Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Арахандар мемлекеті 7 страница




16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталыпы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.

Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес "Сібір татарлары" деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды.

1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж,. қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді.

17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді.

1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында "Жеті жарғы" деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу, яғни біревдің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.

Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды

Қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 ғ.), Жиембет (17 ғ.). Қазақтың батырлар жыры тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Ер Сайын, Қамбар батыр дастандары. Ислам діні толық тарады. Араб әліпбиі қолданылды.

Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі. 18 ғасырда қазақтар үз жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. Кіші жүзді Әбілхайыр, Орта жүзде Сәмеке (Шахмұхамед), Ұлы Жүзде -Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ жерінде орталықтанған мемлекет болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар еді.

16 ғасырдың соңында ойраттар(қалмақтар) төрт тайпалық бірлестіктен тұрды. Олар Тарбағатайдан Шығысқа қарайғы өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғары ағысында қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының маңындағы хошауыттар, Іле өзенінің жоғары жағындағы шоростар еді.

Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ басталды. 16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынды. 1635 ж. Хонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы (1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе түсті. Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, халдан) Оңтүстік қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне қаратуға тырысты.

1718 жылы Тәуке өліп, орнына Болат хан болды. Оның кезінде қалмақтардың қазақ жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана жасап, әріп құюды үйретеді.

Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады.

1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді. Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына орналасты.

Бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деп атады. "Елім-ай" деген ән туды. Халық ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. 1728 жылы Әбілхайыр бастапан Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастапан әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында "Қара сиыр" деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді.

1730 жылы көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, сияқты батырлар бастапан қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кетті. Шуно Дабо бастапан қалмақтар Іле өзені бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Қазақ жерін азат ету жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау үшін Үш жүздің әскерлері Шымкентке таяу Ордабасы деген жерге жиналды. Қолбасшы болып Әбілхайыр мен Бөгенбай сайланды.

Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды. Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке (Шахмұхамед) тақтан үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік танытқан Кіші жүз ханы Әбілхайырда тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып, майдан шебінен әскерін алып кетті. Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай өз әскерін алып кетті. Жоңғарларға қарсы майдан әлсірей бастады. Ұлы Жүздің ханы Жолбарыс жоңғарлармен мәмлеге баруға мәжбүр болды.

Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде Күшік пен барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхара, хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды.

1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.

1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.

Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.

Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті.

Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды.

Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.

Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.

Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.

Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.

Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.

1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады.

1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.

1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады.

Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды.

 

 

Лекция тақырыбы: Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері

Жоспары:

1. Қазақстан

2. Өзбекстан

3. Қырғызстан

 

Лекция мақсаты: Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыстан мемлекеттерінің өткен тарихы мен бүгінгі тарихын салыстырмалы түрде талдау және қазіргі таңдағы бұл мемлекеттердің қарым-қатынастарын түсіндіру.

 

Лекция мәтіні: 1990 жылы желтоқсанда Қазақстанның бастамасы негізінде төрт республика /Ресей, Украйна, Белоруссия, Қазақстан/ бір бірінің тәуелсіздігін мойындап тәуелсіз мемлекеттердің одағын құру туралы бастама көтерді. 1991 жылы тамыз айында орталықта болған оқиға Кеңес Одағының құлауын, одақтық республикалардың тәуелсіздік алуын тездетті. Саяси сахнадан СОКП кетті. Кеңес Одағының құлауының көп себептері бар. Олардың негізгілері: экономика саласында бір орталықтан басқаратын жоспарлы экономиканың үстем болуы, саяси салада бір партия ұйытқы болған әкімдік-әміршілдік жүйенің қалыптасуы, рухани салада бір идеологияның үстем болуы.

1990 жылы қазан айының 25-де ҚССР-ның Жоғарғы Кеңесі ҚазақССР-ның Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларация қабылдайды.

1991 жылы желтоқсанның бірінде республиканың тарихында тұңғыш президенттің сайлауы болып президент болып Н.Назарбаев сайланады.

Желтоқсанның 10-да республиканың Жоғары Кеңесі Қазақ ССР-ын Қазақстан республикасы деп атау туралы шешім қабылдайды. 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік егемендігін жариялайды. Егемен Қазақстан республикасы өз территориясында толық билік жүргізетін, өзінің ішкі-сыртқы саясатын жеке дара шешіп жүзеге асыратын болып Қазақстан республикасының тарихында жаңа дәуір ашылды. 1991 жылы 21 желтоқсанда Алма-Атада болған бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы 11 мемлекеттің ел басыларының мәжілісінен тәуелсіз мемлекеттер достығын құру туралы келісімге қол қойылады.

