығынан да айрылған еді. Селим III сүлтан (1789-1807) елді қайтадан күшейтуді қолға алып, бірнеше реформа жүргізеді. Бірақ оның реформаларына янычарлар қарсы болып, көтеріліске шыққан олар сүлтанды құлатып тынады. Янычар деген Мысырдағы мамлюктер типтес, жасынан әскер ісіне дайывдалған қолға түскен түтқындар еді. Олар ерекше сословие болып, отбасын құруға, меншік иесі болуға құқы жоқ болатын. Бірақ артынан олар өздеріне ерекше жағдай талап етіп, отбасын да құрып, жер иесі де бола бастаған. Түрлі реформаларға солар қарсы болады. Осы янычарлар корпусын 1826 жылы Махмүт II (1808-1839) ғана құрта алды. 1853-1856 жылдары түріктердің кезекгі Қырым соғысы болды. Бұл жолы түріктер орыстарды қирата жеңіп, 1856 жылғы Париж келісімі бойынша Ресейге Осман империясыньщ түтастығын мойындатты. Осы жылдары елде оқыған ағартушылар «жаңа осмавдар» деген атпен бірігіп, жасырын ұйым құрып, конституциялық құрылыс орнатуды көздеді. Олар 1876 жылғы 30 мамырда төңкеріс жасап, Абдул-Әзіз сүлтанды тақтан тайдырады. Елдің жаңа сүлтаны Абдул-Хамит конституцияны бекітіп, оны жасаған Мидхат-пашаны бас уәзір (примьер-министр) қылып тағайындағанынен, бір жыл өтпей жатып, оны орнынан алып, парламешті таратып, қуғынға үшыратады. Түркияның осы жылдардағы құғын-сүргін өмірі «зұлымдық» деген атпен тарихқа белгілі.



 

Лекция тақырыбы: XIX-XX ғғ. басындағы Орта Азиядағы түркі мемлекеттері

Жоспары:

1. Қоқан хандығы

2. Хиуа хандығы

3. Бухара хандығы

 

Лекция мақсаты: XIX-XX ғғ. басындағы Орта Азиядағы Қоқан, Хиуа және Бұқара хандықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын және Ресей патшалығының Орта Азия хандықтарын отарлау тарихын түсіндіру.

 

Лекция мәтіні:Ресей ертеден-ақ Орта Азиямен байланыста болды. IV Иван кезінде-ақ саудагерлер оның рүқсатымен Орта Азия базарларына келіп, олар туралы алғашқы мәліметті жіберген еді. Ал XVIII ғасырда орыс саудагерлері Астрахан, Қазан жөне Орынбор арқылы Орта Азиямен сауда жүргізді. Осы уақытта хандықтың кең сауда мүмкіншілігімен, экономи-касымен және мемлекеттік өмірімен жете танысу мақ-сатында хавдыққа бірнеше экспедиция жабдықталды. I Петр Орта Азия арқылы Үндістанға өтуге тырысты. Сондықтан да Орта Азия хандығындағы жағдаймен айналысты. Ал Орта Азияға бірнеше экспедиция, оның ішінде 1714-1716 жылдары Бухгольц және 1719 жылы Лихачев Ертіс арқылы бағыт алды. Бүл экспедициялар өз жолдарында (Ертісте) бірнеше қорғандар негізін салды. Ол салынған қорғандар: Омск, Семей, Өскемен болды. Кейіннен олар солтүстік-шығыстан Орта Азияға жылжуда тірек пункттеріне айналды. I Петр 1717 ж. бірінші экспедицияны (Черкаск-Бекович) Каспий теңізінен Әмударияға жіберді. Оған Хиуаға жетуге мүмкіндік туды, бірақ мүнда экспедицияның барлық мүшелерін жойып жіберді. Бүл экспедицияны жібере отырып, I Петр қызықты нүсқау берді: Хиуа мен Бүхараға хандықты қүттықтау үшін бара отырып, қазіргі сауда ісіне тыңшылықжасауды... Әмударияныңжанына баруды, оның ағысына, сондай-ақ плотинаға көңіл аударуды, егер мүмкіндік болса, әзірше ескі ағысына назар аударуды және қалған сағаларын білуге жіберді. (Әмударияның ескі ағысы Каспий теңізіне қарай ақты). Одан әрі I Петр Әмудария арқылы Үндістанға көтерілу қажеттігін ескертті.

