Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция. Антропогенез – адамның шығу тегі туралы және эволюциясы туралы ілім.Адамның жануарлардан шыққан дәлелдері

Лекция

Лекция

Антропогенез – адамның шығу тегі туралы және эволюциясы туралы ілім.Адамның жануарлардан шыққан дәлелдері.

 

Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін, материалдық және рухани қазыналарын зеріттеитін кешенді ғылым антропология деп аталады.Антропология терминін алғаш ғылымға Аристотель енгізді. Жалпы,тірі организмдердің тарихи дамуы кезеңінде ең соңында пайда болған әрі жоғары сатыдағы тұрған тіршілік иесі –адам.Қазіргі кездегі жер бетіндегі адамдардың бәрі де бір ғана түрге – саналы адамға жатады.Адамның шығу тегі туралы көптеген көзқарастар бар.

Адамның шығу тегі жалпы тіршіліктің пайда болуымен тікелей байланыста қарастырылады. Діни ұғымдар бойынша адамды Құдай, Аллаһ тағала, т.б. жаратушы құдіреттер топырақтан, саз балшықтан жаратқан деген пікірлер бар. Ең алғашқы адамның жалпы аты – Адам-ата. Тіршілікті Жаратушы құдірет иесі алдымен Күн мен Жерді, кейіннен суды,топырақты, Ай мен жүлдыздард ы, жануарларды жаратқан. Ал алтыншы күні Адам –ата мен Хауа –анадан жер бетідегі барлық адам баласы таралған деп түсіндіреді.

Жаратылыстану ғылымдарының пайда болуы және олардың даму кезеңдеріне байланысты адамның пайда болуы туралы басқа да көзқарастар қалыптасты. Әсіресе анатомия, эмбриология, палеонтология, т.б,ғылымдардың деректеріне байланысты адамның шығу тегі туралы ғылыми көзқарастар қалыптаса бастады. Тірі организмдерді алғаш рет швед ғалымы Карл Линнеи ғылыми жүйеге бөліп жіктеге (1735 ж.). Ол өз еңбегінде адамды сүтқоректілер класының, приматтар (маимылдар) отрядына жатқызып, түрін саналы адам деп атады.Француздың жаратылыстанушы ғалымы Ж.Б.амарк та адамның адамтектес маймылдардан шыққандығын қуаттайды. Ағылшын ғалымы Чарлиз Дарвин де өзінің эволюциялық ілімі бойынша адам адамтектес маймылдардан пайда болған деген пікірді қолдады.

Адам мен жануарларда болатын ортақ белгілер.. Адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі мүшелердің құрлысында бір – біріне ұқсас белгілер көптеп кездеседі. Ондай белгілердің бірінші тобына – адам денесінде кездесетін рудиментті (латынша арғы тегінен қалған қалдық белгілер) мүшелерді жатқызуға болады. Қазіргі кездегі адам денесіндегі мұндай рудиментті мүшелер 90 –ға жуық. Ондай мүшелерге теріасты, құлақ маңындағы бұлшық еттерді, терідегі түктерді, омыртқа жотасындағы құйымшақ бөлімін, соқырішекті, т.б. мүшелер жатады. Адамда мұндай кейбір мүшелердің атқаратын қызметі де өзгерген. Мысалы, жануаларларда болатын соқырішек, негізінен, ас қорытуға қатысатын болса, адамда қорғаныштық қызмет атқарады.

Адам денесінде кейде кездесетін жануарларға ұқсас белгілердің екінші тобына атавизмді (латынша – арғы тегін қайталау) мүшелер жатады. Ондай мүшелерге кейде құйрықты баланың дүниеге келуі, денесіне қалың түк өсуі, көп емшекті адамдардың тууы, т.б. жатқызуға болады. Адам денесінде кездесетін мұндай рудиментті және атавизмді мүшелер адамның арғы тегінің жануарлардан шыққандығына нақтылы ғылыми дәлел бола алады.

