Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ІІ лекция




Тақырыбы: Тіл біліміндегі антропоөзектік лингвистика мен олардың салалары және лингвистикалық мектептер.

Тіл мен мәдениетті байланыстыра қарау идеясы ғалымдар еңбектерінен ХVІІІ–ХІХ ғасырлар аралығында көрініс бере бастады да, бүгінгі таңда саналы түрде тілді антрополингвистикалық позицияда зерттеу бағытына ұласты. Лингвистика ғылымында антропоөзектік концепцияның қарқынды дамуы ХХ ғасырдың екінші жартысынан басталады.

Лингвистикадағы антропоөзектік әдіс тілді адам болмысымен бірлікте қарастыруды көздейді. Әлемдегі барлық құбылыстар адам тәжірибесі мен құндылықтары тұрғысынан қарастырылады.

Қандай заманда болмасын ғылым, өнер, білім – барлығы да, түптеп келгенде, адамды тануды бірінші мақсат етіп қойған. Өмірдегі алуан әрекеттердің бәрі де адаммен немесе оның қасиеттерімен байланысты. Мәселелер қалай өрбісе де, айналып келгенде адам болмысына тіреле бермек. Себебі, мұның бәрі адамды тану қажеттігінен туған идеялар екені мәлім.

Соңғы 15-20 жылдың төңірегінде лингвистикалық зерттеулердің антропоөзектік аспектісі қарқынды дамып келеді. Мұның мәні адам болмысы мен тіл табиғатының байланысы шеңберінде өрбитін кешенді мәселелердің туындауымен байланысты. Тек лингвистика ғана емес, жалпы гуманитарлық пәндердің ғылыми парадигмасы бұрын үстемдік еткен «қатаң ғылыми», әрі жүйелілік-құрылымдық ұстанымнан бет бұрып, функционалдық парадигманы жетекші бағытқа айналдырды.

Бүгінгі таңда антропоөзектік бағыт негізінде жүзеге асатын, бір-бірімен өзара шарттас, әрі іштей тығыз байланысқан бірқатар ғылыми салалар қалыптасты. Атап айтсақ, олар: әлеуметтік лингвистика (социолингвистика), лингвомәдениеттану (лингвокультурология), Когнитивтік лингвистика, этнолингвистика, психолингвистика, гендерлік лингвистика. Лингвистиканың басқа ғылым салаларымен интеграциялануы нәтижесінде өмірге келген бұл пәндер макролингвистиканың аясында қарастырылады.

 

Когнитивтік лингвистика — тіл біліміндегі тіл мен сананың арақатынасы проблемаларын, тілдің ғаламды концептуалдау мен категориялаудағы, танымдық процестер мен адамзат тәжірибесін жинақтаудағы ролін, адамның жекелеген когнитивтік қабілеттерінің тілмен байланысын, олардың өзара әрекеттестік формаларын зерттейтін бағыт.

Жалпы когнитивизм ойлау процестерін басқаратын жалпы принциптерді зерттеулерді біріктіретін ғылымдардың жиынтығы болып табылады.

Сөйтіп тіл ойлау процестеріне жол ашатын құрал ретінде түсініледі.

Адамзат тәжірибесі, ойлау жүйесі дәл осы тілде қатталады; Тіл – таным тетігі, ақпаратты арнайы түрде кодификациялаушы және трансформациялаушы таңбалар жүйесі. Сондықтан когнитивтік лингвистиканың нысаны таным тетігі ретіндегі тіл болып шығады.



Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 1159; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.