Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция. Түр –эволюциялық процестің сапалы кезеңі.Экологиялық жүйелер




Түр –эволюциялық процестің сапалы кезеңі.Экологиялық жүйелер.

 

Түр өзара шағылыса алатын немесе шағылысуға қабілетті популяциядан тұра-ды. Түр уақытқа байланысты ұзақ жылдар бойы тұрақты сақталады және үздіксіз өзгерістерде болады. Бір түрлер жойылып, екінші түрден жаңа түрдің бастамасы дамиды. Түрдің биогеоценозда өзіндік алып жатқан кеңістігі және орыны бар. Түрдің популяция мен түр тармағынан генетикалық жағынан үлкен айырмашылығы бар. Түрлердің арасында морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық айырмашылықтары болады.

К.Линней: «Түр өзгермейді, әуел баста қанша болса, сол күйінде қалады», - деді. Ч.Дарвин түрлердің өзгеретіндігін 1859 жылы «Түрлердің шығуы» деген еңбегінде дәлелдеді. Түр – генетикалық күрделі жүйе. Бір түрдің дараларына жалпы гендік қор тән және олар оқшауланғандықтан гендері басқа түрдің дараларымен алмаспайды. Түрге әр түрлі түр тармақтары мен популяция топтары кіреді. «Түр» деген ұғымды XVII ғасырдың соңында ағылшын табиғат зерттеушісі Джон Рей (1628-1705жж) енгізген.

Бір түрге жататын барлық даралардың шығу тегі ортақ және мінез – қылықтары ұқсас. Түр – органикалық дүниенің нақтылы тіршілік ететін генетикалық жағынан бөлінбейтін бірлік өлшемі. Түр – эволюциялық процестің бастапқы негізгі сапалы кезеңі. Түр – табиғаттағы бөлінбейтін ең кішкене генетикалық тұрақты жүйе.

Түр критерийлері. Түр критерийлері – морфологиялық, генетикалық, физиологиялық, биохимиялық, географиялық, экологиялық деп бөлінеді.

1. Морфологиялық критерий – бір түрдегі даралардың сыртқы және ішкі белгілерінің ұқсастығы. Дегенмен табиғатта морфологиялық жағынан ұқсас, бір түрге жатпайтын, хромосомалар жиынтығы әр түрлі болғандықтан, бір – бірімен шағылыса алмайтын түр «қосарлары» кездеседі. Безгек масасы, егеуқұйрықтың бірнеше түр қосары бар. Әр жерде таралған егеуқұйрықтардың хромосома саны әр түрлі.

2. Генетикалық критерий - әр түрдің өзіне тән хромосомаларының саны, пішіні, мөлшері түрліше болғандықтан, бір түр мен екінші түр даралары бір – бірімен шағылыспайды. Егер түраралық шағылысу бола қалған жағдайда, олардан тіршілік етуге қабілетсіз гаметалар, зиготалар, ұрықтар және ұрпақтар түзіледі. Түраралық шағылысудан туған ұрпақтар бедеу болады. Әрбір түрдің генотипі – эволюциялық жолмен дамитын және биологиялық бейімделушілікті көрсететін күрделі жүйе.

3. Физиологиялық критерий -бір түрдің зат алмасу,көбею,тітіркену және т.б. ұқсастығын сипаттайды.

4. Биохимиялық критерий. Биохимиялық критерий әр түрдің жеке топтарында жоғары молекулалық органикалық қосылыстар синтезделетінін анықтайды.

5. Геоерафиялық критерий -түрдің таралу аймағын анықтайды.Түрдің таралу аймағы болады.Бір таралу аймағында пайда болған түрлер эволюция процесінде кеңейеді және өзгереді.Мысалы,мамонт ағашы мен мәңгі жасыл секвоя-мезозой заманының бор кезеңінде дамыған көнезамандық түрлер.Кайнозой заманының үштік кезеңінде Солтүстік жарты шарға кеңінен таралған.Солтүстік Америка,Калифорния жағалауларында осы кезде жергілікті түр болып сақталып қалған.Түрдің белгілі таралу аймағын анықтау үшін географиялық критерий жеткіліксіз.

6. Экологиялық критерий -әр түрдің нақты алып жатқан орнын анықтайды.Мысалы,орқоян(далалы аймақта мекендейді),аққоян(орманда),құмқоян(шөлді,шөлейтті жерлерді мекендейді).

Түрлердің айырмашылығы қоректену мен тіршілік ету ортасына байланысты.

Бір түрге жатса да қасқырлардың тундрада және орманды дала аймағында мекендейтіндерінің тіршілік жағдайында айырмашылықтар бар.

7. Этологиялық критерий. Бұл критерий көбіне жануарларға байланысты айтылады.Әрбір жануар түрінің өзіне тән ерекшеліктері болады.

Түрдің популяциялық құрылымы. Кез- келген түрлер кеңістікте біркелкі таралмай, топ құрып орналасады. Бір түрдегі даралардың тобы көп те, аз да болады және олардың тіршілік етуі ұзақ жылдарға немесе2-3 ұрпақ бергенге дейін ғана созылуы мүмкін. Мысалы, көп жауған жаңбыр суынан уақытша пайда болған шалшық суға бақалар уылдырық шашып, тіршілік ете бастайды. Бірақ олардың тіршілігі ұзаққа бармай, ыстықтан шалшық су кепкенде қырылады. Керісінше үлкен көлдерді мекендейтін түрлер бірде азайып, бірде көбейіп жатса да ұзақ уақыт тіршілік етеді. Популяция – белгілі бір таралу аймағында ұзақ уақыт тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. Популяцияның ең негізгі ерекшелігі – ондағы даралардың генотиптерінің ұқсастығы.

Түр түзілу – түр тармағы арқылы жүзеге асатынын кезінде Ч. Дарвин анықтап берді.

1. Әрбір түртармақтан басқа түр шығады.

2. Жаңа түрдің түзілуіне жеке топтардың бейімделушілгі мен әр түрлі жағдайлар әсер етеді.

3. Бір немесе бірнеше аралас популяциялардан жаңатүр шығады.

4. Таралу аймағының ішіндегі бастапқы түрден (түрдің ішінен) түр түзіледі. Бұл түзілудің бірнеше жолдары бар: а) кариотиптің тез өзгеруі (полиплоидия); ә) экологиялық немесе маусымдық оқшаулану және т.б.

Жаңа түрдің түзілуіне әр түрлі жағдайлар әсер ететінін мысалмен дәлелдейік: туыстық жағынан жақын организмдер физикалық кедергілерден (теңіз, тау жоталары, шөл, өзен, мұздықтар және т.б.) географиялық оқшаулануға ұшырайды. Таулы аймақтарда жеке төбелер (тау жоталары) алқаптардың арасын бөліп тұратындықтан алқаптарға қарағанда таулы жерлерде әр түрлі түрлер көбірек болады. Мысалы, АҚШ-тың таулы аймағының батыс бөлігінде қояндардың 23түрі мен түр тармағы кездеседі. Жазық жерлерінде (шығыс, батыс) тек 8 түрі ғана бар.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 9169; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.