Тәуелсіз, егемен Қазақстан Республикасының орнауы қазақ халқының тарихындағы аса зор маңызы бар саяси оқиға. Қазақ тәуелсіздікке қол жеткізу үшін күресті, қан мен тер төкті. Тәуелсіздік үшін күресте талай-талай құрбандықтар болды. Сол төгілген тер, құрбандық текке кетпеді, өз нәтижесін берді. Қазақстан тәуелсіз, егемен, жүниежүзі халықтарының қауымдастығында терезесі тең мемлекет болып қалыптасып отыр.

Кеңес Одағының қоғамдық өмірін түгелдей қамтыған тоқыраудан шығарудың жолын КОКП қайта құру деп есептеді. Қайта құру стратегиясын тұжырымдаушылар елдегі экономикалық кризистен жоспарлы экономика мен нарықтық экономиканың артықшылығын пайдалану арқылы шықпақшы болды. Қайта құруды жүзеге асыра бастағаннан соңғы 5-6 жылдың тәжірибесі аталмыш жолмен экономикалық кризисті ауыздықтауға болмайтынын дәлелдеді. Кризистен шығарудың ең сенімді жолы нарықтық қатнасқа өту екенін дүниежүзілік тәжрибе, қайта құрудың тәжірибесі делелдеп берді.

Қазақстан Республикасы 1990 жылдан нарықтық экономиканы қалыптастыру жолына түсті. 1990 жылы желтоқсанда Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесі ²Қазақ ССР-ның экономкасын тұрақтандыру және нарыққа өту бағдарламасын² бекітті. Нарықтық экономика экономикалық ынтықтыққа жол ашады, еңбек өнімін арттыруға мүмкіндік береді, товар өндірушілердің еркіндігін қамтамасыз етеді., бәсекелестікті дамыту арқылы жеке өндірушілердің өктемдігін жояды, өндірісті тұтынушылардың сұранысына бағындырады.

Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда нарықтық экономиканы қалыптастырудың соңғы сатысында отыр. Өткен 10 жылдықтың ішінде нарықтық экономиканы қалыптастыруға байланысты ірі-ірі қадамдарды жүзеге асырды. Олардың негізгілері: бір меншіктің үстемдігін жойып көпменшіктілік жүйені қалыптастыру, меншіктің теңдігін, еркіндігін қамтамасыз ету, мақсатын көтеріп бұл мақсатты мемлекеттік меншікті жекелендіру жолымен жүзеге асырып отыр. Мемлекеттік бағадан еркін бағаға өту нарықтық экономиканы қалыптастырудың негізгі мәселесінің бірі. Нарықтық экономикаға үйлескен банк, кредит жүйесін құру тағы бір негізгі мәселе. Экономиканы монополиясыздандыру, кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту негізгі мәселелердің бірі. Шет елдермен экономикалық қарым-қатнасты жолға қойып, халықаралық еңбек бөлісінің артықшылығын пайдалану және т.б. жолдармен халықаралық экономикалық қатнастарды дамыту нарықтық экономиканы қалыптастыруда маңызды роль атқарды.

Өзбек. Өзбектің ұлт болып қалыптасуы және мемлекет болып құрылуын жазуға кіріспес бұрын «өзбею; атауы қайдан шыққан, «өзбек халқы» деген атау қашаннан бері қалыптасты, міне, осы сауалдарға тоқталайық.

«Өзбек» деген сөз (атау)— XV ғасырдың аяғы — XVI ғасырдың бас кезінде Шығыс деректемелерінде Еділдің шығысы мен Арал теңізінің солтүстігіңдегі далалық аймақтың атауы, яғни шығыс Дешті Қыпшақ атауы ретіңде қолданылған тарихи-этнографиялық термин. Мысалы, Мырза Мүхаммед Хайдар Дулати өз шығармасында: «Моғолстанда үлкендігі Джейхунға (Амудария өзені) ұқсас ірі өзендер көп, олардың ішінде Іле, Емел, Ертіс, Чуйлық (Шу өзені) және Нарын бар. Бұл өзеңдердің көпшілігі Көкше теңізге (Балхаш көліне) қүяды, ол Моғолстан мен Өзбекстанның арасында орналасқан және оларды бөліп жатыр» деп жазды.

