Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дивергенция, конвергенция, параллелизм

 

Дивергенция,конвергенция,параллелизм-тірі организмдер топ-

тарының эволюциялық формалары.

Дивергенция (латынша "divergo"-кері шегінемін) деп туыс форма-

лардағы белгілердің ажырауын айтады.Ол табиғатта ұдайы жүретін процесс.Бір аймақта қорек қорын біркелкі қабылдайтын ұқсас жануарлар болса,қорек таусылғанда олар қорегі мол басқа орындарға ауысады.Бір аймақта сыртқы ортаға талабы әр түрлі организмдер тіршілік етсе арасында бәсеке аз болады.Себебі әрқайсысы бір-біріне тәуелді емес,өзінің қажетіне лайықты қорегін тауып жейді.

Конвергенция (латынша "conergo"-ұқсас болу)деп организмдердің туыстық жағынан алыс болғанымен мекен (тіршілік) ортасы бірдей, сыртқы пішінінің бір-біріне ұқсас болуын айтады.Мысалы,дельфиндер сүтқоректілер класына жатады,соған қарамастан дене пішіні балықтарға ұқсайды.Дене пішіні сүйір,артқы аяқтары жоқ,алдыңғы аяқтары жүзбе қанатқа айналған.Жүзбе қанаттары судың тереңдігіне оң мен солға бұрылу, су бетіне көтерілу және тежеу қызметін атқарады.Арқа жүзбе қанаты жылдам жүзгенде ауыр денесі жаn-

jaғына ауып кетпес үшін қажет болса,құйрық жүзбе қанаты есу қызыметін атқарады. Сондықтан дельфиннің құйрық жүзбе қанаты балықтікі сияқты тік емес көлбей орналасқан.Бір-бірімен туыстығы болмаса да, жануарлардың тіршілік ортасына бейімделушілігін көрсетеді.Бұл құбылыс конвергенттік ұқсастыққа жатады.

Параллелизм (грекше "parallelos"-қатар жүру)деп туыстық жағынан өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір-біріне тәуелсіз дамуын айтады.Мысалы,сүтқоректілер класына жататын ескекаяқтылар отрядының сулы ортаға бейімделушілігі 3 салада дамыды.Мысалы,морждар,құлақты және кәдімгі түлендер сулы ортаға бір-бірінен тәуелсіз көшкендіктен суға бейімделу мүшесі-ескегі пайда болды.Жәндіктердің ішінде қоңыздардың алдыңғы жұп қанаттары өзгеріп,қатты қанатқа айналғандықтан қанатүсті деп атайды.Қоңыздардың барлығы қатқыл қанаттылар отрядына топ-

тастырылады.Қосмекенділердің белгілері саусаққанатты балықтарда дамиды.Сүтқоректілердің көп белгілері аңтісті кесектілердің топтарында пайда болады және т.б.Осы ұқсастық шығу тегінің бір екендігін дәлелдейді.

Эволюция-қайтымсыз процесс. Кез келген организмнің жаңа ор-

таға бейімделуі үшін қандай да болсын өзгерген бір мүшесі жойылады.Кейін бұрғыны тіршілік еткен ортасына қайта ауысқаны-

мен жойылған мүшесі қайтадан қалпына келмейді,басқа бейімделу-

шілікпен алмастырылады.Эволюция қайтымсыз (кері қайталанбайтын) процесс екендігін кезінде Ч.Дарвин:"Тіпті тіршілік еткен ортасы қайтадан дәл бұрынғыдай болып қайталанғанымен жоғалған түр еш уақытта да қайта қалпына келмейді",- деп жазады.Мысалы,дельфин,

киттер, ешқашан қайтадан балыққа айналмайды.Құрлықта тіршілік ететін жануарлардың сулы ортаға ауысуы аяқтарының конвергентті өзгерісінен-конвергенция мүшелердің тек сыртқы құрлысын өзгертуге қатысады.

Табиғи және агробірлестіктерге сипаттама.