XIX ғасырда экспедициялар тағы да жіберідді. Орта Азия үшін Ресейдің басты қарсыласы Англияға бүл экспедиция ғылыми түрде жіберілгендігін сьштаурата отырып, патшалы Ресей орта Азияның осы аудандарына жанталаса үмтылды. Каспий мен Арал теңізі арасын өндіріске барометрлік нивелирле (жер беті нүктелері биіктерінің айырмасын өлшеу) үшін 1824 жьшы жіберілген Берг экспедициясының қүрамында: 1600 Орал, Орынбор казактары, 6 зеңбірек, қүрал-сайман, 900-ден астам қос атты жеткізушілері болды. Перовскийдің 1839 жылы Хиуаға жасаған экспедициясы нағыз өскери жорық болды. Оның қүрамында 5325 солдат, 22 пушка және 10 мың түйе болды. Перовскийдің жорығы сәтсіздікке үшырады, оның керуендерінің бәрі даладағы суық аяздан үсіп өдді. Тағы да сауда жөне ғылыми мақсатпен жіберілген бірнеше экспедицияны атап өтуге болады. 1841 жылы инженер Никифоров экспедициясы жіберілді. Никифоровтың Хиуа ханымен келіссөзі қызықты болды. Хан оны жылы шыраймен қарсы алды, Никифоровтың орыс патшалығы атынан айтқан барлық үсыныс-тілектерін қабылдады. Бірақ келесі күні хан Никифоровты қайта қабылдағавда, ол өзінің есте сақтау қабілетінің нашарлығын, кешегі айтқанын үмытып қалғанын айтты. Осы келіссөзде ешнәрсеге қол жетпеген Никифоров Ресейдің қол астын-дағы қазақ жерлеріне шапқыншылықтарын тоқтату жөніңце ханға ультиматум қойды. Ал келіспесе, онда хан әскерлерін қүртатынын айтгы, қорқьпты. Бүл ханға әсер етті. Ол Ресей-мен сауда келіссөзін беісітуге келісті, бірақ та, шындығында бүл келісім ешқандай мәнге ие болмады. Дәл осы жылы Бүхараға Бутенов миссиясы жіберілді. Миссияның қүра-мында Бүхар хандығын нақты жөне қүнды суреттеген оқымысты ғалым Ханыков болды. Бутенов миссиясына Ағылшын өкіметінің Орта Азияға табандылықпен тереңдей енуді, яғни Ресейдің мүнда енуіне жол бермеуді көздеп отырғанын білудің сәті түсті.

Патша екіметінің Орта Азияға экспедициясы хан елшіле-рінің Ресейге келуін тездетті. Бірақ ол көп жағдайларда нақты нәтижелерін бермеді. Осылайша көптеген экспеди-цияға қарамастан, патшалы Ресейге хандықтармен мықты байланыс орнатудың сәті түспеді. Соған қарамастан, олар-мен сауда дамыды. XIX ғасырдың 30-жылдарында бүл сауда мейлінше үлкен көлемге жетті. 10 жыл көлемінде (1827— 1837 ж.ж.) Ресейге 6951 мың сом тауар өкелінсе, Орта Азияға 4375 мың сом шығарылды. Келесі 10 жылдықта (1837— 1847 ж.ж.) шеттен әкелу 8944 мыңға, шетке шығару 5027 мың сомға жетті. Ресей мынандай заттарды шетке шыға-руды: өндірістік заттар, қолөнер төсілімен шығарьшатын кездеме, қант, мақта, жіп, жүн, жібектің кейбір түрлері әкелінді. Орта Азияда барлық уақытта мақтаны шетке шығару өсті. 1840—1850 жылдары шетке мақта шығару 100 мың пүт, ал 1850—1855 жылдары 270 мың пүт болды.

Ресейдегі капитализмнің дамуына күшті дүмпу берген XIX ғасырдың 60-жылдарыңдағы реформадан кейін Орта Азиямен қарым-қатьшас біраз өзгерді. Ресейден өнеркөсіп тауарларын әкелу дамыды. Тауар өткізетін базары мен шикізат қоры үшін орыс өнеркәсіпшілері ете үлкен қызығушылық көрсететін болды. Ресейдегі капитализмнің тез дамуы патшалықты Орта Азия территорияларын жаулап алуға итермеледі. Капитализмге үмтылуда өз шекарасын кеңейту, ішкі шекара шегінде капитал салатын жаңа орта іздеу Орта Азиямен қарым-қатынаста ерекше күшін керсетті.