Адам мен адамтектес маймылдардың ұқсас белгілері. Адам мен адамтектес маймылдардың сыртқы құрылысында және мінез – құлығында да көптеген ұқсас белгілер бар. Мысалы, сыртқы орта жағдайларындағы тітіркедіргіштерге байланысты көңіл күйінің өзгеруінен, ұрпақтарыына қамқорлық жасауынан (сүйіспешілігі, ызалануы), т.б. айқын аңғаруға болады. Сонымен қатар маймылдарда да орталық жүйке жүйесі және есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Осыған байланысты адам мен маймылда шартсыз, шартты рефлекстер ұқсас қалыптасады. Адамтектес маймылдардың да құйрығы болмайды, саусақтарының ұшы жалпақ әрі онда жалпақ тырнақтары бар. Олардың сезім мүшелері, терісінің құрылысы, қан топтары, жалпы аурулары және олардың денесінде тіршілік ететін паразиттері де ұқсас болады. Хромосомаларының құрылысы да ұқсас келеді. Адамда – 46, ал адамтектес маймылдарда – 48 хромосома бар. Міне, осы айтылған белгілердің бәрі де адам мен адамтектес маймылдардың арғы тегінің бір – біріне жақын екендігін дәлелдей түседі.

Адам мен адамтектес маймылдардың бір – бірінен айырмашылық белгілері. Адамтектес маймылдардың көп белгілері адаммен ұқсас болғанмен, олар адам сияқты күрделі еңбек құралдарын жасай алмайды. Адамның тікелей тік жүруіне байланысты өзіне ғана тән белгілер қалыптасқан. Ондай белгілерге – омыртқа жотасының алға–артқа қарай иілуін, кеуде қуысының жазық пішінділігін, жамбас қуысының кеңдігін атауға болады. Адамның аяқтары қолынан ұзын және миы өте жақсы дамыған. Адам қолының басбармақ сүйегі басқа саусақтарға қарама – қарсы орналасқан. Ресей ғалымы Е. Тетушкин 2001 жылы адам мен адамтектес маймылдардың қан құрамын салыстыра отырып зерттеген. Ол адамдардан гиббодар -17, 9 млн, орангутандар -13,9 млн, горилла -7,2 млн, ал шимпанзелер -5,9 млн жыл бұрын бөлінген деген қорытынды жасады. Ол шимпанзенің қан құрамы мен нәруыздардың 99,6% -ы адамға ұқсас екендігін анықтады.

Дриопитектер – бұдан 25 -14 млн жыл бұрын тіршілік еткен адамтектес маймылдардың бір тобы. Олар көбіне ағаш басында, кейде жерге түсіп тіршілік еткен. Кейіннен дриопитектерден қазіргі адамтектес маймылдар мен адамдардың ежелгі арғы тегі бөлінген. Дриопитектерден адамдардың өз алдына жеке тұқымдас ретінде бөлінуі антропогенездің жаңа кезеңі болып саналады. Адамдар тұқымдасының ежелгі түрлерінің дене құрлысында адамтектес маймылдарға да, адамға да тән белгілер кездеседі.

Дриопитектер тіршілік еткен кезеңдегі тау түзілудің әсерінен жер бетіндегі ауа райы суыта бастады. Тропиктік және субтропиктік орман алқаптары оңтүстікке қарай ауысып, кең көлемді ашық алаңқай жерлер пайда болды. Төрттік кезеңдегі мұздану оңтүстікке қарай жылжып ауа райыының сууына әсерін тигізді. Ағаш басынан ашық алаңқай жерлерде тіршілік етуге көшкен маймылдар ауа райының қатал жағдайына бейімделіп, тіршілік үшін күресулеріне тура келді. Жылдам жүгіре алмайтын әрі жыртқыштардан қорғану қабілеті нашар және денесіндегі түгі сирек адамтектес маймылдар топтасып тіршілік ете бастады. Адамтектес маймылдардың бір тобы бірте – бірте екі аяқпен тік жүріп, қарапайым құралдарды пайдалануға бейімделе түсті. Дриопитектерге туыстық жақын түрлерге рамопитектер мен сивапитектер жатады. Олардың қаңқа қалдықтары Үндістаннан, Оңтүстік Африкадан, Европадан табылған. Рамапитектер бұдан 14 – 8млн жыл бұрын тіршілік еткен.

