Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ХІ лекция




Х лекция

Тақырыбы: Адам танымын қалыптастырудың лингводидактикалық ұстанымдары

Адамзат баласының танымдық белсенділігін және іскерлік әрекетінің білім жүйесіндегі орны мен мәні ерекше. Танымды қалыптастыруға байланысты қазіргі таңда оқыту процесінде негізгі көптеген ұғымдар бар. Олар: таным, іс-әрекет, танымдық әрекет, танымдық белсенділік, танымдық белсенділігін мотивтендіру, алгоритмдеу, компьютерлеу, дифференциалдау, проблема қойып оқыту, жоспарлап оқыту.

Қазіргі кезде танымдық белсенділіктің мәнін ұғындыратын екі әдіс анық белгілі болып отыр. Бірқатар зерттеушілер танымдық белсенділікті әрекет ретінде қарайды, ал біреулер – сапа, жекелік білім деп ұғады.

Танымдық ілім оқытудың әдістемелік белсенді негізі болып табылады. Танымдықтың мақсаты – жеке тұлғаның санасындағы белгілі нақтылығында. Тәжірбиелік және рухани әрекетте жеке тұлға өзін қоршаған әлемге әсерін тигізе отырып, өзінің қажеттілігі мен мақсаттарына сәйкестендіріп оны өзгертеді және таниды. Бұл танымдық процестің ең жалпы үлгісі.

Адам баласында білім атаулы бірден бола салмайды. Жоғарыда айтып кеткеніміз сияқты, білімді адам өз өмірінің барысында, практикалық іс - әрекетінің нәтижесінде игереді. Бұдан шығатын қортынды – адамның жаңа білімдерді игеруі «таным» деп аталады.

Зерттеуші Н.У Бегалиеваның сөзімен айтар болсақ: «Таным теориясы –қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының адам санасында бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, зерттеу құралдарын, оның заңдылықтарын, негізгі түрлерін, субъектісі кім екенін, түрліше әдіс-тәсілдерін, ғылыми жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының бір саласы», -танымды психологияның бір саласы деп анықтамасын береді. Енді осы психологиялық терминді лингвистикада қалай қолданамыз? Жоғарыда айтылған мәселелерден көргеніміздей, конгтивтік лингвистика осы екі ғылымды (тіл білімі, психология) бір жерге ұштастырған. Когнитивтік лингвистика - тілдік білімнің табиғатын және оны қалай қолдану керектігін меңгертетін ғылым.

 

Тақырыбы: Когнитивтік лингвистикадағы концепт мәселесі

Тіл білімі саласында дербес ғылым ретінде енді ғана қалыптаса бастаған когнитивтік лингвистика жайында жоғарғы оқу орындарының студенттеріне теориялық білім беру біздің басты мақсатымыз. Когнтивтік лингвистиканың шығу тарихы, зерттелуі, ұғымдары мен котегориялары, басқа ғылым салаларымен байланысы жайында жоғарыда біршама сөз қозғалған болатын.

Адам танымын қалыптастыруда біз неге баса назар аударамыз, қандай ұстанымдарға сүенеміз, нені көздейміз? Міне, осы сұрақтарға жауап беріп көркейік.

Когнтивтік лингвистикада аталған ұғымдар (концепьуальды метафора, фрейм, гештальт, стереотип, сценарий, прототип, ойбейне, концепт т.б.) әлемнің концептуальды сипатын беруде ерекше қызмет атқарады. Әлемді тұтас тану теориясы деңгейіндегі тіл қызметінің Когнитивті негіздерінің ұстанымдарын тілші – ғалым Ж. Манкеева былай топтастырады:

1. Қоғамдық тәжірбиеге негізделу, яғни дәстүр жалғастығы, танымның қазыналық сипаты.

2. Таным модельдерінің символдық түрлері, яғни тілдің қызметі – ақпарат беру емес, бейнелеуге мүмкіншілік жасау. Осыған қатысты мына пікірдің мәні ерекше: тіл арқылы бейнелілік пен дүниедегі объективті шындықты субъективті түрде, яғни символдар арқылы беру.

3. Таным модельдерінің жүйелі сипаты, сабақтастығы. Яғни, ол-таным моделінің құрылымдарының тұтасуынан тұратынын сипаттайды.

Когнтивтік лингвистика саласында тіл тек ақпарат беруші ғана емес, сонымен бірге бейнелі образдар арқылы әлемнің тілдік сипаттауда айрықша қызмет атқарады. Тілдің бейнелік сипатын когнтивтік лингвистикада «концепт» ұғымы арқылы көрініс табады. «Концепт» дегеніміз не? ХХ ғасырдың ортасы мен ХХI ғасырдың басында тіл білімінде «әлем бейнесін» когнитологиялық тұрғыдан қарауда зерттеушілер «концепт» ұғымына өте көп көңіл бөліп келді. «Концепт» терминінің теориялық негіздері Дж.Лакофф, М.Джонсон, Ю.С.Степанов, В.А.Маслова, А.Вежбицкая, С.Г.Варкачева, Д.С.Лихачев, Н.Д.Арутюнова, Е.С.Кубрякова, А.Н.Махаровский сынды шетел ғалымдарының еңбектерінде кең көлемде қарастырған. Ал қазақ тіл білімінде «концепт» терминінің ғылыми-теориялық негізі Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева, Б.Ақбердиев, К.Күркебаев, Н.Аитова, Ф.Қожахметова сияқты зерттеушілердің еңбектерінде сөз болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 556; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.