Орыс капитализімінің шетке үмтьшуы XIX ғасырдың екінші жартысында елдің ішкі рыногінің таралуын туғызды. 60-жылдары реформадан кейін сақталып қалған көптеген крепостниктің калдықтары тез дамуға кедергі болды. Сондықтан ол ішьсі рыноктың шегінен шығуды іздеді. Бүл іздеу, отар жаулап алу патшалық капиталистік дамуды басқа аудандарға бүруға және ел ішіндегі қарама-қайшылықты әлсіретуге мүмкіндік берді. Реформадан кейін жерсіз қалған кіріптар түрғындардың бір бөлігін жаулап алған жерлерге апару жоспарланды. Сонымен, олардың ел ішіндегі помещиктерге қарсы күшін елсірету мүмкін еді. Осылайша мүнда помещиктер мен капиталистердің ойы сәйкес келді.

Сонымен бірге, Покровский жорамалдағандай, Орта Азияны жаулау тек орыс капитализмінің ісі деген пікір қалыптаспас үшін, мәселенің бүл жағы ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Жаулап алуға шенеуніктер өкілдері, өскери қызметкерлер де қүштар болды. Олар жаңа аудан-дарда өзіне байлық жинауға, бөтен иелікке ез қолдарын емін-еркін салуға болады деп ойлады. Бүл шенеуніктер Салтыков-Щедриннің "Ташкеннің қожалары" атты рома-нында өте айқын көрініс адды. Атап айтқаңда, Орта Азияны жаулап алудан кейін "Ташкенттіктер" сөзі түрақты мөнге ие болды. Түрлі рангідегі шенеуніктер және әр түрлі ру іскерлері Орта Азияға кең толқынмен лап берді. Бүл туралы орыс сыншысы әңгімелейді.

60-жыдцары Орта Азияны жаулап алуға итермелеген тағы бір ерекше себеп бодды. Бүл АҚШ-тағы мақта тапшылығын тудырған Азамат соғысы еді. Мақта негізінен, АҚШ-тан өкелінді. Орта Азия мақта шығарғанмен, ол жеткіліксіз болды. Оның Ресейге шамалы бөлігі екелінді. Америкадан мақта ала алмаған орыс тоқыма өнерквсібі американдық-тардың орнын басатын Орта Азияда мақта өндірісін дамыту үшін, Орта Азияға назарын аударуға үмтылды. Мақта тап-шылығы мақта бағасының тез өсуіне әкеп соқты. XIX ғасырдың 60-жыддарының басында Орта Азия мақтасының 1 пүты 4—5 сом түрса, 1861 жылы 7 сом 50 тиын, 1862 жылы 12—13 сом, ал 1864 жылы тіпті 24 сомға жетті. Мақтаға деген сүранымының өсуі оны өндіруді үлғайтты. Орта Азияда мақта себілетін жер көлемі тез өсті.Орта Азияға шабуыл кезінде орыс патшалығы Англиямен араздасты. Англия Ресейдің Орта Азия халықтарын жаулап алуына рұқсат бермеуге ғана ұмтьшған жоқ, сондай-ақ оны өз иелігіне айналдыруды көздеді. Англия Ауғанстанға өзінің белсенділігін нығайтты. Бүхар, Қоқан хандықтарына тыңшыларын жіберді. Бүл жердегі оның барлық саясаты Ресейге бағытталды. Ағылшындар мынадай "теория" таратты. Ресей Орта Азияға шабуылдауда, ал Англия тек өзінің Индияға иеліктерін сақтап қалу мақсатымен ғана қорғануда. Ал, шындығында, бүл ел де Орта Азияға шабуылдады және бір-біріне қарсы күресті. Ресейге мүнда Англияға қарағанда тиімді болды, себебі Ресейден басқа Орта Азияға жақын бірден-бір мемлекет болмады.

Патшалы Ресейдің Орта Азияға жақындауын Англия Индиядағы өз иеліктеріне қауіп төнеді деп есептеді. Англия "Британ" империясы қазынасының інжу-маржанын орыс найзасының (штык) қол астында қалдырғысы келмеді. Ағылшын саясатшылары Ресей мүнда Англияға үлкен қауіп төндіруі мүмкін деп есептеді, сондай-ақ Ресейдің Индияға барар жолы қүрлық арқылы өтеді, Англия теңізге қарағанда қүрлықта неғүрлым әлсіз еді.