Кейбір ғалымдар оларды адамтектес маймылдар мен адам арасын байланыстыратын тіршілік иелері деп санайды Олар көбіне ашық жерлерде, екі аяғымен тік жүріп өмір сүрген. Рамапитектерден алдымен проконсулар, одан кейін горилла мен шимпанзе, ең соңынан аустропитектер бөлінген. Бұдан 8 -2 млн жыл бұрын ежелгі адамтектес маймылдардың бір тобынан ежелгі адамдардыңарғы тегі – аустралопитектер бөлінген. Ол латынша “оңтүстік, маймыл ”деген ұғымды білдіреді. Аустралопитектердің қаңқа қалдықтары 1924 жылдан бастап Оңтүстік Африкадан, Шығыс Африкадағы Олдовай қойнауынан (Танзания),Омо өзенінің аңғарынан (Эфиопия), Рудольф көлінің маңынан (Кения) табылған. Аустралопитектер топтанып тіршілік еткен, бойының ұзындығы 120 – 150 см, салмағы 20 – 50 кг, олар екі аяғымен тік жүрген. Басқа адамтектес маймылдармен салыстырғанда аустралопитектердің тісінің құрлысы адамдарға ұқсас, ал миының салмағы 450 - 650 г болған. Қоегін табу үшін және жауынан қорғану үшін тастан, жануарлардың сүйектерінен, ағаш бұтақтарынан қарапайым құралдар жасап пайдаланған. Олардың еңбек құралдарын жасай білуі адам эволюциясында елеулі рөл атқарды. Аустралопитектерді ғалымдар тікелей адамдар тұқымдасына жатқызады. Қазақстан жерінен аустралопитектердің тікелей қаңқа қалдықтары табылған жоқ. Олардың қоныс мекендері, пайдаланған тас құралдары, аулаған жануарлардың қаңқа қалдықтары. Қазақстанның көп аймақтарынан табылған. Мысалға, Қаратау, Жетісу, Сарыарқа, Балқаш, Маңғыстау, Мұғалжар, Ертіс алқаптарын атауға болады. Қазақстандағы аустралопитектердің қоныстарын 1958 – 1959 жылдары қазақстандық ғалымдар Х. Алпысбайев (1979 ж), мәдени мұраларын А. Медоев (1982 ж) зеріттеді. Жалпы, аустралоиктердің тарихи даму кезеңдерінде олардың бірнеше түрлері тіршілік еткен. Олар бұдан 8 -2млн жыл бұрын тіршілік еткен. Олардың ашық жерлерде тіршілік етуіне байланысты терісіндегі түктері азайған. Алдынғы аяқтарын (қолдарын) жерге тигізбей тік жүрген әрі жылдам жүгіруге де бейімделе бастаған. Аустралопетиктер өз тіршілігін екі бағытта жалғастырған. Олардың бір тобы әрі өсімдікпен, әрі жәндіктермен қоректенетін Олардың екінщі тобы - Алып аустралопитекер, деп аталады. негізінен, өсімдіктермен қоректенген.

Аустралопитектердің барлық түрлері бұдан 1 млн жылдай бұрын біржола жойылып кеткен деген пікір бар, Аустралопитектердің барлығы да тік жүріп өмір сүрген, еңбек құралдарын жасауды жетілдірген,соған байланысты миының да көлемі арта түскен. Өздеріне қажетті қоректі топтасып (қауымдасып) тапқан. Бұдан 2 -3 млн жыл бұрын аустралопитектер– адамдарға жақын тіршілік иелері өмір сүрген. Олардың миының салмағы 650 – 800 г және малта тастардан қарапайым құралдар жасай білген, оларды ғылымда епті адам (Homo habilis)

деп атайды. Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір – бірінен ажырататын белгі – миының салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 450 грамнан аспайды. Миының салмағы 750 грамм кезінде бала сөйлей алады. Ми салмағының артуы тікелей бас сүйегінің ми сауыты бөлімінің көлемінің артуымен байланысты. Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады. Оларға ежелгі адамдар (архантроптар), ертедегіадамдар (палеоантроптар) және осы заманғы адамдар (неоантроптар) жатады

 