Өзбек атауы Шығыс деректемелерінде (парсы тілдес)— Низам ад-Дин Шами, Муин ад-Дин Натанзи, Шараф ад-Дин ал-Иезди, Абдураззақ Самарқанди тағы басқалардың еңбектерінде ХҮІ ғасырдың 50—60 жылдарынан бастап бұрын Шайбан және Орда-Ежен ұлыстарының құрамына енген Шығыс Дешті Қыпшақтың түркі-монғол тайпаларының орталық жалпы атына байланысты аталады. Бүдан гөрі ертерек дәуір деректемелерінде «өзбек» термині кездеспейді.

XVI ғасырда араб авторлары (Насыр ад-Дин ибн өл-Фурат, Әс-Асадй, Әл-Айни т.б.) Алтын Орда билеушілерін «Дешті патшалары, Қыпшақтар патшаларың деп атапты.

XIV ғасырдың 60 жылдарынан Низам ад-Дин Шами, Муин ад-Дин Натанзи Ақ Орда жерлерін «Өзбектер елі» («Дийар-и-өзбек» — Өзбекстан), «Өзбек далалары» (Сахра-и-өзбек), ал Орыс ханды (қазақ хандарының арғы атасын) Өзбектер патшасы (падишах-и-езбек) деп атай бастады.

Орыс тарихшылары Н.А.Аристов, А.Ю.Якубовский, П.П.Иванов өзбек терминінің (атауының) шығу тегін Алтын Орда ханы Өзбек (1312—1342 жылдары билік еткен) есімімен байланыстырады. Академик Б. Г.Гафуров, Б.А.Ахмедов атаған Өзбек хан қол астындағы халықтарды емес, Ақ Орданың бүкіл түркі-монғол тектес тайпаларын «өзбек» деп атағанын ескертіп, оның шығу тегін тек Өзбек хан есімімен байла-ныстыруға болмайтынын дәлелдейді. Соңғы жылдарда тарихи әдебиетте «өзбек» атауы әлі этноним болып қалыптаспаған Шығыс Дешті Қыпшақтың жергілікті түркі және түркіленген монғол тайпалары одағының жалпы атауы деген пікір қалыптасты.

Бұл одақтың құрамында (Масуд бин Осман Кухистан, Бенай т.б. пікірлері бойынша) Бүркіт, Қият, Қосшы, Қоңырат, Үйсін, Қыпшак, Найман, Жат, Қарлұқ, Кенегес, Күрлеуіт, Маңғыт, Үйғыр, Қытай (Хитай) т.б. тайпалар болды. Бұл тайпалардың көбі ерте заманда-ақ Қазақстан мен Орта Азия жер аумағын мекендеген.

Өзбек халқының шығу тегі мен ұлт болып қалыптасуы

Өзбек халқының шығу тегі мен ұлт болып қалыптасуы туралы мәселе өзбек тарихының бір бөлігі болып табылады. Біз бұл тақырыпты ашуда Мырза Мүхаммед Хайдар Дула-тидің «Тарих-ир-Рашидш», Махмүт бин өмір Уәлидің «Бахр-әл-Асрар-фи-Манакиб-әл-Ахиа», Камал ад-Дин (Шир) өли Бинайдың «Шайбани-наме», Абдаллах Бал-хидің «Зубдат әл-Асрар», Рузбеханның «Михман-нама-и-Бухара» атты шығармаларын, сондай-ақ авторлары белгісіз «Таварих-и-Гузида-и-Нусрат-нама» — «Жеңістер кітабының тандамалы тарихы», «Тарих-иш-Шах Махмүт бин мырза Фазыл Чорс», «Тарих-и Кипчаки» және Масуд бин Осман Күхистанидің «Тарих-и Абул-ул-Хаир-хани», Бабыр Захир-ад-Дин Мүхаммедтің «Бабырнама», В.В.Бартольдтің еңбектерін, өзбек тарихшыларының «Народы Средней Азии и Казахстана», М.Эрматовтың «Өзбек халқының шығу тегі және қалып-тасуы» (Ташкент, 1968) тағы басқа еңбектерге сүйендік. Көне жазба деректерге қарағанда, өзбек Орта Азияны мекендеген ежелгі соғдалық, хорезмдік, бактриялық, ферғаналық тайпалар мен сақ, массагет тайпаларынан тарайды. Бұл халықтардың бәрі иран тілдес еді және еуропоидтық нәсілге жататын.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 655; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.041 сек.