Орта Азия хандықтарын қалайда болса иемденуге үмтыла отырып, Англия Ресейдің Орта Азияға жақындауын тоқтатуға үміттенді. Патшалы Ресейдің Орта Азия хандықтарын жаулап алуына және Британ Индиясымен көршілік қатынасты бекітуге үмтылуы, әрине , Англияның қарсылығын тудырды. Англия мен Ресейдің орта Азиядағы шиеленіскен қарама-қарсылығының мақсаты: 1. Үлы державалар арасындағы барлық қарама-қарсылықтар мен қақтығыстарды пайдалана отырып, тиісті саясатты жүйелі жүргізу. 2. Константинопольді және Азияның барлық үлкен бөліктерін жаулауға патшалы Ресей ғасыр бойы үмтылды. Англия Ресейдің қарақшылық саясатының күшті жауы болды, сондықтан да Ресей Англияны жанындағы бөтен халықтарға билік жүргізуіне кедергі келтіретінімен қорқытты. Ресейдің Орта Азияны жаулау және осылайша Индия іргесіне бекінуі Англияның Азиядағы билігіне нақты қауіп болды. Бүл дәлел бүғаз жөніндегі сүраққа да өз әсерін тигізді. Англия мен Ресейдің Орта Азиядағы қарама-қарсылығы уақыт өте келе күшті түрге жетті. Бір сөзбен айтқанда, Орта Азияны жаулауда Ресейдің Англиямен соғысуға жақын қалған кездері де болды.

Бүғаз жөніндегі қарама-қайшылықты сипаттай келіп, К.Маркс: "Қара теңіздегі Трапезунт порты Орталық Азия мен Персия үшін, Түркістан үшін де бағалы болып табылды" деп атап көрсетті. Ал бүдан Орта Азия жөніндегі мәселе Таяу Шығыспен тығыз байланысты екенін көруге болды. Патша дипломаттары Босфорда Ресейдің нақтылы бекітіуімен Англия қарсьшығын тоқтату ерекше маңызды екенін түсінді. Қырым.соғысынан кейін, әсіресе 1857 жылы Индиядағы көтерлістен кейін Түркістанды жаулап алу патшаның агрессиялық саясатында кезек күттірмейтін іс болды.

Ресейдің Қоқан, Бұхар және Хиуа хандықтарын жаулап алуы

Патшалық Ресей Орталық Азияны жаулап алуды қазақ далаларынан бастады. Бүл шапқыншылық қазақ даласын толығымен жаулап алумен аяқталды. Қазақстан Ресей қарамағында бола түрса да, бірқатар оңтүстік аудандар өздерін "бағынушы" деп санамады. Сондықтан патша соларды Ресейге қосуды мақсат етті. Патша үкімет алдағы күнде Орта Азияға шабуыл үшін негізгі база ретіңде ертерек қазақ даласын айнаддыра бекініс шептерін салған болатын. Осы кездің өзінде-ақ Орск-Троицк (1835-1837 ж.ж.), Торғай-Ырғыз (1845 ж.) бекініс шептері болды. 1847 ж. Сырдария сағында Арал-Раин бекінісі салынды. Алдағы уақытта Орта Азия ішкерілей енуде Сырдария сағасы ерекше маңыз атқарады. Келесі шеп Ертіс бойымен өтеді. Мүна Семейден Сергиополь жөне Қапал арқылы қазіргі Алматыға дейін бекіністер салынды. Бүл жолдардың түйісі қазақтың үш жүзін бірдей жан-жағынан қоршауға мүмкіндік берді. 1853 жылы Орынбор геңерал-губернаторы Перовский Сырдарияға тағы да жорық жасап, 1 ай ішінде Ақмешіт қаласын жаулап алды. Ол жерге орыс әскерлері орна-ластырылды. Одан кейін осы өзен бойына жоғары қарай 5 бекініс түрғызылды. Сонымен, Сырдария бекінісі Қазақ-станды оңтүстік батысынан жөне оңтүстіктен қамтиды. Мүның барлығы 60-жылдың басындағы басқыншылдыққа дайындық база еді. Патшалы Ресей Орта Азияға жылжу жайлы көп айтқан, бірақ 1860 жылға дейін ішкі және халықаралық жағдай сенімдірек болуға жол бермеді. Алайда 60-жылдардан бастап, Орта Азияны отарлауға бет бүрылып, оған жағдай туды.