Ежелгі адамдар (архантроптар). Ежелгі адамдардың барлық топтары бір ғана тік жүретін (Homo eretus) адам түріне жаталы. 1891 жылы нидерландтық ғалым Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн – 600 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эжен Дюбуа деп атады. Ол гректің “маймыладам ”адам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл – адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 грам, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен. Питекантроптың ортан жілігінің құрлысының адамның ортан жілігіне ұқсас болуы, оның тік екі аяқпен жүріп, тіршілік еткенін аңғартады. Оның кейбір белгілерінің маймылға. ал кей белгілерінің адамға ұқсастығына байланысты оған “маймыладам” деген ат берілді. Кейінен оның қаңқа қалдықтары Қытай, Германия, Венгрия, Солтүстік және Оңтүстік Африка жерлерінен де табылды. Қазіргі кезде питекантроптарды архантроптарға (ежелгі адамдарға) немесе тік жүретін (Homo erectus) жатқызады. Ежелгі адамдардың сыртқы дене құылысының едәуір айырмашылықтарына қарамастан, олардың бәрі бір ғана түрге жатқызады. Архантроптар жер бетінде бұдан 1млн жыл мен 500 мың жылдар аралығындағы кезеңде тіршілік еткен. Бұлардың қаңқа қалдықтарының табылған жерлеріне сәйкес питекантроп (ява адам), синантроп (қытай адамы), гайдельберг адамдары деп атайды. Ежелгі адамдардың сыртқы белгілері аустралопитектермен, епті адамдармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсас, әрі миының салмағы да үлкен: 750, 900 г, кейде 1000 – 1100 г. Арханотроптардың бойының ұзындығы 165 – 170 см. Бұл белгілердің бәрі де олардың қазіргі адамдарға едәуір ұқсас екендігін дәлелдей түседі.

Архантроптардың бір тобы – синантроп (қытай адамы) Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пнкин маңындағы үңгірден табылды. Олар аң терілерін киім ретінде пайдаланып, үңгірлерде тұрған және тас құралдарды әрі отты пайдаланған. 1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған. Оны ғылымда гейдельберг адамы деп атап, архантроптарға жатқызды. Архантроптардың тіршілік әрекеттерінде де күрделі өзгерістер болмағандығы

бай0алады. Олар көбіне ірі жануарларды ұжымдасып аулап, отты пайдалана білген.

Архантроптардың тарихи даму кезеңіндегі негізгі ерекшеліктердің бірі – сөздің пайда болуы. Олардың сөздік қоры тек жеке сөздерден ғана құралған. Сөз ежелгі адамдар арасында басты қарым – қатынас құралы болған. Архантроптардың қаңқа қалдықтары Орталық Еуропа мен Алдыңғы Азия өңірінен де көптеп табылаған. Қазақстан жерінде де ежелгі адамдардың қоныс тұрақтары, пайдаланған тас құралдары мен аулаған жабайы жануарларының қаңқа қалдықтары көптеп табылады. Соңғы жылдары Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары соны дәлдейді.Тас дәуіріне қатысты тастан жасалған құралдар Қазақстанда алғаш рет 1928 жылы Алтын Қолат жайлауының маңынан табылған. Кейіннен мұндай тас құралдар Жамбыл обылыс, Қызылту елді мекенінен де табылды. Осындай зерттеулер нәтижесінде ғалымдар Қазақстан жерінде ежелгі адамдардың қоныс тұрақтары шоғырланған бірнеше аймакты анықтады. Ондай аймақтарға Маңғыстау, Үстүрт, Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау, Солтүстегі ұсақ таулы Көкшетау және Нарын – Бұқтыма, Ертіс маңы жатады. Осындай деректерге сүйеніп, қазақстандық көрінекті ғалым. Ж. Таймағанбетов және т.б. Қазақстан жерінде ежелгі адамдар бұдан бір миллион жылдай бұрын өмір сүрген деп тұжырымдайды. Архантроптардан бастап қазіргі адамдардың келіп шығуы 500 мың жылдай уақыт аралығын қамтыған. Архантроптардың эволюциясынада ми салмағының артуы, қоғамдасып тіршілік ету, еңбек құралдарын жетілдіре түсу және отты пайдалану – эволюцияның басты бағыттары болды.Дегенмен де архантроптардың эволюциялық дамуында биологиялық факторлар, соның ішінде табиғи сұрыптау басты рол атқарды.

 

Ертедегі және осы заманғы алғашқы аламдар.