Табиғи бірлестіктер (биоценоз) туралы география,биология пәндері-

нен жақсы таныс.Биоценоз құрлымы,ондағы биотикалық қарым-қатынастар,экожүйелерімен сабақтастығы туралы белгілі.Сондықтан бірлестіктердің құрлымындағы қазіргі жағдайын оқып-үйренеміз.

Биоценоз-тірі организмдер (микроорганизмдер,өсімдіктер,жануар-

лар)жиынтығынан тұрса,ал биогеоценоз-биотоп пен биоценоздан тұрады.Биоценоз жағдайында барлық организмдер жинақталып, сол аймақтың биотасын қалыптастырады.Ал биота-автотрофты және гетеротрофтар әр түрлі организмдердің п опуляцияларынан тұрады.

Биоценоз-ұзақ жылдар бойы қалыптасып және уақытқа байланысты өзгеріп отыратын табиғи бірлестік.Ондағы организмдердің арасында әр түрлі деңгейде (қоректік,бәсекелестік,жыртқыштық,паразиттік,сел-

бестік,т.б. қарым-қатынастар кешені) биотикалық қарым-қатынастар үздіксіз жүріп жатады.

Адамның іс-әрекеті табиғи бірлестіктердегі өздеріңе таныс барлық жағдайларға оң не теріс әсер етеді,өзгертеді немесе жаңартады.Бірақ,

көбінесе табиғи бірлестіктерге адамның араласуы экологиялық дағдарыстар туғызып отырғанын адамзат қауымы мойындап отыр.Оның негізгі бағыттары:

1. Өнеркәсіпті дамыту, қазба байлықтарды игеру, қала құрлыс салу, ауыл шаруашылығын игеру және өнімдерді сыртқа шығару. Бұл процестер экожүйелерге тікелей немесе жанама әсер етеді. Аталған өндіргіш күштерді игеру табиғи биоценоздарды түбегейлі жою арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде, биоценоз құрылымы өзгереді, одан соң фауна мен флораға салмақ түсіп, түрлер жойылады немесе орын ауыстыруға мәжбүр болады. Мысалы, Арал өңірінің тұзданып кетуі.

2. Жасанды бірлестіктер – агроценоздардың қалыптасуы. Шаруа-шылық салаларының сұранысын өтеу үшін адам баласы ауыл шаруа- шылығына жарамды жерлердің бәрін игере бастады. Мәдени өсімдіктерді өсіру, өнім алуды көбейту шаралары- табиғи биоценоздарды барынша қысқартып, керісінше, агроценоздарды көбейтіп отыр.

Агроценоз- табиғи биоценоздың орнына мәдени өсімдіктерді өсіру мақсатымен құрылған биоценоз. Бұл биоценозды қалыптастыру барысында адам баласы агротехникаларды пайдаланып, оның табиғи құрауыштарын, фаунасы мен флорасын түбегейлі өзгертіп жіберді. Оның үстіне мол өнім алу үшін бұл алқаптарды қосымша суарып, тыңайтқыштар беріп, ауыл шаруашылығы зиянкестерімен, арам-шқптермен күресу үшін химиялық улы заттарды да пайдаланады.

Агроценоздың негізгі сипаты мен белгілері:

1. Өсімдіктер мен жануарлардың нақты таңдап алынған түрлері ғана өсіріледі.

2. Организмдердің жоспарланған түрлері мен қарым-қатынастары қалыптасқан.

Агроценоздардың екі типі бар.

1. Агроценоз негізін бір немесе бірнеше мәдени өсімдік құрайды(бидай, арпа, сұлы, бау-бақшалар, т.б.).

2. Агроценоз негізін таби ғи өсімдіктер құрап, оған қосымша мәдени өсімдіктер себіледі (жайылымдар, саябақтар, шабындықтар, шалғындар, т.б.).

Агроценозбен табиғи биоценоздың негізгі айырмашылықтары

Табиғи биоценозда қоректік минералды элементтердің айналымы табиғи зат айналымы бойынша, ал агроценозда жерді құнарландыру, зиянкестермен күресу, т.б. шаралар арқылы адамның араласуымен тікелей жүзеге асырылады.

Табиғи биоценозда тек қана Күн энергиясымен қатар жасанды энергия көздері (жарық беру, механиклық энергиялар,т.б.) пайдаланылады.