1864 жылы Верныйдан (Алматы) Черняев, Перовскіден (Ақмешіт) Веревкин әскерлері шығады. Алға жылжи келе, олар бір-біріне жақындап, Веревкин Түркістанды, ал Черняев штурммен Әулиеатаны алды. Сол жылдың өзінде

осы екі шепті қосып, бүкіл Қазақстаңцы барлық жағынан қоршау басталды. Черняевке қоқандықтарды қиратып, Верев-кин отрядымен кездесудің сәті түседі. 1864 жылы 17 маусымда Қазақстан жан-жағынан қоршалып, ал қоқандықтар өз хандықтарының сыртқы шекарасында қалды.

1864 жылы қыркүйекте Черняев Шымкентті алу үшін"жаңа бағыт" басшысы болды. Ол кезде Орта Азияғаішкерілей өтуге мүмкіндік туды. 1864 жылы мамыр айында
батыс кавказдықтарымен соғыс аяқталып, поляк көтерілісі басып тасталды. Ішкі жағдай да біршама жақсара түсті. Бисмары Герман империясын қүру үшін, Еуропадағы
одақтас Англия және Австралияға өзінің әскерін бағыттады да, Азия территориясына онша көз тіге алмады. Осы түста патша әскерлерінің Орталық Азияны жаулауы жалғаса берді.

Айтарлықтай күш көрсетуге қарамастан, орыс өскерлері Қоқан сарбаздарын қиратып, 1864 жылы қазанда Шымкент қаласын басып алды. Мүның ізімен Черняев Ташкентке жорыққа шығады, қала түрғындары қарсылық кврсетіп, Веревкин отрядын қиратады. Ал Черняевшілер кері қайтуға мәжбүр болады. Соғыс нәтижесінде Ташкентті жаулаудың алғашқы шапқыншылықтары іске аспай қадды. Орыс әскер-лерінің Қоқан хандығына шабуылы Англияның наразы-лығын тудырды. Ағылшын үкіметі орыстарға "арнайы нота" жолдады.

Сарбаздар Ташкенттен қайтқаннан кейін, 1864 жылы қарашада Сыртқы істер министрі Горчаков барлық держава-ларға Орта Азияны басып алу өрекеттерін жасырған "нота-мен" мөлімдеме жасады. Онда былай деп атап көрсетті: "Ресейдің ешқандай жаулау жоспары жоқ, тек ез жерінің нақты шаруаларын белгілеп, "жабайы тайпалардан" қорғауда". 1865 жылы көктемде Ташкентке жаңа шабуыл жасалды.

Қаладан кішкене жоғары Шыршық өзені арқылы Ниязбек қамалын бомбалау басталды. Бүл Ташкентке өтетін негізгі жол еді. Көкек айында қамал толық алынып, қалаға қауіп төндірді. Мүндағы әскер басы Әлімқүл тығырықтан шығар жол іздеді. Бірақ ол іске аспады. Орыстар оны басып тастады. Осы кезде көмекке жаңа күш шыққан.

Бүхар әмірі Қоқан хандығындағы қиындықтарды пайдаланып, Ташкенггі өз билігіне алды. Овда әскери басшы болып Бүхар әмірі Ескендір-патша сайланды, ол қаланы қорғауға тиіс болды. Мүның арасында орыстар 1865 жылы 15—17 маусым аралығында Ташкентке шабуылын бастады. Барлық түрғындар қайсарлықпен шайқасып, көшелерде өзіндік баррикадалар орнатты. Олар ағаштарды жығып, жолды бөгеді. Хан сарайына орыс әскерлерін жібермеу үшін оған өрт қойды. Бүл үрыста орыстар артиллериямен жақсы қаруланғандықтан, үш күннен кейін қала түрғындары тізе бүкті. Орта Азияның ең ірі қаласы осылай жаулап алынды.