Ертедегі адамдар. Ертедегі адамдарды ғылыми тілде палеонтроптар, кейде неандерталь адамдары деп атайды. Палентроптар қазіргі адамдардың тікелей арғы тегі болып саналады. Жалпы алғанда, ертедегі адамдардың тіршілік әрекеті, ақыл – ой және әлеуметтік өмір сүру жағдайлары қазіргі адамдарға ұқсас болған. Олардың сүйектерінің қалдығы алғаш рет 1848 жылы Еуропада табылған. 1856 жылы Батыс Германия жеріндеегі Неандерталь өзенінің аңғарынан ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтары табылды. Палеонтроптар бұдан 1,5 млн – 250 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ертедегі адамдардың бойының ұзындығы 155 – 165 см, ал миының көлемі 1400 болған. Палеонтроптардың ойлау қабылеті жақсы дамыған. Бұл кезде түрлі қолөнер салалары пайда болған. Қоғамдық сана қалыптасып. түрлі наным – сенімдер, тасқа, сүйекке ойып сурет салу және өлген адамдарды жерлеу салты болған. Ертедегі адамдар ауа райы қолайсыз ауыр жағдайларда үңгірлерде тұрып, үнемі отты пайдаланған. Олар топасып аң аулаған және Жер шарының көп аймақтарында өмір сүрген. 1938 жылы орыс ғалымы А. П. Окладников (1908 – 1981 ж.ж) Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен ертедегі адамдардың сүйек қаңқаларын тапты. Ертедегі адамдардың мекенжайлары, пайдаланған тас құралдары және аулаған жануарлардың сүйек қалдықтар Қазақстан жерінен де көптеп табылды, Қазақстандық ғалым Х. А. Алпысбаев 1958 – 1962 жылдары Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау өңірінен ертедегі адамдардың қоныстарын тауып зеріттеп, ғылымға көп жаңалық қосты. Ертедегі адамдардың пайдаланған тас құралдары Орталық Қазақстан, Бетпақдала өңірінен де табылды. Ә. Х. Марғұланның бұл салада сіңірген еңбегі орасан зор. Ғылымда бұл дәуірді тас дәуірі (немесе тас ғасыры) деп атайды. Тас ғасырдың мұралары Шығыс Қазақстан (Алтай өңірі), Семей маңынан, Арал аймағынан, Шығыс Қазақстан

(Алтай өңірі), Семей маңынан, Арал аймағынан, Сарыарқа жерінен, Батыс Қазақстан өңірінен, Маңғыстау алқабынан да табылды. Ертедегі адамдар 50 – 100 –ден топтасып өмір сүрген. Ер адамдар бірігіп аң ауласа, әйелдер жемістерді, өсімдіктердің жеуге жарайтын мүшелерін жинаған. Ал тәжірибесі мол қарт адамдар құрал – саймандар жасап беретін болған. Ертедегі адамдар өзлері аулаған жануарлардың терілерін өңдеп, киім жасап киген. Ертедегі адамдар өмір сүрген кезеңде болып тұратын мұз басу жағдайлары олардың өміріне көп қауіп – қатер тугызып отырған. Табиғи сұрыпталудың нәтижесінде ертедегі адамдардың өте төзімді әрі батыл. әрі ептілері ғана тірі қалып, ұрпақ жалғастырған. Бұл кезеңде:ұжымдасып еңбек ету, тіршілік үшін бірлесе отырып күресу және ақылға салып ойлау маңызды рол атқарды.

Осы заманғы алғашқы адамдар.