Табиғи сұрыпталу өздігінен жүзеге асады, ал агроценозда қолдан сұрыптау жолымен мол өнім беретін суыққа төзімді сорттарды шығарады.

Осылайша адам баласы табиғи биоценозды қысқартып отырады. Қазқстандағы тың игеру кезінде (1954-1960жж.) қазақ даласының құнарлы жайылымдарының миллиондаған гектары топырақ, жел эрозиясына ұшырады. Бұл адам баласының табиғатқа жасаған өрескел ағаттықтарының бірі болып қалды.

3. Заттарды тасымалдау зардаптары.

Ауыл шаруашылығын игеруде адам баласы әр түрлі заттармен бірге тасымалдап отырады. Тыңайтқыштар, улы химикаттар, мұнай өнімдерін тасымалдау табиғатқа орасан зор зиян келтіреді. Сонымен қатар тасымалдау кезіндегі ысырапшылыққа жол беру, апаттар, төглу, шашылу бәрі қоршаған ортаны ластайды. Бұл фактілерді болдырмау техникалық қауіпсіздікті сақтау арқылы ғана жүзеге асатынын білуіміз керек.

4. Қазба байлықтарды игерудегі проблемалар.

Қазба байлықтарды игеру, барлау және өндіру табиғи ортаға (ауа, су, мен жерге) әр түрлі қатты, сұйық, газ тәрізді зиянды заттарды шығарумен бірге жүзеге асырылады. Бұл заттар өсімдіктер мен жануаларды улап, жойып жібереді.

5 .Сынақ полигондарына пацдаланылған жерлердің жағдайы.

Қазақстанда сынақ полигондары қамтыған жерлер шамамен 20млн га деп есептеледі. Бұл негізінен Семей, Сарыөзек, Байқоңыр, Азғыр, Тайсойғған, Нарын, Саршыған, т.б. жерлер. Сынақ жасалған жерлер жарамсыз болумен қатар, бүкіл экожүйені апатты экологиялық аймақтарға айналдырады.

6.Химиялық қосылыстарды пайдаланудың зардаптары.

Адам баласы өзінің материалдық игілігін жақсарту үшін химияляқ, синтетикалық заттарды шаруашылықта, күнделікті тұрмыста жиі пайдаланады. Олар химяляқ тұрмыстық заттар, тыңайтқыштар, пестицидтер, гербицидтер, улы химикаттар, тұздар, т.б. Осы заттардың бәрі жер асты суына араласып, ауаға көтеріліп, азық-түлік құрамымен бірге адам организміне түсіп зардап шкетіреді, түрлі ауруларды қоздырады, улайды немесе өлімге душар етеді.

 

Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерлері.

Адам биологиялық түр ретінде Жер шарының барлық аймақтарына таралып отыр. Алғашында адамдар табиғатты санасыз, одан соң саналы түрде пайдалана бастады.

1.Адамның биологиялық түр ретіндегі табиғатқа әсері.

2.Адам өзінің барлық іс-әрекетінде ақылмен ойланып жұмыс істейді.

3.ҒТП-нің дамуы барысында адам баласы табиғатқа бөгде заттарды (химиялық қосылыстар,қорытпа пластикалық,жарылғыш заттар,т.б.)шығарады.Осылайша табиғатты өзгертеді және бұзады.

4.Адамның ең ірі әрекеттерінің бірі өнеркәсіпті игеру,құрылыстар салу,кен орындарын ашу,пайдалы қазбаларды өндіру болып табылады.

5.Адам баласының атом қарулары мен ғарышты игеруге байланысты табиғатқа тигізіп отырған зардабы ерекше.

Антропогендік факторлар әсер ету сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

1.Тікелей әсер.

2.Жанама әсері.

3.Кешенді әсері.

4.Ойланбай істелетін әрекеттер.

5.Саналы түрде істелетін әрекеттер7

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Лекция. Органикалық дүние эволюцияның негізгі | Лекция. Антропогенез – адамның шығу тегі туралы және эволюциясы туралы ілім.Адамның жануарлардан шыққан дәлелдері
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 4971; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.036 сек.