Патша өкіметі бүдан кейін Черняев орнына сайланған Романовқа осы істі жалғастыруды үсынды. Ол 1866 жылы Бүхараға алғашқы жорығын бастады. Өйткені Ташкентті ал-ғаңд; үхара қоқандар жағьша шыққан еді. 1866 жылы Иржар-дағы м ірдін негізгі күштерін қиратып, Ходжентті, Үратебені, Созақты басып аддьі. Енді тек Бүхара қадды. Бірақ оған да жол ашық еді. Орталық Азиядағы жауланған территориялар 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығын қүрумен біріктірілді. Басшы больш генерал фон Кауфман сайпанды. Ол осы халықтарға қарсы соғыс жариялауға, бейбіт бітімге келуге түрлі шаралар қолдануға қүқылы болды.

Орыс ескерлерінің Бүхараға шабуылдары мүсылман түрғындарының наразылығын тудырды. Бүхар әмірі "газават соғысын" жариялады. Ол 1868 жылы наурыз айында бастал-ды. Жаппай халық орыс басқарушыларға наразылығын білдірді. Мүсылман діни насихатшылар православиялық-тарға қарсы күресін күшейтті. Осьщан барып Ташкентте, Оралтөбеде және басқа да аудандарда көтерілістер бастадды. Генерал Кауфман Бүхараны басып жаншу үшін 1868 жылы жаңа қорғаннан көптеген әскерлермен жорыққа шығады. Наурыз айының 2-сінде Самарқандты жаулап, оңтүстік батысқа беттейді. Ал Бүхар әміріне үлкен қол жинап, патща өскерлеріне қарсы шығуға мүмкіндік туады. Бірақ 1868 жылы 2-ші маусымда Қорған түбінде Әмір толық жеңіліске үшырады. Бүл кезде Самарқандта Кауфманға қарсы үлттық көтеріліс басталды. Орыс бөлімдері қалаға тығылып, Шахрисябтар үрысына 1 апта бойы төтеп берді. Мүны есті-ген генерал Кауфман орыс гарнизондарына көмек көрсету үшін дереу қайта оралды. Көтерілісшілерге әмірдің жеңілісі туралы хабар жеткенде, олардың арасында іріткі туады. Шахрисябтар орыс әскеріне жалғыз төтеп бере алмайтынын сезігі, кетуді үйғарды. Ал Кауфман көтерілісшілерді ерекше қаталдықпен басып, ер адамдарды аяусыз жазалайды. Көте-ріліс жеңіліске үшьірағаннан кейін, 1868 жылы Қоқан ханымен келісім жасалады. Худояр хан жерлерін беріп, өзінің тәуелділігін мойындайды. Оның өзінде Қоқанд жөне Ферғана жазығының батыс бөлігі қалып, қалған басқа Шымкент, Ташкент т.б. қалалар заңды түрде Ресей қарамағына өтеді. Сонымен қатар орыс саудагерлеріне бүкіл хандықта еркін сауда қүқын беріп, кез келген тауарға салым екі жарым процент болып жарияланды.

Бүхарамен келісім 1869 жылы жасалып, патшалық жаулап алған жерлер салықтан босатылып, орыс саудагерлеріне бес жүз мың сом контрибуция төленуге тиіс болды. Оларға Қоқан хандығындағы сияқты қүқықтар орнатылды. Бүхара да орыс патшалығының қол астына өтті. Өйткені Заравшан суы Бүхараға баратын, яғни кез келген уақытта су бермей, бағындыруға болар еді.