Оларды ғылыми тілде қазба түрдегі неонтроптар немесе көпшілікке арналған әдебиеттерде кроманьон адамдары деп те атайды. Өйткені бұл кезеңнің адамдарының қаңқа қалдықтары ең алғаш рет 1868 жылы Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен табылған. Кроманьон адамдары бұдан 50 – 30 мың жыл бұрын өмір сүрген. Бұл кезеңде өмір сүрген адамдардың мекен - жайлары Қазақстанның да көптеген жерлерінен табылды. Неоантроптардың бойының ұзындығы 170 – 180 см, 30 – 40 жыл өмір сүрген. Бас сүйегіндегі ми сауытының көлемі шамамен 1400 – 1600 см. Алдыңғы ми сыңарларының самай және маңдай бөлімдері өте жақсы дамыған. Неоантроптар өздеріне баспана салып, сонда тұрған. Олар, негізінен,етті тағамдарлы көбірек пайдаланған. Аң аулау үшін тастан. сүйектен әр түрлі құралдар жасай білген. Өздері тұратын үңгірлердің қабырғаларына әр түрлі бояулармен, кейде тастармен қашап та, суреттер салған. Бұл кезеңде қолөнерлің түрлі салалары да дамыған. Қыштан ыдыс жасауды білген. Кроманьон адамдары алғаш рет кейбір жануарларды қолға үйрете бастаған және егіншілікке де алғаш қадам жасаған. Тайпа, ру болып өмір сүру салты қалыптасқан. Айналасындағы табиғи туындыларына сыйыну, оларды қастерлеу, т. б. сияқты нанымдарға ерекше көңіл бөлген. Эволюция барысында олардан осы заманғы саналы адам пайда болды. Неоантроптардың эволюциясында тәрбиелеу, үйрету және тәжірибе жалғастыруға басты көңіл бөлген. Олар көбінесе өздерінің ептілігі, батылдылығы және тапқырлығы арқылы жаңа өмір сүру салтына көшкен. Ұрпақтарына деген қамқорлық, қарттарды қадірлеу және олармен санасу дәстүрі басым болған. Тайпа, ру және отбасы үшін күресе білу мен өзінің келешегін ойлау басты мақсат болып саналған. Қазіргі адамның пайда болуы, дамуы және қалыптасуы ұзақ уақытқа созылған өте күрделі құбылыс. Орыс ғалымы Я. Я. Рогинскийдің (1895 – 1986 ж.ж) пікірі бойынша адам эволюциясында мынадай басты морфологиялық өзгерістер болған. Біріншеден, адам қол, аяқ және тұлға сүйектерінің өзгеру арқылы тік жүріп тіршілік етіуге көшкен. Екіншіден, миының құрылысы

күрделеніп, дамыған және оның көлемі де ұлғайған. Үшіншіден, адамның жақ сүйектері кішірейіп, сөйлеу қабілеті пайда болған. Адамның пайда болуында еңбектің алатын орнын ғұлама ғалым әл – Фараби бабамыз да орынды бағалаған. Ол адамдыңжер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғары сатысына көтерілгендігін, адам еңбек құралдарын жасап, оларды қажетіне жарата білгендігін атап көрсеткен. “ Адам еңбек ету нәтижесінде ғана жоғары сатыға көтерілген. Адам мен еңбек бірінен – бірі бөлінбейді. Еңбек адамды хайуанаттар әлемінен бөліп алып жоғары көтереді, оның дене және рухани жағынан өсуіне мүмкіндік туғызады ”, - деп маңызды тұжырым жасаған,

Антропогенездің қозғаушы күштері.

Адам эволюциясындағы антропогенездің биологиялық факторлары. Адам – органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алады. Адам эволюциясындағы мұндай табиғи заңдылықтарды. Ч. Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Адамтектес маймылдар бірте – бірте тік жүруге көшіп, қол мен аяқтың қызметі бір – бірінен бөліне бастады. Қол еңбек құралдарын жасауға дағдылана түсті. Табиғи сұрыталу адамдардың жеке топтардың еңбек құралдарын жасауды жетілдіре түсуінде, ұжымдасып аң аулауына, қарттарға қамқорлық жасауына қолайлы жағдай туғызды. Бұл арада әлеуметтік өмірдің де елеулі орын алатынын Фридрих Энгельс (1820 – 1895 ж.ж) өз еңбегтерінде дәлелдеп берді. Ол, әсіресе еңбектің, қоғамдасып тіршілік етудің, ақыл – ойдың және сөздің маңызын атап көрсетті.

Еңбек – адам эволюциясының маңызды факторларының бірі.

Кез келген еңбек құралдарын жасау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Ф.Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің ролін жоғары бағалады. Ол: “Еңбек – адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз„- деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты әлеуметтік қозғаушы күші болды. Адам өз еңбегі арқылы еңбек құралдарын жасап алды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етті. Ал адам өзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады. Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Адам өз еңбегі арқылы өзіне де өзгерістер енгізді. Еңбек – адам эволюциясына тән негізгі фактор. Қорыта айтқанда, тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең негізгі басқыш болды. Адамның алғашқы қалыптасу кезінде қол нашар дамығандықтан, ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте – бірте осындай белгілер тұқым қуалау арқылы ұрпақтарға беріліп отырды. Ф. Энгельс: “Қол – еңбек ету құралы ғана емес, сонымен бірге қол – еңбектің өз жемісі, ”- деп түсіндірді.

 

Қоғамдасып тіршілік ету – адам эволюциясының қозғаушы күші.

