Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лингвистика нысаны




І лекция

Лекция

Тақырыбы: Тіл біліміндегі танымдық бағыттың негізі

Н.Хомскийдің, Дж.Миллердің, Ф.Джонсон-Лэрдтің, Дж. Лакоффттың, Р.Шенктің, М.Джонсонның, Т.А.ван Дейктің т.б. зерттеулеріне сүйене дүниеге келді. Кейін аталмыш ғылым саласы орыс тіл білімінде Н.Д.Арутюнова, Е.Г.Беляевская, Е.С.Кубрякова, В.С.Демьянков, Ю.С.Степанов, И.А.Стернин, В.Н.Телия, В.А.Масолва сынды өзге де ғалымдардың еңбектерінде зерттеліп келеді. 1975ж. Дж.Лакофф пен Г.Томпсонның «Когнитивті грамматиканы ұсынамыз» атты мақалалары, 1985ж Ж.Факоньенің «Ментальды кеңістік» атты зерттеуінің 1-томы, ал 1991ж. 2-томы жарық көрді. Танымдық мәселелерге өзіндік тұжырыммен келген зерттеулер қатарында ғалымдар Дж.Лакоффтың «Әйел, от және қауіпті заттары» мен М.Джонсонның «Тән ойлау үстінде» атты кітаптарын да атап өтеді. 80-жылдардың аяқ шенінде «Бенджаминс» баспасынан Б.Рудзки-Остынның басқаруымен дайындалған «Когнетивті лингвистика мәселелері» аттыкөлемді мақалалар топтамасы да шығарылды.

1990 жылдарға дейін когнитивті тіл білімі бір-бірімен тоғыса қоймаған тек зерттеу бағдарламаларын, ғылыми көзқарастар жиынтығын құрады. Оған жоғарыда аталған еңбектерді қоса, тілшілер маңызды танымдық қорытындылар жасаған Т. ван. Дейктің, Дж. Хэйманнның, Т. Гивоның ғылыми көзқарастарын да жатқызады. Когнитивистер тек 1980-1990 жж. Бастап дүниеге келген жұмыстар ғана жаңа сипаттағы, тың үлгідегі когнитивті зерттеулердің бастамасын құрды деп есептеді (В.А. Маслова).

Ресейлік зерттеулердің бастамасын 1985 ж. В.И. Герасимов ұсынған шолу, 1988 ж. Баспадан шыққан, тілдің когнитивті аспектілеріне арналған «Шетел тіл біліміндегі жаңалық» атты жинақтың ХХІІІ томы құрды. 1995 ж. Жазылған орыс тіліндегі аудармалардың топтамасы да «Тіл және интелект» деп атала отырып, тіларалық ғылыми байланыстың дамуына ерекше үлес қосқан еңбектердің ішінде В.А. Маслова, Ю.С. Степановтың 1997 ж. шыққан «Константтар: орыс мәдениетінің сөздігі» зерттеуін ерекше атап өтеді. «Бұл орыс мәдениетінің құндылықтарын жинақтаған алғашқы еңбек бола тұра, концепт, констант ұғымдарының да мәдени негіздерін талдауға бағытталған аса қажет зерттеулер қатарын құрады.

Тақырыбы: Тіл мен таным арақатынасы – когнитивтік

ХХ ғасырдың 30-жылдарында қазақ тіл білімінде Қ.Жұбанов лингвистикалық зерттеулерді жаңа мазмұнда, жаңа идеялық бағытта дамыту қажеттігіне назар аударды. А.Байтұрсынұлының «Тіл - құралын» жоғары бағалай келе, ғалым: «... тіл құбылыстарын жалаң түр жағын ғана зерттеумен біліп болмайды. Бұл – сөзсіз сыңаржақтық... Түр-форма деген тілде жоқ белгі емес, бар нәрсе... түр тілдің бар тарауы емес, бір тарауы» (Қ.Жұбанов) деген аса құнды қорытынды жасады. Тілші адам әрекеті мен танымының тіл дамуындағы орнынайғақтау үшін, «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінде» «...өте алыс экскурстерге» барады. Әр пікірін халық санасына жақындата отырып, зерттеуші адамның жадында сақталар танымдық «ұғымдарға», «көрініс қалыптарға», «образдарға», «ұқсата атауларға» тоқталады, олардың жаңа ұғым мен сөз жасауға қатысын сұрыптады. Бұл ретте автор танымдық қорға негіз болар әлеуметтік-мәдени тәжірибемізді «әуелі көзқарас» (Қ.Жұбанов) деп атады. Сөйтіп, өткен ғасырдың өзінде-ақ тілдік зерттеулер өзінің қалыпты шеңберінен шыға отырып, жаңа бетбұрыстарды қажет ете бастады. Тіл табиғатын зерделеу тек формалық сипаттамаларымен шектелмей, адам өмірінде алар орны мен атқарар қызметін анықтауға, оның физио-анатомиялық негізін айғақтауға ұласты. Сондықтан тілдік құралдар құрылымдық лингвистиканың ғана емес, сан алуан экстралингвистикалық салалардың нысанына айналды.

Осы қатарда қазіргі тіл білімінің маңызды мәселелері тізбегінде тілдің танымдық қызметін айқындайтын Когнитивтік лингвистиканың қалыптасып дамуын ерекше атауға болады. Тіл ғылымының бұл саласы адамның ойлау жүйесінің табиғатын, ішкі заңдылықтарын қарастырудың жаңа үлгісін құрады. «Тіл –амал, құрал, оның арқасында адам бірімен-бірі қарым-қатынасқа енеді, пікір алысады және бірін-бірі түсініседі. Тіл ойлаумен тікелей байланысты болғандықтан, сөзді және сөйлемдегі сөздердің бірлігінде ойлау ісінің жетістіктерін тіркеп отырады. Демек, адамның дүние танудағы жетістіктері сөзде, сөйлем құрылысында тіркеледі, сөйтіп адам қоғамында пікір алысуға мүмкіндік жасайды» (Аманжолов) деп көрнекті ғалым С.Аманжолов атап көрсеткендей, тіл мен таным ұғымдарының сабақтастығы, тілдік құралдар арқылы адам санасында орнығатын танымдық бейнелер мен үлгілер – барлығы дерлік осы маңызды лингвистикалық бағыттың зерттеу нысанын сұрыптады. Психология, логика, философия ұстанымдарымен тығыз байланыста айқындала отырып, Когнитивтік лингвистика сана, қабылдау, сыртқы әлеммен үздіксіз байланыста болу, тану, бақылау, пайымдау сияқты ұғымдардың ұштасуы негізінде дәйектеліп келеді. Бүгінгі күні лингвотанымдық зерттеулер тілді танымдық әрекеттің жемісі деп қарастыру арқылы адам бойындағы ерекше табиғи қабілеттерге көңіл бөлуді мақсат етіп отыр.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 858; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.