Хандармен келісімге келе отырып, Ресей ішкі саяси мақсаттарды көздейді. Ол Англияға өзінің жаулап алған хандықтарды қорғауға алғандығын және олардың төуелсіз екендігін көрсеткісі келді. Ал шындығында, хандықтар Ресейге толық бағынышты болатын. Бүхара мен Қоқанды жаулау кезінде Ресей мен Англия қарым-қатынасы өте шиеленісе түседі. Англия Ауғанстанды жаулап алу арқылы Орталық Азия шекараларына жақындауды көздеді. Ол Ресейдің Орталық Азияда жьшжуына қарсылық көрсете бастады. Ауғанстан жөне Қашқарда орныққан Англия Ауғанстанды Ресейге қарсы қоя бастады. Бірақ 70-жылдардың басында Ресей үшін халықаралық жағдай тиімді болды. Сондықтан Англия Ресеймен келісімге келуге мәжбүр болды. Ол бойынша Ресей Хиуа хандығын, ал Англия Ауғанстанды қорғауға тиіс. Осы шарт патшалыққа Хиуаны жаулауға жол ашты. Бүл кезде- халықаралық қатынастар патша өскерлерінің жаңа жорығына жағдай туғызды. 1870 жылы Франция және Германия арасындағы соғыс француздардың жеңілісімен аяқталды. Франция талқандалды. Бүл бүкіл Еуропаны дүр сілкіндірген Париж жүмысшыларының көтерілісін өршітті. Сондықтан Англия Еуропада жақтастарының болмауынан, Ресеймен келісімге келуге мәжбүр болды. 1873 жылы көктемдегі келісімінен кейін, Ресей Хиуаны жаулауды бастады. Қозғалыс Орынбордан тура Хиуаға, Маңғышлақтан Краснаводскіге, ал генерал Кауфман Ташкенттен шықты. Орынбор өскері Маңғышлақтағы әскермен бірікті. Хиуа түбінде оларға Кауфман өскері қосылды. Красноводск әскері қүм даладан өте алмай, кері қайтады, қалғандары Хиуаға жетеді, қала соғыссыз беріледі. 1873 жьшы тамыз айында Мүхаммед Рахим 11 бейбіт шарт жасады. Онда Хиуа Ресейге бағынуға тиіс болды. Әмудария өзенінің оң қанатындағы жерлер Ресейге өтті. Мүңца орыс кемелері еркін, ал Хиуада Бүхара кемелері орыс үкіметінің рүқсатымен жүзе алады. Орыс саудагерлері Хиуа жерінің сол жағына қойма т.б. салуға қүқық алып, барлық салықтардан босатылды. Сонымен қатар Хиуа ханы Ресейге 2 200 мың сом контрибуция төлеуге міндетті болды. Түркімен иомудтары Головочевтің қатаң жазасын алды. 1300 адам өлтіріліп, 5 000 мал алынып, 300 000 сомға контрибуция салынды. Түркімен иомудтарының өте нашар түратындары небәрі 100 000 сом жинады. Бірақ ол ол үшін түйелерін, өйелдерінің өшекей бүйымдарын сатты, бүдан артық ақша жинай алмады. Сөйтіп, патша генералдары жаулап алынған халықтарына билік жүргізді. Ақырында орыс самодержавиесі Орта Азиядағы үш хандықты жаулап, оларды өзіне вассадды тәуелді етті. Орыс патшалығын Индиядан Англия мемлекетінің иелігіндегі Ауғанстан бөліп түратын еді. Бірақ жаулап алушылар халық көтерілісіне тап болды. Дөл осындай көтеріліс 1875 жыл Қоқанда, Үзгент қала ауданында Пулатхан жөне Автобачи басшылығымен болды. Көтерліс самодержавиені жақтаушы Худояр ханға қарсы бағьпталды. Көтеріліс басшылары ханды Ресейге сатьшып кеткені үшін айыптады. Олар орыс билеуші өкіметі мен ханды толық жоюды көздеді. Бүл көтерілістің үлт-азаттық мәні болды. Олар тек орыс өкіметі емес, өз хандарын да айыптады. Худояр хан орыс әкімшілігіне қашып кетті. Орнына үлы Насыр-Эдцин хан болды. Бірақ ол үзаққа бармады. Көтерілісшілер Ходжент, Наманган, Әндіжан, Намангай, Ферғананың шығыс бөліктерін алды. Кауфман кетерілісті тез басу үшін Қоқанды алды. Жаңа хан Насыр-Эддин қала есігін ашып, көтерілісшілерді сатып жіберді. Халық сонда да басылмады. Әндіжанда Автобачи 70 мың әскер жинады. Троцский әскерлерін Пулат хан талқаңдады. Көтерілісшілер Қоқанды алып, орыстарды қуып шықты. Осылай көтеріліс үлкен сипат алды. Орыс өкіметі Скоболев жазалау әскерін жасақтады. Ол көтеріліс ауданындағы барлық ер адамдарды дерлік қырды, ез еркімен берілгендер де жазаланды. 1876 жылы қаңтар айында Әбдірахман-Автобачи және Пулат хан берілді. 1877 жылы 19 ақпан орыс өкіметі Қоқан хандығының жойылуын (ликвидациясын) жариялап, оның орнына орыс генерал-губернаторлығының басшылығымен Ферғана облысы қүрылды.





Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 730; Нарушение авторских прав?


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



ПОИСК ПО САЙТУ:


Рекомендуемые страницы:

Читайте также:
studopedia.su - Студопедия (2013 - 2020) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление
Генерация страницы за: 0.005 сек.