Адамның ең ежелгі маймылға ұқсас ата – тектері де топтасып өмір сүрді. Олардың еңбек етуіде қоғамдық сипатта болды. Сондықтан Ф. Энгельс адамның арғы ата тегі топтасып тіршілік еткен маймылдардан іздестіру керек екенін атап көрсетті. Топтаса жүріп еңбек еткендіктен, олардың арасында өзара қауымдық қарым – қатынас қалыптаса түсті. Олар ұжым болыпаң аулауды, жыртқыш аңдардан қорғануды, қоғамдасып бала тәрбиесіне көңіл бөлді Ересектер өз өмір тәжірибелерін ұрпақтарына үйретті. Адам бірте – бірте отты пайдалануды және оны сақтауды үйренді. Адамның арғы ата – тектері бірте – бірте өсімдіктекті тағамдарды пайдаланудан жануартекті тағамдарды көбірек пайдалануға көшті. Ол үшін олар аң мен балық аулау құралдарын жасауды жетілдіре түсті. Қоғамдасып тіршілік ету жағдайы адамның ата – тектерінің табиғатты танып білуіне, өмір тәжірибелерінің жинақтала түсуіне мүмкіндік жасады. Олардың бір – біріне ымдау, ишарат және дыбыс шығарып хабарласуғды талап етті. Ең ежелгі адам пайдаланған сөздер еңбекпен тікелей байланысты болды. Адам да жануарлар сияқты сезім мүшелері арқылы сыртқы орта тітіркенулерін қабылдайды. Бұл – бірінші хабаршы жүйе арқылы жүзеге асады. Екінші хабаршы жүйе адамның жоғары дәрежелі жүйке қызметіне тікелей байланысты. Адамның ағы тектерінің өзара сөзбен қарым – қатынас жасауы адам миының дамуына, ойлау қабілетінің арта түсуіне ықпал жасайды. Сөз бірте – бірте тәрбие құралына айналды. Қоғамдық қарым – қатынастардың қалыптасуына сәйкес адамдар арасында табиғи сұрыпталу өз мәнін бірте – бірте жойды. Оның есесіне әлеуметтік фактор (еңбек ету, сөз) адам эволюциясында негізгі орын алды. Ойлау, сөйлеу, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым қуаламайды. Тек адамның морфологияық және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым қуалайды. Қоғамның дамуына байланысты адамдардың еңбек ету қабілеті арта түсті. Түрлі шаруашылық салалары дамыды, өнеркәсіп өркендеді, ғылым, өнер, сауда, дін, т. б.өрісін кең жайлы. Тайпалардан бірте – бірте ұлттар пайда болды.

Адам нәсілдері. Нәсілшілдікті және әлеуметтік дарвинизімді сынау.

Адамның тарихи даму кезеңдерінде биологиялық факторлармен бірге әлеуметтік факторлардың да әсері болады Оған еңбек етуге үйрену, қоғамдасып тіршілік ету жағдайы және еңбек ету сипаты ерекше әсер етті. Жер бетінде қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдардың бәрі де бір ғана түрге жатады. Оны биологиялық жүйелеуде саналы адам (Homo sapiens) деп айрықша құрметті атаумен атайды. Бұл атаудан адамның басқа организімдерден ақыл – ой, сана арқылы ажыратылантыны айқын байқалады. Әрбір жеке адамның өсіп дамуы, биологиялық заңлылықтар бойынша жүріп жатады. Барлық адамдардың жалпы дене құрылысы мен ақыл – ойының дамуы бір – біріне өте ұқсас. Қазіргі адамдар – дың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайына байланысты морфоллгиялық айырмашылық белгілері қалыптасқан. Мұндай белгілер бірте –бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым қуалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье нәсілдер (1684 ж. ) деп атады Адамдардың тек сыртқы түр келбетінде ғана бір –бірінен айырмашылықтар бар. Ондай айырмашылық белгілерге терісінің, шашының, көзінің түсі, мұрыны мен ерінінің пішіні, т. б. жаталы. Жер бетіндегі адамдардың осындай сыртқы айырмашылықтарына сәйкес, негізінен, үш ірі нәсілге бөледі.

Нәсілдер – негроидтік (қара түстілер), еуропеоидік (ақ түстілер) және монголоидтік (қоңырқай түстілер) деп аталады. Әрбір ірі нәсілдің өзі көптеген ұсақ нәсілдерге бөлінеді.

Негроидтік нәсілдердің шаштары бұйра әрі қара түсті. терісінің түсі де қара, сақал –мұрты баяу өседі. Мұрны жалпақ, бет пішін сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалындығы айқын байқалады. Нағыз негроидтік нәсілдер, негізінен, Африкада өмір сүреді. Негроидтік нәсілдер де қазіргі кезде басқа құрлықтарда да таралған.

Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер: ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өседі, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді боып келеді. Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде өмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықта өмір сүреді.

Монголоидтік нәсілдердің де өзіне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал –мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішініде де жалпақ, көзлері қысықтау, еріндерінің қалыңдығы орташа болып келеді.Монголоидтік нәсілдер, негізінен Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді. Бұл негізгі үш нәсілден ғалымдар Солтүстік Америкадағы үндістер мен аустралиялықтарды өз алдына жеке нәсілдер деп бөледі. Үндістердің сыртқы түрі өздеріне тән қыр мұрынды, сопақ бетті, ұзын шашты болып келеді. Ал аустралиялықтардың терісі қара түсті, шашы толқын пішінді (бұйыра емес), сақал –мұрты қалың өседі. Аустралиялықтар тісінің құрылысы, қан құрамы, саусақ бедерлері жағынан монголоидік нәсілдерге ұқсас болып келеді. Нәсілдердің шығу тегі туралы ғалымдар арасында қарама-қарсы тұжырымдар бар. Кейбір ғалымдар жер бетіндегі нәсілдер бір ғана жерде пайда болып, кейіннен басқа аймақтарға таралған деген пікірді қостайды. Оны моноцентризмдік тұжырым деп атайдй. Ол гректің “бір„ және латынның “орталық „ деген сөздерінен алынып, “бір орталықтан шыққан „ деген ұғымды білдіреді. Нәсілдердің пайда болуы туралы келесі тұжырым- полицентризм (грекше-көп)деп аталады.Ол тұжырым бойынша нәсілдер әрбір аймақта өз алдына жекелей пайда болған деп түсіндіреді. Көпшілік ғалымдар қазіргі кезде моноцентризм тұжырымын қолдайды. Қазақстандық ғалым Әділ Ахметов өзінің көп жылдық ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде, қазақ халқы мен Солтүстік Америкадағы үндістер арасындағы туыстық белгілердің бар екендігін атап көрсетті. Нәсілдердің шығу тегі, туыстық жақындықтарын, тарихи қалыптасуын және олардың сыртқы орта жағдайларының, әсеріне бейімделуін нәсілтану ғылымы зерттейді. Кейбір кертартпа ғалымдар әр түрлі пиғылдағы нәсілшілдік пікірлерді уағыздайды. Олар кейбір нәсілдерді басқа нәсілдерден жоғары қойып, ақыл-ойы жоғары дамыған, қабілетті, дарынды деп дәріптейді. Енді бір нәсілдерді қабілетсіз, дарынсыз, төмен дәрежелідеп кемсітеді. Мұндай пікірлер нәсілдер арасында алауыздық тудырып нәсілдерді бір-біріне қарсы қояды. Кейбір нәсілшіл ғалымдар кей нәсілдерді биологиялық тұрғыдан сапасыз леп кемсітелі, осындай дәлелсіз пікірлер арқылы нәсілдердің шыққан тегінің бір екендігін қасақана бұрмалап түсіндіреді.Соңғы кездегі нәсілдердің қан құрамы зерттеген ғалымдар барлық нәсілдердің қан құрамының бірдей екенін дәлелдеп берді.

Кейбір нәсілшіл ғалымдар табиғатта болатын табиғи сұрыпталу, тіршілік үшін күрес заңдылықтары адамзат қоғамында да болады деп уағыздайды. Ондай ғалымдар Ч. Дарвиннің табиғатта болатын заңдылықтар туралы пікірін қоғамда да қатысы деп арнайы бұрмалап түсіндіруге тырысады. Мұндай теріс пиғылдағы теория ғылымда әлеуметтік дарвинизм теориясы деп аталады. Әлеуметтік дарвинистер адамның бойында ата тегінен алған туа пайда болған қатыгездік, жауыздық, мейірімсіздік “басым белгілер” болады деп түсіндіре.

 

 

Экология негіздері. Экология ғылымының қазіргі заманғы өзекті

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Дивергенция, конвергенция, параллелизм | Проблемалары
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 19028; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.